Қазіргі әдебиет теориясындағы ғылыми ағымдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2014 в 16:05, реферат

Краткое описание

Әдебиеттану – көркем әдебиетті, көркем әдебиеттің түп-төркінін, мән-маңызы мен даму үрдісін зерттейтін ғылым.
Қазіргі әдебиеттану ұдайы өзгеру, даму, жетілу үстіндегі әр түрлі пәндер жүйесінен тұрады. Әдебиет теориясы- әдеби шығармашылықтың табиғаты мен қоғамдық міндетін зерттейтін және оны талдаудың әдіснамасы мен әдістемесін айқындайтын әдебиеттану саласы.

Содержание

І. КІРІСПЕ
Әдебиет теориясының ғылым ретінде қалыптасуы
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Әдебиеттанудағы ғылыми мектептер мен ағымдар
1. Іс - әрекеттік ағым -прагматизм.
2. Әлем әдебиетіндегі сентиментализм ағымы
3. Діни – философиялық ағым.
4. Постмодернизм ағымының теориясы.
5. Модернистік ағымның ұстанымы
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Адебиет теориясы адеби ағымдар.docx

— 49.70 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

 

 

РЕФЕРАТ

 

Тақырыбы:  Қазіргі әдебиет теориясындағы ғылыми ағымдар

 

              

                                                                        

                                

 

 

 

 

                                                                          Орындаған:  Қонырбаева Т.

                                                                          Топ: ФИ- 201

                                                                          Тексерген: Ақтанова А.С

 

 

Семей 2014 жыл

ЖОСПАР:

І. КІРІСПЕ 

  Әдебиет теориясының ғылым ретінде қалыптасуы

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Әдебиеттанудағы ғылыми мектептер мен ағымдар

  1. Іс - әрекеттік ағым -прагматизм.
  2. Әлем әдебиетіндегі сентиментализм ағымы
  3. Діни – философиялық ағым.
  4. Постмодернизм ағымының теориясы.
  5. Модернистік ағымның ұстанымы

 ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттану – көркем әдебиетті, көркем әдебиеттің түп-төркінін, мән-маңызы мен даму үрдісін зерттейтін ғылым.

Қазіргі әдебиеттану ұдайы өзгеру, даму, жетілу  үстіндегі әр түрлі пәндер жүйесінен тұрады. Әдебиет теориясы- әдеби шығармашылықтың табиғаты мен қоғамдық міндетін зерттейтін және оны талдаудың әдіснамасы мен әдістемесін айқындайтын әдебиеттану саласы. Әдебиет тарихы - әдебиеттану ғылымында көркем сөз өнерінің даму жолын әлемдік немесе белгілі бір халықтық деңгейдегі идеялық бағыт-бағдарларды, әдеби ағым-бағыттарды және олардың көркемдік ерекшеліктерін қоғамдық-әлеуметтік, экономикалық-саяси құрылысымен тығыз байланыста танып-білуге бағытталған басты салалардың бірі. Әдебиет тарихы әдеби даму үрдісін қарастыру арқылы әр алуан      әдеби құбылыстардың әдебиет дамуындағы мән-маңызы мен орнын айқындайды. Әдебиет сыны -  көркем туындыны және онда бейнеленген өмірлік шындықты талдап, бағалауға негізделген әдебиеттану саласы. Оның басты міндеті  - өз кезіндегі әртүрлі әдеби құбылыстарға жан-жақты талдау  жасап, олардың идеялық-көркемдік маңызына дұрыс та, тиянақты баға беру.Әдебиеттанудың  қосалқы және көмекші салаларына историография, текстология, библиография, архивтану, эвристика, палеография, мәтін түсініктемесі жатады.Әдебиеттану өз-өзімен тұйықталып қалған ғылым емес. Философия, эстетика, герменевтика әдебиеттануға әдіснамалық негіз болса, фольклористика, өнертану зерттеу міндеттері мен нысаны тұрғысынан жақын, тарих, психология, әлеуметтану жалпы гуманитарлық бағыты жағынан ұқсас болып келеді.

Гректің әдемілік туралы ілімі Пифагор мен пифагоршылардың (б.ғ.б ҮІғ.) дүниедегі зат атаулының мәнін саннан іздеген аңқау аңғарымдарынан басталады. Гераклит Эфеский (б.ғ.б. 530-470ж.ж.).  Гераклит те әдемілік дегенде негіз болатынын мойындайды, бірақ ол сан емес, сапа деп біледі. Демокрит (б.э.д. 460-370ж.ж.) әр нәрсенің әдемілігі оның мөлшерінде деп біледі. Демокрит тұңғыш рет адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасқа айрықша назар аударған. Адамдар өнер, білімді табиғатқа еліктеумен тапқан деп көрсетеді.  Әйгілі Сократ (б.э.д. 469-399ж.ж) ойларының өзгешелігі, оның идеалистік сипатында. Сократ әр нәрсенің ажары оның іске жарамдылығында, ал ажарсыздығы жарамсыздығында деп түсінген. Сократтың шәкірті Платон (б.э.б.427-347ж.ж.). Платон теориясының философиялық негізі оның бұлжымас «идеялар» жайлы идеалистік және мистикалық ілімімен тығыз байланысты. Аристотельдің «Поэтикасы» - күллі көркемөнер туралы тұңғыш философиялық-эстетикалық трактат. Мұнда поэзияның тегі, мәні, мазмұны, пішіні, әдеби шығарманың композициясы кең әрі келелі сөз болады. Аристотель еңбегінің ең құнды жері – тарихта тұңғыш рет дұрыс және дәл эстетикалық принцип ұсынып, өнердің қоғамдық маңызын анықтап, ашуында. Әл – Фараби (870-950) еңбектері әдебиет пен өнерге байланысты ойлардың әлемдік қазынасына айтулы үлес болып қосылған.  «Музыканың ұлы кітабы» атты көлемді, күрделі зерттеуін, «Музыка ғылымына кіріспе», «Музыка жайлы талдау» т.б. еңбектерін атауға болады. Ресейде данышпан сыншы, даңқты философ В.Г.Белинский (1811-1848) крепостниктік правоның айыптаушысы. «Әдебиеттік армандардан» басталып, «А.С.Пушкин шығармалары», «Гогольге хат» еңбектерінде байыпталған эстетикалық көзқарастарының орыс әдебиеті тарихынан алатын орны ерекше. Н.Г.Чернышевский (1828-1889) орыс революционер-демократтарының көсемі болды. Әдебиет пен өнердің қоғамдық қызметі туралы Белинский ілімін жалғастырып, өзінің тамаша эстетикалық принципін ұсынды.  «Өнердің болмысқа эстетикалық қарым-қатынасы» атты диссертациясы көркем әдебиеттің өмірдегі орны, мақсат, міндеттерін белгілеп берді.  Ы.Алтынсарин қазақ әдеби тілінің тазалығы, әдеби шығармалардың халықтығы, тәрбиелік мәнінің биіктігі үшін күресті. Ұлы классик А.Құнанбаев өзінің эстетикалық көзқарасын жүйелейтін трактат жазып қалдырмаса да, тамаша творчестволық принциптері, сөз өнері туралы ұғым-түсініктері мен ой-пікірлері күллі көркем шығармаларында желі тартып жатыр. Ол ақынның әлеуметтік, қайраткерлік міндетін белгіледі.

Әдебиет – (араб. адаб – сөз, үлгілі сөз) - өнердің негізгі түрлерінің бірі. Сөз адамның ойы мен сезімін жеткізудегі бірден-бір күшті құрал. В.Белинский: «поэзияны біреу су десе, біреулер от дейді». Әдебиет от та емес, су да емес,  сөз өнері.

Көркем өнердің түрлері көп: бейнелеу өнері; мүсін өнері; сәулет өнері; саз өнері; сөз өнері. Жоғарыда айтылғандай, өнердің қай түріне де қарым – қатынастық, жаңадан жасаушылық және танымдық қызмет тән. Дегенмен де өнер түрлерінің өзіндік ерекшеліктеріне орай бұл сипат олардың әрқайсысында әртүрлі  дәрежеде көрінеді. «Әдеби шығармашылық туындыларының өзіндік ерекшелігі сөздің ерекшеліктеріне байланысты және бұл ерекшелік әдеби туындыны сурет және мүсін, музыка туындыларымен салыстыра қарағанда танылады. Әрине, музыка өнері сияқты уақыттық өнерге жататын сөз өнері көрнекілік пен анықтық жағынан кеңістік өнері туындыларымен бәсекеге түсе алмайды. Алайда оның басқа өнер түрлерінен басым жақтары  да бар. Суретші мен мүсінші өздерінің құралдары арқылы  көзге көрінетін нәрсені ғана бейнелей алады. Адамның ішкі күйі, мінезі, олардың қарым – қатынасы анық көріне бермейді. Бұл өнер иелері белгілі бір сәтті ғана қамтып, қалғаны түрлі кейіптер арқылы ғана  ашылады. Қаламгер сөз көмегімен оқырманның қиялында  адамды қоршаған сыртқы дүние туралы да немесе олардың ішкі әлемі, ойы, сезімі, толғаныстары, құштарлықтары туралы да жанды бейнелер туғыза алады.

Әдебиеттің халықтығы – көп мағыналы ұғым, яғни, 1) жеке шығармашылықтың ұжымдық шығармашылыққа қатынасы: шығармашылық алмасу мен кәсіби әдебиеттің халқықтық шығармашылықтағы поэтика, образ, сарындарды мұра ету деңгейі; 2) көркем шығармадағы халық бейнесі мен оның дүниеге көзқарасының өнердегі көрінісінің тереңдігі мен сәйкестігінің (адекватность) өлшемі; 3) өнердің қалың бұқараға эстетикалық және әлеуметтік тұрғыдан түсініктілігнің өлшемі. Тарихи дамуға орай өнердің суреттеу құралдары да, автор көздеген идеялық мұрат та өзгеріске ұшырайды. Сол себепті «әдебиеттің халықтығы» деген ұғымның аясы да өзгеріп отырады. Әдебиеттің халықтығының ең басты өлшемі – халық үшін ең маңызды да қажетті құбылыстар мен өзгерістерді бейнелеу. Әдебиеттің ұлы туындылары қай кезде де өз алдына халықты толғандырған сауалдарды қойып, қоғамдық өмір заңдылықтары ашылатын аса маңызды құбылыстарды бейнелеп отырған. Екінші өлшем – аталған дәуірдің ең озық идеалдарына негізделген өмірлік ақиқатты шынайы суреттеу. Алайда осы аталған екі өлшем әдебиеттің халықтығы ұғымын толығымен көрсетпейді. Себебі шығармада халық үшін маңызды да қажетті жағдайлар суреттеліп, сол дәуірдің ең озық идеалдарымен үндесіп жатуы мүмкін. Бірақ соның бәрі ешкімді қызықтырмайтын қарабайыр үлгіде баяндалуы да ықтимал. Демек, өнер туындысының халық игілігіне айналуында қаламгер шеберлігі орасан маңыз алмақ. Әдеби шығармашылықта қаламгер ұлылығы өмірдің маңызды құбылыстарын кеңінен қамти білуімен, оған тереңдей бойлауымен және бейнелеу қуатымен өлшенеді. Осы белгілер арқылы алдыңғы екеуімен тығыз байланысты үшінші өлшем шығады.  Яғни, халықтықтың үшінші өлшемі қаламгер шеберлігі болып табылады.

Кең ауқымда алып қарасақ, көркем образ - өмірлік шындықты игеру мен қайтадан қорытып, жаңадан жасап шығарудың өнерге ғана тән ерекше тәсілін сипаттайтын эстетикалық категория. Сонымен бірге көркем шығармада жасалған алуан құбылыстарды да, көбінесе кейіпкер мен қаһарманды «образ» дейміз. Көркем шығармадағы негізгі айшық – адам образы. Кейіпкер мінезінсіз шығарманың арман-мұратын танып, түсіну мүмкін емес. Әдебиеттің объектісі - өмір, ал предметі – адам. Әдебиетте адам бейнесін жасаудың амалы алуан түрлі. Көркем бейне жасауға қажетті өмірлік материалды жинақтап, әдеби тұлғаны даралауға дейінгі күрделі жолдан өткенде әдеби бейне туады. Жинақтау дегеніміз - әдеби тип жасау әрекеті. Әдеби үрдіс- бұл белгілі бір дәуірде, сонымен қатар, ұлттар мен елдердің, аймақтардың, әлемнің күллі тарихи кезеңдерінде өмір сүріп келе жатқан әдебиеттің тарихи-заңды қозғалысы. Әдеби үрдіс – адамзаттың эстетикалық, рухани құндылықтарының толығуының тарихы. Әлемдік деңгейдегі үрдіс қоғамдық-тарихи үрдістің бір бөлшегі болғандықтан, оған тікелей тәуелді екені анық. Қазіргі әдебиеттануға жүгінсек, әдеби үрдіс – мәдени-тарихи өмірдің бір тармағы. Демек, әдеби үрдісті жалпы мәдениеттен тыс қарауға болмайды. Әдебиеттің дамуында әдеби дәстүрлер маңызды роль атқарады. Көркемдік идея, түр, тақырыпты жалғастыру дәстүрі қаламгерлердің көзқарастарынан туындап, қаншалықты маңызды болғанымен, әдебиет дамуында тек қосалқы мән иеленеді. Өмірге қарым-қатынастың әр кезде кезедесетін тарихи идеялық-эмоционалдық түрлері (трагедиялық пен комедиялық, сатиралық пен патетикалық), жалпыадамзаттық, адамгершілік және философиялық проблемалар (ізгілік, ақиқат, сұлулық), өнердің «мәңгілік тақырыптары», сондай-ақ ғасырлар бойына екшеліп, жинақталған көркемдік түрлер (бірінші кезекте жанрлық түрлер) әдеби үрдістің тіршілік етуіне қажетті дәстүрді құрайды.

Көркем шығарманың тарихи қалыптасып, даму үстінде болатын типі жанр деп аталды. Әр жанр өзіндік пішіндер арқылы ерекшеленеді. Француз тілінен аударғанда «түр», «тек» деген мағына береді. Барлық әдеби шығармалар 3 текке бөлінеді: эпос, лирика, драма. Әрбір тек іштей түрлерге бөлінеді. Эпосқа миф, эпопея, роман, повесть, мысал, ертегі, әңгіме, очерк; лирикаға -  ән, поэма, романс, ода, элегия; драмаға – трагедия, драма, комедия, мелодрама, водевиль, киносценарий жатады. «Жанр» термині кейде әдеби түр, кейде әдеби тек ұғымдарының баламасы ретінде қолданылып келеді.

Көркемдік әдіс (грек тілінде methodos – зерттеу жолы) – суреткердің өзі танып-білген ақиқат дүниеге шығармашылық қарым-қатынасының жалпы ұстанымы, яғни ақиқат дүниені қайта жасауы. Көркемдік әдіс - әдебиеттану ғылымындағы маңызды ұғымдардың бірі. Ол көптеген қаламгерлер шығармашылығында қайталана отырып, өнердегі өмірді бейнелеудің  ортақ ерекшеліктерін айқындап, сол арқылы бір немесе бірнеше елде әдеби ағым (бағыт) туындатады. Мысалы, реализм, романтизм, символизм т.с.с. Өмірді көркем бейнелеу сипаты, ең алдымен, қаламгердің өмірді бейнелеу үшін таңдаған әдісінің негізінде пайда болады. Әдебиеттану қырынан алғанда, стиль – жазу машығы, жазушының, жеке шығарманың, әдеби бағыттың, ұлт әдебиетінің өзіндік сипатын танытатын образдар жүйесінің, көркемдеу құралдарының тұрақты жиынтығы. Әр жазушының стиль ерекшелігін оның шығармасындағы көркем компоненттерін тану арқылы айқындаймыз. Әр жазушының өзіне ғана тән суреттеу стилі, сөз саптау мәнері бар. Ол сол жазушының барлық шығармаларында көрініс беріп отырады.

Кеңестік дәуірде өнер мен әдебиеттің дамуына түбегейлі өзгерістер әкелген қаулы–қарарлар мол болды. Солардың бірі - 1925ж. 18 маусымда «Көркем әдебиет саласындағы саясат туралы» қарар. Бұл қарар өнердегі буржуазиялық жат ағымдарға қарсы күресті күшейту, жас пролетар қаламгерлерді әдебиет жасау ісіне тартуда зор маңызға ие болды. 1932ж. 23-сәуірде  БК(б)П ОК-нің «Көркем әдебиет ұйымдарын қайта құру туралы» қаулысы кеңес жазушыларын ұйымдық жағынан топтастыру мәселесін жолға қойды. КСРО Жазушылар Одағы құрылды. ВАПП, РАПП сияқты шығармашылық ұйымдардың жұмысы сынға алынды. БК(б)П 1946ж. 14 тамызда «Ленинград» және «Звезда» журналдары туралы қаулы қабылдады. Қаулыда кеңес әдебиетінің күші мен қуатының мәні онда мемлекеттің, халықтың мүддесінен басқа мақсаттың болмайтындығында деп айрықша атап көрсетілді. Сондай–ақ М.Зощенко, А.Ахматова сияқты ақын-жазушылар шығармашылығы біржақты қате бағаланды.  Аталмыш қаулы КОКП ОК саяси бюросының 1988 жылғы 20 қазандағы шешімімен күшін жойды. 1972ж. КОКП ОК-нің «Әдеби-көркем сын туралы» қаулысы қабылданды. Бұл қаулы әдеби сын мен әдебиетттану ғылымының өркендеуіне ықпал жасады. 70-ж.ж. кейін әдебиеттану, фольклортану, сын салаларындағы тың ғылыми ізденістерге жол ашты. Қазақстан компартиясы ОК-нің 1957ж. «Қазақ халқының әдеби поэзиялық және музыкалық мұрасын зерттеудің, сын тұрғысынан қарап пайдаланудың жайы және оларды жақсарту шаралары туралы» қаулысы қабылданды.Қаулы әдеби, мәдени мұраларды бағалауда орын алып келген кемшіліктерді әділ атап, оларды жоюға, әдебиеттану, өнертану ғылымдарының өркендеп дамуына жол ашты. 1989ж. желтоқсан айында 1930-40ж.ж. мен 1950ж.ж. қабылданған қаулыларды зерттеумен айналысқан Қазақстан Компартиясы ОК-нің Комиссиясы өз қорытындысын шығарды. Онда Шортанбай, Мұрат, Шәңгерей, Ғұмар Қараш, Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармашылықтарына баға берген 1930-40ж.ж. және 1950ж.ж. қаулылардың кемшіліктері аталып, бірсыпыра әдебиетші ғалымдарға (Е.Ысмайылов, Ә.Қоңыратбаев, т.б.) тағылған айыптаулардың негізсіз екені айтылды.    

Реалистік арнаға түсу барысында, қазақ әдебиеті қызық-қызық кезеңді басынан өткергені байқалады. Батырлар жырының көркемдік қуатына тереңірек көз жіберсек елді қорғау, халықтың қамқоры болу идеясымен мұңдалып шығады. Бұл поэзиямен атқарылар іс емес. Бірақ біздің жырға үйренген табиғатымыз ұйқастыра айтуды, сөзбен жеткізуді талап еткен соң, 7-8 буынды жыр үлгісімен баяндап береміз.

Ал, шындығында, осы батырлық жырды іштей бунақтап, бұтарлап, басқа әдебиеттердің үлгісімен салыстырар болсақ, өзінің бас кейіпкері, оқиға дамытар сюжеті, тартыс конфликтісі бар шығарма екенін көреміз. Бұл прозаға тән қасиетті жыр өрнегіне салып, оқиғаларды байланыстырар тұста баяндау әдісін қолдану кейіпкерлердің жанды бейнесін жасауға қажетті тәсілдер екенін байқаймыз. Сонымен бірге әр түрлі ән мақамын араластыра отырып, тыңдаушының ынтығын арттыратын амал да батырлық жырдың эстетикалық әсерін еселей түседі.

Информация о работе Қазіргі әдебиет теориясындағы ғылыми ағымдар