Қазақстандағы халық санағының тарихы туралы мәліметтер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 07:27, реферат

Краткое описание

Бізге жеткен мәліметтер бойынша халықты есепке алу, осыдан төрт мың жылдан артық уақыт бұрын өткізілген Қытайға қатысты. Ежелгі Египетте, Грекияда, Римде, Иранда, Жапонияда және т.б. ежелгі мемлекеттерде халықты есепке алу жүргізілгені жөнінде мәліметтер бар.
Әскери және салықпен қамтылған контингентті есепке алу біздің ежелгі бабаларымыз Үйсіндер мен Қаңлыларда да болған. Б.з.д. ІІ ғасырда Үйсіндер халық саны 630 мың болғанда, олар ішінде 188,8 мың адам жасақталған, ал Қаңлылардың халық саны 600 мың болғанда 120 мың әскерге жарамды сарбаз шығарған. Ерте ортағасырдағы мемлекеттердің халық санын шамалап шығару қиын емес.

Вложенные файлы: 1 файл

kz.doc

— 171.00 Кб (Скачать файл)

 

1970 жылғы санақ  бойынша Қазақстан халқының

этникалық құрамы

 

Ұлты

Ұлттың саны

%-бен

Барлық халық

13 008 726

100

Қазақтар

4 234 166

32,6

Орыстар

5 521 917

42,4

Украиндар

933 461

7,2

Немістер

858 077

6,6

Татарлар

287 712

2,2

Өзбектер

216 340

1,7

Белорусьтер

198 275

1,5

Ұйғырлар

120 881

1,0

Корейлер

81 598

0,6

Әзірбайжандар

57 699

0,4

өзге де ұлттар

498 600

3,8


 

ССРО аумағында 5 298 818 қазақ халқы, соның ішінде РСФСР – 477 820, Өзбек ССР – 476 310, Қазақ ССР – 4 234 166, Қырғыз ССР – 21 998, Тәжік ССР – 8 306, Түркімен ССР-да – 65191 халық тұрақтаған. 1970 жылдың халық санағының бағдарламасындағы адамдардың ұлты мен ана тілі бойынша сұрақтары былай тұжырымдалған: «Ұлты. Шетелдіктер қосымша азаматтылығын көрсетіуі керек» және «Ана тілі. Сонымен қоса ССРО елдерінің қайсысының тілдерін еркін меңгерген». Халық санағының нұсқаулықтарының талаптары бойынша ұлты жайындағы сұрақтарға сұхбатшылар «сұраққа алынушының атаған ұлтын » және ана тілі жайындағы сұраққа «сұраққа алынушының өзі ана тілім деп есептейтін тілді ғана» жазулары керек. Және де ана тілімен қатар ССРО елдерінің ішіндегі тілдер де жазылған (еркін меңгеріп, сол тілде сөйлей алған жағдайда).

Балаларының ұлтын анықтау қиындық тудыратын отбасыларда анасының ұлты жазылатын болған, бұл тәсіл 1939,1959 және 1970 жылғы санақтарда да қолданылған.

1979 жылы 17 қаңтарда кезекті Бүкілодақтық  халық санағы жүргізілді. Халық 17-24 қаңтар аралығында 8 күн бойы жұмыс  немесе қызмет атқару орындары  бойынша емес, тұрғылықты тұратын  жерлері бойынша санаққа алынған. Сұхбатшылар сұхбат жүргізуді 16-нан 17-ші қаңтарға қараған түнінің сағ 12-00-ден бастаған. Тұрақты тұрғындар санына уақытша болмаған адамдар да есепке алынған.

Санақ бағдарламасы 16 сұрақтан тұрған, оның 11 сұрағына жауаптар бірыңғай санақтан алынған, ал қалған 5 сұраққа жауапты тұрақты халықтың - 25% нан алынған (іріктеп алынған санақ). Санақ кезінде және одан кейін де деректердің дұрыстығы мен толықтылығын қамтамасыз ету үшін қайталап бақылау шаралары жүргізілген: қайталап бақылау бланкілері құрылған, санаққа алынғаны жөнінде анықтамалар беру және қайталап бақылаулар жүргізілген. 1979 жылғы санақ бағдарламасындағы жасы мен туған жылы және толған жасы жайындағы сұрақтардың құрылымы анықталған. Жаппай халық санағына мынадай сұрақтар қосылған: үй иесіне деген сүйек қатынасы, халықтың категориясы (тұрақты немесе нақты), жынысы, жасы, некелік жағдайы, ұлты, ана тілі, ССРО халықтарының тілдерін еркін меңгергендігі, білімі, күн көріс көзі. Іріктелген санаққа қосымша жұмысы мен шұғылданатын ісі бойынша сұрақтар енгізілген.


Информация о работе Қазақстандағы халық санағының тарихы туралы мәліметтер