Қазақстанда консалтинг дамуының проблемалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2015 в 16:09, реферат

Краткое описание

Консалтинг— шаруашылықты басқарушыларға және түрлі ұйымдардың басқарушы қызметкерлерін кәсіби көмек көрсету, кеңес беру, оқыту. Ол коммерциялық негізде ақыл-кеңестер беру, үйренуші, оқушы басшы қызметкерлермен, басқарушылармен бірлесіп шешімдер әзірлеу нысанында, сондай-ақ, белгілі бір ұйымдық, техникалық немесе ақпараттық қызметтерді орындау нысанында жүзеге асырылады. Консалтинг қызметі шетелдерде экономиканың жеке саласы ретінде өткен XX ғасырдың 60-жылдарында қалыптасты. Ал Қазақстанда Ресейдегі сияқты бұл қызмет 90 жылдардың басында пайда болды.

Вложенные файлы: 1 файл

чрчп.docx

— 15.95 Кб (Скачать файл)

Пәні: Нарық инфрақұрылымы

Оқытушы: Аяжанова М. К.

Білімгер: Құрманова Асылжан

Топ: МЖБҚ – 311

ОСӨЖ № 13

Тақырыбы: Қазақстанда консалтинг дамуының проблемалары

 

Консалтинг— шаруашылықты басқарушыларға және түрлі ұйымдардың басқарушы қызметкерлерін кәсіби көмек көрсету, кеңес беру, оқыту. Ол коммерциялық негізде ақыл-кеңестер беру, үйренуші, оқушы басшы қызметкерлермен, басқарушылармен бірлесіп шешімдер әзірлеу нысанында, сондай-ақ, белгілі бір ұйымдық, техникалық немесе ақпараттық қызметтерді орындау нысанында жүзеге асырылады. Консалтинг қызметі шетелдерде экономиканың жеке саласы ретінде өткен XX ғасырдың 60-жылдарында қалыптасты. Ал Қазақстанда Ресейдегі сияқты бұл қызмет 90 жылдардың басында пайда болды.

Қазіргі таңда Қазақстанда консалтинг қызметінің  даму темпі төмен. Ол жылына тек 1 ден 3 % деін ғана. Еліміздегі консалтинг компаниялары жылына тек 20 млн.доллар ғана ақша жинайды. Ал АҚШ-та бір компанияның өзі ғана бұл сомманы көрсете алады. 2000 жылдары консалтинг қызметі қарқынды дамыған болатын 15-20% дейін. Бірақ 2008 жылғы дағдарыстан соң компаниялар бұл қызмет түріне ақша бөлуді қысқартқан. Мұндағы ең негізгі мәселе көпшіліктің консалтингтің не екенін және оның қалай жұмыс жасауын білмеуінде.

Былтырғы жылы наурыз айында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры G-Global алаңында VII Астаналық экономикалық форум шеңберінде «Консалтинг нарығы: проблемалары, трэндтер және инновация» тақырыбында онлайн-конференция өткізді.

Конференция жұмысына Ресейдің Халық шаруашылығы академиясының Корпоративтік басқару жоғарғы мектебінің профессоры Игорь Попович, «Школа мастеров» консалтингті-тренингті компанияның басшасы  Юрий Оборин (Мәскеу), «ID group» бас директоры Гүлнар Шәкірова, «Plankion group» компаниясының президенті Қанат Нұров, Қазақстан кеңесшілер палатасының президенті Гүлсім Ахтамбердиева және басқалар қатысты.

Конференцияға қатысушылар ҚР-да «Бизнестің жол картасы -  2020» бағдарламасын және оның аясында бизнесті жүргізу бойынша жүйелік және консалтингтік қолдау көрсетуді жалғастыру керек деп шешті.

Сарапшылардың пайымынша, Қазақстанда тіркелген кеңесшілердің артуына байланысты олардың қызмет сапасын бағалайтын стандарттар мен атестациялауды енгізуді қажет. Сонымен, Қазақстанда жергілікті нарықтың ерекшеліктерін есепке ала отырып өзіндік кеңес беру мектебін енгізу қажеттілігі туындауда.

«Шетелдік тәжірибе бойынша өзінің бизнесін дамытудың барлық кезеңінен өткен кәсіпкерлерді жаңадан бастап келе жатқан кәсіпкерлерге немесе кәсіпкерлікке қызығушылық танытып отырған халыққа кеңес беруге тарту керек», - деп кездесуге қатысушылар атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың бірінші шілдесінен бастап «G-Global» халықаралық платформасында виртуалды жоба «VII Астаналық экономикалық форум» және II Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференция» басталды. Жоба  аясында бір жылда зерттеулер жүргізіліп, БҰҰ арнайы  Дүниежүзілік Дағдарысқа қарсы Жоспары (ДДЖ) жасалды.


Информация о работе Қазақстанда консалтинг дамуының проблемалары