Негізгі қорлардың экономикалық мәні мен маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2015 в 20:32, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты әр бір қоғам даму жолдарын таңдау алдында тұрады. Нарықтық экономикада шынайы экономикалық процестердің қиындығы, олардың қайшылығы және біртекті еместігі қоғамның прогрессивті тенденциялардың дамуына жауап беретін экономикалық саясаттың бағыттарын таңдау үшін айтарлықтай қиындықтар туғызады.
Қазіргі экономика – бұл бір-біріне қайшы келетін топтар қатынасы: нарықтық қатынастар жүйесі және барлық экономиканың саналы реттелуі.

Вложенные файлы: 1 файл

Кәсіпорын негізгі қорларын тиімді пайдалану жолдары .doc

— 894.00 Кб (Скачать файл)

Өзіндік  капитал рентабелділігі:

Р өк =  *100%         (2)

Мұнда:

 К  ө –  өзіндік  капитал.

 Жалпы рентабелділік пайданың негізгі өндірістік және айналым қорларының орта жылдық құнына қатынасын есептеледі:

Жалпы рентабелділік:

Р ж =         (3)

Мұнда:

П б  − баланстық пайда, яғни қызмет түрлері бойынша кәсіпорын байлансындағы пайданың  жалпы сомасы;

НӨҚ және АӨҚ − негізгі өндірістік және айналым қорларының орта жылдық құны.

Кәсіпорынның негізгі қорларының тиімділігін көтеру барысында қорлардың қорқайтарымы көрсеткіштерін есептейді.

Қор қайтарымы:

Ф қ =                                                                                    (4)

Мұнда:

Q – өндірілген өнім көлемі (ақшалай  түрінде);

Ф орт. – негізгі өндірістік қордың орташа жылдық құны.

Бұл  формула негізгі өндірістік қорларды пайдалану деңгейін талдау үшін пайдаланылады. Ол өндірім мен еңбек қордың жарақтанғандығының  арасындағы өзара  байланысты  көрсетеді. Егер де еңбек қор  жарақтағанға  қарағанда  өндірімнің   қарқыны  өте  жоғары    өсетін  болса,  онда   бұл  өте  оңды   нұсқа   болып  есептеледі.  Өйткені,  осы жағдайда ғана өндірістің тиімділігі ең жоғары дәрежеге жетеді. Қор қайтарымның  қарсы  көрсеткіші – өнімнің қор сыйымдылығы (Ф с). Бұл өнімнің өлшеміне  шаққандағы  негізгі   қордың  құнын  сипаттайды  (теңге).

 Қор сыйымдылығы:

Ф с = (5)

Қор қайтарымы көрсеткішінің артуы және өнімнің қор сыйымдылығының төмендеуі негізгі қорларды пайдалануды жақсартатынын немесе керісінше көрсетеді. Негізгі қорларды пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін олардың жүктеме деңгейлерін, әсіресе олардың активтік бөлігін арттыру, қорларды жаңарту, үдемелі жабдықтарды, қазіргі технологияны, билікті қызметкерлерді пайдалану қажет. Сонымен бірге, негізгі қорлардың қандай деңгейде пайдаланатынын, жалпы  және жеке көрсеткіштер арқылы  есептеп шығаруға, өзгерістердің  пайда болу себептерін зерделеуге, өнім өндірісінің көлеміне, басқа көрсеткіштерге негізгі қорлардың қаншалықты ықпал ететінін есептеуге, кәсіпорынның  және  құрал-жабдықтардың  өндірістік  қуаттылығының пайдалану дәрежесін зерттеуге, негізгі құралдардың тиімді пайдалану резервтерін  шығаруға  экономикалық  талдаулардың   тиімділігі  зор.

Талдау  жасау  әдетте  негізгі  қорлардың  көлемін,  олардың  динамикасы мен құрылымын зерттеуден басталады. Біз айтып кеткендей, қорлар  өндірістік  және  өндірістік  емес  болып  бөлінеді.

 Кәсіпорындардағы өндіріс тиімділігін  жоғарылатудың маңызды факторларының  бірі – негізгі  қорлармен  қамтамасыз  етілуі,  олардың  керекті мөлшерде,  ассортиментте  және  толықтай пайдалануы күтіледі.

 Кәсіпорынның  өндірістік  қуатын  өндірістік   қорлар  анықтайды, әсіресе, белсенді бөлігін (жұмыс машиналары мен құрал-жабдықтар) және енжар бөлігін де ерекшелеу керек. Сонымен бірге, бөлек топтарды өзіндік қызметі бойынша (өндірістік бағыттағы ғимарат, қоймалар, жұмыс машиналары мен күш машиналары, жабдықтар, өлшеуіш приборлар мен құралдар, көлік құралдары және т.б.) бөліп көрсетеді. Мұндай детализация құрылымды оптимизациялау негізінде пайдалану тиімділігін жоғарылату резервтерін шығарып көрсетуге қажет болады.

 Келесі талдау жасаудың қадамы  – кәсіпорынның негізгі өндірістік  қорлармен қамтамасыз етілуі зерттеледі. Машиналардың кейбір түрлерімен, механизмдерімен,  құрал-жабдықтармен,  ғимараттармен  қамтамасыз  етілуі өнім  өндірісінің  нақты  көрсеткішінің  және  жоспарлы  көрсеткішінің салыстыру  қажеттілігімен орындалады.

 Келесі формуларда кәсіпорынның қормен қамтылуын есептеуге болады.

Қормен қамтылу:

Ф қамт  =         (6)

Мұнда:

S өнд–өндірістік алаң ауданы, га

Қормен қарулануы және техникалық қарулануы кәсіпорынның негізгі өндірістік  қорларының деңгейін, жалпы өнімі көрсеткіштерін қамтамасыз етілуі  еңбектің  қормен қарулануы мен техникалық қарулануы болып табылады.  Жалпы еңбектің қормен қарулануы орташа жылдық өндірістік қорлардың құндылығының ең көп ауысымдағы ортатізімдік жұмысшылар санына  қатынасы  болып  есептелінеді.

Еңбектің  техникалық  қарулану деңгейі өндірістік жабдықтардың ең көп ауысымдағы ортатізімдік жұмысшылар санының қатынасымен анықталынады.  Оның өсу қадамы еңбектің өнімділігінің  жоғарылауымен сәйкес болады. Еңбек  өнімділігінің өсімі еңбектің  техникалық  қаруланумен салыстырғанда ілгерілеу қозғалуы кәсіпорын  үшін  тиімді болып есептелінеді.

Қормен қарулануы:

Ф қ.қ. =                                                                             (7)

Мұнда:

Ж өөп – өнеркәсіптік-өндірістік персоналдардың саны.

Негізгі өндірістік қорларды пайдалану тиімділігін жоғарылатуға бағытталған нақты жобаларды жасап шығаруды ұйымдастыру үшін соңғы жылдарда   қандай   деңгейде   пайдаланғаны  туралы  толық  талдаулар жасалуы қажеттілігін туғызады. Осы үрдіс кезеңінде өндірістік қорларды пайдаланудағы кемшіліктерді тауып, оларды шешу жолдарын анықтау қажеттілігі пайда болады.  Келесі формулада кәсіпорындардың негізгі қорларды тиімді пайдалану барысында инстенсивті коэффициентін есептеп шығарады.

Интенсивті коэффициент:

К инт. =            (8)

Мұнда:

Ө ф  және Ө м – құрал-жабдықтың фактілі және мөлшерлі өнімділігі.

Келесі формуламызға қарап, кәсіпорынның негізгі қорларды пайдалануда өндірілетін өнімнің санына, көлеміне байланысты экстенсивті коэффициентті қолданады.

Негізгі өндірістік қорлардың нәтижелілігін арттырудың аса маңызды факторларының  бірі – жабдықтардың  пайдалануын  жақсарту. Ол үшін олардың  жұмыссыз  тұрып  қалуын  азайту,  ауыстыру коэффициентін көбейту жолымен  қол жетеді[12, 197б].

Негізгі қорларды пайдалану мерзімі (қызмет ету мерзімі) өндірістік процесс  барысында  техникалық  прогресс  жағынан  да, негізгі қорлардың жаңа түрлерін жасауға кететін тиімділігі жоғары капитал салымдарын пайдалану жағынан да маңызы зор болады.

Негізгі қорларды және айналым қорларды үнемді, әрі рационалды пайдалану  әрбір  кәсіпорынның  басты  міндеттердің  біріне  жатады. Әрине,  кез  келген  кәсіпорынның  қалыпты  жағдайда  қызметі  үшін негізгі құралдармен бірге айналым құралдары қажет болады, олар ақша құралдары  ретінде  қолданылып,  негізгі  қорларды  және  айналым  қорларды сатып алуға кетеді. Кез келген кәсіпорынның басты міндеттердің бірі – жалпы қоғамдық өндірістің сапасы мен тиімділігін жоғарылату және капитал алымдары мен негізгі  қорларды  қайтарымын  үлкен  көлемде  ұлғайту,  себебі,  олар  елдің өндірістік  күштердің  құрама  бөлігі,  материалдық  базасы  болып  табылады.

Негізгі құралдарының сандық өсімі мен сапалық жақсару ғылыми-техникалық прогрестің негізінде құралған болса, онда ол еңбек өнімділігінің жоғары қарай өсуінің шешуші қадамы ретінде есептеуге болады.

Негізгі  құралдардың  құрылымы  бойынша  барлық  негізгі  қорлардың жалпы  құндылығының  үлес  салмағы  ретінде  анықталынады.

Негізгі қорлардың сыныптамасы, құрамы мен құрылымы бойынша талдап, олардың жұмыс істеуге жарайтын қалыпта сақтау және тиімді пайдалануын қарастырамыз.

 

 

1.2. Негізгі қорлардың тозуы мен амортизациясы

 

Негізгі қорлар кәсіпорын қызметіне бірнеше ұзақ жылдар бойы қызмет етеді де,  физикалық және моральдық тозу процесіне ұшырайды.

Негізгі қорлар адам күшімен, жылдар мерзімдерінің әсерімен, техникалық  және экономикалық факторлардың ықпалы  арқылы   олар  өзіндік  ерекшелігін,  үлгісін  бірте-бірте  жояды,  жарамсыздыққа  әкеледі, сөйтіп  алдағы  кезде  өз  бернелерін  орындауға  мүмкіндіктері  болмайды.

Негізгі қорлардың тозуы –құндылықтарының пайдалану кейпінде не болмаса жұмыс істемейтін күйінде негізгі қорлардың тұтынушылық ерекшеліктері мен бөліктік немесе толық ысырапқа ұшырауы.

Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары өндірістік ауыспалы айналымын  жасайды. Ол мынадай сатылардын тұрады:

−Негізгі қорлардың тозуы;

−Амортизация;

−Негізгі қорларды толық қалпына келтіру үшін қаражаттың қорлануы;

−Негізгі қорларды күрделі қаржы жұмсау арқылы ауыстыру.

Өндіріс процесіне қатысуымен негізгі қорлардың кез келген объектілері:

−Табиғи;

−Сапалық тозуға ұшырайды.

Негізгі қорлардың табиғи немесе физикалық тозуы олардың өндіріс процесіне қатысу нәтижесіне және негізгі қорлардың пайдалануға тікелей қатыспай-ақ түрлі сыртқы факторлар әсерінен: ылғалдан, атмосфералық  құбылыстар нәтижесінде, металдардың тот басуымен, ескіруінен пайда болады.

Негізгі қордың табиғи тозуы – олардың өндірістік тұтыну барысында және  табиғат күшінің  әсерінен тұтыну құнын бірте-бірте жоюы. Табиғи тозған негізгі қорларды біртіндеп жөндеу, қайта құру немесе жаңалау жұмыстары арқылы бұрыңғы қалпына келтіруге болады.

Табиғи тозу жөндеу, қайта құру және негізгі қорларды  жаңғырту арқылы  ішінара қалпына келеді. Экономикалық әдебиеттердің көрсетуі бойынша физикалық тозудың мына формуласын пайдалана аламыз.

Физикалық тозу:

И ф =          (12)

Мұнда:

Т ф  және  Т н – НҚ-дың актілі және нормативті қызмет көрсету мерзімі.

Негізгі қордың сапалық тозуы – қор түрлерінің конструкциясы, өнімділігі,  үнемділігі, сапалы  өнімдер  шығаруы  жағынан  жаңа үлгіден  кейін  қалуы.      Демек,  экономикасы   дамыған   елдерде  негізгі  қорды ауыстыруда  сапалық  тозу қажеттілік ретінде басты  айқындаушы  фактор болып табылады.

Негізгі қорлардың сапалық немесе моральдық тозуы техникалық прогреске  өндіріс  әдістерін  жетілдіруге  және  жаңартуға байланысты  болып  келеді. Техника мен технологияны жетілдіру жұмыс істеп тұрған негізгі қорлардың  арзандауына  ықпал етеді.  Осыған  орай, пайдаланудағы  негізгі қорлардың өздерінің  құнының  бөлігін  жоғалтып  құнсызданғаны байқалады.

Келесі формула арқылы біз моральдық тозудың есептелеулерімен      танысамыз. 
Бірінші ретті моральді тозу:

U u 1 =        (13)

Мұнда:

Ф қалпына келтіру – НҚ қайта қалпына келтіру құны.

Екінші ретті моральді тозу:

U u 2 = 100%       (14)

Мұнда:

N 1 , N 2 – жаңа және ескі құрал-жабдықтар  өнімділігі.

Сапалық тозудың екі нысанын көрсетеді.

Бірінші нысаны бойынша,  негізгі қорларды дайындайтын салалардағы еңбек құралдарының өнімділігінің жоғарылауы нәтижесінде олардың құндылығының жоғалтуы байқалады. Жаңа машиналар арзандай түсіп, ал жұмыс істеп тұрған қорлар экономикалық тұрғыда сапалық жағынан ескіреді.

Сапалық тозудың екінші нысаны бойынша, өнімділігі жоғары, жаңа техника-экономикалық өлшемдерімен ең керемет негізгі қорлардың пайда болуы еңбек құралдарының құндылығының жоғалтуларына себепші болады.

Сапалық тозу – экономикалық категория болып табылады. Табиғи және физикалық тозу заңдылығын зеттеу негізінде берілген еңбек құралдарының экономикалық ескіру мерзімі анықталады. Еңбек құралдары өз ретінде негізгі қорлардың бекітілетін нормативті мерзімнің негізінде жатады.

Машиналардың,  жабдықтардың,  үйлер  мен  ғимараттардың  барынша  жаңа неғұрлым жетілдірілген және үнемді тұқымдарын, көпжылдық өсімдіктермен  сұрыптарын  өндіріске  енгізуге байланысты пайдаланып жүрген  негізгі  қорларды  бұдан  әрі  пайдалану экономикалық  жағынан тиімсіз  болып  қалады.

Негізгі қорлардың сапалық тозуын мынандай факторлар арқылы анықтайды: өндірісте және жабдықтарды жаңартудағы жаңалықтар; технологиялық процестерді  жетілдіру  –  жаңа  технологияны  қолданған  кезде   пайдаланудағы машиналар мен жабдықтар жарамайды; шығарылатын  өнімдердің номенклатураларын өзгерткенде және жаңартқанда; жұмысшылардың күштерінің еңбекке қамтылуындағы, жұмысшылар біліктілігінде,  өндірісте  орналастыру  географиясындағы  өзгерістер өндірістің және пайдаланылатын машиналар мен жабдықтар санының  азайтылуын  талап  етуі  мүмкін.

Сапалық  тозу  ескірген негізгі  қорлар  өзінің  конструкциялық, өнімділік,  үнемділік, шығарылған өнімнің сапасы жөнінен жаңа үлгіден қалып қоятынын   білдіреді.  Сондықтан,  негізгі  қорларды әсіресе, олардың активтік бөлігінен  дүркін-дүркін  ауыстырып  отырудың  қажеттілігі  туады.

Осыған байланысты қазіргі экономикада айырбастудың анықтаушылық  қажеттіліктің басты  факторы  – сапалық тозу болып табылады[19, 69б].

Негізгі қорларды  пайдалану  процесінде табиғи және моральдық жағынан тозады. Олардың жекелеген бюджеттері негізгі бөлшектер мен детальдардың құрылымының элементтері негізгі қорларды тұтастай алғандағымен  салыстырғанда неғұрлым қысқа мерзімде тозады.

Кәсіпорынның негізгі міндеті болып саналатыны – ол негізгі өндірістік қордың шамадан  тыс  ескіріп  қалмауына  жол  бермеу  (әсіресе, активтік бөлігі), себебі, олардың жеке және сапалық тозуының деңгейі және кәсіпорынның   жұмысының   нәтижесі  осыған   байланысты  болады. Сонымен  бірге,  негізгі  қорлар  уақытынан  бұрын  тозып  кетпеу  үшін  оларды  мезгіл сайын жөндеп тұру қажет. Ұйымдастыру техникалық белгілеріне қарап    жөндеуді  күрделі  және  жай  етіп  бөледі.

Информация о работе Негізгі қорлардың экономикалық мәні мен маңызы