Қазіргі замандағы экономикалық теория

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2013 в 00:11, реферат

Краткое описание

Экономикалық теорияның зерттеу пәнін алғаш рет классикалық мектеп өкілдерінің бірі А. Смит жасаған болатын. Ол былай деген: бұл ғылым объективті, адамның еркі мен санасына тәуілді өмір сүретін қоғамдағы материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну заңдарын қарастыруы қажет. Сондай-ақ әртүрлі топтар арасындағы өнімді бөлудің табиғи заңдылығы және онымен байланысты болу қатынастарын да қарастырады.

Содержание

Кіріспе 2
Қазіргі замандағы экономикалық теория 2
Экономикалық теорияның пәні 3
Экономикалық саясат принциптері, мақсаттары, қайшылықтары 4
Экономикалық саясат мақсаттарының қайшылықтары және оларды шешу әдістері 9
Қорытынды 12
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 13

Вложенные файлы: 1 файл

Экономикалық теория.doc

— 104.50 Кб (Скачать файл)

 ЖОСПАР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Экономикалық теорияның  зерттеу пәнін алғаш рет классикалық  мектеп өкілдерінің бірі А. Смит жасаған  болатын. Ол былай деген: бұл ғылым  объективті, адамның еркі мен санасына тәуілді өмір сүретін қоғамдағы  материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну заңдарын қарастыруы қажет. Сондай-ақ әртүрлі топтар арасындағы өнімді бөлудің табиғи заңдылығы және онымен байланысты болу қатынастарын да қарастырады.

Кез келген адам, кез келген қоғам не істегісі келсе, соны істей  беруге   болмайтындай кедергілерге кездеседі.

Әрқашанда адамдардың тұтынушылықтарында шек жоқ, ал осы тұтынушылықты  қанағаттандыруға қажетті ресурстар (жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілет) шектеулі.

Осылардың бәрін ескерте  отырып, экономикалық теорияны біз қоғамдық ғылымдық  ғылым деп қарастыра аламыз. Өйткені бұл ғылым шектеулі ресурстар жағдайында тұтынушылықты қанағаттандыру үшін қоғамның қалауын сипаттап әрі талдап береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазіргі замандағы  экономикалық теория

Қазіргі замандағы экономикалық теория бірнеше ірі бағыттарды (нсоклассикалық, кейнстік, монетарлық, институционал-социологиялық) қамтиды.

Бұл бағыттар экономикадағы  динамикалық процестерге (циклдерге, инфляцияға, жүмыспен қамтуға, экономикалық құрылымдардың өзгерістеріне, ақша арқылы жүретін өлшемдерге талдау, зерттеу жүргізеді.

Ресейге келсек бұнда  экономикалық ой-пікірлердің дамуы  белгілі экономист және мемлекеттік  қайраткер Ордын-Нащокиннің (1605-1680 жж.) атымен және XVII ғ. Жалпыресейлік нарықтың құрылуымен байланысты. Бұның көзқарасын орталықтанған мемлекеттегі ресейлік меркантилизмнің көрінісі деп бағалауға болады. Соцынан экономикалық ілімге үлес қосқандар — И.Т. Посошков(1652-1726жж.), М.В. Ломоносов(1711-І765жж.), М.М. Сперанский (1772-1839жж.) және А.Н.Радищевтің, А.И. Герценнің, С.Ю.Виттенің, П.А. Стольпиннің, Г.В. Плехановтың т.б. еңбектері. Осылар қаржылық, аграрлық және өнеркәсіптік реформалар жүргізудің негізінде Ресейдің сфералары мен региондары арасында нарықтық қатынастардың қажеттігін дәлелдеген.

Экономикалық ой-пікірлер қатарында марксистік бағыттың орны ерекше деуге болады (XX ғ. 20-90-шы жж.). Марксистік көзқарастардың үстемдігі, бағалы өсімдіктер арасындагы арамшөп тәрізді, прогрессивтік экочомикалық қағидаларды, олардың дамуға ұмтылуына қарамастан тежеп, жоққа шығарып, жойып отырды. Н.Д. Кондратьевтің (1891-1938 жж.), экономикалық циклдер ("ұзын толқындар") теориясын дүниеге әкелген, А.В. Чаяновтың (1888-1938 жж.) экономиканың ұйымдастыру – өндірістік және отбасы шаруалық бағыттарын дәлелдеген идеяларын атап өткен жөн. Бірақ өкінішке орай, Сталиннің диктатының әсерімен экономикалық трактовкалардың көбі "социализм үшін саяси жағынан зиянды" деп жарияланды.

Қазақстан экономикасын қайта құрудың, демократияның, жариялылықтың  бүгінгі кезеңінде ғалымдар, жекелеген экономикалық мектептердің көзқарастары мен жетістіктердің өтпелі дәуір экономикасына бейімдеп және ерекше Қазақстандық экономика шеңберінде кәсіпкерліктің қалыптасуына бейімдеп, интеграциялауға бет бұрып отыр. Осы бағыттың өкілдері монетаризмді және мемлекеттік реттеуді пайдалану арқылы, экономикадағы микро- және макропроцестерді бір-бірімен тығыз байланыстыра дамыту қажеттігін дәлелдейді.

Экономикалық  теорияның пәні

 

Экономикалық теорияның  пәні ғылыми негізде анықталып қалыптасу  кезеңінде болып отыр.

Біздің елде экономикалық көзқарастың және экономикалық ой-сананың  қалыптасуында XX ғ. 90-шы жылдарға дейін  басым роль атқарған марксистік саяси  экономия болатын. Әлеуметтік-экономикалық мәселелерге арналған әдебиеттер тек  К.Маркстың оның ілімін жалпыға әйгілеп танытуды көздеген. Сондықтан ол кезде біз бүкіләлемдік әдебиетке көңіл аударылмаған еді, өйткені олар Маркс схемаларына сайма-сай болады.

Еліміздегі экономикалық ғылым мен бүкіл әлемдік ғылымның алшақтығы сонша елеулі болғандығы экономистерді әр түрлі түсініктер мен терминдерді пайдалануға мәжбүр етті: тікелей қоғамдық өнім, тікелей қоғамдық еңбек, т.б. тәрізді, ойдан ала салған, жалған түсініктер пайда болды.

Осы жағдайлар экономикалық теория мен практиканы дағдарысқа ұшыратып, зерттеу пәнінің және курс атының өзгертілуінің объективтік қажеттігін тудырды.

ХІХ ғ. 40-жылдарынан бастап экономистер назарын шаруашылықтағы қоғамдық емес, заттық-мүліктік байланыстарды  зерттеуге аударды. "Экономикс" деп аталған экономикалық ой-пікірдің (П.Самуэльсон) бағыты пайда болды, альтернативтік мақсаттардың аталған біреуіне жетуді көздеп, шектелген ресурстарды рационалды пайдалану әдістерін іздеп-табу күн тәртібіне келді. Экономикстің пәні - өндірісті, еңбекті, өнімді өткізуді фирма көлемінде ұйымдастыру болып табылады.

Постиндустриалдық қоғамдағы  экономикалық теория өз алдына жеке зерттейтін пәні мен объектісі бар жалпы  методологиялық ғылым деп тұжырымдайды көп ғалымдар.

Кейбір экономистер  экономикалық теория курсы тек нарық  пен баға мәселелерін зерттейтін ғылым дейді. Басқалар осы ғылымның әмбебап сипаты барына назар аудара отырып, экономикалық теория — адамдардың іскерлік өмірі туралы, олардың табыс табуы және өміріне қажет мүлік табуы туралы ғылым дейді.

Тағы біреулер, саяси  экономиканы еске ала отырып, экономикалық  теория - еңбек әрекеттерінің әр жүйелері мен типтеріндегі экономикалық қатынастарды зерттейтін ғылым дейді.

Г.И. Гузавич жәче В.Т. Мартынов, саяси экономияға қайта  бұрылып, жалпы экономикалық  теория әр түрлі жүйелердегі және әрекеттер  типтеріндегі экономикалық қатынастарды зерттейді дейді.

Экономиканың әртүрлі  анықтамалары бар.

П. Самуэльсон экономикаға  былай деп анықтама береді: “бұл әртүрлі тауарларды өндіру мен олардың  қазір бөліп немесе болашақта  қоғамның әртүрлі топтары мен  жеке мүшелерінің тұтынулары үшін адамдар мен қоғамның зәру қорларды қалай пайдаланатындықтары хақындағы ғылым” (Самуэльсон П., Экономика, 7 б)

Экономика ғылымының  пәні туралы К. Макконелл мен С. Брю  өздерінің “экономикс” деген  кітаптарында: “экономикалық игіліктерді  тұтыну қарекеттері мен шектеулі ресурстар әлеміндегі қызметтерін зерттеу болып табылады” дейді.

  Экономика  пәнінің бұдан да басқа тар мағыналы анықтамалары бар.  Мысалы, экономика – адамдардың тіршілік үшін қалай нан табатындығы туралы ілім. “осы пәнді қаншалықты жақсы білетін болсаңыз, өзіңізге соншалықты тамаша мансап та жасай аласыз”

Экономикалық ғылымының  әрбір бағытының аясында әртүрлі  концептуалды адамдар мен зерттеу  нысандары болады.

Экономикалық  саясат принциптері, мақсаттары, қайшылықтары

 

Нарықтық экономика, оны біртұтас жүйе ретінде алғанда, тұрақты да тоқтаусыз өзгеріп дамиды және күрделене түседі. Нарықтық экономика дамыған сайын, оның бір-бірімен байланысты, экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, технологиялық, экологиялық, тіпті, саяси және халықаралық т.б. даму факторлары және ішкі ұйымдық-экономикалық құрылымдары (объективтілері мен субъективтілері) қалыптасып-өзгеріп, бір-біріне ықпал жасап, әр түрлі қайшылықтарды өмірге әкеледі. Мезгілі жеткен кезде олар шешімі күрделі әлеуметтік, экономикалық, саяси қиыншылықтарға соқтыруы мүмкін, бірақ осының жалпы басым нәтижесі – нарық механизмі тиімділігінің артуы болады. Бұл заңдылық нарықтық экономиканың барлық тарихи даму кезеңдерінде, оның қарапайым тауар айырбастау формаларының пайда болуынан бастап, ұлттық-мемлекеттік шеңбердегі нарықтық шаруашылықтардың қалыптасуын қоса, осы күнгі күрделі халықаралық нарық түрлеріне дейін тоқтаусыз жалғасып келеді.

Мысал ретінде ХVIII ғ. соңы – ХIХ  ғ. бас кезінде Батыс  елдерінде болған процестерді алуға  болады. Бұл кезең адамзат тарихында әлеуметтік-экономикалық прогрестің мәнін терең түрде өзгерткен, өнеркәсіптік революция деп танылған процеспен сипатталады. Нәтижесі – экономикалық дамудың қарқынды өсуін тудырған жаңа сапалық даму деңгейі. Экономикалық өсу қарқыны артуы және нарықтық қатынастар ауқымының кеңеюі нәтижесінде тауарларды көптеп (жаппай) өндіру әдісі машиналық-индустриялық өндірістің негізгі белгісі болады. Тауарларды жаппай (көптеп) өндіру бір өнімге (өнім өлшеміне) кеткен өндіріс шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Өнімнің арзандауы, өндіріске тартылған халық санының өсуі және табыстардың артуы нарық айналымын елеулі түрде кеңейтті.

Өндірістің техникалық дамып өсуі – кездейсоқ болған уақиға емес. Оны тек адамзат қоғамындағы  білімнің қордалануымен ғана түсіндіруге болмайды. Ғылыми-техникалық жаңалықтардың ашылуы экономикалық қажеттіліктен туындайды. Сауданың өсіп-кеңеюі, айналымдағы тауар-ақша массасының артуы бәсекелестікті өршітті. Оның үстіне Европаның шектеулі аумағында халықтың саны өсіп, экономикалық кеңістік тарыла түсті; бұл жағдай да бәсекелестікті одан әрі асқындырып жіберді. Бір-бірімен қарсыластық, басқалардан жоғары экономикалық нәтижеге ұмтылу, өндірістегі өз орнын сақтап қалу мақсаты іскерлер қауымының көптеген өкілдерін жаңа техникалық және технологиялық шешімдер іздестіруге итермелеп, ынталандырды.

ХVII-ХIХ ғғ. Экономикалық өзгерістер көптеген басқа әлеуметтік-экономикалық процестердің өзара байланыстарына, нақты айтқанда, нарық механизмі  мен мемлекет арасындағы байланыстарға  жаңаша негізг қалады. Шаруашылық жүйенің күрделенуі мемлекеттің қолдау, түзету, үйлестіру әректтерін арттыруға мәжбүрледі. Мемлекеттің міндеті нарық инфрақұрылымын құру болды, немесе экономикалық дамуды құқықтық институттар мен тәртіп нормаларымен қамтамасыз ету, экономикалық дамудың ішкі және сыртқы қауіпсіздігін, ұлттық валютаның тұрақтылығын сақтау. Осындай инфрақұрылым нарық механизміне, оның тиімдірек қызмет атқаруы үшін қажет болды.

Осы айтылған экономикалық ақиқаттылықтардың өзара қабысу (нарық-өндірістік революция, нарық-мемлекет) тиімділігінің жоғары болғаны сондай, ХХ ғасырдың алғашқы онжылдықтарында экономиканың өсу қарқыны тіпті шамадан тыс артып кетті. Ол кезде шаруашылық жүйенің жалпы экономикалық тепе-теңдікті сақтап қалу механизмі әлі жоқ еді. 1929-1933 жылдардағы бүкіл әлемдік экономикалық дағдарыс – соның қасіретті айғағы. Осыдан кейін: мемлекеттің экономикаға қатысуы жаңа деңгейге көтеріп, шаруашылық механизмі мен мемлекеттің өзара байланыстарының тиімділік нұсқасын табу қажет деген тұжырым жасалды. Экономика мемлекеттің жан-жақты және тұрақты қолдауы қажет ететін болды. Осылай «экономикалық саясат» деп аталатын құбылыс пайда болды.

Өзгеріп кеткен жағдайда мемлекет инфрақұрылымдық сипатты  шаралар жүйесін күрт кеңейтті. Бірақ  нарық механизмінің жаңаша өзгерген түрінің негізгі қажет еткен – нарықтық экономиканы сырттан реттеп үйлестіру әдістері болды. Нарық механизмінің өзін-өзі іштен реттеу мүмкіншілігін шектеулі екені айқындалып, оны енді сырттан түзетіп-реттеу қажеттігі артты.

Сырттан реттеп-түзету шаралар жүйесіне үздіксіз дамитын нарықтық экономиканың жалпы экономикалық тепе-теңдігін сақтап тұру жатады. Тепе-теңдік ұғымының өзі экономикалық қана емес, сонымен қатар, әлеуметтік реңк алды. Әлеуметтік сақтандырудың көп тармақты жүйесін жасау қажет болды.

Экономикалық саясат элементтерінің алғашқы жасалған кезеңін ХІХ ғ. соңынан бастаған дұрыс. Мысал ретінде бұл жағынан басқалардан озған Германияны алуға болады. О.Бисмарктың нұсқауымен Германияда әлеуметтік қорғау туралы заңдар қабылданды, соның негізінде жаңа сфера өмірге келді.

Алғашқы экономикалық саясаттың  ерекше сипаттық белгісі – оның жеке-жеке қалыптасқан жағдайларды  түзетуге бағытталған стратегиясы. Мұндай экономикалық саясат теорияда «нүктелік» стратегия деп аталады. Оның шеңберінде экономикғалық саясаттың келесі жекелеген түрлері практикада қолданылды: кедендік, аграрлық, өндірістік, әлеуметтік. ХХ ғ.бас кезінде осындай «шашыранды» саясаттың орнына оның жаңа нұсқасы келді.

Кең ауқымды да кешенді  экономикалық саясат жасап, оны жүргізуге  қуатты ықпал жасаған және мәжбүр еткен 1-ші және 2-ші д.ж. соғыстар болды. Соғыс қоғам өмірінде өте өткір саяси-әлеуметтік және экономикалық проблемалар жүйесін қалыптастырды.

Бірақ сонда да нарықтық экономиканың өзін-өзі реттеу мүмкіншілігіне деген сенімді түпкілікті үзген – жоғарғы айтылған, 30-шы ж. әлемдік экономикалық дағдарысы болды. Мемлекеттің араласуы аймақтық қана емес, жалпы экономикалық, ал кеңірек – халықаралық сипат алды.

Арнайы әдебиеттерде экономикалық саясаттың көптеген анықтамалары кездеседі. Солардың ішінде ГФР елінің белгілі ғалымы Х.Гирш қысқа, бірақ мазмұны терең анықтама бегген еді. Гирштің пікірінше, мемлекеттің экономикалық саясаты – экономикалық процестердің бағытын бір арнаға түсіру үшін жасалған, оларға ықпал ету, немесе олардың ағымын алдын ала анықтап тікелей реттеу шараларының жиынтығы.

Мемлекеттік реттеудің  іс-шаралары жүйесінде оның әр түрлі, мысалы, практикалық және ғылыми, жақтарын бөліп анықтауға болады. Практикалық  жағы – бұл мемлекеттік реттеудің  нақты іс-шаралар жиынтығы. Теориялық жағы – бұл ұлттық экономиканың ең тиімді дамуына ықпал жасайтын жағдайларды, себептерді және іс-әрекеттерді жүйелі түрде зерттеу; оның ғылыми аспектісіне экономикалық саясаттың үлгілерін және болжау бағдарламасын  жасау да жатады.

Экономикалық саясатта жалпы-экономикалық прогрестерге ықпал жасаушы және нақты шаруашылық салаларын реттеуші әдістер бөліп көрсетіледі. Соңғыларына мемлекет қызметкерлерінің еңбек ақысын реттеу, жоғары және жалпы білім беру мекемелерін қаржыландыру, ұсақ кәсіпкерлікті қолдау, т.б. жатады.

Институционалдық және сапалық анықтау принциптеріне  сәйкес аграрлық, өндірістік, сыртқы экономикалық, әлеуметтік саясат түрлері анықталады. Функционалдық анықтау белгілеріне  сәйкес экономикалық саясаттың конъюктуралық, құрылымдық, баға, валюта, несие және қаржы нұсқаларын анықтауға болады

Информация о работе Қазіргі замандағы экономикалық теория