Негізгі қорлардың экономикалық мәні мен маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2015 в 20:32, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты әр бір қоғам даму жолдарын таңдау алдында тұрады. Нарықтық экономикада шынайы экономикалық процестердің қиындығы, олардың қайшылығы және біртекті еместігі қоғамның прогрессивті тенденциялардың дамуына жауап беретін экономикалық саясаттың бағыттарын таңдау үшін айтарлықтай қиындықтар туғызады.
Қазіргі экономика – бұл бір-біріне қайшы келетін топтар қатынасы: нарықтық қатынастар жүйесі және барлық экономиканың саналы реттелуі.

Вложенные файлы: 1 файл

Кәсіпорын негізгі қорларын тиімді пайдалану жолдары .doc

— 894.00 Кб (Скачать файл)

Жетіспеушілектермен материалдық жағынан жауапты адамдардың қызметіндегі тәртіп бұзушылықтар туралы, сондай – ақ іріктеп тексерулер мен өткізілген нұсқамалардың нәтижелері туралы бухгалтерияның қызметкері бас бухгалтерге хабарлау тиіс.

Қорлар есебін түгендеу – меншіктің сақталуын, құндылықтардың сапалы күйіне олардың қоймалық және бухгалтерлік есепке алыну қамтамасыз ететін бақылаудың бір тәсілі. Ол меншік нысана, қызмет түріне жеке жұмыстың режимділігіне қарамастан барлық ұйымдар мен кәсіпорындарда жүргізіледі.

Түгендеу жұмысы міндетті түрде мынадай жағдайда жүргізіледі:

- жылдық есеп беру алдында;

- материалдарға жауапты адамның  ауысуына байланысты;

- материалдық запастар бұзылғанда, табиғи апат, өрт болғанда;

- ұйым қаралғанда және т.б.

Түгендеу жұмысын жүргізу үшін кәсіпорын басшысының бұйрығы мен орталық түгендеу комиссиясы құрылады. Бұл комиссияны кәсіпорын басшысы немесе оның орынбасары басқарады. Сонымен қатар әрбір цех, бөлімше бойынша жергілікті түгендеу комиссиясы құрылады. Оның жұмысын орталық комиссия ұйымдастырып және басқарып отрады.

 Ұйым басшысының бұйрығы  мен түгендеу жүргізу оның  бастаулы және аяқталу мерзімін  жауапты адам тағайындалады.

Түгендеу комиссия қорлардың тізімін жасайды. Түгендеу тізімі қорлардың (шикізаттың, материалдардың, дайын өнімнің және басқалардың) нақты қолда барын көрсету үшін қолданады. Түгендеу тізімін комиссия материалдық запастардың әрбір тұрған орны мен материалдық жағынан жауапты адамнан қолхат алынады, ол үлгінің бас жақ бөлігінде көрсетілген. Қорлар есебін тексеру тізіміне әрбір жеке атау бойынша номенклатуралық нөмірі, түрі, тобы, артикулы, сорты және саны көрсетіледі. Түгендеу кезінде анықталған жарамсыз және бөлінген материалдар мен дайын өнімдерге тиісті актілер жасалады. Нысананың соңғы бетінде комиссия төрағасының қолын қояр алдыңда Қорлар есебін түгендеу кезінде қозғалысқа түскен жағдайда құжаттардың соңғы нөмірді жазу үшін бос екі жол қалдырылалды.

Қорларға түгендеу жүргізу рәсімі мынадай болады: түгендеу комиссиясы материалды жауапты түлғаның қортындысы мен ұйымның қоймасындағы Қорлар есебін қайта санап шығады. Әдістемелік ұсынымдарға сәйкес мүліктер мен міндеттемелердің нақты барын толық әрі дәл анықтау үшін түгендеу комиссиясы жүктерді өлшеу мен және бақылау аспаптарымен, өлшем ыдыстарымен және тағы басқаларымен қамтамасыз етілу керек. Аспаптардың дұрыстығын комиссия түгендеу жүргізу үшін басталмас бұрын тексереді.

Егер түгендеу жүргізу кезінде комиссия мүліктерді санап шығып, оны тізімдерге бірден жазуға мүмкіндігі болмаса, онда қайта саналып шыққан мүліктер түгендеу зат белгісімен қоса берілетінін айта кету керек. Егер кем шыққан материалдар түгендеу барысында табылса, онда оны тізімге енгізеді.

Белгіленген тәртіппен рәсімделгеннен кейін түгендеу тізімін салыстыру үшін бухгалтерияға беріледе.

Қорлар есебін түгендеу, әдетте белгілі – бір қоймада, үй жайында тұрса ғана жүргізіледі. Түгендеу кезінде тауарлы материалдық қорлар бір материалдық жауапты адамда оқшауланған үй – жайда сақталған кезде түгендеуді сақтау орны бойынша жүйелі түрде жүргізіледі. Запастар тексеріліп болған соң, үй – жайға пломба қойылып, комиссия жұмыс істеу үшін келесі үй – жайға ауысады.

Түгендеу жұмыс комиссиясының төрағасы немесе оның тапсырмасы бойынша комиссия мүшелері қойма меңгерушісінің (қоймашының) және басқа материалдық қорлардың бар жоғын міндетті түрде қайта есептеу, қайта өңдеу арқылы тексереді. Тізімдерге материалдық жауапты адамдардың сөзінен немесе олардың бар жоғын тексерместен есепке алу деректері бойынша деректер еңгізуге жол бермейді.

Түгендеу кезінде қорлар есебін жауапты адамдар түгендеу комиссиясы мүшелерінің көзінше қабылдап алады және түгендеу анықталғаннан кейін түскен тізімге енізіп, кіріске алады.

Түгендеу ұзақ уақыт бойы жүргізілген кезде, ерекше жағдайларда және  ұйым басшысы мен бухгалтерлердің жазбаша рұқсаты мен ғана түгендеу процесінде Қорлар есебін материалды жауапты тұлға түгендеу комиссиясының мүшелерінің көзінше босата алады. Бұл қорлар «Түгендеу кезде босатылған қорлар» деген атпен жеке түгендеу тізіміне енгізіледі. Түгендеу тізімі түгендеу кезде түскен қорларға арналған құжаттарға ұқсас рәсімделеді. Шығыс құжаттарында түгендеу комиссиясының төрағасының қолы қойылып, белгі соғылады.

Басқа ұйымдарға тиесілі, бірақ жауапты сақталуда түрған қорлар есебінде өз меншігіндегі қорлар сияқты түгендеу өткізіледі. Жауапты сақтауға қабылданған қорларға арнап түгендеу тізімдемесін қарастырады да, бұндай құндылықтардың жауапты сақталуына алынғандығын растайтын тиісті құжатарға сілтеме жасалынады. Жолда келе жатқан, тиелген, сатып алушылыр мерзімінде ақы төлемеген, басқа ұйымдардың қоймаларында жатқан қорлар есебін түгендеу тиісті шоттардағы сомалардың негізділігін егжей – тегжейлі тексеру арқылы жүргізіледі. Бұл шоттарда қорлардың (жолдағы, тиелген тауарлар және басқаларының), тиісті түрде рәсімделген құжаттар мен расталған қалдықтары болу мүмкін; жолда келе жатқандары тиісті шоттар мен, өнімді берушілердің төлем талаптары мен немесе оларды алмастыратын құжаттар мен; тиелгендері - сатып алушыларға ұсынылған шот–фактура мен, ақы төлеу мерзімі өткізілгендерді – мекемесінің міндетті растауымен; басқа ұйымдардың қоймаларында жатқандары – түгендеу күніне жақын күндердің арлығында қайта сақтау туралы рәсімделген қолхатарымен; бір қалада орналасқан өнім берушілердің қоймаларында жатқандары–түгендеу күніне қайта рәсімделген сақтау қолхатары мен расталған.

Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер үшін тиелген тауарлар, орындалған жұмыс немесе көрсетілген қызмет үшін ұзақ уақыт бойы ақы төлеуді кешіктірген де мұндай кешіктірудің себебі анықталады, ол түгендеу комиссиясының хаттамасында жазылады. Келіп түскен қорлардың кіріске тіркелу фактілері анықталған кезде, оларды алған адамдардың түсініктемелері талап етілуі тиіс.

Жол үстіндегі қорлар есебін түгендеудің нәтижелері. Жол үстіндегі материалдармен тауарларды түгендеу актісімен рәсімделеді. Жол үстіндегі қорлар есебін түгендеу актісінде әрбір жеке жөнелту бойынша мынандай деректер келтіріледі: атауы (құжатқа сәйкес), саны мен құны (есепке алу деректеріне сәйкес), тиеу күні, сондай – ақ осы қорлардың тиісті шоттардың есепке алынуына негіз болған құжаттардың тізбесі мен нөмірлері. Бұл ретте белгіленген мерзімде келмеген және есепті жолдан келе жатқан материалдар мен тауарлар ретінде есепте тұрған жүктер бойынша оларды іздестіру үшін қандай шаралар жүргізіліп жатқандығын тексеру қажет.

Тиелген сатып алушылар мерзімінде ақы төлемеген тауарлы материалдық қорларға арналған түгендеу тізімдерінде әрбір жеке тиеу бойынша сатып алушының аты, қорлардың атауы, тиеу күні, шот – фактурасының жазылған күні, нөмір және шот – фактура бойынша сомасы жүргізіледі.

Басқа ұйымдардың қоймаларында сақталатын қорлар осы қорлардың сақтауға өткізілгендігін растайтын құжаттардың негізінде түгендеу тізімдеріне енгізіледі. Осы қорларға түгендеу тізімдерінде олардың атауы, саны, сорты, нақты құн (есепке алу деректері бойынша), жүкті сақтауға қабылданған күні, сақтау орын, құжатардың нөмірлері мен күні көрсетіледі. Жауапты сақтауында осы қорлар тұрған ұйымдардан түгендеу тізімдерінің көшірмелері алынған кезде түгендеу тізімдерінің көшірмелерін комиссия нақты бар құндылықтарды (түгендеу тізімдері көшірмелерінің деректері бойынша) құжаттары бойынша белгіленген саны мен салыстырылады.

Басқа ұйымдар да қайта өндеуге тұрған қорларға арналған деректері бойынша нақты құны, запастардың қайта өңдеуге берілген күні, құндылықтардың нөмірлері мен күні көрсетілді.

Ыдыстар тізімдемеге түрі мақсаты сапасы бойынша енгізіледі (жаңа қолданыста болған, жөндеуді қажет ететін және т.с.с.). Тексеру алдында бос ыдыстар түрлері бойынша реттелуі тиіс: ағаштан жасалған ыдыс, картон мен қағаздан жасалған ыдыс, шыны ыдыс, мата немесе материалдан жасалған ыдыс. Жарамсыз болып қалған ыдысты түгендеу нәтижесінде жұмыс комиссиясы бүліну себептері және ыдыс үшін жауапты адамдарды көрсете отырып акт жасайды.

Түгендеу нәтижелерін анықтау үшін бухгалтерия түгендеу тізімдерінің негізінде Қорлар есебін түгендеу нәтижелерін салыстыру ведомостарын жасайды. Оларға тек ауытқушылығы бар запастар ғана енгізіледі.

Ведомостарда қорлардың атауы мен олардың сипаттамасы, түгендеу нәтижелері (артығы мен жетіспеушілігі), есепке алуды нақтылаудың есебінен (артығы, жетіспеушілігі) түзетілуі, қайта сұрыпталуы, түпкілікті қалдықтардың кіріске тіркелуі, түпкілікті жетіспеушілікті есептен шығарылуы көрсетіледі. Тізімге бухгалтер қол қояды; материалды жауапты адамда да түгендеу нәтижелері мен келісетіндігін растау үшін қол қояды.

Түгендеу нәтижелері бухгалтерияда мынандай тәртіппен реттейді:

- артық қалдықтар мен өзара жетіспеушіліктің өзара есебі «Материалдар» бөлімі шоттарының дебеті мен кредиті бойынша бейнелейді.

- Артық болып шыққан құндылықтар  кірістелуі тиіс және олардың  пайда болу себептері мен кінәлі  тұлғалары ашылады; артылып қалған  запастардың сомасына «Материалдар» бөлімшесінің шоттары  (1310-1317)  дебеттеліп, «Негізгі емес қызметтен алынған басқа табыстар», яғни 6160 – шот кредиттеледі. Құндылықтардың жетіспеушілігі, зияны мен бүліну сомасына 1280  «Басқа дебиторлық қарыздар» сомасының  «Құндылықтардың бүлініуінен болған жетіспеушіліктер мен зияны» деген аралық шот дебеттеліп, 1300 – «Қорлар» бөлімшесінің шоттары (1310-1317) кредиттеледі.

- Табиғи кемуінің салдарынан  нормалардың шегінде материалдық  құндылықтардың жетіспеушілігін  өндіріс қалдықтарына есептен шығарады: 1250 «Басқа дебиторлық қарыздар» шоттының «Құндылықтардың бүлінуінен болған жетіспеушіліктер мен зиян» деген аралық шоты кредиттеледі және  7210 «Әкімшілік шығындар», 8048 «Басқа үстеме шығыстар» шоттары және басқалары дебеттеледі.

- Кему нормаларынан тыс жетіспеушілік  запастардың бүлініуінен болу  мүмкін және соған себепті  болған тұлғалар табылмауы мүмкін, сондықтан оған жауапты адамға  қойылған аталып негізсіз болған  жағдайда 3334 «Басқа дебиторлық қарыз»  шотының «Құндылықтардың бүлінуінен жетіспеушіліктері мен зиян» аралық шотының кредитінен 7210 «Әкімшілік шығындар» шотының дебетіне есептен шығырылады.

Қорларды ұрлау, олардың жетіспеушілігі, қасақана жою немесе материалдары бүлдіру кезінде шеккен зиян белгіленген тәртіп бойынша айқындалады.

Түгендеу – бұл барлық материалдардың әр қайсысын біртіндеп санап шығып, одан кейін материалдардың нақтылы қалдығын бухгалтерлік баланстағы қалдығы мен салыстыру. Түгендеу жұмысы материалдардың түгел сақталуын қамтамасыз етуден басты құралды болып табылады.

Әрбір ілімнің өзіне сәйкес пәні болады. Ол сол ілімнің басқа салалардағы ілімнен айырмашылығын, оның өздеріне тән қасиеттерін, шектелуін анықтау үшін қажет.

Тану теориясына байланысты қандай да ілім болмасын, оның пәні объективті шындыққа негізделген. Егер, экономикалық теорияның пәні өндірістік қатынасқа, экономикалық заңдарға байланысты болса, аудитте барлық экономикалық ілімдер сияқты, шаруашылық жүргізуші кәсіпорындардың өндірістік қатынастарын дамыту үрдістеріне негізделген. Бірақта, олар сол үрдістердің белгілі жұмыстарының бір бөлімін ғана қарастырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қорыта келгенде бүгінгі таңда негізгі қорлар туралы жалпы сипаттама алдық. Яғни осы кәсіпорындар  өзінің өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін керекті еңбек құралдарды және материалдық жағдайларды қамтамасыз ету керек. Олар  өндірстік күштердің маңызды элементтері болып табылады және олардың дамуын анықтайды.

Кәсіпорын негізгі қорларының экономикалық мәні мен маңызы ,амортизациясы және  қорлар есебінің кіріске алынуының және  шығыстарының есебі туралы мағынасын ашып көрсеткен. Яғни тереңірек шолу арқылы  кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары, негізгі қорлар туралы, нарықтық жағдайда кәсіпорын меншік формасына байланыссыз өзінің меншілігінің, амортизациясының, пайдасының, кредиттерінің есебінен құрал-жабдықтарды алады, цехтер салатыны туралы нәтижелі шешім шығарумен байланыстырған.

Еңбек үрдісінде негізгі құралдар  өте  жоғары орын алады, өзінің жиынтығында  олар өндірістік-техникалық базасын құрастырады және кәсіпорынның өндірістік күш-құатты анықтайды. Ұзақ уақыт бойы  пайджалану барысында негізгі құралдар  кәсіпорынға  келіп және пайдалануға жіберіледі; тозады; жөндеуге ұшырау арқылы физикалық қасиеттері   қалпына келеді; кәсіпорынның  ішінде ауысады; ескіріп қалғанына байланысты немесе әрі қарай пайдалануды тиімдету үшін кәсіпорыннан шығарылып алынады.

Негізгі және айналмалы қорларды тиімді және үнемді пайдалану кәсіпорынның бірінші деңгейдегі мақсат болып табылады.

Негізгі қорларды  пайдалану тиімділігін  көтеру  жалпы халық  шаруашылығында да өте маңызды орын алады. Осы  мақсатты шешу қоғамға қажетті өнімді өндіру көлемін көбейту, қалыптасқан  өндірістік мүмкіншіліктің қайтаруды ұлғайту және  халықты толығымен қанағаттандыру, мемлекетте жабдықтардың балансын жақсарту, өнімнің өзіндік құнын төмендету, өнімнің өндірісінің рентабелділігін өсіру, кәсіпорынның жиналымдарын көбейту болып саналады. 

Бүгінде өңдеу шығындарының жылдан-жылға қарқындап өсіп келе жатқандығын байқау қиын емес.

Кәсіпорынның негізгі капиталын пайдалану тиімділігін талдап, негізгі құралдарды тиімді пайдалану шараларын қарастырып, қорлар есебінің бухгалтериядағы және қоймадағы есебі және оларды түгендеуі туралы ашып көрсеткен.

Информация о работе Негізгі қорлардың экономикалық мәні мен маңызы