Ахмет Байтұрсынұлының публицистикасының өзектілігі, ғылым мен білім

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2014 в 16:09, курсовая работа

Краткое описание

Диплом жұмысының өзектілігі. Дипломдық жұмыста қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы, елінің маңдайына біткен санаулы жұлдыздарының бірі Ахмет Байтұрсынұлының алғашқы публицистік қызметі мен редакторлығы қазақ баспасөзінің қарлығаштарының бірі «Қазақ» газетінің және т.б. басылымдармен байланысы жан-жақты талқыланады. Ұстанған шығармашылық мұрасын жүйелі түрде зерттеп, ғылыми айналымға енгізуге басты назар аударылды. Ұлт руханиятын танытуда және ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамының басынан өткерген тарихи әрі саяси оқиғаларды анықтауда, елінің азаттығы үшін еткен қайраткерлігі мен әдеби мұрасын зерделеудің маңызы зор.
Бұл бітіру жұмысына тақырып етіп алынған «Ахмет Байтұрсынұлының публицистикасы мен редакторлығы» бүгінгі таңда зерттеушілер тарапынан замана талабына сай жаңаша қырынан әлі де болса зерделенер, толық тұжырымдар мен әділ бағасын аларлық құнды тақырып.

Содержание

КІРІСПЕ.............................................................................................................. 3 - 4
1 АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – РЕДАКТОР
1.1 Ахмет Байтұрсынұлының алғашқы ізденістері публицистикалық еңбектері..............................................................................................................5 - 12
1.2 Ахмет Байтұрсынұлының «қазақ» газетіндегі публицистикасы...............................................................................................13 - 18
2 АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – ПУБЛИЦИСТ
2.1 Ахмет Байтұрсынұлының публицистикасының өзектілігі, ғылым мен білім...................................................................................................................18 - 29
2.2 Ахмет Байтұрсынұлыны еңбектерінің ғылыми маңызы..............................................................................................................30 - 41
2.3 Ахмет Байтұрсынұлыны публицистикасының қоғаммен байланысы.........................................................................................................45 - 54
2.4 Ахмет Байтұрсынұлы жайлы айшықты ойлар.......................................55 - 57
3. ЖОБА.............................................................................................................57-64
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................65-68
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................69-70

Вложенные файлы: 1 файл

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ АЛТЫНБЕК.doc

— 686.00 Кб (Скачать файл)

Жеңіс Ысқақтың орындауындағы «Жусан иісі» әнімен, қоғамдық - танымдық, сазды- көңілашар бағдарламамыздың шымылдығын аштық.

Сіздерге тікелей  әуе толқынында қызмет ететін шығармашылық топ:

Хабарларды  әнмен әрлеп, күймен көмкеретін:

Саунд оператор:    Ербол Есенбаев

Дыбыс оператор:   Өмірхан Селбаев

Студияда  бағдарламаны  жүргізетін Алтынбек РАХЫМБЕРДІ

Музыка  көтеріледі.

Бір жарым сағат барысында өтетін хабарларға қысқаша аңдатпа жасап өтейін. Нақыл сөздер мен мақал – мәтелдердің шығуы, даналық ойлардың пайдасы жайлы қызықты мәліметтер беріледі. Бұл туралы бағдарламамыздың «Есіңізде жүрсін» бөлімінде. «Тағылым тамшылары» Қызықты хикаялар мен ой салар оқиғалар әңгіме өзегі болмақ. «Бабалар салған сара жол» айдарынан кейін, «поэзия әлемінде», белгілі ақын А. Байтұрсынұлының жүрекжарды жырларын беретін боламыз. Және де бағдарлама барысында, хабарлардың өн бойын әсем әнмен әрлеп отырмақпыз. Бағдарламамыздың соңғы бөлімінде Әр түрлі тыңдармандардың қатысуымен тікелей толқында өтетін «кім тапқыр» ойынын ойнамақпыз. Ол жерде тарихи тұлғалар жайлы болмақ. естеріңізге сала кетейін бүгінгі тұлғамыз Ахмет Байтұрсынұлы жайлы. Оқыған білгендеріңізді бір ойға түйіп дайындала берсеңіздер құба –құп дейміз. Дәл осы тұста Қалқаман Сариннің өлеңіне жазылған, Арман Бексұлтанның «Күзгі бақ» әніне кезек береміз. Орындайтын Мұзарт тобы.

Ән: «Күзгі бақ».

СНХ: «Есіңізде жүрсін»

Ролик.

СНХ: «Тағылым тамшылары»

 Ән: «Рух пен тіл».

СНХ:«Бабалар салған сара жол» «Шамшырақ» қоғамдық – танымдық   әдеби - сазды бағдарламасын әсем әуеннен кейін қайта жалғастырамыз.

Ән. «Ана тілім».

Әсем әннің  сазына бөленген болсаңыздар, енді осындай  тамаша әнге сөз жазған ақын ағаларымыздың  тағы бір қырын ашып көрелік. Ол үшін ақын-жазушылар мен өнер адамдарының арасындағы қазақы әзіл-қалжыңдарды паш ететін айдарымызға кезек берелік.

СНХ: «Әр әзілде бір шындық»

Ән:

Иә, құрметті радиотыңдаушылар, қазақ  радиосында Шамшырақ бағдарламасының  «кім тапқыр» ойыны басталды. Студияда Алтынбек Талғатұлы. Менің қарсы  алдымда саунд оператор Бақытжан Төлеуғазыұлы отыр. Ал сіздердің телефондарыңызды қабылдайтын дыбыс операторымыз Ғалым Әлкенұлы.

Ән. «Жас ғасыр, жаңа замана».

Сіздер, Сәуле Жанпейісованың орындауындағы «Жас ғасыр, жаңа замана»  деген әнді тыңдадыңыздар. Әрине  жас ғасыр, жаңа замананы әркім өзінше жырлайды. Сіздер де бұл тақырыпқа келгенде небір тың ойларды тауып айтады деген сенімдеміз. Бүгінгі тақырып Ахмет Байтұрсынұлы жайлы болмақ, мен сіздерге А. Байтұрсынұлының  өлеңдерінен, аударған мысалдарынан бір шумағын оқимын сіздер тақырыбын және не жайында айтылғанына қысқа нұсқа түрде ұтымды оймен жеткізе білсеңіздер туған туыстарыңызға сәлем жолдау мәртебесіне ие бола аласыздар. Көп созбай сұрағымды қойсам:

«Сыртыңнан сайрағыш деп жұрт мақтайды,

Тыңдайын, достым, біраз сайра, - деді.

-Кім білсін мұнан  былай көрерімді,

Сайра деп тағы саған  келерімді.

Мен тұрмын өзім естіп  сынамаққа,

Мақтаудай бар ма екен деп өнеріңді».    «Есек пен Бұлбұл»

Ал кеттік кім жүйрік екенін көрелік. Сіздер ойланып алғанша  әсем әнге кезек берсек.

Олай болса, сөз тізгіні, 397-63-84 нөміріне хабарласып тұрған келесі ойыншымызда. Құрметті радиотыңдаушылар, бүгінгі ойынның барысында сіздерге ұсынатын тағы бір, төрт-жол өлеңіміз қалды. Оқып өтейін бұл өлеңнің шығуы қандай екен

Бара алмай, өтірікші болып әбден,

Семейдің түрмесінде отыр балаң.

Мал ұрлап, кісі өлтірген айыбы жоқ,

Өкімет, өр зорлыққа не бар шараң!                                                    «Анаға хат»

Сіздердің жауаптарыңызды күтеміз асығыңыздар жеңістің туын желбірететін тыңдармандарымыз көп үлгермей сан соғып қалмаңыздар. Әп бәрекелді келесі тыңдарманымыздың жауабын естіп көрелік. Сәлеметсізбе сізді тыңдап отырмыз.

 «Шамшырақ» қоғамдық - танымдық, әдеби -сазды бағдарламасының бүгінгі шығарылымын осымен аяқтаймыз.

Бағдарламаның бір жарым сағат бойы тікелей эфирде өтуіне атсалысқан шығармашылық топ, Хабарларды әнмен әрлеп, күймен көмкерген

Саунд операторлар: Нұрмат Талғатұлы мен Бақытжан Төлеуғазыұлы және Әйгерім Әлібекқызы.   

Студияда бағдарламаны жүргізген Алтынбек РАХЫМБЕРДІ

 Ал қазір сөз тізгінін кезекті бағдарлама тілшілеріне  береміз.

Қазақ радиосымен құлақтарыңыздың құрышы қанып, шаңырақтарыңызда шаттықтың әні шырқалсын ағайын!!!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

Ахмет Байтұрсынұлының  шығармашылық сапарының алғашқы кезеңiнде жазылған шығармаларын әр қырынан алып, әңгiмелерiнiң сыр-сипатын, қоғамдық мәнiн, көркемдiк ерекшелiгi мен тарихи құндылығын талдауға тырыстық. Жазушының қазақ әдебиетiндегi алар орны, жазушылық, азаматтық биiктерге жеткізбек. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ зиялыларының ұлттық, тәуелсiз мемлекет құру жолындағы iстерiне атсалысып, кейiннен ұлт амандығын сақтау мақсатында кеңес өкiметi жағына шығуы жаңаша көзқарас тұрғысынан талданды.

Адамзат баласының  жер бетiнде тiршiлiк етуiне табиғат-ананың күн, ауа, су сынды күштерінің  қаншалықты маңызы болса, қазақ азаматының рухани баюы, өсуi, өмiрдiң шынайы рахатын танып, қуат алуы үшiн Ахмет Байтұрсынұлы қаламынан туындаған мұралары соншалықты маңызды болмақ.

Жазушының қаламгерлiк  құдiретiнiң бастау алған шағы жер жаһанда үлкен төңкерiс орнаған аласапыранды күндермен тұспа-тұс. Елдегi атқамiнер азаматтар Алаш атын ұрандап, ұлттық сана-сезiмдi қалыптастыру, ағарту, қайта түлету, ақиқат жолын iздеудi мақсат тұтып, дербес мемлекет құруға ұмтылуы замана тудырған заңдылық едi. Бұл алпауыт өзгерiстiң Ахмет Байтұрсынұлы саяси өсуiне, ысылып-жетiлуiне әсерiн тигiзгенi хақ. Алаш атын ардақтаған ел ұлдарымен ой түйiстiрiп, пiкiр алмастырып, қадамын қатар алды, «ел болам десең, бесiгiңдi түзе» деген өзiндiк қағидасын бетке ұстады.

Ахмет Байтұрсынұлы әдебиет бәйгесiне қатар түскен құрбыларынан оқ бойы алда жүруiнiң өзi кездейсоқ құбылыс емес. Болашақ ғалым мәдениет көкжиегiне қара күшпен емес, сындарлы бiлiм, биiк парасат арқылы жету мүмкiндiгiн ұғынды, елiн құлдырауға жеткiзер кесапат күштерге қарсы тұра, кеудесiн тосты. Ахмет Байтұрсынұлы өнер жолындағы беташар еңбегi ұлылыққа жеткiзер алғашқы қадамы болды. Жас жiгiт қазақтың жұпыны жұта” күйi, қиындықтан бас көтермеген дала тiрлiгiн публицистикасында  да аса бiлiктiлiкпен көрсете бiлдi. Оның алғашқы көсемсөздерiнiң өзiнде толысып кемелденген, бiлiмi жетiк азаматтың пiкiрi бар. Мұнымен ой-өрiсiнiң кеңдiгiн, бiлiмiнiң молын, мәдениеттiлiгi мен парасаттылығын аңғартты.

Ұлттық дербес мемлекет құрудағы мақсат орындалмаған тұста қазақ зиялыларымен бiрге Ахмет Байтұрсынұлы әр таңның жұртының кейiнгi өмiрiнде айрықша маңызы барын, бүгiнгi қарекетсiз тiрлiктiң кейiн өкiне өксiк жұтуға әкелетiнiн бажайлап, билiк басына келген Кеңес өкiметiнiң құрамына амалсыз ендi. Бұл тұста қырдағы қазақтың оқығанға иек артып, сене қарауы, арыз-шағымын, шерiн жеткiзiп, көңiлiне жұбаныш iздеуi заңды құбылыс едi. Жазушы осы шығармалары арқылы ел сенген оқығанның бәрi халық үшiн жанқиярлық жасап жүр мең деген сауалға жауап iздегендей. Әңгiмелерiнде таяз ойлап, шолақ шешiм қабылдап, қолынан келмейтiн iсiне кеудесiн соға ұмтылушы әумесерлердiң iсiн мiнеу бар. Ахмет Байтұрсынұлы – әлемдiк тұлға. Оның қаламынан туған әр туындысында бүткiл халықтың тұрмыс-тiршiлiгi, рухани-адамгершiлiк сипаттары қордаланған. Жазушы шығармашылық жолын публицистикадан бастап, баспасөз арқылы қоғамның келелi кемшiн тұстарын сынады, даму жолында артта қалған халқының рухын көтерiп, ғылым жолына түсуге үндедi, қазақтың да шығар биiгi, алар тауы барын айтып, санасын оятып, көкiрегiне үмiт отын жақты.

Ахмет  Байтұрсынұлы публицистикасының қоғамдық-саяси маңызы ерекше, идеялық-тақырыптық жағынан бай. Кейiнгi жылдарға дейiн оның көсемсөздерiне дұрыс баға берiлмей келдi, тiптi олар жазушы шығармаларының жинақтарына да енбеген. ХХ ғасырдың 17-жылына дейiн ұлттық-демократтық бағытта дамыған әдебиет төңкерiстен кейiнгi жаңа құрылыстың әсерiмен өзге бағытта дамыды. Кеңес дәуiрi тұсында қазақ әдебиетi өмiр сүргенмен, оның дамуына баса мән берiлмей, әдебиеттiң тарихына арналған еңбектер солғын тартып, ұлттық сипаты жеткiлiктi ашылмай, ол көпұлтты кеңес әдебиетiнiң бiр бұтағы есебiнде ғана қаралды, дарынды ақын-жазушыларымыздың бiрқатарының есiмдерi де аталмады. Дегенмен, кеңес дәуiрi тұсында туған жарамды әдебиет те басымдық танытады, тiптi, қазақтың әлемге танылған әдебиетi де сол жылдардың жемiсi екенi рас. Бұл кезеңде содырлы сынның түйреуiне түскенмен, М.Әуезов ағынға қарсы жүре, елiнiң рухани байлығы, тiршiлiк-тұрмысы айрықша суреттелген ұлы романды дүниеге әкелдi.

Ахмет Байтұрсынұлы  қазақ атты ел барын әлемге танытып, талай «Тар жол, тайғақ кешуден» өтсе де, халқының бақыты жолында iзгiлiктi iске барды. Көрiктi ойын қағаз бетiне өзiндiк сиқыр өрнегiмен түсiрiп, көркем шығарманың сәнiн де, құнын да келтiре бiлген Ахмет Байтұрсынұлы әдебиет пен мәдениетке қосқан өлшеусiз үлесi қай замандарда да биiк тұғырдан орын алып, ұрпағының асыл да сарқылмас қазынасы болып қала бермек.

Ыстық қайрат, нұрлы  ақыл, жылы жүрегiн халқын сүюге, оның барлық ұлттық құндылықтарына аялай  қарауға бағыттап, бар ғұмырында елдiң тамырын тереңге жайып, дертке айналған кертартпа мiнезiне тоқтау салып, олқылығына тосқауыл қоюмен, даналығына сүйсiне қарап, сұлулығына табына бас июмен болды. Қазақтың күнделiктi күйкi тiрлiгiн, ақ түйенiң қарны жарылған ұлан асыр той үстiн, қара жамылған қайғысын, тұнжыраған табиғат келбетiн сұлу сөзбен кестелей жазып, сөз өнерiнiң қасиетi мен халқының жан сұлулығын көрсете алды. Ахмет Байтұрсынұлы өзгеге елiктемей, өзiндiк соқпақ салып, сан мыңдаған iлiмдерден нәр алған бiлiмдарлығы, өнердегi бiлiктiлiгi арқасында өзiне мәңгiлiк ескерткiш орнатқан дара тұлға. А.Байтұрсынұлы шығармашылығы, суреткерлiк сыры, азаматтық келбетi турасында бүгiнге дейiн жазылып, жарияланғанымен, айтылмаған сөз, ашылмаған ақиқат жоқ емес. Бұкiл адамзаттық рухани мұраға айналған Ахмет Байтұрсынұлы шығармалары жайлы түбегейлi зерттеулер жұргiзiлдi десек те, өлмес туындының құдiретiне қаныққан келер ұрпағының да тың теңеулер айтып, игi дәстүрдi жалғастыруы заңды құбылыс. А.Байтұрсынұлы  көкiрек көзi ашылып, үлкен өмiрге қадам басып, ұлағат мектебiн өткерген. Бұл кезең – талай ұлы идеялардың дәндерi егiлiп, пiсiп-жетiле бастаған тұсы. Бұл – бүгiнгi күннен болашақтың белгiсiн тани алып, биiктерге қанат қомдап, белестерден қарышты қадаммен өтуге талпынған кезең. Қазақтың ұлттық әдебиеті қазақ елінің ұлт – азаттық жолындағы күресін, ұлт оянушылық идеясын жырлап, тарих  бедерінде, әдебиеттану ғылымында ұлтжанды алашордашылардың ерлік әрекеттері мен жырларын қалдырды. Халық өмірінің шындығын жырлаған ХХ ғасыр басындағы қазақ поэзиясы ағартушылық, демократиялық бағыттағы жырларды саяси идеямен сабақтастыра толықтырды. Ұлт намысын таптаған отаршылдықтың зорлық  – зомбылығын  әшкереледі, аяусыз айыптады. ХХ ғасыр басында орасан қоғамдық міндет жүктеген қазақ әдебиеті қараңғылыққа тұмшаланған қазақ елін өнер мен білімге үндеді.

Ұлт болашағы мен  халық мүддесі жолындағы   қазақ  қоғамының тағдырын айқындар саяси  күресті Ахмет Байтұрсынов, Міржақып  Дулатов, Сұлтанмахмұт  Торайғыров, Сәбит  Дөнентаев  сынды ұлт  жанды арыстардың бастауы қазақ әдебиетінің тағы бір қоғамдық парызын айқындай түседі. Қазақ қоғамының еңсесін көтертпеген отарлау саясатының  езгісін әшкерелеп, туған халқының жан айқайын жеткізген тағы да осы арыстар еді  Ахмет «маса» боп ызыңдап, халқын оятуға қапысыз қызмет қылса, бұл ұранды Міржақып «оян, қазақ» - деп жалғастыра халқына жігерлі сөзін жолдады. Бұл жарқын идея ХХ ғасыр басындағы әдебиет қайраткерлеріне маңдай түзер темірқазық болды. Ел тәуелсіздігі, әлеуметтік теңдік, алаш елінің азаттығы тақырыбында қалам тербеген ұлтжанды ақындар Ахмет пен Міржақып көтерген алаш туының астында бас қосты. “Отаршылдыққа қарсы күрес, елдің тәуелсіз даму жолына түсуі, алдыңғы қатарлы елдерге теңелу, оқу-білім үйрену, халық тұрмысының ауыртпашылықтарын ашына сөз ету бүкіл дәуір әдебиетінің ерекшеліктеріне айналды”.  

А.Байтұрсынұлы – шығармашылық мүддесі айқын, болмысы терең, ұлтжандылық өрісі кең жазушы. Әр алуан тақырыптық лирикалар ішінде ақынның жүрегінен орын алған саяси лирика, яғни азатшылдық күрес тақырыбы. ХХ ғасыр басындағы қазақ сөз өнеріндегі ұлттың ұлы рухынан жігерленген жаңа бағыт – ұлт – азатшылдықтың негізін қалап, ұлт ояту идеясының көркем үлгісін ұсынды. Оның осынау аласапыран ұлы төңкеріс тұсындағы күрес жолында ұлт санасын серпілтер, жұрт жүрегін оятар қаруы – жалынды жырлары мен арқалаған жүгі салмақты поэмалары мен кең құлашты романдары.   Шығармашылық мол мұра қалдырып, ұлттық тарихымыз бен қоғамдық өмірімізде өз орнын айқындап кеткен қыршын ғұмырлы жазушы. Туған ұлтының ой – санасын өркендетуді, таптық, әлеуметтік теңсіздік езгісінен азат етуді мұрат еткен ақын бар білімін, қайраткерлік қуатын, ақындық – азаматтық  барышын соған сарп еткен ұлы тұлға. Сол дәуірдегі қазақ қоғамынан, ұлт тартқан тауқымет зарын, саяси хал – ахуал жөнінде толыққанды дерек берер асыл мұрасын ұрпақ санасына мәңгі жатталар жыр етіп қалдырды. Ұлттық рухы басым зиялы азаматтар да қажауы жетiп, арнасынан шыққан iрi мәселеге үнiн қосып, үлкен iстен қағажу қалмақ еместiгiн дәлелдеумен болып, «Қазақ» газеті т.б газет беттерiнде ұлт қарекетi жөнiнен жазылған мақалаларын ұсынды. М.Дулатовтың: «Ең алдымен қазақ халқы Россияға тәуелдi халық. Оның ешқандай правосының жоқтығы ыза мен кек тудырады. Халықтан жиналатын салық қаражатының көп бөлiгi халыққа тiптi де керек емес мәселелерге жұмсалады»  деген өткiр сөздерi оның келесi мақалаларында да жалғасын тауып жатты. Ал Ә.Бөкейханов: «Тiрi болсақ, алдымыз үлкен той. Алаштың баласы бұл жолы болмаса, жақын арада өз тiзгiнi бөлек мемлекет болар. Бұл болып тұрған заман Алаштың азаматына зор жүк»  деп, қазақ ұлының сыналар да қуанар күнiнiң алды екендiгiне сендiредi.  Ахаңның публицистика саласындағы еңбегiнiң Алашорда тұсында және Кеңес өкiметiнiң алғашқы жылдарында жазылғандығы жазушының тақырып таңдап, мәселе көтеруiне ықпалын тигiзбей қойған жоқ  Бұл ретте мерзiмдi басылым беттерi арқылы аударма саласындағы тұңғыш еңбегiн жазып, әдеби-сын көзқарас пайымын бiлдiрiп, сыншы ретiнде де танылғандығын айтқан ләзiм. Қай жазушының, қаламгердiң болмасын шығармашылық жолының беташарына айналған баспасөз А.Байтұрсынұлы шығармашылығында да елеулi орын алады, мерзiмдi баспасөз жазушының шеберлiк мектебiне айналды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

1. Аллаберген Қ., Нұсқабай Ж., Оразай Ж. Қазақ журналистикасының тарихы (1870 - 1995). Алматы: Рауан,  1996. – 368 б.

Информация о работе Ахмет Байтұрсынұлының публицистикасының өзектілігі, ғылым мен білім