Қазақстанның халық саны мен табиғи өсімі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2013 в 04:27, магистерская работа

Краткое описание

Еңбек ететін адамдар - қоғамның негізгі өндіргіш күші болып табылады. Олар материалдық құндылықтарды өндірушілер ғана емес, әрі пайдаланушылар болып саналады. Сондықтан халыққа сараптама жасау - кез келген эқономикалық-географиялық зерттеудің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Халықты көптеген ғылымдар

Вложенные файлы: 1 файл

Қазақстанның халық саны мен табиғи өсімі.docx

— 21.22 Кб (Скачать файл)

Қазақстанның  халық саны мен табиғи өсімі

 

Еңбек ететін адамдар - қоғамның негізгі өндіргіш күші болып табылады. Олар материалдық құндылықтарды өндірушілер ғана емес, әрі пайдаланушылар болып саналады. Сондықтан халыққа сараптама жасау - кез келген эқономикалық-географиялық зерттеудің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Халықты көптеген ғылымдар, ең алдымен - халықтар географиясы, демография мен этнография зерттейді.

Халық саны және динамикалық  өсу қарқыны

Қазақстан халқы 2009 жылғы санақ бойынша 16 млн 402 мың адамға жетті. Халық санының аз болуы - бұл әлсіз ішкі нарық, яғни сыртқы нарыққа тәуелділік, сондай-ақ жұмыс қолының жетіспеуі, соған байланысты қажетті аймақтардың игерілмеуі, сонымен бірге елдің қорғаныс қабілетінің әлсіреуі. Сондықтан да халық санын көбейту - қоғамнын, негізгі мәселелерінің бірі. Қазақстан халқының саны бойынша орташа мемлекеттер қатарына жатады. Халық саны жөніндегі толық мәліметтерді халық санағы береді. Мемлекет оны белгілі бір уақыт аралығында жүргізіп отырады (біздің елімізде 10 жыл сайын). Әр санақ аралықтарында қорытынды есеп беріліп отырады. Алғашқы жалпы халық санағы 1897 жылы, ал соңғы ҚР Ұлттық санағы 2009 жылы 25 ақпаннан 6 наурыз аралығында өтті. Бұл уақыттың ішінде Қазақстан халқы 4 есе өсті.Бірақ оның динамикасы біркелкі болған жоқ, жылдам есу айтарлықтай төмендеумен алмасып келіп отырды.

Елдің, аймақтың, елді мекеннің халкының саны екі түрлі себептерге (факторға) байланысты. Бірінші фактор - туу мен өлудін, нәтижесінде ұрпақ, ауысуы немесе халықтың табиғи өсімі, ал екіншісі - адамдардың бір жерден екінші жерге қоныс аударуы (келу мен кету), оны халықтың механикалық қозғалысы (көші-қон) деп атайды. Туу мен көшіп келу тұрғындар санын көбейтсе, өлу мен көшіп кету, керісінше азайтады.

Халықтың табиғи қозғалысы: екі демографиялық революция

Халықтың табиғи қозғалысын демография зерттейді. Сондықтан оның көрсеткіштерін демографиялық керсеткіштер деп атайды. Олардың негізгілері - туу (туғандар саны), өлу (өлгендер саны),туғандар мен өлгендер санының айырмасы табиғи өсімді керсетеді. Егер де өлім туудан артық болса, халықтың табиғи азаюы (депопуляция) пайда болады. Демографиялық, көрсеткіштерді абсолюттік цифрлармен (жүз, мың немесе миллион адам) беруге болады, бірақ көбінесе оларды 1000 тұрғынға шаққандағы есеппен промиль арқылы (%о белгісімен) көрсетеді. Демографиялық көрсеткіш бойынша табиғи қозғалысты 2 типке бөледі: байырғы және қазіргі. Байырғы табиғи өсім 12%о-ден артық болатын, ал қазіргі өсім бойынша 12 %о-ден төмен. Халық қозғалысының бір типтен екінші типке өтуін демографиялық революция дейді.

Халықтың көші-қоны (миграция)

Халықтың көші-қоны, -адамдардың бір ауданнан екінші ауданға тұру үшін қоныс аударуы болып табылады. Көші-қон (миграция) - өте күрделі әлеуметтік процесс (былай айтқанда танымайтын жерге орнығу). Бұл тек қана көшіп бару емес, барған жеріңе бейімделуің керек (мүмкін өмір сүру деңгейі ол жерде мүлдем басқаша болуы мүмкін). Осы кезде адамның жинақылығы, шыдамдылығы, кәсіпшілігі және жаңа жердің жағдайына үйренісуі байқалады. Сондықтан да халықтың көшіп қонуы - мемлекеттің даму деңгейін көрсетеді. Көші-қонның қоғамдағы рөлі ерекше орында. Ол қазақ халқының қалыптасуына, мәдениетіне, тіліне үлкен өсер етті. Бұл процеске қазір де үлкен мән берілуде:

1) Шетелдегі қандастарымыздың  елге қайта оралуы (оралмандар);

2) Халық санының көбеюі  және жетіспейтін жұмысшылар  орнының толықтырылуы;

3) Аумақ бойынша тиімді  орналастыру.

Бұл мәселелердің шешімін  табу мемлекетті модернизациялаудың алғышарттарының бірі, яғни эқономикалық әлуетті толық пайдалану. Көші-қон - халықтың табиғи қозғалысына және құрылымына әсер етеді. Мигранттардың көбісі жастар, әсіресе әйел адамдар. Сондықтан көшіп келушілер көп аймақтарда туған балалардың саны артады, сыртқа кетушілер көп аймақтарда керісінше болады. Көшіп келушілер көбейсе, әйел адамдардың саны артып, көшіп кеткен жағдайда ер адамдар кебейеді. Туу деңгейі төмен аудандардан халықтың кешуі карт адамдардың санын арттырады. Халық қартайып, өлім жоғарылайды, табиғи өсім төмендеп, аяғында депопуляцияға ұшырайды.

Бағыты бойынша оны  ішкі және сыртқы деп бөледі. Сыртқы көші-қонға эмиграция (елден кету), иммиграция (елге келу) және реэмиграция немесе репатриация (лат. patria - отан) (көшіп кеткендердің елге қайта оралуы) жатады. Көшіп келгендер мен көшіп кеткендердің арақатынасы халықтың механикалық өсімін анықтайды. Оны көші-қон сальдосы (итал. caldo - қалдық) деп атайды. Он, белгілі сальдо - халықтың есімін көрсетеді, ал теріс белгілі сальдо - халықтың азаюын көрсетеді. Адамдардың қоныс аударуының ең көп таралғаны экономикалық-әлеуметтік себептер, яғни олардың өмір сүру деңгейі жоғары жерлерді іздеуі, окуға бару, отбасылардың туысқандарына барып косылуы, т.б. Ірі көші-қон барысы саяси себептерге, атап айтқанда соғыс, мемлекеттік шекара өзгерісіне байланысты. Мысалы, мемлекеттің құлауы немесе бірігуі нәтижесінде ауқымды репатриацияның пайда болуын жатқызуға болады.

Экологиялық көші-қонға - халық қоршаған ортасы лас аудандар мен экологиялық апат аймақтарынан басқа жақтарға қоныс аударуы жатады. Көші-қон ұзақтығына қарай тұрақты және уақытша деп екіге бөлінеді. Уакытшаға - вахталық (ауыспалы) жұмысқа келу жатады. Ол көбінесе табиғи ресурстарды игеру аймақтарына тән. Келесі мысал — маусымдық, құрылыс және ауыл шаруашылық жұмыстарына келу. Уақытша көші-қонды туристер, жас еңбек отрядтары, гастарбайтерлер (шетелдік жұмысшылар) қалыптастырады. Формасына қарай - ерікті және еріксіз деп бөлінеді.

Ерікті түрде көшу - өз еркімен (ұйымдаспаған көші-қон) және мемлекет ұйымдастырған (ұйымдасқан көші-қон) жағдайда болады. Мысалы, тың және тыңайған жерді игеруді, шет елдегі қандастарға елге оралуды мемлекет тарапынан ұйымдастыру.

Еріксіз көші-қон - сталиндік репрессия тұсындағы халықты отырған жерінен күшпен көшіріп жіберу. 1937-44 жылдар аралығында Қазақстанға кәрістер, поляктар, немістер, чечендер,ингуштар, балкарлар және басқа халықтар күшпен кешіріліп әкелінді. Барлығы 1 млн адамға жеткен Сыртқы көші-қонның бірдей деңгейдегі 3 ағымы бар.

Біріншісі - ұлғаюшы ағым. Шетелден қандастардың көшіп келуі (репатриация). Ол көрші елдерде қалыптасқан. Бұл елдерде 3,5 млн қазақ бар. Көшіп  келушілердің 9/10 бөлігіӨзбекстаннан, Ресейден, Қытайдан және Монғолиядан келуде. Олар барлық аймақтарға

бөлінгенімен, көбінесе оңтүстік-батыс  аймақтарда қоныстануда.

Екінші - саябырсыған ағым - орыс және украиндардың Ресейге, немістердің Германияға көшуі. Олар көбінесе Солтүстік, Шығыс және Орталық Қазақстан тұрғындары. Олардың 9/10 бөлігі Ресейде орналасуда.

Үшінші - еңбек күші ағымы (гастарбайтерлер). Батыстағы мұнай-газ өндірісіне жұмыс істеуге келгендер. Ішкі көші-қонның масштабы сыртқы көші-қоннан үш есе

артық. Тәуелсіздік алған  жылдардан бастап халықтың 1/3 бөлігі мекенжайын ауыстырған. Қазақстан халқы  дүние жүзіндегі ең икемді халықтың бірі болып шықты.

Облыс ішіндегі көші-қонның екі ағымы бар:

1) ауыл халқының қалаға  көшуі;

2) кіші-гірім қалалардан  үлкен қалаға көшу.

«Қаладан - ауылға», «ауылдан - ауылға» ағымдарының мөлшері  әте аз. Облысаралық көші-қон арасында 2 көшбасшы қала бар, олар - Астана және Алматы. Көшіп кеткендердің жартысы осы қалаларға қоныс тебуде. Даму әлуеті жоғары болғандықтан, бұл қалаларға көшіп келушілер саны болашақта да арта бермек. Мемлекеттің көші-қон саясаты екі мәселені шешуге бағытталған.

Бірінші мәселе - көші-қон көлемін төмендегі жағдайлар бойынша көтеру:

1) репатрианттар - қандастар;

2) реэмигранттар - бұрынғы  Қазақстан азаматтары;

3) экономикалық және экологиялық  жағдайы қолайсыз аудандардан  көшіру.

Екінші мәселе - мемлекетті модернизациялау үшін халықты тиімді орналастыру және емір сүру сапасын жоғарылату. Бұл шаралар жаңадан шыққан «Нұрлы көш» бағдарламасында қарастырылған


Информация о работе Қазақстанның халық саны мен табиғи өсімі