Балқаш қаласы бойынша соматикалық аурулардың түрлері

Контрольная работа, 19 Сентября 2013, автор: пользователь скрыл имя

Краткое описание


Бірінші байлық – денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін көбіне сезбейтін де, мойындамайтын да сыңайлымыз. Айтылған сәтте көңілімізге қонады, құлағымызға жағады. Келісеміз. Сонсоң өзіміз ауа жайылып жүре береміз.
“Тәннен жан артық еді, - дейді Абай атамыз - тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Денсаулық - тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі ширықтыру, шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды шыңдау - бәрі де денсаулыққа қызмет етеді десек қателеспейміз.

Содержание


І.Кіріспе.........................................................................3-4
ІІ.Бөлім. Зерттеу бөлімі..................................................5
2.1Соматикалық аурулар дегеніміз не................................5
2.2Соматикалық аурулардың түрлері.............................5-13
а)Жүрек қан тамыр аурулары(Кардиология)..............5-8
б)Тыныс жол аурулары(Пульмонология)..................8-13
2.3Соматикалық аурулардың шығу себептері............13-16
а)Жүрек қан тамыр аурулары(Кардиология)..........13-16
б)Тыныс жол аурулары(Пульмонология).....................16
2.4Соматикалық аурулардың емдеу тәсілдері.............16-20
а)Жүрек қан тамыр аурулары(Кардиология)...........16-18
б)Тыныс жол аурулары(Пульмонология)................18-20
2.5Балқаш қаласы бойынша соңғы бес жылда ауырған
халық саны.......................................................................21-22
1Қосымша....................................................................22
2Қосымша....................................................................23
3Қосымша....................................................................23
4Қосымша....................................................................24
5Қосымша....................................................................24
6Қосымша....................................................................25
7Қосымша....................................................................25
8Қосымша....................................................................26
ІІІ.Қорытынды............................................................... 27
IV.Қолданылған әдебиеттер.........................................28

Вложенные файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі.docx

— 462.50 Кб (Скачать файл)

  Стенокардия.

Жүрек   ауруларының  ең жиі  кездесетін түрі – стенокардия. Оның түпкі себебі – жүректі қоректендіретін  күре тамырдағы  қан  айналымының  бұзылуы. Бұл атеросклероздың салдарынан  қан   тамырларының  тарылуы  болып табылады.  Тамыр  тарылған соң жүректің етіне керекті қоректік заттар және оттегі жетіспейді. Ол кезде  адамның кеуде сырты немесе  жүрек  тұсы күйдірген тәрізді  ауырады, қысады немесе кеудені басып  тұрғандай                                                                                                                                 

сезінеді. Оның әсері сол қолға, мойынға, арқа тұсына беріледі. Әрбір  жағдайда  аурудың  белгісі өзгешелеу  болып келеді. Іштің жоғарғы жағы ауырады, адамның құсқысы келеді. Ондайда мұны асқазан ауруы деп, кері ем жасалуы да мүмкін. [4]

  Атеросклероз.

Бұл сырқат кезінде артерияның ішкі қабырғасына холестерин жиналады, сосын  бірте-бірте ол жерде қатпарлы табақша  пайда болады. Холестериннің 

[1]-Шаңырақ:Үй-тұрмыстық энциклопедиясы.Алматы:Қаз.Сов.энцикл.Бас ред.1990.


[2]-Қазақ Энциклопедиясы, 6 том.

[3]-Биология:Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық.Алматы: Атамұра,2008.

[4]-Қазақ энциклопедиясы.

[5]- Биология:Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық.Алматы: Атамұра,2008.                                                                                                                              15

жиналуына әртүрлі  себептер  әсер етеді. Біріншіден, бұл ағзадағы май  алмасуының бұзылуы. Ол қандағы холестеринді көбейтеді. Екіншіден, холестериннің  жиналуына артерия қабырғасының зақымданып өзгеріске ұшырауы да ықпал етеді. Үшіншіден, атеросклероздың  дамуына тромбоциттердің тікелей  әсері бар. Олар  тамырдың  жұқа етіне әсер ететін биологиялық заттар бөледі. Сосын  тамырдың  жарақаттанған  ішкі қабырғасына тез жабысады да, бірте-бірте өсе береді. Табақша  ақырындап өсіп,  тамырдың  ішкі жолын бітей береді. Ол адамда бала жасынан дамып, ұзақ уақытқа дейін  белгі бермейді. Содан барып әртүрлі  органдарда ( жүрек , ми, бүйрек, т.б.) ишемиялық  өзгерістер пайда болады. Әсіресе, гипертониясы, қант диабеті бар науқастарда  атеросклероз тез өршиді және ауыр өтеді. Демек, бұған қарсы күресте  негізгі амал –  аурудың  алдын-алу. Ол үшін әрбір адам қауіпті факторлардан (аз қимылдау, семіздік, холестериннің  көптігі, темекі шегу, т.б.) арылуы тиіс. Атеросклероздың пайда болу себептеріне қан қысымының жоғары болуы, эндокриндік аурулар және семіру жатады. [1][2]

  б) Тыныс жол аурулары. 

  Балалардың  тыныс   алу  жүйесінің бұзылуы. Әкесі, не анасы темекі тартатын балалардың  тыныс  жолы  ауруларына  шалдығу қаупі 6 есе жоғары. (Суықтау, құлақтың қабынуы, бронхит, ентікпе және туберкулез  т.б.  аурулар ). Өкпедегі алвеольдердің уақыт өте келе серпінділігі жойылып,  тыныс   алу  қиындайды және  ауру  адам  тыныс   алу  құрылғысымен  ғана өмір сүре алатын жағдайға жетеді. Бұл  ауруға  шалдыққандардың 85 пайызына  темекі тікелей кінәлі.

  Демікпе.

Бронхтардың кең тараған бітелуінің нәтижесінде, қабыну гиперреактивтікпен және  тыныс  алудың үнемі қиындауымен  немесе  тыныс  тарылуымен қабаттасады, бұл бронхтардың жиырылуынан, сөлдің аса көп өндірілуінен, бронхтар қабырғасының ісігінен туындайды. [3]

  1.4Соматикалық аурулардың  емдеу тәсілдері.

  а) Жүрек қан тамыр аурулары.

Жүрек қан тамырлар ауруларының алдын алу үшін ең қажеттісі - көбірек қозғалу. Шынығу-шынықтырудың да мәні зор. Шыныққан адамның жүрегі қандай жұмыс істесе де көпке дейін шаршамайды. Денесі де ширак, көңілі көтеріңкі болады. Жүректің бұлшықеттері қалыңдап, ырғақты жиырылады. [4]

  Жүректің ишемиялық ауруы(ИБС(Ишемический болезнь сердца)).                                                                                                                       

Ишемиялық  ауруға  байланысты, егерде науқас бұрын-соңды инфаркт  алған болса, оған тез арада шұғыл  түрде көмек көрсетілуі керек. Біріншіден, анкоронарлық ангиография түсіріп, егер инфаркке соқтырар тарылған  тамыр  байқалса, 3-6 сағаттың арасында ангопластикамен  кеңейту қажет. Стенд қою

[1]-Патологиялық анотомия терминдерінің, түсініктеме сөздігі.- Ақтөбе.


[2]-Шаңырақ:Үй-тұрмыстық энциклопедиясы.Алматы:Қаз.Сов.энцикл.Бас ред.1990.

[3]-Пульмонология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі.Алматы:1996.     [4]-Қазақ Энциклопедиясы.                                                                                                        16

уақытылы ота жасау арқылы, науқастың  одан кейін дамитын асқынуларын,  жүрек  бұлшық еттері зақымдалуының  алдын алу керек. Дерттен құлантаза айығудың алғашқы жолы - шұғыл көмек. Егер науқасқа инфаркт кезінде міндетті түрде көмек көрсетілсе, оны инфаркт алмағандай күйге әкелуге болады. Жүрегі  ауыратын кез келген адамға ота жасалмайды. Сондықтан науқастардың денсаулығын толығымен тексеріп, диагнозын анықтап, олардың ауруына қарай коронароангиографияға түсіреді. Коронароангиография жүрек   қан   тамырларының  қандай деңгейде тарылғанын, ота жасау керек пе немесе қажет емес пе, осыны анықтауға мүмкіндік береді. Ота жасауға болмайтын аурулар дәрі-дәрмекпен емделсе, кейбіреулерінің тамыры  кеңейтіледі немесе қосымша тамыр жалғанады. Ал соңғы этап бойынша жүрек ишемия  ауруларына  шалдыққан кейбір науқастарға ота жасалады. [1]

  Қаназдық(Малокровие, Анемия). [2]

Қаназдықты қан құю арқылы емдейді.

  Ақ қандылық(Лейкемия). [2]

Ақ қандылықты рентген сәулесі, радиоактивті элементтермен емдейді.

  Жүрек кемістігі(Порок сердца). [2]

Жүрек кемістігі бар адамды дәрігер  алдымен рентгент, электрокардиограф  арқылы, тыңдап және басқа да әдістермен жан-жақты тексереді. Жүрек кемістігінің түріне сәйкес ем қолданылады. Іште пайда  болған жүрек кемістіктерін тек  хирургиялық әдіспен ғана емдеу  керек екенін жоғарыда айттық. Ал ревматизм  және баспаның асқынуынан болған жүрек  кемістігінің қатал сатысында адам ауруханада жатып емделеді. Ғылымның соңғы кездегі жетістіктері нәтижесінде  адам қолының бұрын ізі түспеген ми мен жүрек секілді органдарға енді жол түсе бастады. Қазір жүрек  кемістіктерінің кейбір түрлерін хирургтың  пышағы арқылы емдейтін дәрежеге жеттік. Мұның өзі адамдардың денсаулығын  қорғау мен өмірін ұзарту жолындағы  үлкен табыс болды.

  Гипертония(Қан қысымының көтерілуі).

Гипертонияның екінші және үшінші сатыларында  қан қысымын төмендету үшін дәрігердің нұсқауынша диуретин, папаверинді люминалмен, дибазол, әсіресе үнді өсімдігі раувольфидің- резерпин, серпазил, гендон, тағы соңғы  кезде шыққан жаңа препараттармен емделген жақсы. [3]

  Қан тамырларының тығыздануы(Инфаркт миокарда).

Миокард инфарктысысымен ауырған  адамға шұғыл дәрігерлік көмек көрсетілуі керек. Дәрігер келгенше науқасты қозғалтпай, тыныштандырып, жатқызып қою керек. Жүректің ауырғанын баспаса да нитроглицеринді                                                                                                                            

бірнеше рет ішкізу керек. Ауырсынуды жеңілдету үшін кеудеге қыша қағаз

[1]-Қазақ Энциклопедиясы.


[2]-Биология:Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық.Алматы: Атамұра,2008.

[3]-Шаңырақ:Үй-тұрмыстық энциклопедиясы.Алматы:Қаз.Сов.энцикл.Бас ред.1990.

                                                                                                                                 17

 

қою, аяққа жылытқыш (грелка) басу, қолды жылыту әрекеттерін жасау  керек. Миокард инфарктысымен ауырған  адам тек ауруханада емделеді. Ауруханадан  шыққаннан кейін де дәрігердің бақылауында, диспансерлік есепте тұрады. Ішетін тамақ  витаминге бай, бірақ калориясы  жағынан шектеулі болуға тиіс. Емдік  гимнастикамен айналысуы керек. Миокард инфарктысымен ауырған  адам күш түсетін, жүйкені шаршататын, түнгі сменада, ыстық цехтарда, т.б. ауыр жұмыстар істеуге болмайды. [1][2]

  б) Тыныс жол аурулары.

  Өкпе қатерлі ісігі.                                                                                                                       

Қатерлі ісікке қарсы дәріні кешенді және араластыра беру, хирургиялық операция жасау, сәулемен емдеу, химиялық терапия әдістерін қолдану. [3][4]

  Тұмау.

  Емі — дәрігердің бақылауында болып, оңаша, ауасы таза бөлмеде жатып емделу. Дене қызуын, дене сырқырауын, аспирин, пирамидон және т.б. дәрілер тез басады. Тұмау вирусына антибиотиктер пайда етпейді.  Ауру  адам жөтелгенде, түшкіргенде аузы-мұрнын қолымен немесе орамалмен (шүберекпен) жабуға тиіс. Науқастың тек өзіне арналған ыдысы, орамалы т.б. болуға, олар жиі қайнатылып, жуылуға тиіс.

Тұмау асқынғанда науқасты ауруханаға жатқызып, кешенді емдеу шараларын  жүргізеді. Арнайы дәрілер (оксолин, амантадин, ремантадин, интерферон, т.б.), антибиотиктер, қызу басатын, организмнің улануын  азайтатын дәрі-дәрмектер беріледі.

Тұмауға қарсы вакцина егіледі, оның ішіндегі ең тиімдісі – тазартылған  вириондық вакцина. [5]

  Бронхит.

Жедел бронхитпен ауырғандар дәрігерге  көрініп, емделсе, науқас 1-3 аптада толықтай айығып кетеді. Ал жас балалар мен  қарт адамдарда бронхиттің жедел  түрі өте ауыр өтеді. Сондықтан науқастың  тез ем қабылдап, дәрігерге көрініп, ақыл-кеңес алғаны тиімді. Ал оны  елемей жүргенде,  ауру  созылмалы  түрге айналып кетуі әбден  ықтимал. Дер кезінде емделмеген бронхит өкпенің домбығуына шалдықтырады.  Ауру  көп жағдайда ұзақ уақыт шаң-тозаң мен улы газ жұтқаннан және темекі тартқаннан, созылмалы өкпе  ауруларына  жол ашса, өкпеге әсер етуінен болады. Бұл  аурудың  дамуына сонымен қатар суық тию, салқын ауа жұту, сондай-ақ қатты шаршаудың салдары, дененің және жүйкенің зорығуы да ерекше әсер етеді. Егерде  ауру  адамның денесі қызып, бронхиттің алғашқы белгілері білінген жағдайда науқасты төсекке жатқызып, емдеген жөн. Онда біріншіден, бөлменің ауасын тазартып алған дұрыс. Дәрігердің кеңесі бойынша,


[1]-Шаңырақ:Үй-тұрмыстық энциклопедиясы.Алматы:Қаз.Сов.энцикл.Бас ред.1990.

[2]-Қазақ Энциклопедиясы, 6 том.

[3]-Бес жүз бес сөз.-Алматы: Рауан, 1994.

[4]-Қазақ Энциклопедиясы. 

[5]-Қазақ Энциклопедиясы, 8 том.                                                                                            18

 

 

антибиотиктер, қақырықты жібітетін  және жүрек пен қан айналысы мен  жүйесінің жұмысын жақсартатын  дәрі-дәрмектерді ішкен пайдалы. Бронхитпен ауырған адам көп жағдайда үнемі жөтеледі, кейде құрғақ, кейде  сарғыш-жасыл түсті қақырық түкіреді. Жөтелдің жиілігіне байланысты кеуде  шаншумен бірге дене қызуы көтеріліп, адам әлсірейді. Науқас жатып емделгенде ғана тез айығады. Науқас жатқан бөлменің ауасы құрғақ әрі таза және жылы болуы қажет. Қыста бөлмені желдетер алдында науқас адамды көрпемен қымтап жауып, арқасын терезеге қаратып  жатқызған дұрыс.

Өйткені терезеден соққан салқын ауадан жөтел, ентігу қозып кетуі мүмкін. Ауырған адам терлеп тұрғанда ұры  желден сақтанған абзал. Бөлмедегі  ауа мөлшерден тыс құрғақ болмауы  үшін жылу келетін жерге ыдыспен  су, ал жылыту радиаторының үстіне ылғалданған  шүберек жауып қойған оңды. Дәрігерлердің  нұсқауымен науқастың арқасына банкі, кеудесіне қыша                                                                                                                                 

қағазын қойып та емдейді. Сонымен  қатар антибиотиктер, қақырықты  түсіретін дәрі-дәрмек ішуді ұмытпаған  жөн. Сондай-ақ науқасқа физиотерапевтік  және емдік гимнастика жүргізіп те емдейді. Созылмалы бронхитты емдеудің нәтижелі болуы, дәрігерге уақытында  қаралып, дұрыс күтім алуға байланысты. Науқас С дәруменіне және белокқа  бай күшті тағамдармен тамақтанып, күтінсе, тез айығады. Ащы және тәтті  тағамдарды, түрлі соустарды пайдаланбаған  жөн. Ал бронхиттің ұстама түрінде науқас адам жатып емделуі керек. Ол үшін науқас дұрыс тамақтанып, әсіресе, сұйықты (таңқурай, қарақат қайнатпасын немесе бал қосылған шай, сүтке сода не жартылай минералды су қосып) көбірек ішу тез сауығуына көмектеседі. Жалпы, бронхиттің алдын алып, емдеуге медицинаның шамасы жетеді. Ол үшін салауатты өмір салтын ұстанып, таза ауада көп серуендеген пайдалы.

Емдеу принциптері:

1. Қабыну процесін емдеу (антибиотиктер,сульфаниламидтер).

2.Бронхтың дренажды функциясын  жақсарту ( позициялық дренаж, бронхолитиктер, қақырық жүргізетін дәрілер).

3.Жүрек әлсіздігі қосылса, оны  емдеу.

4. Операция жолымен емдеу ( бронхоэктаз  өкпенің бір бөлігінің бойында  болса). [1][2]

  Жөтел.

Науқас адам өте қатты жөтелгенде немесе ентіккенде оны орындыққа, не керуетке отырғызып, арқасына жастық қойса, кеуденің қысылмауына, организмдегі әлсіздікті азайтып,  ауру  жөтелгенде қиналмайды. Бұл сырқаттан сақтанудың бірнеше  жолы бар: ол үшін дені сау адам күнде  таңертең дене шынықтырумен тұрақты  айналысып, жаттығулар жасаумен қатар, салқын сумен кеудені ысқылап, жуынған  пайдалы. Және де күнделікті тұрмыста тазалық сақтауға баса назар аударып, жұмыс орнын таза ұстағаны

[1]-Вернер, Дэвид. Халыққа медициналық жәрдем көрсету жөніндегі (Анықтамалық). -Алматы: "Демалыс", "Қазақстан", 1994-506 бет.


[2]-Қазақ Энциклопедиясы, 2 том.                                                                                            19

 

 

 

 

жөн. Сонымен бірге темекі шегетіндерден  аулақ жүргені орынды. [1]

  Демікпе.

Егер демікпе үйде өршитін болса, онда науқас сыртқа, ауасы таза жерге  шығуы керек; өзіңіз сабырлы болыңыз, науқасқа майда сөйлеп, жігер беру керек. Сұйықты барынша көп берген дұрыс. Ол шырышты сілекейді босатып, тынысты кеңейтеді. Бу ингаляциясын жасаудың да көмегі бар. Ұстама жеңіл болса, эфедрин, теофиллин немесе сольбутамол беру қажет. Ауыр

жағдайларда эфедрин немесе теофиллинді  қосып, сольбутамол берген дұрыс. Науқастың жағдайы тым ауыр болса, эфинефрин (адреналин) айдаңыз.

Температура көтерілген жағдайда немесе ұстама 3 күннен астамға созылса, тетрациклин  немесе эритромицин капсулдарын  беріңіз. Демікпенің аскаридадан болуы өте сирек жағдайда ғана. Егер сізде жас балада аскарида болуы мүмкін-ау деген күдік болса, онда оған пилеразин беріп көрген дұрыс болады. Егер сонда да науқастың беті бері қарамаса, онда дәрігерге барған жөн. Демікпемен ауыратындар өзінде тұншығу ұстамасын туғызатын                                                                                                                             

заттардан аулақ болуға тиіс. Демікпемен ауыратын адамдардың үйі мен жұмыс орны таза болуы керек, құсты немесе басқа да аңдарды үйде үстауға болмайды. Желдетіп алу үшін науқастың керуетін терезе алдына қою керек. Кейде ашық ауада ұйықтау да жақсы. Сілекейді босату үшін күніне кем дегенде 8 стақан су ішкен пайдалы. Демікпемен ауыратын адамға ауасы таза жерге қоныс аударғаны жөн. Егер сіз демікпе болсаңыз, темекі шекпеңіз. [2] [3]

Информация о работе Балқаш қаласы бойынша соматикалық аурулардың түрлері