Балқаш қаласы бойынша соматикалық аурулардың түрлері
Контрольная работа, 19 Сентября 2013, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Бірінші байлық – денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін көбіне сезбейтін де, мойындамайтын да сыңайлымыз. Айтылған сәтте көңілімізге қонады, құлағымызға жағады. Келісеміз. Сонсоң өзіміз ауа жайылып жүре береміз.
“Тәннен жан артық еді, - дейді Абай атамыз - тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Денсаулық - тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі ширықтыру, шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды шыңдау - бәрі де денсаулыққа қызмет етеді десек қателеспейміз.
Содержание
І.Кіріспе.........................................................................3-4
ІІ.Бөлім. Зерттеу бөлімі..................................................5
2.1Соматикалық аурулар дегеніміз не................................5
2.2Соматикалық аурулардың түрлері.............................5-13
а)Жүрек қан тамыр аурулары(Кардиология)..............5-8
б)Тыныс жол аурулары(Пульмонология)..................8-13
2.3Соматикалық аурулардың шығу себептері............13-16
а)Жүрек қан тамыр аурулары(Кардиология)..........13-16
б)Тыныс жол аурулары(Пульмонология).....................16
2.4Соматикалық аурулардың емдеу тәсілдері.............16-20
а)Жүрек қан тамыр аурулары(Кардиология)...........16-18
б)Тыныс жол аурулары(Пульмонология)................18-20
2.5Балқаш қаласы бойынша соңғы бес жылда ауырған
халық саны.......................................................................21-22
1Қосымша....................................................................22
2Қосымша....................................................................23
3Қосымша....................................................................23
4Қосымша....................................................................24
5Қосымша....................................................................24
6Қосымша....................................................................25
7Қосымша....................................................................25
8Қосымша....................................................................26
ІІІ.Қорытынды............................................................... 27
IV.Қолданылған әдебиеттер.........................................28
Вложенные файлы: 1 файл
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі.docx
— 462.50 Кб (Скачать файл)Бронхит.
Бронхит - тыныс жолдары мен қолқаның қабынуынан болатын ауру . Соның ішінде жедел бронхит кезінде бронхиалды секреция ұлғайып, шырышты қабықты тітіркендіреді және қабындырады. Осының салдарынан қақырықтың бөлінуіне және жөтелуге, ал ұсақ бронхылар зақымданғанда, ентікпеге әкеп соқтыратыны рас.
Бронхит - бронхы кілегей қабығының қабынуынан болады. Оның жедел және созылмалы түрі бар. Аурудың негізінде бронхитты қоздырғышы –
[1]-Вернер, Дэвид.Халыққа медициналық жәрдем көрсету жөніндегі (Анықтамалық).-Алматы: "Демалыс", "Қазақстан", 1994-506 бет.
[2]-Пульмонология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Алматы: 1996.
[3]-Қазақ Энциклопедиясы,
8 том.
микробтар мен вирустар. Онымен ауырған адамның қақырығында пневмокок, стрептококк, т.б. микроағзалар әсер етеді. Олар сау адам ағзасына тыныс жолдары арқылы ауамен өтіп, дамиды. Көбінесе бронхит тұмау, көкжөтел, қызылша, т.б. аурулардың салдарынан пайда болып, асқынса, оған суық ауа райының да әсері бар. Ауа райының салқын және құбылмалылығы, ауа қысымының жоғарылауы, сонымен қатар ылғалдылығы денсаулығы нашар адамдарға тез әсер етіп, ауруға шалдықтырады. Мұндай жағдай көбінесе көктем мен жазда күшейеді. [1][2]
Бронхиттің негізгі белгісі - жөтел (құрғақ немесе қақырықты жөтел), кейде ентігу (созылмалы бронхитте) дененің қызуы 37-38 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Науқас әлсіреп, дел-сал күйге түседі.
Жалпы алғанда, бронхиттың бес түрі бар. [1][2]
1. Жедел бронхит - аты айтып тұрғандай, негізінен, бронхтардың қабыну әсерінен, инфекциялық вирустардың әсерінің тұмау, қызылша ауруларының асқынуынан болады. Жедел бронхиттің белгісі науқастың температурасы көтеріліп, мазасы кетіп, әлсірейді, тамаққа тәбеті төмендейді. Аурудың ең басты белгісі - жөтел. Жөтел 2-3 күн құрғақ болып, науқастың мазасын алса, содан кейін қақырықты жөтелге ауысады.
2. Жедел абструктивті бронхит - бронхтардың
қабыну процесі, бірақ жедел бронхиттен
айырмашылығы ауа жетіспей, тұншығады.
Жедел бронхитте тұншығу болмайды. Науқастың
өкпесінде тыныс жетіспей, сырыл естіліп,
дем шығаруы ұзаққа созылады. Жедел абструктивті бронхиттің
белгісі:
науқас тұншығады, дем алған кезде ентігеді, бірақ температурасы тұрақты да қалыпты жағдайда болады.
3. Жедел бронхиалит - сирек кездеседі, бұл үлкен бронхтарда емес, ұсақ бронхтардың түйіршіктеліп қабынуынан туындайды.
4. Созылмалы бронхит - жедел бронхиттің асқынған түрі, науқас жылына 3-4 рет қайталап ауыра береді. Созылмалы бронхитпен ауырған адамдар үнемі жөтеледі. Жөтел көбінесе таңертең пайда болып, құрғақ немесе сарғыш-жасыл түсті қақырық түседі. Жөтел күшейген сайын өкпені ауа кернеп, оның пішіні өзгеріп, созылады. Ол күшейген сайын кеуде шаншып ауырады.
5. Қайталанбалы абструктивті бронхит - бронхиттің ішіндегі ең қауіптісі. Ауру асқынған жағдайда бронх демікпесіне айналады. Бұл көбіне аллергиясы бар немесе кішкентай кезінде диатезі болған балада, отбасында өкпесі қабынғандар осындай қайталанбалы бронхитпен ауырады. [3]
Жөтел.
Жөтел – тыныс алу жүйесі ауруларының ең жиі кездесетін белгілерінің бірі. Жөтел өкпе қабынуы, туберкулез, тыныс жолының (көмекей, кеңірдек, т. б.) қабынуы кезінде, сондай-ақ тыныс жолдарына шаң-тозаң, улы газ, темекі
[1]-Вернер, Дэвид. Халыққа медициналық жәрдем көрсету жөніндегі (Анықтамалық). -Алматы: "Демалыс", "Қазақстан", 1994-506 бет.
[2]-Қазақ Энциклопедиясы, 2 том.
[3]-Шаңырақ :Үй-тұрмыстық
энциклопедиясы.Алматы:Қаз.Сов.
түтіні енгенде, суға шашалғанда, негізінен,
тыныс органдарының ішкі қабатына орналасқан
сезімтал жүйке талшықтарының
Бронхоэктазия.
Адам организмінде тыныс алу ағзаларының аурулары әртүрлі болып келеді.Соның ішінде бронхоэктазия ауруына көніл бөлейік. Дертті түрде кеңіген бронхтың қабынуын бронхоэктазия ауруы деп атайды.
Этиология және патогенезі. Бронхоэктазия екінші ретте дамитын ауру . Оның негізгі себептері созылмалы бронхит,созылмалы пневмония, өкпе туберкулезы және өкпе абсцессі. [2]
Пневмония(Өкпе қабынуы).
Пневмония (грек. pneumon — өкпе), өкпе
қабынуы— өкпе тканінің қабынуынан немесе
басқа аурулардың асқынуынан болатын
өкпенің жұқпалы ауруы. Ауруды әр түрлі
вирустар (аденовирус, риновирус), бактериялар
(пневмококк, стафилококк, стрептококк)
қоздырады. Аурудың дамуына дененің қатты
мұздауы, ауыр жұмыс пен жүйкелік-психик.
күш түсу, улану, т.б. факторлар әсер етеді.
Сырқаттың ұзақтығына қарай: жедел Пневмония
және созылмалы Пневмония, ал қабынудың
жайылып тарауына қарай: бөлікті Пневмония
және ошақты Пневмония болып бөлінеді.
Жедел Пневмония кенеттен басталады, дене
қызуы 39-40С-қа, кейде одан да жоғары
көтеріледі, науқас қалтырап, алғашқыда құрғақ, кейіннен қақырықты жөтел пайда болады. Науқастың бүйірі шаншиды, біртіндеп тынысы тарылып, ауа жетпейді, буындары сырқырайды. Ем қабылдаған соң аурудың беті 3-5 күннен кейін қайта бастайды. Созылмалы Пневмония ауру асқынып, өкпе тканінің құрылымы мен қызметінің толық қалпына келмеуінен, сондай-ақ созылмалы бронхиттің салдарынан болады. Бұл кезде өкпенің белгілі бір тұстары қайталап қабынады. Сырқаттың дем алысы әлсіреп, сәл күш түссе деміге бастайды. Ауру асқынғанда Пневмонияның жедел түріндегі клиник. белгілер қайталанады. Созылмалы Пневмония ұзаққа созылады. Дер кезінде емделсе, науқас 2-3 аптадан соң жазыла бастайды. Балаларда болатын Пневмонияның кейбір ерекшеліктері бар. Олар Пневмониямен ауырғанда демігумен бірге бетінің әр жері, әсіресе үстіңгі ернінің айналасы әлсін-әлсін көгереді; диспепсия белгілер байқалуы мүмкін. Көп жағдайда тәбеті мен ұйқысы бұзылады. Жаңа туған сәби Пневмониямен ауырғыш келеді. Кейде кеудесі сырылдап, сілекейі көбіктенеді. Жас балалар мен сәбилерде болатын
[1]-Қазақ Энциклопедиясы, 4 том.
[2]-Қазақ Энциклопедиясы,
2 том.
Пневмония өте қауіпті, көп жағдайда ауру асқынып, отитке немесе плевритке ауысады. Клиникасы:бірден қалтырап; ыстықтың көтерілуі; дем алыстың жиілеуі, одан қырылдаған немесе сырылдаған дыбыстың шығуы. [1][2]
1.3Соматикалық аурулардың шығу себептері.
а) Жүрек қан тамыр аурулары.
Жүрек Аурулары , әр түрлі аурулардың
асқынуынан немесе жүрек және қан
тамыр жүйесі қызметі бұзылуы
мен зақымдануынан пайда
Жүрек қан тамыр ауруларының холестериннен пайда болатыны рас-ақ. Дегенмен, ілгеріде ата-бабаларымыз холестеринге бай семіз малдың майлы етін жеп, қымыз бен шұбат ішкен. Алайда оларды жүрек ауруынан үздіксіз қозғалыс пен тынымсыз еңбек сақтап отырған. Өйткені тамақты көп ішкенмен, көп қозғалыста болғандықтан ағзадағы зат алмасу тепе-теңдігі бұзылмайды екен. Ал қазір астың құрамы өзгеріп, қозғалыс азайды. Бұған қоса адамдардың жүйкесіне экологиялық зардаптар мен әлеуметтік проблемалар көп жүк түсіретіні анық. Осының барлығы жүрек қызметінің бұзылуына әкеліп соғып отыр.
Жүрек қан тамыр ауруларының
пайда болу себебі ішкен асқа да байланысты.
Қазір барлық тамақ түрі түрлі жасанды
қоспалар арқылы дайындалады. Әсіресе,
құрамында концентраты көп өнімдердің
қатары көбейді. Жүрек қан тамыр ауруы,
қан қысымының көтерілуі ағзада эндокриндік
жүйенің бұзылуынан, бүйрек ауруынан,
сүйек, буын, жүйке ауруларының
асқынуынан да пайда болуы мүмкін. Дәрігерлер
аурудың асқынуына ауа
райының ерекше әсер ететінін айтады. Мәселен, ресми деректерге сүйенсек, еліміз бойынша аталған ауруға іліккендердің алдыңғы қатарында оңтүстік өңірдің азаматтары тұр. Яғни ыстық күн адамның жүйкесіне салмақ түсіріп, әлсіретеді. Ыстық күн дені сау адамға да кері әсерін тигізеді. Ал қан қысымы жоғары, жүрегі ауыратын адамдар үшін аса қауіпті. Өйткені ыстық кезде адам суды көп ішіп, ағзадағы қажетті тұздарды жоғалтуы мүмкін. Ыстық күні сұйықтықты көп ішу қанды қоюлатып, ишемиялық жүрек ауруларын қоздырады. Сондықтан мөлшермен салқын көк шай, су ішкен тиімді. Сұйықтықты шамадан асырып ішуге болмайды. Айта кететін бір нәрсе, ыстық күндері азаматтар салқын сыра ішкенді тәуір көреді. Ал сыраның құрамындағы ашытқы «Сыра жүрегі » ауруына шалдықтырады . Яғни жүрек кеңейіп, жұмысын нашарлатады екен.
Холестерин – ағзаның
[1]-Пульмонология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі.Алматы:1996.
[2]-Қазақ Энциклопедиясы, 7 том.
Сондықтан ет тағамдарын азайтып, қуырылған тағамдарға мүлдем жоламау керек . Майы аз сүт және өсімдіктен дайындалатын тағамдарға көңіл қойған дұрыс . Тұзды тағам жемеу керек . Егер астың дәмін келтіргіңіз келсе, бұрышты, лимон шырынын немесе тұздың орнына дәмдеуішті пайдаланыңыз. Тәулігіне ең көп дегенде ас тұзының 5 грамын немесе 1 шай қасығын пайдалануға болады.
Қаназдық(Малокровие, Анемия).
Қаназдықтың болу себептері: денеден көп қан кету; химиялық заттардың, удың, безгек ауруының әсерінен эритроциттердің тіршілігін жоюы; кемік майы, бауыр, көкбауырдың зақымдануы; эритроциттердің түзілуіне қатысатын заттардың (темір, В12 витамині) жетіспеуі және т. б.
Өмірде жүректі және қан тамыр жүйесін түрлі ауруға шалдықтыратын жағымсыз жағдайлар да кездеспей қоймайды. Оларға адамның қайғы-қасіретке ұшырауы, ішкілікке салыну, ауыр жұмыс істеу, шамадан тыс семіріп кету, еңбекпен тұрмысты және тынығуды дұрыс ұйымдастыра білмеулері жатады.[1]
Қан қысымының көтерілуі(Гипертония).
Көбінесе ол нерв жүйесінің әрекеті
бұзылғандарда кездеседі. Организмнің
химиялық лабораториясының жұмысы бұзылғанда
бүйрек және бүйрек үсті безінің гормоны
әдеттегіден артық бөлінеді. Гормонның
бұлайша артық бөлінуі
артуына себепкер болады. Адам ағзасындағы қан қысымының жоғарылауы қан тамырларының тарылуынан басталады. Яғни тамыр ішіндегі май қалыңдап, қан айналымы жүйесін бұзады. Бұл өз кезегінде жүрек қызметіне зиян келтіреді. Ол қозғалыс кезінде тарылып, қалады да, денеге салмақ түсірмегенде қалыпты жағдайға көшеді. [2]
Қан тамырларының тығыздануы(Инфаркт миокарда).
Миокард инфарктысының пайда болуына
атеросклерозбен зақымданған
[1]-Биология:Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық.Алматы: Атамұра,2008.
[2]- Шаңырақ:Үй-тұрмыстық
энциклопедиясы.Алматы:Қаз.Сов.
қысымы ауруы, қант диабеті, психикалық күйзеліс, семіздік, көп шылым шегу, т.б. әсер етеді. Бұл аурумен 40 – 60 жастағы ер адамдар жиі ауырады. [1][2]
Жүрек кемістігі(Парок сердца).
Жүрек кемістігінің түрі көп. Көп адамда ол іштен туа пайда болады. Оның себебі, көбіне, екіқабат әйелдің денсаулығына байланысты (қан аздығы, суық тию, инфекциялық аурулар , т.б.). [3]
Жүректің ишемиялық ауруы(ИБС(Ишемический болезнь сердца)).
Жалпы, жүрек ишемия ауруы тікелей қан қысымына байланысты. Егер дер кезінде емдемесе бүйректің, жүректің қалыпты қызметі бұзылады. Жүрек кеңейіп, қан келмей қалады да сол маңай жансызданады. Яғни бұл инфарктіге әкеліп соқтырады. Бұндай жағдай мида да орын алады. Мәселен, әрбір қан тамырының атқаратын өз қызметі бар. Егер бір тамырдың қызметі бұзылса, миға қан бармай, адам инсультқа ұшырауы мүмкін. Бұндай кезде бауырдың, бүйректің қызметі нашарлап, уақытында емделмесе, аяқ ісіп, жүрек әлсірейді екен. [4]
Қан қысымының төмендеуі.
Қан қысымының төмен болуы да қауіпті. Мұндайда науқастың оқтын-оқтын басы ауырып, әлсіздік пайда болады. Ғылыми-зерттеу нәтижесі бойынша, қан қысымының төмендеуіне әсерін тигізетін қауіпті факторларға адамның жасын, салмағының төмендігін, қанның аздығын, ас қорыту органдары қызметінің нашарлағанын және құнарсыз тамақтану секілді себептерді жатқызуға болады. Қан қысымының төмендігі қанның аздығына да тікелей байланысты. Бұл дерт те жүрек ауруына себепші бола алады. [5]