Ұзақ мерзімді активтер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2013 в 20:44, дипломная работа

Краткое описание

Нарықтық экономикаға көшу жағдайында көптеген ұйымдар қаржы жағдайы, оларды жаңа күрделі қаржыдан шектеп, қаржыны тек негізгі құралдардың ең қажетті объектілеріне бағыттауды көздейді. Осыдан қолда бар ұзақ мерзімді активтердің сақталуымен тиімді пайдалануына қатаң есеп пен бақылаудың объективті қажеттілігі туындайды.
Осы дипломдық жұмыста алға қойған мақсатым:
-ұзақ мерзімді активтердің экономикалық маңызы мен атқаратын рөлін ашып көрсету;
- ұзақ мерзімді активтердің бухгалтерлік есебін және аудиті дұрыс ұйымдастыру және олардың қалыптасуымен жұмсалуын талдау.

Содержание

Кіріспе 6
1 Ұзақ мерзімді активтер жөніндегі ұйым және бұлардың экономикалық мақсаты 8
1.1 Ұзақ мерзімді активтердің экономикалық мақсаты және атқаратын рөлі 8
1.2 Ұзақ мерзімді активтерді классификациялық топтау 10
2 Ұзақ мерзімді активтердің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру 27
2.1 «Дарын» жауапкершілігі шектелген серіктестіктің экономикалық сипаттамасы 27
2.2 Ұзақ мерзімді активтердің қалыптасуы жөніндегі көрсеткіштерді талдау 31
2.3 Ұзақ мерзімді активтердең жұмсалуы жөніндегі көрсеткіштерді талдау 36
2.4 Ұзақ мерзімді активтер көрсеткіштерінің өзара байланыстылығын талдау және шешім қабылдау 38
3 Ұзақ мерзімді активтердің есебінің аудиті 44
3.1 Негізгі құралдардың жіктелінуі мен бағалануының есебінің аудиті 44
3.2 Материалдық емес активтер есебінің аудиті 56
3.3 Аудиторлық қорытынды 60
Қорытынды 67
Қолданылған әдебиеттер тізімі 69

Вложенные файлы: 1 файл

№ 216 узак мерзимде -диплом.doc

— 565.50 Кб (Скачать файл)

Инвентарлық объектілер негізгі құралдың есеп бірлігі болып табылады. Инвентарлық  объект күрделі әрі жай болып  келеді. Негізгі құралдың есебін дұрыс  ұйымдастырудың басты шарты  оны жіктеу болып табылады. Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.

Негізгі өндіріс құралдарына өндіріс  процесіне тікелей қатысатын  объектілер жатады, олардың көмегімен  өнімді әзірлеген кезде еңбек құралдарына әсер ету жүзеге асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын жасайды. Негізігі өндірістік құралдардың пайдалануын сипаттайтын шолушы экономикалық көрсеткіші – қор қайтарымы болып табылады, ол негізігі құралдардың бір өлшеміне шаққандағы өндірілетін заттай немесе ақшалай түріндегі өнімді көрсетеді.

Өндірістік емес негізгі құрал-жабдықтар  – тұтынуға арналған құрал-жабдықтар. Олар ұжымның мәдени-тұрмыстық қажеттіліктерін  ұзақ мерзім бойы өтеуге арналған. Иелігіне қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді. Меншік дегеніміз – ұйымға тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа ұйымнан алынған негізгі құралдар, жалға алынған құралдар болып саналады. Оларды жалға берушінің балансында есептейді, жалға алушы 001-ші “Жалға алынған негізгі құралдар” баланстан тыс шотында есептейді. Жалға алу мерзімі аяқталған соң немесе ол аяқталмай тұрып, жалға алушы келісілген бағамен сатып алуына болады. Оларды 121-ші “Жер”, 122-ші “Үйлер мен ғимараттар”, 123-ші “Машиналар мен жабдықтар, беріліс қондырғылары”, 124-ші “Көлік құралдары”, 125-ші “Басқа да негізгі құралдар”, 126-шы “Аяқталмаған құрылыс” шоттарының тиісті аралық шоттарында есептейді. Заманның ағымына қарай бухгалтерлік есептің Халықаралық Қаржылық Есеп Стандартына көшуіне байланысты осы шоттар келесідей өзгереді.   2411-ші “ Көлік құралдары ”, 2412-ші “ Машиналар мен жабдықтар, беріліс қондырғылары ”, 2413-ші “ Басқа да негізгі құралдар ”, 2414-ші “Үйлер мен ғимараттар”, 2415-ші “Жер”, 2930-шы “Аяқталмаған құрылыс”

Пайдалану сипатына қарай негізгі  құралдар жұмыс істеп тұрған, істемей  тұрған және қор ретінде тұрған болып  бөлінеді. Қолданыстағы жұмыс істеп  тұрған негізгі құралдар, әрекет етіп тұрғандар болып саналады. Жұмыс істемей тұрғандар – бұл жұмысы тоқтатылған немесе басқа жағдайларға байланысты уақытша пайдаланбайтын негізгі құрал-жабдықтар. Қорда тұрғандар болып жұмыс істеп тұрған құрал-жабдықтарды жоспарлы түрде олардың запас бөлшектерін ауыстыру үшін тоқтатылған объектілер есептеледі.

Заттық құрамына қарай негізгі  құралдар мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді. Мүліктікке көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге болатындар жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары, ғимарттардан басқа күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар жатады.

Әр ұйымда негізгі  құралдар пайдалану мақсатын қарай  және атқаратын қызметтеріне қарай  мынандай түрлерге бөлінеді: жер; үйлер; ғимараттар; өткізгіш тетіктер; машиналар және құрал-жабдықтар; күш бертеін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар  мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа машиналар мен құрал-жабдықтар; көлік құралдары; құрал-саймандар; өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; көпжылдық екпе ағаштар; жерді жақсартуға шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі құралдар.

Келтірілген негізгі құралдардың  әрқайсысының   құрамына енетіндер:

  - жер – ұйым меншігіне сатып алынған жердің көлемі мен құны. Жерге  меншік құқығы бар болса, онда олар құқық актісімен расталуы керек. Ондай актісі берілген болса, онда ондай жер учаскілері мүліктік объект болып саналады;

  - үйлер – халыққа еңбек етуге, тұруға,әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетуге жағдай жасауға және материалдық құндылықтарды сақтауға арналған әлеуметтік құрылыс объектілері. Әрбір тұрғын үй мүліктік объект болып табылады;

  - ғимараттар – енбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір қызметерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыс объектілері. Барлық жағдайлары бар әрбір жеке ғимарат мүліктік объект болып табылады;

  - өткізгіш тетіктер  - электр, жылу немесе механикилық энергияны  өткізу қондырғылары;

  - машинамен жабдықтар – күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; әрбір машина, егер ол басқа мүліктік объектінің бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімделген құралдарды, соған тиісті заттары, аспаптары, қоршауды, фундаментті қоса алғанда, мүліктік объекті болып саналады. Негізгі құралдардың бұл тобы бес топтан тұрады;

  - күш беретін машиналар мен жабдықтар – жылу және электр энергиясын өндіретін генератор-машиналары түрлі энергияны механикалық энергияға яғни қозғалыс энергиясына айналдыратын двигатель-машиналары;

  - жұмыс машиналары мен жабдықтар – еңбек өнімдерін жасау процесінде еңбек затына механикалық, жылу және химиялық әсер етуге арналған машиналар, аппараттар және құрал-жабдық;

  - өлшеу және реттеу приборлары, қондырғылар және лабораториялық жабдықтар - өлшеуге, өндірістік процестерді реттеуге арналған аспаптар мен қондырғылар, сондай-ақ лабораторияда пайдаланылатын приборлармен аппаратуралар;

  - есептеу техникасы – процестерді жылдамдату және автоматтандыруға арналған машиналар, қондырғылар, аспаптар;

  - басқадай машиналар мен жабдықтар – машиналар, аппараттар және басқа құрал-жабдық;

көлік құралдары – адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған қозғалыс құралдары. Әрбір объект өзіне тиісті барлық бейімдегіш құралдары мен заттарын қоса алғанда мүліктік объект болып табылады;

  • құрал-сайман – қол еңбегінің механикаландырылған немесе механикаландырылмаған құралдары немесе металдары, ағашты және т.б. өңдеу үшін машиналарға бекітілген заттар. Басқа мүліктік объектінің құрамына кірмейтін заттар ғана мүліктік объект болып табылады;
  • өндірістік мүлік және соған жататындар - өндірістік операцияларды орындау немесе жеңілдету үшін қызмет ететін өндірістік заттар;еңбңкті қорғауға көмектесетін жабдықтар; сұйық, сусымалы және басқа материалдарды сақтауа арналған сыйымды заттар; өндірістік арналымы бар басқа да заттар. Басқа мүліктік объектінің бөлшегі болып табылмайтын және дербес мәні бар заттар да мүліктік объекті бола алады;

  - шаруашылық мүлік – кеңсе және шаруашылық мекемелерінің заттары. Дербес мәні бар әрбір объект – мүліктік объект бола алады;

  - жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал – ат, өгіз, түйе, және басқа жұмысқа пайдаланылатын малдар; өнім беретін мал – мүйізді ірі қара мал; асыл тұқымды айғырлар мен биелер, буралар мен інгендер; бұғылар, маралдар, еркек шошқалар мен мегежіндер, ешкілер, саулық қой мен қошқарлар. Әрбір ересек мал мүліктік объект болып табылады;

  - көп жылыдық өсімдіктер – қолдан егілген, көп жылдық өсімдіктер. Жас өсімдіктер даму деңгейі толық жетілген өсімдіктерден бөлек есепке алғанады;

  - жерді жақсартуға байланысты күрделі шығындар – ауыл шаруашылық мақсатта пайдалану үшін жер қыртысын жақсартудың шараларына жұмсалған мүліктік емес сипаттағы шығындар;       

  - басқа да негізгі құралдар – кітапхана қорлары, спорт мүлкі және басқа да салымдар.

Негізгі құрал-жабдықтардың бастапқы, ағымдағы, баланстық, сату, жою, тозу және қалдық құндары болады.

Бастапқы құны – негізгі  құралды сатып алуға немесе  кеткен нақты өдіріс шығындарынан, соған қоса өтелмеген салық пен алымдардан, сондай-ақ орнату, жеткізіп беру, монтаждау, пайдалануға қосу шығындары, несие үшін пайыздар және т.б. шығындардан тұрады.

Ағымдағы құн –  бұл негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі нарықтық бағасы бойынша бағаланған құны.

Баланстық құн – бұл бухгалтерлік есепте және қаржылық есеп беруде көрсетілетін жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы негізгі құралдың бастапқы немесе ағымдық  құны.

Сату құны – бірін-бірі жақсы білетін және мәмілеге келуге дайын тәуелсіз жақтардың негізгі құралдарды өзара айырбастауына мүмкіндік беретін құн.

Жою құны – тиімді қызмет ету мерзімі  біткен негізгі құралдарды жою кезінде  пайдалану мүмкіндігі бар бағасы бойынша бағаланған бөлшектердің, металл сынықтарының және басқа да материалдық құндылықтардың құны.

Амортизацияланған құн – негізгі  құралдардың бастапқы және болжанған  жою құндарының арасындағы айырмашылығы, ал ол жүйелі түрде амортизациялық жолмен нормативтік қызметіне немесе барлық пайдалы кезеңіне ұйымның шығысы ретінде таратылады, бұл кезде:

  • пайдалы кезең қызметі – бұл кезең ішінде негізгі құралдары пайдаланудан экономикалық олжа алуды кәсіпорын топшылайды;
  • нормативтік қызмет кезеңі – бұл кезең ішінде белгіленген нормаға сәйкес кәсіпорын негізгі құралдардың тозуын есептейді.

Салық заңдарына сәйкес акционерлік  қоғам негізгі құралдарды технологиялық  жабдықтар және негізгі құралдардың  жөндеуі деген топтарға бөле отырып негізгі құралдардың салықтық есебін ұйымдастырады [4].    

Негізгі құралдар негізінен  өндірістік ғимараттарды және тұрғын үйлерді, құрылғыларды салудан; машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып  алудан; өз күшімен құрал-саймандар  дайындаудан; малдардың төлдерін негізгі  табынға ауыстырудан; жас өсімдіктер көп жылдық өсімдікке өткеннен; басқа ұйымдар мен жеке тұлғалардан ақысыз алынған негізгі құралдардың келіп түсуінен; объектілерді ұзақ мерзімге жалға алудан; жарғылық қорға қосқан үлес нәтижесінде келіп түскендерден қалыптасады. Негізгі құралдардың түсүі мынадай құжаттармен рәсімделеді. Негізгі құраладарды қабылдау-тапсыру актісі негізгі құралдар құрамына жекелеген объектілерді енгізу үшін; қолданылып жүрген заңға сәйкес олардың енгізілуі ерекше тәртіппен рәсімделуге тиіс жағдайлардан басқасы, оларды пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін; негізгі құрал-жабдықтардың бір цехтан екіншісіне орын ауыстыруын рәсімдеу үшін; негізгі құралдарды қоймадан пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін, сондай-ақ басқа да ұйымдарға берілген кезінде оларды негізгі құралдардың құрамынан шығару үшін қолданылады.

Негізгі құралдарды қабылдауды рәсімдеу кезінде ұйым жетекшісінің өкімімен тағайындалған аудитор әрбір жекелеген объектіге бір данадан акт жасайды. Негізгі құралдардың бірнеше объектісін қабылдау-тапсыру актісін жасауға тек шаруашылық мүлкінің, құрал-сайманның, жабдықтардың және т.б. объектілердің есебін жүргізген кезде, егер бұл объектілер бір типті болса, құндары бірдей болып, бір календарлық ай ішінде қабылданған болса ғана жол беріледі. Рәсімделгеннен кейін осы объектілерге қатысты құжаттама қоса тіркеліп акт бухгалтерияға беріледі, бас бухгалтер қол қойып, ұйым жетекшісі немесе соған өкілетті адамдар бекітеді.

Алыс-беріс (орын ауыстыру) актісінде, міндетті реквизиттермен қоса, аудитор қызмет ету мерзімін және болжамдық жою құнын көрсетеді. Қызмет ету мерзімін ұйым дербес анықтай алады, яғни ол негізгі құралдың техникалық жағдайынан, нормасынан және басқа да көрсеткіштерінен шығады. Ал болжамдық жою құны негізінен ұйымның есептік саясатында көрініс табуы керек, болмаса оны қабылдау комиссиясы көп жағдайда көзбен анықтайды, не болмаса бастапқы құнының 0,01-ден 2,0%-ға дейінгі сомасы алынады.

 

Кесте 9 - Негізгі құралдар келіп түсүінің шоттар корреспонденциясы

 

 

Шаруашылық  операцияларының мазмұны

Шоттар корреспонденциясы

Дебет

Кредит

1

Негізгі құралдарды кәсіпорын  ішінде ауыстыру

2411-2415

2411-2415

2

Негізгі құралдар басқа  заңды немесе жеке тұлғадан алынды:

  • келісім шарттық құнына
  • ҚҚС сомасына

 

 

2411-2414

1420

 

 

4110

4110

3

Құрылтайшылардың кәсіп-орын жарғылық қорына салған салымдарына салған негізгі құралдары кіріске алынды

 

2411-2415

 

 

5020

4

Негізгі құралдар серіктестік, туелді және бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар-дан  алынды:

  • баланстық құнына
  • ҚҚС сомасына (16%)
  • беруші жақтың есептеген тозу сомасы

 

 

 

 

2411-2414

1420

2411-2414

 

 

 

 

3320,3330,3340

3320,3330,3340

2421-2423

5

Тегін алынған негізгі  құралдар кірістелді:

  • баланстық құнына
  • берілген күніне дейін есептелген тозу сомасы

 

 

2411-2414

2411-2414

 

 

6130

2421-2423

6

Түгендеу барысында  есепке алынбаған негізгі құралдар анықталды:

  • негізгі құралдардың эксперттік жалмен анық-талған қалдық құнына
  • негізгі құралдардың эксперттік жолмен анық-талған,бірақ есепке алынбаған тозу сомасына

 

 

 

 

2411-2414

 

 

2411-2414

 

 

 

 

6130

 

 

2421-2423

7

Кәсіпорынның өзі дайындаған негізгі құралдары:

  • негізгі өндіріс цехында
  • көмекші өндіріс цехында

 

 

2411-2414

2411-2414

 

 

8011

8031

Информация о работе Ұзақ мерзімді активтер