Ахмет Байтұрсынұлының публицистикасының өзектілігі, ғылым мен білім

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2014 в 16:09, курсовая работа

Краткое описание

Диплом жұмысының өзектілігі. Дипломдық жұмыста қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы, елінің маңдайына біткен санаулы жұлдыздарының бірі Ахмет Байтұрсынұлының алғашқы публицистік қызметі мен редакторлығы қазақ баспасөзінің қарлығаштарының бірі «Қазақ» газетінің және т.б. басылымдармен байланысы жан-жақты талқыланады. Ұстанған шығармашылық мұрасын жүйелі түрде зерттеп, ғылыми айналымға енгізуге басты назар аударылды. Ұлт руханиятын танытуда және ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамының басынан өткерген тарихи әрі саяси оқиғаларды анықтауда, елінің азаттығы үшін еткен қайраткерлігі мен әдеби мұрасын зерделеудің маңызы зор.
Бұл бітіру жұмысына тақырып етіп алынған «Ахмет Байтұрсынұлының публицистикасы мен редакторлығы» бүгінгі таңда зерттеушілер тарапынан замана талабына сай жаңаша қырынан әлі де болса зерделенер, толық тұжырымдар мен әділ бағасын аларлық құнды тақырып.

Содержание

КІРІСПЕ.............................................................................................................. 3 - 4
1 АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – РЕДАКТОР
1.1 Ахмет Байтұрсынұлының алғашқы ізденістері публицистикалық еңбектері..............................................................................................................5 - 12
1.2 Ахмет Байтұрсынұлының «қазақ» газетіндегі публицистикасы...............................................................................................13 - 18
2 АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – ПУБЛИЦИСТ
2.1 Ахмет Байтұрсынұлының публицистикасының өзектілігі, ғылым мен білім...................................................................................................................18 - 29
2.2 Ахмет Байтұрсынұлыны еңбектерінің ғылыми маңызы..............................................................................................................30 - 41
2.3 Ахмет Байтұрсынұлыны публицистикасының қоғаммен байланысы.........................................................................................................45 - 54
2.4 Ахмет Байтұрсынұлы жайлы айшықты ойлар.......................................55 - 57
3. ЖОБА.............................................................................................................57-64
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................65-68
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................69-70

Вложенные файлы: 1 файл

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ АЛТЫНБЕК.doc

— 686.00 Кб (Скачать файл)

 

 

1.2  Ахмет Байтұрсынұлының «қазақ» газетіндегі публицистикасы

 

 

 Ахмет Байтұрсынұлы  қазақ қоғамының қапыда қалып  қоймасы үшін аянбай еңбек  еткенін өзінің публицистикалық  шығармаларынан анық аңғарамыз.  Соның бірі 5 мың десетина жер деп аталатын «Қазақ» газетінде шыққан мақаласы.  Бұл жерде А. Байтұрсынұлы қазақ шаруашылығына ынғайлы қоныстарды, шұрайлы мал жайылымдарына көз салған орыстардың алмақшы болған жерлерінің қандай мақсатта пайдаланылатынын білу үшін, оның қазаққа алып келер пайдасы бар ма, жоқпа? - деген сауалдың төңірегінде ой қозғайды. Ахаңдай арыстар қашан да сол кездегі қазақ қоғамының аңғалдығына бой алдырмау үшін тынымсыз әрекет жасаған. Сол кеңпейіл қазақты пайдаланып кетіп жатқан орыстың көрнеу әрекетіне қарсы күш жиып газет беттерінде үзбей мақалалар жариялап отырған. 5 мың десетина жер. [3,29] Россияда құрт ауруға қарсы қару ететін жамиғат (общество) бар. Құрт ауруларды дала қымызымен емдеу үшін қазақ жерінен қымызхан ашпақшы болған. Қымызханаға керек 5 мың десетина жерді үкімет тарапынан сұрап алмақшы болған. Бұ алатын жерді Бершөгір станциясының қасындағы Ырғыз уезінің шенгел болысының қарамағындағы қазақтар пайдасындағы жер. Өткен жаз землемер шығып,  жерді өлшеп, бороздасын тартып алуға әбден даярлап қойса керек. Бұл бес мың десетина жерде  13 үйдің қыстауы бар, басқа қазақтардың жайлауы бар. Ол қазақтар жерін алғанға разы ма, жоқ па? Беймағлұм.  Бұл жер мұжықтарға алынған секілді зорлықпен алынып жатқан шығар. Қазақтың жерін басқалар талап алып жатыр деп біздің де талау жолымен алғанымыз лайықсыз. Басқалардан қазақтың жері жылдан – жылға тарылып жатқанда біз де бір жағынан жырмалап жер аламыз дегеніміз жарамайды деп жамйғаттың кейбір ағзалары қазақ жерін алуды мақұл көрмеген. Бұл мақұл көрмеген жағы мәскеудегі жамиғаттың бас советіне қазақ жерін алу лайық еместігін білдірген.  Жерді алу – алмау талас болған соңқай жағының сөзі дұрыс екендігін ашу үшін Мәскеудегі бас совет тарапынан Орынборға бір адам келген екен. Осы марттың алтысында Орынбордағы ағзалардың жиылысы болады. ішінде  Мәскеуден келген адамада болады.осы жер туралы сөз болатын болған соң мен де барып едім. 5 мың десетина алу – алмас турасында көп сөздер сөйленді. Біреулері бұл жерді алу керек, мұнан қазаққа пайда болмаса зарар жоқ деді. Біреулері: «алмасқа керек». Қазақтың іске асатын жақсы жерлерін мұжыққа беріп құртып жатыр, оның үстіне біз сықылды жамиғататтар келіп тағы алса, қазаққа не қалады?» деді. Ақырында көптің пікірі жерді алуға айналды. Мәскеуден келген адам бұлардың сөзін тыңдап болып айтты. Сіздердің пікірлеріңізді естіп болдым. Майдың 13 – інде бұл турасында айтылған пікірді Мәскеу советінің жиылысына саламын. Мен жалғыз – ақ біле алмай тұрғаным бұл жер туралы  қазақ пікірлері. Жері алынатын қазақ пікірлерін білсем екен деді. Орынборда  «қазақ» газетасы бар екен, сол арқылы білуге болмас па еді. Газета арқылы сұрау керектігін мен де қуаттап, қазақтардан сұрап, олардың газетамызға жіберген пікірлерін  Мәскеу советіне жеткізу міндетін мойныма алдым. 13 – ші майға шейін бұл турасындағы пікірлер Мәскеу правлениесіне даяр болып тұруға  керек. Сонда қаралып, әркімнің пікірі саналып, жерді алар, алмас мәселе бекіп тәмәм болады.  Енді біздің өтінетініміз: сол  Бершөгір станциясының жанындағы алуға ынғаилап қойған жерде  13 үйдің қыстауы болса, өыстап һәм жайлап отырған  қазақтар сол жерді алуға разы ма, жоқ па, осыны  солар бізге білдірсе екен. Білдіргенде сенімді  һәм қуатты болуы үшін 13 үйдің адамдары тегіс қол қойып я таңбаларын салып, ауылнай, би  яки болыс сықылды адамдардың бірі мөрін басып жіберсе екен. Және де пікірлерін  жіберетін  адамдардың есіне салатындарымыз мынау: Бұл қымызхана салынғанда қазаққа болатын  пайдасы қанша, зарары қанша екенін салыстырып, өлшеп, жерді беру – бермес пікірді соған тіркеп айтарға керек.

Пайдасы, зарары қанша екенін мұнан байқауға болады. қымызхана жүз ауруға шамаланып  жасалады. Олай болғанда жүз аурулы адам қымыз ішіп жатуы ықтимал.

Жүз ауруды бағатын  доктор, фелдшерлері болмақшы. Ол қымызхана  үйлерін жуып, тазартып тұратын жұмыскерлер  болмақшы. Ауруларға һәм оларды бағатындарға қымыз керек. Ет керек. Олардың барлығын қазақтан алмақшы. Олай болғанда биесі барлар5 мың десетина жерге биесін бағып, сүтін сатпақшы. Қой – қозысы барлар қойын сатпақшы.малы жоқтар жұмыскер болып мал таппақшы. Бұл кәсіп жағынан қазаққа болар пайдасы. Мұнан басқа пайдасы болуға ықтимал: жақын жердегі қазақтың ауруларына; құрт аурулы адамдарға жақын жерден дәрігер табылып тұрмақшы. Бұның бәрі пайдалы жақтары. Енді зарары жағын алалық. Қазаққа мұнан зарар болады: Егерде қыстауы бар қазақтардың қыстап отырған жері жақсы, шаруаға қолайлы болып, көшіргендегі алатын жері бұрынғы жерден төмен болатын боса; Екінші – бұған кететін жайлаулық жерлер – суы тұщы, шөбі мол жайлауға қымбат жер болса һәм оны жайлап жүрген елдердің мұнан басқа қолайлы жайлауы болмаса; Үшінші – ақша табуға қызығып, құлындарын қатырып, биелерін жұтатын қысты күні қырып алып жүрсе. Мұнан басқа қандай зарары боларөазақтың өздері шамалап білер. Біз сырттан қараған боларлық зарарларын һәм пайдасын айтамыз.

Және де айтатынымыз: Бұл жер басқа осындай нәрселерге болмаса, мұжыққа алынбайтын жер. Қазақ разы болмаса, жоғарыда айтылған жамиғат халқы ренжіп зорлықпен жер алмайды. Бұл жамиғаттың ішінде сендердің ырзалықтарыңды керек қылатын адамдар көп. [3,30]

Ахмет Байтұрсынұлының  бастауыш мектеп жайлы жазған еңбегі, жасаған ізгі шаралары қазақ балаларын оқу ағарту мәселесіне негізделеді.

«Бастауыш мектеп» Қазақ бастауыш мектебі боларға керек? Бұл туралы айтылған жоқ. Петербургта болатын мұсылман кеңесінде мектеп мәселесі қаралмақшы, оған қазақтан баратын адамдар қазаққа қандай мектептер керек екенін біліп барарға тиіс. Сондықтан «қазақ» өз пікірін айтып, жұрт құлағына салмақшы.

Осы кезде қазақ  балалары оқуды екі түрлі бастап жүр. Біреулері оқуды ауылдағы мектептерден бастайды, екіншілері ел ішіндегі орыс школасынан бастайды. Солай болған соң, қазақтың қазіргі бастауыш мектептері осылар дейміз. Қазақ бастауыш мектептері қандай болу керек деген мәселені шешерден бұрын, осы күні тұтынып отырған бастауыш мектептердің жарамды, жарамсыздығын тексеріп, сонан соң керек мектебі не түрде болу жайын сөйлеу тиіс.

Әуелі ауыл мектебін бастайық. Осы күні ауыл мектаптерін  мектеп деп айтарлық емес. Оқуға  керек құрал жоқ, оқыта білетін  мұғалімдер аз. Сондада қазақша хат  білушілердің проценті мұжықтардан  жоғары. Осы күнгі хат жаза білетін  қазақтардан бастап газета, журнал, шығарып жатқандарымыздың бәрі де сондай мектептерден оқып, хат танып жазу үйреніп шыққандар. Мұнан көрінеді: осы күнгі мектептер осыншама жайсыз, күйсіз қалыбында халық арасына оқу, жазуды мұжықтар арасынан көп жазып жатқаны, бұл мектептің халыққа жақындығы, балалар білімді ана тілінде үйренгендігі. Алайық енді орыс школдарын: қазақ арасындағы орыс школдары ауылнай, волотной екі класты школдар. Бұлардан бітіргендер ілгері оқымаса, онда жоқ баолып шала оқумен қалады. Елде бір екі жыл тұрса, оқығанның көбінен айрылы, оқымағандармен бірдей болып, оқыған еңбек бос кеткен есебінде қалады. Бұл күнде екі класты школ бітіргендерден аулнай, учитель, писарь болып жүргендері барекендігі рас, бірақ бастауыш мектепте үйренетін білім жұрттың бәріне тегіс керек білім ғой. Адамға тіл, құлақ, қол қандай керек болса, бастауыш мектепте үйренетін ділімдер сондай керек. Осы заманда хат білмеген күйі тілі я құлағы, яқолы жоқ адамның күйімен бірдей, мұнан бұлай хат білудің керектігі онан да аспақшы. Бастауыш мектептен оқығандар писарь, учитель, фельдшер, адвокат, содия, инженер, агронам болар демей, ең алдымен қазақша толық хат білетін дәрежеде болуын көздеу керек. Егерде бастауыш мектептен оқып шыққандар ілгері оқымай, үйінде қалса, ұлт әдебиеті менмәтбуғатының пайдаланарлық дәрежелі біліммен қалсын. Әрі оқимын деген халде мұсылманша оқыса, орысша үйренудің қиындығын жеңілдетерлік демеу һәм негіз болуға жарасын. [3,98]

 Жоғары да айтылған қазақ ісіндегі осы күні екі бастауыш мектебінің екеуі де көңілдегі мектептердің түрінен табылмайтын мектептер. Бірінде оқуға керек құрал жоқ, тәртіп жоқ, мөлшер жоқ, жоспар жоқ. Халық оқуды керек қылғандықтан жаман да болса, жоғынан бары артық дегенмен істеліп отырған іс. Екіншісінде, орысша школдарда тәртіпте бар, құралдарда сай, мөлшер, жоспар бәріде бар. Бірақ сонысына қарай пайдасы аз. Олардың пайдасын кемітіп отырған бір ақ нәрсе – қазақты орысқа аударамыз деген пікір бәрін бүлдіріп отырған. Сол школдар арқылы қазақ тілін жоғалтып, орыс тіліне түсіреміз дейді, қазақ тұтынып отырған араб әріпін тастатып орыс әріпін алдырамыз дейді.  Сол үшін әуелі балалар ана тілімен оқымай, орыс тілімен оқысын, ана тілімен оқыса да орыс әріпімен оқысын дейді. Соның үшін біреулері ана тілінде оқыған аты болу үшін қазақ тілінде орыс әріпі басылған кітаптардан бастап оқып, әрірек барған соң кілең орысшаға түспек дейді. Бұл еппен қайырмалаушылардың жолы. Біреулері еп септі қойып, бірден орысша оқыту керек дейді. Өткен он төртінші июньде патша жарлығы бойынша шаққанправилада россиядағы бөтен текті жұрттардың мектебінде бастапқы екі жыл ана тілінде оқылсын деген. Ол правилаға оқу министрі қол қойған. Оның бер жағында Қазан окурігінде бір инспектор попечителге жазған учителдер чуваш балаларын чуваш әріптеріментоқытпай, бірден орыс әліппесімен оңай көреді деп. Оны попечитель министрге жеткізген. Министр енді жазып отыр: чуваш мектебінде орыс әліппесінен бастап оқытқанды бек ұнаттым, бек келісті іс екен деп. Сөитіп чуваш балаларын чуваш тілімен һәм чуваш әліппесімен оқытпай, бірден орыс тілімен, орыс әліппесімен министр батасын беріп отыр. Бастапқы екі жылда ана тілімен ана тілімен оқытуға тиіс деген правилаға қол қоюшы да министр. Бұл екі қағаздың қайсысы іске асып, қолдануға болмақшы? Қайсысы үкіметке жағымды болса, сонысы іске аспақшы. Үкіметке жағымдысы қол астындағы жұрттың жазу сызуы, тілі діні бір болу. Россия қол астындағы жұрттың жазу сызуын орысқа аударса, үкіметке онан ұнамды іс болмас. Сондықтан он төртінші июньде министр қол қойған провиланы он алтыншы ноябрьде министрдің жазған қағазы жеңбекші. Ондай правилалар іске аспай қалуы үшін бір миссонер иниспектор жазса болғаны – өз әліппесімен , ана тілімен оқытып отырсақ, қай уақытта жазу – сызу, тілі жоғалады? Тегі бөтен жұрттар тілінен, жазу сызуларынан айрылып, орыспен бірдей болып сіңісу үшін бірден орыс тілімен оқыту керек деп. Бастапқы кезде ана тілімен оқытуға тиіс деген 1906 жылғы 31 ші март правиласвнда да бар еді. Осы күне щейін аулнай, волосной, екі класты бастауыш мектептерде қазақ әліппесімен қазақша басталып оқытылғаны еш жерде естілмейді. Себебі не правила бойынша қазақ тілімен қазақ әріпін бастап оқыт деп отырған балалардың ата - анасы жоқ. [3,98] Халықтың өз тілімен, өз әріпімен оқығанын әкімдер жақтырмайтын болған соң, учительдер өз беттерімен ана тілімен, ұлт әріпінен бастап оқытамыз дей қоймайды. Сөйтіп правила қағаз жүзінде бар болсада, іс жүзінде жоқ. Бұл айтылғанның бәрі де үкімет өз пайдасын көздегендіктен істеліп тұрған істер. Бастауыш мектептер жалғыз үкімет пайдасы үшін болмай, халыұ пайдасы үшінге боларға керек. Үкіметке керегі мемлекеттегі жұрттың бәріде бір тілде, бір дінде, бір жазуда болу, әр халыққа керегі өз діні, тілі, жазуын сақтау. Солай болған соң бастауыш мектеп әуелі, миссенерлік пікірден, политикадан алыс боларға керек яғни қазақтың діні, тілі, жазуы сұмдық пікір, суық қолдан тыныш боларға керек. Қазақ дінге нашар күйден өткен соң, енді қазақты басқа дінге ауыстырам деу құр әурешілік. Қазақты діннен айыруға болмаса, жазуынан да айыруға болмайтын жұмыс. Арап әріпі ислам дінімен бірге келіп қазаққа орнаған. Дінмен байласқан жазу дін жоғалмай жоғалмайды. Қазақта газета, журнал, кітап жоқ кезе жоғалмаған тіл газете, журнал шығып, кітаптар басылып, жылдан – жылға әлгері басып келе жатқанда қазақ тілі жоғалмас. Олай болса, мектеп арқылы қазақтың тілін, дінін, жазуын жоғалтып, орысшаға аударамын деген пікірдан үкімет безіп, тиісті бастауыш мектеп екі жаққа да зиянсыз, пайда болуын көзеу керек. Солай оилағанда көңілге ұнамды мектептің түрі біздің ойымызша мынау: бастауыш мектептер оқуы қазақ үшін бес жылдық доларға тиіс. Әуелгі үш жылда балалар кілең қазақша оқу керек. Соңғы кеі жылда кілең орысша оқу керек. Мұжық жөнімен қала болған қазақтар бар, қазақ ретімен қала болатын қазақтар да бар. Қыстаулары жиын қазақтар да бар, қыстаулары сирек қазақтар да бар. Солардың бәріне бастацыш мектеп қолайлы болуға тиәс. Бәрінің де оқитын деген балалары мектеп жағынан қолайсыздық болып, оқи алмайтын болмасқа тиіс. Сондықтан әуелі қазақ бастауыш мектебі екі бөлінерге: келіп оқитын, жатып оқитын мектептер. Келіп оқитын мектептер қала болған, яғни қыстауы жиын жерлерде болу, жатып оқитын мектептер әлі сирек отырған жерлерде болу керек. [3,98]

Екінші, қыр  мектебі һәм қала мектебі болып  бөлінерге – қыр мектебі , ауыл мектебі, волос мектебі болып, ода  екіге бөлінерге, ауыл мектебінде кілең  қазақ тілінен оқылатын үш жыл оқу оқуларға тиіс. Волос мектебіне ауыл мектебінде бітірнендер алынарға тиіс. Қала мектебі қаланың үлкендігіне қарай үш жылдық, бес жылдық боларғатиіс. Жатып оқитын ауыл мектебі мен волос мектептеріне келіп оқи алмаитын балаларды ғана  жатып оқитын есепке алуға тиіс. Бастауыш мектепте кілең қазақ тілінде үйретілетін нәрселер: оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы, есеп жағрафия, шаруа – кәсіп, жаратылыс жайлы. Бастауыш мектептің кілең орысша оқитын екі жылында үиретілетін білім гимназияның яки реальный мектептердің төменгі кластарына кірерлік болуға тиіс. Бастауыш мектептер осындай болса, бұлардың ірі мұсылманша я орысша оқыту үшін қазақ балаларының бастауыш мектепте үйренген білімі негіз болуға жарайды. [3,100]

Ахмет Байтұрсынұлының  публицистикалық стильде жазылған мақалалары «қазақ» газетінде жарық көріп күллі оқуға ынталы қазақ балаларының сауатты болуына өз ықпалын тигізді. Ақ пен қараның не екенін аңғармаған қазақ қоғамы орыстардың бір тілді боламыз деген ұранының саясына кіріп кетер болатын болған соң Ахмет байтұрсынұлының ұранды мақалалары жарық көре бастаған. Міне елдің өз тілі мен дінінен аирылуы мүмкін емес екендігін де алға тартады. «Тілінен айрылған ұлттың, өзі де жоғалады» деген қанатты сөздері айтылып жатты. Оны оқыған қазақ балалары жақсы түсініп газет жұрнал шығаруға ынталы болды. Осыған Ахаңның ықпалы сондай ақ Алаш арыстарының да елеулі еңбегін ауызға аламыз. Қалайда халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету жолдарын іздеген ақын айналып келгенде, ұлы Абай тапқан соқпақ, орыс әдебиеті үлгілерін пайдалану, аударма жасау дәстүріне мойынсынады. Бұрынғы ескі-ертегі, химия үлгілері емес, енді жаңа өлеңдік форма мысал арқылы, көшпелі елдің жақсы білетін стихиясы – жан-жануар өмірінен алынған шығармалар арқылы әлеуметтік ойға ықпал ету мақсатымен Иван Андреевич Крылов туындыларын аударып, “Қырық мысал” деген атпен 1909 жылы Петербургтен бастырып шығарды. 
Бір жағынан қызықты форма, екінші жағынан ұғымды идея, үшінші жағынан, қазақ тұрмысына ет-жақын суреттер ұласа келіп, бұл өлеңдерді халықтың төл дүниесіндей етіп жіберді.

Жүк алды шаян, шортан, аққу бір күн, 
Жегіліп тартты үшеуі дүркін-дүркін, 
Тартады аққу көкке, шаян кейін 
Жұлқиды суға қарай шортан шіркін. [29] 
Аудармада мін жоқ, мүдірмей, тұтықпай, есіліп-төгіліп тұр. Ендігі кезең оқырманына қатысты жаңа ой, соны пікір, толғаулы сөзді ақын өз жанынан қосады. 
Жігіттер мұнан ғибрат алмай болмас. 
Әуелі бірлік керек болса жолдас. 
Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей 
Істеген ынтымақсыз ісің оңбас,-деп елді тұтастық, ынтымақ жалауының астына шақырады. 
Елдің азып-тозуына байланысты сарындарды Ахмет Байтұрсынов жұмбақтап, тұспалдап жеткізеді, кейде ашық, дәл айтылатын ойлар да бар: 
Қасқырдың зорлық болды еткен ісі. 
Ойлаймын оны мақтар шықпас кісі 
Нашарды талай адам талап жеп жүр 
Бөріден артық дейміз оның ісін. 
Алуан-алуан ойға жетелейтін “Қайырымды түлкі”, “Ала қойлар”, “Үлес”, “Қартайған арыстан”, “Өгіз бен бақа”, “Қайыршы мен қыдыр”, “Ат пен есек” мысалдарында әлеуметтік-қоғамдық жағдайларды мегзейтін оқиғалар, адамдар психологиясымен сарындас әуездер, тағылымды болып келеді.

 

 

 

 

 

 

 

1 АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – ПУБЛИЦИСТ

 

 

2.1   Ахмет Байтұрсынұлының  публицистикасының өзектілігі, ғылым мен білім

 

 

Орынборда 1913 жылы “Қазақтың” тұңғыш саны шыққанда газет редакторы Ахмет Байтұрсынов былай деп жазған: “... Өзіміздің елімізді сақтау үшін бізге мәдениетке, оқуға ұмтылу керек. Ол үшін ең алдымен әдебиет тілін өркендету керек. Өз алдына ел болуға, өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз. Бұл мәселеде біздің халымыз оңды емес. Осы күні орыс школы мен татар мектептерінде оқып шыққандар қазақ тілін елеусіз қылып, хат жазса өзге тілде жазып, қазақ тілінен алыстап барады. Бұл, әрине, жаман әдет. Егер тілге осы көзбен қарасақ, табиғат заңына бағынбай, біздің ата-бабаларымыз мың жасамаса, ол уақытта тілмен де, сол тілге ие болған қазақ ұлтымен де мәңгі қоштасқанымыз деп білу керек. Егер оны істегіміз келмесе, осы бастан тіл, әдебиет жұмысын қолға алып, өркендететін уақытымыз жетті”. Ахмет Байтұрсыновтың ақын, публицист, ғалым, қоғам қайраткері санатында жасаған барлық еңбегі, тартқан қорлық, көрген азабы, болашаққа сенген үміт-арманы – баршасы осы ұлы миссияны орындауға, туған халқы үшін қасықтай қаны қалғанша қалтқысыз қызмет етуге арналған.

Елбасы Н.Назарбаев  «Қазақстанның болашағы - бүгінгі жастар. Сіздер оларға қалай білім берсеңіздер, Қазақстан сол деңгейде болады», - деп атап көрсеткен [1]. Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ десек, дәуірдің күн тәртібінде тұрған келесі мәселе - білім беру, ғылымды дамыту. Бұндай күрделі екі мәселені жүзе асыру үшін ана тілімізді толыққанды меңгеруіміз қажет-ақ. Ал тілімізді толыққанды меңгеру үшін өткен тарихымызға талдау жасамасақ тағы да болмайды. Тарихты білмей бүгінгіні құру, болашақты болжау мүмкін емес. Яғни, тарихы жоқ елдің болашағы бұлыңғыр. Мұхтар Шаханов «Тарихты білмеу - тамырсыздық» - дей келе:

Туған  жері - түпқазығы, айбыны, 
Туған тілі сатылмайтын байлығы. 
Туған дәстүр,салт-санасы,тірегі, 
Қадамына шуақ шашар үнемі» - десе [2]

Қазақстанның  Ресейге бодан болғаннан бергі  тарихындағы XX ғасырдың алғашқы ширегін «саяси күрестер мен рухани жаңғыру кезеңі» деп айтуға әбден болады. Бұл кезеңде саяси күрес сахнасына Ресейдің аса үлкен ғылыми, саяси орталықтарында білім алған, сол кезеңдегі Еуропадағы саяси күрестің бет алыс бағдарларынан әбден хабардар, экономика, құқық тарихы мен теориясын терең меңгерген қазақ зиялыларының үркердей озық ойлы тобы шықты. Олардың басым көпшілігі ғылымға емес - утопияға, демократияға емес - авториторизмге негізделген болшевизм идеясын қабылдамай, баррикаданың арғы бетіне шығып, өз елінде, өз жерінде отырып азап шеккен қазақ халқының мұң-мұқтажын қорғауды мақсат еткен Алаш партиясын ұйымдастырды. Ел алдындағы ұлы мақсаттарды жүзеге асыратын атқарушы билік органы - «Алашорда» үкіметін құрып, ұлттық-аймақтық негіздегі «Алаш автономиясы» мемлекеттігін жариялауға талпыныс жасады. Қазақ халқының ұлттық, саяси санасын қалыптастырудағы ең биік белес болған XX ғасыр басындағы осы бір қазақ зиялылары алдыңғы қатарлы тобының саяси қызметі де, кұқықтық көзқарастары да, тіпті ғылыми, әдеби мұралары да ұзақ жылдар бойы жабық тақырып саналып, зерделі зерттеулерге объект бола алмады. Оларсыз қазақ тарихы - тұл, алтын дегені - күл еді. «Алаш» партиясынсыз саяси күрес тарихын, «Алашорда» үкіметінсіз экономикалық ілімдер мен реформалар тарихын, «Алаш автономиясынсыз» Қазақстан мемлекеттілігінің негізін, Алаш ардагерлері өмірінсіз ұлт тарихын жасау, мемлекеттік тіліміздің тарихын қалыптастыру мүмкін емес [3].

Информация о работе Ахмет Байтұрсынұлының публицистикасының өзектілігі, ғылым мен білім