Негізгі қорлардың экономикалық мәні мен маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2015 в 20:32, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты әр бір қоғам даму жолдарын таңдау алдында тұрады. Нарықтық экономикада шынайы экономикалық процестердің қиындығы, олардың қайшылығы және біртекті еместігі қоғамның прогрессивті тенденциялардың дамуына жауап беретін экономикалық саясаттың бағыттарын таңдау үшін айтарлықтай қиындықтар туғызады.
Қазіргі экономика – бұл бір-біріне қайшы келетін топтар қатынасы: нарықтық қатынастар жүйесі және барлық экономиканың саналы реттелуі.

Вложенные файлы: 1 файл

Кәсіпорын негізгі қорларын тиімді пайдалану жолдары .doc

— 894.00 Кб (Скачать файл)

 Негізгі қорларды қарқынды  пайдалану  технологиялық үрдісті  жетілдіру жолымен жоғарлайды;  бір текті өнімнің өндірісінің  оптималды шоғырлану базасында  өндірістің үздіксіз ағынын ұйымдастыру, оны  өндірілетін өнімнің сапасы және берілген технологияның талаптарына сәйкес дайындау;  кәсіпорындардың, цехтардың және өндірістік учаскелерідің, басқа да біраз шараларды жұргізу  жұмысының  бірқалыпты, жұмысының ырғақтығын қамтамасыз ету.  Өз кезегінде бұл  еңбек заттарын  өңдей қарқынын, жылдамдағын көбейтуге және  уақыттың бірлігіне, жабдықтардың  бірлігіне немесе өндірістік алаңның 1 шаршы метіріне  өнім өндірісін көбейтуді қамтамасыз етеді.

 Жұмыс жасайтын кәсіпорындардың  негізгі қорларын  қарқынды пайдалану жолы олардың техникалық қайта жарақтануды, негізігі қорларды жаңарту қарқынын көбейтуді еңгізеді.  Өнеркәсіптің біраз салаларының  жұмыс жасау тәжірибесі  жұмыс істеп жатқан фабрикалар мен зауаттардың  техникалық қайта жабдықтауды көрсетеді.  Әсіресе бұл негізігі  қорлардың   анағұрлым тозу жағдайында кәсіпорындар үшін өте маңызды.

 Негізгі қорларды пайдалану  экстенсивтіілігін жақсарту  бір  жағынан  күнтізбелік кезеңде (ауысым, тәүлік, ай, тоқсан жыл барысында) жұмыс істеп жатқан жабдықтардың жұмыс уақытын ұлғайтуды көздейді, ал екінші жағынан  кәсіпорында және оның өндірістік звеносында бар жалпы жабдықтардың құрамында  жұмыс істеп жатқан жабдықтардың  санын және үлес салмағын  көбейтуді көздейді.

 Жабдықтардың жұмыс уақытын көбейту  келесі есебінен қол жеткізіледі:

 Әр бір өндірістік бөлімінде   жабдықтардың  белгілі бір топтарының  өндірістік күш-құаттар арасындағы  пропорцияларды  қолдау , кәсіпорынның  цехтары арасында,  өнеркәсіптің  әр бір саласының ішінде белгілі бір өндірістердің арасында, өнеркәсіптің салаларының дамуының қарқындары мен пропорциялары арасында және жалпы халық шаруашылық бойынша пропорцияларды  қолдау;

 Негізгі қорларды күтіп пайдалануды  жақсарту, пайдаланылатын  өндіріс  технологиясын ұстану, жабдықтарды дұрыс пайдалануға ықпалдасатын өндірісті және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру,  тұрып қалғанды  және бұзылғанды болдыртпай алдын алу, жабдықтардың жөндеумен байланысқан тұрып қалғандарын  қысқартатын  және жендеу арасындағы кезеңді ұлғайтатын өз уақытында және сапалы жөндеуді жүзеге асыру;

 Жұмыс уақыттың шығындарында  негізгі өндірістік операциялардың  үлес салмағын  көбейтетін шараларды  жүзеге асыру, өнеркәсіптің біраз  салаларының  кәсіпорындардың жұмысында  мауысымдылықты  қысқарту, кәсіпорынның жұмысынынң ауысымдылығын көтеру;

 Жабдықтарды жөндеу  қызметінің  сапасын көтеру жолмен жабдықтардың  ауысым ішіндегі жұмыссыз тұрып  қалған уақыты қысқарту және  мүлдем жою, жұмысшы күшпен, шикі  затпен, жағар-жанар маймен, жартылай  фабрикаттармен   негізгі өндірісті  өз уақытында  қамтамасыз ету;

 Жабдықтардың бір тәулік  бойы  жұмыссыз тұрып  қалғанын  қысқарту, оның жұмысының  ауысымдылық  коэффициентін көтеру.

 Кәсіпорындарда жұмыс істеп  тұрған станоктар, машиналар және  агрегаттардан басқа жабдықтардың белгілі бір  бөлігі  жөндеуде және резервтерде болады, ал тағы бір бөлігі – қоймаларда. Орнатылмаған жабдықтардың  өз уақытында жасалған монтажы, және сонымен бірге  жоспарлы жөндеуде және резервте  тұрғанғандарды есептемегенде   барлық орнатылған жабдықтарды  іске қосу негізгі қорларды  пайдалануды жақсартаты.

 Жабдықтардың жұмысының  ауысымдылық  коэффициентін көбейту мақсатты  шешу барысында ең алдымен  көптеген кәсіпорындарда  ең  алдымен жұмысшы күштің жетіспеушілігінен  пайдаланылатын негізгі жабдықтар  толығымен қолданыста жоқ екенін естен шығармау  керек.

 Негізгі өндірістік қорларды, өндірістік күш-құаттарыды  пайдалануын  жақсарту және еңбек өнімділігін  өсірудің мәселелерін  табысты  шешуіне  ірі өндірістік  бірлестіктерді  ұйымдастыру үлкен әсер береді.  Сонымен бірге  жұмыс істеп тұрған  кәсіпорындардың  өндірістің мамандандырылуына және техникалық қайта жарақтануына  үлкен көңіл аударылады,  олардың  мамандануына тән емес өнімнен бас тарту,   ірі  индустриалды  орталықтарға тартылатын, жұмысшы күштің  резервтері қалыптасатын  кішігірім және орташа қалаларда мамандандырылған  өнеркәсіп объектілерін  құрастыру.

 Жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарда  мамандандырылуын дамытуға  бағытты  жүзеге асыру барысында  бұл  оның өндірістік құрылымын қарапайымдатады, қосалқы және қызмет көрсету  бөлімшелер есебінен  жұмысшы күшті босатады, сонымен  негізгі цехтардың екінші ауысымдарын  қалыптастырады және ауысымдылық  коэффициентін  көтереді.

 Ауысымдылықты  көтерудің маңызды  жағдайының бірі өндірістік  үрдістерді  механикаландыру және автоматтандыру  болып табылады, және ең бірішінден  қосалқы өндірістерде,  өйткені  бұл  механикаландырылмаған ауыр жұмыстардан  адамдарды  екінші ауысымдағы  квалификацияланған жұмыстарға  ауыстыруға мүмкіндік жасайды.

 Көтеру-тасымалдау, жүкті тиеу және түсіру және қоймадағы жұмыстарды  механикаландыру қарқынын жеделдету  өнеркәсіп  кәсіпорындарда  негізгі және қосалқы өндірісті механикаландыру деңгейінде орын алатын диспропорцияларды  жою үшін,  қосалқы жұмыстардың  біраз көлемін  босатуда, жұмысшы күштермен негізгі цехтарды толықтыруды қамтамасыз етету үшін, жұмыс күшін қосымша тартусыз жұмыс жасап жатқан кәсіпорындарда  өндірісті кеңейту және кәсіпорындардың жұмыстарының  ауысымдылық коэффициентін көбейтуде негіз болып табылады. Жұмысшы күште тапшылықты сезінетін ірі  қалаларда  жабдықтарды қайта құрастыру, кеңейту,  өндірісті механикаландыру  және автоматтандыру,  өндірісті және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру  жолымен  кәсіпорындарда  жұмыс жасайтын негізгі қорларды пайдалануын жақсартуда мәселені шешуде  өте маңызды рөлды алады.

 Негізгі өндірістік қорларды  пайдалану тиімділігін көтерудің  маңызды жолы бұл  жабдықтардың  артық санын  азайту және орнатылмаған  жабдықтарды жедел түрде іске  қосу болып табылады.  Еңбек  құралдарының көп санынын жұмыс істемей тұрғаны өндірісті өсіруге мүмкіндікті азайтады,  физикалық тозуына байланысты өнімде затталған  еңбектің тікелей жоғалтуларына әкеліп соқтырады, өйткені  ұзақ уақыт бойы сақталынып тұрған жабдықтар іске қосуға жарамсыз болып қалады.  Жақсы физикалық жағдайда тұрған басқа жабдықтар моралдық тозған болып шығуы мүмкін және олар физикалық тозған ретінде есептен шығарылады.

 Негізгі қорларды пайдалануды  жақсарту көп жағдайда  кадрлардың  біліктілігіне  әсіресе  машиналарға, механизмдерге, агрегаттарға және өндірістік жабдықтардың басқада түрлеріне қызмет көрсететін  жұмысшылардың  шеберлігінен тәуелді.

 Жұмысшылардың жұмыстарының  творчестволық және жауапкершілікпен  орындалуы  негізгі қорларды пайдалануды  жақсартуда  маңызды шарттарының  бірі.

 Белгілі болғандай  моралдық және материалдық ынталандыру жүйені жетілдіруден  көп жағдайда негізгі қорларды  пайдалану деңгейі тәуелді. Жоспарлаудың  және экономикалық ынталандырудың жаңа жағдайларында  жұмыс жасайтын өнеркәсіп кәсіпорындарда  техникалық-экономикалық көрсеткіштерін талдау жаңа экономикалық механизм, оның ішінде  өндірістік қорлар үшін төлемдерді еңгізу, көтерме бағаларды қайта қарастыру,  рентабелділік деңгейін анықтау үшін жаңа көрсеткіштерді пайдалану, кәсіпорындарда   марапаттау қорларды ұйымдастыру негізгі өндірістік қорларды пайдалануды жақсартуға ықпалдасады.

 Технология бойынша жаңа  ұсыныстарды еңгізу  жолымен еңбек  өнімділігін көбейтуде  өндірістік  жұмысшылардың талпыныстарын естен  шығармау керек, бұл орайда  қорларды  жаңарту үшін марапаттаудың мақсаты  оны тиімді өткізуде жұмысшыларда материалдық қызығушылықты туғызуға бағытталған.  Жаңа техника бойынша шаралар үшін марапаттау жүйенің негізінде келесі қағидалар жатыр:

-негізгі құралдарды жаңарту  бойынша жұмыстардың  барлық кезеңдерінде ынталандыру жүргізу, оның ішіне ғылыми-техникалық және жобалық-құрастырушылық бөлімшелердің  қызметкерлеріне сый ақыларды төлеу де жатады.

-негізгі қорларды  жаңартатын  жұмысшыларды алдымен марапаттау;

-жұмысты атқаруда өзіндік қосқан  үлесі бойынша  белгілі бір жұмысшыларға арнайы сый ақылардың көлемін анықтау.

 Өнеркісіптің басқарудың барлық  звеноларында құрастырылатын негізгі  қорларды  пайдалануды жақсарту  бойынша кез келген шаралардың  кешені өнім өндірісінің көлемін  ұлғайтуын қамтамасыз етуді көздеу  керек, ең алдымен  шаруашылықтың ішіндегі резервтерін  тиімді және толық пайдалану есебінен және машиналар мен жабдықтарды анағұрлым толық пайдалану жолменен, ауысымдылық коэффициентін  көтеру, жұмыссыз бос тұрып қалуын жою, жаңадан іске қосылатын күш-құатты меңгеру мерзімін қысқарту, өндірістік үрдістерді  әрі қарай интенсивтендіру.  Негізгі қорларды пайдалануды жақсартуда жұмысшыларды материалдық ынталандырудың орны өте маңызды.

 

 

 

 

2.3 Қорлар есебінің бухгалериядағы және қоймадағы есебі және оларды түгендеу

Ұйымның бухгалтериясында материалдардың талдамалы есебі сандық және ақшалай өлшемде жүргізіледі. Мұндай есепті ұйымдастырудың көп қиындығына байланысты бухгатерияда талдамалы есепті ұйымдастыру жұмысы үздіксіз жетілдіріліп келеді. Есеп жұмысына есеп регистрларының өте ұтымды жаңа түрлері енгізіліп, есеп жұмысының тәртібі жақсартылып, компьютерлерді пайдаланылып, есеп беру жұмысы қысқартылып, жеңілдетудің басқа да түрлері қолданылуда. Соңғы кезгі уақыттарға дейін  ұйымдардың бухгалтерияларында материалдардың талдамдық (аналитикалық) сорттық, сандық, бағалық есебін карточкаларда жүргізіп келеді. Жалпы бухгалтерияда материалдардың әр номенклатуралық номеріне бөлек карточка ашылады. Материалдардың кіріс етілуіне, босатылуына жасалған әр құжат деректері тиісті карточкаларға жазылуы керек. Ай біткеннен кейін немесе ай соңында әр карточка бойынша материалдардың кіріске алуы мен шығыс етілуінің қорытындысы шығарылып, олар материалдардың айналым ведомосына жазылады. Сөйтіп, бухгалтериядағы карточкаларда қоймадағы жазылған деректер қайталанады.

Қоймадан түскен құжаттар жік – жігімен жинақталып, жөнелту қағаздармен жабдықталады, содан соң олардың деректерін бухгалтериядағы мәліметтермен салыстырады. Құжаттардың бірінші даналары кейінгі есептік өңдеуге пайдаланылады, ал екінші даналары – материалдар сақталатын орындарда қалады, олар құндылықтар топтары және номенклатуралық номерлер бойынша орналасады. Олар анықтамалық мақсаттарда және қоймалар бухгалтериядағы есеп деректерін салыстырып тексеру үшін пайдаланады.

Салыстырудан кейін құжаттардың деректері ұйымда белгіленген есеп топтары бойынша материалдарды жинақтап есепке алудың жинақтаушы тізімдемесіне топтастырылады, ол қорлар кірісі мен шығысы бойынша Бухгалтерлік есептің типті жоспарының 1300 «Қорлар» бөлімшісінің жинақтаушы шоттары және материалдар топтары бойынша жүргізіледі. Бұл тізімде материалдардың әрбір тобы бойынша өткен айдағы тізімдемеден келесі айдың басындағы қалдығы, ағымдағы құжаттарындағы өткізу тізімдерінің топтары бойынша материалдардың кірісі мен шығысы соммалық сипаттамасы көрсетіледі және айдың соңындағы әрбір жинақтаушы шоты мен материалдар тобы бойынша қалдығы шығарылады.

Қоймадағы карточкаларда сандық есеп қана жүргізілсе, бухгалтериядағы карточкаларда сандық есеппен қатар оның құндары да көрсетіледі. Бухгалтерияда материалдардың сорттық, сандық, бағалық есебін жүргізу көптеген адам күшін және уақытты керек етеді. Сондықтан да бухгалтерияда карточкалар мен айналым ведомостарын толтыру кейде кешігіп отырады. Осыған байланысты сандық карточкалардың орнына кейінгі кезде сандық, сорттық, соммалық айналым ведомосы пайдаланатын болды. Есептің бұл әдісі қолданған кезден бастап шаруашылық кәсіпорындарының бухгалтерияларында сорттық, сандық, бағалық карточкасын пайдаланбайтың болды. Шығыс етілген материалдардың сандық есебі алғашқы құжатта тікелей жинақталып, қалдығы шығарылады. Ай біткеннен кейін 10 – 15 күн ішінде материалдардың айналымымен қалдығы сорттық, сандық, соммалық айналым ведомосы жазылады. Бұл әдісті пайдаланғанда бухгалтерлердің жұмысы сәл жеңілдеген мен кемшіліктері де кездесіп отырады. Ол кемшілікке кәсіпорын материалдардың сандық есебінің бухгалтериямен қоймада қатар жүргізілуін жатқызуға болады. Материалдардың бұл екі есебі көбіне бір – бірімен еш байланыссыз жүргізіледі. Материалдар есебінің одан әрі жүргізілуін оперативтік – бухгалтерлік әдіспен байланысты болады. Бұл әдіс бойынша материалдарын есебі тек қоймалық сорттық, сандық есеп карточкаларында жүргізіледі. Оперативтік бухгалтерік есептеу әдісін қолдану үшін міндетті түрде керек жағдайлардың бірі есептеу жұмысына жоспарлы есептеу бағасы енгізу қажеттілігі болып саналады. Материалдардың ағымдағы, яғни аналитикалық есебі осы бағамен жүргізіледі. Материалдар синтетикалық шотта нақтылы өзіндік құнмен есептелінеді.

Ай соңында қойма меңгерушісі осы ведомосқа қоймадағы карточкалардан материалдардың тексерілген, келесі айдың басына қалған сандық қалдығын көшіріп жазады. Кей жағдайларда шаруашылық ұйымның қоймасы цех немесе бөлімшеде алыс жерде орналасқан жағдайда ведомосқа материалдардың қалдығын көшіріп жазу бухгалтерия қызметкерлеріне немесе есептеу операторларына жүктелуі мүмкін. Мұндай жағдайлар материалдарға жауапты адам олардың қалдықтарының ведомосқа дұрыс көшірілуін тексеріп шығып, қол қояды. Егер есепті ай бойы кәсіпорында материалдар кіріске алынбаған және шығыс етілмеген болса оларды бұрынғы қалдық саны мен соммасы жаңа айға көшіріліп жазылады.

Айта кететін жағдай, ай соңында бухгалтериядан ондағы көрсетілген материалдардың алынған немесе алынып болмағанына қарамастан лимиттік – заборлық  карта жазып береді. Қоймашы материалдардың қоймалық сорттық есеп карточкасының барлығын тапсырылуы керек. Алынып болмаған материалдар үшін келесі айға жаңа лимитті – заборлық карта жазып береді. Қоймашы материалдардың қоймалық сорттық есеп карточкасының деректері негізінде жабдықтау бөліміне материалдардың әр номенклатуралық түрінің қалдығы, оның тұрақты қоры мөлшерден ауытқуы, көптен бері пайдаланбай жатқан материалдар жайы деректер беріп отырады. Қоймалық сорттық карточканың дұрыс жүргізілуін бухгалтерия бақылап отыруы керек. Бухгалтерия қызметкері жиі – жиі қоймашымен қоймадағы операцияларды жүргізуге негіз болған алғашқы құжаттардың дұрыс жазылуын, қоймалық сорттық карточканың дұрыс жүргізілуін жеке карточкадағы материалда қалдығының дұрыс шығарылуын тексеріп отыру қажет. Карточкадағы жарылғы операциялардың дұрыстығы және оны тексергені жайлы бухгалтерия қызметкері есеп картоскасының тиісті жолына қол қояды. Қоймалық сорттық карточкалардағы жазуды тексеру, қойма меңгерушінің бухгалтерияға материалдарды кіріске алуы кезінде тапсыратын есептерінің негізінде жүргізіледі. Материалдарға жауапты адамның келісімі бойынша бухгалтерия қызметкері әр операция дұрыстығын тексергені және құжатты қабылдағаны жайында карточкаға қол қояды. Мұндай жағдайда құжаттарды қабылдау өткізу регистрін жасаудың керегі болмайды. Егер орталық қойма немесе цех қоймасы шаруашылық  ұйымы басқармасынан қашық жерде орналасқан жағдайда жүргізілген операциялардың дұрыс жүргізілуі орталық бухгалтерияда тексеріледі. Мұндай жағдайда кіріс және шығыс ету құжаттары белгіленген уақытта регистрлармен бірге бухгалтерияға табыс етуілуі керек. Шаруашылық  ұйымның орталығынан қашық жерде орналасқан қойма басшысы белгіленген күні бухгалтерияға екі дана етіп материалдардың ай соңындағы қалдық ведомосын тапсыру керек. Ведомость құрамында өзгерісі бар материалдардың сандық қалдығы көрсетіледі. Ведомосқа цех, қойма, бөлімше бастығы, және ол құжатты толтырушы қол қояды. Дұрыстығын тексеріп болғаннан кейін ведомостың бір данасы жіберілген қателіктер жөніндегі ескерту мен қоймаға қайтарылады. Материалдардың есебін жедел оперативтік, бухгалтерлік, қалдықты әдіспен жүргізген жағдайда қоймалық  есеп карточкасы мен қатар үлгілі түрі М – 20 қоймадағы материалдар қалдығын есептеу ведомосы жүргізіледі. Қойма меңгерушісі карточкалардағы әрбір ай ішіндегі жинақты деректері бойынша материалдардың келесі айдың бірінші жұлдызына қалған қалдықтарын осы ведомосқа көшіріп жазады. Ведомоста материалдар қоймалық есепте қаралған және синтетикалық шоттарға топталғаны күйінде көрсетіледі. Бухгалтерияда материалдардың қалдығы олардың жоспарланған есептеу бағасына көбейтіліп, ай аяғына қалған материалдардың жалпы соммасы анықталады. Егер пайдаланылатын материалдар номенклатуралары аз болған жағдайда материалдарды алған қолын тек қоймалық есеп карточкасында қою арқылы бостауға болады. Мұндай карточкалар тек бір айға ғана ашылып, ай соңында бухгалтерияға тапсырылады. Келесі айда олардың орнына жаңа қоймалық есеп карточкасы ашылып, оған материалдардың ай басындағы қалдығы жазылады. Егер қоймадағы қорлардың қалдықтары қорлардың белгіленген нормасынан жоғары немесе тең болса, онда қойма меңгерушісі бұл туралы жабдықтау бөліміне хабарласу тиіс. Бұл мақсатта қорлардың белгіленген нормаларынан нақты қалдық қорының ауытқушылығы туралы дабыл анықтамасы қолданады. Ол нақты қалдық қордың белгіленген қалдықтарынан ауытқушылығын бақылау үшін және қозғалыссыз жатқан қалдыққа бақылау жасау үшін қолданылады. Анықтаманы бір дана етіп қойма меңгерушісі материалдарды есепке алу карточкасының деректері бойынша жасайды. Анықтама деректерді еңгізудің өлшемдері субъектінің материалдық – техникалық жабдықтау бөлімі белгілейді.

Информация о работе Негізгі қорлардың экономикалық мәні мен маңызы