Инфекциялық аурулардың алдын алу
Реферат, 06 Ноября 2014, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды белгілейді.
Вложенные файлы: 1 файл
Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық қағидалар.docx
— 119.00 Кб (Скачать файл)9. Жіті ішек инфекцияларымен
сырқаттанушылықтың бақылау деңгейлері
артқан кезде пәтерлік ошақтарды тексерудің
қажеттілігін эпидемиологиялық жағдайды,
алдын ала жасалынған талдау материалдарын
ескере отырып, тиісті аумақтың бас мемлекеттік
санитарлық дәрігері айқындайды.
10. Ошақтарды эпидемиологиялық
тексеру кезінде зертханалық
тексеру үшін тамақ өнімдерінің, судың,
жуындылардың сынамаларын жинау жүргізіледі.
4. Жіті ішек инфекцияларымен ауыратын
науқастарды емдеуге жатқызуға қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
11. Жіті ішек инфекцияларымен ауыратын науқастарды емдеуге жатқызу клиникалық және эпидемиологиялық айғақтары бойынша жүргізіледі.
12. Жіті ішек инфекцияларымен
ауыратын науқастарды емдеуге
жатқызудың клиникалық айғақтары:
1) екі айлыққа дейінгі балалардағы аурудың барлық түрлері;
2) баланың жасына
қарамастан қатты сусыздандыратын
ауру түрлері;
3) қосымша патологиялы созылмалы аурудың түрлері;
4) әртүрлі деңгейдегі қатты сусыздандыратын созылмалы іш өту;
5) дизентерияның созылмалы түрлері (асқынған жағдайда).
13. Жіті ішек инфекциясымен
ауыратын науқастарды емдеуге
жатқызудың эпидемиологиялық айғақтары:
1) науқастың тұрғылықты
жері бойынша қажетті эпидемияға
қарсы режимді сақтау мүмкіндігі
болмағанда (әлеуметтік жағдайы
төмен отбасылар, жатақхана,
казармалар, коммуналдық пәтерлер);
2) медициналық ұйымдардағы, мектеп-интернаттардағы, балалар үйлеріндегі, нәрестелер үйлеріндегі, санаторийлердегі, қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлеріндегі, жазғы сауықтыру мекемелеріндегі, демалыс үйлеріндегі ауру жағдайлары.
14. Дизентерия және басқа да жіті диареялық инфекциялардан жазылған реконвалесценттерді ауруханадан шығару толық клиникалық сауыққаннан кейін жүргізіледі.
Дизентерия және басқа жіті диареялық инфекциялардан жазылған реконвалесценттерді бір реттік бактериологиялық тексеру амбулаториялық жағдайда емханадан шыққанынан кейін күнтізбелік жеті күн ішінде, бірақ антибиотик терапиясын аяқтағаннан кейін 2 күннен соң жүргізіледі.
5. Жіті ішек инфекцияларымен ауырып жазылған адамдарды
диспансерлеуге
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар
15. Жіті дизентериядан
сауыққаннан кейін диспансерлік
бақылауға мыналар жатады:
1) қоғамдық тамақтану, азық-түлік саудасы, тамақ өнеркәсібі объектілерінің қызметкерлері;
2) балалар үйлерінің, нәрестелер үйлерінің, мектеп-интернаттардың балалары;
3) психикалық-неврологиялық диспансерлердің, балалар үйлерінің, нәрестелер үйлерінің, қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерінің қызметкерлері.
16. Диспансерлік
бақылау бір айдың ішінде жүргізіледі,
оның соңында бір реттік бактериологиялық
тексеру жүргізу міндетті.
17. Дәрігерге бару жиілігі клиникалық айғағы бойынша айқындалады.
18. Диспансерлік
бақылауды тұрғылықты жері бойынша
учаскелік дәрігер (немесе отбасы
дәрігері) немесе инфекциялық
аурулар кабинетінің дәрігері жүзеге асырады.
19. Ауру қайталанған
жағдайда немесе зертханалық
тексерудің қорытындысы оң болғанда,
ауырып жазылған адамның барлық
санаты қайта емдеуден өтеді. Емдеу аяқталғаннан
кейін осы адамдар үш ай бойы, ай сайын
зертханалық тексеруден өтеді. Бактерия тасымалдаушылықпен
ауыратын адамдар үш айдан астам жалғастырады,
дизентерияның созылмалы түрімен ауыратын
науқастар ретінде емделеді.
20. Декреттелген
контингенттің ішінен адамдарға
мамандығы бойынша жұмысқа рұқсат
етуді сауыққаны туралы анықтаманы
ұсынған сәттен бастап жұмыс беруші
жүргізеді. Сауыққаны туралы анықтаманы
клиникалық және бактериологиялық
тексеру нәтижелерімен расталып,
толық сауыққаннан кейін ғана емдеуші
дәрігер береді.
21. Дизентерияның
созылмалы түрімен ауыратын адамдар
бір жыл бойы диспансерлік
бақылауда тұрады. Бұл адамдарға
бактериологиялық тексеруді және дәрігерлік қарауды дәрігер-инфекционист
ай сайын жүргізеді.
6. Сальмонеллездің алдын алу бойынша
санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық)
іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
22. Халықтың мына санаты сальмонеллезге міндетті бактериологиялық тексерілуге жатады:
1) стационарға келіп түсетін екі жасқа дейінгі балалар;
2) стационарға емдеуге
жатқызылған науқас баланы күтетін
ересектер;
3) емдеуге жатқызылған кезде немесе емдеуге жатқызғанға дейін оның алдында үш апта бойына ішек функциясының бұзылуы болған босанатын әйелдер, босанған әйелдер;
4) диагнозына қарамастан,
стационарда болу кезінде ішек
функциясының бұзылуы пайда болған
барлық науқастар;
5) сальмонеллездің ошағында инфекцияның көзі болып есептелетін декреттелген контингенттің ішінен тексерілуі қажет адамдар.
23. Декреттелген
контингентке жататын адамдар
немесе екі жасқа дейінгі балалар
науқастанған жағдайда, сальмонеллез
ошақтарына міндетті түрде эпидемиологиялық
тексеру жүргізіледі.
24. Сальмонеллезбен
ауыратын науқастарды емге жатқызу
клиникалық және эпидемиологиялық
көрсеткіштері бойынша
жүргізіледі.
25. Реконвалесценттерді ауруханадан шығару клиникалық толық емделгеннен және нәжістің бір реттік теріс бактериологиялық зерттеуінен кейін жүргізіледі. Зерттеуді емдеу аяқталғаннан кейін үш күннен ерте жүргізбейді.
26. Диспансерлік
бақылауға ауырып жазылғаннан
кейін тек декреттелген контингент
қана алынады.
27. Сальмонеллезбен
ауырып жазылған адамдарды диспансерлік
бақылауды тұрғылықты жері бойынша
инфекциялық аурулар кабинетінің
дәрігері немесе учаскелік
(отбасылық) дәрігер жүзеге асырады.
Декреттелген контингенттің ішінен адамдарға мамандығы бойынша жұмысқа рұқсат етуді сауыққаны туралы анықтаманы ұсынған сәттен бастап жұмыс беруші жүргізеді.
28. Декреттелген
контингенттің ішінен реконвалесценттерге
мамандығы бойынша жұмысқа рұқсат
етуді сауыққаны туралы анықтаманы
ұсынған сәттен бастап жұмыс беруші
жүргізеді.
Емдеу аяқталғаннан кейін сальмонелла бөлуді жалғастыратын реконвалесценттерді, сондай-ақ декреттелген контингенттердің ішінен анықталған бактерия тасымалдаушыларды мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары негізгі жұмысынан күнтізбелік он бес күнге шеттетеді. Жұмыс беруші оларды эпидемиологиялық қауіп туғызбайтын басқа жұмысқа ауыстырады.
Осы кезеңде нәжісті үш рет тексеру жүргізіледі. Оң нәтиже қайталанған жағдайда, жұмыстан шеттетудің және тексерудің осы тәртібі тағы да он бес күн ішінде қайталанады.
Бактерия тасымалдаушылық үш айдан астам уақыт бойы анықталса, бұл адамдар сальмонелланың созылмалы бактерия тасымалдаушысы ретінде мамандығы бойынша жұмысынан кемінде он екі ай мерзімге шеттетіледі.
Осы мерзім аяқталған соң, нәжіс пен өтке арасы бір-екі күннен үш реттік тексеру жүргізіледі. Теріс нәтижелер алынған кезде бұл адамдар негізгі жұмысына жіберіледі. Бір рет оң нәтиже алынған кезде бұл адамдар созылмалы бактерия тасымалдаушысы ретінде қарастырылады, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары оларды эпидемиологиялық қауіп туғызуы мүмкін жұмыстарынан шеттетеді.
29. Емдеу аяқталған соң сальмонелла бөлуді жалғастыратын балаларды емдеуші дәрігер он бес күн бойына мектепке дейінгі тәрбиелеу ұйымына барудан шеттетіледі, осы кезеңде нәжіске арасы бір-екі күн аралығымен үш реттік тексеру жүргізіледі. Оң нәтиже қайталанған жағдайда, шеттетудің және тексерудің осы тәртібі тағы да он бес күн ішінде қайталанады.
7. Іш сүзегі мен қылаудың алдын алу бойынша
санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық)
іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын