«Сарыағаш-жер» ЖШС қызметінің ұйымдастыру-экономикалық жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2015 в 00:01, курсовая работа

Краткое описание

Есеп мәліметтерін кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын жедел басқару үшін, қаржылық есебін құру үшін қолданады.
Іс-тәжірибе өту барысында оқу бағдарламасы бойынша жұмыстарды жасауға тиісті дәрежеде көңіл бөлінді. Бұл уақытта мекеме режиміне сәйкес талаптарды орындап отыруға мән берілді..

Содержание

Кіріспе


1 «Сарыағаш-жер» ЖШС қызметінің ұйымдастыру-экономикалық жағдайы

1.1 Серіктестіктің тарихы және оның қызметіне мінездеме

1.2 Кәсіпорында өндірістік процесті ұйымдастыру


2 «Сарыағаш-жер» ЖШС-нің 2008-2010 жж. экономикалық қызметтері және қаржы-шаруашылық жағдайын талдау

2.1 Кәсіпорынның ресурстық потенцалы

2.2 Кәсіпорын шығындары
2.3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау


3«Сарыағаш-жер» ЖШС-нің салық төлеу тәртібі


Қорытынды

Вложенные файлы: 1 файл

1246_-___-_.doc

— 318.00 Кб (Скачать файл)

 

Серіктестіктің балансында техника, жер, үй ғимараттары, машиналар, компьютерлер, жиһаз және программалар бар.

Бухгалтерлік есепте, қаржылық есепте табыс жұмыс істелген кезде бейнеленеді, ал шағындар бухгалтерлік және қаржылық есепте болған кезде бейнеленеді. Табыс қызмет орындалған кезде пайда болады және активтерді ақшалық түрге айырбастау алдындағы кезеңде пайда болады деп санауға болады (дебиторлық борыш).

Рентабельділік деңгейі мен динамикасына мынадай өндірістік-шаруашылық жағдайлар әсер етеді.                        

  1. Өндірісті ұйымдастыру және басқару деңгейі;
  2. Капитал және оның көздерінің құрылымы;
  3. Өндірістік ресурстарды қолдану деңгейі;
  4. Өнімнің көлемі, сапасы және құрылымы;
  5. Өндірістік шығындар;
  6. Өндірістен түскен табыс.

Рентабельділік – кәсіпорынның жалпы тиімділігін білдіретін көрсеткіш. Жоспар бойынша 2010 жылы рентабельділік деңгейі 0,09%-ды құрады.

Қор сыйымдылығы - негiзгi өндiрiстiк қорлардың сомасының бюджеттiк құралдардың игеруiне кеткен сомасына қатынасын көрсетеді. (846 619,0 мың тенге / 1 686 450,0)= 0, 50.

Қор қайтарымдылығы - бюджеттiк құралдардың игеруiне кеткен сомасының негiзгi өндiрiстiк қорлардың сомасына қатынасын көрсетеді. (1686450,0 мың тенге /  846 619,0 мың теңге) = 1,99 тенге. 

Материал сыйымдылығы – бұл барлық материалдық шығындардың сомасының бюджет құралдарын игеру сомасына қатынасын көрсетеді. (308 547,5 мың тенге /1 686 450,0 мың тенге)= 0,18

Материал қайтарымдылығы – материал сыйымдылығына керісінше. (1686450,0\308547,5)= 5,47

Еңбекақы сыйымдылығы – қор сыйымдылығының сомасының бюджет құралдарын игеруге кеткен сомасының қатынасына тең. (656199,1 /1686450,0)=0,39

Еңбекақы қайтарымдылығы - еңбекақы сыйымдылығына керісінше. (1686450,0\656199,1)=2,57

Еңбек өнімділігі – меңгерілген құралдарының сомасының жұмыскерлер қатынасына тең. 1686450,0 \ 867 = 1945,0 мың тенге.

Негізгі құралдар және материалды емес активтердің шығуы акт арқылы жүзеге асырылады, бұл акт комиссия төрағалары мен директормен бекітіледі.

 

 

2.3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау

 

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп беру болып табылады.                                                                                               

ҚР Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы №2732 "Бухгалтерлік есеп туралы" заң күші бар Жарлығына сәйкес, 1998 жылдан бастап қаржылық есеп беруге мыналар жатады:                                                                                               

1) бухгалтерлік баланс;                                                                                                               

2) қаржы-шаруашылық қызметінің  нәтижесі туралы есеп;                                                  

3) ақша қаражаттарының қозғалысы  туралы есеп.                                                                         

Онда сонымен қатар түсіндірме хат болады, сондай-ақ қаржылық есеп беруге негізделген немесе қаржылық есептен алынған материалдармен толықтырылуы мүмкін және бұл материалдар солармен бірге оқылады. Түсіндірме хатта, берілген субъектінің есеп және есеп берудің қандай саясатын ұстап отырғандығы және каржылық есепті пайдаланушылардың талаптарына сай басқа да ақпараттар жазылуы тиіс. Мысалы, оған: субъектіге әсер етуші тәуекел мен белгісіздік туралы, қаржылық есепте жазылған міндеттемелер туралы түсініктерді жазуға болады. Нарықтағы географиялық сегменттер, сомалық ерекшеліктер, қызмет түрлері туралы ақпараттар, баға өзгерісінің әсері туралы мәлімдемелер және басқалары қосымша ақпарат ретінде қарастырылады.                                                                                                

ҚР-да бухгалтерлік есепті реформалау процесі барысында есеп беруді құру мақсаттарына жаңа көзқарастар пайда болды және оның бағыты өзгерді. «Қар-жылық есептің мақсаты - бухгалтерлік есепті» №2 «Бухгалтерлік баланс және қаржылық есептегі негізгі ашылулар» деген стандартында көрсетілгендей, бұл қолданушыны заңды тұлғаның қаржылық жағдайы және оның қызметінің нәтижелері мен есепті кезеңдегі қаржылық жағдайында болған өзгерістер туралы пайдалы, маңызды әрі дәл ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады. Қаржылық есеп негізінен өтелген жағдайлардың қаржылық нәтижелерін және де кәсіпорын үшін инвестициялық шешімдер мен несие беру бойынша шешімдерді шешу үшін, сондай-ақ субъектінің болашақтағы ақша ағьгмдарын және осы субъектіге сеніп тапсырылған ресурстар мен басқарушы органдардың жұмыстарымен байланысты ресурстар мен міндеттемелерді бағалау үшін қажетті пайдалы ақпараттарды сипаттайды. Алайда қаржылық есеп қолданушыларға экономикалық шешімдерді қабылдау үшін қажетті барлық ақпараттарды қамтымайды. Қаржы есебін пайдаланушылар қабылдайтын экономикалық шешімдер субъектінің ақша қаражаттарын айналдыру мүмкіндігін бағалауды, сондай-ақ оларды айналдыру уақытын есептеу және нәтижеге сенімді болуын талап етеді. Бұл нәтижесінде, субъектінің өз жұмысшыларына және жабдықтаушыларына ақы төлеу, пайызды төлеу, несиені қайтару және табысты тарату қабілетін анықтайды. Егер де қолданушылар тек қана субъектінің қаржылық жағдайын, қызметін және оның өткен есепті мерзімдегі қаржылық есебінің өзгерісін сипаттайтын ақпараттармен емес, сонымен қатар барлық қажетті ақпараттармен жабдықталған болса, онда олар, яғни қолданушылар ақша қаражаттарының айналдыру мүмкіндігін одан да жақсы бағалайды. Бірақ коммерциялық құпияны қорғау туралы заң қолданушылар алатын қаржылық ақпаратқа шек қояды, дегенмен олардың ішінде кейбіреулері (тергеу органдары, ревизорлар, аудиторлар) өкілдігі болған жағдайда қаржылық есепте көрсетілген ақпараттарға косымша ақпараттарды талап ете алады. Қолданушылардың көпшілігі қаржылық есепке қаржылық ақпараттың басты көзі ретінде сенуі тиіс.                                                                                                                                                                              

     Баланс - есепті жылдың  басындағы және соңындағы кәсіпорынның  қаржылық жағдайын сипаттайды  және маңызды қызметтер атқарады. Біріншіден, баланс меншік иелерін шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайымен таныстырады. Осы арқылы олар бұл субъекті нені иеленеді, материалдық құралдардың сандық және сапалық қорлары қандай, кәсіпорын жақын арада үшінші жақ алдындағы өз міндеттемелерін ақтай ала ма, соны білдіреді.

Бухгалтерлік баланс қаржылық есептің негізгі түрі бола отырып, ол есепті кезеңдегі кәсіпорын мүлкінің құрамы мен кұрылымын, ағымдағы активтердің айналымдылығы мен өтімділігін, меншікті капитал мен міндеттеменің қолда барын, дебиторлық және кредиторлық борыштың динамикасы мен жағдайын және кәсіпорынның несие қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді. Баланс көрсеткіштері кәсіпорынның капиталын орналастыру тиімділігін, оның ағымдағы және алдағы кезеңдегі шаруащылық қызметке жетуі, қарыз көздерінің көлемі мен құрылымын, сондай-ақ оларды ынталандыру тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Осылайша, бухгалтерлік балансты талдау үшін және кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда ақпараттың ең қажетті түрі болып табылады.                                                                                                 

 «Активтер - бұл құндық бағасы  бар кәсіпорыннын мүлкі, мүліктік, жеке мү-ліктік емес иелігі  және құқығы болып табылады.                                                                                                                                              

Міндеттеме - бұл тұлғаның (қарыз адамның) белгілі бір әрекетті басқа бір тұлғаның (несие берушінің) пайдасына жасайтын міндеті - мүлікті беру, жұмыс атқару, ақша төлеу және басқалар немесе белгілі бір іс-әрекеттен бас тарту, ал несие берушінің қарыз адамнан өзінің міндетін орындауын талап етуге құқығы бар.                                                                                                                   

Меншіктік капитал - бұл субъектінің өз міндеттемелерін шегеріп тастағаннан кейінгі активтері». Сонымен, қаржылық есептің негізгі элементтерінің анықтамасын түсіндіруде батыс елдерінен ешқандай айырмашылық жоқ деп айтуға болады.                                                                                                                                 

Баланс бухгалтерлік есептің "Бухгалтерлік баланс және қаржылық есеп берудегі негізгі анықтаулар" №2 стандартымен анықталады. Ол активтердің, меншікті капитал және міндеттемелердің мәнін анықтайды, сондай-ақ қаржылық есеп беруде анықтауға жататын ақпараттарға деген талаптардан тұрады.

Баланста ұзақ мерзімді және ағымдағы міндеттемелердің жиынтық сомасы анықталады. Баланста ағымдағы активтер мен міндеттемелерді және олардың жиынтық сомасын анықтау, қаржылық есепті пайдаланушыларды кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда және дәлелді басқарушылық шешімдер қабылдауда қажет болатын ақпараттармен қамтамасыз етеді.                                      

Баланс активі мен пассивін құру принциптері бұрынғы қалпында қалып отыр, яғни активтер олардың өтімділік деңгейіне байланысты, өтімділігі төмен активтерден өтімділігі жоғары активтерге қарай, пассивтер принцип бойынша төлем мерзімінің жеделдік деңгейіне байланысты мерзімінің жеделдігі азынан көбіне қарай.                                                                                                        

«Казимпэкс» АҚ-ның  қаржылық есебі келесі құжаттардан  тұрады:

  • Бухгалтерлік баланс
  • Шығындар мен табыстар есебі
  • Ақша қаражаттарының қозғалыс есебі
  • Меншікті капиталдағы қозғалыстар, өзгерістер есебі
  • Есеп саясаты туралы ақпарат және түсіндіру жазбалары

Жылдық қаржылық есептің есеп периоды болып календарлы жыл саналады, 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін.

Есеп периодының барлық мәліметтері қаржылық есепте көрсетіледі. Қаржылық есеп Қазақстан Республикасының валютасында - теңгеде құрылады. Қаржылық есепке директор мен басты  бухгалтердің қолдары қойылады, олар бұл есептің уақытында берілуіне жауапты. Қаржылық есеп келесі мекемелерге берілуі тиіс.

  • Құрылтайшылар құжаттары бойынша меншікті адамдарға;
  • Мемлекеттік статистика мекемелеріне;
  • Мемлекеттік бақылау және қадағалау мекемелеріне.

Қаржылық есепті беру мерзімі қаржылық есеп жылынан келесі жылдың 31 наурызынан асыртуға болмайды. Аралық қаржылық есеп тоқсан сайын беріледі. 2010 жылдың жаңа салығы бойынша қаржылық есеп тоқсаннан кейінгі 2-ші айдың 15 күнінен кешірмей беріледі. 2010 жылғы салық кодексінің талаптары бойынша тоқсаннан кейінгі бір айдың 20 күнінен аспай қаржылық есепті беру қажет.

«Казимпэкс» АҚ аралық қаржы есеп беру тәсілін қолданып тұрады. Жылдың қаржылық есеп пен аралық қаржылық есепте бір есеп саясатын қолданады.

Барлық есептер электронды түрде CГДС арқылы беріледі.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау үшін келесі әдістер пайдаланылады:

  1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын қазіргі заманға сай және объективті түрде  бақылау. Яғни кәсіпорынның  осал тұстарын қарастыру, олардың пайда болу себептерін анықтау. Осал тұстарды жою жолдары.
  2. Қаржылық жағдайды жақсарту. Жақсарту жолдарын қарастыру. Оның  төлем қабілеттілігі мен тұрақтылығын арттыру жолдары.
  3. Қаржылық өзгерістерді мүмкіндігінше болжау.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақты, тұрақсыз және кризистік болу мүмкін. Кәсіпорынның қаржылық төлемдерді уақытында жүргізу, өзін-өзі уақытылы қаржыландырып отыру мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының тұрақты екенін көрсетеді. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның коммерциялық және қаржылық қызметтерінің жоспарға сәйкес орындалуына байланысты.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау әдетте горизантальді және вертикальді талдаудан басталады.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақты, тұрақсыз және кризистік болу мүмкін. Кәсіпорынның қаржылық төлемдерді уақытында жүргізу, өзін-өзі уақытылы қаржыландырып отыру мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының тұрақты екенін көрсетеді. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның коммерциялық және қаржылық қызметтерінің жоспарға сәйкес орындалуына байланысты.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау әдетте горизантальді және вертикальді талдаудан басталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Кесте 5- Есепті кезеңдегі баланс мәліметтерінің өзгерісі.

 

Көрсеткіштер

Есеп беру  кезеңіне

Өткен  кезең

өзгеріс(+,-)

сомасы мың.тг

баланстағы үлесі (%)

сомасы мың.тг

баланстағы үлесі (%)

сомасы мың.тг

өзгеру қарқыны(%)

Қысқа мерзімді активтер

68861

5,7

109274

10,3

40413

8,4

Ұзақ мерзімді активтер

1132503

94,3

955461

89,7

-177042

-8,4

Активтердің балансы:

1201364

100,0

1064735

100,0

-136629

-

Қысқа мерзімді міндеттемелер

25547

1,6

30570

1,8

5023

11,8

Ұзақ мерзімді міндеттемелер

-

Жарғылық, резервтік капитал

1565095

98,4

1652163

98,2

87068

-11,8

Пассивтердің балансы:

1590642

100,0

1682733

100,0

92091

Информация о работе «Сарыағаш-жер» ЖШС қызметінің ұйымдастыру-экономикалық жағдайы