Қазіргі әдебиет теориясындағы ғылыми ағымдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2014 в 16:05, реферат

Краткое описание

Әдебиеттану – көркем әдебиетті, көркем әдебиеттің түп-төркінін, мән-маңызы мен даму үрдісін зерттейтін ғылым.
Қазіргі әдебиеттану ұдайы өзгеру, даму, жетілу үстіндегі әр түрлі пәндер жүйесінен тұрады. Әдебиет теориясы- әдеби шығармашылықтың табиғаты мен қоғамдық міндетін зерттейтін және оны талдаудың әдіснамасы мен әдістемесін айқындайтын әдебиеттану саласы.

Содержание

І. КІРІСПЕ
Әдебиет теориясының ғылым ретінде қалыптасуы
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Әдебиеттанудағы ғылыми мектептер мен ағымдар
1. Іс - әрекеттік ағым -прагматизм.
2. Әлем әдебиетіндегі сентиментализм ағымы
3. Діни – философиялық ағым.
4. Постмодернизм ағымының теориясы.
5. Модернистік ағымның ұстанымы
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Адебиет теориясы адеби ағымдар.docx

— 49.70 Кб (Скачать файл)

Көркем образ жасау амалдарына зер салсақ, батырлар жырындағы қаһармандардан Еуропа әдебиетіндегі рыцарьлық романның келбетін көрер едік. Осының сәтті тәжірибесін Ә.Нұршайықов пен А.Сейдімбековтың батырлық жырларды қара сөзге айналдырғанынан-ақ қазақы романның ерте заманнан-ақ болғандығын аңдағанбыз. “Қамар сұлу” мен “Шұғаның белгісі” шығармаларынан да поэзия мен прозаның қоян-қолтық араласып жатқандығын, ара-жігін ажырата қою қиын екенін байқаймыз. Еуропа үлгісіне түсе бастаған “таза қара сөзіміз” әуелгі кездерде натуралистік сипатпен көрініп, артынан мәдениеттене бастағанын елемеуге болмайды. Осылардың бәрін теориялық тұрғыдан қисындыра білсек, қазақ прозасының өз ерекшелігі барын аңғарар едік те, соған лайық қорытындылар жасап, әдебиетіміздің өресін айқындар едік. Өзінің ұлттық келбетімен, ерекшелігімен көрінген шығарма ғана өз оқушысының жүрегіне жол тауып қадірленеді, құрметтеледі.

Реализм - өнер атаулының ең өнімді де өміршең арнасы. Онан тым алшақтап кеткен ізденістердің келешегі күңгірт. Сондықтан реализмнің алуан түрлі бағыттарының қайсысынан болсын іргемізді аулақ сала алмаймыз. Оның туу, қалыптасу, дамуына жіті көз жібере алсақ қана, әдебиет тарихындағы құбылыстарды шырайлы көрсете аламыз.

Қазақтың Абайдан басталған жаңа жазба әдебиетінде реализм жүйелі түрде қалыптасып, қоғамның кем-кетігін, адам пиғылының сыр-құпиясын түзетпек ниетке берілгенде, сыншылдық тенденциясы күшейеді. Бір кезде таптық қарауылды мықтап қойып, байды – кең құрсақ, ақылсыз, кедейді – жетелі де алғыр етіп көрсете білгенді социалистік реализм деп атадық. Бұл көркемдік әдістің принциптері реализмнің талап-тілектерінен тыс жатпайды. Бірақ әдеби таным белгілі бір стандарт, қалыпқа салынған жерде өнердің қанаты қырқылады екен.

Қазақ әдебиетінде социалистік  реализм бір бағыт болып тарихтан орын алуға тиіс. Оны көрмеуге, елемеуге хақымыз жоқ. Өйткені социалистік қоғам біздің  тарихымыздың бір белесі, өткен жолы. Оны аттап өтіп кете алмаймыз. Бұл жай өмірді реалистік тұрғыдан суреттеудің тарихи бір кезеңі, одан қашсаң да құтыла алмайсың.

ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің дамуында бадырайып көрінген, әлі күнге дейін тамсандырып келе жатқан көркемдік амал – романтикалық суреттеу тәсілі. Кезінде романтизмді революцияшыл, өршіл және реакцияшыл, керітартпашыл деп екі бөліп, біріншісін – жақтадық, екіншісін – даттадық, әрі-беріден соң сөзіміз “дәлелді” болу үшін саясат араластырдық. Мұңшерге батып жылап-сықтау – кешегі күннен, қазақтың феодалдық-патриархалдық тұрмыс-салтынан айырылмауы, ескілікті дәріптеу деп, оңды-солды соқтық.

Қазақ әдебиетінің арғы-бергі тарихында дүниені романтикалық тұрғыдан танып-білу әдісі реалистік сыңайдан асып түспесе, кем емес. Тіпті көшпелі өмір салтының өзінде романтиканың толып жатқан сілемдері барын аңғармау, оны сөз өнері арқылы жарқыратып көрсетпеу мүмкін емес. Бірақ, біз асқақты сөз орамынан іргемізді аулақ салып, көркемдік танымымыздың қуатты бір қанатын қырқып тастадық. Романтикалық суреттеу тәсілін ойысқандарды қарамаған, даттамаған кезіміз аз. “Жылау-сықтауы көп” Мағжанды былай қойып, сәл осалдық танытып”, “Сыр сандық” пен “Аққудың айырылуын” жазған Сәкенді де ағаш аттың басына мінгізіп қойдық. Көңіл күй лирикасын жаздырмай махаббат сезімінен безуге күштедік. “Сарыуайымға салынушылық”, “буржуазиялық көңіл-күйге берілу” деп күйеледік... Мұндай тұста романтикалық ойлау, суреттеу түгіл, натуралистік бояудың өзін пайдалану қиын екенін түсіне бермедік. Сондықтан үгіт-насихаттық леп күшейді де, шын көркемдік тәсілдер сахнадан ысырыла берді. Саясаттанған танымымыздың осы қысас қисынын енді түзетіп, қазақ әдебиетіндегі романтикалық суреттеу әдісін өзіндік бет-келбеті бар бір ағым, бағыт ретінде қарастыру қажет. “Қазақ романтизмі” деген атаудан үрікпей, оның ерекшелігін ашып, өзіміздің ұлттық таным-біліктің өресін көрсетуге тиіспіз. Міне, сонда ғана біз өзіміздің эстетикалық түсінік-танымымыз арқылы рухани байлығымыздың қадір-қасиетін аңғарамыз. Мағжан Жұмабаевтың қазақ әдебиетінде өмірді романтикалық арнада суреттеу амалын тауып, оны реализмнің жұртына аунатып алу арқылы ел-жұртқа қош иісі аңқыған керемет поэзия сыйлағанын ұмыптаған абзал...

Ал адамзаттың көркемдік танымына тән өмірді сатиралық және символикалық арнада суреттеу тәсілдері де қазаққа еш уақытта жат болған емес. Бұл тәсілдер, әсіресе, ХХ ғасырда күшейе түскенін білеміз.

Шынында,  өмірде кездесіп жатқан ожарлық пен оғаштықты, адам пиғылындағы сүреңсіз қылықтар, қызғаныш пен арамдықты мінеу, сынау күші кеше ғана емес, ауыз әдебиетінің алғашқы үлгілерінің өзінен-ақ көрінеді емес пе?..

Олардың бәрін қазақ Еуропа мен орысқа жанасқаннан кейін ғана тапқан жоқ. Әлденеше ғасыр бұрын өзінің өмір тәжірибесінен туындап, сөз өнерін өздері табынатын, сиынатын өнерге айналдырған болатын. Біз осыны тарамдата, жіліктей бұтарлап зерттеуге тиіспіз.

Ілгерінді мәдениеттерден алғандарымызды, бойға сіңіргендерімізді рабайымен ғана айта білгенде ғана қазақтың көркемдік таным-білігінің тарихы дұрыс жазылады. Бұрынғыдай евроцентристік ой-пікірлердің бәріне шұлғи беруді енді қою керек. ХХ ғасырдың аяғындағы өмір мен көркемдік өткелдерінің бізге үйретері осындай... 
Қазақ әдебиетінің 20-ғасырдағы даму жолы халқымыздың сол тұстағы тарихи-әлеуметтік жағдайына байланысты болды. Бұл ғасырда қазақ қоғамы бұрынғы дәуірлерге қарағанда біраз өзгерістерді басынан өткеріп, ілгері өрлеуге бет бұрған-ды. Халыққа Еуропалық өнердің есігі ашылып оқу, өнер-білім самалы қазақ даласына жайылды.  
Қазақ ақын-жазушыларының шеберлігі бұл тұста арта түсті. Олар ұлттық әдебиеттің дәстүрлі жетістіктерін жете игеріп қана қоймай, ілгері іздене берді. Батыс пен Шығыс поэзиясына қолдары жетіп өрісін ұзартты. Қазақ поэзиясы бұрынғы өсиет өлең, арнау, толғау, жыр сияқты басым болып келген ескі жанр түрлеріне жаңалықтар қосты. Қазақ лирикасының өзі сан түрлі жаңа жүйелермен байи түсті. Лириканың бұрын дидактикалық сарыны басым болса, енді оның суретті, пейзажистік, образдылық жақтары бой ала бастады.  Адамның арақатынасы, махаббат сезімдері, ішкі психологиялық дүниесі нәзік лиризммен әсерлі бейнеленіп, адамның іші мен сырты бірдей әдемі, жоғары адамгершілікпен ұштасуы көкселді. Адам өмірі жан-жақты жырланып, қоғамдық сана,философиялық ой-тұжырымдары, дәуір жаңалықтары кеңінен жырға қосылды.  
Ұлы Абай қазақ поэзиясында жаңалық жыршысы болып, оның реалистік бетін ашса, музыка өнерінің қазақ топырағындағы жаңа бағытын Біржан мен Ақан бастап берді. Бұлардың өнерімізді дамытудағы әсерлері, олардың өскен орталары, алған өнегелері, творчестволарының қайнар көзі-бәрі сабақтас. Қазақтың сал-серілері атанған  Біржан мен Ақан шығармашылығы біз тілге тиек етіп отырған сентиментализмнің озық үлгілері десек те болады. Олар өзінің дер шағындағы талант табыстарын түгел дерлік жас ұрпаққа арнап, солардың жүректерін тебірентер  тамаша туындылар жасады. Жоғары адамгершілік идеяларға  толы өміршең поэзия, асқақ та әсемән әуендерін қалдырды. Жастық дәуреннің кеудені кернеген армандарын, басына түскен мұңын, адамның жан сұлулығы, мөлдір махаббат сезімдерін жылуы мол жалынды жырмен толғап, әсем әуенмен аспандата әндетті.  Көптеген сазды, сәнді лирикалар қалдырды. Мәселен Біржан өлеңді ән үшін, әнді өлең үшін шығарған. Сондықтан олар өзара біте қайнасып, бірігіп кеткен туындылар. Ғашықтық лирикаларындағы   нәзік сезім дүниелерін ол асқан ақындық шабытпен жүрек тебіренте жырлап берді. Жастар жүрегінің қылын шертіп, іштегі жасырын сырларын ақтара ашады. Махаббат күйігіне душар болғандар характері, олардың эмоциялық сезім-серпіндері  қоғамдық-әлеуметтік шындықтарға байланыстырылып, биік идеялы сатыға көтеріледі... Осылайша, лирикалы реалды өмірден туып, әлеуметтік қорытынды жасайды.  
Біржанның ақындық құдіретін жете танытқан оның айтыстары. Әсіресе, Сарамен айтысы. ХІХ ғасырдағы қазақ ақындары айтыстары ішінде бұл айтыстың алатын орны ерекше. Өзінің идеялық мазмұны жағынан да, көркемдік, образдық сипаттармен де, ол нағыз әдеби шығарма. Осы айтыста Біржан мен Сара  қазақ қоғамындағы келеңсіз жайттарды, кереғар пікірлерді сынға алады. Әлеуметтік мәселелерді көтереді. Білімді, дана ақындардың әр сөзінде қазақ өлкелерінің байлығы, тарихи адамдары, қоныс мекендері, әр елге тән әдет-жоралғылары білгірлікпен баяндалады. Қазақтың ескі өміріндегі жағымсыз салттарға құрбан болған арулардың  аянышты тағдырына жоқшы болып, оның тамырына балта шабар кездің жақын қалғанын Арқаның дауылпазындай Біржан Алатау алқабына   жарлап жыр төкті. Ешкімнен қорықпастан қазақтың үз жүзін жалғыз аралап, махаббат азаттығын, әйел жұртының еркіндігін талап етіп, алты қырдан асыра асқақ ән шырқады. Әйел затының азаттығын көксеп өтті. Адамгершілікке, адал достық, таза махаббатқа үндеді. Аруды есекке қосақтамай, азғынға қор қылмай, теңіне қосып, күңдіктен құтқаруды талап етті. Ақынның бұл ниеттері – оынң талай аруларға арналған жырларынан да, Сара қызбен айтысынан да айқын көрінетін өзекті идеялары, асқақ армандары. Осы арада қазақтың ақыны, композиторы Біржан сал мен орыстың жазушысы Н.М. Карамзиннің шығармаларында біршама ұқсастықтар бар. Жаңағы айтып отырған Біржан салдың көтерген мәселелері, арман-ойлары Карамзин туындыларында да ұшырасып қалады. Айталық, жазушы «Бедная Лиза» повесінде дворян жігіті мен қарапайым қыздың арасындағы махаббатын суреттейді. Карамзиннің ойынша барлық адамдар бірдей сезінуі тиіс. Кедей шаруалармен қатар жер иеленуші помещиктер де махаббаттың қайғысын ұғып, қуанышын білуі қажет. «Бедная Лиза» повесі лирикалық көңіл-күйге құрылған шығарма. Бұл шығарманы оқығанда оқырман жүрегінде үлкен сезім күші пайда болып, жанарына жас тығылары айдан анық. Жалпы бұл туынды адамзат баласын гуманист болуға тәрбиелейді, адам атаулыға бір-бірін жақсы көруді насихаттайды.  Кедей шаруалар өзінің сол өмірінде де бақытты бола алады деген байламға келеді. Махаббат рахаты жанұялық қуаныш сияқты сезімдерді игере отырып, шаруалардың бақытты өмір сүретіндеріне сенеді. Мейлі олар үстем тап өкілдері болмасын. Қуаныш пен қайғы бай кедей демей жалпы адамзатқа ортақ нәрсе дегенді Карамзин осы повесінде көрсетеді. Жалпы Карамзин шығармалары романтикаға толы туындылар болып келеді. Осындай романтикалық шығармасының бірі «Остров Бронгольм» повесі. Бұл повестің сюжеті Батыстың ерте романтикалық дәстүрі үшін өте қарапайым: екі жас ғашықтың бір-біріне деген заңсыз махаббаты, мөлдір сезімдері беріледі. Сонымен бірге сезім бостандығы, махаббат бостандығы үшін күрес жамандыққа, әділетсіздікке қарсы бағытталады. Аталған повесть арқылы Карамзин өзінің романтикалық сипаттағы шығармасына жаңа стиль енгізеді. «Остров Бронгольм» повесіқұпиясы мол жұмбақ туынды. Біз одан біреулердің бақытсыздықтары мен айырылу қайғысын, әлсіз махаббаттарын көреміз. Бірақ олар кімдер, неғылған жандар, есімдері кім... білмейміз.Олардың кінәлары не, өздерінің арасындағы сезімдерін заң неге талқылайды-бәрі құпия түрде. Мүмкін ол екеуі ағалы-қарындасты жастар? Автор пікірінше бұл құпияның ашылмағаны дұрыс. Егер әуел бастан бәрі белгілі болса, повестің қызығы кетер еді дейді. 
1796 жылы жарық көрген Н.М. Карамзиннің тағы бір повесі «Юлия». Бұл шығарма орыс әдебиетіндегі психологиялық және тұрмыс-салт тұрғысынан  жазылған алғашқы повестердің бірі. Шығармада мәдениетті ортадан шыққан, әдемі қыз Юлия мен қарапайым ауыл жігіті аристің арасындағы махаббат және үшінші болып, екеуінің арасына кіріскен жоғары лауазымды бай жігіттің іс-қимылы, ойлаған ойы толық суреттеледі. Князь жігіті Юлия мен Аристі бөлугі қанша айла-амал жасағанменақыр соңында Арист пен Юлия бірге бақытты ғұмыр кешеді.  
Юлия-бұл әйел затының ішкі жан-дүниесінің өсуін көрсететін повесть. Мұнда жеке адамның ішкі сезімі, психологиялық күресі көрсетіледі. Сонымен қабаттаса сол тұстағы адамдардың тұрмыс жағдайы да повесте қамтылған.  
Сентиментализм әдебиетіндегі өзіндік орны бөлек шығарма «Письма русского путешественника». Саяхат күнделіктері сол дәуірдегі Еуропада ең бір кең тараған әдеби жанр болған.  Стерннің «Сентиментальное путешествие по Франции и Италий» атты шығармасы, Радищевтің кітаптары осы аталған  жанрға жатады. Сентименталдық саяхаттың негізгі көңіл аударатыны қоғам мен әлеуметті, табиғатты көрсетудегі автордың көңіл-күйінің күйзелісі, ойлауы.

Ағымдардың ішіндегі 18-ғасыр дың екінші жартысы мен 19-ғасырдың басында дамыған ағым – сентиментализм. Сентиментализм (французша сезім, сезімталдық деген сөздерден алынған ). Бұл көркем әдебиеттегі ағым Ағылшын және басқа Еуропа халықтарының әдебиетінде кеңінен өріс алған. Ағылшын әдебиетінде сентиментализмді орнықтырған жазушы Л.Стерн. Оның «Франция мен Италияға сентименталдық сапар» атты романы Еуропа елдерінде кең қанат жайды, орыс тілінде аудармасы да жарық көрді. Сентиментализм жеке адамдардың жан дүниесін, көңіл - күйін суреттеуге ерекше мән береді. Бұл бағыттағы қаламгерлердің шығармаларында жанұялық тұрмысты, күнделікті тіршіліктің жеке көріністерін баяндауға, ұсақ және орта буржуазия, қолөнершілер өмірін сипаттауға көп орын береді. Әдебиетте психологиялық роман, повесть, естелік, сапарнама секілді жанрлық түрлер көбірек қолданылатын болды. Шығармалардың комппозициялық өрнегін, сюжетін құрғанда да жазушы баяндалатын оқиға-жайларды адамға қаншалықты әсер етіп, қандай сезім туғызатынын алдымен ескереді. Яғни жазушы әр түрлі өзара тікелей байланысы жоқ оқиға-жайларды, егер соларға ерекше мән берген болса, бір-біріне жанастырып, еркін баяндап отырады. Айтылып отырған оқиғаға табиғат суреттерін, жазушылардың өзінің әр түрлі сезім-әсерін және сондай басқа жанама жайларды қосарлап береді. Орыс әдебиетіндегі сентиментализмнің ең көрнекті өкілі Н.М Карамзин болды. Карамзиннің «Бедная Лиза» атты повесінен сентиментализмнің негізгі сипат-өзгешеліктерін көреміз. Жазушы өз еңбегімен күнелткен кедей қызды жан ашырлық сезіммен суреттеп оның жан дүниесінің нәзіктігін, тереңдігін бейнелейді. Төменгі таптың өкілі қарапайым адамды былай суреттеудің өз дәуірінде қоғамдық рөлі зор болғаны сөзсіз. Алайда осы шығармадан сентиментализмнің осал тұстарын да көреміз. Карамзиннің төменгі тап өкілдерін суреттегенде олардың ауыр халін, қатты қанау, қыспақ көріп отырғанын дұрыс ашып көрсетпейді. Мұны егер Карамзин шығармаларын сол кездегі патша үкіметінің озбырлығын әшкерелеп көсететін төңкерісшіл жазушы Радищевтің шығармаларымен салыстырсақ анық аңғарамыз. Көркем әдебиеттегі сентиментализм ағымына өз үлесін қосқан қазақ ақын-жазушылары мен сал-серілерінің туындылары нағыз ішкі сезімнен туған шығармалар екенін байқау қиын емес. Солардың ішінде Ақан сері Қорамсаұлы, Біржан сал Қожағұлұлы сынды тағы да басқа сал-серілер мен ақын-жыраулардың туындыларын сентиментализм ағымына жатқызуға болады.

Қорытынды 
      Өткен ғасырлар үлесіндегі әлем әдебиетінде көптеген әдеби ағымдардың болғаны баршаға аян. Қазақ совет жазушылары қай тақырыпқа жазбасын, бәрібір, шындыққа тек социалистік көзқарас тұрғысынан қарайды. Қандай бір күрделі шығарма (поэма, пьеса, роман) болмасын, бәрібір, бас қаһарманы — халық; суреткер шығармасын кешегі шындықтан туғыза ма, болмаса бүгінгі шындықтан туғыза ма, бәрібір, әйтеуір халықтың ертеңгі болашақ жолындағы күресін суреттейді.

Қысқасы, осындай көп-көп сыбайлас сырлар, ұксас сипаттар бір емес, бір топ жазушының бүкіл суреткерлік өнеріндегі белгілі бір уақыт пен ке-ңістікке сай идеялық-көркемдік бірлікке әкеледі. Дәл осы бірлік-әдеби ағым

Байқап қарасақ, стиль — бір жазушыға тән творчестволық ерекшелік болса, ағым — бірнеше жазушыға тән творчестволық бірлік; стиль — әр жазушының дара қасиеті болса, ағым — әр алуан жазушының ортақ сипаты; стиль — жалқыға тән ұғым болса, ағым — жалпыға тән ұғым; стиль — әр жазушының әдеби беті болса, ағым — әр жазушының әдеби бағыты.

Әрбір әдеби ағымды әр қоғамдағы таптық жағдай туғызады. Әрбір әдеби ағым — әрдәуірдегі идеологиялық күрестің әдебиеттегі көрінісі.Әдеби ағым—тарихи категория: жалпы қоғамдық дамудың белгілі кезеңдегі белгілі саяси-әлеуметтік сипатына сәйкес туады да, сонымен бірге дамып, бірге жоғалып отырады.Әлем әдебиетінің та тарихында әрбір әдеби ағымның қалай пайда боп, қалай дамығанын, қалай құбылып, қалай құрығанын әдебиеттің теориясы емес, әдебиеттің тарихы тексереді. Сондықтан біз жалпы әдеби дамудың кезең-кезеңдерінде туған кейбір әйгілі ағымдарды, ғана атап, аз сөзбен мінездейміз .

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Қабдолов З. Сөз өнері. -Алматы, 1976.
  2. Абрамович Г. Введение в литературоведение.-М, 1979.
  3. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. - Алматы, 1969.
  4. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. -Алматы, 1989.
  5. Ахметов К. Әдебиеттану әліппесі. –Алматы,2000.
  6. Әуезов М. Әдебиет тарихы.- Алматы, 1991ж.
  7. Введение в литературоведение. Хрестоматия.–М, 1979.
  8. Введение в литературоведение. Хрестоматия.–М, 1997.
  9. Виноградов В.В. О языке художественной прозы.–М,1980.
  10. Горький М. Әдебиет туралы. -А,1954.
  11. Дүйсенов М. Әдебиеттегі форма мен мазмұн  бірлігі.
  12. Дәстүр және жаңашылдық. – А,1980-1981.

 

 

 

 


Информация о работе Қазіргі әдебиет теориясындағы ғылыми ағымдар