ТМД елдерінің Орталық азия бөлігіндегі мемлекеттердің экономикалық дағдарыс ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2015 в 20:02, курсовая работа

Краткое описание

Бірінші бөлім «Экономикалық даму кезеңділігі, дағдарыс түрлері» деп аталады, мұнда нарықтық экономика дамуының кезеңділігі, кезеңдік өзгерістердің сыртқы және ішкі себептері мен экономикада кездесетін дағдарыс түрлері, яғни аграрлы дағдарыс, құрылымдық дағдарыс туралы кеңінен баяндалады.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................................3
І Бөлім. Экономикалық даму кезеңділігі, дағдарыс түрлері
1.1. Нарықтық экономика дамуының кезеңділігі. Кезеңдік өзгерістердің сыртқы және ішкі себептері...................................................................................4
1.2. Экономикалық кезеңдер және оның түрлері.................................................4
1.3. Аграрлы дағдарыс. Құрылымдық дағдарыс..................................................6
ІІ Бөлім. ТМД елдеріндегі экономикалық дағдарыс, оның ерекшеліктері
2.1. Ресейдің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, қаржы жүйесі және ерекшеліктері..................................................................................................7
2.2. Ресейдің экономикалық дағдарыс кезіндегі бюджет жүйесі мен бюджет құрылымы...............................................................................................................11
2.3.Украинаның экономикасы және оның дағдарысы мен
ерекшеліктері........................................................................................................14
2.4. Беларусь Республикасының экономикалық жағдайы, дағдарыс ерекшеліктері.........................................................................................................18
ІІІ Бөлім. ТМД елдерінің Орталық азия бөлігіндегі мемлекеттердің экономикалық дағдарыс ерекшеліктері
3.1. Қырғызстандағы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі
Кезеңдері................................................................................................................23
3.2. Өзбекстан Республикасының қаржы-экономикалық жағдайына қысқаша сипаттама................................................................................................................30
3.3. Тәжікстан Республикасының нарық экономикасы жағдайындағы қаржы жүйесі......................................................................................................................33
3.4. Түрікменстан Республикасының экономикалық қаржылық жүйесіне
қысқаша шолу........................................................................................................36
Қорытынды .........................................................................................................38
Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................

Вложенные файлы: 1 файл

курсовик.doc

— 274.50 Кб (Скачать файл)

     Келесі негізгі багдарлама  Е8АҒ 11. 1999 жылдың 29 қаңтарында Қырғыз Республикасы жаңа Үкіметінің алғашқы отырысында көтерілген басты мәселе - 1999-2001 жж. Қырғыз Республикасының әлеуметтік -экономикалық жағдайын тұрақтандыру шараларын бекіту болды.

    1997 жылдың 28 мамырында Үкімет  «Адамзатты тұрақты дамытудың ұлттық стратегиясын» қабылдады. Аталмыш стратегияның басты багыты мен міндеті - кедейшілікті қысқарту саясатын даярлау, халықтың өмір сүру деңгейін көтеру, білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы қызмет көрсетулерді толық әрі тиімді қамтамасыз ету.

     Бұл стратегияны іске асырудағы Қырғыз Республикасының басты міндеті халықтың әл-ауқатын жоғарылату болатын.

      Әкімшіл - әміршіл жүйенің тәртібінен бірден нарық қатынасына көшу экономикада, сондай-ақ әлеуметтік салада тығырықтар тугызды, күрделі мәселелер туындады. Төмендегі макроэкономикалық көрсеткіштер реформа жылдарындағы экономика жағдайын сипаттайды.

 

 

Қырғызстаннын макроэкономикалық көрсеткіштері (1990 ж. %-бен) 

 

1991

1992

1993

1994

1995

1996

1997

1998

ЖІӨ

94,8

70,1

58,2

42,9

42,9

40,2

42,5

46,9

Өнеркәсіп өнімі

99,5

73,3

55,5

41,9

41,9

36,7

40,5

59,4

Ауыл-шаруа-шылық өнімі

85,9

64,4

51,5

23,2

23.2

38,1

45,1

29,2

Күрделі салымдар

189,7

954,6

1358,4

187,2

187,2

151,6

131,4

125,4


   

    Қырғызстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын талдай отырып реформа басталған сәттен бастап арадағы кезенді екі кезеңге, немесе сатыға ажыратуға болады: алғашқы кезең - 1992 жылдан 1994 жылдың аяғына дейін, бұл кезде экономикалық ақуал бірден төмендеп кеткен кезең, және екінші кезең - 1995 жылдан басталып, экономика құлдырауы бәсеңдеп, өрлеуге бет алған кез. (1995-1997 жж.).

      Кезендерді қарастыру  барысында тұрақтандыру саясатының  негізін құраушы: жекешелендіру, баға  босату, инфрақұрылым қалыптастыру  сияқты жақтарын ескере кеткен  жөн.

Қырғызстанда жүргізілген реформалардың басты факторлары

Тұрақтандыру саясатының факторлары

Алғашқы кезеңде әсер ету деңгейі

Екінші кезеңдегі әсер ету деңгейі

Жекешелендіру

Жоғары

Орташа

Либерализация (баға босату)

Жогары

Төмен

Тұрақтандыру

Жоғары

Жоғары

Қайта құрылымдық (Реструктризация)

Орташа

Жоғары

Инфрақұрылым кұру

Төмен

Жоғары


  

 Алғашқы кезең: КСРО-ң ыдырауы  салдарынан болған ішкі және  сыртқы сауда қатынастарының  үзілуі, сұраныстың азаюы нэтижесінде  ішкі өндірістің құлдырауы сияқты  құбылыстарға бейімделу, оны мойындау болды.

      Бұл кезең барлық  экономикалык көрсеткіштердің әлсіз, нашар тұрғыдағы сипаты, тіпті  өндірістің жылдан жылға қысқаруы, мысалы 1993 ж. - 16%-ға, ал 1994 ж. - 20%-ға азаюымен  байланысты.

      Ал, тауар өндірісі  салаларының шығарылымдары айтарлықтай төмендеп, 1994 жылы барлық ЖІӨ -нің шамасымен 60%-га жуығын ғана құрады, ішкі сұраныс пен өндіріс көлемінің төмендеуі төлем балансының ағымдағы операциялар шотының тапшылығын төмен деңгейде ұстады - шамамен 85 млн доллар 1993-1994 жылдары, Жиынтық ұлттық жинақтар ЖІӨ-ге 1993 жылы 6,7 төмендеді. Ал еңбекпен қамту 1993 жылы - 155,3 мың адамға азайды, ал 1994 жылы 35,2 мың адамға.

      Осы құбылыстардың нэтижесінде елде әлеуметтік жағдай құлдырап кетті.

Дәл осы тұста ұлттық валютаны енгізу барысы да орын алды.

       Қырғызстандағы жүргізілген жекешелендірудің мақсаты азаматтарға меншіктерді бөліп, оны Қырғызстанның нарық экономикасына көшудегі басты құралының біріне айналдыру болатын. Жекешелендірудің өзі екі кезеңде өткізіледі.

      Алғашқы кезең 1993-1994 жылдар. Мемлекет меншігінен алу процестері 1991 жылы басталып кетті. 1991-1993 жылдар аралығында мемлекет меншігінің шамамен 40% жуығы жекешелендірілді.

    Жекешелендіру бағдарламасының алғашқы кезеңінің соңында меншік түрлерінің эрқилы сипаттары қалыптасты, мысалы - 50% мемлекеттік меншікті құраса, 7,7% - қоғамдық кооперативтік, 9,2% - колхоздық, 9,3% - еңбек ұжымы, 14,3% - біріккен мемлекет меншігі мен еңбек ұжымы жэне 0,5% жеке тұлғалардың меншігі.

     Екінші кезең. 1994-1995 жылдар. Қазіргі заманғы заң базасы даярланып енгізілді, жекешелдіруді жүргізу тэртібі мен тэсілдері жеңілдеді. Купондық жекешелендіру басталды.

      Мемлекет меншігіндегі  объектілерді сатудың негізгі  тәсілдері - аукциондар мен конкурстык  сату болды. 100 адамға жуық құрамы бар кішкене өнеркәсіп кәсіпорындары аукциондар арқылы жекешелендірілді.

100 адамнан 1000 адамға дейін құрамы  бар орташа кәсіпорындар конкурстық  іріктеу арқылы жекешелендірілді.

      1991-1995 жылдар аралығында  Республикада мемлекеттік өнеркәсіп кәсіпорындарының 5896 жекешелендірілді, басқаша айтқанда жалпы санның 59%-ы.

      Баға босатуға  келетін болсақ, 1991 жылы баға босатылып, баға бірден көтеріліп кетті.

Қырғызстанда сыртқы сауда дямуының негізгі көрсеткіштері, 1992-1995 жылдары (АҚШ-тың млн, долларымен)

 

 

1992 ж.

1993 ж.

1994 ж.

1995 ж.

Сыртқы сауда айналымы

737,7

808,0

744,4

967,8

Экспорт

317,0

360.2

340,1

408,9

Импорт

420,7

447,8

404,3

558,9

Сыртқы саудатапшылығы

103,7

87,6

64,2

150,0


 

      Республика маңынан, әсіресе, Ресей жағынан әрдайым инфляциялық қысым жоғарылай түсуіне байланысты 1993 жылдың мамырында рубльдік тәртіптен шығып Қырғыз Республикасының өз ұлттық валютасы - сом енгізілді. Сом енгізілген сәтте «валюта туралы заң» күшіне енді.

     Бұрынгы экономикалық  жүйенің құлауы, өндірістің кұлдырауы және салықтық жауапкершілік осалдығы - осьгаын, бәрі бюджет түсімдерінің азаю себептеріне айналды. Нәтижесінде бюджет тапшылығы жоғарылап 1992 жылы ЖТӨ-ң 13,4% жетті, 1993 жылы - 13,6% жетті. 1994 жылы бюджет тапшылығы ЖЮ-ң 7,7% қыскарғанымен, 1995 жылы ол қайта ЖЮ 11,8% жоғарылап кетті.

      Сонымен қатар  банк жүйесінде де реформа  жүргізілді. Ұлттық банк пен үкімет  бірлесе отырып, 1994 жылы тиімсіз  кәсіпорындарды бюджет қаражаттарымен  қаржыландыруды тоқтату шешімін  қабылдады. 1994 жылдың қаңтарында «тақырға отыру туралы» заң қабылданды.

    Осылайша, түбегейлі реформалардың алғашқы кезеңінде барлық экономикалық көрсеткіштердің төмендеуі халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын да төмендетті.

      Өмір сапасын анықтайтын үш бірдей негізгі көрсеткіштері: халық табысы, өмір сүру деңгейі, сауаттылық деңгейі мүлдем құлдырады.

      Жоғарыда аталып кеткендей, гиперинфляция нәтижесінде тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында халықтың айтарлықтай бөлігі кедейшілік шегінде болды (1996 жылғы мәліметтер бойынша 70,7%).

        1992-1993 жылдардағы инфляция (гиперинфляция) халықтың өмір деңгейін төмендету процесін жеделдете түсті. Көптеген жұмыс орындарының қысқаруы, жеке еңбекпен айналысу саласындағы жұмысшылар санын көбейте түсті. Мысалы бұл саладағы жұмысшылар саны 1993 жылы 26,7 мың адам болса, 1997 жылы бұл көрсеткіш 215,3 мың адамға жетті.

      Демографиялық жағдайда да көзге көрінер құбылыстар байқалып жатты, гиперинфляция мен экономиканың құлдырауы ерлердің өмір сүру деңгейін 62,9-дан 61,4 жасқа дейін өзгертті, ал эйел адамдарда 71,7 жастан 70,4 жасқа ығыса бастады.

      Осылайша, әлеуметтік-экономикалық реформалардың алғашқы кезеңі жалпы экономиканың барлык салаларында күрделі құлдыраумен сипатталып, жаңа экономикалық бағыттарға бейімделе бастауды қажетсінді.

     Қыргызстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының екінші кезеңі 1995 жылдан бастау алады.

       Екінші кезең негізгі реформалардың аяқталуы, экономикалық құлдыраудың бәсеңдеуі және 1996-1997 жылдары экономиканың көтеріле бастауымен байланыстырылады. 1997 жылы мемлекеттік бюджет тапшылығы ЖІӨ-ге 5,2% қыскарды.

     Екінші кезеңдегі  басты бағдарламалар мен жобалар.

     ПЕСАК - шығынды мемлекеттік кәсіпорындарды жою немесе қайта құру бағдарламаны (РЕ8АС). 1994-1996 жылдар аралығында 28 ірі кәсіпорындарда тексеру аяқталып, өндірістік шығынды кәсіпорындар өз қызметтерін токтатты, нәтижесінде еңбекпен камту мәселесі бой көтеріп, жұмыссыздық деңгейі өсті.

    Бұл жобаны қаржыландыру 1996 жылы шамамен 0,2 млн доллар  құрады.

       АПЕ АК - ауылшаруашылық секторын дамыту бағдарламасы. АПЕАК бағдарламасы 1995 жылы басталды. Бұл жоба бойынша алынған қаражаттардың жалпы сомасы 41,8 млн доллар болды. Бұл жобаға каржылық даму барысында Азия даму банкі 1996 жылы 19,3 млн доллар қосымша бөлді.

ФинСАК - каржы секторын қайта күру бағдарламасы. ФинС-АК бағдарламасы 1996 жылдың қыркүйегінде күшіне енді. Аталмыш бағдарламаның басты міндеттері болып:

•   жаңа банктік емес институттарды құру жолымен қаржы секторын қайта құрылымдау;

• ҚР ҮБ -не кеңестік көмек көрсету;

• Қаржы министрлігіне, коммерциялық банктерге көмек көрсету саналды.

ФинСАК бағдарламасы бойынша 1996 жылы 22,6 млн доллар

түскен.

        Келесі жерде әлеуметтік бағдарламалар қолға алынды. Қырғыз Республикасы Үкіметі кедейлікті жоюмен байланысты бірнеше бағдарламаларды қабылдады. Олар төменгідей:

«Манас» — денсаулық сақтауды қайта қалыптастырудың кешенді шаралары.

«Білім» - білім беру саласы;

«Ализат» - тендерлік бағдарлама;

«Ардагер» - қарт адамдарға элеуметтік қорғау көрсету бағдарламасы.

«Аракет» - 1998 жылы қабылданған кедейлікті жеңу бағдарламасы.

«Эмгек» - «1999-2000 жылдары және 2005 жылға дейінгі Қырғыз Республикасындағы халықты еңбекпен қамту және еңбек нарығы» атты ұлттық бағдарлама.

     Осы бағдарламаларды іске асыру үшін индикативтік жоспар құрылған. 1996-1998 жылы индикативті жоспары ЖІӨ-ң нақты көлемін жоғарылатуға бағытталды. ЖЮ-нің 1996 және 1997 жылдарғы қортындысы бойынша номиналды көлемі 22467,8 және 30438 млн сом құрады.

1999-2001 жылы индикативті жоспар.

•  тұрақты макроэкономикалық саясатқа қол жеткізу; 2000 ж. ЖЮ-нен бюджет тапшылығын 2,2 қысқарту;

•   нақты секторды дамыту қажеттілігі.

1996 жылы Қырғыз Республикасы  сыртқы - экономикалық байланысты 62 елмен ұстады, олардың өзін-өзі екі топка жіктеуге болады:

1) ТМД құрамындағы елдер

2) ТМД құрамына кірмейтін елдер.

      ТМД елдерінің ішіндегі Қырғыстанның басты сауда әріптестері болып Ресей (25,3 - экспорт жэне 19,6 - импорт), Қазақстан (21,2 экспорт және 22,1 импорт) саналды. Ал, ТМД құрамына кірмейтін мемлекеттер ішінен басты сауда әріптестері болып АҚШ (3,5 экспорттың жалпы көлемінен жэне импорт бойынша 4), Турция (экспорт бойынша 1, 5,3 - импорт бойынша), Қытай (экспорт - 7,2 жэне импорт 0,9) т.б. саналды.

Информация о работе ТМД елдерінің Орталық азия бөлігіндегі мемлекеттердің экономикалық дағдарыс ерекшеліктері