Өндірісті басқару және кәсіпорын экономикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2014 в 20:15, курсовая работа

Краткое описание

Өндіріс – қоғамның өмір сүруі және дамуы үшін қажетті материалды өнімдерді шығаратын процесс. Өндірістің дамуын еңбек құралдарынан, еңбек заттарынан және белгілі бір мақсатпен жасалынатын жұмыс процесінен тұратын еңбек ету жағдайы анықтайды.

Вложенные файлы: 1 файл

экономика курсавой 4 курс.docx

— 66.50 Кб (Скачать файл)

Әрбір сала кәсіпорындарының өндірістік құрылымдары негізгі  өндірістің жағдайына байланысты өзіндік  ерекшеліктерімен оқшауланады. Тек, көмекші  және қызмет етуші шаруашылықтар  ғана барлық кәсіпорындарда бірдей болып келеді.

Өндіріс құрылымын  әрі қарай дамытудың жолдары:

  • кәсіпорындар мен цехтарды ірілендіру;
  • негізгі, көмекші және қосалқы цехтардың арасындағы тиімді байланысты сақтау;
  • кәсіпорынды жоспарлаудың тиімділігін арттыру жолында тұрақты жұмыс жүргізу;
  • өндірісті ірілендіру арқылы (тұрақты) қуатты, ғылыми – өндірістік ұйымдар ұйымдастыру;
  • техника мен жоғары сапалы технологияны тұрақты түрде дамыту, өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру;
  • өндірістің тиімділігін арттыру.

Кәсіпорындар мен цехтарды ірілендіру арқылы жаңа жоғарғы өнімді техниканы кең көлемде енгізуге жағдай туады, технологияны дамыту, өндірісті  ұйымдастыру жақсарады.

II. Негізгі қор

2.1. Негізгі қорлардың экономикалық маңызы, құрамы және құрылымы  

 

Негізгі қорлар дегеніміз ұзақ кезең бойына қызмет ететін материалдық – заттай құндылықтардың жиынтығы; олар өндіріске қызмет көрсете отырып, өзінің табиғи – заттай нысанын сақтайды, өз құнының бір бөлігін жаңадан жасалған өнім мен көрсетілген қызметтерге көшіреді.

Негізгі қорлардың 2 түрі болады: өндірістік негізгі қорлар және бейөндірістік негізгі қорлар.

Материалдық өндіріс  саласында жұмыс істейтін негізгі  қорлар – өндірістік негізгі қорлар деп, бейөндірістік салада жұмыс істейтін негізгі қорлар – бейөндірістік негізгі қорлар деп аталады (тұрғын үйлер, мәдениет, спорт мекемелері, балабакшалар, емдеу орындары және басқа да кәсіпорын балансындағы жұмысшыларға қызмет ететін объектілер).

Негізгі корлар – ұлттық байлықтың маңызды бөлігі болып табылады және олардың құрамы мен құрылымын анықтау үшін негізгі қорлардың сыныптамасын жасау қажет.

 

Негізгі қорлардың сыныптамасы 

 

Топтардың аттары

Қолданылуы және кысқаша мінездемесі

I. Ғимараттар

өндірістік архитектура  және құрылыс обьектілері (цехтар, қоймалар, өндірістік лабораториялар және т.б.)

II. Құрылыстар

өндіріс процесіне  қызмет ететін техникалык функцияларды       атқаратъш       инженерлік – құрылыс объектілері (тоннельдер, көпірлер, эстакадалар, су каналдары, автомобиль және темір жолдары т.б.)

III. Жіберу   

      кұралдары

энергияны, сұйық  және газ түріндегі заттарды  жіберуші  құралдар  (электр,   жылу жүйелері, газ жүйесі)

IV. Машина мен 

     құралдар

1. Күш  

    машиналары мен

    құралдар

(генераторлар, электр  бөлшектер, бу машиналары, турбиналар т.б.)

2. Жұмыс  

   машиналары  

   мен   құралдар

технологиялық процеске тікелей қатысатын құралдар (станоктар, прессмашиналар, терминалық пештер, көтеру-тасымалдау механизмдері т.б.)

3. Өлшеу,    реттеу

    приборлары мен

    құралдары,   

    лабораториялык

    құралдар

өндіріс процесін қол еңбегімен немесе автоматтаңдыру арқылы реттеуге, технологиялық процестердің параметрін өлшеуге және бақылауға, лабораториялық зерттеулер жүргізуге қажетгі

4. Есептеу

   техникасы

математикалық есептерді  шешуді тездетуге қажетті құралдар жиынтығы

5. Басқа да

   машиналар мен

   кұралдар

(өрт сөндіргіш  машиналар, телефон станциялары  т.б.)

V. Тасымалдау

    құралдары

кәсіпорын көлеміндегі  адамдар мен жүктерді тасымалдауға қажетті көліктер (электровоз, паровоз, автомобиль)

VІ. Құрал – сайман

өндіріс процесіне  қажетті элементтер (қол және механикалық кесу, ұру саймандары, штамптар т.б.)

VІІ. Өндірістік

    түгендеме

    (инвентарь)

өндірістік операцияларды  орындауды жеңілдетуге және жеке еңбек заттарын сақтауға қажетті (жұмыс  столы, қорап т.б.)

VІІІ. Шаруашылық

    түгендеме

    (инвентарь)

көбейту және қайта  түсіру аппаратары, үстел, шкаф т.б.


 

 

Негізгі  қорларды   бағалаудың   өндіріс   процесінде   ұзақ уақыт бойы  қатысып, тозуына байланысты және осы уақыт аралығында  қайта   өндірудің  жағдайына  байланысты   бірнеше түрі болады. Олар – негізгі қорлардың бастапқы құны, өндіру кұны және қалдык құны.

Негізгі қорлардың  бастапқы құны – қорларды дайындауға, жинауға, әкелуге, жинауға кеткен  шығындардың жиынтығы.

Қайта өндіру құны (қалпына келтіру) – негізгі қорларды қайта өндіруге кеткен шығындардың жиынтығы.

Қалдық  кұн - негізгі қорлардың тозуды алып тастағандағы бастапқы немесе қалпына келтіру құны.

Негізгі өндірістік қорлардың күрылымына мынадай  факторлар әсер етеді: шығарылатын өнім түрі, оның жалпы көлемі, автоматтандыру және механикаландыру деңгейі, мамандандыру және бірлестіру деңгейі, кәсіпорын орналасуының климаттық және географиялық жағдайлары және т.б.

Негізгі өндірістік қорларды қолданудың көрсеткіштері 3 топқа бөлінеді:

  • негізгі өндірістік қорларды экстентивті қолдану көрсеткіштері;
  • негізгі өндірістік қорларды жедел түрде қолдану көрсеткіштері;
  • негізгі өндірістік қорларды интегральды қолдану көрсеткіштері.

1 –  топ көрсеткіштеріне: құралдарды экстенсивті қолдану коэффициенті, құралдардың сменалық жұмыс жасау коэффициенті, құралдардың толық пайдалану коэффициенті жатады; яғни бұл көрсеткіштер құралдардың уакыт мөлшерінде қол-данылу деңгейін көрсетеді.

2 – топ өндірістік қорларды жедел түрде қолдану көрсеткіші негізгі қорлардың нақты өнімділігін оның нормативтік өнімділігіне бөлу арқылы анықталады.

 

Құралдарды  интегралдық қолдану коэффициенті кұралдарды экстенсивті және интенсивті қолдану коэффициенттеріне көбейту арқылы анықталады, және ол құралдардың уақыт бойынша және өнімділігі бойынша қолданылуын сипаттайды.

Өндірістік негізгі  қорлардың тиімділігін көрсететін жалпы көрсеткіш болып – қор кайтарылымы есептеледі. Қор қайтарылымы – бұл өнім өндіру үшін пайдаланылған негізгі өндірістік қорлардың теңгеге шағып есептелгендегі өндірілген өнім көлемін сипаттайтын экономикалық көрсеткіш, сондай – ақ ол өндіріс тиімділігінің аса маңызды көрсеткіші болып табылады.

 

,

 

мұндағы: Т – тауар өнімінің көлемі;

          Ф – негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны.

 Қор қайтарылымын ұлғайту – бұл   халық  шаруашылығының  аса маңызды міндеті болып есептелінеді.  Қор қайтарылымына  кері көрсеткіш – қор сыйымдылығы.

Қор сыйымдылығы – бұл негізгі өндірістік қорлар кұнының өндірілген  және  сатылған  өнім  құнына  қатынасын  сипаттайтын экономикалық көрсеткіш.

Өндірістің негізгі  қорларының көлемі және олардың есептелу дәрежесі кәсіпорынның өндірістік қуатының көлемін анықтайды. Өндірістік қуат – саланың, цехтың, агрегаттың жабдықтарды неғұрлым тиімді пайдаланып, өндіріс пен еңбекті неғұрлым озық үлгіде ұйымдастыру негізінде тиісті уақыт ішінде өнімнің белгілі бір түрін шығаруға барынша жоғары қабілеттілігі (мүмкіндігі).

Өндірістік  қуат берілген уақыт ішінде саланың, цехтың, өндіріс пен еңбекті неғұрлым озық үлгіде ұйымдастыра отырып, құрал – жабдықтарды неғұрлым тиімді пайдаланып, өнімнің белгілі бір түрін шығаруға   барынша жоғары қабілеттілікті айтамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Негізгі құралдардың мәні және жіктемесі

 

Негізгі құралдар дегеніміз – өндірісте ұзақ уақыт бойы (бір жылдан артық уақыт) пайдаланылатын, өзінің бастапқы заттай нысанын (пішінін, түрін) сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке біртіндеп бөліп – бөліп есептелген амартизациялық материалдық активтерді айтады. Шаруашылық қызметте пайдалануға арналған негізгі құралдарды. Қайта caтyға немесе ақшаға айналдыруға болмайды. Ақшалай бағаланған негізгі қорлар негізгі құралдар деп аталады. Олар бухгалтерлік есепте осы бағамен көрінеді және субьект балансында көрініс табады. Негізгі құралдар ұзақ уақыт бойы, көптеген өндіріс циклы барысында пайдаланылады, олар бірте – бірте тозады және өзінің қасиеті мен түрін сақтай отырып, өз құнын бірте – бірте жаңадан өндірілген өнімге аударады.  

Негізгі құралдар – бұл еңбек құралы ретінде материалдық өндіріс саласында және өндірістік емес саласында ұзақ уақыт бойы (1 жылдан аса) қолда болатын материалдым активтер. 

Оған мыналар жатады: 

  • жылжымайтын мүліктер (ғимараттар, көпжылдық өсімдіктер жәнежермен байланысты қозғалысы және олардың мақсатына зиян шектірмеу басқа объектілер); 
  • көлік құралдары; 
  • жабдықтар, өлшеуаспабы, өндірістік және шаруашылық құрал- саймандары ірі және өнім беретін малдар арнайы құралдармен басқа да негізгі қорлар (кітапхана қор,мұражай құндылықтары,жануар әлемінің экспорттары автомобиль жолдары) және т.б. 

Негізгі құралдар көптеген құралдар бойына пайдаланатын қасиетімен нысаның  сақтай отырып, жанама түрде тозады. өзінің құның жолдан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді. 

Жіктелу топтарында өндіріс процесіне  қатысу сипатына қарай негізгі қорлар былай бөлінеді: өндірістік және өндірістік емес. 

Өндірістік бұл – өндірістік процесіне тікелей қатысатын немесе өндірістің негізін құрайтын негізгі құралдар. Оның құрамына мыфналар жатады: өндіріс үйлер мен ғимараттар, машинамен жабдықтар,өлшеуіш және реттеуші құралы өндірістік және басқа да керек жабдықтар жұмысшы өнім беретін малдар, көпжылдық өсімдіктер енеді. 

Өндірістік емес – бұл тұтыну мақсатындағы негізгі құралдар. Олар өндіріс процесіне қатыспайды. Ол ұжымның, мәдини, тұрмыстық қажеттігін қамтамасыз етуге арналған (үйлер, ғимараттар, керек жарақтар, денсаулық сақтау, спорт). 

Тиістілігі бойынша негізгі  қорлар былайша бөлінеді: меншікті және жалданған. 

Меншікті – бұл субъектіге тиісті оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар. 

Жалданған – жалдау шарты бойынша онда белгіленген мерзімге басқа субъектілердің алынған негізгі құралдар. 

Пайдалану сипатына қарай негізгі  құралдар былайша бөлінеді: қолданыстағы, қолданылмаған, запастағы. 

Қолданыстағы – бұл пайдалану сатысындағы негізгі құралдар. 

Қолданылмаған (тоқталған) – консерватцияға немесе басқа себептерге байланысты қолданылмай тұрған негізгі құралдар. 

Запаста тұрған – қолданылып жүрген негізгі құралдар жөнделу, жойылу, апатқа ұшырау жағдайында олар алмастырудағы негізгі құралдар.  
Түріне қарай негізгі құралдар 13 топқа бөлінеді: 

1. Жер;

2. Үйлер - бұл мақсаттық бағыты  халықтың еңбек етуіне және  материалдық құндылықтардың сақталу  жағдайынан тұратын сәулет құралдар; 

3. Ғимараттар - еңбек заттарының  өзгеруіне байланысты жоқ қандай  бір функцияналды атқару жолымен  өндіріс процесін жүзеге асыруға  арналған инжинерлік құрлыс объектілері  (платина құбырлы өткізгіштер және т.б.); 

4. Беріліс құрылғылар –э лектронды  жылулық және механикалық қуат  беруге арналған құрылған (электор  тарату желісі) құбырлы өткізгіштер т. б; 

5. Машиналар мен жабдықтар - әрбір  машина егер оның құрамына  кіретін саймандарды, керек-жарақтарды  аспаптарды басқа инвентардың  бөлігі болмаса инвентарлық объект  болып табылатын инвентор дегеніміз  - түгендеу. Бұл тобы 5 ішкі топтан тұрады: 

а ) Күш беретін машиналар мен  жабдықмашиналар жылу және электро  қуатын өндіретін электрометорлар  және т.б. (трокторлар, электр қозғалтқыштар) және т.с.с; 

б) Жұмысшы машиналар мен жабдықтар. Бұл еңбек өнімдерін жасау  процессіне механикалық, техникалық және химиялық әсер етуге арналған машиналар  апараттар және жабдықтар (насостар, элекрлік маторлар) және т.б; 

в) Өлшеу және реттеу аспаптары (микроскоп, монометр, амперметр және т.б; 

г) Есептеу техникасы. Процесті жылдамдату мен автоматтандыруға арналған машиналар  құрылғылар мен аспаптар (компьютер, конкульятор мен есептеу машиналары); 

д) Өзге де машиналар мен жабдықтар (телефон, станциялары, өрт машиналары т.б.) 

6. Көлік құралдары. Адамдар мен  жүктердің қозғалуына арналған  қозғалыс құралдары (теміржол, автомат,  су көлігінің қозғалмалы құрамы) және т.б. 

7. Құрал-сайман. Темірді ағашты  өндеуге арналған қол еңбегінің  механикаланған және механикаланбаған  немесе машиналарға бекітілген  заттар (балға, тесетін,тұратын және с.с. құралдар); 

8. Өндірістік инвентар және керек  жарақтар. Өндіріс операцияларды  орындауға немесе жеңілдетуге  қызмет ететін басқа мақсаттағы  заттар (жұмыс үстелі және т.б.); 

9. Шаруашылық инвентар. Кеңсеге  және шаруашылықтарда қажетті  заттар (шкафтар, клемдер және т.с.с.); 

10. Жұмысшы және өнім беретін  малдар ( ірі қара, қошқар және т.с.с.); 

11. Көпжылдық өсімдіктер (жүзімдіктер,  жеміс жидектер, роза және с.с.); 

12. Жерлерді (ғимаратсыз) жақсарту  жөніндегі күрделі (жерлерді тастардан тазарту және т.б.); 

13. Өзге де негізгі құралдар (кітапхана  қорлары, спорт жабдықтары, мұражай  құндылықтары).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Негізгі құралдардың тозуы, құн және

амортизациялық есептеу әдісінің түрлері

3.1. Негізгі құралдардың тозуы және түрлері

 

Негізгі құрал өндіріс процесіне қатысумен, жылдар мерзімінің әсерімен, табиғат күшінің әсер етумен пайдалану процесінде біртіндеп тозады. Тозудың екі түрі болады: табиғи және сапалық (моральдық) (заман талабына сай келмеуі). 

Негізгі қорлардың табиғи тозуы  олардың өндіріс процесіне қатысу нәтижесінен және негізгі құралдардың  пайдалануға тікелей қатыспай – ақ, түрлі сыртқы факторлардың әсерінен: ылғалдан, атмосфералық құбылыстар нәтижесінен, металдардың тот басуынан, ескіруінен (тозудың табиғи нысаны) пайда болады. 

Информация о работе Өндірісті басқару және кәсіпорын экономикасы