Реферат, 06 Ноября 2014, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды белгілейді.
1) ағымдық дезинфекция
науқасты анықтаған сәттен бастап ауруханаға
жатқанға дейінгі кезеңде, реконвалесценттерде
ауруханадан шыққаннан кейін үш ай бойына
жүргізіледі;
2) ағымдық дезинфекцияны
емдеуді денсаулық сақтау ұйымының
қызметкері ұйымдастырады, ал оны
науқасты күтуші адам, реконвалесценттің өзі немесе бактерия
тасымалдаушы жүргізеді;
3) қорытынды дезинфекцияны
дезинфекция станциялары немесе
санитариялық-эпидемиологиялық қызмет
органдарының (ұйымдарының) дезинфекциялау
станциялары немесе бөлімдері (бөлімшелері), ауылдық
жерлерде – ауылдық дәрігерлік ауруханалар,
амбулаториялар жүргізеді;
4) қорытынды дезинфекцияны
қалалық елді мекендерде науқасты
емге жатқызғаннан кейін алты
сағаттан, ал ауылдық жерде –
он екі сағаттан асырмай жүргізеді;
5) денсаулық сақтау
ұйымында іш сүзегімен немесе
қылаумен ауыратын науқас анықталған
жағдайда, науқас болған үй-жайларда
оны оқшаулағаннан кейін аталған
ұйым қызметкерлерінің күшімен қорытынды
дезинфекциялау жүргізіледі.
8. Іш сүзегімен
және қылаумен
ауыратын науқастарды
диагностикалауға,
емдеуге жатқызуға қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар
38. Іш сүзегімен
және қылаумен ауыратын
науқастарды, бактерия тасымалдаушыларды
уақтылы анықтауды, оқшаулауды және емдеуді меншік нысанына
қарамастан, барлық денсаулық сақтау ұйымдарының
медицина қызметкерлері клиникалық және зертханалық деректердің
негізінде жүзеге асырады.
39. Ауруды диагностикалағанда
ең бастысы гемокультураның бөлінуі болып табылады.
Гемокультураны бөлу үшін қан алу аурудың
барлық кезеңінде жүргізіледі. Қанның
бірінші егілуі антибактериялық терапия
басталғанға дейін жүргізіледі. Ауруды
диагностикалау үшін нәжіс өсірінділерін, зәр өсірінділерін, өтті зерттеу, серологиялық
диагностика жүргізіледі (Видаль әсері, тіке гемагглютинация әсері).
40. Диагнозы қойылмаған,
үш және одан да көп күн бойы қызбасы
бар науқастар іш сүзегіне тексеріледі.
41. Іш сүзегімен
және қылаудың А мен В
түрімен ауыратын барлық науқастар жұқпалы
аурулар стационарына емдеуге жатқызылады.
42. Науқастарды ауруханадан
шығару нәжісі мен зәрін үш рет бактериялогиялық
зерттегеннен кейін дене қызуы толық жиырма
бір күн қалыпты болғанда жүзеге асырылады.
Нәжісі мен зәрін бактериялогиялық
зерттеу антибиотикті тоқтатқаннан кейін
бес күннен кейін және содан соң бес күн
аралықпен жүргізіледі. Одан басқа, ауруханадан
шығардан жеті-он күн бұрын дуоденальды
құрамды себу жүргізіледі.
9. Іш сүзегімен
және қылаумен
ауырып жазылған
адамдарды
диспансерлік бақылауға қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар
43. Іш сүзегімен
және қылаумен ауырып
жазылған барлық науқастар стационардан
шыққан соң, екі аптада бір рет дене қызуы өлшеніп, медициналық
бақылауға алынады. Стационардан шыққаннан
соң он күннен кейін, реконваленценттерді
бактериологиялық бактерия тасымалдаушылыққа
тексеру басталады, ол үшін кемінде екі
күн сайын нәжіс пен зәр бес рет зерттеледі.
Үш ай бойы ай сайын бір рет зәр мен нәжісін бактериялогиялық
зерттеу жүргізіледі.
Ауруханадан шыққаннан
кейінгі үш ай ішіндегі бактериялық тексерудің
нәтижесі оң болған жағдайда,
қаралушы жіті тасымалдаушы болып есептеледі.
Бақылаудың төртiншi айында бактериялогиялық
зерттеу өт және тіке гемагглютинация әсеріне цистеинмен
қан сарысуы зерттеледі. Барлық зерттеулердің
қорытындысы теріс болған жағдайда, ауырып
жазылған адам диспансерлік бақылаудан
алынады.
Серологиялық зерттеудің
нәтижесі оң болған кезде
нәжіс пен зәрге бес рет бактериялогиялық
зерттеу жүргізіледі. Тексерудің нәтижесі теріс болған
жағдайда бір жыл бойы бақылауға қалдырады.
Стационардан шыкқан
соң бір жылдан кейін бір рет бактериялогиялық
тексеруге нәжіс пен зәр алынады және тіке гемагглютинация әсеріне цистеинмен
қан сарысуы тексеріледі. Тексерудің нәтижесі теріс болса,
ауырған адамды диспансерлік бақылаудан
шығарады.
44. Декреттелген
контингентке жататын, іш сүзегімен
және қылаумен ауырып
жазылған адамдар стационардан шыққан
соң, оларды мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық
қадағалау органдары эпидемиялық қауіп
төндіруі мүмкін жұмыстан
бір ай бойы шеттетеді. Осы уақыт аралығында
бес рет бактериялогиялық зерттеу (нәжіс пен зәрді зерттеу) жүргізіледі.
Зерттеудің нәтижелері теріс болған
кезде олар жұмысқа жіберіледі және келесі екі ай ішінде
ай сайын өті және цистеинмен тіке
гемагглютинация әсеріне қанның сарысуы
зерттеледі. Одан әрі екі жыл бойы тоқсан
сайын, ал кейіннен барлық жұмыс істеу
мерзімінде жылына екі рет тексеріледі
(нәжісі мен зәрін зерттеу).
Нәтижесі оң болған жағдайда
(сауыққаннан кейін бір айдан соң) олар
тамақ пен суға байланысы жоқ жұмысқа
ауыстырылады. Үш ай өткеннен соң бес рет
нәжісі мен зәріне және бір рет өтіне бактериялогиялық
зерттеу жүргізіледі. Нәтижесі теріс болғанда
жұмысқа жіберіледі және алдындағы топтар
сияқты тексеруден өткізіледі.
Нәтижесі оң болса, цистеинмен
тіке гемагглютинация әсеріне қосымша нәжіс пен зәрге бес рет және нәтижесі теріс болған
кезде өтке бір рет зерттеу
жүргізіледі. Нәтижесі теріс болғанда
олар жұмысқа жіберіледі. Егер мұндай
адамдарда сауыққаннан кейін үш ай бойына
жүргізілген барлық тексеруден бір рет
іш сүзегінің немесе қылаудың қоздырғышы
бөлінсе, онда олар созылмалы
бактерия тасымалдаушы болып есептелінеді
және оларды мемлекеттік
санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау
органдары эпидемиологиялық қауіп төндіретін жұмыстан
шеттетеді.
45. Іш сүзегі мен
қылаудың бактерия тасымалдаушылары
мынадай санаттарға бөлінеді:
1) транзиттік бактерия
тасымалдаушылар – іш сүзегімен
және қылаумен ауырмаған,
бірақ іш сүзегінің немесе қылаудың қоздырғыштарын
бөлетін адамдар;
2) жіті бактерия
тасымалдаушылар – ауруханадан
шыққан соң үш ай бойы бактерия
тасымалдаушылық байқалатын іш
сүзегімен және қылаумен ауырып
жазылған адамдар;
3) созылмалы бактерия
тасымалдаушылар – ауруханадан
шыққан соң үш ай немесе
одан да көп ай бойы бактерия
тасымалдаушылық байқалатын іш сүзегімен
және қылаумен ауырып
жазылған адамдар.
46. Іш сүзегі мен
қылаудың бактерияларын тасымалдаушылар
арасында мынадай іс-шаралар жүргізіледі:
1) транзиторлық бактерия
тасымалдаушыларында үш ай бойы
бес рет нәжісі мен зәрін бактериялогиялық
зерттеу қажет. Қорытындысы теріс болған
кезде өті бір рет зерттеледі.
Бақылаудың соңында бір рет цистеинмен
тіке гемагглютинация әсеріне қанның сарысуы
зерттеледі. Барлық зерттеудің қорытындысы
теріс болса, бақылаудың үшінші айының
соңында олар есептен шығарылады. Бактериологиялық
және серологиялық зерттеулердің
нәтижесі оң болса, олар
жіті бактерия тасымалдаушы болып саналады;
2) ауруы анықталғаннан
кейін екі ай бойы жіті бактерия
тасымалдаушыларға дене қызуын өлшеп тұратын медициналық
бақылау және үш ай бойы нәжісі мен зәрін бактериялогиялық
тексеру жүргізіледі. Үшінші айдың соңында
нәжісі мен зәрін бактериологиялық
зерттеу – бес рет, өтіне – бір рет және цистеинмен тіке
гемагглютинация әсеріне қанның сарысуын
серологиялық зерттеу жүргізіледі. Бактериологиялық
және серологиялық зерттеудің
нәтижесі теріс болған
кезде, қаралушы диспансерлік есептен
шығарылады. Серологиялық зерттеудің
нәтижесі оң және нәжіс пен зәрді зерттеудің нәтижесі теріс болғанда
бір жылға бақылауға алу жалғастырылады.
Бір жылдан кейін нәжіс пен зәрді цистеинмен бір
рет, бактериялогиялық бір рет зерттеу
қажет. Серологиялық зерттеудің нәтижесі оң болған кезде
нәжіс пен зәрді бес рет, өтті бір рет зерттейді.
Зерттеудің нәтижесі теріс болғанда
қаралушы диспансерлік бақылаудан шығарылады.
Нәтижесі оң болғанда
қаралушы адамдар созылмалы бактерия
тасымалдаушы ретінде есептелінеді;
3) іш сүзегінің
таяқшаларын созылмалы тасымалдаушылар
аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық
қадағалау органында есепке тұрады,
олардың өмір бойы тексерілу
тәртібін эпидемиолог
белгілейді. Созылмалы бактерия тасымалдаушылар
дезинфекциялық ерітінділерді дайындау,
ағымдық дезинфекциялау, дұрыс тазалық
сақтау қағидаларына оқытылды;
4) декреттелген контингенттерден
шыққан бактерия тасымалдаушылар
аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық
қадағалау органында тұрақты
есепке алынады. Бірінші бақылау
айында оларды эпидемиологиялық
қауіп тудыруы мүмкін жұмыстан
шеттетеді. Егер бір айдан соң
қоздырғыштың бөлінуі жалғаса берсе,
оларды тағы екі айға жұмыстан шеттетеді.
Үш айдан кейін бактериялогиялық тексерудің
қорытындысы теріс болса, онда олар негізгі
жұмыс орнына жіберіледі. Бактериологиялық
тексерудің нәтижесі оң болса, олар
созылмалы тасымалдаушылар ретінде саналып,
эпидемиологиялық қауіп тудыруы ықтималдығынан
жұмыстан шеттетіледі.
47. Декреттелген
контингенттің ішінде отбасы
мүшелерінің біреуінен созылмалы
бактерия тасымалдаушылық анықталған
жағдайда, жұмыстан шеттетілмейді
және арнайы бақылауға
жатпайды.
10. Туберкулезбен
ауыратын науқасты анықтауға
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар
48. Туберкулезбен
ауыратын науқастарды анықтауды
барлық мамандықтағы медицина
қызметкерлері мынадай жағдайда
жүзеге асырады:
1) амбулаториялық-емханалық
және стационарлық ұйымдарда
медициналық көмекке жүгіну;
2) стационарлық және мамандандырылған
медициналық көмек көрсету;
3) міндетті және профилактикалық
медициналық тексеру жүргізу;
4) туберкулезге қарсы
иммундау жүргізу.
49. Медициналық ұйымға
туберкулез ауруы мүмкіндігін
көрсететін белгілері
бар пациенттер келіп қаралған кезде міндетті
рентгенологиялық және бактериологиялық
зерттей отырып (қақырық жағындысын және басқа да патологиялық
материалды микроскопиямен қарау), толық
клиникалық және құрал-саймандық
тексеру жүргізеді.
50. Тексеру кезінде
туберкулез ауруы мүмкіндігін
көрсететін белгілерді
анықтаған кезде пациентті үш күннің ішінде
тұрғылықты жері бойынша туберкулезге
қарсы диспансерге (бөлімше, кабинет) жібереді.
51. Науқасты уақтылы
және толық тексеру жүргізуді
бақылауды медициналық ұйымның жіберген
маманы және туберкулезге қарсы
ұйымның (бұдан әрі – ТҚҰ) маманы жүзеге
асырады.
52. Тұрғылықты жері
анықталмаған адамдар туберкулез
ауруына күдікті болған жағдайда,
тексеруді аяқтау үшін және «туберкулез» диагнозы
расталған кезде туберкулезге қарсы стационарға
емдеу үшін жатқызылады.
53. ТҚҰ науқасты
жіберген маманға жүргізілген
тексеру нәтижелері туралы хабардар
етеді.
54. Туберкулезбен
ауыратын науқастарды жұмысқа
және оқуға жіберуге рұқсат
беру туралы медициналық қорытындыны
ТҚҰ-ның орталық дәрігерлік-консультациялық
комиссиясы (бұдан әрі – ОДКК) береді.
55. Мынадай жағдайларда:
1) «айықтырылды» немесе
«емдеу аяқталды» деген нәтижесі бар І, ІІ және ІІІ санаттағы режимдерде
емдеу курсын ойдағыдай аяқтаған;
2) қарқынды кезеңді
ойдағыдай аяқтағаннан кейін (емдеудің
басында) (ОДКК шешімімен) бактерия бөлмейтін шектеулі үдерістері
болатын туберкулезбен ауыратын науқастар
оқуға және жұмысқа жіберіледі.
56. Туберкулездің
жұқпалы түрімен ауыратын науқас емделуден
бас тартқан немесе жалтарған жағдайда
денсаулық сақтау органдары (ұйымдары),
сондай-ақ, ТҚҰ бөлімше дәрігері оған мамандандырылған
ТҚҰ-да мәжбүрлеп емдеуді тағайындау
мәселесін шешу үшін ОДКК-ге
шағымдана алады.
57. Денсаулық сақтау
органдары (ұйымдары) ОДКК-ның қорытындысы
бойынша, оның ішінде ТҚҰ бас
дәрігері сотқа мәжбүрлеп емдеуді белгілеу
туралы ұсынымға қол қояды.
58. Ересек тұрғындарда
туберкулезді ерте анықтау мақсатында
профилактикалық медициналық тексеруге
Қазақстан Республикасының азаматтары,
оралмандар және Қазақстан Республикасының
аумағындағы басқа да адамдар жатады.
59. Халықты профилактикалық
медициналық тексеру тұрғылықты
жері, қызметі, оқуы немесе тергеу-изоляторларында
және түзету мекемелерінде
ұстау орны бойынша медициналық ұйымдарда
көпшілік, топтық (эпидемиологиялық
көрсеткіштер бойынша)
және жеке тәртіппен жүргізіледі.
60. Тұрғындарды жеке
есепке алу деректері бойынша профилактикалық
медициналық тексеріп-қарауларды жоспарлауды,
ұйымдастыруды және есепке алуды медициналық
ұйымдардың басшылары қамтамасыз етеді.
61. «Туберкулез»
диагнозын ТҚҰ ОДКК растайды
және емдеуге жатқызу,
бақылау және емдеу қажеттілігі
туралы шешімді қабылдайды.
62. Балалардағы туберкулезді
ерте анықтау мақсатында туберкулинмен
тері ішіне аллергиялық сынаманы
(бұдан әрі – Манту сынамасы)
қабылдайды. 12 айлықтан бастап 14 жасқа
жеткен туберкулезге қарсы вакцинацияланған
балаларға туберкулиндиагностика жүргізіледі.
Манту сынамасын бұрынғы сынамалардың
нәтижесіне қарамастан
жылына 1 рет салады.
63. Перзентханада
туберкулезге қарсы вакцинациялау
жүргізілмеген балалар бастапқы
медициналық-санитариялық көмек (бұдан әрі – БМСК) ұйымдарында
вакцинацияланады, бұл ретте екі айға
дейін вакцинация алдын ала туберкулиндиагностикасыз
жүргізіледі, ал екі айдан кейін Мантуға
теріс сынама кезінде жүргізіледі.
64. Манту сынамасын
қоюға егулер жүргізуге рұқсаты
бар балалар, жасөспірімдер, амбулаториялық-емханалық
және сауықтыру ұйымдарының
медицина қызметкерлері жүзеге асырады.
65. Инфекциялық аурулар
бойынша карантин кезінде балалар
мен жасөспірімдер ұжымдарында
Манту сынамасын жүргізуге жол берілмейді.
Манту сынамасын қоюды кез келген профилактикалық
егулерге дейін жүргізу орынды.
66. Профилактикалық
егу мен Манту сынамасының
арасындағы аралық кемінде бір
айды құрайды. Туберкулин сынамаларын
қойған күні балаларды медициналық
тексеруден өткізеді. Манту сынамасын
қою алдында екі айлық аралықты сақтау
мақсатында анатоксин дифтериялық-сіреспе
(бұдан әрі –АДС) және қызамық-қызылша-паротит
(бұдан әрі – ҚҚП) вакцинацияларымен
ревакцинациялау оқу жылы басталғанға
дейін екі ай бұрын жүргізіледі.
67. Манту сынамасының
нәтижесін миллиметрмен
бөлінген сызғышпен инфильтрат
(папула) көлемін өлшеу арқылы жетпіс
екі сағаттан кейін миллиметрмен (бұдан әрі - мм) бағалайды және инфильтрат көлемі білек осіне қатысы
бойынша көлденең есеппен тіркейді.
Инфильтрат болмаған кезде гиперемия өлшенеді және тіркеледі.