Инфекциялық аурулардың алдын алу
Реферат, 06 Ноября 2014, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды белгілейді.
Вложенные файлы: 1 файл
Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық қағидалар.docx
— 119.00 Кб (Скачать файл)197. ТҚҰ-ның басшысы уақтылы және сапалы ағымдық дезинфекциялауды қамтамасыз етеді.
198. Туберкулёзге
қарсы ұйымның барлық үй-жайлары
үнемі желдетіледі (күніне 2-3 рет 30-40
минуттан).
199. Науқас стационарда
болған кезде, оның сыртқы киімін
арнайы үй-жайда сақтайды. Оны
науқас күндіз таза ауаға шыққан
кезде пайдаланады.
200. Науқас ауруханадан шыққаннан кейін төсек жабдықтары (стационарға тиесілі жастықтар, матрац, көрпе) дезинфекциялау камерасында залалсыздандырылады.
201. Үй-жайлар және күнделікті қолданылатын заттар күн сайын ылғалдап тазартылуға жатады.
202. Түкіргіштерді жинау, залалсыздандыру және беру арнайы бөлінген үй-жайда жеке қорғаныш құралдарын қолдана отырып, даярлықтан өткен персонал жүзеге асырады.
203. Пайдаланылған
асхана ыдыстарын буфеттегі таңбаланған
үстелде қолғаппен жинайды, ондағы
тамақ қалдықтарын тазалап, алдын
ала жумай, бөлек ыдыста залалсыздандырады,
сосын жуады және кептіргіш шкафта
немесе бөлек үстелде кептіреді.
Ыдыс-аяқтарды ауа стерилизаторында зарарсыздандырады. Пайдаланылған ыдыс-аяқты жинағаннан кейін үстелді дезинфекциялау ерітіндісіне малынған шүберекпен сүртеді.
204. Тамақ қалдықтарын
ыдысқа (шелекке, бакқа) жинайды, 5-ке 1 қатынасындағы
құрғақ дезинфекциялау құралын
себеді. Зарарсыздандырудың термикалық әдісі кезінде (бу қайнатқыш
қазанда қайнату) тамақты мал жеміне қолдануға
болады.
205. Лас киім-кешекті сұрыптау қабырғаларына 1,5 метр биіктікте кафель қойылған және механикалық сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталған бөлмеде арнайы киімде, респираторларда, қолғаппен, резеңке аяқ киіммен жүргізіледі.
206. Киімді клеёнка қапта жинайды, кір жуатын орынға жібереді. Бөлек кір жуатын орын болмағанда, кір жуатын жерге жіберер алдында алдын ала зарарсыздандырады және белгіленген күнде жеке машинаға жуады.
207. Стационарлық
науқасқа ауыр жағдайларды қоспағанда,
кіруге жол берілмейді. Бұл ретте,
келушілер жеке қорғаныш құралдарын
(маска, халат) пайдалануы тиіс. Бактерия
бөлетін науқастарға
абациллирлеу кезеңіне дейін стационар
аумағынан кетуге рұқсат етілмейді.
208. Туберкулёзге
қарсы ұйымдарда қорытынды дезинфекциялау
жылына 2 рет және қайта бейіндеу,
көшу, реконструкциялау,
жөндеу жағдайларының
барлығында дезинфекциялау құралдарының
бірімен жүргізіледі.
209. Ошақтардағы қорытынды
дезинфекциялауды дезинфекция станциясының,
мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық
қызмет органдарының дезинфекция
бөлімінің (бөлімшесінің) қызметкерлері
туберкулезге қарсы диспансерден өтінім алған кезден
бастап алты (қала) немесе он екі сағат
(ауыл) ішінде жүргізеді.
210. Қорытынды дезинфекциялауды науқастың ошақтан шығу және үйде қайтыс болу жағдайларының барлығында; көшіп кеткеннен кейін мекенжайын ауыстырғанда (пәтерді немесе бөлмені заттарымен өңдеу) жүргізіледі.
16. Туберкулездің
таралуының алдын алу саласында
мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық
қадағалауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар
211. Мемлекеттік санитариялық-
1) туберкулезге қарсы қызметпен бірлесе отырып, туберкулезге қарсы күрес бойынша өңірлік бағдарламалар дайындауды;
2) туберкулезге қарсы
егілген егулер мен контингенттер
туралы мемлекеттік есепке алуды
және есептілікті;
3) егулерді және туберкулин сынамаларын жоспарлауда, БЦЖ вакцинасы мен туберкулин қажеттілігін анықтауда денсаулық сақтау ұйымдарына әдістемелік және консультативтік көмек көрсетуді;
4) БЦЖ вакцинасы мен туберкулинді тасымалдауды, сақтауды және есепке алуды қадағалауды;
5) профилактикалық
медициналық тексерудің уақтылы
жүргізілуін, бациллярлық науқастардың
уақтылы емге жатқызылуын, туберкулез
ошақтарында ағымдық дезинфекцияның
жүргізілуін, ТБҰ-да санитариялық-эпидемияға
қарсы режимнің сақталуын бақылауды;
6) туберкулезге қарсы ұйымдармен бірлесе отырып, туберкулезді анықтау және емдеу мақсатында туберкулездің жұқпалы формаларымен ауыратын, тексерілуден әдейі жалтаратын және санитариялық-эпидемияға қарсы режимді бірнеше рет бұзған науқастарды емге жатқызуға сотқа құжаттар жіберу туралы ұсыныстар дайындауды;
7) туберкулез бойынша
қолайсыз шаруашылықтағы малдарға
қарауға адамдарға рұқсат беру
қағидаларының сақталуын, мал өсірушілерге профилактикалық
емдеу жүргізілуі және мал шаруашылығы
қызметкерлері еңбегінің қорғалуын, шаруашылықтарда
және фермаларда міндетті
профилактикалық іс-шаралардың орындалуын
бақылауды жүргізеді.
17. Ауруханаішілік инфекциялық аурулардың алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талапта
212. Ауруханішілік инфекциялық аурулардың (бұдан әрі – АІИА) алдын алу жөніндегі іс-шараларды тиімді ұйымдастыру және жүргізу үшін әрбір медициналық ұйымда инфекциялық бақылау бағдарламасы әзірленеді, ол:
1) ауруханаішілік инфекцияларды есепке алу мен тіркеуді;
2) АІИА-мен сырқаттанушылықты талдауды, тәуекел факторларын анықтауды, АІИА-ның белең алуын тексеруді, оларды таратпау бойынша шаралар қабылдауды;
3) микробиологиялық
мониторингті ұйымдастыруды және жүргізуді;
4) антибиотикалық-профилактикалық
және антибиотикалық-терапия
тәсілдерін әзірлеуді;
5) кәсіптік аурулардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды;
6) инфекциялық бақылау мәселелері бойынша персоналды оқытуды;
7) санитариялық-эпидемияға қарсы режимді ұйымдастыруды және бақылауды;
8) медициналық қалдықтарды жинауды, зарарсыздандыруды, уақытша сақтауды, тасымалдауды және кәдеге жаратуды ұйымдастыруды көздейді.
213. Медициналық ұйымдарда инфекциялық бақылау денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізіледі.
214. Инфекциялық емес
бейіндегі медициналық ұйымдарда
пациентте айналасына эпидемиологиялық
қауіп төндіретін инфекциялық
ауру анықталған кезде ол изоляторға ауыстырылады.
Изолятор болмаған кезде инфекциялық
аурулармен ауыратын пациенттер тиісті
инфекциялық ауруханаларға ауыстырылуы
тиіс.
215. Эпидемиялық көрсеткіштері бойынша жабылатын стационарды ашу тиісті аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісім бойынша жүргізіледі.
216. Терінің және сілемейлі қабықтардың тұтастығының бұзылуымен байланысты барлық медициналық манипуляциялар бір рет пайдаланылатын қолғаптармен жүргізіледі.
217. Медициналық персонал әрбір медициналық манипуляцияның алдында қолдарын өңдеуі тиіс.
18. Вирустық
гепатиттердің алдын алу бойынша
санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық)
іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
218. Вирустық гепатиттермен
ауыратын адамдарды немесе күдіктілерді
анықтауды амбулаториялық қабылдаулар,
стационарға жатқызу, үйге келу
кезінде, медициналық тексеріп-қараулар,
диспансерлеу және басқа да медициналық
ұйымдарға бару кезінде меншік нысанына
қарамастан медициналық ұйымдардың медицина
қызметкерлері жүргізеді.
219. Вирустық гепатиттермен
ауыратын науқастарды диагностикалау,
емдеуге жатқызу және диспансерлеу осы
Санитариялық қағидаларға қосымшаға сәйкес жүргізіледі.
220. Вирустық гепатиттер
тіркелген кезде мемлекеттік
санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау
органдарының мамандары вирустық
гепатиттермен ауырған науқастар
ошақтарына эпидемиологиялық зерттеп-қарау
және В мен С жіті вирустық
гепатиттерінің, С созылмалы вирустық
гепатитінің және алғаш анықталған
В созылмалы вирустық гепатитінің әр жағдайына эпидемиологиялық
тексеру, берілу жолдарына анықтау және медициналық және басқа да ұйымдарда
жұқтырудың тәуекел факторларына
бағалау жүргізеді.
221. Вирустық гепатиттермен
анықталған науқастар медициналық
ұйымдарға зерттеліп-қарауға және емделуге жіберіледі.
Медициналық ұйымдарда вирустық гепатиттермен ауыратын науқастарды тексеру және емдеу денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізіледі.
222. Вирустық гепатиттер
ошақтарында дезинфекциялау іс-шаралары
жүргізіледі.
19. Энтералдық берілу механизмі бар А және Е вирустық
гепатиттері кезіндегі санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
223. Энтералдық берілу механизмі бар А және Е вирустық гепатиттері (бұдан әрі – АВГ және ЕВГ) кезіндегі санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар мыналарды қамтиды:
1) қоғамдық тамақтандыру объектілерінде, санитариялық тораптарда, сынып бөлмелерінде және рекреацияларда жүргізу техникалық персоналға жүктелген күнделікті ағымдық жинау кезінде санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтауды қамтамасыз ету;
2) бастауыш, негізгі
орта білім беру ұйымдарындағы
оқушыларды мектептің үй-жайларын
жинауға тартуға жол бермеу.
224. АВГ-нің өзіндік профилактикасы – вакцинациялау.
225. ЕВГ-нің өзіндік профилактикасы жоқ.
226. АВГ-ға қарсы
вакцинациялауға жататын контингенттер
мыналар:
1) екі жастағы балалар;
2) АВГ ошағында
байланыста болған күннен бастап
алғашқы екі аптаны қоса алғанда,
он төрт жасқа дейінгі байланыста
болған адамдар;
3) 14 жасқа дейінгі балалар, В және С созылмалы вирустық гепатиттерімен ауыратын ремиссия кезеңіндегі науқастар.
227. Вакцинация алты
ай аралықпен екі рет жүргізіледі.
Вакцинаны енгізуге жанама әсерлер тән емес. АВГ-ге қарсы
вакцинаны бөлек енгізген жағдайда
басқа вакциналармен бір уақытта енгізуге
болады.
228. АВГ және ЕВГ-мен ауыратын науқастар ошақтарындағы іс-шаралар:
1) науқаспен байланыста
болған адамдар онымен қарым-қатынасты
үзгеннен кейін отыз бес күн
бойы апта сайын дәрігердің қарауымен
(сауалнама, тері мен шырыштыларды тексеріп-қарау,
қызу өлшеу, бауырды қолмен
зерттеу) медициналық бақылауға жатады;
2) бақылау кезеңінде
жаңадан балалар қабылдауға және байланыста болған
балаларды басқа топтарға, палаталарға
немесе мекемелерге ауыстыруға жол берілмейді,
ауру жағдайы тіркелген сынып үшін кабинетте
оқыту жүйесі тоқтатылады. Сырқаттанушылық өршіген кезде соңғы
жағдай тіркелген күннен бастап инкубациялық
мезгілде барлық бастауыш және негізгі білім беру
ұйымы бойынша кабинетте оқыту жүйесі
тоқтатылады;
3) науқаспен байланыста
болған адамдарды клиникалық
айғақтар болған жағдайда қанның
биохимиялық талдауына зертханалық
зерттеп-қарау дәрігердің тағайындауы
бойынша жүргізіледі;
4) науқасты ұжымнан оқшаулағаннан кейін балалар бірге тамақтанған, болған және ұйықтаған болса, мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту, жабық типті бастауыш және негізгі орта білім беру ұйымдарында қорытынды дезинфекциялау жүргізіледі.
229. Ошақтық қорытынды
дезинфекцияны медициналық қызметтің
көрсетілген түріне лицензиясы
бар ұйымдар жүргізеді.
230. Ошақтық ағымдық дезинфекцияны:
1) мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту, бастауыш, негізгі орта білім беру ұйымдарының және емдеу-сауықтыру ұйымдарының басшыларының бұйрығымен анықталған адам науқасты оқшаулаған сәттен бастап осы ұйымның медицина қызметкерінің бақылауымен отыз бес күн бойы жүргізеді;
2) дезинфекциялау
құралдарымен қамтамасыз ету
вирустық гепатит ошағы тіркелген
ұйымның әкімшілігіне жүктеледі;
3) ошақтық қорытынды және ағымдық дезинфекциялауды ұйымдастыру және жүргізу ұйымның басшысына жүктеледі.
20. Парентеральдық берілу механизмі бар В, С және
Д вирустық гепатиттері кезінде санитариялық-эпидемияға
қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және