Ұзақ мерзімді активтер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2013 в 20:44, дипломная работа

Краткое описание

Нарықтық экономикаға көшу жағдайында көптеген ұйымдар қаржы жағдайы, оларды жаңа күрделі қаржыдан шектеп, қаржыны тек негізгі құралдардың ең қажетті объектілеріне бағыттауды көздейді. Осыдан қолда бар ұзақ мерзімді активтердің сақталуымен тиімді пайдалануына қатаң есеп пен бақылаудың объективті қажеттілігі туындайды.
Осы дипломдық жұмыста алға қойған мақсатым:
-ұзақ мерзімді активтердің экономикалық маңызы мен атқаратын рөлін ашып көрсету;
- ұзақ мерзімді активтердің бухгалтерлік есебін және аудиті дұрыс ұйымдастыру және олардың қалыптасуымен жұмсалуын талдау.

Содержание

Кіріспе 6
1 Ұзақ мерзімді активтер жөніндегі ұйым және бұлардың экономикалық мақсаты 8
1.1 Ұзақ мерзімді активтердің экономикалық мақсаты және атқаратын рөлі 8
1.2 Ұзақ мерзімді активтерді классификациялық топтау 10
2 Ұзақ мерзімді активтердің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру 27
2.1 «Дарын» жауапкершілігі шектелген серіктестіктің экономикалық сипаттамасы 27
2.2 Ұзақ мерзімді активтердің қалыптасуы жөніндегі көрсеткіштерді талдау 31
2.3 Ұзақ мерзімді активтердең жұмсалуы жөніндегі көрсеткіштерді талдау 36
2.4 Ұзақ мерзімді активтер көрсеткіштерінің өзара байланыстылығын талдау және шешім қабылдау 38
3 Ұзақ мерзімді активтердің есебінің аудиті 44
3.1 Негізгі құралдардың жіктелінуі мен бағалануының есебінің аудиті 44
3.2 Материалдық емес активтер есебінің аудиті 56
3.3 Аудиторлық қорытынды 60
Қорытынды 67
Қолданылған әдебиеттер тізімі 69

Вложенные файлы: 1 файл

№ 216 узак мерзимде -диплом.doc

— 565.50 Кб (Скачать файл)

Сондықтан нарықтық экономика тауар  таңбасы  кәсіпорынның өте қымбат тұратын активі болып табылады, себебі, компания оны сата алады немесе жарғылық капиталға қосқан үлес ретінде пайдалану құқығын береді. Бірақ ол үшін тауар таңбасын құнын білу керек. Есеп тәжірибесінде кәсіпорынның тауар таңбасын бағалаудың бірнеше әдісі бар: өзіндік құн, сатып алу құн, нарықтық құны бойынша бағалау. Алайда, меншікті тауар таңбаларын өзіндік құны арқылы есепке алған дұрыс болса, сатып алынған тауар таңбасын немесе тауар таңбасын  пайдалану лицензиясын сатып алу құнымен, ал жарғылық капиталға үлес ретінде салынған тауар таңбасын нарықтық құнымен есепке алған жөн. Тауар таңбасын нарықтық құнын анықтау үшін арнайы есептеулер жүргізу керек.

Тауарлық таңбалар, қызмет көрсету  таңбалары, тауардың шығу орындарының  атауын қорғау және қолданумен байланысты туындаған құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру қарым-қатынастары 1993 жылғы қаңтардың 18-і күні Қазақстан Республикасы жоғары кеңесі қабылдаған «тауарлық таңбалар, қызмет көрсету таңбалар және тауарлар шығарылған жерлердің атауы туралы» Қазақстан Республикасы заңымен реттеледі. Қолдану (пайдалану) құқықтарымен байланысты материалдық емес активтер. Бұл топқа жаңалық ашу құқығы, өндірістік ақпаратты қолдану құқықтары, копирайт (көшіру құқығы), лицензиялар және басқалар жатады.

Патенттер. Патентоның ұстаушысының патент қамтығын нәрсесін, процессін  немесе қызмет түрін және дәл сондай әрекетті басқа тұлғаның жүзеге асыруына тиым салынады, бақылайтын, сататын, өндіретін және пайдалантын құқық болып табылады. Патентің күші оны берген мемлекеттің аумағында ғана жүреді. Патенттің қызмет  мерзімі (15-20) ұлттық заңдармен белгіленеді. Сонымен қатар,  патент деп белгілі кәсіппен, саудамен, тауар мсатып алумен шұғылданатын тұлғаларға берілген құжат саналады. Патент берілгенде патентік алым (пошлина) ұсталынады . Патенті алуға көптеген ірі кәсіпорындар мүдделі болып келеді. Себебі, патент сатып алуғада, патентелінген жаңалықтарды өндіріске енгізуге де қаржысы болу керек. 

Өнеркәсіптік үлгілері:

- өнеркәсіптік үлгілерді пайдалуға айырша құқықтық растайтын патентер қолданылып жүрген заңдарға сәйкес беріледі.

Өндірістік үлгілері:

- модельдерімен, суреттерімен немесе екеуінің қосындысымен берілуі мүмкін.

Егер үлгінің қоғамдық белгілері  Қазақстан Республикасында немесе шетелдерде, белгісіз болып келсе, онда ол жаңа өнеркәсіптік үлгі болып табылада. Егер өнеркәсіптік үлгі өнеркәсіптік әдіспен бұйым ретінде жасалынып, шаруашылық айналымы түсуге дайын болса, онда оның өнеркәсіпте қолдануға болатындығы мойындалады. Өндірістік үлгілер авторлардың шығармашылық еңбегі ретінде мойындалады. Егер өнеркәсіптік үлгі бірнеше азаматтардың бірлескен еңбегінің жемісі болса, онда олардың бәрі өнеркәсіптік үлгілердің авторы болып есептелінеді. Өнеркәсіптік үлгілерге патент Қазақстан Республикасының мемлекеттік тізіліміне тіркелген соң беріледі.

Лицензиялық келісім бойынша патент иесі (лицензиар) өнеркәсіптік үлгіні пайдалану құқығын басқа тұлғаларға  да (лицензиар) бере алады, ал соңғысы лицензиарға төлемдер беріп тұруға және келісімдер қарастырылған басқа да  іс-әрекеттерді орындауға міндетті. Өнеркәсіптік үлгілердің құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру қатынастары Қазақстан Республикасы заңдарымен реттеледі.

Лицензия (еркіндік, құқық деген  латын сөздерден алынған)- қандай да бір операцияларды  жүзеге асыруға  құзырлы, мемлекеттік органдарының берген рұқсаты. Лицензиялар келесі белгілері бойынша бөлінеді, субъект бойынша:

-Қазақстан Республикасының заңды  және  жеке тұлғаларына берілетіндер;

- шетелдік заңды және жеке тұлғаларға, азаматтық жоқ тұлғаларға, халықаралық ұйымдарға берілетіндер.

Қызмет ету көлемі бойынша:

- негізгі (бас) мерзімі шектеусіз, белгілі бір қызмет түрімен шұғылданатындарға, егерде олардың қызметі біртұтас технологиялық кешенге кіретін болса, онда бас лицензия қызметтің бірнеше түрімен шұғылданатындарға да беріледі;

- бір жолғы (бірақ рет пайдалуға берілетіндер) белгілі бір шаруашылық операциясын жасау үшін рұқсат етілген шегінде өнімнің көлемін, санын немесе салығын  (ақшалай немесе натуралды түрінде) алуға беріледі;

- операциондық валюта заңдылығымен анықталған, валюталық құндылықтарды пайдаланумен байланысты белгілі бір банк қызметінің операцияларын жасау үшін беріледі.

Мерзімдік әрекеті бойынша:

- тұрақты берілген мерзімі шектелмеген;

- уақытша белгілі бір мерзімге берілген.

Аймақтық әрекет ету сферасы (териториялық әрекет ету аясы) бойынша:

- тұтастай Қазақстан Республикасының аймағында әрекет етеді;

- Қазақстан Республикасының  белгілі бір аймағында ғана әрекет етеді;

- Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде  де таратылады.

Материалдық емес активтерді басқа да түрлеріне, активтердің бұл тобына «фирма бағасы»  (Гудвилл), интелектуалдық меншік және тағы басқалары кіреді. («гудвилл» құрамына  кіретін материалдық емес активтер сызбаны көрсетілген).

Гудвилл. Гудвиллді бухгалтерлік есеп тұрғысынан қарағанда, ол компанияларды біріктіріп немесе сатып алған кезде кәсіпорынның сатып алынған бағасын және оның дербес бірлік болып тұрған кезіндегі баланстық қалдық құнының (міндеттемелерін қоспағанда) арасындағы айырмасын көрсетеді.

Гудвилл материалдық емес активтердің  бұл түрі бүтіндей жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардан немесе олардың құрылымдық бөлімдерінің бір тобын сатып алғанда пайда болады.


Материалдық емес активтер


 

 

1 Кәсіпорын-


  дардан бөлін-


бейтін актив


1.1 Оқыған


персоналдар


1.2 Клиенттер



1.3 Аймақ

деңгейінің имиджі



1.4 Аймақтың

орналасу артық


шылығы


1.5 Жарнама

саласындағы


жетістіктер

 

1.6 Бастапқы


қиыншылықтар


ды артқа тастау


 

 

 

 


 

2 Жеке тұлғадан


(интелектуалдық) бөлінбейтін  активтер


2.1 Менеджерлердің

(иелерінің) жеке тұлға

ретінде іскерлік

қасиеті


2.2 Менеджерлердің

жеке ұждандық және

іскерлік қасиеті


2.3 Ұйымдағы жеке

тұлғаның өз персо-


алдарымен қарым-

қатынасы


2.4 Басқа да

 



Гудвилл

 


 

 

 

 

3 Кәсіпорыннан  да,


жеке тұлғадан да

(индивидуалдық) бөліп қарауға болатын материалдық емес

активтер

 

3.1Фирмалық маркілері мен


белгілері

 

3.2 Лицензия мен


патентер


3.3 Сатуға, жалдауға

жасалған контрактілер


3.4 Жаңа техноло-

гияның ноу-хауы


3.5 Жерді және суды

пайдалануға берілетін

құқығы


 

 

 

4 сызба- Материалды емес активтер

 

 

Гудвиллдің пайда болу себептері әрқилы болып келеді. Әдетте, мұндай кәсіпорындардың (бөлімшелердің) баланстық құнымен емес, аукционда (конкурста),  кәсіпорынның болшақтағы табыс әкелу мүмкіндігіне, оның өнім шығару нарығындағы беделіне және басқа факторларға байланыста анықталған бағасына сатылатыны немесе  сатып алынатыны нарықтық қатынастар жағдайына пайда болатын заңды құбылыс. Кәсіпорынның (бөлімшенің) сатылу құны оның балансындағы активтернің асып түсуі « фирма бағасын» құрайды.

Демек, кәсіпорын өзінің баланстық  құнынан артық бағаға сатылуы  оның біршама үстемдігі ( артықшылығы) бар болғандығынан.

Олардың ішіндегі ең айыршысы, ерекше тиымды  жарнама саясаты, бұрындары белгісіз болған табиғи ресурстарының ашылуы, жоғары несиелік ритингі, қызметкерлерінің машықтығының жоғары болуы, географиялық орналасуының артықшылы, жабдықтаушылықтармен тиімді және тұрақты байланысының болуы, тағы басқа гудвилл кәсіпорынның бүкіл қызметінің барысында жоғары келтірілген факторларға сәйкес тұрақты түрде қатысып отырғандығын, бірақ ол есеп беруде тек кәсіпорынды сатқанда ғана  көрініс табатындығын көреміз. Дегенмен де, гудвиллдің сандық мөлшерін белгілеу, кәсіпорынның өз табысын бағалаумен, тікелей байланысты болып келеді.

Гудвиллді анықтаудың мысалы: «Тұлпар» ЖШС –тігі «Виста» ЖШС-гін 2200 мың тенге сатып алды делік. Сатып алынғанға дейін кәсіпорынның балансының көрсеткіштері мынадай болған.

 

«Тұлпар» ЖШС бухгалтерлік балансы

 

Баланс баптары

Сатып алынған кезеңдегі

мәліметі, мың теңге

Ұзақ мерзімді активтер

3 000

Ағымдағы активтер

2 000

Ақша қаражаттары 

2 500

Активтердің жиыны

7 500

Меншік капиталы

4 000

Ұзақ мерзімді міндеттемелер 

2 000

Ағымдағы міндеттемелер

1 500

Меншік капиталы мен  міндеттемелердің

 жиыны

7 500


 

«Виста» ЖШС бухгалтерлік балансы

 

Баланс баптары

Сатып алынған кезеңдегі

мәліметі, мың теңге

Ұзақ мерзімді активтер

2 200

Ағымдағы активтер

1 500

Ақша қаражаттары 

500

Активтердің жиыны

4 200

Меншік капиталы

1 400

Ұзақ мерзімді міндеттемелер 

2 000

Ағымдағы міндеттемелер

800

Меншік капиталы мен  міндеттемелердің

 жиыны

4 200


 

«Тұлпар» ЖШС-нің сараптаушылары «Виста»ЖШС-нің активтері мен міндеттемелерін тексеріп, оның нақты нарықтық бағасын шығарды. Ол мынадай болды:

 

Баланс баптары

Сатып алынған кезеңдегі

мәліметі, мың теңге

Ұзақ мерзімді активтер

5 200 (3 000+2 200)

Гудвилл

800

Ағымдағы активтер

3 500 (2 000+1 500)

Ақша қаражаттары 

800 (2 500-2 200+500)

Активтердің жиыны

10 300

Меншік капиталы

4 000

Ұзақ мерзімді міндеттемелер 

4 000(2 000+2 000)

Ағымдағы міндеттемелер

2 300(1 500+800)

Меншік капиталы мен  міндеттемелердің

 жиыны

10 300


 

Негізгі құралдардың жіктелуі. Жалпы  негізгі құралдар - деп өндірісте  ұзақ уақыт бойы (бір жылдан артық  уақыт) пайдаланылатын, өзінің бастапқы заттай нысанын (пішінін, түрін) сақтай отырып құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке біртіндеп бөліп-бөліп есептелінген амортизациялық аударым мөлшерінеде ауыстыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады. Шаруашалық субъектілерінде негізгі құралдардың есебі №6 –шы «Негізгі қорлар (құрал жабдықтардың) есебі» - деп аталатын бухгалтерлік есеп стандарттына сәйкес жүргізіледі.

«Негізгі құралдарға»- қозғалмайтын мүлік, жер учаскілері, үйлермен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналармен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары  мен құралдары, есептеуіш машингалары  мен техникалары және олардың программалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың  ішкі жолы, тағы да басқалар жатады.

Көлемінің үлкенді-кішілігіне, бағасының азды-көпшілігіне (арзанды-қымбаттылығына) қарамастан пайдалану мерзімі бір  жылдан аспайтын өндіріс негізгі құралдардың қатарына жатпайды. Сонымен қатар негізгі құралдардың құрамына шаруашылық субъестісін қоймаларындағы дайын бұйымдар (тауарлар) болып саналатын жабдықтармен машиналар күрделі құрылыс құрамында есептелетін монтаждауды (құрастыруды, орнатуды) қажет ететін жабдықтар, жасалып (салып) біткен, бірақ әлі пайдалануға берілмей тұрған машиналар мен жабдықтар, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмысын өзіндік құнының құрамында қаралған қосымша шығындардың есебінен салынған титулдық тізімге кірмеген ғимараттар мен тетіктер, сонымен бірге жас малдар, яғни мал төлдері де жатпайды. Барлық «негізгі құралдар» өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік емес болып екі топқа  бөлінеді. Өндірістік негізгі құралдар - деп өндірісте қызмет ететін, яғни өнім өндіру орындарында пайдаланытын негізгі құралдарды айтады. Олар: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әр түрлі станоктар, двигательдер, құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар және тағы басқалары. Өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдалынылатын негізгі құралдар жатады. Оларға тұрмыстық үй жай (коммунальдық) шаруашылығында денсаулық сақтау, әлеументтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланылатын  негізгі құралдар және тағы да басқа негізгі құралдар жатады. Халық шаруашылық салаларына және істейтін қызметтерінің түрлеріне қарай барлық негізгі құралдар: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман (тоғай) шаруашылығы тасымалдау, байланыс, құрылыс материалдар-техникалық жабдықтау және сату өткізу ұйымдары, қоғамдық тамақтандыру, басқару органдары, әлеуметтік сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек көрсетті және тағы да басқа салалар бойынша топталады.

Информация о работе Ұзақ мерзімді активтер