Қазақ философиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2015 в 11:52, реферат

Краткое описание

Қазақ Философиясы – қоғамдық сананың ұлттық түрі; тұрмыс пен танымның ортақ принциптері, адам мен дүние жүзінің қатынасы туралы ілім, табиғаттың, қоғамның және дүниетанымның жалпы даму заңдары жайындағы ғылым. Қазақ халқының даналық өрісінде дүние мен адам туралы дүниетанымдық көзқарастардың тарихи қалыптасқан даму жүйесін қамтиды. Қазақ тіліндегі даналық түсінігі мәні жағынан философияға жақын. Қазақтың даналық ой-пікірлерінің тарихы екі кезеңнен тұрады.

Вложенные файлы: 1 файл

философия.docx

— 442.46 Кб (Скачать файл)

Бұл мөлшерді парцелизациялау адамдарда бұл дүниеде де, о дүниеде де айқын тепе-теңдіктің бұзылуына алып келді.

К.А. Акишевтің пікірінше: „Жетісу аймағындағы үйсін заманынан қалған жүздеген мың қорғандар үш түрге бөлінеді. Олардың алғашқысы - диаметрі 50-80м. биіктігі 8-12м балшық қорғандар. Әдетте үйінді астында бір-екі мола, оларда бай немесе әйелі жерленген[ф1]”. Бұл типтес молаларда бай адамдар болған, олардың ақыреттік киімдерінде жүздеген алтын заттар, ал кейбірінде билік белгісі - алтындалған күрзісі немесе саздан істелген мөрлері болды. Атақты адамдардың қымбат заттары мен билік белгілерінің марқұммен бірге жерленуінде де белгілі бір мөлшер сақталғандығы анық.

Биіктігі 1 метр, аумағы 15-20 метр қорғандардағы мөлшер басқаша болды. Марқұммен бірге негізімен қоладан, ағаштан, қыштан және кейде алтыннан жасалған заттар, темір, қару, ұшқырлы немесе жалпақ жебе ұштары жерленді. Ол қатардағы бас еркі бар, қару асынар, құқысы және жеке шаруашылығы бар адамның жерленгенін болжауға мүкіндік береді. Ал ұсақ өндірушілер мен құлдар жерленген қорғандар мөлшері өте кедей болды. Оларға қару да қоса жерленбеді, қорғандардың биіктігі жарты метрден, ал аумағы 5-10 метрден аспады. Бұл жерде ұсақ-түйек темір заттары: түйреуіш, темір пышақ, бірнеше қыш түтік, қола сырға, моншақ қана табылды.

Мөлшерге мұндай көзқарастан иерархияның қатаң ықпалын көреміз. Мұнда мөлшер - әрбір жеке адамның қоғамда алатын орнын белгілейтін айқын сыртқы масштаб ретінде басты рөл атқарды. Мөрлер жайында да осыны айтуға болады. Оның алтындары биліктің жоғары сатыларын көрсетті, мыстары - әкімдерге, ал тас және қыш мөрлер алым-салық жинаушы мен меншікті шектеуге арналды.

Қазақтың ата тегі үшін қарапайым жер өңдеуден көшпенділікке, одан кейін жартылай көшпенді мал өсіру кәсібіне ауысу материалдық мәдениеттің жаңа формасын іздеуден көрінді. Тұрмыс жабдықтары ыдыс жасауда шар немесе бомба пішіндес заттарға көшу байқалды, бұл дала тұрғындарына анағұрлым қолайлы еді. Сонымен қатар түбі жалпақ андрон мәдениетіне тән қыш ыдыстар да сақталды. Мал өсірумен егіншіліктің әр түрі,

формалары тиісінше тұрмыс бұйымдарының да формаларын туғызды. Қару-жарақ саласында да форма эволюциясы елеулі көзге түседі. Әсіресе, металдың жаңа сапалық қасиеттері мол мүмкіндік ашып, қола жебе ұштарынан темірге, қола акинактан ұзын темір қылышқа көшіп, металл бұйымдар анағұрлым тиімді формаға көшуі, бұл жағдайдың өзгеруіне, атты әскердің көбеюіне байланысты болды.

Оңтүстікке қарай барған сайын тұрғындар ыдысы алмұрт пішіндес болды.Арал бойындағы (Тегіскен,Үйгарақ ) ыдыстарының пішінінен өзгеше, одан ұзынырақ, биік цилиндр тәрізді мойны бар, бүйірлі, түпті келді, егінші аймақтарда пайдалануға қолайлы еді. Ыдыстарда түтікше шүмектер пайда болды, қазба жұмыстарында жиегі қайырылған тостақтар, қос тұтқалы саптыаяқтар табылды. Тұрғындардың отырықшы аудандарында Иран, Парфия, Хорезмнің ежелгі егіншілік мәдениетімен көршілес болуының әсері байқалды. Зерттеу жұмыстары бұйымдардың формасы шикізаттың сапасына, тұрғындардың қажеттілігіне байланысты болғандығын көрсетеді. Жетісудың құрбандық шалатын жердегі ошақтарының және мыстан, қоладан, темірден жасалған қазан пішіндерінің әртүрлі болуы осының куәсі.

Бұдан қазақтың ата тегінің болмыс дүниесін сапаның, кеңістіктің, уақыттың, мөлшер мен форманың тікелей нұсқаларын мейлінше жақсы игергенін көреміз. Бұл алғашқы тиімді дүние болады, онда жеке адам заттардың мөлшеріне және әсіресе өзінің тіршілік мөлшеріне сәйкес әрекет етті. Э.В. Ильенков қоршаған ортаға тұрмыстық көзқарас жайлы былай деп жазды: „Қозғалыс процесіне қатысқан әрбір зат өз заңдылықтарына сәйкес қызмет етеді, өздерінде болып жатқан өзгерісте өзіне сәйкес форма мен мөлшерді өмірге келтіреді”. (Диалектическая логика. М.,1984,187-бет). Бұл пікір бұл қатынастың сөзсіз алғашқы формасын көрсетеді.

Қазақтың ата тегінің қоршаған ортаға етенелігі, қоғамдық өндірістің біршама төмен дамуы әзірге бұл адамдардың философиялық көзқарасын тұрмыстық деңгейден тұтынушылық - пайдалылық деңгейінен асыра алмады. Нәтижесінде олар бір-біріне және өздеріне тоғышарлық көзқараспен қарады. Әйтсе де, қазақтың арғы тегінің дүниетанымы төмен болды деп кінәлап, тым астамдық етпегеніміз жөн, өйткені олардың бергенінің өзі одан әрі дамуға жағдай жасаған еді.

Қазақ этносының көп ғасырлық тарихы өз ішінде немесе көршілес халықтармен ұдайы антогонизмде және қарама-қайшылықта өтті. Солай бола тұрса да бұл - тыныш бөлмеде отырып жаза салатын логикалық-гносеологикалық қайшылық емес еді, майдан даласында немесе елшілік келіссөздерде шешілетін қақтығыстар мен тартыстар болатын. Қазақ философиясының нақты болмысқа тәнділігі мен сезімдік нақтылығы осыдан көрінеді.

Өзінің табиғатқа көзқарасы қалыптасқаннан бастап, осы күнге дейін түпкі ипостосия ретінде қарайтын және мәңгілік әрі өткінші емес болмысты біртұтас дүние деп тани отырып, қазақ халқы өзінің этноспен шендесуіне қол жеткізді, өйткені оның табиғатқа жақындығы мейлінше айқын әрі талас туғызбайтын еді. Ғасырлар бойғы эволюция барысында қазақ әрқашан табиғатқа қайта оралып отырды. Бұл оның бірінші ажырамас

белгісі болды. Оның тіршілігіне тән екінші бір қасиет - оның түп негізіндегі қайшылық. Бұл қайшылық ғұндардың, үйсіндердің, қаңлылардың ара қатынастарынан, мал өсіру мен егіншіліктің, көшпенді және отырықшы тайпалардың кей кездерде қайшылықтарға дейін жетіп, соғыс жолымен шешуге дейін баратын өзара әрекеттерінен туған еді. Бұл амбиваленттілік осы халықтың бүкіл тарихымен қатар жүреді. Ол адамдар санасына әлеуметтік материяға тереңдей еніп, бітіспес таластар туғызды. Бүгінгі заманға дейін қарама-қайшылықтар жікке бөлген қазақ ұлты ХХ ғасырда да, XV,VIII және XIX ғасырлардағыдай екі оттың ортасында қалып отыр. Қарама-қайшылықтар мен антагонизмдер Қазақ этносы туғаннан әлеуметтік- экономикалық, этнологиялық, мәдени, экономикалық және басқа аспектілердегі қарама-қайшылықтар мен антагонизмдерге кездесіп, ол ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отырды. Халықтың қарама- қайшылықты тарихына дүниетанымдық тұрғыда талдау жасау - біздің бұдан былай зерттеуіміздің тақырыбы болады. Бұдан әрі оның тіршілік ету қарекетіне көп көңіл бөле алмаймыз


Информация о работе Қазақ философиясы