Шпаргалка по "Экологическому праву"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2015 в 22:07, шпаргалка

Краткое описание

1.Экология пәні, оның негізгі мақсаты
2.Популяция санының реттелуі; популяция тығыздығына тәуелді және тәуелсіз факторлар
3.Тұрақты даму концепциясы.
4.Экология бөлімдері: аутэкология, синэкология, ғаламдық экология.
5. Популяцияның динамикалық көрсеткіштері: туылу, өсу жылдамдығы, өлуі.
6.Қоршаған ортаның ластаушы факторларының тірі организмдерге әсері.
7.Экология пәнінің басқа пәндермен байланысы.

Вложенные файлы: 1 файл

экология (Автосохраненный).docx

— 102.84 Кб (Скачать файл)

1.Экология пәні, оның негізгі мақсаты

2.Популяция санының реттелуі; популяция тығыздығына тәуелді және тәуелсіз факторлар

3.Тұрақты даму концепциясы.

4.Экология бөлімдері: аутэкология, синэкология, ғаламдық экология.

5. Популяцияның динамикалық көрсеткіштері: туылу, өсу жылдамдығы, өлуі.

6.Қоршаған ортаның ластаушы факторларының тірі организмдерге әсері.

7.Экология пәнінің басқа пәндермен байланысы.

8.Тірі қалу қисығы, экспоненциальды өсу, биотикалық потенциал.

9.Жер бетінің әр түрлі аумақтарында экологиялық жағдайлардың нашарлау себептері.

10.Экологиялық білімнің даму тарихы.

11.Әлеуметтік-экологиялық дағдарыс және тұрақты даму.

12.Экология ғылымының тәжірибелік маңызы.

13.Биоценоз, биогеоценоз, экожүйе түсінігі.

14.Қоршаған ортаны қорғауда халықаралық ұйымдардың ролі.

15.Тәжірбиелік міндеттерді шешудегі экологияның ролі.

16.Қазақстанның экологиялық проблемалары

17.“Тұрақты даму” түсінігінің пайда болу тарихы.

18.Экологиялық факторлар.

19.Экожүйенің автотрофты және гетеротрофты компоненттері.

20.Биоценоздың трофтық құрылымы (продуценттер, консументтер, редуцентер)

21.Абиотикалық және биотикалық факторға сипаттама.

22.Популяцияның гомиостазы.

23.Қоректік тізбектер және трофикалық деңгейлер.

24.Қазіргі кездегі ғаламдық экологиялық мәселелер: климаттың өзгеруі, озон қабатының жұқаруы.

25.Қазіргі кездегі ғаламдық экологиялық мәселелер: қышқыл жаңбырлар, шөлдену, биологиялық әртүрліліктің азаюы.

26.Биоценоздардың өнімділігі (бірінші және екінші реттік).

27.Атмосфераның ғаламдық ластануы.

28.Организм және тіршілік ету ортасының жағдайы.

29.Организмдердің қарым-қатынас типтері: бәсекелестік, жыртқыш-жемтік, паразитизм, симбиоз, комменсализм, аменсализм.

30.Қышқылдық жаңбырлар, олардың биотаға  әсері.

31.Әлемдік мұхиттың ғаламдық ластануы.

32.Экожүйенің гомеостазы.

33.Экологиялық сукцессия (бірінші және екінші реттік).

34.Әлеуметтік-экологиялық кризис және тұрақты даму.

35.Су экожүйесінің типтері.

36.Жер бетінде халықтың санының өсуінің экологиялық салдары.

37.Табиғи ортаның экологиялық факторлар анықтамасы.

38.Арал аймағының әлеуметтік-экологиялық мәселелері.

39.Экологиялық факторлардың жіктелу типтері.

40.Популяция тұрақтылығының механизмі: гомеостаз және экологиялық сукцессия.

41.Биотикалық және абиоткалық  факторлар.

42. Халықаралық экологиялық қарым-қатынас және халықаралық ұйымдар.

43.Антропогенді факторлар – экологиялық факторларың ерекше тобы.

44.Бірлестіктер экологиясы.

45.Абиотикалық факторлардың тірі организмге әсері.                  46.Қоғамның тұрақты даму моделі, оның көрсеткіштері және принциптері, қызметі

47.Негізгі абиотикалық факторлардың экологиялық маңызы.

48.Қазақстан және тұрақты даму проблемалары.

49.Абиотикалық факторлардың сигналдық  маңызы.

50.Ю.Либихтың минимум заңы

51. В.Шелфордтың толеранттылық заңы.

52.Толеранттылық диапазоны.

53.Экологиялық оптимум, максимум және пессимум.

54.Эврибионтты және стенобионтты организмдер.

55.Популяциялар экологиясы: популяция түсінігі.

56.Табиғи ортаға антропогендік фактордың әсері.

57.Популяцияның статикалық көрсеткіштері: популяцияның саны (тығыздығы) және биомассасы, жастық және жыныстық құрамы.

58.Климаттың өзгеруі және шөлдену проблемасы.

59.Популяцияның кеңісітікте орналасуы: кездейсоқ, біртекті, топтасу.

60.Популяцияның динамикалық көрсеткіштері.

 

1) Экология  пәні, оның негізгі мақсаты. Экологияның мазмұны-организмдердің бір бірімен және қоршаған ортамен қатынастарын популяциялық, биоценоздық, биогеоценоздық биосфералық деңгейде зерттеу болып таб.ды. Экологияның мақсаты-ғаламдық проблемаларды бақылай отырып ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау.»Адам- қоғам –табиғат» арасындағы қатынасты үйлестіре отырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға негіздеу. Экологияның зерттеу обьектісі-жеке особтар емес,особтар топтары:популяциялар, түрлер, қауымдастықтар, экожүйелер, биологиялық микро-макро жүйелер. Қазіргі таңда экология ғылымы зерттелетін объектілердің ерекшеліктеріне, әдістеріне байланысты бірнеше бөлімдерден тұрады: аутэ, демэ, синэ, экожүйелер э, ғаламдық э. Аутэкология (гр autos-өзім)-жеке орг-ң қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін экология бөлімі.Аутэкология ұғымын алғаш рет 1896ж Шретер особьтар экологиясы үшін қолданды.Аутэкология алдымен орг-ң өлі материядан айырмашылығын: зат алмасу,көбею,өзгергіштік ж/е тұқым қуалаушылық,өсуі мен дамуы,тітіркенгіштігі,қозғалысы ж/е бейімдеушілік қасиет-рі бар тіршілік иелері ретінде қарастырылады.Соңғы жылдары аутэкологияда жаңа бағыт-орта ластануының әсеріне орг-ң жауап қайтару тетіктерін қоса зерттеу пайда болды.Демэкология (гр demos-халық)-н/е популяциялар экологиясы-қоршаған орта факторларының популяцияға әсерін,популяция санының өзгеруіг зерттейді.Бір түрге жататын орг-ң топ құрып тіршілік ету ерекшеліктері,биологиялық құрылымы (жас,жыныс,көбею,өлу,табиғаттағы саны, тығыздығы, таралуы ж/е т.б.) табиғаттағы сан мөлшерінің реттелуі мен ауыл шаруашылығындағы маңызы туралы мәліметтерді қарастырады. Эйдэкология (гр eidos-түр)-түр мен оның популяцияларын органикалық дүние дамуының жоғары деңгейі тұрғысында қарастырады. Өйткені особь,популяция белгілі бір нақты түрлердің өкілдері.Сонд,эйдэкология-особь, популяция, түр, биоценоз, биогеоценоз,биосфера деңгейіндегі қарым-қатынастар туралы зерттеулер жүргізеді.Синэкология (гр syn-бірге)н/е қауымдастықтар экологиясы-биоценоз түзетін әр түрге жататын өсімдіктер, жануарлар ж/е микроорганизмдер популяцияларын, олардың түзілуін, дамуын, құрылымын, өзгеруін ж/е қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейді. Осы бағыттардың негізінде жаңа,жалпы биосфераның мәселелерін қарастыратын-ғаламдық экология,қоғам мен табиғаттың қарым-қатынастары мәселелерін қарастыратын-әлеуметтік экология сияқты бағыттар пайда болды 
 
2) Популяция санының реттелуі; популяция тығыздығына тәуелді және тәуелсіз факторлар. Популяциялық  гомеостаз дегеніміз популяцияның сандық мәнін белгілі бір шегінде ұстап тұруы. Реттеуші фактор популяциялық гомосстазды туғызады. Реттеуші факторларға жыртқыш-жемтік типтегі ағзалардың қарым-қатынасы жатады. Реттеуші факторлар түраралық фактор және түрішілік  ағзалардың қарым-қатынас деңгейінде жүреді. Гомоестаздың түраралық механизмдеріне жыртқыш-жемтік, паразит-иесі типтегі қарым-қатынастар жатады. Түрішілік гомоестаздың негізіне бәсекелестік жатады. Оның екі түрі бар: 1) қатал түрішілік гомосстаз-коннибализм; 2) Жайлы түрдегі түішілік гомосстаз-әдетте особьтардың әлсіретуі арқылы көрініс береді. Бұл механизмде күшті особьтар сыртқы ортаға тежеуіш(әлсіретткіш) заттарды бөледі: стресстік құбылысты, территорияны шектеу, популяция арасындағы миграция. Популяция - биота түзілуінің, қалыптасуының негізі болатын «ұяшығы»: мұнда тірі ағзалардың өзіндік қайталануы, көбеюі жүзеге асады, ол бейімделушілік сапасының тұқым қуалаушылығына байланысты түрдің тірі қалуын қамтамасыз етеді, ол жаңа популяциялардың және түр түзілу процестерінің басын береді. Яғни эволюциялық процестердің элементарлы бірлігі болып табылады, өйткені түр оның сапалы кезеңі.Сапалы сипаттағы проблемалардың көбін шешуге мүмкіндік беретін сандық сипаттамалардың ролі ерекше. Белгілі бір жағдайда организмдер сандарының қалыпты ұстауын популяция гомеостазы деп атайды. Әртүрлі түрлерде популяцияның гомеостатикалық мүмкіншілігі түрліше. Олар да особьтардың қарым-қатынасы арқылы іске асады. Популяция динамикасының екі түрі бар:  экспоненциалдық – особьтар санының тығыздығына байланысты, биотикалық факторларға тәуелді. Бұл жағдайда особьтар санының өсуі түрі J-түрі тәрізді қисықпен жүреді. Бұл адамдар популяциясына тән. Ол ең алдымен балалардың өлімінің төмендеуіне байланысты. Популяциядағы особьтар санының өсуін биотикалық факторлар реттеп отарады. Оны популяцияның реттеуші факторы деп атайды.  логистикалық – особьтар санының тығыздығына байланысты емес, абиотикалық факторларға тәуелді. Бұл жағдайда особьтар санының өсуі S-тәрізді қисықпен сипатталады, особьтар саны жоғарғы өлім-жітіммен сипатталады. Логистикалық өсу қисығына (ауа-райы құбылыстары, тамақтың бар-жоқтығы әр-түрлі катастрофалар, т. б.) әсер етеді. Бұл факторлар популяцияның уақытша шексіз өсуін, сондай-ақ 0-ге дейін төмендеуін қамтамасыз етіп отырады. Мұндай факторларды модификалық факторлар деп атайды. 
 
3) Тұрақты даму концепциясы. 1987 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Дүние жүзілік қоршаған орта мен даму коммисиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты есебінде «Қоршаған орта үшін қауіпсіз жолда экономикалық дәуірге» аяқ басуға шақырды. Омында алғаш рет «Тұрақты даму» концепциясы ұсынылды.1992 жылдың маусым айында Рио – де – Женейро қаласында өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Дүние жүзілік қоршаған орта мен даму коммисиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты конференциясы «Тұрақты даму» конференциясын және «ХХІ ғасырдың күн тәртібіне» атты ауқымды бағдарламасын қабылдады.Тұрақты даму табиғи қорларды олардың байлығы мен біртұтастығы толық сақталатындай етіп тиімді пайдалануға бағытталған. Ол адам дамуы мәселелеріне денсаулық, тамақтану, жұмысбастылық, пен тағы да басқа мәселелердің бірқатарын ескере  отырып кешенді түрде қарау қажет деген ұғымды білдіреді.Тұрақты дамуды қамтамасыз етудің негізгі міндеттеріне мыналарды жатқызамыз: Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру;Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғауды басқарудың тиімді жүйесін құру;Табиғи қорларды теңестірілген пайдалану негіздерін қалау.                                                                             Экологиялық мәселелерге байланысты осы міндеттерді іске асыру, тұрақты даму мәселесін шешу жолдары болып табылады.Жер бетіндегі тіршілікті қорғау бүкіл адамзаттың бірігуін талап етеді.Тұрақты даму мәселесін шешу үшін, ең қарапайым  тәсілі  әр адамның экологиялық сауатсыздығын  жоюдан бастау керек. Адамның ең негізгі мақсаты – биосфераны қорғау және сақтап қалу.Қазіргі кезде экология  ерекше маңызға ие .Жер бетінде халық санының өсуі, көптеген елдердің индустриялды дамуы, табиғат ресурстарын  пайдалнуды еселеп  арттырып, адамның табиғатқа әсерін өсіре түсуде. Кейбір елдерде қоршаған ортаның  жағдайының нашарлауы соншалық, адамдар денсаулығына кері әсер ете бастады.Осының бәрі қоғамды  қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше көңіл аударуға, табиғатты сақтау және қалпына келтіру мәселелерімен жақсырақ айналысуға, сондай-ақ оның ресурстарын  үнемі  пайдалануға  итермелейді.Экологиялық мәселенің мәні – табиғаттағы қалыптасқан тепе – теңдікті бұзбай, милиардтаған адамдарды жерде қоныстандыру және барлық  қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Қазіргі жердегі тіршілік адам қызметінің сипатына тәуелді. Адамзат қоғамының үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды.Мұндай дамуды тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың  сана сезімі, оладың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс.

4) Экология  бөлімдері: аутэкология, синэкология, ғаламдық экология. Экология 3 негізгі бағытты зерттейді.1.Аутэкология  - особьтар экологиясы.Аутэкология  бір түрдің  өкілінің (особьтың) қоршаған ортамен өзара қарым- қатынасын зерттейді. Басқаша айтқанда , осы организмге қоршаған орта факторларының әсерін және оларға осы особьтың табиғи реакцияларын зерттейді.Қоршаған орта факторларына : а.) Абиотикалық  факторлар- өлі табиғаттың әсері (климат, t0-ра , ылғалдылық , жарық және т.б.) Биотикалық факторлар – тірі организмдердің әсері.в.)  Антропогендік факторлар – адамның әртүрлі іс-әрекеті нәтижесінің  әсерлері. 2. Демэкология - популяциялық экология. Популяция дегеніміз белгілі ареал бөлігінде ұзақ тіршілік етіп , еркін будандаса алатын бір түр особьтарының жиынтығы. Демэкология популяцияның қалыптасу жағдайәларын , құрылымы  мен динамикасын зертейді. Ол популяция санының өзгеруін, бұл құбылыстың себептерін зерттейді.3.  Синэкология  - қауымдастық экологиясы.Қауымдастық дегеніміз белгілі ареалда  мекендейтін , әртүрлі түрлерден құралған,  тірі  организмдер жиынтығы. Синэкология организмдердің тіршілік жағдайларын , өзара және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейді. Синэкология экожүйелердің шекараларын салумен айналысады, сондықтан  оны биогеноценологиялық экология деп те атайды.                                             5) Популяцияның динамикалық көрсеткіштері: туылу, өсу жылдамдығы, өлуі.Популяция динамикасы – популяциядағы особьтардың сандық мөлшерін және оларды реттеудің механизмдерін зерттейтін популяциялық экологияның бөлімі.Популяция динамикасының негізгі белгілеріне жататындар: 1) популяцияның сандық мөлшері – белгілі бір аумақтағы немесе көлемдегі особьтардың жалпы саны; 2) популяция тығыздығы – белгілі бір жер аумағындағы немесе көлемдегі особьтардың орташа саны; 3) популяциядағы туылу саны – белгілі бір уақыт ішінде көбею нәтижесінде популяцияда пайда болған жаңа особьтар саны; 4) популяциядағы өлу саны – белгілі бір кезеңдегі популяциядағы өлген особьтар саны; 5) популяция өсімі – популяциядағы особьтардың туылуы мен өлуі арасындағы сандық айырмашылық; 6) өсу қарқыны – белгілі бір уақыт ішіндегі популяциядағы орташа өсім.Мұндай демографиялық белгілерді зерттеу популяция тіршілігінің заңдылықтарын, сәйкесінше жалпы экожүйедегі тұрақтылық негіздерін анықтауға мүмкіндік береді.Популяцияның сандық мөлшері мен тығыздығы – популяцияның сандық сипаттамасын көрсететін негізгі көрсеткіштер.

6) Қоршаған  ортаның ластаушы факторларының  тірі организмдерге әсері. Ластаушы - қоршаған ортаға әсер ету мөлшері табиғи деңгейден жоғары субьектілер (физикалық агент, химиялық зат, биологиялық түр). Ластану кез-келген агентпен болуы мүмкін. Тіпті ең таза агент те ластаушы болуы мүмкін, яғни, ластаушы дегеніміз табиғаттың өз тепе-теңдігінен шығуына алып келетін фактор.Жоғарыда айтылғандай, шығу тегі бойынша ластану табиғи және антропогенді (адамның қатысуымен) болып келеді. Табиғи ластану - табиғи, әдетте үлкен апаттар, зілзалалар (жанартау атқылауы, жер сілкіну) нәтижесінде пайда болады.Өкінішке орай, өнеркәсіптің дамуына байланысты қоршаған ортаның ластануы антропогендік ластану болып отыр. Оларды өз кезеғінде жергілікті және ғаламдық деп бөлуге болады. Жергілікті ластану өнеркәсіп аймақтарында немесе қала төңірегінде болуы мүмкін. Ғаламдық ластану үлкен қашықтықтарға тарап биосфералық процестерге, Жерге әсер етеді. Антропогендік ластану адам қатысуымен, олардын тікелей немесе жанама әсер етуінен пайда болады. Атмосфералық ауаны ластаушылар - механикалық, химиялық, физикалық, және биологиялық болып бөлінеді. Механикалық ластаушылар - шаң, қоқыс. Олар органикалық отынды жақ қанда және құрылыс материалдарын дайындау процестері кезінде пайда болады. Химиялық ластаушылар - экожүйедегі концентрациясы нормадан жоғары немесе басқа жақтан енген заттар. Ауаның мейлінше ластануы өнеркәсіп қажеттілігі үшін отындарды жағу, үйлерді жылыту, транспорттардың жұмысы кезінде, тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды жағу, қайта өңдеу кезінде байқалады. Физикалық ластаушылар - Бұл биосфераға техногендік себептерден түсетін энергияның артық көздері. Мысалы, жылу (атмосфераға қызған газдардың бөлінуі); жарық (жасанды жарықтың әсерінен табиғи жарықтың нашарлауы); шуыл (шуылдың мүмкін деңгейден артуы); электромагнитті (электр желісі, радио, теледидар);  радиоактивті (атмосфера радиоактивті заттардың бөлінуі); озон бұзғыш (фреондардың атмосфераға бөлінуі). иологиялық ластаушылар - экожүйеде бұрын болмаған немесе мөлшері қалыпты жағдайдан аспаған организмдер түрлері. Микрорганизмдермен ластануды бактериологиялық ластану деп атайды. Әсіресе кейбір елдердің қарулы күштерінің лабораторияларында жасалатын арнайы немесе кездейсоқ ауру тудырғыш микроорганизмдердің штаммдарымен атмосферанын ластануы өте қауіпті.

7.Экология пәнінің басқа пәндермен байланысы. Экология ғылымының зерттеу объектісі мен міндеттерін айқындау үшін, оның биологияның өзге салаларымен арақатынасына сипаттама берейік. Бұны Ю.Одум өзінің «экология негіздері» атты іргелі еңбегінде қолданған әдіспен көрсеткен қолайлы. Биология ғылымдарының құрылымын «қатпарлы самса» түрінде бейнелесек, оны екі түрлі әдіспен «бөлшектеуге» болар еді: біріншіден –көлденеңінен трілсек, морфология, физиология, генетика, эволюция теориясы, молекулалық биология, даму биологиясы т.б. сияқты тіршіліктің негізгі қасиеттерін зерттейтін және ағзалардың жекеленген топтарын зерттеумен шектелмейтін іргелі ғылымдар шығар еді. Бірақ «самсаны» тігінен тілуге де болады. Онда тірі организмдердің табиғи топтарын зерттеумен шұғылданатын «таксономиялық» ғылымдар шығады. Бұл ғылымдардың ішінде ботаника, зоология және микробиология бар. Өз кезегінде бұлардың әрқайсысы тірі организмдердің өзіне тиесілі шағындау тобымен шұғылданатын ғылым салаларын біріктіреді, соған сәйкес біз зоологияны протозоологияға, энтимологияға, ихтиологияға, орнитологияға және т.т бөлуге қақымыз бар. Экология биологияның іргелі ғылым бөліктері қатарына жатады және әрбір таксономиялық бөлімшенің құрамдас бөлігі болып табылады. 
Экология -“Өсімдіктер географиясы”, “Топырақтану”, “Биоэкология”, “Химия”  «Физика» пәндерімен пән аралық тығыз байланыста.  
8.Тірі қалу қисығы, экспоненциальды өсу, биотикалық потенциал. Tіpi қалу қисық сызығы  — белгілі бір уақыт аралығында тірі қалған түр дарақтарының  санын  көрсететін график. Ол абсцисса өсіндеөмірдің орташа не абсолют ұзақтығы (тіркелетін жастың өмірдің орташа ұзақтығынан ауытқуын) жылмен немесе пайызбен, ал ордината өсінде дүниеге келген 1 мың дарақтың тірі қалғандарының саны көрсетіліп құрылады.Әрбір популяцияға  биотикалық потенциал тән, яғни белгілі бір уақыт аралығындағы популяциядағы особьтардың сандық мөлшерінің көбеюіне қабілеттілігі. Әртүрлі организмдерде биотикалық потенциал әрқалай. Көбеюдің жоғары потенциалы бар организмдерге, мысалы, кейбір бактерияларды жатқызуға болады. Әрбір 20 минут сайын жай бөліну арқылы көбейетін Bacillus coli бактериялары қолайлы жағдайларда бүкіл жер шарын 36 сағатта игеретін еді. Ал 7,5 млрд-қа дейін спора түзетін жауын саңырауқұлағы екінші ұрпағында бүкіл Жер бетін басып қалатын еді. Биотикалық потенциалдың мөлшері әр түрлі түрлерде әрқалай. Мысалы, еліктің аналығы бүкіл өмірінде 10-15 лақты дүниеге алып келеді, нематод трихина (Trichinella spiralis) – 1,8 мың жұмыртқа салса, бал арасының аналығы – 50 мың жұмыртқа, ал ай-балық 3 млрд. уылдырық шашады. Бұл түрлердің биоткалық потенциалы мұнан да жоғары, өйткені дамып келе жатқан жұмыртқалар мен ұрықтардың көпшілігі туылмай жатып өліп кетеді.График бойынша популяцияның осылай өсуін көрсететін қисық сызықты экспоненциалды деп атайды. Сонымен, қолайлы жағдайларда әрбір түрдің сандық мөлшері экспоненциалды (логарифмдік) қисық бойынша өсуге қабілетті. Сандық мөлшердің геометриялық өсу қарқынын экспоненциалды өсу деп атайды.

 

9.Жер бетінің әр түрлі аумақтарында экологиялық жағдайлардың нашарлау себептері. Табиғат - адамзаттың тіршілік ететін ортасы, сондықтан оның көптеген сұраныстарын қанағаттандыратын шикізат көзі болып саналады. Қоршаған ортаның табиғат жағдайлары адамның шаруашылық әрекетінің түрін анықтайды. Мысалы, Қазақстанның шөлейтті, далалы аймақтарында ежелден мал шаруашылығымен айналысқан, ал өзен бойларында суармалы егіншіліктің ошақтары орналасқан. Сонымен қатар қоршаған орта адам денсаулығына да әсерін тигізеді. Ауаның тазалығы, қоршаған ортаның басқа құрам бөліктеріндегі тепе-теңдіктің сақталуы адамның жұмыс қабілетіне, ұзақ өмір сүруіне жағдай жасайды. Тамаша табиғат көріністері адамның күш-қуатының қалпына келіп, тынығуына көмектеседі. Қазіргі кезеңде ғылым мен техниканың өркендеуінің нәтижесінде адамның қоршаған ортаға ықпалы артты. Мұндай ықпалдың зиянды жақтарының бірі - адам денсаулығына әсері.Өнеркәсіпті қалаларда және оған көршілес орналасқан елді мекендерде ауаның әр түрлі газдармен ластануы нәтижесінде халык арасында тыныс жолдары ауруларының саны артуда. Мысалы, Алматы тәрізді ірі калаларда автокөліктерден шыккан улы газдың молаюы байқалады. Көптеген елді мекендерде орталық су құбырлары жүйесінің болмауына байланысты тұрғындар асқазан, ішек ауруларына ұшырайды. Тұрғын халықты сапалы ауыз су - қамтамасыз етуді жақсартпаған жағдайда өндіріс қалдықтарымен, әр түрлі тыңайтқыш, пестицидтермен ластанған өзен суын пайдалану қауіпті. Соның нәтижесінде әр түрлі ауру туғызатын бактериялар көбейіп, сары ауру сияқты дертке шалдықтырады.Адам денсаулығына ядролық жарылыстардың да тигізетін зиянды әсері көп. Мысалы, космодромға көршілес аудандарда, ядролық полигон төңірегінде тұратын халык қатерлі ісік, қанның азаюы (анемия), ак қан (лейкемия) ауруларымен көп ауырады. Қазіргі кезде Байқоңырдан ұшырылып, апатқа ұшыраған зымырандардың сынығы, Орталық Қазақстан жеріне құлаған «Протон» қондырғылары халық денсаулығына өте зиян келтіруде.Республика аумағын бірнеше экологиялық аудандар тобына бөлуге болады:экологиялық жағдайы нашар аудандар;экологиялық жағдайы орташа аудандар;экологиялық жагдайы салыстырмалы жақсы аудандар.Экологиялық жағдайы нашар аудандарға мұнай-газ өндірілетін және металлургия, көмір кен орындары, өнеркәсіптік қалалар, Арал маңы, ядролық полигонаймағы кіреді. Экологиялық аудандардың екінші тобына ауыл шаруашылығы дамыған аудандар жатады. Мұндағы табиғат өзгерістері су, жер қорларының дұрыс пайдаланылмауы нәтижесінде болған. Экологиялық жағдайы басқалармен салыстырғанда біршама қолайлы аудандарға табиғат ландшафтылары аз өзгеріске ұшыраған, негізінен орманды дала мен таулы аймақтар жатады.

Информация о работе Шпаргалка по "Экологическому праву"