Негізгі қорлардың экономикалық мәні мен маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2015 в 20:32, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты әр бір қоғам даму жолдарын таңдау алдында тұрады. Нарықтық экономикада шынайы экономикалық процестердің қиындығы, олардың қайшылығы және біртекті еместігі қоғамның прогрессивті тенденциялардың дамуына жауап беретін экономикалық саясаттың бағыттарын таңдау үшін айтарлықтай қиындықтар туғызады.
Қазіргі экономика – бұл бір-біріне қайшы келетін топтар қатынасы: нарықтық қатынастар жүйесі және барлық экономиканың саналы реттелуі.

Вложенные файлы: 1 файл

Кәсіпорын негізгі қорларын тиімді пайдалану жолдары .doc

— 894.00 Кб (Скачать файл)

 

 

 

Кесте 1

Шаруашылық операциялардың мазмұны

Шоттар корреспонденциясы

Дт

          Кт

 

Жабдықтаушылардан ҚҚС-сыз түскен материалдар

1310,1330,1350

3310

 

Ассоциациялық және біріккен ұйымдардан ҚҚС-сыз түскен материалдар

1310,1330,1350

3320,3330

 

Жабдықтаушылардан шот фактурасыз есептік бағасымен түскен материалдар

1310,1330,

1350

3310

 

Есеп берушілердің есебінен ҚҚС-сыз алынған материалды қорлар

1310,1350

1250

 

Жеке тұлғалардан ҚҚС-сыз сатып алынған материалдар

1310,1350

3390

 

Келген материалдарды таратуға және жеткізуге кеткен шығындар:

басқа транспортқа

меншікті транспортқа

материалдарды тиегені және  жеткізу жұмыстарына төленетін ақы

 

 

1310,1350

1310,1350

 

1310,1350

 

 

3390

8310

 

3350

 

Негізгі құралдардың жойылу құнынан түскен материалдық құндылықтар

1310,1350

6210

 

Жарғылық қор есебінен түскен материалдық құндылықтар

1310,1350

5110

 

Түгендеу нәтижесінде орын алған материалдық құндылықтарды кіріске алу

1310,1350

6280

 

Касса арқылы төленген материалдарды және шикізаттарды кіріске алу

1310,1350

1010

 

Филиалдардың өзіндік балансында тұрған материалдық құндылықтарды тұтыну бағасымен кіріске алу

1310,1350

3340

 

Шығындалған материалдарды істен шығару:

негізгі өндіріске

             

көмекші өндіріске

 

үстеме шығындарға

 

әкімшілік шығындарға

 

 

8110

 

8310

 

8410

 

7210

 

1310-1350

1310-1350

1310-1350

1310-1350

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2  КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЛАРЫН  ПАЙДАЛАНУДЫ СИПАТТАУ

2.1 Кәсіпорынның негізгі капиталын  пайдалану тиімділігін.

 

Өндірістік негізгі қордың құрылымы қоғам арасында салынатын қаражат салмағының айырмашылығын көрсетеді. Яғни актив бөлігінде негізінен өндірістің айнымалы қаржыларының жұмсалуы көзделеді. Сондай-ақ өндіріске қызмет ететін шешуші бөлімнің және  өндірісте сипатталуға мүмкін болатын кәсіпорын шығарған бұйым, сонымен қатар құрал-саймандар яғни өнімді өндіруге қатысатын негізгі қорлар жатады. Негізгі қордың актив бөлігінің өсуі өндірісте еңбек өнімінің артуына өндірістің тиімді дамуына әсер етеді. Пассив бөлігіне ғимараттар, транспорттар, беріліс қондырғылар жатады. Олар өндіріс процесінде бірнеше рет қатысып өндірістің актив бөлігінің тиімді жұмыс жасауын қамтамасыз етеді.

Жоғарғы көрсеткішті қор қайтарымынан шығарылған басқа да өнім шарты, өндірістік негізгі қор айналымының үлес құнына тең. Сондықтан кәсіпорынның ақшалай жинағын көбейту, өзіндік құнды төмендету, өндіріс шартын өсіру, негізгі қор құрылымын жақсартуды қарау. Негізгі қор есеп және жоспарын ақшалай немесе заттай үлгіде жүргізеді. Негізгі қорлар бағасы амортизациялық есеп көлемі, тозу деңгейі үшін қажет.

Негізгі қор бағасының олардың өндіріс процесіне қатысуына байланысты бірнеше түрі бар. Олар:

  1. Бастапқы құн
  2. Қалдық құн
  3. Қалпына келтіру құны

Негізгі  өндірістік  қорлардың  бастапқы   құны-бұл қорларды жасақтауға

немесе сатып алуға шығындалған сома. Ол амортизация нормасын, амортизациялық есеп көлемін, кәсіпорын активінің пайдасы мен рентабельділігін, олардың пайдалану көрсеткішін анықтау үшін қолданылады.

Негізгі қорларды пайдалану процесінде олар тозып, біртіндеп бастапқы

құнын жояды. Олардың шын өлшемінен тозған құнын алып тастау керек. Міне, осы негізгі қордың қалдық құны болып табылады, яғни қалдық құн - негізгі қордың бастапқы құны мен тозу сомасының айырмашылығы болып табылады.

Негізгі қордың қалпына келтіру құны - ісжүзіндегі еңбек құралдарының сол периодтағы бағадағы құны. Бұл қазіргі кездегі негізгі қорды өндіруге шығындалған сома, ол қорларды қайта бағалау кезінде қойылады. Негізгі қордың қалпына келтіру құнын бағалау шешімі тез өсіп, кәсіпорындардың қаржылық-экономикалық көрсеткішін төмендетеді. Сондықтан кәсіпорын үшін, қаржылық көрсеткішінің төмендетілген бағасын амортизация коэффициенті қабылдайды.

Негізгі кәсіпорынның айналымы мына сатылардан тұрады:

  1. Негізгі қорлардың тозуы: табиғи және моралдық тозу.

а) табиғи және моралдық тозуы, яғни еңбек құралының тұтыну бағасын жойған кез.

Табиғи тозу мына жағдайда болады:

- Дайын өнімнің құнымен қалпына  келтіретін еңбек құралының пайдалану  процестері

-   Еңбек құралдарының іске  пайдаланылмай тұруына құралдардың  құны

жойылады.

Негізгі қордың бірдей элементтері табиғи тозу теңсіздігінен шығарылған. Толық және ішінара тозудың негізгі қордағы айырмашылығы: толық тозу - үшін қорға жаңадан тарату немесе айырбастау (негізгі қордағы капиталдық құрылыстың тозуын ағымдық ауыстыру), ішінара тозу - жолдық ремонттарды өтеу.

Табиғи тозу өндірістік қызмет мерзімін процентпен белгілейді, яғни мына формуламен анықталады: (Иф)

Иф=Tф/Tн*100           (5)

Мұндағы Tф-өндірістік негізгі қордың нақты қызмет мерзімі, жыл

Tн-нормативті қызмет мерзімі, жыл.

Кездейсоқ, нақты қызмет мерзімін салыстыру мөлшері немесе оның алдын-алу, табиғи тозу пайызы мына формуламен анықталады:

 Иф=Тф/Тф+Тв*100      (6)

Мұндағы: Тф- өндірістік негізгі қордың нақты қызмет мерзімі, жыл

Тв-өндірістік негізгі қордың қызмет мерзімінің мүмкіндігі, жол     экспортын санау, жыл.

б) моралдық тозу көнеруден туады. Негізгі қаржы конструкциясы өнімділігі, тиімділігі, үнемділігі бойынша анықталады. Негізгі өндірістік қордың құнсыздануы.

Моралдық тозу көлемін бағалау:

  1. негізгі капиталдың толық және алғашқы құны = еңбек құралын оны

пайдалану бағасы бойынша сатып алу.

  1. Негізгі капиталдың қалдық құны - толық құны - амортизация
  2. Негізгі капиталдың қалыпқа келтіретін құны - іс жүзіндегі еңбек

құралдарының сол периодтағы, бағадағы құны

Моралдық тозудың алғашқы үлгісінде (ИМ1) бастапқы құнды қалпына келтіру, негізгі қордың салыстырмалы бағасы мен немесе пайызбен анықталады. Оның формуласы мынадай болады:

ИМ1=Пн - Пс / Пн * 100        (7)

Мұндағы Пс және Пн - өндірістегі жаңа және моралды көнеру  машиналарының сәйкестігі.

Табиғи және моралдық тозу есебінде қорды қалпына келтіру құны, қызмет мерзімі алмастырылған және амортизация нормасы мен суммасын анықтау көзделген.

Келесі топ көрсеткіштері негізгі қордың актив бөлігін пайдалану деңгейін және өндірістік қуатты, сонымен қатар оларды пайдалануды жақсарту мүмкіншіліктерінің жасырын резервтерін сипаттайды. Оларға негізгі қорларды интенсивті, экстенсивті, және интегралды пайдалану коэффициенті кіреді [49].

Экстенсивті пайдалану коэффициенті (Кэ), НӨҚ актив бөлігін пайдалану деңгейін сипаттайды. Ол құрал-жабдықтардың  істелген уақыттың қордың календарлық уақытына қатынасы (Тк):

Кэ =Тф/ фреж              (8)

Құрал-жабдықтарды экстенсивті пайдалану коэффициентінің мәні бірлікке жақындауы тиіс

Интенсивті пайдалану коэффициенті (Ки)- бұл көрсеткіш маштналар мен жабдықтардың пайдалану деңгейін мінездейді:

Ки  = Пф / Пв                (9)

Мұндағы, Пф – машиналар мен жабдықтардың нақты өндірісі;

Пв – машиналар мен жабдықтардың өндірістік мүмкіншілігі.

Интегралды коэффициент (Кинт) - бұл көрсеткіш маштналар мен жабдықтардың  уақыт және қуаттылығы бойынша пайдалану деңгейін мінездейді:

(Кинт) = Кэ * Ки                (10)

 

 

2.2 Негізгі құралдарды тиімді  пайдалану шаралары

 

Өнеркәсіптің дамуының маңызды мақсаттарының бірі  ең алдымен оның тиімділігін  көтеру  және шаруашылықтың ішкі резервтерін толығымен пайдалану есебінен өндірісті қамтамасыз ету. Ол үшін негізгі өндірістік қорлар  тиімдірірек пайдалану керек.

 Өнеркәсіп  өнімінің өндірісінің  көлемін ұлғайту келесілер есебінен жеткізіледі:

1. негізгі қорларды іске қосу;

2. пайдаланылып жатқан негізгі  өндірістік қорларды пайдалануды  жақсарту.

 Өнеркәсіптің, олардың салаларының  және кәсіпорындардың  негізгі  қорлардың өсуі  жаңадан құрылыстар  арқылы қол жеткізіледі, және сонымен бірге қайта құрастыру және жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарды кеңейту  арқылы жүзеге асады. Жалпы өнеркәсіпте  өнім өндірісінің  өсімін  жыл сайын жаңадан іске қосылатын  қорлардан артық болатын жұмыс істеп жатқан негізгі өндірістік қорлар арқылы алуға болады.

 Негізгі өндірістік қорларды  пайдалану  деңгейін анықтау үшін  өндірілген өнімнің натуралды  және құндылық (ақшалай) бірліктерде    және уақыт бірліктерінде қолданылады.  Өндірістік күш-құатты  пайдалануын  есептеу үшін   өнім өндірісінің  көлемінің  тек натуарлды көрсеткіштері пайдаланылады.  Негізгі қорларды пайдаланудың натуралды бірліктері  ең алдымен  салыстырмалы бір типтік  өнім  өндірілетін өнеркәсіп өндірісінің салаларының кәсіпорындарында пайдаланылады.  Өндірістік  күш-құаттарды жоспарлау және қазіргі жағдайларын талдау барысында  қолданылатын, жабдықтардың балансын құрастыру барысында және т.с.с . негізгі өндірістік қорларды пайдаланудың  натуралдық  көрсеткіштері    дегенмен  кәсіпорынның, саланың, жалпы өнеркәсіптің негізгі  өндірістік қорлардың жалпы жиынтығын тиімді пайдаланудың жалпы сипаттамасын көрсетпейді.

 Шаруашылық қызметті жалпы  талдау үшін , күрделі салымдарды  жоспарлау үшін, өнеркәсіптің барлық  звеноларының негізгі қорларын   және өндірістік күш-құатты іске қосу үшін өндірістің тиімділігі көрсеткіші, негізгі қорлардың бірлігіне  есептегенде өнім өндірісі  -  қорқайтарымы көрсеткіші деп аталатын  маңыздылығын алуда. Сонымен бірге қорқайтарымының кері көрсеткіші – қорсыйымдылығы көрсеткіші пайдаланылады.  Қорқайтарымның  көрсеткішін анықтау барысында құндылық   және натуралдық өлшемдер бірліктері қолданылады.

 Негізгі қорлардың неғұрлым  толық пайдалануы  өндіріс көлемінің  өзгеруі барысында өндірістік  күш-құаттардың жаңасын іске қосу  қажеттіліктерді төмендетуге әкеледі,  сәйкесті  кәсіпорынның пайдасын тиімді пайдалануына жеткізеді(тұтыну қорына пайдадан салымдардың үйлесін көбейтуге, тұтыну қордың жоғары  бөлігін технологиялық  үрдісті механикаландыруға және автоматтандыруға бағыттауға және т.с.с. ).

 Негізгі қорларды  пайдалануды жақсарту сонымен бірге олардың айналымдарын жеделдету деп саналады.  Бұл  физикалық және моралдық тозу мерзімдерінде айырмашылықты қысқарту мәселелрді шешуге ықпалдасады, негізгі қорлардың қарқынын жеделдетуге мүмкіндікті  туғызады.  Негізгі қорларды тиімді пайдалану  қазіргі уақыттың экономикалық реформалардың тағыда басқа басты мақсатпенен тығыз байланысты — өндірілетін өнімнің сапасын жоғарлату, өйткені нарықтық бәсеке жағдайында  жоғары сапалы өнім жедел өткізіледі және жоғары сұранысқа иеленеді.

 Жұмыс істеп жатқан негізгі  қорларды және өнеркәсіп кәсіпорындардың  өндірістік құаттарын және соның  ішінде  жаңадан іске қосылғандардың  пайдалануын  жақсарту келесі  есебінен жеткізілу мүмкін:

-өндірістік күш-құаттарды және  негізгі қорларды пайдалану интенсивтілігін жоғарлату;

-оларды толтыру экстенсивтілігін  жоғарлату. Өндірістік күш-құаттарды  және негізгі қорларды анағұрлым  интенсивті пайдалану ең алдымен  соңғыларды техникалық  жетілдіру  есебінен жеткізіледі.

 Өнеркәсіп кәсіпорындардың  тәжірибесі жабдықтардың бірлігінің күш-құатын көбейту үрдісі қалыптасқанын көрсетеді:

-станоктарда, машиналарда және  агрегаттарда ең жауапты  бөлшектер  мен тораптар нығайтылады;

-өндірістік үрдістердің негізігі  көрсеткіштері жоғартылады(жылдамдық, қысым, температура).

-тек  негізгі өндірістік үрдістер  мен операциялар механикаландырылып  және автоматтандырылып қана  қоймайды, сонымен бірге  көп жағдайда  өндіріс барысын және жабдықтарды  пайдалануды баяулататын қосалқы  және көліктік операциялар да  осындай үрдістерге ұшырайды.  Ескірген машиналар модернизацияланады және анғұрлым жетік жаңаларменен ауыстырылады.

Информация о работе Негізгі қорлардың экономикалық мәні мен маңызы