Азық-түлік қоспалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2013 в 07:08, курсовая работа

Краткое описание

Мысалы, әрбір адам әлеуметік жүйеде бірнеше қызметтерді атқарады. Осыны статус дейді. әрбір адамның бірнеше статусы болуы мүмкін, бірақ оның жағдайын бір ғана статус анықтайды. Бұл жалғыз статус басты немесе интегралды деп аталады. Ол басты немесе интегралды статус адамның қызметі (лауазымы) арқылы белгіленеді. Мысалы, директор, профессор сияқты әлеуметтік статус адамның сыртқы мінез-құлықы мен пішінінен (киімі, сөйлеу мәнері) және басқа әлеуметтік мамандық белгілер ең алдымен адамның алдына қойған өмірлік басты нысаналарынан, іс-әрекеттерінен, мақсаттарынан, т.б. байқалады.

Содержание

1. Әлеуметтік статус және әлеуметтік рөлдер
2. Жеке адамның әлеуметтенуі
3. Тұлға- әлеуметтік қатынастардың субъектісі және объектісі ретінде

Вложенные файлы: 1 файл

Жоспар.docxтұлға.docx

— 61.14 Кб (Скачать файл)

 

 

Жоспар

Кіріспе

1. Әлеуметтік статус және әлеуметтік рөлдер

2. Жеке адамның әлеуметтенуі

3. Тұлға- әлеуметтік қатынастардың субъектісі және объектісі ретінде 

 

 

Тұлға туралы рөлдік теорияда адамның әлеуметтік мінез-құлқы негізінде екі ұғыммен  түсіндіріледі:

Олар: «әлеуметтік  статус» және «әлеуметтік рөл» . Әлеуметтік рөл туралы жоғарыда біраз  айтылды. Енді бұларға толығырақ  тоқталайық.

Мысалы, әрбір адам әлеуметік жүйеде бірнеше  қызметтерді атқарады. Осыны статус дейді. әрбір адамның бірнеше  статусы болуы мүмкін, бірақ оның жағдайын бір ғана статус анықтайды. Бұл жалғыз статус басты немесе интегралды деп аталады. Ол басты немесе интегралды статус адамның қызметі (лауазымы) арқылы белгіленеді. Мысалы, директор, профессор  сияқты әлеуметтік статус адамның сыртқы мінез-құлықы мен пішінінен (киімі, сөйлеу мәнері) және басқа әлеуметтік мамандық белгілер ең алдымен адамның  алдына қойған өмірлік басты нысаналарынан, іс-әрекеттерінен, мақсаттарынан, т.б. байқалады.

Әлеуметтанушылар  статустардың екі түрін бөліп  көрсетеді. Біреуі – қоғамнан берілген (предписание), екіншісі адамның өз еңбегінің нәтижесінде қол жеткізген (пробретенный) статус. Қоғамнан берілген статус – тұлғаның этникалық шығу тегімен, туған жерімен, отбасымен  байланысты. Еңбегі арқылы қол жеткізген  статус адамның қажырлы еңбек  етуіне байланысты. Мысалы, жазушы, ғалым, директор. Статсутың табиғи деген  түрі болады. Тұлғаның табиғи статусы  адамның мәнді, тұрақты сипатты  белгілеріне байланысты (ер адам, әйел, бала, жасөспірім, қарт). Көбінесе, қызметіне (лауазым) байланысты статус – тұлғаның базистік (яғни, негізгі) статусы болып  есептеледі. Ол ересек адамның интегралдық  статусының негізі болады. Бұл статусқа адамның әлеуметтік, экономикалық, өндірістік салаларда қызметі , орны (мысалы, дәрігер, инженер, мұғалім, банкир) жатады.

Қорыта  айтқанда, қандай да бір қоғамда  адамның әлеуметтік жүйедегі орны бар. Ал, қоғамның адамға белгілі бір  талап қоюы оның әлеуметтік рөлінің  мазмұнын, мәнін құрайды. Сонымен, әлеуметтік рөл дегеніміз, әлеуметтік дүйеде белгілі  бір статусы бар адамның орындайтын іс-әрекетінің жиынтығы.

Әрбір статус бірнеше рөлдерден құралады.  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

 

1. Әлеуметтік статус және әлеуметтік рөлдер

Әлеуметтану, басқа гуманитарлық ғылымдардан  айырмашылығы, жеке адамды  зерттеудің бір ракурсы – жеке адам – әлеуметтік өмірдің қайнар көзі, оның  шынайы әрі жалғыз қайраткері және дамытушысы, әлеуметтік өмірдің, әлеуметтік әрекеттестіктің, институттардың және тағы басқалардың  бөлінбес бөлшегі ретінде қарастырады. Жеке адам және  қоғам мәселесі әлеуметтануда салыстырмалы тәуелсіз, бірақ бір-бірімен тығыз байланысты 2 ракурста зерттеледі.

Біріншісі әлеуметтік институттар, қауымдастықтар, жалпы қоғам қалай құрастырылған, жеке адамның қажеттіліктерімен  қандай қатынаста болатындығының мәнін  ашуға; біріншілері оның мүдделерін қаншалықты бейнелей алатындығына және бейнелеуі керектігіне немесе олар тәуелсіз, тек өз даму логикасына байланысты екендігін ашуға бағытталған.

«Қоғам  және  жеке адам» мәселесінің  екінші ракурсының мәні – бірнеше  мәселеден  тұрады: белгілі бір  социуммен жеке адам қаншалықты өзара  әрекет етеді, қаншалықты өз тәуелсіздігін, автономдылығын көрсете алады; немесе қоғам, қоғамдық байланыстар, институттар  жеке адамның құндылықтарын, олардың  иерархиясын, өмір жолын қатал реттейтіндігін зерттейді.  

Әлеуметтану шынайы әрекет ететін, таңдайтын, талғайтын субъект ретіндегі жеке адамды зерттейді. Сонымен қатар, тұлғаның шынайы өмір әрекетінің тұрақты, қайталанбалы элементтеріне, оның  қоғаммен өзара байланыстарына көп көңіл бөледі. Жеке адам социологиясының басты проблемасы болып әлеуметтік жағдайлар (байланыстар, әлеуметтік және билік институттары, әлеуметтік қауымдастықтар) мен адам іс-әрекетінің өзара ықпалы табылады. Рөльдер теориясын жақтаушылардың ойынша, жеке адам дегеніміз, индивидтің қоғамда атқаратын әлеуметтік рөльдері жиынтығының функциясы болып табылады, сондықтан, әлеуметтік рөль – индивид пен қоғам  әрекеттістігі механизмінің маңызды элементі. Адамдар арасындағы әлеуметтік байланыстар олардың қоғамдық қатынаста белгілі бір жұмыс түрін (мұғалім, инженер, әке, бала және т.б. функциялар) орындау тапсырмасы түрінде болатын  әлеуметтік функциялар негізінде құрылады. Атқарылған функциялар қоғамдағы әлеуметтік құрылымдағы адамның  жағдайын сипаттайды. Осылайша, студенттің басты функциясы кәсіби және жалпы азаматтық мәдениетті танып білу. Индивидтің функциялары және одан туындайтын міндеттер мен құқықтар жеке адамның әлеуметтік статусын белгілейді. Жеке адамның әлеуметтік статусы – бұл индивидтің әлеуметтік топтардағы және  бүтіндей қоғамдағы позициясы. Ол табиғи (жынысы, жасы) және әлеуметтік сипаттамалар (мамандық, кәсіп түрі, табыс, қызмет жағдайы және т.б.) арқылы анықталады, сондай-ақ, туа біткен (ұлттық, әлеуметтік тегі, туған жері) және қол жеткізілген (білім, мамандық, біліктілік) статустар болады.

Әлеуметтік  статустар иерархиясы қоғамдағы  немесе әлеуметтік қауымдастықтағы, қабаттағы, топтағы адамдардың белгілі бір  позициясының маңыздылығын бейнелейтін  «престиж» ұғымымен бекітіледі. Мамандық, лауазым, қызмет түрлері престижді  болуы мүмкін. Престиж – адам тілектерін, ниеттерін, әрекеттерін  қозғаушы, ал престиждік бағалау –  кәсіби жұмыс бастылықты, әлеуметтік орын ауыстыруды, тұтыну құрылымын  анықтайтын т.б. адам мінез-құлқын реттеуші болып табылады.  

Адам бір уақытта бірнеше статусқа ие болуы мүмкін және көптеген шексіз рөльдерді атқарады. Әдетте, рөльдер жиынтығы сәйкес статусқа бекітілген ресми және бейресми рөльдерді қамтиды. Осылайша ЖОО оқытушысынан тек жоғары кәсіптік ғылыми деңгейді және т.б. ғана емес сонымен бірге, бейресми ғылыми ортада қалыптасқан қарым-қатынас стилін және мәдениет деңгейін игеру талабы қойылады. Мұнда әр жеке адам тек өзіне тән рөльдер үйлесімділігіне ие екенін айта кету керек, бұл оның  индивидуальдылығын білдіретін негізгі қасиет.

Рөльдердің  көптігі рөльдік қақтығыстар  деп аталатын жеке адамның ішкі қақтығыстарын  туғызады. Олар көбінесе іс-әрекет мотивтерінің күресі түрінде болады. Бұл мотивтер негізінде белгілі бір функциялардың  дұрыс, мақұлданған орындалуы туралы көзқарастар жатыр. Бұл рөльдер  қақтығысында индивид үшін берілген жағдайда маңыздырағы жеңіске жетеді. Басқаша айтқанда, рөльдер статустар  сияқты иерархиялық болып келеді және әр жеке адам өзінің талғам пирамидасын  құрайды. Әлеуметтіқ функциялар, әлеуметтік статустар және әлеуметтік рөльдер  өзіндік бір  түйіскен механизмді құрайды. Осы арқылы әр адам кейбір қоғамның  бөлшегі, оның мәдениетін, сапасын ұстанушысы болады. Жеке адамның  орындайтын әлеуметтік рөльдер жиынтығы ол қосылған қоғамдық жүйедегі байланыстар  мен қатынастарды бейнелейді.

Жеке  адам өмір шарттары мен қоғамдағы  мінез-құлықты игерген адамның  нәтижесі екендігі туралы ой необихевиоризмде пайда болған, мұнда тұлға ретті  түрде талданған және әлеуметтік стимулдар жиынтығына деген әлеуметтік қолайлы жауаптар жиынтығы деп түсіндірілген. Жеке адам кейбір аралық, әлеуметтік емес сипаттағы айнымалылармен байланысты болатындығы мүмкін болды, бірақ олар шынайы ғылыми талдау пәні ретінде мойындалмады.

Жеке  адамның әлеуметтік концепцияларының бір тобы жеке адамға социогендік қажеттіліктер жиынтығы және қоғам тудыратын бағыттар түрінде қараумен байланысты. Қоғам жеке адамның дамуына әсерін тигізетін әртүрлі қажеттіліктерді тудыра отырып, дамиды.

Жеке  адамға деген көзқарастардың даму диалектикасы жеке адамды ықшамдайтын схемаларын жеңу, оның жүйелік түсінуге өту жолымен іске асады. 

 

 

 2. Жеке адамның әлеуметтенуі

Жеке  адамның қалыптасуы, индивидтің әлеуметтік-мәдени күйге түсуі – бұл өте күрделі  процесс. Оған көптеген қозғаушы күштер, факторлар қатысады. Әлеуметтану ғылымы жеке адамның әлеуметтену процесін, әлеуметтік қасиеттердің, құндылықтардың, мұрат-мақсаттардың, ережелердің және әлеуметтік мінез-құлық, білім алу, іскерлік пен дағды принцитерінің  қалыптасу процесін талдауға  мүмкіндік беретін негізгі қатарды белгілеуге тырысады. Сол арқылы адам әлеуметтік байланыстардың және қауымдастықтардың әрекет ететін мүшесі болады. Ал қоғам өз өмірін сабақтастық арқылы жаңартып отырады. Сонымен бірге, әлеуметтену процесінің түрі және үлгісі қоғамның қандай кұндылыктарға бағынуына, әлеуметтік әрекеттестіктердің қандай түрінің туындауына байланысты екенін ескеру қажет.

Әлеуметтену процесінің бір маңызды ерекшелігі – бұл әлеуметтенудің тек балалық шақпен жастық шақта ғана қалыптасуы, оның жаңа статустар мен рөльдерді және қажетті әлеуметтік касиеттерді есейген адамның бүкіл өмір бойы игеруі.

Әлеуметтену процесінің екінші маңызды ерекшелігі – бұл жеке адамның әдейі (мысалы, тәрбие институттары арқылы) не әдейі  емес, жасырын (латентті) әлеуметтенуі. Бірінші жағдайда адам қиындықтармен қақтығыса отырып, белгілі бір әлеуметтік рөльге тікелей енеді. Екінші жағдайда әлеуметтік құндылықтар жүйесінің нақты қызметі жеке адамның қалыптасуына әдейі болмаса да шешуші әсер беретіні меңзеледі.

Үшіншіден, әлеуметтену процесі – бұл  жеке адамның өз индивидуальдығын, өзінді дара нақты келбетін табуы екенін айрықша атап көрсету керек. Ендеше, әлеуметтену процесі пассивті бейімделуден бөлек, жеке адамның әлеуметтік жағдайларға көнуінің, оның белгілі бір стандартты айырмашылықтарға ие болуының емес, сыртқы (әлеуметтік) және ішкі (биогенетикалық және рухани) факторлар ықпалымен және жеке адамның өзіндік белсенділігі қызметінің нәтижесі.

Ал енді жеке адамның әлеуметтенуінің механизмі  әлеуметтік бақылауға тоқталайық. Бұл терминді ғылымға енгізген француз социлогы Г.Тард. Басында ғылым оны қылмыскерді қоғамдық қызметке қайтару құралы ретінде қарастырған. Кейіннен, бұл  терминнің мәнін кеңірек қарастырып, Г.Тард әлеуметтік бақылауды жеке адамның әлеуметтенуінің бір факторы деп қарады. Г.Тард көзқарасының ықпалымен американ социологы әлеуметтік тәртіпті орнату мақсатымен қоғамның индивидке мақсатты түрде әсер етуі және индивидттің мәдениетті игеруі мен оны ұрпақтан – ұрпаққа тапсыру үрдісін қамтамасыз ететін құрал ретінде, әлеуметтік күш пен адамзат табиғаты арасындағы белгілі бір қатынасты үйлестіруші деп түсінді.

Әлеуметтік  бақылау – бұл нормативті жөнге  келтіру арқылы құрамындағы элементтердің  қатынасын, әлеуметтік жүйелерді реттеуші құрал. Әлеуметтік бақылау жүйесін тұрақтандыру функциясы – әлеуметтік қатынастардын, әлеуметтік (топтық, кластық, мемлекеттік) құрылыстардын үстем типтерін тудыру болып табылады. Әлеуметтік бақылау жүйесінің мақсатты қызметі, оның бағыттылығы және маныздылығы берілген әлеуметтік жүйенің, ондағы бір-бірін ауыстыратын қоғам типтерінің тарихи дамудағы тарихи – шартты, әлеуметтік – экономикалық, әлеуметтік – саяси, әлеуметтік – құқықтық сипатына байланысты.

Мотиві  бар және әлеуметтік статусқа реакциясы  бар жеке адамның өз қылықтарының және басқа әлеуметтік әрекеттерінің  жинағы адамның мінез-құлқын құрайды. Жеке адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетінің объективті негізі болып оның қажеттіліктері мен қызығушылықтары табылады.

Қажеттіліктер адамның сыртқы әлемге, әлеуметтік ортаға деген тәуелділігін көрсетеді. Қажеттіліктер екі түрлі болады: табиғи және әлеуметтік (қоғаммен құрылған).

Қажеттіліктер өмір сүру жағдайын сипаттайды. Өмір жағдайларына қанағаттанбаушылық өмір жағдайларын қолда бар мүмкіндіктер және еңбек арқылы, әлеуметтік институттар арқылы өзгертуге тырысатын адамның іс-әрекетінің сипаттамасына айналады. Мүмкіндіктеріне қарай индивид мақсатты түрде белгілі бір әлеуметтік жүйедегі белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыру мақсатымен әрекет етеді. Енді осы кезде жеке адамның мүдделері, оның мәні көрініс табады. Мүдде ретінде, ең алдымен, адамның қоғамдағы орны, екіншіден, оның басқа адамдар қызметіне тәуелділігінің сипаттамасы, үшіншіден орнаған әлеуметтік қатынастардан туындаған қажеттіліктерді қанағаттандыру жолдары және тәсілдері көрінеді. Адам нақты әрекетке кірісу үшін қажеттіліктер мен мүдделерді ішкі қозғаушы мотивтерін тануы керек. Мотивтер – әрекетке ішкі нақты қозғаушы, белгілі бір жағдайда адам мінез-құлқын сипаттаушы. Мотивтер – белгілі бір игіліктерді немесе тілектерді, қызмет жағдайларын орындаудағы объективті қажеттіліктерінің және мүдделердің адам санасындағы көрінісі. Мотивтер, индивидтердің белсенділігінің ішкі қозғаушысы. Олардың сыртқы қозғаушы күші – стимулдардан адамға сыртқы жағдайлардың объективті әсерімен ерекшеленеді. Стимул жеке адам қызметінің себебіне айналуы мүмкін, егер де ол объект пен субъект қажеттіліктеріне жауап беретін субъективті құндылық болып табылса.

Құндылықты  бағыттар жеке адамның әлуметтік  ұстанымы бола отырып, оның мінез-құлқын реттейді. Әлуметтік ұстамдар – бұл жеке адамның әлуметтік белгілі әрекеті нысанына сәйкес әрекет етуі. Адамға жеке адам қызметін атқару бір жағынан аурытпалық туғызса, екінші жағынан – бұл бақыт. Ауртпалық болады, себебі, әлеуметтік қызметтерді орындау оңай емес.

3. ТҰЛҒА - ӘЛЕУМЕТТІК ҚАТЫНАСТАРДЫҢ СУБЪЕКТІСІ ЖӘНЕ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ

Адамның аса кұрделі табиғаты оның қоғамдағы  әр түрлі байланыс-қатынастары қазіргі әлеуметтануда адамға, оның тұлғалық түріне байланысты, алуан түрлі модельдерді жасауға ықпал етті. Осылардың бірі – адамның бейнесіне (образын) әлеуметтік рөлдердің жиынтығы ретінде қарау.

Мұны  тұлғаның рөлдік тұжырымдамасы дейді. Бұл тұжырымдаманың мазмұны мынадай: қоғамдағы әрбір адам ондағы алуан  түрлі әлеуметтік топтарға кіреді. Мысалы, отбасына, оқу тобына, достар компаниясына, өндіріс ұйымына. Әрбір  топтағы адамның белгілі бір  орны, өзінің көзқарасы, бағыты болады, яғни белгілі бір талап-тілектер қойылып, ол оны орындайды. Сонымен, нақтылы жағдайда бір адам бірде  әке немесе шеше, екінші жағдайда осы  адам дос, үшінші жағдайда бастық болады, яғни нақтылы адам әр жағдайда әр түрлі  рөлдерде қызмет атқарады.

Информация о работе Азық-түлік қоспалары