Балқаш қаласы бойынша соматикалық аурулардың түрлері
Контрольная работа, 19 Сентября 2013, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Бірінші байлық – денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін көбіне сезбейтін де, мойындамайтын да сыңайлымыз. Айтылған сәтте көңілімізге қонады, құлағымызға жағады. Келісеміз. Сонсоң өзіміз ауа жайылып жүре береміз.
“Тәннен жан артық еді, - дейді Абай атамыз - тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Денсаулық - тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі ширықтыру, шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды шыңдау - бәрі де денсаулыққа қызмет етеді десек қателеспейміз.
Содержание
І.Кіріспе.........................................................................3-4
ІІ.Бөлім. Зерттеу бөлімі..................................................5
2.1Соматикалық аурулар дегеніміз не................................5
2.2Соматикалық аурулардың түрлері.............................5-13
а)Жүрек қан тамыр аурулары(Кардиология)..............5-8
б)Тыныс жол аурулары(Пульмонология)..................8-13
2.3Соматикалық аурулардың шығу себептері............13-16
а)Жүрек қан тамыр аурулары(Кардиология)..........13-16
б)Тыныс жол аурулары(Пульмонология).....................16
2.4Соматикалық аурулардың емдеу тәсілдері.............16-20
а)Жүрек қан тамыр аурулары(Кардиология)...........16-18
б)Тыныс жол аурулары(Пульмонология)................18-20
2.5Балқаш қаласы бойынша соңғы бес жылда ауырған
халық саны.......................................................................21-22
1Қосымша....................................................................22
2Қосымша....................................................................23
3Қосымша....................................................................23
4Қосымша....................................................................24
5Қосымша....................................................................24
6Қосымша....................................................................25
7Қосымша....................................................................25
8Қосымша....................................................................26
ІІІ.Қорытынды............................................................... 27
IV.Қолданылған әдебиеттер.........................................28
Вложенные файлы: 1 файл
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі.docx
— 462.50 Кб (Скачать файл)Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Балқаш қаласының жалпы білім беретін №15 қазақ орта мектебі
Бағыты:
стратегиясын жүзеге асырудың негізі.
Секция:
Тақырыбы: «Балқаш қаласы бойынша
соматикалық аурулардың түрлері»
Орындаған: 10а сынып оқушысы Ахбетов Жандос
Жетекшісі: биология пәні мұғалімі Бақытқызы Перуза
Қарағанды 2011
Мазмұны
Бөлімдері
І.Кіріспе.....................
ІІ.Бөлім.
Зерттеу бөлімі........................
2.1Соматикалық
аурулар дегеніміз не............................
2.2Соматикалық аурулардың түрлері.......................
а)Жүрек қан тамыр аурулары(Кардиология).........
б)Тыныс жол аурулары(Пульмонология).......
2.3Соматикалық аурулардың шығу себептері............13-16
а)Жүрек қан тамыр аурулары(Кардиология).........
б)Тыныс жол аурулары(Пульмонология).......
2.4Соматикалық аурулардың емдеу тәсілдері.............16-20
а)Жүрек қан тамыр аурулары(Кардиология).........
б)Тыныс жол аурулары(Пульмонология).......
2.5Балқаш қаласы бойынша соңғы бес жылда ауырған
халық саны..........................
1Қосымша......................
2Қосымша......................
3Қосымша......................
4Қосымша......................
5Қосымша......................
6Қосымша......................
7Қосымша......................
8Қосымша......................
ІІІ.Қорытынды.................
IV.Қолданылған әдебиеттер.....
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясына орай Президентіміздің «Еліміздің болашақта гүлденуі бүгіннен басталады» атты жолдауындағы 4-ші бөлімі азаматтарымыздың салауатты өмір сүруіне арналғаны белгілі. Бұны Елбасы жолдауындағы «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т.с.с. бағытталған» деген жолдарынан байқауымызға болады. Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұзақ үрдіс, бірақ бұл нағыз денсаулықты сақтайтын және нығайтатын жолдардың бірі. Ол халықтың өз денсаулығын сақтауға жауапкершілігін едәуір дәрежеде арттырады. Академик Н. М. Амосов айтқандай: Денсаулығың мықты болуы үшін өзіңнің күшің болуы қажет, оны ешнәрсемен ауыстыруға болмайды. Профессор В. В. Колбановтың айтуы бойынша денсаулық білім алу үшін, ал білім денсаулықты сақтау үшін сөзіне негізделу керек дейді. Салауаттану түрлі жас ерекшеліктері кезеңдерінде денсаулық пен салауатты өмір сүру деген орнықты өмірлік көзқарасы бар адамды тәрбиелеу мен оқыту мәселесін зерттейді. Адамдардың денсаулық деңгейін жүрек қан тамырлар жүйесінің қызметтік күйін сипаттайтын қарапайым физиологиялық көрсеткіштер арқылы бағаланды. Халықтың денсаулығына әсер ететін факторлар өте көп, сол себептен оларды салауатты өмір салтына үйрету қажет. Бұл мәселе тегін көтеріліп отырған жоқ.
Бірінші байлық – денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін көбіне сезбейтін де, мойындамайтын да сыңайлымыз. Айтылған сәтте көңілімізге қонады, құлағымызға жағады. Келісеміз. Сонсоң өзіміз ауа жайылып жүре береміз.
“Тәннен жан артық еді, - дейді Абай атамыз - тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Денсаулық - тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі ширықтыру, шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды шыңдау - бәрі де денсаулыққа қызмет етеді десек қателеспейміз.
Салауатты өмір салтына денешынықтыру, спорт, дене тәрбиесі, туризм, халықаралық туризм, табиғатқа серуен, таза ауада жүру жатады. Кешкі тамақтан соң, таза ауада бір-екі сағат серуен құрып, ұйықтаудың пайдасы зор. Ұйқы 7-8 сағаттан кем болмауы тиіс. Әр адам жыл сайын бір рет еңбек демалысын тиімді пайдаланғаны жөн. Барлық кезде тамақты жаңадан дайындап ішкен дұрыс. Алланың табиғатты адам үшін жаратқанын және парыз еткенін, тіршілігінде қажетіне дұрыс пайдалануды, денсаулығына зиян келмейтіндей жағдайда болуын қадағалауды салауатты өмір салты деп ұғамыз.
Менің осы тақырыпты таңдаған себебім ,соматикалық аурулардың түрлері көп. Сондықтан үлкен қызығушылық тудырады, олардың түрлерімен танысып, емдеу тәсілдерін үйренгім келеді. Басқа ауруларға қарағанда бұл аурулардан халық көп қаза табады. Соның себебін білгім келеді.
Жұмыстың мақсаты – Балқаш қаласы бойынша соматикалық аурулардың шығу себептерін анықтау және оның емдеу тәсілдері туралы білімдерін қалыптастыру. Соматикалық аурулардың түрлерін анықтап олардың ерекшеліктерін, ұқсастықтарын, клиникасымен танысу олардың шығу себептерін анықтау.
1Тарау. Зерттеу бөлімі.
1.1Соматикалық аурулар дегеніміз не?
Соматикалық ауру – (грекше - soma дене ауруы) немесе психикалық ауруға қарама-қарсы ауру. В данную группу заболеваний объединяют болезни, вызываемые внешними воздействиями или же внутренними нарушением работы органов и систем, не связанные с психической деятельностью человека. В целом значительная часть болезней является именно соматическими, так, например, все травмы и генетические наследственные болезни являются соматическими. [1]
1.2Соматикалық аурулардың түрлері.
Жүрек қан тамыр Тыныс жүйесiнiң аурулары Жарақат және
аурулары
Тұкым қуалаған
тектік аурулар
Жүйке жүйесінің
а) Жүрек қан тамыр аурулары.
Атеросклероз- (atherosclerosіs; гр. athrа — ботқа және sklrsіs — қатаю) — қан тамырларының ішкі бетіне холестериннің сіңіп, жиналып, түйін тәрізді шоғырланып қалуы. Холестерин сіңіп қалған орын бастапқы кезде сары жолақ дақ түрінде болса, келе-келе қатайған түйінге айналады. Бұл түйіндер бір-біріне қосылады. Соның салдарынан тамырдың ішкі қабатында жаралар пайда болады, кальций тұздары шөгіп, тамыры қатаяды, қан өтуі қиындайды. Атеросклероз денедегі ең ірі қан тамыры — қолқада жиі пайда болады. Атеросклероз салдарынан қолқаның жұқарған жерлері қалталанып кеңиді (аневризма) де, басқа органдардың қан тамырларын бекітіп тастайды. Соның әсерінен кейде науқастың бірнеше минут ішінде өліп кетуі мүмкін. Шажырқай артериясының атеросклерозы ішектің өлі еттенуіне, аяқ атеросклерозы аяқтың гангренасына соқтырады. Атеросклероз жүрек қыспасы (стенокардия), жүректің созылмалы ишемиялық ауруы, жүрек
[1]-www.google.kz/wikipedia.
инфарктінің негізгі себебі болып есептеледі. Негізінен қарт кісілерде кездесе-
ді. Атеросклероздың пайда болу себептеріне
қан қысымының жоғары болуы, эндокриндік
аурулар және семіру жатады. Атеросклероздың
асқынған түрі
Қан тамырларының тығыздануы(Инфаркт
миокарда)- жүрек бұлшық етінің қанмен қамтамасыз
етілуінің бұзылуынан онда өлі еттену
(некроз) ошағының пайда болуы. Сонымен
бірге зақымданған қан тамыр аймағындағы
атеросклероздық процеске тромбоз (тамырдың
бітеліп қалуы) қосылады да, нәтижесінде
жүрек бұлшық етінің осы бөлігіне қанның
келуі толығымен не ішінара тоқталады.
Ал тромбының пайда болуы қанның ұю процесінің
бұзылуына әкеліп соғады. Бұл жағдай осындай
ауруларда жиі байқалады. Миокард инфарктысына
қан қысымы ауруы, қант диабеті, психикалық
күйзеліс, семіздік, көп шылым шегу, т.б.
әсер етеді. Бұл аурумен 40 – 60 жастағы
ер адамдар жиі ауырады. Миокард инфарктысының негізгі
белгісі: жүрек тұсы немесе төстің (кеуденің) асты
шаншып ұзақ ауырады. Бұл жүрек бұлшық
еті бөлігінің қанды өте аз алуына байланысты
қоректік заттар мен оттектің жетіспеушілігінен
пайда болады. Әдетте қысып, қызып, күйіп
- жанып, батып, керіп ауырады. Аурудың
әсері сол қолға, сол жақ жауырынның астына
тарайды, кейде адамның бүкіл кеудесі
шаншиды. Стенокардиядан айырмашылығы
ауырсыну сезімі нитроглицеринді ішкеннен
кейін де басылмайды. Әдетте ұстама 20 –
30 минуттан бірнеше сағатқа кейде
тіпті бірнеше күнге созылады. Ауырған
адам күрт әлсірейді, өлімнен қорқу
сезімі, сондай-ақ, демікпе және жүрек
қызметінің басқа да бұзылу көріністері
байқалады. Науқастың тынысы тарылып
ауа жетіспейді, лоқсиды, құсуы да
мүмкін. [2][3]
Жүрек аритмиясы(Электрокардиограмма)
Қан қысымының көтерілуі(Гипертония)- жас ұлғайғанда артерия тамырларының қабырғасының серпімділігі төмендеп, қатайып қуысы тарылады. Қысымның көтерілуінен тамыр жарылып, миға қан кетуі мүмкін. Аяқ-қолы тартылып, сал- паралич орын алады. (200 мм сын. бағанасы) 70-80 мм сын. Бағанасына төмендесе бас ауырып, жүрек айнып, құлақ шуылдайды. Гипертониялық ауру — жүрек қан тамырлары жүйесінің ең көң тараған ауруларының бірі. Оның белгісі — тамыр тонусы реттелуінің бұзылуынан туған артериялық қысымның (гипертензия) көтерілуі. Гипертония ауруы нерв жүйесіне ұдайы күш түсуінен, психикалық зақымданудан, шамадан тыс артық тамақтанудан, жүріс-тұрыстың, жалпы қимылдың аздығынан болады. Ол әдетте 40 жастан кейін дамиды, бірақ жас
[1]- Патологиялық анотомия терминдерінің, орысша-латынша-қазақша түсініктеме сөздігі.- Ақтөбе.
[2]- Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990.
[3]- Қазақ Энциклопедиясы,
6 том.
кезде де кездесе береді.Гипертония ауруының бастапқы сатысында артериялық қысымның уақытша көтерілуі жүректің жиі соғуы, кейде жүрек
тұсының ауруы, желке тұстан ауырлық
сезінуі мүмкін. Одан әрі -бас айналады,
қолдың сау сақтақтары мен аяқ бақайлары
ұйып, баста қан тасу сезімі, көз алдында
«шіркейлердің ұшып жүруі» байқалғандай
болады. Науқас тез шаршайды, ұйқы бұзылады.Гипертония
ауруы асқыну мүмкіндігімен (миокард инфаркті,
инсульт, бүйрек сырқаты) қатерлі және
ұзақ уақыт бойы табандылықпен емдеуді
талап етеді, ал емнің қонуы аурудың сатысына,
науқастық құлқына байланысты. Науқас
дәрігерге