Қазақ философиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2015 в 11:52, реферат

Краткое описание

Қазақ Философиясы – қоғамдық сананың ұлттық түрі; тұрмыс пен танымның ортақ принциптері, адам мен дүние жүзінің қатынасы туралы ілім, табиғаттың, қоғамның және дүниетанымның жалпы даму заңдары жайындағы ғылым. Қазақ халқының даналық өрісінде дүние мен адам туралы дүниетанымдық көзқарастардың тарихи қалыптасқан даму жүйесін қамтиды. Қазақ тіліндегі даналық түсінігі мәні жағынан философияға жақын. Қазақтың даналық ой-пікірлерінің тарихы екі кезеңнен тұрады.

Вложенные файлы: 1 файл

философия.docx

— 442.46 Кб (Скачать файл)

Ш. Уәлиханов шығармашылығы қазақтың рухани дүниесін зерттеуге арналған.Халықтық жыр-дастандары мен аңыздарының түрлі нұсқаларын қағазға түсірген: «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу», «Едіге», «Ер Қосай», «Ер Көкше», қырғыздардың «Манас» жыры. Сондай-ақ оның философиялық көзқарасы негізінен ағартушылық идеяларды негіздеуден тұрады.  

 

4.  Абай Құнанбаев (1845-1904) өткен замандардың кемеңгер ойшылдарының шығармаларын оқып, өз дәуірінің алдыңғы қатарлы ой-пікірлерін қорытып, олар арқылы қазақ өміріндегі аса маңызды мәселелерді түсіндіруге сол кездегі қазақ қоғамын толғандырған әлеуметтік-философиялық мәселелерге жауап беруге ұмтылған. Абай философиясының 

-         дүниенің объективтілік заңдылығын мойындады, дүние мен адамзат қоғамы бір қалыпты тұрмай, өзгеріп отырады деп таниды „Дүние – үлкен көл, заман – соққан жел. ... ".

-         Философиялық антропологиясында адамды дүниенің ең маңызды бөлігіне жатқызады, оның бойындағы асыл қасиеттерге былай сипат береді: Үш-ақ нәрсе - адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

-         этика тақырыбын қозғағанда иман мәселесіне көңіл аударады. «Иман» термині қазақ санасына мұсылманшылық арқылы енген. Ол барлылық, білімділіктің синонимі болып табылады. «Ұят кімде болса иман сонда», «Адам баласына адам баласының бәрі дос» дейді. Мына дүниенің шолақтығын біле тұра бір-бірімен өшігіп, не болса соған көрсеқызарлық, жалауыздық адам жанына берері шамалы деп тұжірімдайды.

-         Ағартушылық идеясы басым болған Абай нағыз адам болуды ұрпаққа өсиет еткен.  

 

 

       Ұлы Абайдың жолын қуған Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931 жж.). Шәкәрімнің дүниетанымына Абай ықпалы зор болды. Бес жасынан бастап өз бетінше сауат ашып, араб, парсы, түрік, орыс тілдерін үйреніп, Батыс және Шығыс философиясымен, әдебиетімен танысты.         

Шәкәрім философиясының өзекті жақтары:

-         онтологиялық көзқарастарында деизм бағытын ұстанды. «Тіршілік, жан туралы өлеңінде:

Жаратылыс басы қозғалыс,

Қозғауға керек қолқабыс.

«Жан» де, мейлің бір «мән» де,

Сол қуатпен бол таныс.

Әлемді сол мән таратқан,

Қозғалысқа көшпейді,

Көшпеген нәрсе өспейді.

Өспеген нәрсе өзгермес,

Түрден ол түрге түспейді-

деп, болмыс өзгерісте болатындығын, оны өгеріске келтіретін қозғалыс екендігі, ал сол қозғалыстың өзінің тіпкі мәні болатындығын айтады. Түпкі мән тек қозғалысты тудырып, әрі қарай еш нәрсеге араласпайтындығын, сондықтан ол ешбір өгеріссіз қалатындығын  тұжырымдады.

-         жан мен тән арақатынасы мәселесінде, жанды алғашқы, ал тәнді екінші ретте санап, жанның қасиеті ақыл-парасатта, сондықтан жан тәнді билейді деп идеалистік бағытты ұстанды.

-         таным мәселесінде, қоршаған дүнені тануда таным процессінің сезімдік және рационалды деңгейлерден өтетіндігін, танымның негізі ақиқатта, сол ақиқатқа жету жолында қажырлылық танытуды ескертті.

-         Шәкәрімнің этикалық, ағартушылық көзқарастары негізінде «Үш анық» концепциясы қалыптасып, рухани ізденістерінің аумағы айқындалды.

-         Алғашқы ақиқат – діни анықтықтың дәлелі дүниенің бір заңдылыққа сүйеніп дамитындығы мен ондағы кездейсоқтықтың болмайтындығы. Яғни, ойшыл бұндай заңдылық пен үйлесімділіктің түпкі тамырында Құдай жатыр.

-         Екінші ақиқат – ғылым ақиқаты, жанмен, оның ажалсыздығымен байланысты ақыл-ойды алды. Шәкәрімде жанның мәңгілігі рухпен айқындалмайды, оның түсінігіндегі рух ақыл-ой қасиеті.

-         Ал жанның азығы ретінде үшінші ақиқат ретінде ұжданды көрсетті. Ұждан – адамның ішкі рухани әлемі, онсыз адам жаннын елестету де мүмкін емес. Ұждан жанның азығы ретінде, адамның адамдығы мен адамгершілік қасиеттерінің негізі, қоғамдық дамудың көзі. Шәкәрім ар ілімімен қоғамдық дамытудың негізі мен оның дамуының жолын көрсетіп берді. Қоғамдағы әрбір адамның ары мен ұятын оятып, оны жетілдіру арқылы мүмкін екендігін айқындады. Адамның ішкі дүниесін жетілдіруді ұсынған ойшыл, ағартушы ретінде өзіндік ерекше жолды нұсқады. Оның нұсқаған жолы ар ілімінде көрсетілгендей адамды ең басты құндылық ретінде тану болып табылады. Ойшылдың бұл ойы бүгінгі күннің де мәнді мәселесі екендігі анық. Осы тұрғыда ойшылдың ілімінің құндылығы адамның өзін-өзі тәрбиелеу, мүмкіндіктерін тек жағымды жағдайларға пайдалану, адам деген атқа сай өмір сүру, өзін-өзі жетілдіру, білім мен еңбек арқылы дүниенің кілтіне ие болатындығы туралы ойларынан көрінеді. 

-          Шәкәрім Құдайбердіұлының ұсынған ілімі гуманизм, ол адам жанын жетілдіру арқылы адамға қолайлы қоғам орнығатындығын, онда тек адами заңдар басшылыққа алынатын, қоғамның ең басты құндылығы адам болып табылатынын тұжырымдады.            

Ол өзінің «Үш анық» еңбегінде берген ойы мына өлең шумақтарымен жеткізілген:

Еңбекпенен, өрнекпен                                                            

Өнер ойға тоқылса,        

Жайнар көңіл, қайнар өмір

Ар ілімі оқылса

Ол адам жолы дегеніміз адам баласына пайдасын тигізу, жақсылық ету деп түсіндіреді.

Анық бақ деп айтарлық үш-ақ нәрсе бар:                                           

Кірсіз ақыл, мінсіз сөз, адал еңбек                                           

Бұл үшеуі біріксе сорды жоймақ,                                          

Шын бақ осы деп бұған ақыл тоймақ. 

 

Әдебиеттер:

1.      Қасабек А. Қазақ философиясы. А.,1996

2.      Касымжанов А.Х. Духовное наследие казахского народа. -  Алматы, 1992.

3.      Орынбеков М.С. Предфилософия протоказахов. - Алматы, 1994.

4.     Сегизбаев О.А. Казахская философия XV - начала XX веков. – Алматы, 1996.  

 

Қазақтардың ежелгі түркілік дәуірі кезеңінде дәстүрлі дүниетанымы болғаны мамандарға белгілі. Кез келген әлеуметтік немесе рухани құбылыстың мағыналық, мазмұндық, құндылықтық көрінісі жеке адам үшін немесе бүтіндей халық үшін құтты, қайырлы болмаса, онда оның өзіндік келбетінің әлеуметтік субъект үшін мәні де жоғалатыны анық. Бұл тұжырымдар өз кезегінде өткен тарихи кезеңдердегі және қазіргі таңдағы әлеуметтік үдеріске, әлеуметтік практикаға берілген жан-жақты және оңды аксиологиялық сипаттама болары сөзсіз. Қазақтың ділін жақсы түсінетін адам оның ұлттық дәстүрінде материалдық құндылықтарды иеленуге ұмтылушылық, оның қызығына дәнігушілік пен құнығушылық сияқты әдеттерді халқымыз өзінің қоғамдық санасында дәріптемейтіндігін байқатты. Сондықтан да болар, мұсылмандық дүниетаным арқылы келген «қанағат», «төзімділік», «сабыр», «тәубе» сияқты терең мағыналы ұғымдар халқымыздың әлемді түсіну көкжиегіне үйлесімді сіңісіп кеткені көрінеді. «Қанағат қарын тойғызар» деген халқымыз әрбір нәрсенің, әрбір құбылыстың өз мөлшері, үйлесімділікке сай келетін өлшемі болады деп түсінген. Олар халықтың дүниетанымында диалектикалық, әдіснамалық, логикалық, экзистенциалдық түсініктердің қалыптасқандығын білдіретін әлемге қатынастардың болғанының дәлелі. Бұл жағынан алғанда сан ғасырлық бай дәстүрлі тарихы бар Шығыстың даналығын қордалаған қытайлықтардың құндылықтық бағдарларымен біршама ұқсастығымыз да бар деуге болады. Ал енді басқа халықтардың әлеуметтік тіршілігіндегі онтологиялық тіректі рухани дүниенің әртүрлі салаларынан таба біліп (жапондар эстетикадан, римдіктер құқықтан, гректер философиядан, қазақтар этикадан, парсылар поэзиядан және т.б.), басқа салаларды сол жүйені тұтастандыра құраушы элементтері ретінде қарастыруы шын мәнінде жалпы өмірдің терең құпиялы мәнін философиялық тұрғыда ашады. 

 

Шынтуайтына келгенде, түркі бабаларымыздың даналыққа толы құштарлығы мен тұжырымдары тек қазақ халқы үшін ғана емес, жалпы түркі тілдес халықтарға, бүкіл түркі әлеміне, одан кеңірек алсақ, барлық адамзат баласына рухани бағдар болып табылады. Сонау Орхон-Енисей жазбалары мен Абайдың кісілік философиясы, Шәкәрімнің ар-ұят, ұждан философиясы аралығында игерілмеген, өзінің толық философиялық тұжырымдамасын жеткілікті деңгейде ала қоймаған дүниелер әлі де жеткілікті. Мәселен, халықтың діни сенімдері мен ұлттық ділі арасындағы өзара астарласу мәселесі өзінің тыңғылықты философиялық зерделеуін алуға тиісті мәселелердің қатарына жатады. Қазақтың әлемді қабылдауы батыстық үлгілерден айырықша ұстындарға негізделген. Бұл да өзінше философиялық зерделеудің түрі. Ол даналықты, саз бен сөзді жоғары қоюшы жүйе десе де болғандай. Ал қазақ халқының даналық тағылымдары аталған тарихи үлгіні, мәдени парадигманы сабақтастықпен жалғастырып келе жатқан бірегей мәдениет болып табылады. 

 

Қазақ халқының жоғары кісілік және тұлғалық философиялық мәдениетіне мән беріп, назар аударған ғалымдардың көбісі халықтың дәстүрлі дүниетанымында «көркем образдар» әлемі үстемдік ететінін байқайды. Шыныменде, қазақтар әлемді ұғымдық мағынада шегелеп көрсетуден гөрі, көркем бейнелермен астарлап өрнектегенді қалап келген халықтардың қатарына жатады. Оның бұл ерекшелігі оның кемшілігі болып есептелмейді, керісінше, ақынжанды халықтың арманшылдығын, ақкөңілділігін және даналығын білдіреді. Дегенмен, сан ғасырлар бойы ділге әсер еткен ауыр психологиялық соққылар мен саяси қыспақтар бұл ерекшелікті біршама көмескілеп, тұмшалап тастағаны байқалады.  

 

Бұл тұжырымнан тілді оның материалды жағы алғашқы негіз болып табылатын құбылыс ретінде қарастыру қажеттігі туралы әдістемелік принцип шығады. Әрбір тіл сол тілдің иесі болып табылатын халықтың материалдық болмысымен тығыз байланысты. Сондықтан, қазақ тілін оқыту барысында тілді үйрену ең әуелі қазақ халқының өмір сүру тәсілімен, шаруашылығымен терең танысудан басталуы тиіс. Қазақ халқының дүниетанымы, тілі көшпелі өмір салтымен тығыз байланысты. Ғылыми әдебиетте көшпелі өркениет туралы ортақ түйін-тұжырым жоқ. Европоцентризм  көшпелі мәдениет туралы жағымсыз пікір қалыптастырғаны белгілі. Шындығында, салмақты сараптау жүргізсек, көшпелі өмір салтының ерекшеліктері, мәдени-шығармашылық потенциалы өте мықты екендігін және оның қазақ дүниетанымының басты ұғымдарының, ұлттық тілінің қалыптасуына негіз болғанын көреміз. Философия ғылымдарының докторы, профессор Б.Ғ.Нұржановтың пікірлеріне сүйене отырып, қазақ халқының көшпелі өмір салтының мынадай сипаттарын атап көрсетуге болады:   
1. Көшпелі қазақ халқы табиғатпен біртұтас, «адам-дүние» парадигмасын ұстанып өмір кешті және осы ерекшелік айқындаушы болды. 
2. Көшпелілік қозғалыспен тығыз байланысты, ал, қозғалыс жетілгендікке, жаңаруға үздіксіз ұмтылыс. 
3. Көшпелілік өмір салтына практикалық сипат береді. 
4. Көшіп-қону, ұзақ жол қазақтардың бойында шыдамдылық, өзара түсіністік, қамқорлық,  ұйымшылдық, тәртіптілік және тағы басқа адамгершіліктік қасиеттерді тәрбиеледі. 
5. Отырықшылықта билік, еркіндікке ұмтылу мәселесі туындайды, ал, көшпелі қоғамда адамдардың арасындағы қатынастар салт-дәстүрлер арқылы басқарылып, реттеліп отырды. 
6. Көшпелі өмір кеңістігінің шексіздігі ерекше мәдениеттің, өнердің, шығармашылық шабыттың шарықтауына негіз болды. 
Қазақ халқының көшпелі өмір салты оның дүниетанымы мен тілінің негізі болғандығын белгілі неміс философы Мартин Хайдеггердің «Тіл – болмыстың үйі» деген тұжырымы да дәлелдей түседі. Оның тіл философиясын қазақ тілімен байланыстырып зерттеуді әлі де болса қолға алмай жатқанымыз жасырын емес. Хайдеггердің тіл туралы ойлары халқымыздың сөз өнерінің керемет құндылықтарын тереңірек ашуға жақсы негіз болар еді. Мысалы, Хайдеггер болмыс тек тілде ғана беріледі деп есептейді және қарапайым, күнделікті тілде емес, поэзия тілі мен философия тілінде. Оның пікірінше, тіл адамнан күшті, тіл – сөйлеуге мәжбүрлеу. Ақын емес, музалар ол арқылы сөйлейді, ойшыл өзінің ойы арқылы емес, болмыстың естілген даусы оның ойын бағыттап отырады (бұл ой қазақтың «арқасы бар» деген сөзін есімізге салады – Г.Н.). Тіл кеңістікке жол ашады, бұл кеңістіктің ішінде адам болмыс пен оның талаптарына сай келуге қабілетті. Осындай философиялық ұстанымдар қазақ тілін үйренуге ниеттенген адамды қазақ халқының және оның өмір салтының қайталанбас ерекшеліктерін түсінуге бағытталған ынтасын арттырып, оның санасында «болмысы ерекше халықтың  тілі де ерекше болады» деген ойды қалыптастыратыны күмәнсіз деп ойлаймыз. Осы тұжырымға байланысты екінші бір атап көрсететін нәрсе – қазақ тілінің дамуы оған сәйкес болмыстың қалыптасуымен тығыз байланысты. Өкінішке орай, біз қазір осындай толық қазақы болмысты жасай алмай отырмыз. Қазақ тілі биліктен

Табиғат әлемі адамдардың мақсаткерлік қызметінің барысында адам әлеміне айналады. Енді қажеттіліктің „темірдей ерік-жігерін” талап ететін табиғи

заңдылықтар емес, адамдардың ерікті қызметі шешуші рөл атқарды. Олар сыртқы жағдайлардың детерминациясы сияқты емес, бостандық заңы бойынша әрекет етті.

Мүліктік теңсіздікке негізделген қоғамдық құрылыстың ұйымдасуы материалдық өндіріс процесінде танымдық баға беру жағдайларының енгенін көрсетеді. Осының өзі жалпы алғанда кейіннен тіршілік етудің дүниетанымдық бағдарына жеткізеді. Қоғамдық санада олардың өзі-ақ әлеуметтік мінез-құлықтың нормалары, салты, дағдысы ретінде қалыптасады да, адамдардың қауымдастығының, сондай-ақ қазақтың арғы тегінің де өмір сүруін реттеп отырды.

Көшпенді үшін кеңістіктің кең немесе тар болуы аса маңызды емес, ол өзінің жайлылығымен және қажеттілікті өтеуімен пайдалы әрі қолайлы. ¥лы дала осындай қажеттілікке сай мекен болды. Сондықтан да Жетісу қазақтарының ата тегі (түп қазық) „жазды Бұлғар аймағында (Волга - Еділ ) өткізді, ал қыста Баласағұн аймағын мекендеді” (Ибн ал-Асир. Хроника. 1863. Т. IX // История Казахской ССР. Т ІІ..1979, 22 - бет). Әрине, қазір Шудан Еділге дейінгі көш жолы ұғымға сыймайды, бұның шындыққа жақындығы да күмәнді. Әйтсе де бұл көштің ауқымы мен қашықтығы ой салады. Әдетте көш жолының қашықтығы мың шақырымға дейін жетсе керек. Бұл жағдайда малдың негізгі түрі жылқы болғаны шүбәсіз. Баласағұн былай деп жазды: „Олар табындаған жылқы бағады. Жылқыны тамаққа, сусынға, мініске пайдаланады, айғырлар мен биелер, сондай-ақ жүк артар жылқы солардан келеді. Қымыз, сүт, жүн, май, ірімшік және құртты тамаққа, киімге және үй жабдықтарына қолданады.”

Аса маңызды философиялық категориялардың бірі уақыт ұғымы болып табылады. Қоғамның біртіндеп дамуымен, тайпаның тарихи есінде қалған жекелеген құбылыстар мен

белгілі бір оқиғаларға байланысты адамдарда уақыттың сезінуі ояна бастады. Жұт, аштық, оба, мал індеті, соғыс т. б. сияқты табиғи және стихиялы апаттар адамдар санасында өз ізін қалдырып, белгілі бір уақыт қарқынының анықтамасы ретінде қызмет атқарды. Әйткенмен, бұл дамыған уақыт ұғымын ауыстыра алмады. Өнім жинаумен, аңшылықпен, жабайы егіншілікпен айналысқан тайпалар уақыт ұғымын түсіне алмады, уақыттық ингреденттерді ғана сезімдік заттармен байланыстырды. Уақытты түсінушілік жекелеген адамдар үшін ғана мәні болғанымен әлемдік жаратылыстың өтпелі компоненттерімен берік байланыста болды.

Л.Н.Гумилев былай деп жазды: „Халықтың әл-ауқат жағдайын анықтайтын, классификация үшін аса ыңғайлы индикаторлардың бірі этникалық сананың (әрбір халықтың) уақыт категориясына қатыстылығы болып табылады” (Этнос и категория времени// Доклады отделении и комисии географического общества СССР. Л., 1970, 145-бет ). Бұл тұрғыда алғашқы көшпенділер іргелес халықтарға қарағанда неғұрлым дамыған уақыттық сезімдерге ие болды. Алыс көш жолдары, бай жайлау мәселесі, су бастаулары, жыл мезгілдеріне байланысты ауа райының өзгерістері, басқа да көптеген себептері көшпенділерді уақытты қандай да бір абсолют деп түсінуге мәжбүр етті. Оған аптап ыстық, жайылымдардың күйіп кетуі, өткел бермес сең, көктемгі алғашқы балауса шөп, күзгі сарғайған шөп, суаттардағы қабыршақ мұз, қардың түсуі және оңтүстікке, жылы жаққа, күнгейге көшудің қажеттілігі уақытқа тәуелді болды.

Информация о работе Қазақ философиясы