Шпаргалка по "Экологическому праву"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2015 в 22:07, шпаргалка

Краткое описание

1.Экология пәні, оның негізгі мақсаты
2.Популяция санының реттелуі; популяция тығыздығына тәуелді және тәуелсіз факторлар
3.Тұрақты даму концепциясы.
4.Экология бөлімдері: аутэкология, синэкология, ғаламдық экология.
5. Популяцияның динамикалық көрсеткіштері: туылу, өсу жылдамдығы, өлуі.
6.Қоршаған ортаның ластаушы факторларының тірі организмдерге әсері.
7.Экология пәнінің басқа пәндермен байланысы.

Вложенные файлы: 1 файл

экология (Автосохраненный).docx

— 102.84 Кб (Скачать файл)

-құнарлы  топырақтың эрозиясы және олардың  аумақтарының қысқаруы;-демографиялық  жарылыс;-қайта қалпына келмейтін  минералдық ресурстардың жүдеуі;-энергетикалық  дағдарыс;-бұрын белгісіз, емделуі  қиын аурулар санының күрт  өсуі;-азық-түліктің жетіспеуі;-планета  халқынының басым бөлігінің ашаршылыққа  ұшырауы;-әлемдік мұхит ресурстарының  жүдеуі және оның ластануы. Бұларды  шешудің осы кезге дейін ұсынылып  келген жолдары мен әдістері  қазірше тұрақты нәтиже бере  алмай отыр. Оның себебі көп. Бір  зерттеушілер осының бәрінің  себебі техникалық прогресс деп  тапса, екіншілері – планета халқының  жарылыс тәрізді күрт өсуі  деп санайды. Діни конфессиялардың  кейбір өкілдері алғы шепке  адамгершіліктің, ізгіліктің жетіспеуі  мен қоғамның моральдық құлдырауын  қояды. Бұл тұрғыда белгілі бір  себепті бөліп айту қиын, дұрысы, ХХ-шы ғасырдың аяғында адамзат  ұшырап отырған жағдайға осы  факторлардың бәрінің жиыны әсер  етеді дегенге саяды.Жер планетасы  адамзаттың ортақ үйі болып  отырған жағдайда көптеген қайшылықтар, соқтығыстар, проблемалар жергілікті  шеңберден шығып, ғаламдық сипат  алып кетуі мүмкін. Сондықтан, бүгінгі  күні табиғат пен қоғамның  ажырамас өзара байланысын түйсінген  дұрыс. Алға материалдық байлықты  көбейту мақсатын қою – планета  биоценозының бірті-бірте, бірақ  жойылуына алып келе жатыр. Бұл  құбылыстың алғашқы қарлығаштары  – климаттың өзгерістері, табиғи  апаттар, өнімділіктің төмендеуі, азық-түлік  өндіру көлемінің азаюы және  оның салдары ретінде – жалпыға  төніп тұрған ашаршылық қаупі. Кроме исключительно внутренних проблем человечества существуют проблемы объективного характера. Минеральные ресурсы планеты недостаточны для поддержания высокого уровня жизни во всех странах. Ученые всего мира уже давно бьют тревогу по поводу явного недостатка средств к жизни.

35.Су  экожүйесінің типтері. Су экожүйелеріндегі организмдердің түрлері мен саны судың тұздылығына, күн сәулесінің терең қабаттарға дейін түсуіне, ондағы еріген оттектің мөлшеріне, биогенді заттар мен температураға байланысты болады. Құрлықтық экожүйелерге қарағанда су экожүйелеріндегі оттекті қажет ететін организмдер судың бетіне жақын аймақтарында тіршілік етеді.   Су экожүйелерінің құрлық экожүйелерінен айырмашылығы төмендегідей:біріншіден, құрлық экожүйелерінің продуценттері-өсімдіктер –биогенді заттар қорымен тамыр жүйелері арқылы тығыз байланыста болады. Су экожүйелерінің продуценттері -балдырлар- мұхит,көл,теңіз т.б. түбіндегі негізгі биогенді заттар қорын пайдаланады. **Екіншіден, құрлық экожүйелерде өсімдіктер көптеген жануарлардың қорегі болыпр табылады, сондықтан жануарлардың таралуы негізінен осы өсімдіктер қауымдастықтарына тікелей байланысты  Суда тіршілік ететін организмдер суда қозғалуына қарай планктон, бентос, және нектон деп бөлінеді. Су түбіндегі топырақта орналасуына қарай эпифауна –топыраққа бекініп, не сол арқылы қозғалып тіршілік ететін организмдер және инфауна-топырақ ішінде тіршілік ететін органзмдер болып бөлінеді.   Жер бетілік сулардың экожүйелері. Жер бетілік суларға көлдер, су қоймалары, тоғандар, көлшіктер жатады. Көлдерде өсімдіктердің екі түрлі тіршілік формалары: бентостар мен фитопланктондар тіршілік етеді. Фитопланктондардың негізінен балдырлар көп кездеседі, олар суда еріген органикалық заттарменқоректенеді. 
36.Жер бетінде халықтың санының өсуінің экологиялық салдары. Жер үшін ең үлкен проблема- тез өсіп келе жатқан халық саны. Осы процесті азайту үшін жасалған көптеген әртүрлі әрекеттер іске аспай жатыр. Қазіргі таңда Африка, Азия, Оңтүстік Америка елдерінде «демографиялық жарылыс» орын алуда. Кезінде экономист Мальтустың өзі халық санының бақылаусыз өсуі азық-түліктің тапшылығына алып келетінін айтқан болатын. Қазіргі таңда кейбір ғалымдардың айтуынша Жер үшін 1млрд немесе соған жақын халық саны оптималды деп есептейді.  Климаттың өзгеруі бойынша үкімет аралық сарапшылар тобының болжамы бойынша -2040жылы Европада жаздың күндері 2003 жылдың жазғы күніндей температура 380С-480С-ты құрайтын болады. Мұндағы негізгі мәселе адамдардың көптеп өлуі емес, өсімдіктер өспей Европада азық-түлікті өсіру тоқтаудың алдында болады-дейді. Бұл ұйым тобының есебінше, 2004 жылы Сахара шөлі Европаның ортасына, тіпті Берлинге дейін жылжиды. 
37.Табиғи ортаның экологиялық факторлар анықтамасы. Табиғи ортаның экологиялық факторлары – тірі организмдерге олардың дербес дамуының бір ғана кезеңінде болса да тікелей немесе жанама әсер ете алатын, ортаның кез-келген әрі қарай бөлшектелмейтін элементі. Бұл анықтамада экологиялық факторлардың мынандай критерийлерін ерекше атап өту қажет: 1. Ортаның қарастырып отырған элементінің одан әрі бөлшектенбеуі. Мысалы, су қоймасының тереңдігін немесе тіршілік ету орнының теңіз деңгейінен биіктігін экологиялық фактор ретінде қарастыруға болмайды, себебі тереңдік суды мекендеуші организмдерге тікелей емес, қысымның артуы, жарықталудың кемуі, температураның төмендеуі, еріген оттегінің азаюы, су тұздылығының жоғарлауы, т.б. арқылы әсер етеді; биіктіктің әсері температураның, атмосфералық қысымның төмендеуі арқылы жүзеге асырылады. Шын мәнінде температура, жарықталу, тұздылық және т.т. тірі организмдерге тікелей әсер етуші сыртқы ортаның экологиялық факторлары ретінде білінеді. 2. Экологиялық фактордың әсері тікелей емес, аралық буындар арқылы берілуі мүмкін, яғни бұндай жағдайда ол көптеген себеп-салдарлық байланыстар арқылы ықпал көрсетеді. Экологиялық факторлардың аралық буындар арқылы ықпал етуінің мысалын құс базарынан көруге болады. Құс базарларында құстар орасан көп шоғырланады. Бұнда басты рольді биогендік заттар атқарады; құстардың саңғырығы суға түседі; судағы органиканы бактериялар минералдандырады, соған байланысты осы жерлерде балдырлар шоғырланады. Бұл өз кезегінде планктондық организмдердің, негізінен шаян тәрізділердің концентрациясының артуына әкеліп соғады. Соңғылармен балықтар қоректенеді, ал олармен базарды мекендеуші құстар қоректенеді. Демек бұл жерде құс саңғырығы экологиялық фактор ретінде көрінеді. Экологиялық факторлар табиғаты жағынан қаншалықты әралуан болмасын, олардың әсерінің нәтижелері экологиялық тұрғыдан салыстыруға келеді, өйткені әрқашанда организмдердің тіршілік әрекетінің өзгерісі арқылы білінеді, ал бұл, ақырында, популяция санының өзгеруіне әкеліп соғады. Осы тәуелділікті талдау, оның белгілі бір заңдылықтары барын көрсетеді. 
38.Арал аймағының әлеуметтік-экологиялық мәселелері. Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суын таратуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздардың мөлшері жылына 13-20 млн. тонна деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауылшаруашылығына зардабын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың өзгеріуі шөл белдеменің табиғи ландшафтарын бірте-бірте күрделі әрі қайтымсыз атропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда.       Арал өңіріндегі антропогендік факторлар ондағы тұрғындардың салт-дәстүрлеріне, экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етуде. Жұмыссыз қалған балықшылар әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалып, басқа аймақтарға еріксіз қоныс аударуда.    Қазіргі Арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бұл өңірде соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, бүйрекке тас байлану, сары су, өкпе-тыныс жолдарының қабынуы, жұқпалы ауралар республиканың басқа өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр. Арал теңізінің болашағы дүниежүзі халықтарының толғандыруда. Оның  біржола жойылып кетуі Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес көптеген Шығыс елдерінің тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ал ауытқушылықтар антропогендік экожүйелердің тұрақсыздығын тудырады. Арал мәселесі соңғы 10 шақты жылда географ және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі пікір таластар туғызады. Арал мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Өркениетті елдер қаржылай көмек көрсетуде. Олар негізінен Орта Азия республикалар, Ресей, АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер. Арал теңізін құтқару жөнінде бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар. Олар: 1.     Сібір өзендерін Қазақстанға бұру. 2.     Амудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту. 3.     Арал теңізін жартылай сақтап қалу. 4.     Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу. 5.     Жер асты суларын пайдалану. 6.     Арал теңізінің өздігінен табиғи реттелуін немесе толысуын күту. Әрине, бұл жобалар болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы оны күттірмейді. Бәріде қаражатқа тірелуі мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат қауымының білімі мен біліктілігіне байланысты екені анық. Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. "Арал тағдыры  - адам тағдыры" болғандықтан оны сақтап қалу аға ұрпақтың болашақ алдындағы борышы. 
39.Экологиялық факторлардың жіктелу типтері. Организмге әсер ететін кез-келген орта жағдайларын немесе орта компоненттерінэкологиялық факторлар деп атайды. Экологиялық факторлар тірі организмдердің тіршілігіне, санына (молдығына), географиялық таралуына тікелей немесе жанама әсер етеді. Экологиялық факторлар табиғаты бойынша және тірі организмдерге әсер етуі бойынша әр түрлі. Барлық факторларды шартты түрде үлкен 3 топқа бөледі – абиотикалық, биотикалық  және  антропогендік (немесе антропикалық).Абиотикалық факторлар– тірі организмдерге тікел ей немесе жанама әсер ететін өлі табиғат факторлары. Оларға климаттық (температура, ауа қысымы, жел, ылғалдылық, жарық т.б.), атмосфералық (атмосфераның химиялық құрамы), топырақ (эдафикалық), геоморфологиялық, гидрологиялық және басқа факторлар жатады.Биотикалық факторлар- тірі организмдердің бір-бірінің тіршілігіне және тіршілік ететін ортасына әсері. Олар түр ішіжәне түр аралық болып бөлінеді. Түр іші факторларына – демографиялық, этологиялық (мінез-құлық), бәсекелестік және т.б. жатады. Ал түр аралық факторларға популяциялық деңгейдегі әртүрлі теріс әсерлер (бәсекелестік, аменсализм) және оң әсерлер (комменсализм, мутуализм, симбиоз) жатады. Сондай-ақ түрлер арасындағы қарым-қатынастарда екі топқа да жататын әсерлер (жыртқыштық, паразитизм) болуы мүмкін. Бұл әсерлер өсімдіктер (фитогенді), жануарлар (зоогенді), саңырауқұлақтар және микроорганизмдер тарапынан болуы мүмкін. Тірі организмдер қорек (өсімдіктер - фитофаг-жануарлар үшін, жануарлар - жыртқыштар үшін), тіршілік ету ортасы (паразиттер үшін – иесі, үлкен өсімдіктер эпифиттер үшін) ролін атқара отырып, көбеюге (өсімдіктер тозаңдатқыштары) немесе бір-біріне химиялық, физикалық және басқадай да әсері болуы мүмкін. Биотикалық факторлар тікелей – бір организмдердің екінші бір организмдерге тікелей әсері (кейбір өсімдіктердегі паразитті шырмауықтар) жәнежанама(қоршаған өлі табиғаттың өзгеруі арқылы) болып бөлінеді. Мысалы, шыршаның қалың бұтақтары топыраққа көлеңке түсіріп, төмендегі өсімдіктерге жарықты аз өткізіп, басқа шөптесін өсімдіктердің өсуіне әсер етеді. Кейбір өсімдіктердің зат алмасуы нәтижесінде ортаға химиялық заттар (фитонцидтер, гликозидтер, эфир майлары) бөлуі арқылы әсер етуі. Мұны аллелопатиядеп атайды (бидайық тамырсабағы арқылы топыраққа токсиндер бөліп, мәдени өсімдіктердің тұқымының өнуін нашарлатады немесе арам шөптердің мәдени дақылдардың өсуіне кедергі жасауы) Антропогендік (антропикалық) факторлар – адамның қатысуымен қоршаған ортаға, организмдердің тіршілігіне немесе өсімдіктер мен жануарларға тікелей әсер ету. Антропогендік факторлар жыл өткен сайын күшейіп келеді. Соңғы кездері антропогендік факторлардың әсерінен биосферада күрделі экологиялық проблемалар пайда болды (парникті эффект, қышқыл жаңбырлар, орманды ағаштардың көптеп қырқылуы, шөлейттену, ортаның улы заттармен ластануы т.б.). Адам қоғамының қоршаған ортаға тигізетін әсері мол: қоршаған ортаның (атмосфераның) құрамы мен қасиетін, өзендерді, теңіздер мен мұхиттарды, сонымен қатар топырақты жай ғана емес, радиоактивті заттармен ластау экожүйелердің құрамы мен құрылымына, көптеген өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің биологиялық алуан түрлілігінің азаюы мен жойылып кетуіне әкелуде.

40.Популяция тұрақтылығының  механизмі: гомеостаз және экологиялық  сукцессия. Популяциялардын ішкі тұрақтылығын өз механизмдері арқылы реттеуін гомеостаз, ал популяцияның сандық мөлшерінің орташа шамадан ауытқуын олардың динамикалық тепе-теңдігі деп, яғни, белгілі бір жагдайдағы популяциялың өз саның бір қалыпта ұстап тұруын атайды. Әрбір жүйенің тіршілік етуі - оның құрамы мен құрылымы, ішкі байланыстары және уақыт пен кеңістіктегі өзгерісі өзін-өзі реттеу арқылы жүзеге асып отырады. Өзін-өзі реттеу - ағзалардың үнемі өзгеріп отыратын орта жағдайларында тіршіліктерін сақтап қалу үшін бейімделуі, ыңғайлануы. Популяцияның өзін-өзі реттеуі табигатта тең екі күш арқылы жүзеге асып отырады. Бір жағынан, бұл популяция санының өсуіне алып келетін барлық факторлардың жиынтығын құрайтын биотикалық потенциал (туылу, жаңа жерлерге қоныстану, қорғаныс механизмдері, т.б.), ал екінші жағынан - популяция санын азайтатын факторлар жиынтығы (судың, қоректің тапшылығы, ауа-райының қолайсыз жағдайлары, жыртқыштар, паразиттер, бәсекелестер, аурулар). Сонымен популяция санының өсуі, азаюы немесе бір қалыпты болуы биотикалық потенциал мен орта салмағының ара салмағына байланысты. Түр популяциясы санының өзгеруі — оның биотикалық потенциалы мен қоршаған орта жағдайлары арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуының нәтижесі. Реттеуші факторлар әсерін ағзалардың түраралық және түріші қарым-қатынастары деңгейінде қарастыруға болады. Гомеостаздың түраралық механизміне жыртқыш-жемтік, иесі- паразит, бәсекелестік қарым-қатынастары жатады. Бәсекелестік популяция іші гомеостазының негізінде жатыр. Ол қатты және жұмсақ формада болуы мүмкін. Қатты формасы особьтардың өліміне алып келеді. Мысалы, орман қауымдастықтарында өскін кезінде 1 га жерде ағашты өсімдіктердің бірнеше жүз мың особы кездеседі. Қылқан жапырақты ағаштардың саны 100-120 жылдан кейін, жапырақты ағаштар саны 50-70 жылдан соң 1 га жерде әдетте 1000 особьтан, көбіне бірнеше жүзден аспайды. Көпшілігі бәсекелестік әсерінен өледі. Жануарлар әлемінде түріші күресі каннибализм (өзі сияқтыларды жеу) арқылы көрініс береді. Мысалы, каннибализм құбылысы кейбір кемірушілерге, жәндіктер личинкаларына, алабұға, шортан балықтарына тән. Тығыз популяцияларда сандық мөлшердің реттелуінің басты механизмі стресс-реакция болып табылады. Егер популяцияға күшті тітіргендіргіш әсер етсе, популяция оған стресс-реакциямен жауап береді. Табиғатта стресстіц көптеген түрлері бар:антропикалық, жүйкелік-психологиялық, шуыл әсері және т.б. Сукцессия - өсу, тұрақтану, климакс сатыларынан тұрады. Экологиялық сукцессияның автотрофты, гетеретрофты, аутогенді, аллогенді, фитогенді, зоогенді, ландшафты, алапатты, антропогенді түрлері бар. Жалпы сипаты бойынша сукцессия бірінші реттік және екінші реттік болып бөлінеді. Бірінші реттік (алғашқы) сукцессия тіршілік иелері жоқжерде: лава үстінде, сусымалы құмдарда, жартастарда, тасты жерлерде басталады.бұл жерде алғашқв қоныстанушылардың (бактериялар, балдырлар, қыналар) ролі зор. Олар тіршілік ету барысында аналық жынысты бұзып өзгертеді, топырақтың түзілуіне себеп болады. Екінші реттік (соңғы) сукцессия бұрын жақсы дамып жетілген биоценоз орнында жүреді. Мысалы, өртенген орман, құрғатылған батпақ немесе бұзылған қауымдастықтар орнында. әдетте мұндай жерлерде тіршілік ресурстарының бай қоры сақталады. 
41.Биотикалық және абиоткалық  факторлар. Биотикалық факторлар — басқа организмдер мен биоценоздардың жеке организмге (жануарға немесе өсімдікке) я биоценозга әсер ететін жиынтығы.Жануарлардың бір түрінің екінші түрімен немесе жануарлардың өсімдікпен қоректенуін биотикалық фактор деп атайды. Биотикалық факторлар организмге тура немесе жанама түрде әсер етіп отырады (мысалы: жануарлардың топырақты қазып өзгертуі, немесе бактериялардың ортаға химизмдік әсері тағы басқалар .Топтық эффект – топ құрып тіршілік ету мен ондағы даралардың санының олардың мінез – құлқына, физиологиясына, даму мен көбеюіне әсері. Көптеген бунақденелілілердің (тарақандар, қанатты шегірткелер және т.б.) топта жеке тіршілік етуге қарағанда зат алмасуы, өсуі мен дамуы жылдам жүреді. Абиотикалық факторлар (гр. 'a' — теріс және bіotіkos — тірішілік, өмір) — бейорганикалық ортаның тірі организмдерге жасайтын тікелей немесе жанама әсерлерінің жиынтығы; сыртқы ортаның бейорганикалық, физикалық және химиялық жағдайлары.Ол ф и з и к а л ы қ абиотикалық фактор (темпиратура, жарық, жел, ылғалдылық, атмосфераның қысымы, ағыстар, радиациялық деңгей, радиоактивті сәуле шығару т.б.), х и м и я л ы қ Абиотикалық фактор (атмосфера, су, қалдықтар, топырақ, шөгінді құрамы және олардағы қоспалар т.б.), к л и м а т т ы қабиотикалық фактор (күн радиациясы, атмосфералық жауын-шашын, гидросфералық қысым т.б.) болып бөлінеді. Өсімдік пен жануарлардың ыстыққа, суыққа, ауа қысымына, су тереңдігіне, хим. құрамына қарай бейімделуі, кейбір жануарлардың қысқы, жазғы ұйқыға кетуі т.б. Абиотикалық факторға байланысты. Жер бетінің, ауаның, судың химиялық және физикалық құрамының өзгеруі тірі организмдерге де әсер етеді. Мысалы, 20 ғасырда Арал теңізініңтартылып, ауада тұз концентрациясының көбеюіне байланысты, миллиондаған  тонна  тұзды шаң тірі организмдерге үлкен әсерін тигізді.Абиоталық факторды химиялық Абиоталық фактор|химиялық (атмосфераның, теңіздің, тұщы судың құрамы және тағы да басқалары) және физика Абиоталық фактор|физикалық (климат, орография) деп екіге бөледі. Абиоталық фактор биоталық және антропогендік факторлармен қосылғанда экологиялық факторлар құрайды.

 

42. Халықаралық экологиялық қарым-қатынас  және халықаралық ұйымдар. Қазақстан Республикасы заңнамасының дамығандығы мен әртараптылығы оны пайдалануда белгілі қиындықтарды да тудырады. Көптеген экологиялық заңдар өзара байланысты және бірін өзгертуді талап етеді, ол елеулі еңбек шығындарымен қатар Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының жалпы жүйесін бұзады, заңдар мен заңға тәуелді актілердің қайшылықтарын тудырады. Мұнымен қатар, аталған заңдарды іске асыру үшін заңға тәуелді көптеген нормативтік құжаттар қажет болады. Осыған байланысты, Қазастан Республикасының заңнамасын одан әрі реформалауды экологиялық заңнама нормаларын ұлғайтуға емес, оларды жүйеге келтіру мен пәрменділігін арттыруға бағытртау қажет. Нақ осы міндетті Қазақстан республикасының экологиялық заңнамасын жинақтау, қоршаған орта мен табиғи ресурстарды сақтау жөніндегі нормаларын қорытындылау, жүйеге келтіру және нақтылау шаралары шеше алады.  Заңға тәуелді нормативтік құқықтық құжаттарға сілтемесіз, тікелей әрекетті ережелердің  көпшілігін қоршаған ортаны қорғау туралы кодексте көрсету жоспарлануда.  Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамасын жинақтау процесі 2006 жылдың аяғына дейін аяқталуы тиіс. 

43.Антропогенді  факторлар – экологиялық факторларың  ерекше тобы.  Антропогендік фактор деп адамның қызмет қарекетінен жаңа түрде туындайтын фактор. Адамның шаруашылық іс әрекеті салдарынан қоршаған ортаның кейбір жерлерінің өзгергені соншалық табиғи құрауыштарының байланысы басқа болып, бұрынғы кешендермен салыстырғанда жаңа кешендер қалыптасады. Дүние жүзіндегі шөлдерінің шығу тегі негізінде антропогендік болып  саналады.Қазіргі уақытта шөл аумағы 10 млн шаршы километрге жетті, бұл үлкен құрлық аумағының 7 пайызына жуық. Көптеген жер көлемінің өзгеруі шаруашылықтың, мысалы, егіс алқаптарының тым үлкен болуы, олардың дұрыс күтілмеуі, қорғаныш орман-тоғай белделері мен ықтырма белдеулердің болмауы, құрылыс салу, пайдалы қазбалар өндіру кезінде үстіңгі қабаттың жалаңаштануы, малдың тым көп жайылуы тағы да басқа жұмыстардың дұрыс жүргізілмеуі салдарынан орын алды. Қазіргі кезде антропогендік факторлар әсерінің артуынан күрделі экологиялық проблемалар; көшетхана эффектісі, қышқыл жаңбыр, ормансыздандыру, ядролық қыс, озон қабатының жұқаруы мен тесілуі, шөлейттену, т.б. туындады. Антропогендік факторларға өнеркәсіп индустриясының барлық салалары, көлік, ауылшаруашылығы, орман шаруашылығы, энергетика, атом қаруын, сынау, мұнай, газ және тау-кен өндіріс салалары, т.б. жатады. АҚШ-ның Вашингтон қаласында орналасқан бүкіләлемдік бақылау институтының мәліметтері бойынша табиғи орта жылдан жылға нашарлауда. Институт жариялаған мәліметтерге сүйенсек жылына 16.8 млн. га тропикті ылғалды орман тжойылып, жерді дұрыс пайдаланбау салдарынан 6 млн. га шөл пайда болып, қышқыл жаңбырдан 50 млн. га орман зақымдалып, планетадағы жыртылатын жердің 26 млрд.т құнарлы қабаты мен өсімдіктердің  25-30 мың түрінен айырылып қалатын жағдай туып отырғаны анықталған.   Қазіргі таңда антропогендік факторлардың әсерінің артуынан күрделі экологиялық проблемалары: қышқыл жаңбыр, ормансыздандыру, озон қабатының жұқаруы мен тесілуі, пайдалы қазбалар өндіру кезінде үстіңгі қабаттың жалаңаштануы ж/е т.б. Жалпы антропогенді факторды кең ауқымды мағынада қарастырсақ, енді, адам өміріндегі-өндіріс обьектісі, қоршаған орта жүйесіндегі негізгі антропогендік өндірістік фактор ретінде қарастырған жөн. Антропогендік өндірістік фактор әр түрлі нышандармен топтастырылады. өзінің табиғатына байланысты АӨФ физикалық, химиялық, биологиялық, психофизикалық болып бөлінеді. АӨФ тигізетін әсеріне байланысты мынадай түрлерге бөлуге болады.   1) зиянды-белгілі бір жағдайда өндіріс қызметшілерін ауыртатын, олардың жұмысқа қабілеттілігін төмендететін АӨФ әсерлері. 2) қауіпті-белгілі бір жағдайларда өндірісте жұмыс істейтіндерді жарақаттандыратын н/е денсаулықтарын күрт төмендететін АӨФ әсерлер. 3) өте қауіпті-белгілі бір жағдайда өнеркәсіптік апаттар тудыратын, қоршаған ортаға үлкен зиянын тигізетін факторлады АӨФ әсерлері болып саналады. 

44.Бірлестіктер  экологиясы.

45.Абиотикалық  факторлардың тірі организмге  әсері.                  46.Қоғамның тұрақты даму моделі, оның көрсеткіштері және принциптері, қызметі

47.Негізгі  абиотикалық факторлардың экологиялық  маңызы.

48.Қазақстан  және тұрақты даму проблемалары.

49.Абиотикалық  факторлардың сигналдық  маңызы.

 

 

50.Ю.Либихтың минимум заңы. Неміс ғалымы Юстус Либих 1840ж <Минимум заңын> ашты Минимум заңы.Кез келген организм топтарының өмір сүруі белгілі бір комплексті жағдайларға байланысты. Мысалы:өсімдік ылғал ауаны жарықты қоректік заттарды қажет етеді ал осы қоректік заттардың бірі жетіспеген болса онда организмнің жағдайы төмендейді.Ю.Либих өсімдіктерге тәжірибе жасап өсімдіктің өсуі топырақтағы жетіспейтін ең аз микроэлементтің мөлшеріне байланысты болатынын дәлелдеген. Бұл элементтің орнын басқа элементтермен толықтырса да,өсімдіктер дұрыс жетілмеген. Нәтижесінде өсімдіктің өсіп-дамуын олар ең аз мөлшерде қажет ететін микроэлементтер анықтайтыны белгілі болған.Бұл Либихтың <Минумум заңы> деп аталады.Ю.Либих организнің төзімділігі оның экологиялық мұқтаждығының ішіндегі ең осал буынына тәуелді болатындығын айтты.Одан шығатын қорытынды,экологиялық факторлар жиынтығына төзімділік шегіне ең жақын фактор күшті әсер етіп,басты фактор болып саналады.                                                                                                                                                 51. В.Шелфордтың толеранттылық заңы. 1913ж В.Шелфорд лимиттік әсерлердің минимум заңына сай <Максимум >заңын ,яғни төзімділік шек заңын ашты.Оны Шелфордтың толеранттылық зыңы деп атайды, (латын тілінен аударғанда tolerantia-шыдау,төзу ). Экологиялық факторлар оптималды жағдайдан ауытқығанда организм тіршілігінің төмендеуінің жоғарғы шегі, организмнің тіршілігін сақтау ұстамдығы,төзімділігі <төзімділік шек >деп аталады.Әрбір организмнің өзіне тән төзімділік шегі болады.Кез-келген жағдайдың толеренттық шекке жақындауы немесе одан жоғарылауы лимиттік жағдай немесе лимиттік(шектеуші )факторлар деп аталады.Төзімділік шегінен шығып кетсе, организм тіршілігін жояды.Организм үшін максимальды және минимальды жағдайда қауіпті,органимзде өзгерістер жүріп,оның тіршілігін жояға дейін алып барады,оны летальді жағдай деп атайды,Летальді жағдайға жетпеу үшін организмге әсер ететін заттың белгілі бір шекті концентрациясы белгіленеді

Толеранттық шек болатын факторлардың түрлері өте көп.Организмдер көбею кезінде,қоршаған орта жағдайы лимиттік фактор болады.Ыстық сүйетін өсімдіктер үшін аяз,солтүстік аудандарда күн сәулесі жетпей,ылғалдың артық болуы ,ал оңтүстікте күн сәулесінің артық болуынан ылғалдылық жетпеуі лимиттік фактор,мысалы бола алады.

52.Толеранттылық диапазоны. Организмге  қатысты факторлардың әсерінен бірнеше жалпы заңдылықтарды бөліп көрсетуге болады,Ондай заңдылықтарға :оптимум ережесі,шектеулі факторлар ережесі,факторлардың өзара әсері ережесі және т,б жатады.Организм тіршілігі үшін аса қолайлы экологиялық факторлардың белсенділігі оптимум немесе экологиялық факторлардың оптимум аймағы деп аталады.Оптимум аймағынан тыс,организмнің тіршіліне қауіпті немесе өлуіне алып келетін  пессимум аймағы деп аталады (бұл схемада көрсетілген).Белгілі бір факторларға қатысты организмнің өмір сүре алатын төзімділік  нүктелерінің арасын организмдердің  экологиялық толеранттылығы деп атайды.Фактордың ең төменгі немесе ең жоғарғы мәндерінен асып,организмнің тіршілігін тоқтатуы туралы ұғымды ғылымға 1913ж американдық зоолог В,Шелфорд енгізді,Бұл максимум немесе төзімділік(толеранттық) заңы деп аталады, Кейде мұны Шелфорд ережесі деп те атайды.Организмдердің белгілі бір ортада орналасуы немесе тіршілік етуі,организмнің белгілі бір шыдамдылық (толеранттық,латынша tolerantia-шыдам,төзім)шектері (диапазон)бар кешенді экологиялық факторларына байланысты,Организм тек осы минималды (ең жоғары)мәндердің аралығында ғана өмір сүре алады.Шыдамдылық немесе төзімділік шектерін экологиялық валенттілік деп те атайды.Экологиялық валенттілік –организмдердің  орта факторларының белгілі бір шамадағы өзгерісіне төзімділігі,яғни түрлердің қоршаған ортаға бейімделуі,Организм орта жағдайының ауытқуына неғұрлым төзімділік көрсетсе,оның экологиялық валенттідігі де соғұрлым жоғары болады.                            53.Экологиялық оптимум, максимум және пессимум. Организмге қатысты факторлардың әсерінен бірнеше жалпы заңдылықтарды бөліп көрсетуге болады. Ондай заңдылықтарға оптимум ережесі, шектеулі факторлар ережесі, факторлардың өз ара әсері ережесі және т.б. жатады. Кез-келген фактордың организмге оң әсер ететін шектері болады. Фактордың жоғары немесе төмен дәрежедегі әсері организмге теріс әсер етеді. Мысалы, ылғалдың тапшылығы немесе шектен тыс көп мөлшері өсімдікке дұрыс өсуіне кері әсер етеді. Организм тіршілігі үшін аса қолайлы экологиялық фактордың белсенділігіоптимум немесе экологиялық фактордың оптимум аймағы деп аталады. Оптимум аймағынан тыс, организмнің тіршілігіне қауіпті немесе өлуіне алып келетін пессимум аймағыжатыр. Әрбір организм, түр үшін өзінің оптимум жағдайлары бар. Ол тек әр түрлі жағдайда орналасқан әр түрге жататын особьтар үшін ғана емес, бір организмнің әртүрлі даму стадияларында да әр қалай болады. Түр үшін оптимумның қандай деңгейі қолайлы болуына байланысты оларды жылу сүйетін және салқын сүйетін, ылғал сүйетін және құрғақшылықты сүйетін және т.б. деп бөледі. Әрбір түр үшін өзіне тән шыдамдылық шектері болады. Ал организмнің белгілі бір орта факторының жағымсыз әсер-ықпалына шыдамдылық қабілетін төзімділік дейді.төзімділік нүктелерінің арасын организмдердің экологиялық валенттілігі (толеранттылығы) деп атайды. Фактордың ең төменгі немесе ең жоғары мәндерінен асып, организмнің тіршілігін тоқтатуы туралы ұғымды ғылымға 1913 жылы американдық зоолог В.Шелфорд енгізді. Бұл максимум заңында немесе толеранттық (төзімділік) заңында көрсетілген. Кейде мұны Шелфорд ережесі деп те атайды: Организмдердің белгілі бір ортада орналасуы немесе тіршілік етуі, организмнің белгілі бір шыдамдылық(толеранттылық, латынша tolerantia – шыдам, төзім) шектері (диапазон) бар кешенді экологиялық факторларына байланысты. Организм тек осы минималды (ең төмен) және максималды (ең жоғарғы) мәндердің аралығында ғана өмір сүре алады. В.Шелфорд заңының практикалық маңызы зор. Түрлердің тіршілігін сақтау үшін экологиялық факторларға шектен шығып кетуге мүмкіндік бермей оңтайлы белдемде ұстау қажет. Бұл заңдылықты адамның тірі табиғатпен қарым-қатынаста болатын барлық шаруашылық салаларында ұстаған өте дұрыс. Оптимум заңын қолдану кейде қиынға түседі, себебі әр фактордың әр түрдің өзіне ғана тән оңтайлы мөлшері болады. Бір түрге жасалған жақсы жағдай екінші бір түр үшін пессимум болуы немесе тіпті шектен шығып, өте қиын жағдай тудыруы мүмкін. В.Шелфорд заңы ашылғаннан кейін көптеген зерттеу жұмыстары жүргізіліп өсімдіктер мен жануарлардың, сонымен қатар адамдардың да тіршілік ету шектері анықталды. Неміс ғалымы Ю.Либих (1840 ж.) топырақтағы әр түрлі химиялық элементтердің өсімдіктерге әсерін зерттей келе мынадай тұжырым жасады: «Өнімділік ең аз мөлшердегі затқа (факторға) байланысты». Бұл принципті минимум ережесі немесе Либих заңы деп атайды. Либих өз заңын тұжырымдай келе шектеулі мүмкіндіктер ретінде аса маңызды топырақтағы аз мөлшердегі химиялық элементтерді есептеді. Олар микроэлементтер деп аталады. Оларға темір, мыс, мырыш, бор, кремний, молибден, хлор, ванадий, кобальт, йод, натрий жатады. Мысалы, топырақта өсімдікке қажетті минералды элементтердің барлығы жетерлік, бірақ мырыш жетіспейді деп есептейік. Соған байланысты бұл элементтің өсімдікке қажеттілігі аз болғанымен өсімдіктің өсуі нашарлайды..                                                                             54.Эврибионтты және стенобионтты организмдер. Экологиялық толеранттылыққа байланысты организмдер екі типке бөлінеді. Эврибионттар (грекше eurus-кең)-факторлардың кең диапазонында тіршілік ете алатын организмдер. Мысалы, эвритермді түрлер- температураның үлкен ауытқуына шыдамды организмдер. Эвригалинді түрлер-су тұздылығының үлкен ауытқуына шыдамды организмдер, эврибатты түрлер-қысымның қатты ауытқуына төзе алатын организмдер, эврифагтар-әртүрлі азықтармен қоректене алатын организмдер, эвритоптар-әртүрлі тіршілік орталарында кең таралған организмдер.  Стенобионттар-(грекше stenos-тар)-тек белгілі бір орта жағдайларында ғана тіршілік ете алатын (ортаның шамалы ғана ауытқуларына төзе алатын) организмдер. Мысалы, стенотермді түрлер тек температураның аз ғана ауытқуына ғана шыдамды организмдер (теңіз маржандары, бахтах(форель)), стеногалинді түрлер-су тұздылығының өзгеруіне төзе алмайтын организмдер(ұлу), стенобатты түрлер- қысымның ауытқуына шыдай алмайтын организмдер (риф түзетін маржандар 40-50метр тереңдіктен төмен тіршілік ете алмайды, Vitjazaster djaronovi теңіз жұлдызы тек 4500-5100тереңдікте ғана тіршілік ете алады), стенофагтар-азықтың белгілі бір түрлерімен ғана қоректенеді (жұмыртқа жегіш жыландар), стенотоптар- тек белгілі бір тіршілік орталарында ғана өмір сүре алады (мысалы,құмды шөлдегі сексеуіл, құм жыланы немесе тек тұзды топырақта өсетін қара сексеуіл) және т.б.  Мысалы, теңіздерде тіршілік ететін организмдердің көпшілігі судың жоғары тұздылығына бейімделген, егер судағы тұздардың мөлшері аз ғана төмейдейтін болса ол организмдер үшін қауіпті жағдай туады. Ал эврибионттар тұщы суда да, суы тұщы теңіздерде де тіршілік ете алады. Трундрада тіршілік ететін, қасқыр тұқымдасына жататын аң ақ түлкі температураның 800С ауытқуына төзе алатын болса, жылы суларда тіршілік ететін шаян температура өзгеруінің 60-на ғана төзе алады. Сондықтан эврибионтты организмдер стенобионттарға қарағанда жер бетінде кең таралған. 
55.Популяциялар экологиясы: популяция түсінігі.Популяция ұғымы латынша халық деген мағынаны білдіреді. Бұл терминді алғаш рет дат генетигі В.Л. Иогансен қолданды. «Популяция» ұғымы биологияда негізгі ұғымдардың бірі, ал  популяцияны генетикалық, эволюциялық, экологиялық  тұрғыдан зерттеу жұмыстары ерекше бағытқа популяциялық биологияға бірігеді. Әрбір түр белгілі бір территорияда  ареалда тіршілік етеді. Көбіне ареалдың әр жерінде орналасқан особьтар топтары бір бірімен байланыса да алмай, шағылыса да алмай бөлектеніп өмір сүреді. Бұл топтардың саны түрдің санына , тарихи жасына, ареалдың аумағына және басқа да себептерге байланысты. Популяция-тіршілік циклдары, морфологиялық белгілері ұқсас, генефондары ортақ особьтар жиынтығы.Экологиялық жүйелердің, сонымен қатар популяцияның негізгі қасиеті-олар үнемі өзгерісте, қозғалыста болады. Бұл жүйенің өнімділігіне, биологиялық алуантүрлілігіне, құрылымдық-функционалдық ерекшелігіне әсер етеді. Тірі материяның ұйымдасу жүйесінде популяциялық деңгей ерекше орын алады.Бір жағынан популяция тіршіліктің әртүрлі деңгейінде: организм-популяция-биоценоз-биогеоценоз-биосфера функционалдық-экологиялық қатарына кіретін биоценотикалық қарым-қатынастың элементарлық бірлігі болып табылады.Екінші жағынан популяция әртүрлі деңгейдегі таксондардың филогенетикалық байланысын: организм-популяция-түр-туыс-тұқымдас-отряд-класс-патшалық көрсететін генетикалық-эволюциялық қатарына кіретін эволюциялық процестің элементарлық бірлігі. Популяциялар құрылымы – бір жағынан түрдің биологиялық қасиеттеріне негізделіп, екінші жағынан – ортаның абиотикалық факторлары мен басқа түрлердің популяциялары әсерінен қалыптасып құрылады. Популяциялар құрылымы тұрақты болмайды. Территориядағы особьтардың таралуы топтардың жынысы, жасы, морфологиялық, физиологиялық, мінез-құлықтары және генетикалық ерекшеліктері бойынша ара қатынастары популяцияның құрылымын көрсетеді.  Популяцияның кеңістіктегі құрылымы – популяция особьтарының кеңістікте орналасу ерекшеліктері. Ол тіршілік ортасының және түрдің биологиялық ерекшелігіне байланысты. Жылдың маусымы, популяцияның сандық мөлшері уақыт бойынша өзгеруі мүмкін. Сондықтан популяция особьтары кеңістікте бірқалыпты,кездейсоқ және топтанып орналасады       Табиғатта особьтардың бірқалыпты орналасуы сирек кездеседі. Кездейсоқ (диффузиялық) орналасу көптеген өсімдіктерде, жануарларда кездеседі. Топтанып орналасуда (мозайкалық) особьтар топ-топ болып кездеседі, мысалы, сүтқоректілер табыны, құстар колониясы. Топтанып  орналасу популяция үшін қолайсыз жағдайларда үлкен тұрақтылық береді.       Жануарлардың ортаның қолайсыз жағдайларына немесе олардың даму циклдарына байланысты жылжып қозғалуын миграция деп атайды. Олар жүйелі (тәуліктік немесе маусымдық) және жүйесіз (қуаңшылық, су тасқыны, өрт, және т.б.) болуы мүмкін. Мысалы, құстардың жылы жаққа ұшуы маусымдық миграцияға жатады.      Ценопопуляциядағы өсімдіктер әрқалай, кейде топтанып, кейде бір-бірінен оқшауланып орналасып микроценопопуляциялар, субпопуляциялар түзеді. Мұндай топтанып орналасуда особьтардың саны, тығыздығы, жастық құрылымы бойынша айырмашылықтар болады.                Жануарлардың қозғалуына байланысты территорияда орналасуы әр текті болады. Тіпті субстратқа бекініп тіршілік ететін түрлерінің өзінде кеңістікті  үнемді пайдалануға икемділігі болады. Асцидияларда (су түбіне бекініп тіршілік ететін омыртқасыз жануар) өсіп келе жатқан колонияларының шеті басқа түрдің колонияларына жанасқан соң олардың үстін орай өсіп, оны көміп тастайды. Егер бір түрге жататын колониялар кездессе, оның әрқайсысы көршісінің өсуін тоқтатып басқа бағытқа қарай өсе бастайды.      Популяциядағы жекелеген особьтардың кеңістікте орналасуына қолдау жасайтын инстинктер құстарда, сүт қоректілерде, кейбір балықтарда және амфибияларда, сондай-ақ жүйке жүйесінің құрылысы күрделі кейбір насекомдарда, өрмекшілерде, сегізаяқтарда және т.б. кездеседі. 
56.Табиғи ортаға антропогендік фактордың әсері. Антропогендік фактор (грек. anthropos – адам, genos – тегі, пайда болуы, лат. factor – іс-әрекет) – адамның барлық тірі организмдердің мекен ортасы ретіндегі табиғатты өзгертуіне әкеп соғатын немесе олардың тіршілігіне тікелей әсер ететін сан алуан әрекеттері. Антропогендік факторға қоршаған ортаға адамның тигізген іс-әрекетінің нәтижесінде атмосфера, өзен-көл және мұхит құрамының өзгеруі, сондай-ақ технология қалдықтар мен радиоактивтік заттардың әсерінен топырақтың ластануы, сөйтіп, жалпы экожүйенің құрамы мен құрылысының бұзылуы жатады. Қазіргі кезде адамның іс-әрекетінің кең көлемде бүкіл биосфераға ерекше әсер етуі жер шарының барлық аймақтарында айқын байқалуда. Бүкіләлемдік бақылау институтының (АҚШ, Вашингтон қ.) мәліметтері бойынша табиғи орта жылдан-жылға нашарлап барады. Интернет жариялаған негізгі мәліметтерде жыл сайын 16,8 млн. га тропиктік ылғалды орман жойылатыны, жерді дұрыс пайдаланбау салдарынан жыл сайын 6 млн. га шөл пайда болатыны, қышқыл жаңбырдан 50 млн. га орманныңзақымдалғаны, жыл сайын біздің планетамызда жыртылатын жердің 26 млрд. т құнарлы қабаты жойылатыны, өсімдіктердің 25 – 30 мың түрі жойылып кету қаупінде тұрғаны атап көрсетілген. Кейінгі кезде атмосфераға жыл сайын 400 млн. т күкірт диоксиді, азот және көміртек оксид|оксидтері, қатты бөлшектер шығарылатыны анықталды. Қазақстанда Арал өңірінің, Семей жерінің, Балқаш маңының, Каспий алқабының экол. апатты аймақтарға айналуына Антропогендік факторлар негіз болып отыр. 57.Популяцияның статикалық көрсеткіштері: популяцияның саны (тығыздығы) және биомассасы, жастық және жыныстық құрамы. Статикалық көрсеткіштер уақыттың осы кезеңіндегі популяцияның күйін, жағдайын сипаттайды.Популяция саны-бұл берілген территориядағы немесе берілген көлемдегі особьтардың жалпы саны.Популяция тығыздығы -  оны мекендейтін особьтардың аудан немесе көлем бірлігіндегі санымен анықталады.Популяциядағы жыныстардың ара қатынасы генетикалық заңдар бойынша аңықталады және оларға орта әсер етеді. Популяцияның жастық құрылымы особьтардың барлық жас топтарын,оның ішінде организмнің барлық  даму стадиялары мен фазаларын қамтиды. Жалпы өмірінің ұзақтығына қатысты әрбір жастың ұзақтығы әр түрде әрқалай болады. Популяция тығыздығы белгілі бір жерде немесе көлемде особьтар орташа саны. Популяцияның  биомассасы. Популяция санымен оның биомасса  тікелей байланысты. Популяциялардың биоммасасы оның маңызды сипаттамасы. Адам өзіне пайдалы өсімдіктер мен жан-ң биомассасын пай-ды.

Информация о работе Шпаргалка по "Экологическому праву"