Ұзақ мерзімді активтер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2013 в 20:44, дипломная работа

Краткое описание

Нарықтық экономикаға көшу жағдайында көптеген ұйымдар қаржы жағдайы, оларды жаңа күрделі қаржыдан шектеп, қаржыны тек негізгі құралдардың ең қажетті объектілеріне бағыттауды көздейді. Осыдан қолда бар ұзақ мерзімді активтердің сақталуымен тиімді пайдалануына қатаң есеп пен бақылаудың объективті қажеттілігі туындайды.
Осы дипломдық жұмыста алға қойған мақсатым:
-ұзақ мерзімді активтердің экономикалық маңызы мен атқаратын рөлін ашып көрсету;
- ұзақ мерзімді активтердің бухгалтерлік есебін және аудиті дұрыс ұйымдастыру және олардың қалыптасуымен жұмсалуын талдау.

Содержание

Кіріспе 6
1 Ұзақ мерзімді активтер жөніндегі ұйым және бұлардың экономикалық мақсаты 8
1.1 Ұзақ мерзімді активтердің экономикалық мақсаты және атқаратын рөлі 8
1.2 Ұзақ мерзімді активтерді классификациялық топтау 10
2 Ұзақ мерзімді активтердің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру 27
2.1 «Дарын» жауапкершілігі шектелген серіктестіктің экономикалық сипаттамасы 27
2.2 Ұзақ мерзімді активтердің қалыптасуы жөніндегі көрсеткіштерді талдау 31
2.3 Ұзақ мерзімді активтердең жұмсалуы жөніндегі көрсеткіштерді талдау 36
2.4 Ұзақ мерзімді активтер көрсеткіштерінің өзара байланыстылығын талдау және шешім қабылдау 38
3 Ұзақ мерзімді активтердің есебінің аудиті 44
3.1 Негізгі құралдардың жіктелінуі мен бағалануының есебінің аудиті 44
3.2 Материалдық емес активтер есебінің аудиті 56
3.3 Аудиторлық қорытынды 60
Қорытынды 67
Қолданылған әдебиеттер тізімі 69

Вложенные файлы: 1 файл

№ 216 узак мерзимде -диплом.doc

— 565.50 Кб (Скачать файл)

«Негізгі құралдарды» халық  шаруашылығының салаларына қарай топтастырған кезде олардың қатысумен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған   жұмыстар мен қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы негізге алынады.

Егер шаруашылық субъектідегі негізгі  құралдардың бәрі тек қана субъектінің  негізгі шаруашылығының түріне ғана қызмет істейтін (жасайтын) болса, онда бұл субъектідегі негізгі құралдардың барлығы түгелімен сол шаруашылық субъектінің атқаратын қызметі саласындағы топқа жатады.

Мысалы: өнеркәсіптік шаруашылық субъектісіндегі  өнеркәсіп өнімдерін өндіру процессіне тікелей байланысты негізгі құралдардың  барлығы халық шаруашылығының өнеркәсіп  саласына жатады.

Егер шаруашылық субъектнің балансында осы субъектінің негізгі қызметінен басқа салаларында қызмет атқаратын өндірістер мен бөлімшелерімен болса, онда  осы бөлімшелер мен өндірістің атқаратын қызметтерінің сипатына сәйкес келетін халық шаруашылық саласы, қызметі түріндегі топқа жатады.

Шаруашылық субъектісінің балансындағы тұрғын үй шаруашылығының негізгі құралдары  халық шаруашылығының, тұрғын үй шаруашылығы және халыққа тұрмыстық қызмет көрсету саласына жатады. Негізгі құралдар алдына қойған мақсатына және атқаратын қызметіне қарай мынадай топтарға бөлінеді:

а) үйлер (тұрғын үй, кеңсе үйі, қойма, тағы басқалары);

ә) ғимараттар (көпірлер, аспалы жолдар, жасанды қоймалар, эстокадаяар, скважаяар, т.б.);

б) өткізгіш тетіктер (жұмыс машиналары, энергия бөлетін тетіктер, құбырлар, тағы басқалары);

в) машиналар (бумен жұмыс істейтін және іштен жанатын двигательдер, электроаппараттық трансформаторлар, экскаваторлар, грейдерлер, бульдозерлер, бетон араластырғыш машина, көтергіш крандар жүк көтергіш шығырлар, су өлшегіш құралдар, манометрлер, таразылар, кассалық аппараттармен тағы басқалары);

г) тасымалдау құралдары  (жолаушылар және жүк таситын көліктер, жеңіл  көліктер , көлікке тіркемелер (прицеп), тракторлар және т.б. )

ғ) құрал-саймандар жабдықтар (шкафтар, бактар, контейнерлер, тағы да басқа негізгі құралдар);

д) шаруашылық құрал- жабдықтары (диван, креслолар, кілемдер, сейфтер, тағы да басқалары);

з) жер (шаруашылық субъектінің сатып  алған жер көлемінің құны);

и) жерді жақсартуға (өңдеуге)  жұмсалған  күрделі шығын;

к)  басқа да негізгі құралдар (кітапхана қорлары және тағы басқалары).

Негізгі құралдар кімнің меншігінде, иелігінде екендігіне қарай меншіктік, шаруашылық субъектінің өзіне тиісті және уақытша жалға алынған болып  екіге бөлінеді. Шаруашылық субъектісі уақытша жалға алған негізгі құралдарды баланс сыртындағы 001-«Жалға алынған негізгі құралдар»- деп аталатын шотта есептейді. Қазіргі кезде пайдалану барысына қарай негізгі құралдар жұмыс істейтін, жұмыс істемейтін  және сақтауда тұрған - деп үш топқа бөлінеді.

Жұмыс істемейтін өндіріс процессіндегі, яғни қолданыстағы негізгі құралдар жатады.

Жұмыс істемейтін негізгі құралдардың  қатарына тоқтатылған белгілі себептермен  басқа да жаққа әзірге беріле қоймаған, басы артық жабдықтар жатады. Сақтауға тұрған негізгі құралдардың қатарына келешекте, яғни алдағы уақытта тозып немесе басқа да жағдайларға байланысты  істен шығатын   негізгі құралдардың орынына пайдалануға арналған құрал-жабдықтар жатады. Материалдық активтер сатылып алыну мақсатына қарай төмендегідей үш топқа бөлініп есептелінеді.

а) негізгі құралдар;

ә) тауарлы –материалдық қорлар;

б) қаржылық инвестициялар.

Мысалы: субъектінің шаруашылық қызметін атқару барысында қажет болып  табылатын өзінің пайдалануы мақсатында сатып алынған көлік құралы негізгі құралдар құрамында есептелінсе, ал сату үшін сатылып алынған көлік құралдары тауарлы материалдық қорлар құрамында есептелігнеді. Шаруашылық субъектінің өз қызметіне пайдалануы үшін емес, ұзақ мерзімдік қаржы салымы мақсатында алған жер учаскелері мен үйлері қаржылық инвестициялар ретінде есептелінеді.

 

 

 2 Ұзақ мерзімді активтердің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру

2.1 «Дарын» жауапкершілігі шектелген серіктестіктің экономикалық сипаттамасы

 

«Дарын» жауапкершілігі шектелген  серіктестік өндірістік ұйым оның мүшелерінің мүлік және жер түріндегі үлестерін біріктіру негізінде құрылған.

Серіктестік Қазақстан Республикасы аумағында филиалдар мен өкілдіктер құралады. Еріктілік негізінде Қазақстан аумағында және одан басқа заңды тұлғалармен бірлестіктерге одақтарға кіруге, басқа заңды тұлғалар қатысушы болуға құқылы.

Серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз  болған жағдайда ұйым мүшелері оның міндеттемелері бойынша қосымша (субсидиялық) жауапкершілікке ие болады

Серіктестік қызметінің негізгі мақсаты  табыс алу болып табылады. Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін серіктестік төмендегі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

- ауылшаруашылық өнімдерін өндіру, өңдеу, сақтау, дайындау және сату;

- мал шаруашылығы;

- көкөніс өнімдерін өсіру;

- астық өнімдерін, май шығару  өнімдерін өсіру;

- қоғамдық тамақтандырудан ұйымдастыру;

- құрылыс жүргізу;

- көтерме-бөлшек сауда;

- сыртқы экономикалық қызмет;

- сатып алу, делдалдық қызмет;

Қазақстан Республикасы заңдарында тиым салынбаған басқа қызмет түрлері:

- серіктестіктің мүлкін қалыптастыру көздері;

- серіктестіктердің мүшелерінің мүліктік үлестері;

- серіктестіктің қызметінен алынған табыстар;

- Қазақстан Республикалық заңдары тиым салмайтын басқа көздер;

- серіктестік мүліктік үлесі 19889880 теңгені құрайды.

- серіктестіктің меншігінде мүлік оның мүшелерінің пайларына бөлінеді.

Пай серіктестік мүшесінің серіктестік мүлкіндегі және жер учаскесі болып табылады. Жер пайлары серіктестікке пайдалану құқығы ретінде ғана беріледі.

Серіктестік мүшелерінің мүліктегі  үлестері пайыздық түрде есептелінеді.  Мүліктік жарналар серіктестіктің бастапқы қорын құрайды және оны құру мен қызметін ұйымдастыру жөніндегі шығындарды жабуға арналады. Серіктестік жаңадан қабылданған мүшелерінің жарналарының мөлшері серіктестік мүшелерінің жалпы жиналысының шешімімен айқындалады.

Серіктестік мүліктік жарна, ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқықтар, оның ішінде жер пайдалану құқығы, ақыл-ой меншігіне және басқа мүлікке құқықты болуы мүмкін.

Серіктестік жоғары органы оның мүшелерінің  жалпы жиналысы болып табылады.

Серіктестік мүшелерінің жалпы жиналысының айырықша күзіретіне:

  1. Серіктестік жарғысын өзгерту.
  2. Атқару, ревизия органдарын 1жыл мерзімге құру және олардың мүшелерін мерзімінен бұрын алып тастау.
  3. Серіктестіктердің қорлары мен резервтерінің түрлері мен мөлшерін және оларды пайдалану бағыттарын белгілеу.
  4. Серіктестіктердің ішкі еңбек тәртібі ережелерін серіктестіктердің лауазымды адамдарының оның мүшелерінің және жалданған жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеу туралы ережелер және серіктестік басқа ішкі актілерін қабылдау және өзгерту.
  5. Серіктестік филиалдары мен өкілдерін құру, шаруашылық серіктестерін құру мен оларға мүше ретінде кіру.
  6. Қосымша пай жарналарын енгізу туралы мәселелерін шешу.
  7. Серіктестік мүшелеріне қабылдау және шығару.
  8. Серіктестіктің қаржылық есебін және бухгалтерлік балансын бекіту және таза табысты бөлу.
  9. Тексеру комиссиясының есебін бекіту.
  10. Серіктестікті қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдау.

11) Серіктестік басқармасының (төрағасының) есебін тыңдау жатады.

Басқарма өз шешімдерін үнемі өткізіліп тұратын отырыстарда қабылдайды.

Серіктестіктің әрбір мүшесі оның қызметіне жеке еңбек үлесін қосуға міндетті. Серіктестіктің мүшесінің жеке еңбек үлесінің сипаты мен тәртібінің жалпы жиналыста айқындайды және жалпы жиналыстың хаттамасымен рәсімделеді.

«Дарын» жауапкершілігі шектелген  серіктестіктің қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі жөніндегі қорытынды есебі.

 

Кесте 1- «Дарын» жауапкершілігі шектелген серіктестіктің қорытынды есебі

(мың тенге есебімен)

Көрсеткіштердің аталуы

табыстар

шығындар

2009

2010

2009

2010

Өнімдерді (жұмыстар, қызметтер)

 сатудан түскен табыс

3060107

282860

   

Сатылған өнімдердің (жұмыстар,

 қызметтер) өзіндік  құны

   

276038

242949

Жалпы табыс

30979

39911

   

Есепті кезең шығындары,барлығы

-Жалпы және әкімшілік

шығындары

-Сату жөніндегі шығындар

-Пайыздық шығындар 

   

14602

5257

9345

-

20100

7236

12864

-


1-ші кестенің жалғасы

Негізгі қызметтен түскен табыс 

16377

19811

   

Негізгі қызметке жатпайтын  табыс

3033

3555

   

Салық салынғанға дейінгі  табыс

19410

23366

   

Табыс салығы жөнінегі шығындар

   

2538

3055

Салық салығынан кейінгі  табыс

133702

201290

   

Төтенше жағдайдан шеккен зиян

-

-

   

Таза табыс (зиян)

133702

201290

   

 

Серіктестіктің қаржы және шаруашылық қызметінің нәтижесі жоғарыдағы кестеде  көрсетілген. Өнімдерді өткізген (сатудан) түскен табыс 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 3060107 мың теңгеден 282860 мың тегеге дейін төмендеген. Оның басты себебі өндіріс көлемінің азайтқанымен байланысты болып отыр. Сатылған өнімдердің өзіндік құны өндіріс көлемінің азайғанына байланысты 242949 мың теңгені құрайды, яғни 12 пайызға 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы төмендеген. Жалпы табыс 2010 жылы 39911 мың теңге 2009 жылмен салыстырғанда 8932 мың теңгеге көбейген.

Есепті кезең шығындары үлкен  мөлшерде қалып отыр. Ол 2010 жылы 20100 мың теңге болып, 5498 мың теңгеге немесе 37%, 2009 жылмен салыстырғанда жоғарылап отыр. Бұл шығындардың басым көпшілігі, жалпы және әкімшілік шығындардың үлесінде, яғни 2010 жылы 7236 мың теңге болса, 2009 жылы 5257 мың теңгені құрап отыр.

Шығындардың қалған бөлігі сатуға байланысты шығындар ол 2010 жылы 12864 мың теңге болса, 2009 жылы 9345 мың теңге болған немесе 16109 мың теңгенің көлемін құрап, 37% жоғарлаған. Негізгі қызметтен түскен табысқа келетін болсақ, (жалпы табыс пен есепті кезең шығындарының айырмасы) бұл көрсеткіш 2010 жылы 19811 мың теңгені құраған, 2009 жылмен салыстырғанда 21%-ға жоғары. Негізгі қызметке жатпайтын табысқа келетін болсақ, ол негізгі құралдарды жалға беруден және атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерден түскен табыстардан құралған, оның көлемі 2010 жылы 3555 мың теңге болса, 2009 жылы 3033 мың теңгеге немесе 17%,-ға өскен. Салық салынғанға дейінгі табыс 2009 жылы 19410 мың теңгені құраған болса, 2010 жылы 23366 мың теңгеге дейін өсіп 20% көтерілген.

Таза табыстың көрсеткіші ұйымдардың қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесін көрсетеді. Белгілі кезеңде түскен пайданы қандай көздермен қызметтерден қалыптасқандығы жөніндегі мәліметтерді толығымен қамту үшін жасалынатын қорытынды есептің бұл түрінің атқаратын рөлі зор.

Жауапкершілігі шектелген серіктестік  «Дарынның», «табыстар мен шығындар»  жөніндегі қорытынды есебіне  талдау жасай келіп, бұл ұйымның бірқалыпты ұтымды жұмыс істеу барысында, ауылшаруашылығын өнімдерінен табыс алып отырғаны белгілі болып отыр.

Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызмет туралы есеп беруі халықаралық қаржылық есептіліктің №1 „Қаржылық есептілікті ұсыну” –деп аталатын стандартында және Қазақстан Республикасының 2010-жылыдың 28-ақпанындағы “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік”  -деп аталатын №234-III заңының негізінде дайындалып  Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің 21-маусым 2008-жылғы №217 бұйрығымен бекітілген №2 Ұлттық қаржылық есептілік –деп аталатын стандартында қарастырылған. «Дарын» ЖШС -ның қаржы шаруашылық қызметін талдап көрстеу үшін оның негізгі “қаржы шаруашылық қызметінің көрсеткіштері” кестесін келтіреміз. Мұндағы коэфициенттер келесідей есептелінеді:

Информация о работе Ұзақ мерзімді активтер