Шпаргалка по "Экологическому праву"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2015 в 22:07, шпаргалка

Краткое описание

1.Экология пәні, оның негізгі мақсаты
2.Популяция санының реттелуі; популяция тығыздығына тәуелді және тәуелсіз факторлар
3.Тұрақты даму концепциясы.
4.Экология бөлімдері: аутэкология, синэкология, ғаламдық экология.
5. Популяцияның динамикалық көрсеткіштері: туылу, өсу жылдамдығы, өлуі.
6.Қоршаған ортаның ластаушы факторларының тірі организмдерге әсері.
7.Экология пәнінің басқа пәндермен байланысы.

Вложенные файлы: 1 файл

экология (Автосохраненный).docx

— 102.84 Кб (Скачать файл)

10.Экологиялық білімнің даму тарихы. Экология қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми негізі болып табылады. Бұл гректің екі сөзінен құралған: "oikos” – үй, мекен , халық және "logos”- ғылым. Сонымен , Экология біздің «табиғи үйімізді» зерттейді және ол сонда тұратын барлық ағзаларды және өмір үшін қажетті сол «үйдің» барлық болып жатқан функционалдық процестерін қамтиды. Басқаша  айтқанда , экология–ағзалар мен оларды қоршаған ортаның арасындағы байланыстар туралы ғылым.Жеке ғылым ретінде экология шамамен 1900ж. қалыптасты. Алғаш « экология» сөзін 1қаңтарда 1858ж. Генрих Дэвид Торо қолданған.«Экология» терминін 1868ж. неміс ғалымы, медик, ботаник, зоолог , морфолог Эрнест Геккель бірінші болып ұсынған.Э. Геккель экологияға келесідей анықтама берді: « Бұл табиғаттың экономикасын танып білу, ортаның органикалық және бейорганикалық компоненттері мен тірілер арасындағы барлық өзара қатынастарды бір уақытта зерттеу».Ч. Дарвин бойынша: «Экология-табиғаттағы барлық күрделі өзара байланыстар мен өзара қатынастар, тіршілік үшін күрес ретінде қарастырылатын ғылым». Ф. Клементс (АҚШ) 1920 ж. Экологияны қауымдастық туралы ғылым деп атады.Ч. Элтон (Ұлыбритания) 1937 ж. Экологияны жануарлардың социологиясы мен экономикасына қатысты, табиғи тарих ретіндегі ғылым деп анықтады. Х. Б. Одум (АҚШ) 1959ж. Экологияны табиғаттың құрылымы мен қызметін зерттейді деп атады.   

11.Әлеуметтік-экологиялық дағдарыс  және тұрақты даму. «Кризис» сөзі (қаз. «дағдарыс») гректің «кризис» немесе “кринейн”сөзінен дәл аударғанда «шешім қабылдау» деген мағына береді. Бүгінгі күні адамзат ұшырап отырған проблемалардың қысқаша тізімін келтірейік:-ғаламдық жылыну;-климаттық зоналардың ысырылуы;-озон тесіктері;-қоршаған ортаның ластанулары;-жоюға келмейтін радиоактивтік қалдықтар;

-құнарлы  топырақтың эрозиясы және олардың  аумақтарының қысқаруы;-демографиялық жарылыс;-қайта қалпына келмейтін минералдық ресурстардың жүдеуі;-энергетикалық дағдарыс;-бұрын белгісіз, емделуі қиын аурулар санының күрт өсуі;-азық-түліктің жетіспеуі;-планета халқынының басым бөлігінің ашаршылыққа ұшырауы;-әлемдік мұхит ресурстарының жүдеуі және оның ластануы. Бұларды шешудің осы кезге дейін ұсынылып келген жолдары мен әдістері қазірше тұрақты нәтиже бере алмай отыр. Оның себебі көп. Бір зерттеушілер осының бәрінің себебі техникалық прогресс деп тапса, екіншілері – планета халқының жарылыс тәрізді күрт өсуі деп санайды. Діни конфессиялардың кейбір өкілдері алғы шепке адамгершіліктің, ізгіліктің жетіспеуі мен қоғамның моральдық құлдырауын қояды. Бұл тұрғыда белгілі бір себепті бөліп айту қиын, дұрысы, ХХ-шы ғасырдың аяғында адамзат ұшырап отырған жағдайға осы факторлардың бәрінің жиыны әсер етеді дегенге саяды.Жер планетасы адамзаттың ортақ үйі болып отырған жағдайда көптеген қайшылықтар, соқтығыстар, проблемалар жергілікті шеңберден шығып, ғаламдық сипат алып кетуі мүмкін. Сондықтан, бүгінгі күні табиғат пен қоғамның ажырамас өзара байланысын түйсінген дұрыс. Алға материалдық байлықты көбейту мақсатын қою – планета биоценозының бірті-бірте, бірақ жойылуына алып келе жатыр. Бұл құбылыстың алғашқы қарлығаштары – климаттың өзгерістері, табиғи апаттар, өнімділіктің төмендеуі, азық-түлік өндіру көлемінің азаюы және оның салдары ретінде – жалпыға төніп тұрған ашаршылық қаупі. Кроме исключительно внутренних проблем человечества существуют проблемы объективного характера. Минеральные ресурсы планеты недостаточны для поддержания высокого уровня жизни во всех странах. Ученые всего мира уже давно бьют тревогу по поводу явного недостатка средств к жизни.

12.Экология ғылымының тәжірибелік маңызы. Адамзат қоғамында өмірінде экологиалық білімнің маңызы әрқашанда зор болған. Аң аулап,өсімдік жинап қоректеніп журген кездің өзінде жазу әлі болмаған  кезде ақ адамдар ұрпақтан ұрпаққа жнуарлардың тіршіліктері туралы білімдерін ауызша жеткізіп отырған.Экология ғылымы қалыптаса бастағаннан кейін бұл маселелер басқаша қаралды.Табиғи қорларды дұрыс пайдаланып қоршаған ортаға зиян, келтірмеуді ойлады.Экология жеке табиғи ғылыми пән ол организмнің өзара ж/е қоршаған ортамен қарым қатынасын зерттейді.Экология іргелі ғылым ж/е оның идеялары маңызды екенін ұмытпау керек. Оның заңдарын түсініктерін терминдерін дұрыс пайдалана білу керек.Экология барлық деңгейлердегі ағза үстілік биологиялық жүйелердің ұйымдасуымен тіршілік қызметі туралы ғылымға айналды.

 

13.Биоценоз, биогеоценоз, экожүйе түсінігі. Биоценоз (грекше bios - өмір, koinos – жалпы, ортақ) – бірдей ортақ жағдайларында  бірге тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар және микроорганизімдер  популяциялардың жиынтығы.Биоценоз ұғымын қолдануды 1877 жылы неміс зоологы Карл Мебиус ұсынды. Биоцнеоз тірі организімдердің жай жиынтығы емес, ретті, бір-бірімен байланысқан. Фитоденозден (өсімдіктер жиынтығы), зооценоздан (жануарлар жиынтығы), микоценоздан (саңырауқұлақтар жиынтығы) және микробоценоздан (микроорганизімдер жиынтығы) тұратын жүйе.Ешқандай биоценоз қоршаған ортадан тәуелсіз не одан тыс өздігінен дами алмайды. Нәтижесінде жеке бөліктерінің күрделі өзара қалыптасқан тірі және өлі бөліктердің жиынтығынан тұратын кешендер түзіледі. Біртекті жағдайлармен сипатталатын организімдердің белгілі бір бірлестіктерінен қоныстанған кеңістік биотоп деп аталады. Биогеоценоз – тіршілік ететін жер бетімен қоса (биотоп) тірі организімдер (биоценоз) мен обиотикалық ортаның тарихи қалыптасқан жиынтығы. “Биогеоценоз” ұғымын 1944 жылы академик В.Н. Сукачев ұсынды.Табиғатта әртүрлі түрлердің популяциялары биценозға бірігеді. Орта жағдайлары ұқсас кеңістікте тіршілік ететін организімдер қауымдастықтарын биотоп (биоценоз) деп атайды. Биотоп – биоценоздың тіршілік ету ортасы. Сондықтан биоценозды белгілі бір биотопқа тән тарихи қалыптасқан организімдер тобы ретінде қарастыруға болады. Кез-келген биоценоз биотоппен бірге жоғары дәрежедегі биологиялық жүйе – Биогеоценозды құрайды.Биогеоценоздар әртүрлі мөлшерде, көлемде болуы мүмкін. Мысалы, орман көл шалғындық және т.б. Мөлшері мен күрделілігіне қарамастан кез-келген биогеоценоз мынадай құрамдардан тұрады:- продукценттер - өндірушілер (жасыл өсімдіктер), күн энергиясын пайдалана отырып денесін бейорганикалық заттардан түзетін автотрофты организімдер. Бұлар қоректік тізбектің бірінші буыны;- консументтер – тұтунышылар, продукценттер арқылы дайын органикалық заттармен бірге ондағы энергияныпайдаланатын гетеретрофты организімдер (бірнші дәрежелі - өсімдік қоректік жануарлар, екінші дәрежелі – ет қоректілер және үшінші дәрежелі- жыртқыштар);- редуценттер – ыдыратушылар, органикалық қалдықтарды ыдырататын, биологиялық зат айналымын аяқтайтын (шартты түрде) организімдер (бактериялар, саңырауқұлақтар, микроорганизімдер); Экожүйе – зат айналымы жүре алатын организімдермен бейорганикалық компоненттер жиынтығы.Экожүйелер арасында биогеоценоздар арасындағы сияқты анық шекара жоқ, бір экожүйе біртіндеп экожүйеге ауысады. Үлкен экожүйелер кіші экожүйелерден құралады. Мысалы, құмырсқа илеуі, томар, жануарлардың салған іні ішіндегі тіршілік ететін организімдерімен (микрожүйе) бірге орман экожүйелерінің (мезоэкожүйе) құрамына кіреді.Ал оның өнімділігін айтатын болсақ мысалы Биологиялық өнімділігі.Биологиялық өнімділік дегеніміз биогеоценоз құрамына енетін микроорганизімдер, өсімдіктер және жнуарлар дүниесінің өндіретін биомассасы. Бұл процесс табиғатта әр түрлі жылдамдықпен жүреді. Сондықтан оны уақытпен шектей отырып, маусымдық, жылдық немесе бірнеше жылдық өніммен өлшейді. Ол құрлықтағы организімдер үшін 1м2, 10м2 , 100м2, ал судың организімдер үшін 1м3, 10м3, т.б., өлшеніп ондағы құрғақ органикалық заттың салағымен анықталады.

14.Қоршаған  ортаны қорғауда халықаралық  ұйымдардың ролі. Халықаралық ынтымақтастықтың үкіметтік және үкіметтік емес көптеген бағдарламаларын ЮНЕСКО атқарады. 1972ж. ЮНЕСКО Стокгольмде қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша алғашқы ірі халықаралық конференция үйымдастырды. Нәтижесінде БҰҰның қоршаған орта жөніндегі үкімет аралық бағдарламасы ЮНЕП құрылды. Стокгольм конференциясынан кейін қазіргі уақытқа дейін қоршаған ортаны қорғау жөнінде жалпы 170-тен астам әртүрлі шарттар мен келісімдерге қол қойылды. Олардың ішіндегі ең маңыздысы Вашингтон конвенциясы «құрып кету қаупі төнген жабайы флора мен фауна түрлерінің халыаралық саудасы туралы конвенция».(1973)1980ж. 5 наурызда қабылданған «Табиғат қорғаудың бүкіл дүниежүзілік стратегиясы» жасалынуына, жүзеге асырылуына жетекшілік жасаушылар халықаралық табиғатты және табиғи қорларды қорғау одағы (КТҚО) және ЮНЕСКОның қамқорлығымен жұмыс істейтін басқа да халықаралық үкіметтік емес ұйымдар. 1982ж. БҰҰ биосферанын жағдайы үшін БҰҰ құрамына кіретін барлық мемлекеттерге жауапкершілік жүктейтін халықаралық табиғат қорғау құжаты – «Бүкілдүниежүзілік табиғат хартиясын» қабылдады. 1992ж. маусымда Рио Де Жанейрода өткен конференцияда Дүниежүзілік қауымдастықтың тұрақты даму жолына түсу қажеттілігі туралы ереже тұжырымдалып, адамзаттың тұрақты даму қоғамына жеткізетін жолмен дамудың стратегиясы мен тактикасы туралы құжат – «Жер хартиясына» қол қоюы жарияланғанымен, хартияның мәні қабылданбады. Хартия «Ниеттер туралы хаттамамен» - Қоршаған ортамен даму жөніндегі декларациямен алмастырылды.

15.Тәжірбиелік  міндеттерді шешудегі экологияның  ролі. Ғылыми –практикалық көзқараспен қараған кезде экологияны теориялық және қолданбалы деп бөлу заңдылық.Теориялық экология өмірді ұйыдастырудың жалпы заңдылықтарын ашады. Қолданбалы –экология - адамзаттың биосфераны білдірудің механикалық жағын оқытады, осы процессті алдын-ала болдырмаудың тәсілдерін және табиғи байлықтарды тиімді пайдалану жолдарын дайындайды.Экология-қоршаған ортаны қорғаудың жолы теориялық және ғылыми негіздері болып табылады. Табиғи экологиялық механизмдерінсіз, адамзаттың қоршаған ортаның сапасын сақтау мүмкін емес. Егер біз, бізді қоршаған ортаның тазалығын бұзбауды үйренгенмен, табиғи ортаның өзін-өзі тазартуына ешқандай кедергі жасамасақ, ешқандай нәтиже ала-алмаймыз.Табиғаттағы мәңгілік қозғалыс бұзылмаса, әртүрлі биологиялық түрлер азаймаса, талдар қырқылып, ормандар азайса, ең таза технологиямен ең жаңа ортаны қорғайтын қондырғылар бізді қорғай алмайды. Негативті күшті әсерлермен нәтижелерді алдын-ала болдырмау керек. Бұған жалпы экологияның заңдар, ережелер керек. Қазіргі экологиялық зерттеулер ғылым мен техниканың жетістіктерін есепке ала отырып бірінші дәрежеде табиғатты қорғаудың рациональды жағын қарастыру болып табылады.Жер бетіндегі табиғи қорлардың аздылығы 20 ғасырдың басы мен 21 ғасырда, адамзаттың алдындағы ең бір актульдық проблемасы болып отыр. Сол себепті адамзаттың алдына қойылған ең бір мәселе ол табиғи қорларды тиянақты пайдалану.Бұны орындау заңдаманы кең және терең білуді талап етуден басқа адамзаттың табиғатпен бірге екенін, қоғамдық өндірісте қолдануды нашарландыру керектігін ұғындыру. Экологияның стратегиялық міндеттері табиғат пен қоғамның биосфера бөлігінде жаңа көзқарас негізде қарау болып табылады. 16.Қазақстанның экологиялық проблемалары. Республикада өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың мониторингін, оларды сақтауды, ұқсатуды және кәдеге жаратуды қамтитын қалдықтарды басқарудың мемлекеттік жүйесі жоқ. Қазақстанның аумағында өндіріс пен тұтыну қалдықтарының 20 млрд. тоннадан астамы, оның ішінде 6.7 млрд. тонна улы заттар жинақталған әрі олардың ұлғаю үрдісі байқалуда. Бұл ескірген технологияларды қолданумен, сапасыз шикізатпен және отынмен, кәсіпорындардың өндіріс қалдықтарын кәдеге жарату мен қайта құнарландыруға қаражат салуға құлықсыздығымен түсіндіріледі. Уытты қалдықтарды қоса алғанда өндіріс қалдықтары әлі күнге көбінесе тиісті экологиялық нормалар мен талаптарды сақтамастан, түрлі жинақтағыштарда қойылып, сақталады. Осынын нәтижесінде көптеген өңірлердің топырағы, жер асты және жер үсті сулары қарқынды ластануға ұшыраған. Жиналған қалдықтардың үнемі ұлғайып отырған көлемі жаңа техногендік ландшафтар қалыптастырады. Үйінділер мен террикондар биіктігі өскен сайын олар шаңның қарқынды көздеріне айналады. Қатты тұрмыстық қалдықтардың негізгі массасы құрауыштарға бөлшектенбестен шығарылып, ашық күресіндерге тасылады және қойылады, оның 97%-ы Қазақстан Республикасының табиғат қорғау және санитарлық заңнамасы талаптарына сай емсс. Оларды орналастыру және жайғастыру жобасын және қоршаған ортаға әсері бағалан-бастан жүргізілген. Республикада қатты тұрмыстық қалдықтардың шамамен тек 5%-ы ғана кәдеге жаратылады немесе жағылады. Өндірістік және тұрмыстық қалдықтарға байланысты проблемаларды шешу үшін өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды басқаруды жетілдіру жөніндегі салалық және өңірлік бағдарламаларды әзірлеу қажет. Осы бағдарламалар шеңберінде қатты қалдықтарды басқару жүйесінің әзірленуі, қалдықтарды басқару құрылымын реформалау, қалдықтардың жинақталуын кемітуге бағытталған нормативтік құжаттарды әзірлеу және енгізу, қалдықтарды басқарудың есебін жүргізужәне бақылау жүйесін ұйымдастыру, қалдықтарды ұқсату және қайта пайдалану жөніндегі үлгілік бағдарламаны әзірлеу, неғұрлым таза өндірісті енгізу жөніндегі ғылыми зерттеулерді жүргізу, қалдықтарды ұқсату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілерге ақпараттық колдау көрсету, калдықтарды басқарудың үдемелі жүйелеріне мамандарды оқытуды ұйымдастыру, өндірістік қалдықтарды көму мен өнеркәсіптік және басқа да ағынды суларды жерге төгу шарттары бойынша республика аумағын аудандарға бөлу көзделуі тиіс.      Өнеркәсіп орындарынан шығатын қоқыстарда әртүрлі органикалық заттар мен ауыр металдардың қосылыстары кездеседі. Тұрмыстық қоқыстарда органикалық заттардың орташа шамамен 32-40% бар. Оның ішінде: азоттың 0,56%, фосфордың 0,44%, мырыштың 0,15%, қорғасынның 0,08%, сынаптың 0,001% бар.      Суға түскен ластаушы заттар гидробионттардың ұлпалары мен мүшелерінде жинақталып улы әсерін тигізеді. Дампинг материалдарын теңіз түбіне тастау және судың ұзақ уақыт бойы лайлануы бентостың аз қозғалатын өкілдерінің тұншығып, қырылуына алып келеді. Тірі қалған балықтар, моллюскалар және шаян тәрізділер тыныс алу және қоректену жағдайының қиыншылығына байланысты өсу жылдамдығы төмендейді. Көп жағдайда қауымдастықтың түрлік құрамы өзгереді. Сондықтан қалдықтарды теңізге көму жүйесін ұйымдастыру және бақылау кезінде дампинг ауданын анықтаудың маңызы зор.  Радиоактивті ластану Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігіне нақты қатер төндіреді, олардың шығу көздері мынадай негізгі төрт топқа бөлінеді: - жұмыс істемей тұрған уран өндіруші және уран өндеуші кәсіпорындардың қалдықтары (уран кен орындардың үйінділері, өздігінен төгілетін ұңғымалар, қалдық қоймалары, технологиялық желілердің бөлшектелген жабдығы); ядролық қаруды сынау нәтижесінде ластанған аумақтар; мұнай өндіру өнеркәсібі мен мұнай жабдығының қалдықтары; ядролық реакторлардын жұмыс істеуі нәтижесінде пайда болған қалдықтар мен радиоизотоптық өнім (иондаушы сәулеленудің  пайдаланудан шыққан көздері). Қазақстанда табиғи радиактивтіліктің жоғары деңгейін беретін уран беруші алты ірі геологиялық өңір, көптеген шағын кен орындары мен уран байқалатын кеніштер, уран өндіруші кәсіпорындар мен ядролық жарылыстар жасалған жерлерде шоғырланған қалдықтар бар. Қазақстан аумағының 30 %-дан адам денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіретін табиғи радиактивті газ - радонның жоғары бөлінуінің ықтимал мүмкіндігі орын алған. Радионуюшдтермен ластанған суды ауыз су мен шаруашылық мұқтаждықтар үшін пайдалану қауіпті болып табылады. Қазақстанның кәсіпорындарында иондаушы сәулелерді пайдаланудан қалған 50 мыңнан астам көздері бар және радиациялық зерттеу барысында олардың 16-сы адам үшін аса қауіпті, сондай-ақ 700-ден астам бақылаусыз көздер анықталып, жойылды. Халықтың радиактивті улануын және қоршаған ортаның ластану қаупінің алдын алу үшін: радиактивті ластану көздерін түгендеу жөніндегі жұмысты аяқтау және 2005 жылға дейін табиғи радиоактивтіліктің халықтың денсаулығына теріс әсерін зерттеуді қамтитын бағдарлама әзірлеу, сондай-ақ құрылысқа арналған алаңдарды таңдау мен табиғи құрылыс материалдарын пайдалану кезінде шектеу шараларын қабылдау; ауыз судың табиғи көздерінің радиактивті ластануына бақылау жүргізу және мұнай ұңғымалары мен өздігінен төгілетін сол сияқты өздігінен ағатын гидрогеологиялық ұңғымаларды жою және консервациялау бағдарламасының шеңберінде радионуклидтердің жоғары құрамы бар гидрогеологиялық ұңғымаларды жою; жоғары радиациялық сәуле алу қаупі туралы халықты уақтылы хабардар ету жөнінде шаралар әзірлеу; 2005 жылға қарай уран өндіру өнеркәсібінің радиоактивті үйінділерін түгендеу және олардың қоршаған орта мен халықтың денсаулығына әсерін айқындау жөніндегі жұмысты аяқтау қажет. Проблеманын кешенді шешілуі радиактивті қалдықтарды ұқсату мен көму жөнінде мамандандырылған ұйым құруды көздеуі тиіс. Аталған іс-шараларды жүргізудің нәтижесі халықтың сәуле алуы мен қоршаған ортаның радиоактивтік ластануын төмендету болмақ. Бактериологиялық ластану.Арал теңізіндегі Возрождение аралындағы биологиялық полигонның қызметі бактериологиялық жұқтырудың ықтимал қаупін туғызып отыр. 
17.“Тұрақты даму” түсінігінің пайда болу тарихы. «Тұрақты даму» термині алғашында табиғатты пайдалануда, атап айтқанда балық және орман шаруашылығында пайда болған. Бұл термин оны пайдалану кезінде табиғи ресурстар сарқылмайтын және табиғи көбейуі мүмкіншілігіне ие болатын табиғи ресрурстарды пайдалану жүйесін білдіретін. Тұрақты даму тұжырымдамасының маңызды басталу көзі Рим клубының баяндамасы болып табылады. Рим клубы — 1968 жылы италияндық экономист, қоғам қайраткері және бизнесмен А. Печчеи бастамасымен құрылған мемлекеттік емес халықаралық ұйым, ол адам тіршілігінің негіздерін қозғайтын ғаламдық проблемаларды: қару-жарақпен жарақтану жарысы және ядролық соғыс қаупі, қоршаған ортаның ластауды зерделеу бағдарламасына бастама болған. Рим клубының мүшелері таяу болашақты болжауды және әлемдік қауымдастықты ғаламдық экологиялық-экономикалық қауіптің алдын алу қажеттігін мойындатуды өздеріне мақсат тұтты. Сонымен қатар әлеуметтік экологияның ғылым ретінде қалыптасуы орын алды. Әлеуметтік экология экотехника, экодаму, экологиялық тәрбие, экологиялық сана, экологиялық мәдениет, т.б. бағыттарды қамтиды. Әлеуметтік экология ғаламдық қауіптің алдын алатын ғылым саласы. 1971 ж Американдық ғалым Дж.Форрестер Әлемдік динамика, Әлемдік экономика еңбектерін ұсынды. Әлемдік экономика кітабында көпқұрамды ғаламдық процестердің болашағы дамушы ұқсатушы модельдермен берілген. Әлемдік динамика кітабында әлемдік дамудың мүмкін нұсқалары туралы есптеу нәтижелері келтірілді. 1972 жылы Рим клубының алғашқы баяндамасы "Өсу шегі" жарияланды. Онда алғаш рет табиғи ресурстардың сарқылғандығы (мұнай, газ, рудалар және т.б.), индустрияның өсуі өз шегіне жеткендігі және әлемнің Тұрақты дамуының жаңа тұжырымдамасының қажеттілігі, тоқырау мерзімінің жақын қалғандығы, апатты жағдайлардың орын алатындығы көрсетілген. Нәтижесінде көптеген әлем елдерінде қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар қабылданды, ірі қалалардан өнеркәсіптік өндірістерді көшіру, зиянды өндірістерді жабу басталды. Бірақ осы еңбектердің ешқайсысында экологиялық – экономикалық компоненттер және биосферадағы көптеген факторлар, әлемнің ала-құлалығы жеткілікті ескерілмеді. Сондықтан Рим клубының М.Месерович пен Э.Пестельдің басшылығымен орындалған келесі еңбегі Адамзат бұрылыс шегінде экономикалық даму мен экологиялық жағдай болжамдарында әлемді экономикалық жағдайына байланысты аймақтарға бөлу арқылы ғаламдық мәселелерінің қарқындылығына қарай шара қолдануды ұсынды. Капиталдың және халықтың өсуімен байланысты табиғатқа кейбір күштерді әлсірету және оларға қарсы әрекеттермен адамдар өсу шегін таңдай алатындығын жән қалаған уақытында тоқтата алатындығы айтылды. 3. Стокгольм конференциясы Экологиялық тоқырау құндылықтарды қайта қарауға мәжбүр етті, әлемдік қауымдастықтың табиғи ортаның жағдайына, өркениеттің дамуының болашағына алаңдаушылығын туғызды. Осы жағдай 1972 жылы Стогольмде қоршаған орта жөнінде Бірінші бүкіләлемдік конференцияны өткізуге сәйкес келді. Конференцияның Бас хатшысы Морис Стронг болды. 1983-ші жылы БҰҰ Бас хатшысының бастамасымен қоршаған орта және даму жөнінде халықаралық комиссия (МКОСР) құрылды. Онда «Тұрақты даму» термині экологиялық проблемаларды шешу бойынша нақты ұсыныстарды әзірлеу мақсатында қолданылды. Гру Харлем Брундтланд – 1980-ші жылдары Норвегияның қоршаған ортаны қорғау министрі, кейіннен Премьер-министр, қазіргі уақыта – Халықаралық денсаулық ұйымының атқарушы директоры. 1987 жылы бірнеше жыл бойындағы жұмысынан кейін Комиссия әлеуметтік және экономикалық проблемалардың шешілуінсіз экологиялық проблемаларды шешу мүмкін емес және Тұрақты даму жөнінде кең мағынада айту қажеттігі туралы тұжырымға келді және Біздің ортақ болашағамыз атты есебін жариялады. Комиссия БҰҰ ұсынған баяндамасында Тұрақты дамуға анықтама берілді. Анықтамаға келесі түсіндірме берілген болатын: «Тұрақты және ұзақ мерзімді даму өзгеріссіз үйлесімдік жағадай емес, керісінше өзгерістер процесі, онда ресурстартды пайдалану, капитал салымдарын бағыттау, техникалық дамуды бағдарлау және институционалды өзгерістер ағымдағы және болшақтағы қажеттіктермен үйлеседі».  Тұрақты даму түсінігін бірнеше аспектіде қарастыруға болады. Олар: экономикалық, экологиялық, әлеуметтік, саяси-құқықтық, халықаралық, ақпараттық. 4. Қоршаған ортаға және дамуға қатысты Рио-де-Жанейро декларациясы 1992 ж. 3-14 маусым аралығында Рио-де-Женейрода БҰҰ қоршаған орта және даму туралы конференциясы (КОСР—92) өтті. Оған 179 мемлекеттің басшылары мен үкімет мүшелері және сарапшылар, сондай-ақ көптеген мемлекеттік емес үйымдардың өкілдері, ғалымдар және кәсіпкерлер қатысты. Конференцияда «Тұрақты даму» Концепциясы қабылданды. Бұл Концепцияның негізгі тұжырымы – «табиғат-қоғам» жүйесін коэволюция принципінде дамыту. Тұрақты даму үшін адам қамын ойлау, адамның табиғатпен үйлесімдік тауып, салауатты және баянды өмір сүруге құқықтылығын көрсету оның қарастыратын талап-мүдделерінің өзегі болып табылады. КОСР-92 ашылғанға дейін әлемде үлкен өзгерістер болды. 20 жыл бұрын Стокгольмде аталған ғаламдық қауіпті құбылыстар бірнеше есе күшейді. Адамзат Чернобыль оқиғасын басынан өткізді, Ұлы державалардың әскери текетіресі аяқталды, қарусыздану мен әскери бюджетті қысқартудың нақты мүмкіндігі пайда болды. Тағдырдың тәлкегімен тоталитарлық жүйенің ыдырап, қоғамда сондай тез тарихи бетбұрыс болатынын ешкім болжай алған жоқ. Жаңа тарихи жағдайда шекаралардың ашықтығы қалың буқараның ақпараттануы, әлемдік демократияның өсуі адамдар мен елдердің экономикалық теңсіздігінің, олардың планетамыздың ресурстарын пайдалануға қатысуының өткір қайшылықтары айқын болды. Конференцияда «суық соғыстың» аяқталуы одан ауыр бай елдер мен кедей елдер арасындағы соғыстың бастамасы болса, аса ауыр қасіретке әкелу мүмкіндігі айтылды. Сондықтан КОСР-92 ортақ идея ретінде төмендегі айқын жорамалдарды ұсынды: - тұрақты даму және әділетті әлем жолында, әсіресе дамыған елдер тарапынан ымыра мен құрбандық сөзсіз болады; - дамушы елдердің игілікке дамыған елдердің бақуаттыққа жеткен жолымен жүруі мұмкін емес; - әлемдік қауымдастық ұзақ мерзімдік тұрақты даму жолына түсуі керек; - осы жолға түсудің сөзсіз қажеттілігін барлық елдерде қоғамның әрбір топтарының түсінуі және оған мейлінше жағдай туғызу талаптарын орындауы қажет. Конференция бірнеше маңызды құжаттар қабылдады. Оның ішінде: - қоршаған орта және даму жөнінде Рио ресми мәлімдемесі; - барлық түрдегі ормандарды қорғау және ұдайы өсіруді басқару жөнінде әлемдік ауызбірлік принциптері туралы мәлімдеме; - XXI ғасырдың Күн тәртібі — таяу болашақтың экология-экономикалық және әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге әлемдік қауымдастықты әзірлеуге бағытталған құжат; - климаттың өзгеруі және биологиялық әртүрлілік туралы Рамалық конвенция әзірленді. Конференцияның барлық құжаттарының өзегі — тұрақты даму тұжырымдамасы. Соның ішінде әсіресе Рамалық конвенция мен XXI ғасырдың Күн тәртібінің маңызы аса зор болды. Конференция Климаттың өзгеру мәселесін көтерді және оны шешу қажеттігін мойындады. Рамалық конвенция 1994 ж. күшіне енді және 150 астам елде бекітілді. Конвенцияның мақсаты — атмосферада парник газдарының шоғырлануын климаттық жүйеге қауіпті антропогендік әсер болдырмайтын, табиғи экожүйелердің климаттық өзгеруіне бейімделуін жеткілікті мерзімде, халықты азықпен қамтамасыз етуге қауіп төндірмейтін және тұрақты негізде экономикалық өсімді қамтамасыз ететін дәрежеде тұрақтандыру. Климаттың өзгеруі ғаламдық мәселе екені даусыз, оның салдары барлық елдерге, әр адамға ортақ. Біздің әрқайсымыз және барлығымыз бұл мәселені тудыруға себепші болдық. Сондықтан мәселені барлығымыз бірігіп шешуіміз керек. Ал ол өз кезегінде ғаламдық күштердің және әлемдік ынтымақтастықты талап етеді.                                                                                            
18.Экологиялық факторлар. Экологиялық фактор – кез келген орта жағдайына тіршілік иелерінің бейімделу қабілетімен жауап қайтара алуы.Бұл жерде бір ескере кететін жағдай өлім факторы бейімделу қабілетінен тысқары жатады. Экологиялық факторлар абиотик., биотик., антропогендік, климаттық және тежеу факторларымен тығыз байланысты. Тірі организмдерге әсер ететін ортаның элементтерін экологиялық факторлар д.а. Эк.ф-р организмдер мекендейтін ортасының жағдайын анықтайды. Кез-келген организмге қоршаған ортада көптеген экологиялық факторлар әсер етеді. Дәстүрлі жіктелу бойынша оларды: абиотикалық, биотикалық және антропогендік деп бөледі. Абиотикалық факторлар – бұл тірі организмге әсер ететін қоршаған орта жағдайларының тірі емес компоненттері. Биотикалық факторлар – бұл организмдердің тіршілік әрекетінің басқаларына тигізетін әсері. Антропогендік факторлар – адам қызметінің қоршаған ортаға тигізетін әсерінің жиынтығы.                                                                                    19.Экожүйенің автотрофты және гетеротрофты компоненттері.  Экожүйелер арасында биогеоценоздар арасындағы сияқты анық шекара жоқ, бір экожүйе біртіндеп екінші экожүйеге ауысады. Үлкен экожүйелер кіші экожүйелерден құралады. Мысалы, құмырсқа илеуі, томар, жануарлардың салған іні ішіндегі тіршілік ететін организмдерімен (микрожүйе) бірге орман экожүйелерінің (мезоэкожүйе) құрамына кіреді. Орман экожүйелері басқа экожүйелермен (шалғындық, су айдыны, егістік) бірге табиғи аймақ, физико-географиялық  аудан сияқты (макроэкожүйе) одан да үлкен экожүйелер құрамына енеді. Жер бетіндегі барлық экожүйелер атмосфера және Әлемдік мұхит арқылы байланысып -  биосфераны түзеді. Экожүйелердің құрамы көптеген факторларға, бірінші кезекте климатқа, геологиялық жағдайларға және адам әсеріне байланысты. Егер негізгі ролді автотрофты организмдер – продуценттер атқарса жүйені  автотрофты деп атайды. Егер экожүйеде продуценттер болмаса немесе олардың ролі мардымсыз болса (мысалы, мұхит тереңдіктері, биік тау мұздықтары) мұндай жүйелерді гетеретрофты деп атайды. Экожүйелер табиғи немесе антропогенді болуы мүмкін, мысалы, ауыл шаруашылық, қала, өнеркәсіптік экожүйелер. Жер бетіндегі маңызды экожүйелер болып: тайга, тундра және полярлық белдеулер, мұхиттар, жағалаулар, батпақтар, мангралық тоғайлар, қоңыржай аймақтағы далалар мен ормандар, саванналар, таулар, аралдар және т.б. болып табылады. Экожүйенің бірнеше түрлерін ажыратады: - микроэкожүйе (мысалы, шіріп жатқан ағаш діңі); - мезоэкожүйе (орман, көл, батпақ); - макроэкожүйе (континент, мұхит); - ғаламдық экожүйе (Жер биосферасы). Ю.Одум (1986) табиғи экожүйелердің үш түрін бөледі: жер беті (тундра, тайга, дала, шөл т.б.), тұщы су (көлдер, өзендер, батпақтар)және теңіз (ашық мұхит, өзен құйылыстары) экожүйелері. Бұл классификацияның негізінде өзіне тән белгілері жатыр, мысалы жер беті экожүйесі үшін - өсімдіктер жабыны, тұщы су экожүйелері үшін – судың физикалық қасиеті. 
20.Биоценоздың трофтық құрылымы (продуценттер, консументтер, редуцентер). Биоценоз (био... және гр. koіns — жалпы) — тіршілік жағдайлары азды-көпті біркелкі орта өңірін мекендейтінжануарлардың, өсімдіктер мен микроорганизмдердің жиынтығы;  Құрлықтың  немесе судың белгілі бір бөлігін мекендейтін, сондай-ақ, өзара және тіршілік ортасының табиғат жағдайына бейімделген жануарлар,  өсімдіктер, саңырауқұлақтар, микроорганизмдер  жиынтығы; тірі ағзалар бірлестігі.Биоценоз терминін неміс гидробиологы К. Мебиус ұсынған (1877). Биоценоз — биогеоценоз құрайтын организмдер жиынтығы. Олар тіршілік үшін күрес, табиғи сұрыпталу, т.б. эволюция факторларының нәтижесінде қалыптасады.Биоценоз барлық организмдердің белгілі бір жер көлеміндегі биологиялық жиынтығы мен биологиялық өнімділігі және олардың құрылымы арқылы сипатталады. Биоценоздың кеңістік құрылымы бірдей емес түрлердің кеңістікте бір-біріне сәйкес орналасуын (мысалы, орман қабаттары), түрлік құрылымы бүкіл организмдердің түрлік құрамын және олардың құрамындағы жеке түрлердің сан мөлшерін, ал, қоректік құрылымы қоректік тізбектердің ерекшеліктерін білдіреді.[3]Табиғаттағы зат алмасу процесіне байланысты Биоценоздағы организмдерді 3 топқа бөледі: Продуценттер (гр. autos — өзі және trophй — қорек) аутотрофты организмдер — қоршалған ортадағыбейорганикалық заттардан фотосинтез немесе хемосинтез процесі нәтижесінде тіршілігіне қажетті органикалық заттүзетін организмдер; химиялық реакциялар барысында босайтын энергияларды немесе сәуле энергиясын пайдалана отыра органикалық емес қоспалардан органикалық заттарды синтездеуші ағзалар. Автотрофты ағзаларға кез-келген жасыл өсімдіктер жатады. Автотрофты ағзалар гетеротрофты ағзаларға қарама-қайшы; Консументтер (лат. consumo – тұтынамын), тұтынушылар – қоректік тізбекте фотосинтез немесе хемосинтез жүргізетін өндіргіштер (продуценттер) түзетін дайын органикалық заттарды пайдаланатын организмдер. Барлық  гетеротрофты  организмдер Консументтер болып табылады. Олар өздері пайдаланған органикалық заттарды ақырғы өнімдерге дейін ыдыратпайды. Консументтер тобына барлық адам, жануарлар түрі, микроорганизмдердің біраз тобы, паразитжәне жәндік жегіш өсімдіктер жатады. Консументтер алғашқы (бірінші реттік) және соңғы (екінші реттік) болып жіктеледі. Алдыңғы топқа өсімдік тектес азықпен қоректенетіндер (өсімдік қоректі жануарлар, паразит өсімдіктер, кейбір “өсімдік қоректі” микроорганизмдер), ал соңғысына – жануар текті тамақпен қоректенетіндер жатады. “Консументтер” деген түсінік гетеротрофтар деген ұғымға жақын, бірақ олардың айырмашылығы Консументтер редуценттерге(органикалық қалдықтарды бейорганикалық заттарға айналдыратын организмдерге) жатпайды. Сонымен қатар Консументтер ұғымы автотроф-гетеротроф организмдерін жіктеуде емес, продуцент – консумент – редуцент қатарларын жіктеуде қолданылады. Экологиялық жүйеде Консументтер басқарушы, теңестіруші буын рөлін атқарады, сондықтан олар сан және түр жағынан продуценттерден де, редуценттерден де басым болады; Табиғи байлықты тиімді, ұқыпты пайдалану үшін Биоценозды жан-жақты зерттеудің маңызы зор. Редуценттер[1] (лат. reducentіs — қалпына келтіруші), ыдыратушылар — өлі органикалық заттарды (өлекселер мен организм қалдықтарын) ыдыратып, оларды органикалық емес заттарға айналдыратын организмдер (сапротрофтар). Оларды кейде деструкторлар, яғни ыдыратушылар деп те атайды. Редуценттер табиғи бірлестіктердегі (биогеоценоздардағы), экожүйелердегі қоректік тізбектің соңғы кезеңін қамтиды, яғни қоректік тізбек Редуценттердің қызметімен аяқталады. Сондықтан Редуценттер кез келген қоректік тізбекте (заттар мен энергия айналымында) басты рөл атқарады. Редуценттергетеротрофты  организмдерге жатады. Редуценттердің қоректік тізбектегі атқаратын қызметінің сызба нұсқасы: Редуценттерге бактериялар, саңырауқұлақтар, кейбір балдырлар, өлексемен қоректенетін жәндіктер, шұбалшаң, өзен шаяны, т.б. тіршілік иелері жатады. Сулы ортада тіршілік ететін Редуценттер судың биол. тұрғыдан тазаруына септігін тигізеді. Ал топырақ құрамында кездесетін Редуценттер топырақтың құнарлылығын арттырады.

21.Абиотикалық  және биотикалық факторға сипаттама. Әр тіршілік ортасы ағзаға әсер ететін факторлармен ерекшеленеді. Ағзаға әсер ететін, тіршілік ортасын құрайтын элементтерді экологиялық факторлар деп атайды. Абиотикалық факторлар- табиғаттың өлі элементтері: температура, жарық, радиоактивті сәулену, қысым, ауаның ылғалдылығы, судың құрамындағы тұздар, жел, ағымдар, жергілікті жер релефтары және т.б. Биотикалық факторлар – бұл тірі денелердің бір – біріне тигізетін әсерлері. Тірі ағзалардың бір-біріне (популяциядағы даралар арасындағы, популяциялар арасындағы қарым-қатынастар) әсер етуі. Биотикалық факторлар: селбесу (симбиоз және протокооперация), мутуализм, комменсализм, түріше және түраралық бәсекелестік, паразиттік, жыртқышты, аменсализм, нейтрализм. Биотикалық факторлар ағзалар арқылы ғана емес, табиғи орта арқылы да тікелей немесе жанама әсер ете алады. Өсімдіктердің бір-бірімен және тіршілік орта жағдайымен әрекеті. Популяциядағы өсімдіктердің өздігінен азаюына әкелетін, бір түрге жататынөсімдіетердің арасындағы бәсекелестік; арамшөп өсімдіктері мен мәдени өсімдіктер арасындағы жарық, ылғалға т.с.с. бәсекелестік пайда болады. өсімдіктер атмосфераның газдық құрамын сақтайды, өйткені оттегі- фотосинтез нәтижесі. Жануарлар мен өсімдіктердің бір-біріне әсері. Шөпқоректі жануарлар өсімдікпен қоректене отырып, олардың өсуін тежейді. Бал арасы жабайы аралар өсімдіктерді тозандандырады және шырынмен қоректенеді. Кейбір өсімдіктер өзінің жемісін және тұқымын жануарлар арқылы таратады.                                                                                                                                                    22.Популяцияның гомиостазы. Популяциялық гомеостаз – популяцияның санын реттеу.Популяциялық  гомеостаз дегеніміз популяцияның сандық мәнін белгілі бір шегінде ұстап тұруы. Гомоестаздың түраралық механизмдеріне жыртқыш-жемтік, паразит-иесі типтегі қарым-қатынастар жатады. Түрішілік гомоестаздың негізіне бәсекелестік жатады. Оның екі түрі бар: 1) қатал түрішілік гомосстаз-коннибализм; 2) Жайлы түрдегі түішілік гомосстаз-әдетте особьтардың әлсіретуі арқылы көрініс береді. Бұл механизмде күшті особьтар сыртқы ортаға тежеуіш(әлсіретткіш) заттарды бөледі: стресстік құбылысты, территорияны шектеу, популяция арасындағы миграция.

30.Қышқылдық жаңбырлар, олардың биотаға  әсері. Қышқыл жауындардың пайда болуының негізгі себебі күкірттің қос оксидімен ластануы болып табылады. Су буының қатысуымен күкіртті ангидрид күкірт қышқылының ертіндісіне айналады. Осындай жолмен көмірқышқыл газы мен озот оксидтерінен көмір қышқыл мен озот қышқылы түзіледі. Оларға органикалық қышқылдар мен басқа да қосылыстар араласып, қышқыл реакциясы бар ертіндіні береді. Қышқыл жауынның түзілуіндегі күкірт қос оксидінің үлесі 70%. Қышқыл жауынның жаууына көмір қышқыл газы да үлесін қосады. Алғашқы қышқыл жауындар 1907-1908 жылдары Англияда байқалған. Қышқыл жауындар қазіргі уақытта солтүстік жарты шарда кеңінен таралған. Жалпы қышқыл жауын Скандинавия елдеріне, Англия, ФРГ, Бельгия, Дания, Польша, Канада, АҚШ-тың солт. аудандарына тән. Қышқыл жауын топыраққа, суға, өсімдіктерге, архитектура ескерткіштеріне, ғимараттарға ж/е т.б зиянды әсерін тигізеді. Қышқыл жауын-шашынның әсері әсіресе солтүстік ж/е тропиктік аудандарға ағыс арқылы әсер етеді. Бірінші жағдайда қышқылдығы жоғары топырақ қышқылданады. Бұл топырақтарда қышқылдықты нейтралдайтын табиғи қосыластар болмайды. Жер бетіне түскен қышқылдар мен сульфаттар топырақ құрамының, су айдындарының қышқылдануына алып келуде.    Атмосферадағы озонның мөлшері бар болғаны 0,004%-ды  құрайды. Стратосферада (10-50 км биіктіктегі) қалыңдығы 2-4 мм-ді құрайтын қабат. Атмосферада электр зарядтарының, Күннің ультракүлгін радиацияларының әсерінен оттегінің молекуласынан (О2) озон молекуласы (О3) түзіледі. Озон қабаты биосфераның жоғарғы шекарасы болып есептеледі. Одан жоғары орналасқан қабаттарда тіршілік нышаны білінбейді. Жер бетіндегі барлық организмдердің тіршілігіне қауіпті Күннің өте қысқа ультракүлгін сәулелерін сіңіріп отыруына (6500 есе) байланысты озон қабатын «қорғаныш қабаты» деп те атайды. Озон қабатының 50%-ға бұзылуы ультракүлгін радиацияларды 10 есеге көбейтеді. Озон қабатынан күннің ұзын толқынды ультракүлгін сәулелері (290-380 нм)өтіп кетеді. Біраз мөлшерде тіпті бұл сәулелер адам үшін пайдалы да: терімізді қарайтып күйдіреді, организмнің қорғаныштық қызметі артады. Тал түсте ультракүлгін сәулелердің концентрациясы көп болғандықтан,  күнге күйіп қыздырыну процесін шаңқай түске дейін жүргізген жөн. Озоносфераның бұзылуы орны толмас жағдайларға – тері ісік ауруының күрт көбеюіне, көз катарактасына, жүйке жүйесінің әлсіреуіне, мұхиттағы планктонның жоғалуына, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің мутациясына алып келеді.      1980 жылдары Антарктидадағы ғылыми жұмыс станцияларында жүргізілген зерттеулерден атмосферадағы озон құрамының төмендегені байқалған. Осы құбылыс «озон тесігі» деген атау алды. 1987 жылдың көктемінде Антарктиданың үстіндегі «озон тесігі» барынша үлкейіп, оның ауданы шамамен 7 млн км2 -ді құрады, яғни, ауадағы мөлшері қалыпты нормадан 30-50%-ға төмендеген. Антарктидадағы бұл құбылыс қыркүйек-қараша айларында байқалып, маусымның басқа кездерінде озонның мөлшері нормаға жақын болады. Кейін анықталғандай, атмосферадағы озонның мөлшері Солтүстік жарты шардың орта және жоғары ендіктерінде қыс-көктем (қаңтар-наурыз) айларында, әсіресе Европа, АҚШ, Тынық мұхит, Ресейдің европа бөлігінде, Шығыс Сібір, Жапония үстінде жылдан-жылға азайып келеді. 1992 жылы Оңтүстік Америка құрылығы мен оған жақын кеңістіктерде озон құрамының айтарлықтай төмендегені (50%- ға) тіркелді. 1995 жылы көктемде Арктиканың озонды қабаты шамамен 40%-ға дейін азайған. Сонымен бірге Канаданың солтүстік аудандарында және Скандинавия түбегінің, Шотландия аралдарының, Қазақстанның, Якутияның үстінде «мини-тесіктер» қалыптасқаны тіркелген.      Озон қабатының бұзылуы, яғни, «озон тесігінің» пайда болуы биосферада елеулі өзгерістер тудыруы мүмкін. Сондықтан бұл жағдай күрделі экологиялық мәселенің бірі. Озон қабатының бұзылу процесіне ғарыштық аппараттар, дыбыстан да жылдам ұшатын ұшақтар және ондағы толық жанып бітпеген отын өнімдері және ядролық жарылыстарда бөлінген заттар әсер етеді.      Алайда озон қабаты үшін ең қауіпті заттар – үй тұрмысы мен өнеркәсіпте пайдаланатын мұздатқыштар мен аэрозольді баллондарда пайдаланатын фреондар. Осы заттар атмосфераның жоғарғы қабаттарына көтерілгенде қарқынды түрде озонды бұзатын хлор немесе басқа галогендердің атомын түзетін фотохимиялық ыдырауға ұшырайды, ал олар әрі қарай озонның оттекке айналу процесін жылдамдатады. Дүние жүзі бойынша шамамен 1,3 млн тонна озон ыдыратушы заттар өндіріліп отырады. Оның 35%-ын АҚШ, 40%-ын Европа елдері, 10-12%-ын Жапония, 7-10%- ын Ресей өндіреді.      Озон қабатының бұзылуы адам денсаулығы мен қоршаған ортаға өте зиян екендігі ресми түрде де айтылуда. Озон қабатын сақтау үшін халықаралық келісімдер қажет. 1987 ж. Монреаль хаттамасында фреондарды өндіру және пайдалануды бақылау жайында 70 мемлекет арасында келісім жасалды. Ол құжат бойынша озон қабатына қауіпті фреондарды өндіру 2010 жылға дейін тоқтатылуы керек болатын. 
31.Әлемдік мұхиттың ғаламдық ластануы. Жер бетінің 2/3 бөлігін алып жатқан Әлемдік мұхит - суының салмағы 1,4-1021 кг-ды құрайтын үлкен резервуар. Мұхит суы планетадағы су қорының 97%-ын құрайды. Сондай-ақ Әлемдік мұхит планета халқының тағам ретінде пайдаланатын барлық жануарлар белоктарының 1/6 бөлігімен қамтамасыз етеді. Жер бетіндегі тіршілікті сақтауда негізгі роль мұхитқа, оның ішінде мұхиттың жағалаудағы аймақтарына жатады. Өйткені планета атмосферасына түсетін оттегінің 70% планктондарда жүретін фотосинтез процесінің нәтижесі. Әлемдік мұхит биосферадағы тепе-теңдікті сақтауда үлкен роль атқаратын болғандықтан, оны қорғау халықаралық экологиялық өзекті мәселелердің бірі.Әлемдік мұхиттың зиянды және улы заттармен, мұнаймен және мұнай өнімдерімен, радиоактивті заттармен ластануы үлкен алаңдатушылық тудырып отыр. Ластанудың масштабын мына мәліметтерден көруге болады: жағалаудағы суларға жыл сайын 320 млн тонна темір, 6,5 млн тонна, фосфор, 2,3 млн тонна қорғасын бөлінуде. 1995 жылы тек Қара теңіз бен Азов теңіздерінің өзіне ғана 7,7 млрд/м3 лас тұрмыстық және өнеркәсіптік ағын сулар төгілген. Әсіресе Персия және Аден шығанақтарының сулары және Балтық теңізі мен Солтүстік теңіздің сулары да қатты ластанған. 1945-1947 жылдары кеңес, ағылшын және американдық команда басқармалары қолға түскен және өздерінің улы заттары бар (иприт, фосген) 300 мың тонна оқ-дәрілері суға батырылды. Суға батыру операциялары асығыс, экологиялық қауіпсіздік нормалары сақталмай жасалды. Судың әсерінен қазіргі кезде химиялық оқ - д ә р і л е р д ің корпустары қатты зақымдалды, ал мұның арты жақсылық қа апармайтыны белгілі.Мұхитты қатты ластаушылардың бірі мұнай жоне мұнай өнімдері. Әлемдік мұхитқа жыл сайын орта есеппен 13-14 млн тонна мұнай өнімдері төгілуде. Мұнаймен ластанудың екі түрлі қаупі бар: біріншіден, су бетінде теңіз фаунасы мен флорасына қажетті оттегіні жібермейтін пленка түзіледі; екіншіден, мұнайдың өзі жартылай ыдырауы ұзақ уақытқа созылатын улы зат болып есептеледі. Судың құрамында мұнайдың мөлшері 10- 15 мг/кг жағдайда планктон мен майда шабақтар қырылып қалады. Үлкен танкерлердің апатқа ұшырауы кезінде мұнай өнімдерінің суға төгілуін нағыз экологиялық катастрофа деп айтуға болады.Әсіресе радиоактивті қалдықтарды (РАҚ) көму кезіндегі радиоактивті ластану өте қауіпті болып табылады. Алғашында радиоактивті қоқыстардан арылудың жолы РАҚ-ды мұхиттар мен теңіздерде көму болды. Әдетте бұлар 200 литрлік бөшкелерге салынып, үстіне бетон құйып теңізге тастайтын белсенділігі төмен қалдықтар болды. Алғашқы РАҚ-ды АҚШ Калифорния қаласынан 80 км қашықтықта көмді. 1983 жылға дейін РАҚ-ды ашық теңіздерге көмуді 12 ел жүргізіп келді. Тынық мұхит суына 1949- 1970 жылдары арасында РАҚсалынған 560 261 контейнер көмілген.Соңғы уақытта Әлемдік мұхитты қорғауға арналған бірнеше құжаттар қабылданды. 1972 жылы Лондонда жоғары және орташа деңгейдегі радиациялар қалдықтарымен теңіздерді ластауды тоқтату бойынша Конвенцияға қол қойылды. Орташа және төмен деңгейдегі радиоактивті қалдықтарды көму тек арнайы рұқсатпен жүргізілетін болды. 70-ші жылдардың басынан бері 10 теңізді бірге игеретін әлемнің 120 мемлекетін біріктіретін БҰҰ-ның «Аймақтық теңіз» экологиялық бағдарламасы жұмыс жасап келеді. Аймақтық көпжақты: Солтүстік-Шығыс Атлантика теңіз ортасын қорғау Конвенциясы (Париж, 1992 ж.); Қара теңізді ластану дан қорғау бойынша Конвенция (Бухарест, 1992 ж.) және бірқатар басқа да келісімдер жасалды.

32.Экожүйенің  гомеостазы. Экожүйелердің кеңістік және уақытша тұрақты – жылжымалы жағдайлары гомеостаз және сукцессия деген пікір екі процестің интегралды нәтижесі. Экожүйенің гомеостазы. Экожүйелердің ең маңызды қасиеті ондағы барлық компоненттерінің арасындағы зат пен энергия алмасу процестерінің тепе-теңдігі, тұрақтылығы. Экожүйенің өзін-өзі сүйемелдеуге және өздігінен реттелуге қабілеттілігін гомеостаз деп атайды. Гомеостаздың негізінде кері байланыс принципі жатыр. Осы байланыстың әсерінен қоректік заттардың қорға жиналуы мен бөлек шығуы органикалық қосылыстардың өндірілуі мен ыдырауы процестері реттеледі. Экожүйенің гомеостазын ұстап тұруының белгілі бір шегі болады. Мысалы: ауылшаруашылығында егіс өнімін көбіне енгізілетін тыңайтқыштармен байланыстырады. Бірақ, әдетте, тыңайтқыштар шамадан тыс берілетіндіктен, гомеостаз жүйесі теріс кері байланыс әсерінің жоғарғы шеінен шығып кетеді. Соның салдарынан агроценозда егістік жерлердің тозуына әкеліп соғатын өзгерістер басталып кетеді.

33.Экологиялық  сукцессия (бірінші және екінші  реттік). Белгілі бір уақыт ішінде қауымдастықтар құрылып және өзгеріп отырады. Олардың түрлік құрамы, әртүрлі топтағы организімдердің молдығы, трофикалық құрлымы, өнімділігі және басқа да көрсеткіш тері өзгеріп отырады. Бір биоценоздың екінші биоценозбен жүйелі түрде ауысуын экология лық сукцессия деп айтады. Латынша succession – ауысу. Жалпы биоценоздардың бірін-бірі ауыстыру тізбегін сукцессиялық қатар немесе серия дейді. Сукцессияға мысал ретінде кішігірім көлдің батпаққа, одан орманға айналуын келтіруге болады. Экологиялық сукцессия биоталық қауымдастықпен және физикалық орта арасын да тепе теңдік орнайтын экожүйенің реттелген дамуы, оны болжауға болады. Экологиялық сукцессия бірнеше кезеңнен өтеді, солардың барысында биотикалық қауымдас тықтар бірінен соң бірі алмасып жатады. Сукцессия кезінде түрлердің алмасуының себебі, популяциялар қоршаған ортаны өзгерту ге ұмтыла отырып, өзге популяция лар үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Экологиялық сукцессия барысында организімдер дің түрлік популяциял ары және олардың арасындағы функциялық байланыс тардың түрлері бірін-бірі белгілі заңды лыққа сәйкес кезеңді түрде және қайталанып алмас тырып отырады. Қазіргі таңда сукцессия ның экзогене тикалық және эндогене тикалық түрлерін ажыратады. Экзогене тикалық сукцессия сыртқы абиотикалық немесе антропогендік(батпақтарды құрғату, сулардың ластануы) әсерлерден болуы мүмкін. Эндогене тикалық сукцессия қауымдастықтағы байланыстар жүйесінің немесе құрлымының өзгеруі. Бір биоценоздың екінші биоценозбен жүйелі түрде ауысуын экологиялық сукцессия деп атайды. Жалпы биоценоздардың бірін-бірі ауыстыру тізбегін сукцессиялық қатар немесе серия дейді.сукцессияға мысал ретінде кішігірім көлдің батпаққа, одан орманға айналуын келтіруге болады. Сукцессия - өсу, тұрақтану, климакс сатыларынан тұрады. Экологиялық сукцессияның автотрофты, гетеретрофты, аутогенді, аллогенді, фитогенді, зоогенді, ландшафты, алапатты, антропогенді түрлері бар. Жалпы сипаты бойынша сукцессия бірінші реттік және екінші реттік болып бөлінеді. Бірінші реттік (алғашқы) сукцессия тіршілік иелері жоқжерде: лава үстінде, сусымалы құмдарда, жартастарда, тасты жерлерде басталады.бұл жерде алғашқв қоныстанушылардың (бактериялар, балдырлар, қыналар) ролі зор. Олар тіршілік ету барысында аналық жынысты бұзып өзгертеді, топырақтың түзілуіне себеп болады. Екінші реттік (соңғы) сукцессия бұрын жақсы дамып жетілген биоценоз орнында жүреді. Мысалы, өртенген орман, құрғатылған батпақ немесе бұзылған қауымдастықтар орнында. әдетте мұндай жерлерде тіршілік ресурстарының бай қоры сақталады. Мысалы, өртенген жерде жарық сүйгіш өсімдіктер (гелиофиттер), олардың көлеңкесінде факультативті гелиофиттер, сциофиттер өсе бастайды. Екінші реттік сукцессия топырақ түріне байланысты тез немесе баяу жүруі мүмкін. Екінші реттік сукцессия кезіндегі өзгерістер жылдамдығы алғашқы сукцессиямен салыстырғанда әлдеқайда тез жүреді. 
34.Әлеуметтік-экологиялық кризис және тұрақты даму. «Кризис» сөзі (қаз. «дағдарыс») гректің «кризис» немесе “кринейн”сөзінен дәл аударғанда «шешім қабылдау» деген мағына береді. Бүгінгі күні адамзат ұшырап отырған проблемалардың қысқаша тізімін келтірейік:-ғаламдық жылыну;-климаттық зоналардың ысырылуы;-озон тесіктері;-қоршаған ортаның ластанулары;-жоюға келмейтін радиоактивтік қалдықтар;

Информация о работе Шпаргалка по "Экологическому праву"