Банктік тәуекелдердің мәні мен түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2015 в 20:36, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыстың өзектілігі. Нарықтық құрылымдар жүйесінде коммерциялық банктер маңызды орынға ие. Олардың қызметінің дамуы нарықтық механизмді нақты құрудың қажетті жағдайы болып отыр. Қазіргі уақытта банктер тәуекелмен байланысты операцияларды атқарады. Сондықтан да тәуекелдер шектеулі, бағаланған және банктің қаржылық мүмкіндіктер шеңберінде болуы керек.

Вложенные файлы: 1 файл

Gotovaya_Kurs_rabota_1.doc

— 274.00 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі. Нарықтық құрылымдар жүйесінде коммерциялық банктер маңызды орынға ие. Олардың қызметінің дамуы нарықтық механизмді нақты құрудың қажетті жағдайы болып отыр. Қазіргі уақытта банктер тәуекелмен байланысты операцияларды атқарады. Сондықтан да тәуекелдер шектеулі, бағаланған және банктің қаржылық мүмкіндіктер шеңберінде болуы керек.

 Қазіргі уақытта банктік  нарықты тәуекелдің болмауы мүмкін  емес. Ол кез келген операцияларда көрініс табады, бірақ та әртүрлі көлемде кездеседі. Сол себептен де банк қызметі үшін бастысы – тәуекелді мүлдем жою емес, оны болжау және ең төменгі деңгейіне жеткізу болып табылады. Қазақстан Республикасында барлық қызметтер саласында экономикалық қайта құрулар процесі жүргізілуде.

Банкте кездесетін тәуекелдердің бәрі банк саясатының және де Қазақстан Республикасының Ұлтық Банкінің бекіткен нормативтерінің бұзылуына жол бермейтін қатаң басқару жүйесінде болуы тиіс. Банктік тәуекелдерді басқару негізінде тәуекелдің деңгейін төмендету бойынша мақсатты бағытталған іздестірулер мен жұмыстарды ұйымдастыру,  табыстылық пен тәуекелдің тиімді қарым – қатынасын табу, белгісіз қаржылық – шаруашылық жағдайындағы пайданы табу және оны көбейту өнері жатыр. Біздің республикамыздың ірі банктері үшін қызметтерінің барлығы тәуекелмен байланысты мақсатты бағытталған деп айтуға болады.

Тәуекелді басқаруға жүйелі тәсілді қолдану және оны ірі банктің активтері мен пассивтерін басқару жүйесін қалыптастыру кезінде (алдағы уақытта дамуы ішін де) қолданылуын есептеуге болады.

Тәуекел  әрқашанда  адам  қызметінің  кез  келген  аясында  бірге болады  және  оның  қызметінің  табыстылығы  тәуекел  мәселесін  жақсы шешуіне  байланысты  болады.

Тәуекел қаржылық операциялардың кез – келген жағдайында пайда болуы мүмкін, бірақ әр түрлі масштабта. Банктік қызметтің мақсаты тәуекелді алдын ала жолдарын ойластыру, пайда болған тәуекелдің деңгейін  алдын ала болжау және төмендету.

Тәуекел – деп белгілі бір қаржылық операцияларды жүргізу нәтижесінде банктің қосымша шығындалатын өздерінің қаражат көзін жоғалту қаупі немесе ықтималдылығы.[1]

Тәуекел  экономикалық  категория  ретінде  кез  келген  кәсіпкердің қызметімен, соның  ішінде  банктің  қызметімен  байланысты  болатын, оның нәтижелігінің  анықсыздығын  және  сәтсіздік  жағдайында  қолайсыз  нәтиже  мүмкіндігін  көрсететін  жағдайдағы  сипаттама  болып  табылады. Қолайсыз  жағдай  орын  алғанда  үш  экономикалық  нәтиже  болуы  мүмкін: кері (ұтылу, жоғалту, шығын); нөлдік  және  оңды (ұтыс, табыс, пайда).

Шығындардың  пайда  болуы  мен  пайданы  жоғалту  сияқты  қолайсыз  нәтижелер  мүмкіндігі  берілген  несиелер  бойынша  төлем жасалмауы, ресурстық  базаның  қысқаруы, баланстан  тыс  операциялар бойынша  төлемдерді  жүзеге  асыру  нәтижесінде  пайда  болуы  мүмкін. Қазіргі  банктік  сектор  тәуекелсіз  болуы  мүмкін  емес, өйткені  әр  банк операциясында  бар, бірақ  белгілі  бір  тәуекелдің  жіктелуі  әр  түрлі  болуы мүмкін. Тәуекелден  құтылу  мүмкін  емес. Сондықтан  кез  келген  кәсіпкер тәуекел  деңгейін  минимумға  түсіруге  тырысады  және  бірнеше альтернативті  шешімдер  ішінен  тәуекел  деңгейі  минималды  шешімді таңдайды, сондай – ақ  тәуекел  деңгейі  мен  табыс  шамасының  оптималды қатынасын  таңдауға  тырысады. Осыған  байланысты  Қазақстандық банкирлерге  банктік  қызмет  нарығында  қалыптасқан  жағдайды  бағалау және  батыс  тәжірибесіндегі  банктік  тәуекел  басқару  мен  мониторингіне көңіл  аудару  керек.

Банк ісіндегі тәуекел – бұл банкті шығындарға және банкроттылыққа әкеп соқтыратын, жоспарланған  қаржылық  операцияларды  жүзеге асыру  нәтижесінде  қосымша  шығындардың  пайда  болуы,  табыстардың толығымен  алмауы  немесе  банктің  өз  ақша – қаражаттарын  жоғалту мүмкіндігі.

Банктің  өз  қызметі  процесінде  тәуекел  түрлерінің  әр түрлі жиынтығымен  кездеседі. Осы  жинақтар  бір – біріне  пайда  болу  уақыты мен  орны, экзогендік  факторлар  жиынтығы (яғни  экономикалық  орта, коньюктурамен  байланысты «сыртқы») және  экзогендік  факторлар  банктің (өзіндік  қате  қызметінен  пайда  болатын «ішкі») бойынша  ажыратылады. Сонымен  бірге, барлық  тәуекел  бір – бірімен  байланысты  және  банк қызметіне  әсер  етеді.

Банк  қызметі  табысты  болу  үшін,  банк  тәуекелді  бөлшектеу  және нақты  тәуекел  түріне  ең  жақсы  басқару  тәсілін  қолдану  қажет.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының негізгі мақсаты банктік тәуекелдер әдістерін талдау негізінде оларды бағалау, басқару тетіктерін жетілдіру бойынша тәжірибелік ұсыныстар жасау болып табылады.

Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін келесідей міндеттерді шешу қарастырылады:

- банктік тәуекелдің экономикалық  мәнін, түрлерін зерттеу және  теориялық тұрғыдан негіздеу  арқылы «банктік тәуекел» түсінігінің  тұжырымын анықтау;

-  банктік тәуекелінің жіктелуі: несиелік тәуекел, валюталық тәуекел, пайыз тәуекелдерін басқару әдістерін анықтау; 

-  коммерциялық банктерде тәуекелдің басқарылу жолдары;

- банктік тәуекелді басқарудыың шетелдік тәжірибесі;

- банктік тәуекелдерді басқарудың заманауи тәсілдерінің жетілу жолдары, Қазақстанда несиелік бюроны құрудағы ұсыныстар қарастыру.

 

 

 

 

  1. БАНКТІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ

 

    1. Банктік тәуекелдердің мәні мен түрлері

Тәуекел  әрқашанда  адам  қызметінің  кез  келген  аясында  бірге болады  және  оның  қызметінің  табыстылығы  тәуекел  мәселесін  жақсы шешуіне  байланысты  болады.

Тәуекел – бұл  табиғаттың  әр  түрлі  құбылыстарынан  және  адамның қызмет  түрлерінен  пайда  болатын  жоғалтулар  қаупінің  мүмкіндігі. Тәуекел – тарихи  және  экономикалық  категория  болып  табылады.

Тәуекел  тарихи  категория  ретінде  қоғам  дамуымен  байланысты болып  және  адамның  болашақта  болатын  қаупі  түсінуімен  байланысты болады. Қоғамның  даму  барысында  тәуекел  экономикалық  категорияға айналады.[2]

Банктік  тәуекел – жоспарланған  қаржылық  операцияларды  жүзеге асыру  нәтижесінде  қосымша  шығындардың  пайда  болуы,  табыстардың толығымен  алмауы  немесе  банктің  өз  ақша – қаражаттарын  жоғалту мүмкіндігі.

Банктің  өз  қызметі  процесінде  тәуекел  түрлерінің  әр түрлі жиынтығымен  кездеседі. Осы  жинақтар  бір – біріне  пайда  болу  уақыты мен  орны, экзогендік  факторлар  жиынтығы (яғни  экономикалық  орта, коньюктурамен  байланысты «сыртқы») және  экзогендік  факторлар  банктің (өзіндік  қате  қызметінен  пайда  болатын «ішкі») бойынша  ажыратылады. Сонымен  бірге, барлық  тәуекел  бір – бірімен  байланысты  және  банк қызметіне  әсер  етеді.

Банк  қызметі  табысты  болу  үшін,  банк  тәуекелді  бөлшектеу  және нақты  тәуекел  түріне  ең  жақсы  басқару  тәсілін  қолдану  қажет.

Сонымен, банк  тәуекелінің  қызықты  классификациясын қарастырайық, ол  өзіне  категория, топтар, түрлер, түрлер  арсындағы  және тәуекелдің  әртүрлілігін  қамтиды (Қосымша 1).

Сонымен  банктік  тәуекелдің  қағидалары  мыналар:

  1. Банктік  тәуекелдің  әсер  ету  және  қызмет  ету  аясы.
  2. Банк  клиентерінің  құрамы.
  3. Банктік  операциялар  сипаттамасы.
  4. Коммерциялық  банктердің  түрі.      

Әсер  ету  мен  қызмет ету  аясында  байланысты  банктік  тәуекелдер сыртқы  және  ішкі  болып  бөлінеді (Қосымша 2).[3]

Сыртқы  тәуекелдерге  банктік  қызметке  тікелей  байланысты  емес немесе  берілген  бір  клиентпен  байланысты  емес тәуекелдер  жатқызылады. Банкте  анықталған  ақша – қаражаттары  болғанда, ол  жанама  түрде  сыртқы  тәуекелдерді  алдын  ала  болжай  алады  және оларды  өз  уақытында  басқара  алады. Сыртқы  тәуекелдер  саяси – экономикалық, әлеуметтік – құқықтық, бәсекелестік, қаржылық  және басқадай  факторлардан  пайда  болады.

Саяси  факторларға  соғыс, жаулап, басып  кіру (оккупация), саяси көтерілістер  мен  тәртіпсіздік, идеологиялық  келіспеушілік, экономикалық  қызығушылық  қақтығыстары, саяси  күштер мен  әлеуметтік топтар  қызығушылықтарының  поляризациясы, саяси  режимнің  ауысуы, ұлттандырылуы, жекешелендірілуі, қарыздарды  жалпылау (консолидация), эмбаргоны  енгізу, импорттық  лицензияны  алып  тастау, тікелей  шеттел инвестициялар  тәуекелі  және т.б. жатқызылады. [3]

Экономикалық  факторларға  мыналар  жатады:  ЖҰӨ-нің  төмендеу  немесе  өсу қарқынының  баяулауы, өнімге  деген  бағаның  тез  өсуі, экспорттан  түсетін табыстың  төмендеуі, инфрақұрылымның  нашар  дамуы  және  т.б.

Әлеуметтік  факторлар  азаматтық  соғыс, табыстардың  бірдей бөлінбеуінен, идеологиялық  және  діни  көзқарастардың  қайшылықтары, ұлттық  қақтығыстар, көтерілістер  жағдайларынан  туындайды.

Құқықтық  факторлар  келесіде: заңдылықтардың  өзгеруі, оның бұзылуы. [1]

Бәсекелестік  факторлар: банктің  және  банктік  мекемелердің қосылуы, банктік  операциялар  мен  мәмілелердің  жаңа  түрінің  пайда болуы, басқа  банктердің  қызмет  құнының  төмендеуі, банктік  қызмет сапасына  деген  талаптардың  жоғарылауы, жаңа  банктік  мекемелер пайда болуының  жеңілдігі, банктің  банкротқа  ұшырау  қиындығы  мүмкіндігімен байланысты  болады. Қаржылық  факторлар  тәуекелдігі – жалпы  ішкі өнім, сыртқы  қарыздың  экспортқа  қатысты  қызмет  көрсетуінің  көлемі, ЖІӨ - ге ағымдағы  баланстың  дефицитінің  сыртқы  қарызға  қолайсыз  қатынасы.

Банктің  өзінің  қызметіне  байланысты  және  ол  тәуекел  жағдайларды белсенді  түрде  басқару  мүмкіндігін  иеленеді. Ішкі  тәуекелдерге  берілген жекеленген  коммерциялық  банк  иеленетін  кәсіпкерлік  артықшылықтар әсер  етеді. Атап  айтсақ, қаржылық  нарықтың  берілген  аясында  банктің қызмет  көрсетуін  ұйымдастыру  кезінде  оның  басшылары  мен  дұрыс таңдалған  стратегиясымен  саясаты. Банктік  операциялар  технологиялық процестерімен  маманданған  қызметкерлер  жеткілікті  минимумын оптималды  басқару, тиімді  маркетингтік  стратегияны  және  тактиканы таңдау  және т.б факторлар. Ішкі  тәуекелдер  банктің  өз  қызметінен клиенттердің  қарыз  алушылардың  немесе  оның  берілген  контр серіктестіктер  қызметіне  байланысты. Олардың  деңгейіне  банк басшыларының  іскерлік  белсенділігі, басқарудың  тиімділігі  мен  тактикасы  және  басқадай  факторлар  үлкен  әсер  етеді. Осыдан  келе тәуекелдер  келесідей  бөлінеді:

  • банк  активтерімен  байланысты (несиелік, валюталық, нарықтық, лизингтік, кассалық, есеп  айырысулық, факторингтік, корреспонденттік  шот  бойынша, қаржылық  және  инвестиция бойынша  тәуекел  және  т.б.);
  • банк  пассивімен  байланысты (салым  және  депозит  бойынша, банкаралық  несиелерді  тарту  тәуекелдері  және  диверсификация тәуекелі);
  • банктің  өзінің  активтерімен  пассивтерін  басқару  сапасымен байланысты (пайыздық  тәуекел, өтімділік  тәуекелі, төлем қабілетсіздігі, капитал  құрылымы  тәуекелі, банк  капиталының жеткіліксіздік  тәуекелі);
  • қаржылық  қызмет  жүзеге  асу  тәуекелімен  байланысты (операциондық, технологиялық  тәуекелдік, жаңа  енгізулер  тәуекелдігі, стратегиялық, бухгалтерлік, әкімшілік  тәуекелдігі, қауіпсіздік  тәуекелі).[4]

Банк  клиенттерінің  құрамының  тәуекелдігі  банктік  қызмет маркетингпен, қоғаммен  қарым – қатынас  жасаумен  байланысты. Кіші орта және ірі клиенттердің талаптарының әр түрлілігі сол тәуекелдің деңгейін анықтайды, яғни ұсақ қарыз алушы ірі қарыз алушыға қарағанда нарықтық экономиканың кездейсоқ жағдайларына көбірек тәуелді болады. Сонымен қатар бір қарыз алушыға немесе бір – бірімен байланысты қарыз алушылар тобына, салаға және аймаққа немесе мемлекетке берілген үлкен несиелер көп жағдайда банктің банкротқа ұшырауының негізгі себебі болады.[5]

Банк үшін таңдамалы клиентті дұрыс таңдау үлкен маңызға ие. Әдетте осындай серіктестіктерде қаржылық тұрақтылықтарын жоғары деңгейі бар және өтімділік пен баланс төлем қабілеттігінің жақсы көрсеткіштері, табыстылық деңгейінің жеткіліктілігімен қамтамасыз етілген меншікті қаражаты бар кәсіпорындар жатқызылады. Нарықтық қатынастың дамуына байланысты банктік жүйенің тұрақсыздығы күшейеді, ал ол өз кезегінде экономика мен кәсіпорынның әр салалар жағдайына әсер етеді. Шаруашылық субъектілер өзіндік қаражаттар мен резервтерді қысқарта бастайды. Бұл несие ресурстар дұрыс айналымының бұзылуына және банк операцияларының тәуекелдерінің өсуіне алып келіп соғады.

Банк операциялар есебінің сипаттамасы тәуекелдерді келесідей бөлуді ұсынады: баланстық және баланстан тыс операциялар бойынша, активтік және пассивтік операциялар бойынша тәуекелдер. Бірақ, айта кететін жайт, баланстық операциялар бойынша пайда болатын тәуекелдер көбінесе баланстан тыс операцияларға таралады.

Банктік баланс тәуекеліне келесілер жатады:  

  • несиелік тәуекел (негізгі ссуда бойынша қарыздың қайтарылмау  тәуекелі);
  • пайыздық тәуекел (берілген ссуда бойынша пайыздың алынбау тәуекелі);
  • өтімділік тәуекелі (банктің өз міндеттемелерін уақытында орындамау тәуекелі, өтімділік нормативтерін бұзу тәуекелі);
  • капитал құрылымының тәуекелі (капитал жеткіліктілік нормативінің банк орындамау тәуекелі, оның капитал құрылымының рационалды емес ұйымдастыру тәуекелі).   

Информация о работе Банктік тәуекелдердің мәні мен түрлері