«Сарыағаш-жер» ЖШС қызметінің ұйымдастыру-экономикалық жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2015 в 00:01, курсовая работа

Краткое описание

Есеп мәліметтерін кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын жедел басқару үшін, қаржылық есебін құру үшін қолданады.
Іс-тәжірибе өту барысында оқу бағдарламасы бойынша жұмыстарды жасауға тиісті дәрежеде көңіл бөлінді. Бұл уақытта мекеме режиміне сәйкес талаптарды орындап отыруға мән берілді..

Содержание

Кіріспе


1 «Сарыағаш-жер» ЖШС қызметінің ұйымдастыру-экономикалық жағдайы

1.1 Серіктестіктің тарихы және оның қызметіне мінездеме

1.2 Кәсіпорында өндірістік процесті ұйымдастыру


2 «Сарыағаш-жер» ЖШС-нің 2008-2010 жж. экономикалық қызметтері және қаржы-шаруашылық жағдайын талдау

2.1 Кәсіпорынның ресурстық потенцалы

2.2 Кәсіпорын шығындары
2.3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау


3«Сарыағаш-жер» ЖШС-нің салық төлеу тәртібі


Қорытынды

Вложенные файлы: 1 файл

1246_-___-_.doc

— 318.00 Кб (Скачать файл)

Салықтық нысандар және оларды жасау тәртібі

1. Салықтық нысандар салық есептілігін, салықтық өтінішті және салық  тіркелімдерін қамтиды.

2. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық  нысандарды қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде мемлекеттік тілде және (немесе) орыс тілінде жасайды.

3. Қағаз жеткізгіште жасалған  салықтық нысандарға салық төлеуші (салық агенті) не оның өкілі  қол қоюға, сондай-ақ олар салық  төлеушінің (салық агентінің) не оның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда өзінің атауы жазылған мөрі бар өкілінің мөрімен куәландырылуға тиіс.

Салық тіркелімдерін қоспағанда, электрондық жеткізгіште жасалған салықтық нысандар салық төлеушінің (салық агентінің) электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылуға тиіс.

 «Салық төлеуші туралы жалпы  ақпарат» бөлімінде салық төлеуші  мынадай деректерді көрсетеді:

1) СТН – салық төлеушінің  тіркеу нөмірі. Салық міндеттемесін  сенімгерлікпен басқарушы орындаған  кезде жолда сенімгерлік басқарушының - салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі;

2) БСН – салық төлеушінің  бизнес сәйкестендіру нөмірі. Салық  міндеттемесін сенімгерлікпен басқарушы  орындаған кезде жолда сенімгерлікпен  басқарушының - салық төлеушінің  тіркеу нөмірі көрсетіледі.

Жол «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес салық төлеушіде немесе сенімгерлікпен басқарушыда бизнес сәйкестендіру нөмірі болған кезде толтырылуы тиіс.

Кесте 9– АҚ төлейтін салықтары мен төлемақылары нысандары, 2010 жыл

 

Салық түрлері

Формалары

Корпоративті табыс   салығы

100.00

ҚҚС төлеуге тиісті сомасы

300.00

Жер салығы

700.00

Мүлік салығы

70.00

Көлік салығы

700.00

Әлеуметтік салық

200.00

Жеке табыс салығы

200.00


 

Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация кәсіпорынның жылдық жиынтық табысқа енгізілген табыстардың корпоративтік табыс салығын, шегерімге жатқызылған шығыстарды, олардың түзетілімдерін, салық салынатын табысты (залалды), салық салынатын табысты азайтатын табыстар мен шығыстарды, шеккен залалдарды, салық кезеңі үшін есептелген салық сомасын және салық кезеңі үшін есептелген салық сомасын азайтатын салықтар сомасын декларациялауына арналған.

Корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияға қосымшалар салықтық бақылау мақсатына орай салық қызметі органдары пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған. Декларация мен есептеу тәртібі 41 қосымшада көрсетілген.

Корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияға қосымшалардың нысандары мынадай:

1) құн өсімінен түсетін табыстар (залалдар) жөніндегі;

2) күмәнді міндеттемелер, күмәнді  талаптар бойынша табыстар мен  шығыстар, міндеттемелерді және  талаптарды есептен шығару, оның  ішінде кредиторлар мен дебиторлар  бойынша есептен шығару жөніндегі;

3) сыйақылар бойынша табыстар  мен шығыстар жөніндегі ақпаратты  қамтуы мүмкін. Сыйақылар бойынша  шығыстар жөніндегі осы қосымшаның  нысаны сыйақы алушылар бойынша  белгіленуі мүмкін;

4) өткізілген тауарлар, орындалған  жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша шығыстар жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін. Осы қосымшаның нысаны қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын тұлғалар үшін өнім берушілер бойынша белгіленуі мүмкін;

6) салық салынатын табысты азайтатын  табыстар мен шығыстар жөніндегі  ақпаратты қамтуы мүмкін. Осы қосымшаның нысаны өтеусіз берілген мүлікті, демеушілік көмекті алушылар бойынша белгіленуі мүмкін;

7) амортизациялық аударымдар, жөндеуге  жұмсалатын шығыстар және тіркелген  активтер бойынша басқа да  шегерімдер жөніндегі;

8) корпоративтік табыс салығы бойынша декларациямен табыстар мен шығыстар туралы есепті салыстыруды;

Жеке табыс салығы бойынша салық төлеушінің табыстарына 10 проценттік ставка бойынша салық салынады. Декларация мен есептеу тәртібі 42 қосымшада көрсетілген.

Зейнетақы төлемдері түріндегі, төлем көзінен салық салынатын табыс салық салуға жататын, салық шегерімдері сомасына азайтылған зейнетақы төлемдері түріндегі табыс ретінде айқындалады. Жинақтаушы зейнетақы қорлары кәсіпорын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) ерікті кәсіби жарналар, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың талаптарына сәйкес ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан. Төлем көзінен салық салынатын зейнетақы төлемдері түріндегі табысты айқындау кезінде төлемдерді жүзеге асырудың кезеңділігіне қарамастан, табысты есебіне жазудың әрбір айы үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бір ең төмен жалақы мөлшері сомасында салық шегерімі қолданылады;

Жеке табыс салығы бойынша декларация орналасқан (тұрғылықты) жердегі салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей табыс етіледі.

Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты салық агенттері үшін жеке табыс салығы және әлеуметтік салық жөніндегі декларация мынадай:

1) жеке тұлғалардың өздерінен  жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы  жарналары есептелетін және ұсталатын, сондай-ақ әлеуметтік салық, әлеуметтік  аударымдар есептелетін табыстары;

2) есепке жазылған әлеуметтік  жәрдемақылардың Мемлекеттік әлеуметтік  сақтандыру қорына аударымдардың  есепке жазылған сомасынан асып  кету сомасы;

3) мемлекеттік мекемелер еңбекке  уақытша жарамсыздығы бойынша  төлеген әлеуметтік жәрдемақылардың сомасы;

4) есептелген салық міндеттемелерінің, міндетті зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың сомасы  туралы ақпаратты көрсетуге арналған.

Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық жөніндегі декларацияға қосымшалар салық қызметінің органдары салықтық бақылау мақсатына орай пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.

Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық жөніндегі декларацияға қосымшалардың нысандары құрылымдық бөлімшелер бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтың есептелген сомалары туралы, қызметкерлердің әлеуметтік салық салынатын және салынбайтын табыстарының тізбесі жөніндегі, салық төлеушілердің жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша әлеуметтік салықты есептеуі туралы ақпаратты қамтуы мүмкін.

Жеке табыс салығын есептеу тәртібі:

Салық салынатын табысты 10 пайыздық ставкаға көбейту арқылы анықталады.

Салық салынатын табыс = қызметкер табысы – (минималды жалақы + міндетті зейнетақы жарнасы)

Міндетті зейнетақы жарнасы = қызметкерлер табысы * 10 %.

Мысалы, жүргізуші 70000 теңге көлемінде жалақы алады. Жеке табыс салығын есептеу тәртібі:

ЖТС=(70000-15999-7000)*10%=4700 теңге.

Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық жөніндегі декларацияны Есіл ауданының салық комитетіне есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей тоқсан сайын табыс етеді.

Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияға қосымша жыл қорытындысы бойынша жасалады және есепті жылдың төртінші тоқсанының декларациясымен бірге табыс етіледі.

Әлеуметтік салықты есептеу тәртібі:

Әлеуметтік салық = (Жалақы – міндетті зейнетақы жарналары) * 11% - әлеуметтік аударымдар.

Әлеуметтік аударымдар = (Жалақы – міндетті зейнетақы жарналары) * 5%.

Мысалы: жүргізуші 70000 теңге көлемінде жалақы алады Әлеуметтік  салығын есептеу тәртібі:

Әлеуметтік салық = (70000 - 7000) * 11% - (70000 - 7000)*5% =3780 теңге.

Көлік құралдарына төленетін салықты есептеу айлық есептік көрсеткіштермен белгіленген салық кодексінде көрсетілген ставкалар бойынша жүргізіледі.

Салық төлеуші салық салу объектілерін, әрбір көлік құралы бойынша салық ставкасын негізге ала отырып, салық кезеңі үшін салық сомасын дербес есептейді. Кәсіпорын көлік құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын ағымдағы салық кезеңінің 5 шілдесінен кешіктірмей, сондай-ақ  декларацияны есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей салық салу объектілерінің тіркелген жері бойынша салық органдарына табыс етеді.

Кәсіпорын жер иеленетіндіктен жер салығын төлеуші болып табылады.

Жер салығының сомаларын салық базасына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы дербес есептейді. Ағымдағы төлемдердің сомасы ағымдағы жылдың 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан, 25 қарашасынан кешіктірілмей тең үлестермен төленуге жатады. Ағымдағы төлемдердің мөлшері салық кезеңінің басында болған салық салу объектілері бойынша салық базасына тиісті салық ставкаларын қолдану арқылы айқындалады.

Заңды тұлғалар өз иелігінде мүлкі болғандықтан мүлік салығын төлейді.

Мысалы: салық салу объектісінің орташа базалық баланстық құны – 981795. салық ставкасы 1,5%. Мүлік салығы = 981795*1,5%=14727.

Кәсіпорын мүлік салығын салық салу объектілерінің орташа жылдық құнының  1,5 процент ставкасы бойынша есептейді. Бұл салықты есептеуді салық базасына тиісті салық ставкаларын қолдану арқылы дербес жүргізеді.

                                                        Қорытынды

 

Атқарылған жұмыстың қорытындысы бойынша мынадай қорытынды шығаруға болады: «Сарыағаш-жер» ЖШС тұрақты қызмет етеді, қызметі кеңеюде, бірде табысты болса, бірде зиян шегуде.

«Сарыағаш-жер» ЖШС материалдары бойынша ондағы есеп жазылып көрсетілді, талдау жүргізілді, аудиторлық тексеріс жүргізу тәртібі анықталды. 

«Сарыағаш-жер» қызметінде бухгалтерлік есеп маңызды роль атқарады және басқару жүйесінде маңызды орын алады. Ол қызмет көрсету, ақша айналымы, бөлу процестерін нақты көрсетеді және кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды, шешім қабылдау үшін негіз болып табылады.

Басқару процесінің бір бөлігі бола отырып, ағымдағы қызметті бақылауға; оның стратегиясы мен тактикасын жоспарлауға; ресурстарды тиімді қолдануға; қызметтің нәтижесін өлшеп, бағалауға мүмкіндік беретін маңызды ақпарат береді.  Осындай маңызды ақпараттың сенімді әрі толық болуы үшін кәсіпорын бухгалтері білікті болу керек, ережелерді, инструкцияларды және кәсіпорын қызметі мен бухгалтерлік есепті жүргізуді реттейтін басқа да нормативтік актілердің ережелерін қатаң сақтауы керек.

 «Сарыағаш-жер» кәсіпорынының бухгалтерлік жүйесі және басқа да қызметтері Қазақстан Республикасының нормативтік актілері мен стандарттарына сәйкес жүргізіледі.

Кәсіпорында салық есебін жүргізу барысында  ҚР Салық Кодексі және Қаржылық есептің халықаралық стандарттары негізге алынады. Кәсіпорын корпорвативті табыс салығын, жеке табыс салығын, әлеуметтік салық, қосылған құн салығын,  бұған қоса, кәсіпорын көлік құралдары салығын төлеуші болып табылады. Аталған салық түрлері бойынша есептеу мен салық органдарына табыс ету ҚР Салық Кодексіне сәйкес уақытылы жүзеге асырылады.

 Кәсіпорында бухгалтерлік есептің жүргізілуі мен ұйымдастырылуына жауапты тұлға болып кәсіпорынның бас бухгалтері табылады.

Кәсіпорында бухгалтерлік есеп есептеу принципіне сәйкес жүргізіледі, яғни табыстар мен шығындар бухгалтерлік есепте олардың келіп түсуі немесе пайда болуы кезінде танылып, қаржылық есеп беруде көрініс табады. Қаржылық есеп беруді дайындау кезінде кезінде анықталған түзетулер сомасы есепті кезең пайдасы немесе шығыны ретінде танылады. Бухгалтерлік жазулар шаруашылық операцияның болғандығын растайтын бастапқы құжаттар негізінде жүргізіледі. Меншікті капитал, кәсіпорын активтері, міндеттемелері, пайдасы мен шығынына әсер етуі мүмкін  барлық шаруашылық операциялар мен шаруашылық қызметтің басқа да жағдайлары кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде уақытылы көрініс табады. Бухгалтерлік жазбалар компьютерлік жүйе арқылы немесе қолмен де енгізілуі мүмкін.

Кәсіпорынның таза кірісінің бөлігін бөлу нормативі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің келісімі бойынша мемлекеттік басқару органымен белгіленеді. Белгіленген нормативтер бойынша кәсіпорынның таза кірісінің бөлігі республикалық бюджетке есептеуге жатады. Кәсіпорын өндірілген тауарлар (қызметтер, жұмыстар) бағасы оны өндіруге кеткен кәсіпорын шығыстарын толық жабуы керек, оның қызметі шығынға қалмай және өзінің меншікті кірістерімен қаржыландырады.

 «Сарыағаш-жер» ЖШС  жыл сайын міндетті сыртқы аудиторлық тексерістен өтуі тиіс. 

 Қаржылық талдаудың мақсаты – анықталған нәтижелер негізінде кәсіпорынның қаржылық жағдайына баға беру, оны жақсарту бойынша ұсыныстар жасау. Олай болса, аталмыш кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау барысында, оның капиталының орналасуы мен құралу көздерінің құрамы мен құрылымы анықталып, мүліктік жағдайына баға берілді, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы, төлем қабілеттілігі, табыстылығы көрсеткіштері анықталды.                  

Информация о работе «Сарыағаш-жер» ЖШС қызметінің ұйымдастыру-экономикалық жағдайы