Қазақстандағы халық санағының тарихы туралы мәліметтер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 07:27, реферат

Краткое описание

Бізге жеткен мәліметтер бойынша халықты есепке алу, осыдан төрт мың жылдан артық уақыт бұрын өткізілген Қытайға қатысты. Ежелгі Египетте, Грекияда, Римде, Иранда, Жапонияда және т.б. ежелгі мемлекеттерде халықты есепке алу жүргізілгені жөнінде мәліметтер бар.
Әскери және салықпен қамтылған контингентті есепке алу біздің ежелгі бабаларымыз Үйсіндер мен Қаңлыларда да болған. Б.з.д. ІІ ғасырда Үйсіндер халық саны 630 мың болғанда, олар ішінде 188,8 мың адам жасақталған, ал Қаңлылардың халық саны 600 мың болғанда 120 мың әскерге жарамды сарбаз шығарған. Ерте ортағасырдағы мемлекеттердің халық санын шамалап шығару қиын емес.

Вложенные файлы: 1 файл

kz.doc

— 171.00 Кб (Скачать файл)

Қазақстандағы халық санағының тарихы туралы мәліметтер

 

Бізге жеткен мәліметтер бойынша халықты есепке алу, осыдан төрт мың жылдан артық уақыт бұрын өткізілген Қытайға қатысты. Ежелгі Египетте, Грекияда, Римде, Иранда, Жапонияда және т.б. ежелгі мемлекеттерде халықты есепке алу жүргізілгені жөнінде мәліметтер бар.

Әскери және салықпен қамтылған контингентті есепке алу біздің ежелгі бабаларымыз Үйсіндер мен Қаңлыларда да болған. Б.з.д. ІІ ғасырда Үйсіндер халық саны 630 мың болғанда, олар ішінде 188,8 мың адам жасақталған, ал Қаңлылардың халық саны 600 мың болғанда 120 мың әскерге жарамды сарбаз шығарған. Ерте ортағасырдағы мемлекеттердің халық санын шамалап шығару қиын емес. Алтын Орданың этникалық негізін құрайтын орта ғасырдағы қыпшақтар, бұрынғы Киевтік Русьтың феодалды-шашыраған аумағындағы салықпен қамтылған халқының санын есепке алуды жүргізген.1456-1465 жылдарда Керей , Жәнібек сұлтандарымен Қазақ хандығы құрыла бастаған кезеңінде, олардың қол астына жиналған халық саны 200 мың адамға жетті. Замандастар анықтамасы бойынша қуатты қазақ хандарының бірі Қасым ханның құзырындағы халық саны миллион адамға жеткен.

 Алайда, қазіргі Қазақстанның аумағында біршама жүйелі түрде және орталықтандырылған статистикалық қызметтің туындауы қоғамдық құбылыстардың сандық жағын есепке алу әрекеттері, сонымен қатар халықты мерзімді есепке алу, ХVІІІ ғасырдың екінші жартысына, яғни Қазақстанның Ресей империясының құрамына кіру кезеңіне тиесілі.

Ресейде І Петрдің 1718 жылғы жарлығымен әр бір адамды санаққа алуға бастама қойылды. Соған байланысты ХVІІІ ғасырда және ХІХ ғасырдың бірінші жартысында халық туралы мәліметтер ревизия өткізу кезінде жиналған, яғни үкіметтің тағайындауы елдің халық санына кіретін шаруаларды, қолөнерлерді , саудагерлерді, мезгіл-мезгіл есепке алуды жүргізу кезінде жиналды. Мұндай ревизиялар Ресей тарихында 10 рет 1719, 1744-45, 1763, 1782, 1795, 1811, 1815, 1833, 1850 және 1857 жылдары өткізілді. Сонымен қатар әрбір ревизия бір-екі жылға созылды, ауыл көсемдерімен «ревизиялық ертегі»  (Ресей империясы тұрғындарының атаулық тізімдері) помещиктермен немесе мемлекет шаруаларын басқарушылармен толтырылған, ал қалаларда – қалалық басқарма өкілдері толтырған. Әрине, мұндай жанбасылық санақ, әсіресе өткен кезеңдердегі, Қазақстанның белгілі бір аумағындағы  халықтың кейбір бөлігін қамтыған. ХІХ ғасырдың  60 жылдарынан бастап, яғни басыбайлық құқықтың жойылуы кезеңінен бастап, мұндай есепке алулар тоқтатылды; оның орнына ірі, кей жерде  шағын қалаларда, жергілікті халық санағы өткізіле бастады. Мұндай қалалық халық санағы 1873 жылы Астрахань губерниясында, ал 1877 жылы қазақтардың айтарлықтай бөлігі тұратын Ақмола облысында өткізілді.

Кейбір халық туралы статистикалық мәліметтер және мал саны аймақ бойынша қайта-қайта есепке алу жолымен жиналған. Мұны негізінен Ресейдің саяхатшы шенеуніктері жүргізген. Бірақ бұндай жолмен есептеу кезінде бірыңғай әдіснама ескерілмей, жалпы бағдарлама және оның өткізілу уақыты сақталған жоқ. Халық көбіне өздерін, туылған ер балаларының және нақты мал санын  жасыруға тырысқан. Оның себебі халық патшалық үкіметтің бұл мәліметтерді халықтан қалайда болса көбірек салық жинау үшін қолданатындығын түсінген.

Соған қарамастан, Ресей империясының бірыңғай мемлекеттік статистикасының принциптері Қазақстан аумақтарына да ене бастады, алдағы уақытта олар ХІХ ғасырдың 60 жылдары соңындағы Патшалық Ресей тарапынан Қазақстанды басқарудағы әкімшілік реформаларын жүргізгіліп, аумақта арнайы статистикалық органдар және жергілікті қызмет көрсету органдары құрылғаннан соң түпкілікті бекітілді.

ХІХ ғасырдың аяғында Ресейдің  ғалым статистиктері қазіргі Қазақстан аймақтары және онымен шектесіп жатқан кейбір аудандарда басым бөлігі қазақтардан тұратын територриялардағы қазақ халқының санына келесі бағалау (есебін) берді.

 

1830 -1870 жылдары  Қазақстан халқының динамикасы (млн. адам)

 

Жылдар

Барлық халық саны

Қазақтардың саны

1830

1,5

1,3

1850

1,7

1,5

1870

3,6

2,4


 

Ресей империясында алғашқы және бірегей жалпы халық санағы  1897 жылдың ақпан айында (28 ақпан айының жаңа үлгісімен) жүргізілген. Оның негізіне сол кездегі ғылыми негіздері алынған, ал бағдарлама ұйымдастырушылық негізіне атақты ғалым әрі саяхатшы Семенов Тянь-Шаньскийдің жоспары алынған. Санақ бүкіл ел бойынша арнайы дайындалған бір бағдарлама және жалпы нұсқаулық бойынша дайындалып жүргізілген, және де жеке, тұрақты және заңды (тіркелген) жұртшылықты сол бір мерзімде (1897жыл 9 ақпан) есепке алған. Ол бағдарламаның негізі 14 сұрақтан құралған; жасы, жынысы, некелік жағдайы, адамдардың қоғамдық тобы, туылған жері, тіркелу орны, тұрақты (күнделікті) тұрғын орны, діні, ана тілі, білім деңгейі, шұғылданатын ісі, физикалық жетіспеушіліктер мен ойлау қабілеті төмен адамдар.

Санақ бір күндік санақ принципі бойынша жүргізілген. Санақ парақтары ауылдық жерлерде санаққа дейін 20-30 күнде таратылып толтырылған, қалалық жерлерде жалпы санаққа қойылған мерзімге дейін 5-10 күн қалғанда толтырылған. Санақ парақтары жалпы санақтың басталуына дейін ауылдық жерлерде 20 күн, қалалық жерлерде 10 күнде толтырылған. Содан соң 9-10 ақпанда қалалық жерлерде, 9-12 ақпанда ауылдық жерлерде тіркеушілер санақ парақтарын жинап оларға түзетулер енгізген. Санақ мәліметтері, жалпы айтқанда жақсы жасалып 100 том болып шыққан. Томдардың біраз бөлігі Қазақстан халқына арналған.

Бұл санақ жұртшылықтың барын, тұрақты және заңды бөлігін қамтыған. Кейінірақ санақ парақтары тексеруден өткізіліп, түзетулер енгізілген. Н.В. Алексеенко, Г.К. Кронград және Ф.Н. Базановыйдың деректері бойынша, Ресей империясының 1897 жылғы жалпы халық санағының негіздерінен құралған, Қазақстан территориясында ең ірі үш этникалық топтар шоғырланған; қазақтар жұртшылықтың 74-78%, орыстар - 10-13% және украйндар 1-2% құраған (үлес салмақ көрсеткіштері арасындағы айырмашылық орыстар мен қазақтардың Қазақстан бойынша бірдей әкімшілік бірліктерімен қамтылмағандығымен түсіндіріледі).

Қазақстан халқына 1897 жылдың 9 ақпанына

 

Ұлты

Қазақтар

Орыстар

Өзге де ұлттар

Барлығы:

Халық,

 мың. адам

3392,8

454,4

300,6

4147,8

%-бен барлығына 

81,8

11,0

7,2

100


 

1897 жылдың бірінші жалпылама  санақ мәліметтері мен жұмыс  жасаудың қиындығы мынада болды; Ақмола облысының құрамынан Омбы уезі мен Омбы қаласын алу керек, Орал облысына Букеев ордасы кірді, Семей облысының құрамына Павлодар уезі, Сырдария облысынан Бішпек және Пржевальский уездін алу керек, Маңғышлақ уезіне Закаспийский облысы қосылған, Торғай облысы Қостанай және Ақтөбе уездерімен бірге алынуы керек еді. 1897 жылғы санақ этникалық, лингивистикалық жұртшылық санағы, бұл дегеніміз санақ негізіне тіл индентификациясы енгізілген. Украйндар, белорустар, еврейлер, мордвалардың бөлігі ана тілін орыс тілі деп (санақ мәліметтерінде «великорусский»), қырғыздар, татарлар, өзбектердің бөлігі ана тілін қазақ тілі деп (санақ мәліметтерінде «киргизский» немесе «киргиз-кайсацкий») көрсеткен.

1897 жылғы Ресей империясында  жүргізілген санақ мәліметтері бойынша қазақ халқының саны 3745 мың. адам, ал Қазақстан шекарасында 1927 жылға 3392 мың. адам болды. Демогорф М.Б. Тәтімовтың ойынша 1897 жылғы санақ кезіндегі қазақ халқының саны 10%-ға, ал 1926 жылы 6%-ға аз көрсетілген.

1911 жылы қазақ халқының үлес салмағы 60%-ға дейін төмендеген, орыстар жалпы халық санының 19,6%-ын құраған. 1914 жылы қазақ халқының үлес салмағы 58,5%, ал орыстар 29,6% құраған.

1917 жылы Қазақстан бойынша қазақ  халқы 4 млн. 980 мың. адамға жеткен (Семиреченск облысы бойынша 750 мың., Самарқанд облысы – 120 мың., Амудария және Сырдария облыстарында 1 млн.150 мың.). ССРО көлемінде 5 млн. 480 мың. қазақтар тұрған. М. Тынышпаевтың есебі бойынша, қазақтардың жалпы саныны 6 млн. адам болған.

Бірінші жалпы кеңес жұртшылығының санағы 1920 жылдың 28 тамызында жүргізілді. Бұл санақ әскери коммунизм мен большевиктер террорының кезінде жүргізілген. Азамат соғысы аяқталмағандықтан, Қазақстанның барлық аймағы санаққа кірмеген. Жалпы халық санағымен бірге ауылшаруашылық санағы да жүргізілді.

1923 жылдың 15 наурызында бірінші  қалалық халық санағы жүргізілген. Санаққа сонымен бірге өндірістік және сауда мекемелері алынуы тиіс болатын. Халық жыныс, жас және шұғылданатын ісі бойынша бөлінген. Жаңа экономикалық саясаттың басталуымен ірі және кіші мекемелердің, яғни мемлекеттік немесе жеке коммерциялық мекемелердің жалпы тіркелуін жаңарту қажетті екендігі түсінікті-ақ болатын. Аталғандар салық төлеу мен мемлекеттік бюджетті толтыруға аса құштарлық білдірмеген. Бұл санақ кеңес үкіметтің билігінің нығаюы кезінде жүргізілген және ССРО территориясының, сонымен бірге Қазақстанның толық географиялық көлемін қамтыған. Санақтың мәліметтерін өңдеуде ССРО ОСБ (Центральное Статистическое Управление) демография бөлімінің меңгерушісі Б. Михайловский басты рөл атқарған.

            Ең толық халық санағы  бұл 1926 жылы өткізілген Бүкілодақтық  халық санағы болды. Қазақстан  толығымен 1914 жылғы дәрежеге жеткен. 1925 жылдан бастап (санаққа дейігі 2 жыл ішінде) халық санағын жүргізуге дайындық пен санақты жүргізуіне байланысты мәселелер қызу талқылана бастады. 1920 жылдың орта шенінен бастап Қазақстанның губстатбюросы КазЦСУ дың басқаруымен құрылған.

ССРО ОСБ, РСФСР ОСБ, Қаз АССР ОСБ және жергілікті статистика мекемелерінің  жұмысты орталықтандыру қызметтері жақсаруда. 1925 жылы Каз СРО ОСБ түбегейлі қайта құрыла бастады, бұл 1926 жылғы халық санағының басталуына дейін аяқталған болатын. Халық санағы статистика мекемелерінің қайта құрылған жүйесінің негізінде жүргізілген. Санақтарды жүргізумен негізінен Қаз ОСБ демография бөлімі айналысқан. Кадрлар негізінен бұрынғы статистика бөлімдерінің, қоныс аударған, уездік және губерниялық статистикалық бюроларының қызметкерлерінен құралған. 1927 жылғы екінші Қазақстандық статистикалық конференцияда Қаз ОСБ санақ бөлім меңгерушісі Н. Крутилинның баяндамасы бойынша резолюциясында, халықты санақпен қамту толық болғандығы айтылған.1926 жылдың 17 желтоқсанындағы халық санағы бүкіл халықтық іс болды. Партияның орталық комитеті, жергілікті партия органдары статистиканың талаптарын бірінші кезекте орындады. Осы маңызды іс-шараға бүкіл халықты жұмылдырды.

           1926 жылғы халық санағына дайындық кезеңіндегі басты жұмысы бұл санақ сызбалары мен қолданыс құралдарының дайындығы. Ең бірінші тапсырмалардың бірі бұл географиялық, схемалық, өзге де карталарды құрастыру және оларға елді-мекендерді енгізу болды. Ауылдардың әкімшілік шекараларын анықтау қиындық туғызды. Бұл мәселені шешу үшін Ленинград қаласындағы ірі мұрағаттың мәліметтері, жоғарғы геодезия басқармасының әскери-топографиялық бөлімінің және де Мәскеу қаласындағы хабарласу жолдары комиссариятының мұрағатының мәліметтері қолданылған. Картографиялау 1926 жылдың жазында ауылшаруашылық санағы кезінде және халық санағының жүргізілуі кезінде жүзеге асырылды. Қазақстанмен Бүкілодақтық халық санағының дайындық және оны жүргізу жоспары жалпы түрде 1925 жылдың қаңтар айында дайын болған. Ю.М. Иванованың «1926 жылғы Бүкілодақтық халық санағынына дайындық жұмыстарын жүргізу туралы» баяндамасында жұмыстың 2 кезеңі жайында айтылған: 1) техникалық жұмыстардың атқарылуы, - оларды санақ комиссиясының тек қана штабтық статистикалық жұмысшылары атқарады; 2) бағдарламаны ойластыру, дайындық жұмыстарының ұйымдастырылуы мен оларды орындау. Санақ 1926-1927 ж.ж. қатаң қыстың жағдайында жүргізілді. Жұмысқа статистиктер, мектеп және интернат мұғалімдері, халықтық жер комитетінің жұмысшылары, халықтық қаржы комитеті, халықтық ішкі істер комитетінің және жергілікті атқарушы комитеттерінің қызметкерлері тартылды. Қолдағы бар ауылдар мен қыстаулардың тізімі бойынша, кестелер, елді мекендердің  схемалық карталары бойынша халық санағы басталған. «...орыс және өзге қазақ емес шаруашылықтарда халықтың бір жерге жиналуын болдырмау, ауыл-қыстауларды аралауды міндетті түрде жүргізу – қазақ халқына арналған». Халық санағын қалаларда және қалалық үлгідегі елді мекендерде 1926 жылдың 25 желтоқсанына дейін аяқтау жоспарланған, ауылдық жерлерде орыс және өзге тұрақты халықты – 1927 жылдың 3 ақпанына, көшпелі қазақтар үшін – 1927 жылдың 18 ақпанына, тіркелген жерлердегі қазақ халқын қоспағанда, ол жерлерде халық санағы 1927 жылдың 15 қаңтарында аяқталуы керек болған. Жалпы санақ қойылған мерзімде аяқталған. Қоғамдық санақ бағдарламаларының қоры қазақ шаруашылықтары жайындағы арнайы шығарылған жинақпен толықтырылды. Бұл қосымша жинақ бақылау парақшасы ретінде қолданылды және қазақ жұртшылығының толық есепке алынуына мүмкіншілік берді. 1926 жылғы халық санағы кеңейтілген бағдарлама бойынша жүргізілген. Жеке парақша, жанұя картасы және т.б. сұрақтар енген, қосымша жинақ қазақ шаруашылықтарына арналған көп түрлі сұрақтар бағдарламасынан құрылған, мұнда этнографиялық, әлеуметтік–экономикалық аспектілерді қамтыған. Санақ бағдарламасын құруда белгілі демогрофтар, экономистер, этногрофтар, статистиктер жұмыс жасаған.

 

 

 

 

1897-1926 ж.ж. Қазақстан халқы

 

Ұлты

Жылдар

Абсолюттік

өсімі

Үлес салмақтағы өзгерулер

1897

1926

бөлімдерде

% бен

Қазақтар

3392,8

3627,6

234,8

 

107

% бен

81,8

58,5

 

- 23,3

 

Орыстар

454,4

1275,1

820,7

 

281

% бен

11,0

20,6

 

+ 9,6

 

Басқа да ұлттар

300,6

1293,7

903,1

 

430

% бен

7,2

20,9

 

+ 13,7

 

Барлығы:

4147,8

6196,4

2048,6

 

49

% бен

100

100

     

 

 Келесі санақ 1937 жылдың қаңтар айында өткізілген. Бұл «атыс санағы» болған. Үлкен шығындар жасалып, маңызды ұйымдастырушылық жұмыстардың жүргендігіне қарамастан, санақ қорытындылары нәтижесіз болды, өйткені санақты ұйымдастырушылардың көп бөлігі ату жазасына ұшыраған. Бұл санақ, яғни оның бағдарламасы ал ең бастысы санақтың көңіл толтырмайтын қорытындылары Сталин мен оның қарамағындағыларды қанағаттандырмаған. Бұл санақтың мәліметтері өңделмеген және басылым беттеріне де шықпай мұрағаттарда қалған. Сондықтан тоталитарлы – репрессиялық өкіметтің қысымы жоғарылағандықтан жаңа санақты жүргізуге дайындықтар басталған, санақ алдыңғы екі бес жылдықтың табысты өткендігін дәлелдеуі керек еді, большевиктердің қуатты қаруы ретінде қызмет көрсетуі керек болған.

Информация о работе Қазақстандағы халық санағының тарихы туралы мәліметтер