Балқаш қаласы бойынша соматикалық аурулардың түрлері
Контрольная работа, 19 Сентября 2013, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Бірінші байлық – денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін көбіне сезбейтін де, мойындамайтын да сыңайлымыз. Айтылған сәтте көңілімізге қонады, құлағымызға жағады. Келісеміз. Сонсоң өзіміз ауа жайылып жүре береміз.
“Тәннен жан артық еді, - дейді Абай атамыз - тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Денсаулық - тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі ширықтыру, шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды шыңдау - бәрі де денсаулыққа қызмет етеді десек қателеспейміз.
Содержание
І.Кіріспе.........................................................................3-4
ІІ.Бөлім. Зерттеу бөлімі..................................................5
2.1Соматикалық аурулар дегеніміз не................................5
2.2Соматикалық аурулардың түрлері.............................5-13
а)Жүрек қан тамыр аурулары(Кардиология)..............5-8
б)Тыныс жол аурулары(Пульмонология)..................8-13
2.3Соматикалық аурулардың шығу себептері............13-16
а)Жүрек қан тамыр аурулары(Кардиология)..........13-16
б)Тыныс жол аурулары(Пульмонология).....................16
2.4Соматикалық аурулардың емдеу тәсілдері.............16-20
а)Жүрек қан тамыр аурулары(Кардиология)...........16-18
б)Тыныс жол аурулары(Пульмонология)................18-20
2.5Балқаш қаласы бойынша соңғы бес жылда ауырған
халық саны.......................................................................21-22
1Қосымша....................................................................22
2Қосымша....................................................................23
3Қосымша....................................................................23
4Қосымша....................................................................24
5Қосымша....................................................................24
6Қосымша....................................................................25
7Қосымша....................................................................25
8Қосымша....................................................................26
ІІІ.Қорытынды............................................................... 27
IV.Қолданылған әдебиеттер.........................................28
Вложенные файлы: 1 файл
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі.docx
— 462.50 Кб (Скачать файл)неғұрлым ерте көрінсе, дәрігердің
ақыл-кеңесін неғұрлым қалтқысыз
орындаса, емдеу соғұрлым тез пайда
береді. [1]
Вена қан тамырларының кеңеюі- ұзақ уақыт аяғынан тік тұрып жұмыс істейтіндердің аяқтың вена тамырлары кеңейіп, сол жерге қан ұйық пайда болады. Ұзақ уақыт аяғынан тік тұрып жұмыс істеген адамдарда вена қан
тамырлары кеңейеді. Кеңейген жерлерінде қанқатпа пайда болады. Сырты-
нан түйін-түйін болып көзге айқын білінеді.
Вена қантамырларында қан қысымын жоғарылатады.
Аяқ көп қимылдамаған соң оның бұлшықеттері
де жиырыла алмайды. Қанқатпа ауруы асқынбау
үшін көбірек қозғалу керек. [2]
Жүрек кемістігі(Порок сердца)-жүрекше мен қарынша арасындағы қақпашалардың дұрыс жұмыс істемеуінен қан іркіліп жүректе шу пайда болады. Жүрек кемістігі жүрек қақпакшаларының зақымдануынан болады. Жүрек кемістігі туа пайда болған және жүре пайда болған деп 2-ге бөлінеді. Туа пайда болған кемістік іште жатқанда ұрық жүрегінің дұрыс қалыптаспауынан туындайды. Ондай ақаулық жүректің жүрекшелерінде байқалады. Жүре пайда болған кемістік жұқпалы аурулардың әсерінен де болады. Жүрек қақпақшаларының жармаларының жиегі тегіс болмай кедір-бұдырлы тыртық болып қалады. Қақпақшалар жабық тұрса да, қанға тосқауыл бола алмай жүректе қан іркіліп тоқтап қалады. Жүрек кемістігінің белгілері мыналар: Күтпеген жерден сап-сау адамның жүрегі шапшаң соғады, шаншып ауырады, кешінде екі аяғы домбығып іседі, кейде бауыр тұсы шаншып ауырады , ентігеді. Кейде бұл белгілер баспа (ангина) немесе ревматизм ауыруынан кейін шыға келеді. Туа пайда болған жүрек кемістігі көбіне ұрықтың дамуы кезінде, жүректің қалыпты жетілмеуінен болады. Жүре пайда болатын жүрек кемістігі, негізінен, баспа, мерез, т.б. аурулардың асқынуынан болады. Бұл жағдайда жүректің ішкі қабаты қабынып, қақпақшалар беріштеніп, кішірейіп, жүрекше арасындағы саңылауды толық жаба алмайды. Сондықтан қарынша жиырылғанда қан жүрекшеге қайта құйылып, оны кернеп әлсіретеді. Қан айналысы бұзылып, жүрек қызметі нашарлайды. Адам алғашқы кезде ауруын сезбейді. Ауру
[1]-Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990.
[2]-Биология:Жалпы
білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған
оқулық. Алматы: Атамұра, 2008.
асқынған кезде науқас ентігеді, жүрегі
қағып, шаншып, қан айналысы төмендейді,
қол-аяғы ісінеді. [1]
Қаназдық(Малокровие, Анемия) –гемоглабиннің
жетіспеушілігінен эритроциттердің азаюынан
болатын ауру. ( қан кету, оттег жетіспеушілігінен
туындайды.) Қанда эритроциттердің азайып, гемоглобиннің
кемуінен болатын ауру. Қаназдықтың болу
себептері: денеден көп қан кету; химиялық
заттардың, удың, безгек ауруының әсерінен
эритроциттердің тіршілігін жоюы; кемік
майы, бауыр, көкбауырдың зақымдануы; эритроциттердің
түзілуіне қатысатын заттардың (темір,
В12 витамині) жетіспеуі және т. б. Қан оттегіне
қанықпағандықтан, мүшелер мен ұлпаларға
оттек жетіспейді. Зат алмасу бұзылады.
Эритроциттердің мөлшері азайғанда қанның
тұтқырлығы
төмендеп, жүрек соғуы жиілейді.
Қаназдықтан жүрекке көп күш
түседі. Оны қан құю арқылы емдейді.[1]
Ақ қандылық(Лейкемия)- лейкоциттердің көбейуінен эритроциттердің түзілуіне кедергі жасайды. Ақ қандылық лейкоциттердің тез көбейіп, қан ағынын толтырып жіберуден пайда болады (гр. leukas - ақ, гр. haima - қан). Лейкоциттер кеміктегі жілік майын ығыстырып, эритроциттердің түзілуіне кедергі жасайды. Бұл ауруды рентген сәулесі, радиоактивті элементтермен
емдейді. [1]
Жүрек және қан тамыр неврозы – жүрек және қан тамыр жүйесі қызметінің бұзылуы мен зақымдануы. Бұлар үш топқа бөлінеді. Бірінші тобы – жалпы невроз (неврастения, истерия, т.б.). Бұл кезде жүректің соғуы бұзылады. Клиникалық белгісі: адамның беті қызарады, сұрланады, басы ауырады. Екінші тобы – гипертония, гипотония аурулары . Бұл аурулар мидың жүрек пен қан тамырының жұмысын реттейтін жүйке орталығы қызметінің бұзылуынан, сондай-ақ, ми қыртысының ауруға шалдығуынан пайда болады. Үшінші тобына вегетативтік жүйке жүйесін зақымдап, кейін ми қыртысына таралатын жүйке аурулары жатады. Ауру көбіне адамның жеке органдарында дамып, кейін жұлын және симпатикалық жүйке жүйесінің басты бөлімдеріне таралады. Бұған Меньер, Рейно аурулары , Вольфра – Паркинсон – Уайт синдромы, бас сақинасы, стенокардия, жүрек аритмиясы, жүрек тосқауылдары, т.б. жатады.
б) Тыныс жол аурулары.
Өкпе қатерлі ісігі.
Өкпе қатерлі ісігі, негізінен, бронхтардан өсіп шығатын қатерлі ісік. Өкпе ісігі осы ісіктердің тек 1 пайызын құрайды. Өкпе қатерлі ісігімен шылымды көп шегушілер арасында жиі кездеседі. Сондай-ақ қоршаған ортаның әр түрлі концерогенді заттармен ластануы өкпенің созылмалы сырқаттары да ықпал етеді. Ал ең соңында әлеуметтік жағдайға байланысты осы ауруға душар болады. Бүгінгі күнде өкпе қатерлі ісігімен 45 пен 65 жас аралықтағы
[1]- Биология:Жалпы білім беретін мектептің
8-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра,
2008.
жоғалуы және тамаққа тәбетінің жоқ болуы да бар. [1][2]
Өкпенің созылмалы ауруы.
Өкпенің созылмалы ауруы көп
таралуына байланысты ғасыр дерті
болып саналады. Қазақстан халқының
43,9%-ы тыныс алу мүшелері ауруларына
шалдыққан. Ең ауыр сырқаттардың бірі
өкпенің қатерлі ісігі болып
табылады. Тыныс алу мүшелері ауруларының
пайда болуына шылым шегу, ауа
бассейнінің ластануы, еңбектің жағымсыз
жағдайлары, климаттық және инфекциялық
факторлар әсер етеді. Қазіргі таңда
шылым шегу әлеуметтік және медициналық
үлкен проблемаға айналып отыр, себебі
бұл зиянды әдет халықтың , оның ішінде
жастардың басым бөлігін
Демікпе.
Демікпе – негізінде бронхтардың аллергиялық созылмалы қабынуы жататын дерт. Бронхтардың ауа өткізуінің бұзылысы демігумен, алыстан естілетін ысқырмалы сырылмен, жөтелмен, кеудені қысумен, тұншығумен байқалады. Бронхтардың бітелуі (емдеудің нәтижесінде немесе кенеттен) қайтарымды. Демікпе – педиатрия мен клиникалық жалпы медицинаның өзекті мәселесі. Бала кезінде басталып, дерт ересек кезде жалғасады. Балалардағы демікпе өмір сапасының төмендігіне әкеліп соғады, мүгедектіктің себебі, ал кейде қазамен аяқталуы мүмкін. Соңғы 20 жылда, әсіресе балалардағы демікпенің едәуір өскені байқалады. Дерттің ауырлығын, өту қиындығы мен ұзақтығын,
[1]-Бес жүз бес сөз.-Алматы: Рауан, 1994.
[2]-Қазақ Энциклопедиясы.
[3]-Пульмонология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Алматы: 1996.
[4]-Қазақ Энциклопедиясы,
7 том.
мүгедікке соқтыратын салдарын ескере
отырып, демікпе Қазақстан
Тұмау.
Тұмау , грипп (лат. grіppus; франц. grіpper – “бас салу, шап беру”), инфлуэнца -тыныс жолдарының жұқпалы вирустық ауруы. Аурудың қоздырғышы -ортомиксовирустар, олардың үш типі: А, В, С бар. Өте жұқпалы ауру . Тұмау вирусының сыртқы қабыршағының құрамында гемагглютицин (оны Н әрпімен белгіленеді) және нейраминидаза (N әрпімен белгіленеді) болады. Олар әр түрлі факторлардың әсерінен өзгеріп, тұмау вирусының жаңа вариантын түзуі мүмкін. Тұмау вирусы өте тез тарайды. Инфекцияны қоздырушы – тұмаумен ауырған адам. Қоздырғыштар науқас адам жөтелгенде, түшкіргенде және қақырық, сондай-ақ науқас адам пайдаланған заттар, т.б. арқылы таралады. Ауалы-тамшылы жолмен түскен вирус жоғ. тыныс жолдарының беткей клеткаларына еніп, өсіп-өнеді де мұрынның шырышты қабаттарын зақымдайды, қанға сіңіп, жалпы организмді уландыра бастайды. Аурудың жасырын кезеңі 1 – 4 күнге созылады. Тұмау кезінде науқастың денесі дел-сал болып, тамағы мен тыныс жолдары ашиды, дене қызуы көтеріліп (38С-қа дейін), асқа тәбеті болмайды. Басы ауырып, бұлшық еттері сыздайды. Адамға тұмау тигеннен кейін бірнеше сағаттан соң (кейде 1 – 2 күннен кейін) мұрыннан су ағады, даусы қарлығып, жөтеледі, қақырық пайда болады, иіс сезуі нашарлап, көзі қызарады. Тұмау, әсіресе, емшек еметін сәбиді қатты әлсіретеді. Баланың танауы бітеліп, демалысы қиындайды, мазасызданып, ұйқысы бұзылады. Тұмау ересек адамдар үшін де қауіпті, ол құлаққа, тамаққа, тыныс жолдары мен өкпеге зақым келтіруі мүмкін. Тұмаудан жазылғаннан кейін организмде иммунитет пайда болады, ол А типінен кейін 1-2 жылға, В типінен-2-3 жылға созылады, С типінен кейін тұрақтанады. Сондықтан С типімен ауырған адамдар тұмаудың бұл түрімен қайталап ауырмайды. [3]