Ұзақ мерзімді активтер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2013 в 20:44, дипломная работа

Краткое описание

Нарықтық экономикаға көшу жағдайында көптеген ұйымдар қаржы жағдайы, оларды жаңа күрделі қаржыдан шектеп, қаржыны тек негізгі құралдардың ең қажетті объектілеріне бағыттауды көздейді. Осыдан қолда бар ұзақ мерзімді активтердің сақталуымен тиімді пайдалануына қатаң есеп пен бақылаудың объективті қажеттілігі туындайды.
Осы дипломдық жұмыста алға қойған мақсатым:
-ұзақ мерзімді активтердің экономикалық маңызы мен атқаратын рөлін ашып көрсету;
- ұзақ мерзімді активтердің бухгалтерлік есебін және аудиті дұрыс ұйымдастыру және олардың қалыптасуымен жұмсалуын талдау.

Содержание

Кіріспе 6
1 Ұзақ мерзімді активтер жөніндегі ұйым және бұлардың экономикалық мақсаты 8
1.1 Ұзақ мерзімді активтердің экономикалық мақсаты және атқаратын рөлі 8
1.2 Ұзақ мерзімді активтерді классификациялық топтау 10
2 Ұзақ мерзімді активтердің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру 27
2.1 «Дарын» жауапкершілігі шектелген серіктестіктің экономикалық сипаттамасы 27
2.2 Ұзақ мерзімді активтердің қалыптасуы жөніндегі көрсеткіштерді талдау 31
2.3 Ұзақ мерзімді активтердең жұмсалуы жөніндегі көрсеткіштерді талдау 36
2.4 Ұзақ мерзімді активтер көрсеткіштерінің өзара байланыстылығын талдау және шешім қабылдау 38
3 Ұзақ мерзімді активтердің есебінің аудиті 44
3.1 Негізгі құралдардың жіктелінуі мен бағалануының есебінің аудиті 44
3.2 Материалдық емес активтер есебінің аудиті 56
3.3 Аудиторлық қорытынды 60
Қорытынды 67
Қолданылған әдебиеттер тізімі 69

Вложенные файлы: 1 файл

№ 216 узак мерзимде -диплом.doc

— 565.50 Кб (Скачать файл)

Актив айнылымдылығы = негізгі құралдардың  орташа жылдық құны/өндірілген өнім көлемі

Қор сиымдылығы = негізігі құралдардың орташа жылдық құны/өнімді өткізуден түскен табыс

Қор қайтарымдылығы = өнімді өткізуден  түскен табыс/негізгі құралдардың  орташа жылдық құны

Сату рентабелділігі = Таза табыс/өнімді өткізуден түскен табыс 

Активтердің рентабелділігі = Таза табыс/активтердің жалпы орташа құны*100%

 

Кесте 2 - «Дарын» ЖШС - ның қаржы шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер

Өткен жыл (2009ж)

Есепті 

жыл (2010ж)

Ауытқулар

Сомада

%

1

Өткізуден (сатудан) түскен табыс (мың.тг)

299862,2

382993,31

+83131,11

28,0

2

Өнімнің өзіндік құны (мың.тг)

291463,4

371550,29

+80086,89

27,0

3

Салық салынғанға дейінгі  табыс (мың.тг)

-23667,1

-47237,18

-23570,08

 

4

Таза табыс (мың.тг)

-23667,1

-47237,18

-23570,08

 

5

Негізгі құралдардың орташа жылдық құны (мың.тг)

236111,97

245508,53

+9396,56

 

6

Қор қайтарымдылығы (мың.тг)

1,27

1,56

0,29

23,0

7

Қор сиымдылығы (мың.тг)

0,30

0,001

0,299

11,1

8

Сату табыстылығы (рентабелділігі), % 

0,0006

0,004

0,0034

6,4

9

Активтердің пайдалылығы (рентабелділігі), %

0,0004

0,005

0,0046

12,5


 

Мұндағы көрсеткіштер қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беруден  және баланстан алынды. Есептеулерге келсек, онда олар жоғарыда көрсетілген  формулалар арқылы есептелінеді. Кестеден көріп отырғанымыздай 2010 жылы ұйымда қызмет көрсету, сату көлемі біршама көбейгенімен табыстық мөлшері жоқ. Сату көлемі ұлғайып, соған қарай өнімнің өзіндік құны да жоғарылаған. Яғни 2009 жылы 291463,4 тг. болса, 2010 жылы 371550,29 тг. болған.

2010 жылы сатудан түскен табыс 382993,31 тг. болып, өнімнің өзіндік құны 371550,29 болған. Ал, кезеңдік шығындар мөлшері тым көбейіп, яғни 58680207 тг. соған  байланысты ұйым банкроттыққа ұшыраудың аз алдында тұр. Өйткені кезең шығындары мен өнімнің өзіндік құны тым жоғарылаған. Мұнда кестеде көріп отырғанымыздай активтер дейңгейі жоғарылағанымен, сондай-ақ табыс табу деңгейі де жоғары, бірақ соған қарай шығындар мөлшері де көп.

Сондықтан ұйым корпоративтік табыс  салығын төлемейді. Өйткені салық  салынғанға  дейінгі табыс мөлшері (-47237186 тг.). Жалпы ұйымның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есептемеде 2009 жылы сатудан түскен табыстың мөлшері 382993,31 тг. болса 2009 жылы 299862,2 тг. яғни ауытқу сомасы (+83131,11 тг.) болды. Мұнда көріп отырғанымыздай өткен жылмен салыстырғанда сату мөлшері (+83131,11 тг.) жоғарылаған. Ал, өнімнің өзіндік құны (+80086,89 тг.) көбейді. Енді, менің ойымша ұйымның банкроттыққа ұшырау себебі негізсіз шығындардың көбеюінен болып отыр. Яғни, мұнда әсіресе кезең шығындарының үлесі артып отыр.

Ұйымның есепті жылғы, яғни 2010 жылғы бухгалтерлік балансынан көріп отырғанымыздай міндеттемелер бойынша қарыздар өтелмеген. Және де өткен жылға қарағанда керісінше жоғарылаған. Мысалы, салықтар бойынша қарыз сомасы 2009 жылы 3491636 тг. болса, 2010 жылы 12766806 тг. жоғарылаған. Бөлінбеген пайда 2009 жылы (-48424407 тг.) ал, 2010 жылы (-93598568 тг.) құраған. Ал, кез-келген шаруашылықтың тиімділігінің артуы, едәуір  дәрежеде активтердің ұйымды пайдаланылуына байланысты болып келеді. Ұйым қаражаты оның ішкі және сыртқы (дебиторлық қарыз, бағалы қағаздарды сатып алу) қажеттіліктеріне пайдаланылуы мүмкін. Сондай-ақ осы ұйымның төлем қабілеттілігінің төмендегенін де атап өтуге болады. Төлем қабілеттілігі дегеніміз – бұл ұйым өзінің шұғыл міндеттемелері бойынша дер кезінде төлем жасау мүмкіншілігін айтады. Яғни, ұйымның төлем қабілеті бұл белгіленген мерзімде төлемді және міндеттемелерін өз қаржысымен өтеу дегенді білдіреді. Енді, осы ұйымның табысының болмауын сипаттайтын болсақ, мұнда әсіресе есеп айырысу шотында ақша қаражатының азаюы, яғни 2009 жылы  79448 тг. , 2010 жылы 25273 тг. болғандығын көруге болады. Сондай-ақ төлемі өтіп кеткен төлемдердің бар екендігін және қаржылық, инвестициялық, тиімді баға саясатының жоқтығы, төлем дәрменсіздігін аңғартады. Ол үшін, яғни ұйымның қызметін тұрақтандыру үшін кредиторлық “мезгіл дефицитін” кеміту қажет және айналым қаржыларының айналымдылығын арттыру арқылы ұйымның іскерлік белсенділігің де арттыруға болады [6]. 

2.2 Ұзақ мерзімді активтердің қалыптасуы жөніндегі көрсеткіштерді талдау

 

Инвестициялық сипаттағы басқарушылық шешімдерді қабылдаудың негізінде болжамдалған инвестициялардың көлемі мен болашақ ақша кірістерінің көлемін бағалау және салыстыру жатады. Салыстыруға жататын көрсеткіштер уақыттың әр түрлі мерзіміне жататындықтан, мұндағы өзекті мәселе оларды салыстыру болып табылады. Оларды салыстыру барысында көптеген объективті және субъективті факторларға көңіл аударылады: елдегі инфляция деңгейіне, инвестицияланатын қаражаттардың көлемі мен олардан келетін ақша ағымдарына, инвестициялық жобаларды талдаушы маманның біліктілігіне және т.с.с.

Кәсіпорынның инвестициялық қызметін талдау барысында қолданылатын әдістердің бірнеше түрі бар. Осы орайда, инвестициялық  салымдарды талдаудың батыстық тәжірибеде кеңінен қолданылатын әдістеріне басты  назар аударайық. Олар келесілер болып табылады:

1) таза келтірілген табыс (NPV);

2) инвестициялардың тиімділік индексі  (PI);

3) табыстылықтың ішкі мөлшері  (IRR);

4) өтелімділік мерзімі (РР);

5) табыстың есептік мөлшері (АRR). Таза келтірілген табысты (NPV) есептеу формуласы келесідей:

                                    (1)

мұнда Рk – инвестициялық жобаның жылында алып келетін ақшалай кірістері; ІС – инвестициялардың бастапқы сомасы; r - дисконттау коэффициенті.

Бұл әдістің мағынасы мынадай: егер NPV < 0, онда инвестициялық жоба тиімсіз деп саналады; егер NPV = 0, онда инвестициялаудан ешқандай табыс немесе шығын келмейді; NPV > 0, онда инвестициялық жоба тиімді деп саналады, яғни бұл жобаны жүзеге асыру үшін қабылдау туралы шешім қабылдауға болады.

Инвестициялардың тиімділік (рентабелдік) индекісін (РІ) бағалау әдісі мына формуламен сипатталады:

                                                 (2)

Инвестициялардың тиімділік индексін бағалау әдісінің мағынасы мынаған  соғады: егер РІ < 1, онда инвестициялық жоба тиімсзі деп сипатталынады; егер РІ = 1, онда инвестициялық жобаны жүзеге асыру нәтижесінде кәсіпорын ешқандай табыс немесе шығын көрмейді; егер РІ > 1, онда инвестициялық жоба тиімді деп қабылданады. Бұл көрсеткіш шығындардың бірлігіне келетін табысты сипаттайды, қажетті инвестициялық ресурстардың жетіспеушілігі жағдайларында дәл осы көрсеткіш оңтайлы инвестициялық қаржыны қалыптастыру барысында қолданылады.

Ішкі табыстылық мөлшерін (IRR) есептеу  мына формуламен жүзеге асады:

IRR = r болған жағдайда, NPV = f(r) = 0.           (3)

Ішкі табыстылық мөлшерінің мағынасы мынадай: бұл көрсеткіш белгілі  бір ивестициялық жобамен байланысты шығындардың барынша үлкен мөлшердегі көлемін көрсетеді, яғни егер инвестициялық  жобаны қаржыландыруға тартылған капиталдың бағасы жобаның IRR көрсеткішінен үлкен болса, онда бұл жобадан кәсіпорын тек қана зиян шегеді. Демек, егер IRR< СС, онда жоба қабылданбайды; егер IRR > СС, онда инвестициялық жоба тиімді деп есептелінеді; мұнда (СС) – инвестициялық жобаны қаржыландыру көзінің (капиталдың) бағасы.

Инвестициялардың өтелімділік  мерзімі (РР) келесі формула бойынша  анықталады:

РР = min n, оның ішінде Σ > ІС.                        (4)

Өтелімділік мерзімі көрсеткішінің  мағынасы былайша анықталады: РР- көрсеткіші бастапқы салынған инвестициялардың осы инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысында келетін ақша ағымдарымен толық өтелетін мерзімін көрсетеді. Кәсіпорынның алға қойған мақсаттарына сай өтелімділік көрсеткішінің алуан түрлі шамада есептелуі мүмкін.

Инвестициялық жобаларды есептеудің тағы да бір әдісі – табыстың есептік мөлшері (АRR) – келесі формула  бойынша анықталады:

 

                                             (5)

мұнда  РN – инвестициялық жоба алып келетін орташа жылдық табыс; ІС– бастапқы салынған инвестициялардың сомасы; RV – активтердің қалдық құнының шамасы.

Табыстың ішкі мөлшері барлық әдістердің ішіндегі инвестициялық жобаларды  талдау және капитал салымдарының бюджетін құру (капитал салымдарын жоспарлау) барысында ең аз қолданылатын әдіс болып табылады. Бұл әдісті негізінен қолданылатын жағдайлар – компаниялардың бөлімшелерінің қызметін салыстырмалы түрде бағалау болып табылады. ARR көрсеткішін есептеудің қалыптасқан және бір жақты әдістемесі және мағыналары жоқ.

NPV, IRR, PI және CC көрсеткіштері өзара  келесідей қатынастармен байланысты:

 

                      Егер NPV > 0, онда IRR > CC және  PI > 1

                      Егер NPV > 0, онда IRR > CC және  PI > 1

                      Егер NPV > 0, онда IRR > CC және  PI > 1  (6)

Кәсіпорынның қаржы менеджерлері инвестициялық жобаларды талдау барысында аталған әдістердің өздерінің  мақсаттарына сай нұсқасын немесе барлық әдістерді қолдана отырып, инвестициялық  сипаттағы шешімдерді қабылдай алады. Тиімді инвестициялық шешімдер қабылдауға көптеген объективті немесе субъективті факторлар әсер етеді.

Инвестициялық жобаларды талдау әдістерін  тәжірибе жүзінде қолдану аса  маңызды да күрделі жұмыс. Инвестицияларды  бағалаудың әдісін дұрыс таңдай білу, соның нәтижесінде қажетті инвестициялық жобаларды іріктеп алып, оларды жүзеге асыру үшін қажетті қаржы ресурстарын тарту, оларды тиімді жұмыс істеп жатқандығының куәсі болса керек. Сол себепті де, инвестициялық сипаттағы шешімдер қабылдау үшін талдау және бағалау көрсеткіштерін толық әрі жан-жақты қарастырған жөн.

1-мысал: Кәсіпорын техникалық  құралды сатып алудың тиімділігін  қарастыру үстінде. Техникалық  құралдардың құны – 10 млн. теңге,  пайдалану мерзімі – 5 жыл,  амортизация бірқалыпты әдіспен  есептеледі, яғни жылдық 20%. Жойылу (ликвидациялық) құны құралды қайта жөндеумен байланысты шығындарды жабуға жетерлік. Осы техникалық құралдардың көмегімен өндірілген өнімді өткізуден түсетін табыс 5 жыл барысына келесі тәртіппен болжамдалуда: 6800, 7400, 8200 және 6000 теңге, келесі жылдары олардың көлемі 3%  өсіп отырады деп күтілуде. Корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі 30%.

Кәсіпорынның қалыптасқан қаржылық-шаруашылық жағдайы келесідей: айналымдағы  капиталдың рентабельділік коэффициенті 21-22%; салынған капиталдың бағасы 19%. Инвестициялық жобалар бойынша шешімдер қабылдаудың қалыптасқан тәжірибесіне сүйене отырып, кәсіпорын басшылығы өтелім мерзімі 4 жылдан асатын инвестициялық жобаларды тиімді деп санамайды.

Берілген мәліметтерге сүйене отырып, аталған инвестициялық жобаның кәсіпорынның инвестициялық саясатына сай тиімді немесе тиімсіз екендігін анықтау қажет.

Бірінші кезекте бастапқы көрсеткіштерді жылдар бойына есептеп аламыз яғни, 3 кестеге қарайық.

 

Кесте 3 - Инвестициялық жоба бойынша есептік көрсеткіштер

 

 

Көрсеткіштер

 

Инвестициялық жобаны жүзеге асыру жылдары

1-жыл

2-жыл

3-жыл

4-жыл

5-жыл

Өткізілген өнімнің  көлемі

6800

7400

8200

8000

5000

Ағымды шығындар

3400

3502

3607

3715

3827

Амортизация

2000

2000

2000

2000

2000

Салық салынатын табыс

1400

1898

2593

2285

173

Корпоративтік табыс  салығы

420

569

778

686

52

Таза табыс

980

1329

1815

1599

121

Таза ақша кірістері

2980

12709

3815

3599

2121

Информация о работе Ұзақ мерзімді активтер