Банктік тәуекелдердің мәні мен түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2015 в 20:36, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыстың өзектілігі. Нарықтық құрылымдар жүйесінде коммерциялық банктер маңызды орынға ие. Олардың қызметінің дамуы нарықтық механизмді нақты құрудың қажетті жағдайы болып отыр. Қазіргі уақытта банктер тәуекелмен байланысты операцияларды атқарады. Сондықтан да тәуекелдер шектеулі, бағаланған және банктің қаржылық мүмкіндіктер шеңберінде болуы керек.

Вложенные файлы: 1 файл

Gotovaya_Kurs_rabota_1.doc

— 274.00 Кб (Скачать файл)

Нақты пайыздық мөлшерлеме – бұл тұтынушыны, оның табысының бір бөлігін сақтауға қызығушылығын арттыру үшін қажетті пайыздық мөлшерлеменің деңгейі.[16]

Базалық тәуекел – пайыздық мөлшерлеменің құрылымдағы болатын өзгерістер. Ол банк депозиттерде тартылған қаражаттардың пайыздық мөлшерлемесі осы ресурстарды орналастырған кездегі базалық мөлшерлемеге сәйкес келмегенде пайда болады. Базалық тәуекел күрт өседі, егер банк базалық мөлшерлеме боынша қаражаттарды тартса, аз өзгермелі мөлшерлеме бойынша орналастырса.[17]

Уақытша «үзіліс» тәуекелі ресурстарды бірдей базалық мөлшерлеме бойынша тартқан және орналастырған кезде болады, бірақ оларды қарастыру мерзімі бір – бірінен уақытша үзіліспен жүреді. Тәуекел оларды қарастыру мерзімдерін таңдаумен байланысты болады.

Пайыздық тәуекелдің сыртқы көрінісі маржаның төмендеуі кезінде көрінеді. Пайыздық тәуекелді басқару активтерді және міндеттемелерді басқарудан тұрады. Активтерді басқару, банктің тәуекелді активтер портфелінің құрылымын анықтауға көмектесетін, өтімділіктің тапқырлығымен және қарызды өтемеу тәуекелімен шектеледі. Сонымен қатар, несиелерге бағалардың құрылысын анықтауда банктің еркіндігін шектейтін басқа банкілер тарапынан бағалық бәсекелестіктің болуы. Міндеттерді басқару келесідей шектеулерге тап болады:

  • банк кез келген уақытта өзінің салымшылары мен басқа да кредиторлар арасында сәттілікпен орналастыра алатын қарыздық құралдардың таңдауын және мөлшерін шектеу;
  • бір қаражаттарға басқа банктілер тарапынан бағалық бәсекелестік кезінде болады.

Пайыздық тәуекелдерді басқаруда келесідей сақтандыру әдістері қолданылады:

  1. пайыздық мөлшерлеменің деңгейін болжау;
  2. қайтару мерзімін және пайыздық мөлшерлемені бекіту әдісі бойынша активтер мен пассивтердің үйлесімділігі;
  3. пайыздық своптарды жүргізу;
  4. резервтерді және провизияларды құру;
  5. фьючерстер және опциондар арқылы хеджирлеу және т.б.

Өзгермелі пайыздық мөлшерлемеде берілген несие қарыз алушыны пайыздық мөлшерлеменің өсуінен шығындар тәуекеліне алып келеді. Ол әрине, тіркелген ставкасы бар несиені алуы мүмкін бірақ бұндай мөлшерлемемен несиелер не болмайды, не өте қымбат пайызбен беріледі. Онда қарыз алушы своп мәмілесін қолдану мүмкін. Ол өзгермелі пайыздық мөлшерлемедегі міндеттемесін тіркелген мөлшерлемедегі міндеттемеге ауыстырып және ол адпмға белгілі бір сыйақы сомасын төлейді.

Қазақстанда инфляцияның қарқынын болжау соңғы уақытта пайыздық мөлшерлеменің динамикасын анықтауда шешуші фактор болып табылады. Пайыз тәуекелін хеджирлеу үшін әртүрлі әдістердің жиынтығын қолдану қажет. Тек сол уақытта ғана тәуекелді басқару нәтижелері қанағаттанарлық болады.[18]

Пайыз тәуекелін басқарудың келесідей концепциялары бар:

1. банктің пайыздық маржасы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым пайыздық тәуекелдің деңгейі төмен болады.

2. «СПРЕД» концепциясы немесе  таза пайыздық маржа (NIM). Ол бойынша өлшенген орташа мөлшерлеме мен пассивтер бойынша төленген мөлшерлеме арасында айырма талданады.

3. «Үзіліс» концепциясы. GAP = RSA – RSL, мұндағы

RSA – пайыздық мөлшерлеменің  деңгейіне сезімтал активтер:

          RSL –  пайыздық мөлшерлеменің деңгейіне  сезімтал пассивтер.

«Үзіліс» концепциясы банктің тіркелген және өзгермелі пайыздық мөлшерлемедегі активтер мен пассивтердің теңсіздігіне талдаудан тұрады. GAP пайыздық мөлшерлеменің өзгеріне сезімтал активтер мен пассивтердің берілген деңгейін басқарумен түсіндіріледі. Пайыздық тәуекелдің дәрежесі пайыздық маржаға және  спред – ке әсер ететіндіктен, пайыздық мөлшерлеменің үзілістің мөлшеріне және бағытына, жылдамдығына және ұзақтылығына тәуелді болады. GAP – тің үзіліс шамасы пайыздық мөлшерлеменің деңгейінің өзгеруін хеджирлеуге, не  GAP мөлшерлеменің спекулятивті өзгеруі үшін қолданылады.

Пайыздық тәуекелдің деңгейі келесілерге тәуелді болады.

  • Активтер портфеліндегі өзгерістерге;
  • Пайыздық мөлшерлеменің динамикасына.

Пайыздық тәуекелдің деңгейін бақылаужәне басқару үшін нақты жағдайларға байланысты банкпен нақты стратегиялар құрастырылады.[18]

Пайыздық мөлшерлеменің тәуекеліне қарсы қорғаушы әдістерің мақсаты – банктік пайданы олардың жағымсыз өзгеруінен қорғау. Бұл мақсатқа жету үшін банк менеджерлері пайыздық мөлшерлеменің өзгеруіне сезімтал құрылымдарға өзінің бар назарын аудару қажет. Портфельдің активі бөлігінде бұл несиелер мен бағалы қағаздарға инвестициялары болса, пассивте бұл депозиттер мен ақшалай нарықтағы заемдер болып табылады. Банктің пайдасын пайыздық мөлшерлеменің өзгеруінің жағымсыз әсерінің қорғау үшін банктің басқармасы таза пайыздық маржаны тіркелген деңгейде ұстау қажет.

ТПМ = таза пайыздық табыс / барлық табыс әкелетін активтердің құны.

Мысалы, ірі халықаралық банк несиелер мен бағалы қағаздар бойынша пайыздық төлемдер 4 млрд. долларды құраса, тартылған депозиттер мен  басқа да заемдық қаражаттар бойынша пайыздық қаражаттарды төлеу шығындары 2,6 млрд. долларды құрады. Банктің активтерінің жалпы сомасы 40 млрд. доллар болғанда,  ТПМ – ның үлесі қанша?

ТПМ = 100% *($ 4 млрд. – $ 2,6 млрд.) $ 40 млрд. = 3,5 %.

Егер ТПМ – ның бұл көрсеткіші банктің көңілінен шықса, онда ол пайыздық мөлшерлеме өзгеру тәуекелін хеджирлеудің әртүрлі әдістері үшін қолданылады. Пайыздық мөлшерлеменің тәуекелін хеджирлеудің өте кең тараған түрі дисбалансты басқару арқылы жүзеге асырылады. Банк пайыздық мөлшерлеменің жағымсыз өзгеруінен сақтану үшін келесі теңдікті орындау қажет:

Пайыздық мөлшерлеменің                                        пайыздық мөлшерлеменің

өзгеруіне сезімтал                                =                    өзгеруіне сезімтал

активтердің құны                                                       активтердің құны

 

Тәуекелді басқару процесінде төрт негізгі кезеңді атап көрсетуге болады:

1) Несиелік тәуекелді бағалау және анализдеу – тәуекелді анлмздеудің алғы шарты теңестіру болып табылады. Банк әртүрлі ақпарат негізінде тәуекел байланысы мен түрлері анықтау керек. Сонан соң, тәуекелдердің қандай түрлері өзгеруі мүмкін болатынын анықтау керек. Ақпаратты өңдеу мен жинаудағы шығынды есептей отырып, сол сияқты ескерілмеген тәуекелді белгілеу қажет. [20]

2) Тәуекелдердің көлемін анықтау – тәуекелдерді теңестіру проблемасы әдістерді өлшеумен тығыз байланысты. Тәуекел көлемін анықтау тұрақты шығындардың көлемін бағалау және тәуекелді басқаруды белсенді деңгей көмегімен мүмкіндік береді.

3)Несиелік тәуекелді басқару – тиісті тәуекелді басқару және оның мөлшері анықталғандықтан, несиелік тәуекелді басқаруда стратегиямен әдісті өңдеу қажет. Ол несиелік тәуекелдің пайда болуын болдырмауға бағытталған.

 

2 – сурет         Несиелік тәуекелді басқару ұйымы мен әдістері

 

Банк стратегиясы


       


 

 


 


 


 

 


 

 

 

 


 

 

 

 

4) Несиелік тәуекелді басқаруда бақылау эффектілігі – несиелік тәуекелді басқарудағы шешімдер үнемі бақыланып тұруы тиіс. Жоспарланған көрсеткіштен іске асырылған тәуекел көлемін айқындау және анализдеу себебінің ауытқуына бақылау. Несиелік қызмет үшін шығын және тәуекел құрылымы тәуекелді іске асырумен байланысты.

 

1.4     Банктік тәуекелдерді басқарудың шетелдік тәжірибесі

Несиелер бойынша банктердің зиянға ұшырауының өсуіне біршама әсер ететін факторларға жасалған талдау, батыстың банкирлеріне мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Дүние жүзілік банктің мәліметтеріне сәйкес, несиелер бойынша банктердің зиян шегуінің басты себебіне, 67% - ішкі факторлар, ал 33% - ы сыртқы факторлар үлесі кіреді.

 

5 кесте          Несиелердің барлығы банктің зиян шегуіне әкелетін

факторлар

Ішкі факторлар

67%

Сыртқы факторлар

33%

Қамтамасыз етудің жетіспеушілігі

22%

Компанияның банкроттығы

12%

Несиеге деген өтінішті оқып үйрену

барысында ақпаратты дұрыс бағалау

21%

Кредиторлық қарызды

қайтаруын талап ету

11%

Алдын ала ескерту белгісіне кеш көңіл бөлуі

және операциялық бақылаудың әлсіздігі

18%

Жұмыссыздық/Жанұя

мәселелері

6%

Қамтамасыз етілудің сапасының нашарлығы

5%

Ұрлық/Алдау

4%




 

.

Несие бойынша банктердің зиян шегуіне себеп болатын сыртқы факторлар қатарында бірінші орында компаниялардың банкроттығының тұруы тегін емес. Банктің кез келген қарыз алушысы мұндай факторлардыбасынан кешуі мүмкін. Сондықтан да қарыз алушының несилік қабілетін талдай отырып, банк қызметкерлері міндетті түрде оның қаржылық жағдайын толық анықтап білуге тиіс. Банкроттықтың басты себептеріне басқарудағы жетіспеушілік, тиімді басқаратын ақпараттар жүйесінің болмауы, нарық жағдайларындағы өзгерістер мен бәсекеге төселе алмауы, өз мүмкіндіктері шамадан тыс көбейіп кетуі, яғни ресурстардың жоқтығына қарамастан компанияның жылдам кеңеюі, акционерлік капиталдың жетіспеушілігі және заемдық қаражаттардың үлесінің жоғарылығы жатады.

Несиелердің қамтамасыз ету құнына, барлық несиелік құжаттардың дұрыстығына байланысты несиелрді мынадай тәуекел топтарына жіктейді:

  • ең төменгі тәуекелі бар несиелер (жіктеуге жатпайтын несиелер);
  • ең жоғарғы тәуекелі бар несиелер;
  • шектеулі тәуекелі бар несиелер;
  • ережеден шығу барысында берілген несиелер (стандартты емес несиелер).

Әр тәуекел кластарына өтелмеген тәуекелдер үшін, өтелмеген несиелердің өзіндік үлесі белгіленеді.

Несиелік тәуекелді төмендетудің ең басты тәсіліне – потенциалды қарыз алушыларды таңдау жатады. Қарыз алушының қаржылық жағдайын талдауда және оның алған қарызды банкке уақытылы қайтаруына байланысты сенімділігін бағалауда көптеген әдістер қолданылуды.

Шетелдік банктердің тәжірибесінде қарыз алушының несиелік қабілетін жете бағалау несиелік тәуекелді төмендетуде басты шара болып табылады.[20]

Қарыз алушыға кандидатты бағалау жүйесінде ағылшынның клирингтік банктерінде кеңінен пайдаланып келетін әдістердің біріне  PARSER немесе CAMPARI әдістерін жатқызуға болады.

PARSER:    

P – Person – потенциалды қарыз  алушу туралы ақпарат, оның беделі;

A – Amount – сұрайтын несие сомасының  негіздемесі;

R – Repayment – несиені қайтару мүмкіндігі;

S – Security – қамтамасыз ету құралы;

E – Expediency – несиенің мақсаттылығы;

R - Remuneration – несиені беру тәуекелі  үшін банктің пайыз мөлшерлемесі.

CAMPARI:

C – Character – қарыз алушының беделі;

A – Ability – қарыз алушының бизнесін  бағалау;

M – Means – ссудаға деген қажеттілігін  талдау;

P – Purpous – несиенің мақсаты;

A – Amount – несие сомасының негізделуі;

R – Repayment – несиені қайтару мүмкіндігі;

I – Insurance – несиелік тәуекелден  сақтандыру әдісі.

Американдық банктер тәжірибесінде потенциалды қарыз алушыларды дұрыс таңдай білуде «алты си ережесі» қолданылады:

  • character (қарыз алушының сипаты);
  • capacity (қаржылық мүмкіндігі);
  • cash (ақшалай қаражаты);
  • collateral (қамтамасыз етуі);
  • conditions (жалпы экономикалық жағдай);
  • control (бақылау).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2        КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕ ТӘУЕКЕЛДЕРДІҢ БАСҚАРЫЛУЫН ТАЛДАУ.

 

2.1      Қазақстан Республикасында басқару жүйесін ұйымдастыру

Банктік тәуекелді басқару жүйесі – басқарушылық шешім қабылдауда банктік тәуекелді басқару жүйесі бірінші топты ұсынады. Соның ішінде кез келген тәуекелді айқындау, өлшеу, таратпау және бақылап отыру банктік қызметке әсер етуін минималдау.

Тәуекелді басқару жүйесі келесі элементтерден тұрады:

  • айқындау және тәуекелді өлшеу жүйесі;
  • тәуекелді бақылау жүйесі,
  • тәуекел мониторингі.

Айқындау және тәуекелді өлшеу жүйесі – тәуекелді басқару нақты тәсілде негізделеді. Тәуекелді басқаруда негізгі факторларды белгілеп бағалау, тәуекелді өлшеу, модельдеп әртүрлі жағдайды болжау осы негізде қалыптастыру болып табылады.

Тәуекелді бақылау жүйесі немесе Банк ішілік бақылау жүйесі. Банк ішілік бақылау жүйесінің тиімді және өтімді жұмыс істеу банктік тәуекелді басқару жүйесінің негізі болып табылады.

Банк ішілік  бақылау жүйесі күнделікті қызметінің бөлігі болып табылады. Сонымен қатар тұрақты және үздіксіз процесін ұсынуда Банктің Директорлар Кеңесі, Банк басқармасы, барлық бөлімшелер және әрбір Банк қызметкерлері қатысады. Банк ішілік құрама бақылау қызметін банк ішілік аудитор жүзеге асырады.

Тәуекел мониторингі – бұл банктік тәуекелді бақылау және үнемі тәуекелсіз бағалау жүйесін білдіреді.

Банктік тәуекелді басқару жүйесінің ұйымдық құрылымы төмендегі деңгейде ұсынылады:

Бірінші деңгей (жоғары) Банктің Директорлар Кеңесімен ұсынылады. Банктің барлық қызметінің стратегиялық басқарылуымен бақылауын жүзеге асырады.

Директорлар Кеңесінің  ерекше өкілеттілік құрамына кіретіндер:

Информация о работе Банктік тәуекелдердің мәні мен түрлері