Банктік тәуекелдердің мәні мен түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2015 в 20:36, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыстың өзектілігі. Нарықтық құрылымдар жүйесінде коммерциялық банктер маңызды орынға ие. Олардың қызметінің дамуы нарықтық механизмді нақты құрудың қажетті жағдайы болып отыр. Қазіргі уақытта банктер тәуекелмен байланысты операцияларды атқарады. Сондықтан да тәуекелдер шектеулі, бағаланған және банктің қаржылық мүмкіндіктер шеңберінде болуы керек.

Вложенные файлы: 1 файл

Gotovaya_Kurs_rabota_1.doc

— 274.00 Кб (Скачать файл)

Соңғысы банктің қосымша капиталы (несиелік тәуекелдерді жабуға арналған резервтер, бағалы қағаздардың  құнсыздануынан резервтер және т.б.) негізгі капиталынан асып түскенде пайда болады.[6]

Баланстан тыс тәуекелдер банктің келесідей жағдайларға қызмет көрсете алмау мүмкіндігі:

- берілген кепілдер бойынша;

- шығарылған бағалы қағаздар, бағалы  қағаздармен жасалған келісім  – шарт бойынша;

- несиелік міндеттемелер бойынша;

- валюталық мәмілеге отыру бойынша.

Сонымен қатар, банктік тәуекелдер деңгейі лизингтік және факторлық операцияларды, бартерлік және клирингтік мәмілелерді жүзеге асырған кезде пайда болуы мүмкін.

Лизинг –жаңа техника және технологияны дамытуды қаржыландыру, нақты негізгі капиталдың жеке элементтерді жедел түрде енгізу қажеттілік кезеңінде құрал – жабдықтарды сатуды ұлғайту, тауардың өмір циклін қысқарту тәсілі.

Лизингтік мәмілелердің тәуекелін төмендету үшін амортизациялық аударымдар нормаларын жедел түрде өңдеу немесе оларды мерзімінен бұрын аударуды пайдалану керек. Қазіргі уақытта лизинг тәуекелі жоғары операция болып саналады. Сондықтан да одан келетін шығындарды жабу банктің резервтік қор есебінен мақсатты түрде жүзеге асырылуы керек.

Лизингтік операцияларды жүзеге асыратын  субъектілер арасындағы қатынас формасына байланысты ол оперативтік, қаржылық, қайтарымды және халықаралық бола алады.

        Жоғарыды көрсетілген лизингтің әрбір түрлері тікелей және жанама, шұғыл және қайта қалпына келетін (рефольверлік), таза және толық бола алады. [7]

 

1.2 Банктік тәуекелдердің жіктелуі

Банктік тәуекелдер белгілі бір жүйеге сәйкес және ерекшеліктеріне байланысты тәуекелдер төмендегідей жіктелінеді:

 Ел (мемлекеттік) тәуекел – ел  тәуекелдері банктің өз қызметін  байланыстырып отырған мемлекеттің  өзінің қызметін жүргізуінің ұлттық ерекшеліктеріне байланысты пайда болады. Бұл тәуекелдің шығу көзіне (туындысына) бір аймақ елдерінің тәуекелі болып табылады, яғни аймақтық тәуекел, мысалы: Еуропалық одақ елдері немесе Латын Америка  елдері, т.с.с Олар шетел ел капиталының қатысуымен құрылған барлық банктер және ортақ лицензиясы бар банктер үшін маңызды.

Банктің басшалығымен жіберілетін негізгі қателер шетел контрагенттердің қаржылық тұрақтылығын дұрыс бағалаумен байланысты.

Ел тәуекелі ең бірінші 1982 жылы Мексикада 90 млрд.$ мөлшеріндегі несиелік төлемдерді 400 Солтүстік Америка, Еуропа және Жапон банктеріне төлеу қабілеттілігі  жоқ екендігін жариялаған уақытта пайда болды. 90 – жылдардың басында Бразилия мен Мексика 200 млрд.$, Оңтүстік Американың басқа елдері әлі 150 млрд.$ қарыз болды.

Африка елдері арасындағы алдыңғы қатарлы қарызгер Нигерия болып табылады, оның қарызы 20 млрд.$ бағаланады. Потенциалды түрде ел тәуекелі бар деп саналатын елдердің тізіміне Иран, Ирак, Кувейт, Ауғаныстан, Салвадор және тағы басқа елдер жатқызылады.

Ел тәуекелі деген түсініктің өзі мемлекеттің және басқа қарыз алушылардың сыртқы қарыз міндеттемелерін орындау мүмкіншіліктеріне әсер ете алатындай деңгейдегі мемлекеттің экономикалық, саяси және құқықтық жағдайларының өзгеру тәуекелін білдіреді.[8]

Ел тәуекелін анықтайтын себептермен жағдайларға байланысты тәуекелдің келесі категорияларын анықтау керек:

Саяси – бұл мемлекет құырылысының ерекшелігімен байланысты, мемлекеттің билік органдары қызметтерінің тұрақсыздығы (мысалы, үкіметтің тез ауысуы, басқару және саяси режимдерінің өзгеруі), үкіметтің экономикалық және басқа да саясаттарды дұрыс жүргізбеуі (национализация, жекешелендіру, т.б.), этникалық және аймақтық мәселелер, әлеуметтік топ мүдделерінің поляризациясы т.б.;

Құқықтық – банк қызметіне қатысты заңдық және басқа да нормативті шектеулер (мысалы, экспортты немесе импортты шектеу, шетел банктері қызметін лицензиялау, шетел инвестициясын лимиттеу);

Экономикалық:

  • жалпы экономикалық тәуекелдер – экономикалық қиындықтар экономикалық саясатпет байланысты, ЖҰӨ өсуінің ұзақ мерзімді төмендеуі, импорттың экспорттан жоғары болуы, энспорттан тусетін табыстың азаюы;
  • қаржылық тәуекелдер – ақша–несие жүйесінің дағдарысы, инфляция, сыртқы қарыздың күрт өсуі, сыртқы қарызды өтеу көлемінің төмендеуі, сыртқы қарызға жаппай мораторий, трансфертті тәуекел, елде несие мен займдар бойынша төлемдер жасау үшін қажетті мөлшерде шетел валютасының болмауы, сондай – ақ импортпен салыстырғанда шетел резервтерінің азаюы, жаңа экономикалық нормативтер, салықтар, алымдар, баждар, тарифтер мен квоталардың енгізілуі;
  • техникалық – бану саласындағы іскер техникалық стандарттармен байланысты (негізінде ақша аудару саласындағы қаражат инновациялары, қауіпсіздік, т.б.);
  • басқа да тәуекелдер – мысалы, қаржы саласындығы криминогендік жағдай, бюрократиялық машинаның үлкендігі. [9]

Көптеген авторлар сияқты, мемлекеттік тәуекелді сипаттайтын жиыньық тәуекелдерді талдау кезінде саяси, құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, демографиялық және басқа тәуекелдерді жеке қарастыруға болмайды, өйткені барлық ұлттық факторлары өзара байланысты. [10]

    Сондай – ақ соңғы кездерде саяси емес, экономикалық және құқықтық тәуекелдерге көңіл аудару керек, яғни мемлекеттің ұлттық экономиканы тиімді басқару мүмкіндігіне.

Тәуекел дңгейін талдауда әр түрлі әдістер қолданылады, бірақ көп ретте, белгілі мемлекетті зерттейтін сарапшылар мен мамндарды тартады; осы елдің тәжірибесін зерттейді, статистикалық математикалық есептерді қолданады, елдің дамуын анықтайтын факторлардың үлес салмағының жалпы жиынын қолданады, елдің дамуын анықтайтын факторлардың үлес салмағының жалпы жиынын қолданады. [11]

Мемлекет тәуекелінің деңгейін талдаудың ұсынылатын әдістерінің бірі герман фирмасы «Бум» шығарған Бум индексі. Мұны 100 сарапшы экспертті бағалаулардың әр түрлі әдісін қолдана отырып, жылына 4 рет талдау жүргізеді.

          Осылайша серіктес елдегі экономикалық және саяси жағдайлары жан – жақты талданады. Әр түрлі елдің мамандары белгісіз түрде жауап беретін анкетада 15 баға критерийлері бар. Олардың әр қайсысының үлес салмағы жалпы сомамен 100 – ге тең (1 - кесте).

 

1 – кесте       Саяси және экономикалық жағдайларды талдау

 

 

Бағалау критерийлері

 

Үлес салмағы

Саяси тұрақтылық

Шетел инвестициясымен пайда қатынасы

Ұлт меншігіне айналдыру деңгейі

Валюта девальвациясының деңгейі мен ықтималдығы және оған әсер ететін ішкі және сыртқы факторларға талдау

Төлем балансының жай – күйі, сондай – ақ ұлттық және шетел салымшыларының тобына әр түрлі факторлардың әсері

Мемлекеттік реттеу деңгейі ақша-несие жүйесінің тиімділігі

Экономикалық өсу қарқыны

Жалпы өнім өсуінің қарқыны:  

                                                   Жылына 3 % - тен төмен

                                                   3 % – тен 6 % дейін

                                                   6 % - тен 10 % дейін

                                                   Одан жоғары 10 %

Валюта айырбастылымдылығы

Келесі міндеттемелердің орындаудың талдауы

Жалақы шығындары, еңбек өнімділігі деңгейі

Мемлекет органдары мен қоғамдық ұйымдардың өзара байланысы

Қысқа мерзімді несие алу шарттары

Ұзақ мерзімді несие мен жеке капиталды алу мен қолданудың шарттары

12%

6%

6%

 

6%

 

6%

10%

10%

 

2,5%

5%

7,5%

10% 
10%

6%

8%

 

4%

8%

 

8%


 

Әр сұрақ балл  бойынша бағаланады – пайыз шкаласы бойынша және жауаптардың 0 – ден (min) 4 – ке (max) дейін бес варианттары бар.

Мемлекеттік тәуекел талдауына басқа фирмалар қатары да көңіл аударуда. «International Reports» жыл сайын мемлекеттік тәуекел бойынша халықаралық анықтама шығарады. Онда 47 елге 1 жылға болжам ұсынылады, тәуекелдер топтарға бөлінеді: саяси – 13, қаржылық – 5, экономикалық – 6, ең көп сома 100 балл.[12]

«Business International» фирмасы балдық жүйемен бағаланатын, өзінің үлес салмағы бар 70 мемлекетте аналитикалық материалдарын шығаратын мемлекеттік тәуекелдің 56 көрсеткішін қолданады. Оның ішінде 5 жылға арналған жыл сайынғы мемлекеттік тәуекел.

«National Westminster Bank» мелекеттік  тәуекелдің талдаудың әдістемесінде жеке бір елді несиелеу тәуекелінің (қатердің) 50 пайызы қаржылық факторлармен анықталады. 20 пайызы құрлымдық экономикалық диспропорцияларымен, 30 пайызы ішкі және сыртқы саяси факторлармен анықталады деп көрсетіледі. Болжанатын кезең көп болған сайын, мемлекеттік тәуекелді туыратын үлес салмағы аз болады, керісінше жағдайда жобаланатын кезеңнің 20 жылға өсуімен қаржы факторларының үлес салмағы аз болады, керісінше жағдайда жобаланатын кезеңнің 20 жылға өсуімен қаржы факторларының үлес салмағы 25 пайызға, ал саяси факторлар 50 пайызға дейін өскен  деген қорытындыға келген.

«Гермес» герман сақтандыру фирмасы мемлекеттік тәуекел деңгейін талдауда барлық елдерді 5 категорияға бөледі:

  1. аз ғана тәуекелді елдер, негізінде ОСЕД елдері;
  2. салыстырмалы түрде аз саяси тәуекелді елдер, олармен жұмыс істеу тіжірибесі жақсы және төлем проблемаларының пайда болу қаупі төменірек;
  3. саяси тәуекел деңгейі жоғары елдерге – герман сақтандыру фирмасы «гермес» сақтандыруды жүзеге асыратын елдер, мысалы, дамушы елдер,
  4. жоғары тәуекелді елдерге, әсіресе сыртқы қарызды өтеуді кейінге қалдыруға рұқсат етілген елдермен халықаралық несиелерді жоюда проблемалары бар елдер;
  5. жоғары тәуекелді елде, оның ішінде қысқа мерзімді несие бойынша;

Әрбір нақты коммерциялық банк өз қызметі барысында қаржылық тұрақтылықты төмендетпеу үшін және күйреуге жол бермес үшін кез–келген әдістемелерді ескеруі қажет.[13]

Валюталық тәуекел – валюталық  немесе курстық тәуекел – бұл қандай да бір шетелдік валютаға  ұлттық валютаның қатынасы кезіндегі курсының өзгеруі нәтижесінде зиян шеккен банктерде өз қорларының бір бөлігінің жоғалуына, табыстардың толық алынбауына немесе қосымша шығындардың шығып кетуіне алып келеді.

Валюталардың курсы салыстырмалы түрде бір – біріне әрдайым да өзгерістер болатыны белгілі (ТЕҢГЕ/ДОЛЛ., DM/ДОЛЛ., YEN/BGP және т.б.), ол банк қызметінің пайдасымен шығынында көрініс табады. [14]

 

1.3     Банктік тәуекелдерді басқару әдістері

Нарықтық құрылымдар жүйесінде коммерциялық банктер маңызды орынға ие. Олардың қызметінің дамуы нарықтық механизмді нақты қүрудың қажетті жағдайы болып отыр. Қазіргі уақытта банктер тәуекелмен байланысты операцияларды атқарады. Сондықтан да тәуекелдер шектеулі, бағаланған және банктің қаржылық мүмкіндіктер шеңберінде болуы керек.

 Қазіргі уақытта банктік  нарықты тәуекелдің болмауы мүмкін  емес. Ол кез келген операцияларда  көрініс табады, бірақ та әртүрлі көлемде кездеседі. Сол себептен де банк қызметі үшін бастысы – тәуекелді мүлдем жою емес, оны болжау және ең төменгі деңгейіне жеткізу болып табылады. Қазақстан Республикасында барлық қызметтер саласында экономикалық қайта құрулар процесі жүргізілуде.

Банк ісіндегі тәуекел – бұл банкті шығындарға және банкроттылыққа әкеп соқтыратын, банк қызметіне байланысты немесе байланысты емес жағымсыз жағдайлардың нәтижесінде мүмкін болатын шығындарды айтамыз.[15]

Пайыз тәуекелі басқа да тәуекелдер сияқты өзінің  белгісіздігімен сипатталады. Бұл жердегі белгісіздік пайыздық мөлшерлеменің қозғалсы мен деңгейінің болашақтағы бағытымен байланысты болады.

Пайыздық мөлшерлеме өзгергенде банктің табыстары мен шығындары, активтердің нарықтық құны, пассивтер және баланстан тыс шоттары да өзгереді. Бұл өзгерістердің нәтижесі банктің пайдасы мен капиталына әсер етеді. Өзінің табиғаты бойынша пайыздық тәуекелдер спекулятивті қаржылық тәуекел болып табылады. Пайыздық мөлшерлеменің өзгеруі пайдаға немесе шығындарға алып келеді. Пайыздық мөлшерлеменің өзгеруі экономикаға мемлекеттің араласуын төмендету және банктік өнімдердің санын ұлғайту пайыздық тәуекелдерді басқаруды банктің қызметінде маңызды салаға айналдырды. Осымен байланысты банктегі реттеуші және бақылаушы органдар пайыздық тәуекелге банктердің ұшырауын бағалауға үлкен көңіл бөледі және тәуекелді есепке алғандағы капиталға деген талаптар бойынша Базельдік Коммитетінің ұсыныстар соңғы уақытта өте өзекті мәселе болып табылады.

Пайыздық тәуекелдің формуласы Фишер моделі деп аталады және былай сипатталады:

і = r + p

мұндағы:

і – пайыздық нарық мөлшерлемесі;

r – нақты пайыздық мөлшерлеме;

р – инфляцияның күтілетін қарқыны.

Номиналдық  және нақты пайыздық мөлшерлемелерді айыру қажет.

Номиналдық пайыздық мөлшерлеме = күтілетін, нақты тәуекелі жоқ пайыздық мөлшерлеме + инфляцияның күтілетін деңгейі + тәуекел – түзу (мерзімді сақтамау, қарызды өтемеу тәуекелі);

Информация о работе Банктік тәуекелдердің мәні мен түрлері