Шпаргалка по "Экологическому праву"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2015 в 22:07, шпаргалка

Краткое описание

1.Экология пәні, оның негізгі мақсаты
2.Популяция санының реттелуі; популяция тығыздығына тәуелді және тәуелсіз факторлар
3.Тұрақты даму концепциясы.
4.Экология бөлімдері: аутэкология, синэкология, ғаламдық экология.
5. Популяцияның динамикалық көрсеткіштері: туылу, өсу жылдамдығы, өлуі.
6.Қоршаған ортаның ластаушы факторларының тірі организмдерге әсері.
7.Экология пәнінің басқа пәндермен байланысы.

Вложенные файлы: 1 файл

экология (Автосохраненный).docx

— 102.84 Кб (Скачать файл)

58.Климаттың  өзгеруі және шөлдену проблемасы.

 

59.Популяцияның  кеңісітікте орналасуы: кездейсоқ, біртекті, топтасу.  Популяция ұғымы латынша халық деген мағынаны білдіреді. Бұл терминді алғаш рет дат генетигі В.Л. Иогансен қолданды. «Популяция» ұғымы биологияда негізгі ұғымдардың бірі, ал  популяцияны генетикалық, эволюциялық, экологиялық  тұрғыдан зерттеу жұмыстары ерекше бағытқа популяциялық биологияға бірігеді    Популяцияның кеңістіктегі құрылымы – популяция особьтарының кеңістікте орналасу ерекшеліктері. Ол тіршілік ортасының және түрдің биологиялық ерекшелігіне байланысты. Жылдың маусымы, популяцияның сандық мөлшері уақыт бойынша өзгеруі мүмкін. Сондықтан популяция особьтары кеңістікте бірқалыпты,кездейсоқ және топтанып орналасады.       Табиғатта особьтардың бірқалыпты орналасуы сирек кездеседі. Кездейсоқ (диффузиялық) орналасу көптеген өсімдіктерде, жануарларда кездеседі. Топтанып орналасуда (мозайкалық) особьтар топ-топ болып кездеседі, мысалы, сүтқоректілер табыны, құстар колониясы. Топтанып  орналасу популяция үшін қолайсыз жағдайларда үлкен тұрақтылық береді.       Жануарлардың ортаның қолайсыз жағдайларына немесе олардың даму циклдарына байланысты жылжып қозғалуын миграция деп атайды. Олар жүйелі (тәуліктік немесе маусымдық) және жүйесіз (қуаңшылық, су тасқыны, өрт, және т.б.) болуы мүмкін. Мысалы, құстардың жылы жаққа ұшуы маусымдық миграцияға жатады.      Ценопопуляциядағы өсімдіктер әрқалай, кейде топтанып, кейде бір-бірінен оқшауланып орналасып микроценопопуляциялар, субпопуляциялар түзеді. Мұндай топтанып орналасуда особьтардың саны, тығыздығы, жастық құрылымы бойынша айырмашылықтар болады.                Жануарлардың қозғалуына байланысты территорияда орналасуы әр текті болады. Тіпті субстратқа бекініп тіршілік ететін түрлерінің өзінде кеңістікті  үнемді пайдалануға икемділігі болады. Асцидияларда (су түбіне бекініп тіршілік ететін омыртқасыз жануар) өсіп келе жатқан колонияларының шеті басқа түрдің колонияларына жанасқан соң олардың үстін орай өсіп, оны көміп тастайды. Егер бір түрге жататын колониялар кездессе, оның әрқайсысы көршісінің өсуін тоқтатып басқа бағытқа қарай өсе бастайды.      Популяциядағы жекелеген особьтардың кеңістікте орналасуына қолдау жасайтын инстинктер құстарда, сүт қоректілерде, кейбір балықтарда және амфибияларда, сондай-ақ жүйке жүйесінің құрылысы күрделі кейбір насекомдарда, өрмекшілерде, сегізаяқтарда және т.б. кездеседі.      Кеңістікті пайдалануына байланысты қозғалатын барлық жануарларды екі топқа бөледі: бір орнында тіршілік ететін және көшіп-қонып жүретіндер. Бір орнында тіршілік ететін организмдерде өмірінің барлық кезеңі немесе негізгі кезеңдері ортаның белгілі бір бөлігінде ғана өтеді. Мұндай жануарлар өзінің тіршілік етіп жатқан жерін тастап кетпейді. Егер қандай да бір жағдайлармен сол жерді тастап кетуге мәжбүр болса, кейінірек сол жерге қайтып оралады. Көптеген түрлер ұзақ та алыс миграциялардан кейін өздері көбейетін жерге қайтып келеді. Мұны экологияда «хоминг» (ағыл. нome-үй) деп атайды. Мысалы, қараторғайлардың бір жұбы жыл сайын өзінің ұясына келіп қонатыны белгілі. Ал көгершіндерді іс жүзінде – хат тасу үшін пайдаланғаны бәрімізге белгілі. 
60.Популяцияның динамикалық көрсеткіштері. Популяцияның динамикалық көрсеткіштері.Динамикалық  көрсеткіштер белгілі бір уақыт аралығында популяцияда жүретін процестерді сипаттайды. Популяцияның негізгі динамикалық көрсеткіштеріне туылым, өлім-жітім және популяцияның өсу жылдамдығы жатады.Туылым-көбею нәтижесіндігі уақыт бірлігінде пайда болған жаңа особьтар саны.Өлім – жітім-белгілі бір уақыт аралығында популяциядағы өлген особьтер саны.Популяцияның өсуі-популяция өсуі өлім - жітім мен туылым арасындағы айырмашылық.XVII ғасырда популяцияның санының өсуі геометриялық прогресс заңымен өсетіні белгілі болған, ал XVIIІ ғасырдың аяғында Томас Мальтус халықтардың геометриялық өсуі жөнінен өзінің әйгілі теориясын ұсынды. Қазіргі математикалық тілмен айтқанда организмдердің экспонциалды өсуі. Экспоненциалды өсу дегеніміз -өзгермейтін тұрақты жағдайларда популяция особьтерінің сандарының өсуі. Ұзақ уақыт бойы тұрақты, өзгерусіз сақталатын жағдайлар табиғатта мүмкін емес.Өсу қарқындылығы-популяцияның өсу қарқындылығының өзгеруі - әр түрлі болуы мүмкін. Көбеюдің жоғары потенциалы түрлердің тірі қалуында үлкен роль атқарады.

 

 

 

 


Информация о работе Шпаргалка по "Экологическому праву"