ТМД елдерінің Орталық азия бөлігіндегі мемлекеттердің экономикалық дағдарыс ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2015 в 20:02, курсовая работа

Краткое описание

Бірінші бөлім «Экономикалық даму кезеңділігі, дағдарыс түрлері» деп аталады, мұнда нарықтық экономика дамуының кезеңділігі, кезеңдік өзгерістердің сыртқы және ішкі себептері мен экономикада кездесетін дағдарыс түрлері, яғни аграрлы дағдарыс, құрылымдық дағдарыс туралы кеңінен баяндалады.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................................3
І Бөлім. Экономикалық даму кезеңділігі, дағдарыс түрлері
1.1. Нарықтық экономика дамуының кезеңділігі. Кезеңдік өзгерістердің сыртқы және ішкі себептері...................................................................................4
1.2. Экономикалық кезеңдер және оның түрлері.................................................4
1.3. Аграрлы дағдарыс. Құрылымдық дағдарыс..................................................6
ІІ Бөлім. ТМД елдеріндегі экономикалық дағдарыс, оның ерекшеліктері
2.1. Ресейдің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, қаржы жүйесі және ерекшеліктері..................................................................................................7
2.2. Ресейдің экономикалық дағдарыс кезіндегі бюджет жүйесі мен бюджет құрылымы...............................................................................................................11
2.3.Украинаның экономикасы және оның дағдарысы мен
ерекшеліктері........................................................................................................14
2.4. Беларусь Республикасының экономикалық жағдайы, дағдарыс ерекшеліктері.........................................................................................................18
ІІІ Бөлім. ТМД елдерінің Орталық азия бөлігіндегі мемлекеттердің экономикалық дағдарыс ерекшеліктері
3.1. Қырғызстандағы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі
Кезеңдері................................................................................................................23
3.2. Өзбекстан Республикасының қаржы-экономикалық жағдайына қысқаша сипаттама................................................................................................................30
3.3. Тәжікстан Республикасының нарық экономикасы жағдайындағы қаржы жүйесі......................................................................................................................33
3.4. Түрікменстан Республикасының экономикалық қаржылық жүйесіне
қысқаша шолу........................................................................................................36
Қорытынды .........................................................................................................38
Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................

Вложенные файлы: 1 файл

курсовик.doc

— 274.50 Кб (Скачать файл)

      Қаржы жүйесін буындарға болу себебі: әр буынның міндетіне байланысты және де орталықтандырылған және де орталықтандырылмаған ақша қорын қалыптастырумен байланысты. Жалпы мемлекеттік орталықтандырылған ақша қорларының ресурсы ұлттық пайданы бөлу және қайта бөлу арқылы құрылады.

      Экономикалық-элеуметтік дамудағы мемлекеттің маңызды рөлі, оның қол астындагы мөлшерлі көлемдегі қаржылық ресурстардың орталықтандыруына әкеледі. Бюджеттік және бюджеттен тыс қорлар мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік жағдайын қамтамасыз етеді.

     Ақша қорларының басқа да формаларын пайдалану қаржы жүйесінің несиелік және сақтандыру салалары арқылы жүзеге асырылады.

     Орталықтандырылмаған ақша қорлары кәсіпорынның өздерінің жинақтарынан және ақша пайдасынан құралады.

      Жалпы мемлекеттік  қаржылар халық шаруашылығының дамуын қамтамасыз ету, қаржы ресурстарын экономика салаларымен елдің аймақтарында қайта бөлуде маңызды роль аткарады. Жалпы мемлекеттік қаржылар кэсіпорынның қаржыларымен тығыз байланысты.

      Бір жағынан, бюджет  пайдасының басты көзі ұлттық  пайда болса, екінші жағынан, өндірісті көтермелеу үшін кәсіпорынның өзінің қаржыларымен ғана емес, жалпы мемлекеттік ақша қорларын банк несиелерін тарту арқылы дамытады. Кәсіпорынның өзінің жарғылық қоры жетіспеген жағдайда акционер негізінде басқа фирманың қаражаттарын тарту аркылы дамытуға болады.


 








 

       Қаржы жүйесі  арқылы орталықтандырылған және  орталықтандырылмаған ақша, жинақ  қорларына мемлекеттік несиенің, салықтардың, мемлекеттік бюджеттің  шығындары арқылы ықпалын тигізеді.

Мемлекеттік бюджет - қаржы жүйесінің басты саласы. Ол мемлекеттің де басты саласы. Ол мемлекеттің басты кірістері мен шығыстарын біріктіреді.

     Ресей Федерациясының негізгі қаржы жоспары мемлекеттік бюджет болып табылады. Бюджет арқылы барлық меншік нысандарының, шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаражаттары және ішінара халықтың табысы жұмылдырылады. Мемлекеттік бюджет арқылы мемлекет экономиканы, әлеуметтік-мәдени шараларды қаржыландыруға, елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға, мемлекеттік басқару органдарын ұстауға және басқаларға бағытталады. Жалпы мемлекеттік қаржының бірден-бір саласы бюджеттен тыс қорлар болып табылады.

       Бюджеттен тыс қорлар - федеративтік және жергілікті үкіметтің қаржылары.

        1995 жылы жалпы бюджеттен тыс қорлардың пайдасы 90,5 трлн, немесе мемлекеттік бюджеттің 63% құрады.

         Қоғамның сан алуан қажеттерін үздіксіз қанағаттандырып отыру мақсатында мемлекет өзінің шығындарын жабуға шаруашылық құрылымдар мен халықтың қаражаттарын тартуы мүмкін. Оны алудың басты әдісі мемлекеттік несие болып табылады, ол жалпы мемлекеттік қаржылардың басты буындарының бірі. Жеке және заңды тұлға, кәсіпорындар мен ұйымдар несиегерлер болып келеді. Қаржы нарығында облигация және де т.б. құнды қағаздарды сату арқылы қосымша қаржы ресурстарын тарта алады. Мемлекеттік қарыз ішкі және сыртқы болады.

       Ресей Федерациясының  ішкі карызы ұзақ мерзімді  міндеттемені білдіреді. Яғни, Ресей  Федерациясынан алынған несие, мемлекеттік  қарыз ұзақ мерзімді міндеттеме  болып табылады.

 

2.2. Ресейдің экономикалық дағдарыс кезіндегі бюджет жүйесі мен бюджет құрылымы

       Қандай мемлекетте болмасын, оның қаржы жүйесінде басты орынға ие   мемлекеттік бюджет.

       Ресей Федерациясының жаңа Бюджет заңы бюджет туралы анықтаманы төмендегідей береді:

       Мемлекет өз қызметі мен міндеттерін жүзеге асыру мақсатында қолданатын ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру мен жұмсау деп таниды. Мемлекеттің құрылымының түріне қарай мемлекеттің қаржы жағдайы, ақша ресурстары жалпы әлеуметтік-экономикалық жағдаймен тікелей байланыста болады. Мысал үшін, экономиканың социалистік үлгісіндегі елдерде, соның ішінде бұрынғы Кеңес Үкімет елдеріндегі қаржылық билік толығымен дерлік мемлекет билігінде болатын, және де ең басты міндет - мемлекеттік мұқтаждарды қамтамасыз ету еді. Мемлекеттік қаржылар кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржыларын, тіпті халықтың жинақтарын да толығымен өздеріне багындырған болатын.

       Дегенмен, 80-90 жылдардағы Ресейдегі саяси өзгерістер Ресей экономикасын толығымен өзгертіп жібергені анық. Меншіктің жаңа түрлері, шаруашылық субъектілерінің пайда болуы ақша табыстары жүйесіне өзгерістер енгізді. Әкімшілік билік жойылған соң, қоғамның қаржы ресурстарын заң шығарушы органдар мен атқарушы билік органдарының арасындағы құзырды анықтау мәселесі туындады.

      Мемлекет қаржыларын модернизациялаудың басты бағыты болғаны - дамыған социализмнен қальштасып қалған бірыңғай мемлекеттік бюджеттің өз бетінше үш жеке дербес бөліктерге бөлінуі:

федералды бюджет;

федерация субъектілерінің бюджеті;

жергілікті бюджеттер.

       Сондай-ақ, бюджеттің басты табыс көзі ретіндегі салықтар жүйесі де қолға алынды, сыртқы сауда мен валюта қатынастарына монополияны болдырмау, өнеркәсіптерді мемлекет меншігін алу сияқты маңызды қадамдардың бәрінің нәтижесі Ресей Федерациясының бюджет жүйесі мен құрылымын принципиалды түрде өзгертті.

       Осылайша бүгінде Ресей Федерациясынын, бюджет жүйесі жоғарыда аталып кеткендей, үш деңгейлі:

Бірінші деңгей - Ресей Федерациясының федералды бюджеті мен мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар бюджеті;

Екінші деңгейі - Ресей Федерациясының субъектілер бюджеті (21 республикалық бюджет, 55 - өлке мен облыстар бюджеті, 10 - автономды аймақтардың аймақтық бюджеттері, Еврей облысы бюджеті, Москва және Санкт-Петербург қалаларының бюджеттері) және аумақтық мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар бюджеттері;

Үшінші деңгей - жергілікті бюджеттер (29 мыңға жуық қалалық, аудандық, поселкелік және ауылдық бюджеттер)

      Ескере кететін бір жәйт, Ресей Федерациясының БК-сі қабылданғанға дейін бюджеттен тыс қорлар қаржы жүйесінің элементі болып саналып, бюджет жүйесінің құрамына кірмейтін.

      Ресей Федерациясының бюджет заңдылығы бойынша осы бюджеттер жиынтыгы - жиынтық немесе құрама (консолидированный бюджет) бюджет деп аталады.

     Федералды бюджет - федералды жиналыс арқылы бекітілген мемлекеттің басты қаржы жоспары. Федералды бюджет ұлттық табыс пен ЖІӨ-ді қайта бөлудің басты құрамы болып саналады, ол арқылы елді экономикалық дамытуды реттеу мен мемлекеттің элеуметтік саясатын жүзеге асыруға кажетті қаржы ресурстары жұмылдырылады.

      Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар—федералды бюджеттен тыс қалыптасқан және қолданылатын ақша қаражаттарының қорлары. Мемлекеттік бюджеттен тыс корлар азаматтардың мынадай конституциялық құқықтарын, яғни зейнетақымен қамтамасыз ету, әлеуметтік сақтандыру, жұмыссыздық жағдайында әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулыкты қорғау және медициналық көмек көрсету сияқты құқықтарын жүзеге асыру үшін бағытталған және олар қатаң мақсатты түрде жұмсалады.

     Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар, негізінен, міндетті аударымдар есебінен құралады.

      Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар бюджетінің орындалуы Ресей Федерациясының федералды қазыналығымен жүзеге асырылады.

 

  • 2.3. Украинаның экономикасы және оның дағдарысы мен ерекшеліктері

  • Украинаның қаржы жүйесінің құрылымы мен құрамы, түрлі ой-пікірлер

         Жалпы қаржы жүйесі  қаржы түсінігінің неғұрлым ең  көлемді дамыған бөлігі. Қаржылар  қоғамдық экономикалық катынастарды  білдіреді. Ал, кәсіпорын қаржылары  материалдык өндірісті қамтамасыз  етеді. Олардың қатысуымен жиынтық ішкі өнім құралады.

           Мемлекеттік бюджет  арқылы мемлекеттің негізгі орталықтандырылған  қорына каржы ресурстары жұмылдырылады  жэне шаруашылық салалары, экономикалық  аймақтар, халықтың әлеуметтік топтары  арасында қайта бөлініске түседі.

          Ал, ірі әлеуметтік зейнетақы қорында азаматтарға төленетін зейнетақы қаражаттары шоғырланған т.с.с.

         Осылайша қаржы жүйесінің  әрбір буыны қаржы қатынастарының  белгілі бір саласын білдіреді, ал қаржы жүйесі - қаржы қатынастарының  түрлі салаларының жиынтығы.

         Басқаша айтқанда, қаржы  жүйесі дегеніміз - мемлекет пен  кәсіпорындардың ақша каражаттары  қорларын қалыптастыру, бөлу, қолданудын, түрлері мен тәсілдері.

            Кеңес үкіметі  тараған соң Украина өз тәуелсізідігін  жария еткелі ел экономикасы, жалпы қаржы жағдайы күрт өзгерістерді бастан кешуде, дегенмен бүгінгі таңда жүргізіліп отырған талдау мен тәжірибе көрсетіп отырғандай, Украинаның қаржы жағдайы экономикалық реформалаудың барлық талаптарына сай деп айту қиын.

            Украинаның  қаржы жүйесінің құрылымы мен кұрамын көптеген оқымысты - экономистер әр қырынан көреді. Оған басты себеп Украинаның қаржы жүйесі туралы нақты заңның болмай, тек түрлі пікір таластардың орын алуы.

         Мысалы, экономика ғылымдарының  докторы, профессор Василин О.Д. қаржы  жүйесінің құрамына ерекше мэн беріп, бұл жердегі басты буыны болып, қаржылық катынастардың шамамен 80%-ға жуығын каржыландырып, мемлекет өз іс-шараларын жүзеге асыра алады. Мемлекеттік каржылар құрамында мемлекеттік бюджет, мақсатты бағыттағы орталықтандырылған қорлар, мемлекеттік жэне коммуналды меншік түрлеріндегі кәсіпорындар мен ұйымдар қаржылары, мемлекеттік несие, мемлекеттік жеке және мүліктік сақтандыру.

          Ал, келесі кезекте  басқаокымысты былай пікір білдіреді. Опарин В.В. бойынша ақша ағымы  қозғалысына ерекше мән беріліп, экономикалық жүйе деңгейлерін ажырата білген жөн. Деңгейдің өзін төртке бөліп:

    1) микроэкономика деңгейі —  шаруашылық субъект қаржылары;

    2) макроэкономикалық деңгейі - мемлекеттік  қаржылар;

    3) әлемдік шаруашылык деңгейі-халықаралық қаржылар;

    4) тұжырымдалған деңгейі - қаржы нарығы деп қарағанды жөн көреді.

            Осылайша Украина қаржы жүйесі сан қилы тұжырымдар мен көзқарастар арасында күрделі мәнде. Айта кететін бір жай Украинадағы қаржы жағдайының тұрақсыздығының басты себебі: ішкі және мемлекеттік қарыз, бюджет тапшылығы, салықтардың толық мөлшерде жиналмауы, көлеңкелі экономика саласының арта түсуі, инфляция салдары т.б.

          Бюджет тапшылығының  басты себептері болып отырған  рента төлемдері, транзиттік төлемдер, табиғи ресурстарды пайдалану үшін төлемдер, жекешелендіруден түсетін түсімдер, жоспарланған салықтық түсімдердің жиналмауы, төлемдердің толық жиналмауы.

         Жиналмау себептері - қызметтен босаған өндірістер. Салықтардан түсетін бюджет түсімдері  толығымен дерлік мемлекеттік қарызды өтеуге бағытталады.

           Украинаның қаржы  тұрақтылығындағы басты мәселе  болып - инфляция саналып отыр.

          Бүгінде инфляцияға  қарсы күрделі де кешенді шаралар  қажет. Экономикада монополия құрылымын жою қажет. Ақша массасына шектеу қойып, мемлекеттік бюджет тапшылыгын ығыстыру, валюта құнын тұрақтандыру, бәсекелікті жоғарылату сияқты мемлекет деңгейіндегі мәселелер әлі де өз шешімін тапқан жоқ.

          Төмендегі макроэкономикалық көрсеткіштер аркылы Украинаның экономикалық жағдайына қысқаша шолу жасап, ТМД өзге елдермен салыстыра отырып, белгілі бір тұжырым жасауға болады. 

    Кейбір ТМД елдеріиің макроэкономикалық көрсеткіш і еріне салыстырмалы шолу, 2002 ж.

    Елдер

    Халық саны (млн, адам)

    Еңбекпен қамтылған халык саны (млн, адам)

    Жұмыс-сыздық деңгейі (%)

    ЖІӨ

    (%)

    Өнеркәсіп өнім көлемі (%)

    Ауылша-руашылық өнімдері көлемі(%)

    Украина

    48,2

    3,8

    104,1

    107,0

    10

    102

    Белоруссия

    10,0

    4,3

    3,0

    104,7

    104,0

    102

    Қазақстан

    14,8

    6,7

    2,6

    109,5

    110,5

    103,4


     

    Жиынтық бюждет табыстары мен шығыстары (млрд, ұтттык валютамен), 2000 ж.

    Елдер

    Табыстар

    Шығыстар

    Украина

    49,1

    48,1

    Белоруссия

    3181,0

    3236,4

    Қазақстан

    598,7

    602.0

    Информация о работе ТМД елдерінің Орталық азия бөлігіндегі мемлекеттердің экономикалық дағдарыс ерекшеліктері