Қылмыстық іс жүргізу құқығы туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2014 в 21:04, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Құқық қағидалары қазіргі таңдағы заң ғылымының өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Бұл кездейсоқтық емес, себебі, нақ осы құқық қағидаларында оның мәні көп жақты және заңдылықтарымен ашық көрінеді. Қылмыстық процестің принциптері-қоғамдық және мемлекеттік құрылыстан туындаған және қолданылып жүрген заңмен орнықтырылған, мемлекеттік органдар ұйымдастырылуының мәнің және олардың қылмыстық істерді қозғау, тергеу, қарау және нақтылай шешу жөніндегі қызметінің мәнің айқындайтын бастапқы ережелер, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізу қызметін мемлекет қылмыстық сот ісін жүргізушінің алдына қойған мақсатттар мен міндеттерге жетуге бағыттайтын ережелер

Вложенные файлы: 1 файл

Кабылгазинова КІЖ принциптер.doc

— 249.50 Кб (Скачать файл)

Сот төрелігін тек соттың ғана жүзеге асыруы. Қазақстан Республикасы Конститушясының 75-бабы және ҚІЖК-нің 11-бабының жазылуы бойынша, сот төрелігін тек соттың ғана жүзеге асыруы принципі мына мәселелерді қамтиды:

  • соттың үкімі бойынша болмаса, ешкім де қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп таныла алмайды, сондай-ақ қылмыстық жазаға тартыла алмайды;
  • соттың құзыреті және өкілеттігі, қылмыстық сот ісін жүзеге асыру тәртібі заңмен айқындалады және оны өз бетінше өзгертуге болмайды;
  • сот төрелігін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, облыстық және басқа жергілікті соттар жүзеге асырады, бұл соттар жүйесі Қазақстан Республикасы Конституциясымен және конституциялық заңмен белгіленген; қандай бір атаумен арнаулы және төтенше соттарды құруға жол берілмейді;
  • соттың өкілеттігін кімнің болса да иемденуі занда көзделген жауаптылыққа әкеп соқтырады;
  • өзінің қарауына жатпайтын іс бойынша шығарылған, сондай-ақ өзінің өкілеттігін асыра қолданған немесе ҚІЖКпен көзделген қылмыстық сот ісін жүргізу принциптерін өзгедей бұзған соттың үкімі мен басқа да шешімдері заңсыз болады және олардың күші жойылуға тиіс;
  • қылмыстық іс бойынша соттың үкімі мен басқа да шешімдерін ҚІЖКте көрсетілген тәртіппен ғана тиісті соттар тексеріп, қайта қарай алады. [13]

Бұл принциптің маңыздылығын айта келіп, соттың қылмыстық істерді шешу қызметін алдын ала тергеу оргындарының қызметіне қарсы қоймау қажет. Тергеуші және анықтаушы қылмыстарды тез және толық ашу міндеттерін орындау барысында қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер жинайды және ол дәлелдемелер сотта істі қарау кезінде тараптардың қатысуымен зерттеліп, соның негізінде сот төрелігі жүзеге асырылады.

Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау. Қазақстан Республикасының заңнамасында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау мәселесіне үлкен мән берілген. Өйткені, халықаралық құкықтың жалпы жұрт таныған принциптеріне сәйкес, азаматтардыңөз мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгінуі - істі дұрыс шешудің ең әділ жолы ретінде қаралады. Осыған сәйкес, Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 2-бөлігінде былай деп көрсетілген: «Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар». Бұл принципке арналған ҚІЖК-нің 12-бабы бойынша:

1.Әркімнің өз құқықтары мен  бостандықтарын сотпен қорғауға  құқығы бар.

2.Ешкімге өзінің келісімінсіз  ол үшін заңмен көзделген істің  соттылығы өзгертіле алмайды.

3.Мемлекет заңда белгіленген жағдайлар мен тәртіп бойынша жәбірленушіге сот төрелігіне қол жеткізуін және келтірілген залалдың өтелуін қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының заңнамасы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау принципін жария етумен қатар, оны қамтамасыз етудің кепілдіктерін де көздейді. Ол кепілдіктердің қатарына мыналар жатады:

Қазақстан Республикасының заңмен белгіленген жалпыға бірдей қылмыстық сот ісін жүргізу жүйесінің болуы және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау - қылмыстық іс жүргізу міндеттерінің түрі ретінде қаралуы;

  • іске қатысушы азаматтардың өз мүдделерін қорғауға қажетті заңмен белгіленген құқықтарының болуы және олардың өз құқықтарын жүзеге асыруы үшін қылмыстық іс жүргізу органдарының жағдай жасауға міндеттілігі;
  • қылмыстық сот ісін жүргізу кезінде заңда баян етілген демократиялық бағыттағы принциптердін, басшылыққа алынатындығы және қылмыстық іс жүргізу органдарының ол принциптерді қатаң сақтауға міндетті болуы.

Мәселен, қылмыстан зардап шеккен әрбір адам қылмыстық ізге түсу органына арыз беру арқылы қылмыс жасаған адамның жауапқа тартылуын талап ете алады. Егер өкілетті орган қылмыс туралы арызды қабылдаудан бас тартатын болса немесе бұл орган басқа түрге заңның талаптарын бұзатын болса, онда жәбірленуші ол жөнінде сотқа шағымдануға құқылы. Ал, қылмыстық істі сотта қарау кезінде жәбірленуші өзі немесе өкілі арқылы қылмыс жасаған адамға тағылған айыптауды қолдап, қылмыстық салдарынан тиген зиянның өтелуін талап ете алады. Осындай құқықтарын қолдана отырып, жәбірленушінің сот арқылы занды мүдделерін қорғауы қамтамасыз етіледі. [13]

Сол сияқты, істің заңмен көзделген соттылығын өзгертуге болмайтындығы (ҚР Конституциясының 77-бабының 3-бөлігінің 3-тармағы және ҚІЖК-нің 12-бабының 2-бөлігі) әрбірқылмыстық істің соттылығын заң бойынша анықтау арқылықамтамасыз етіледі. Атап айтқанда, ҚІЖК-нің 38-тарауында (290-298 баптар) бірінші саты соттарынын, әрқайсысы қандайқылмыстық істерді қарайтындығы ажыратылып көрсетілген.

Осы тараудың нормаларының негізінде мүдделі тұлғаныңқұқықтарын қорғау жүзеге асырылады.

Жеке адамның абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеу. Қазақстан Республикасы Конституциясының 17- бабында былай деп жазылған: адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды; ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездікнемесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетугеболмайды. Осы конституциялық ереже қылмыстық процестегі ; жеке адамның абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеу принципінін, негізін құрайды. Бұл принциптің маңызы адамның тумысынан айырмайтынқұқыктары мен бостандығын қорғаудың қажеттілігіне байланысты болып табылады. Яғни, қылмыстық іс жүргізу кезінде адамдардың жеке өмірінің жағдайлары ашылуы кездесетіндігі жәнеіске қатысушы жеке тұлғаларға процессуалдық мәжбүрлеушараларын немесе басқа да ықпал ету амалдарын қолданудыңқажеттілігі болатындықтан, олардың абыройы мен қадір-қасиетін қорғаудың маңыздылығы артады.

ҚІЖК-нің 13-бабында жеке адамның абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеу принципінің мәні көрсетілген:

- қылмыстық іс жүргізу кезінде адамдардың абыройынтүсіретін немесе қадір-қасиетін кемітетін шешімдер мен іс-әрекеттерге тыйым салынады, адамның жеке өмірі туралы мәліметтерді ҚІЖКте көзделмеген мақсаттар үшін жинауға, пайдалануға және таратуға жол берілмейді;

- қылмыстық процесті жүргізуші органдардың заңсыз әрекеттерінен адамға келтірілген моральдық зиян заңда белгіленген тәртіппен өтелуге тиіс.

ҚІЖК-нің кейінгі баптарында, яғни қылмыстық процестіңәр стадиясына байланысты, бұл принциптің жеке жағдайлардақолданылуы тиянақ талап көрсетілген. Мәселен, ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу әрекеттерін жүргізудің жалпы ережелерінің ішінде: күш қолдануға, қорқытуға және өзге де заңсыз шараларды қолдануға жол берілмейді деп көрсетілген. Сол сияқты,

ҚІЖК-нін 226-бабы (3-бөлігі) бойынша, егер куәландыружүргізу кезінде адамның денесі жалаңаштандырылатын болса, онда тергеуші жынысы басқа адамды куәландыру кезінде қатыспайды; 232-бапта (11-бөлігі) көрсетілгендей, тергеуші адамдардың жеке өмірінін тінту және алу кезінде анықталған мән-жайларының жария етілмеуіне шаралар қолдануға міндетті.

Ал, егерде қылмыстық іс жүргізу органы бұл принциптің сақталуын қамтамасыз етпеген болса, онда әр адам осыған байланысты келтірілген моральдық зиянның өтелуін талап ете алады және ондай талап сот арқылы шешіліп, қанағаттандыруға жатады. [13]

Адамның жеке басына тиіспеушілік. Бұл принциптің мәні адамның жеке басының бостандығын қамтамасыз ету болып табылады. Осы принципке арналған Қазақстан Республикасы Конституциясының 16-бабында оны қамтамасыз етудің мынадай кепілдіктері көрсетілген:

  • занда көрсетілген реттерде ғана және тек соттын, шешімімен немесе прокурордың санкциясымен адамды қамауға алуға немесе қамауда ұстауға болады, қамауға алынған адамға сотқа шағымдану құқығы беріледі;
  • прокурордың санкциясынсыз адамды жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ғана ұстауға болады;
  • ұсталған, қамауға алынған әрбір адам сол ұсталған немесе қамауға алынған кезден бастап қорғаушының көмегін пайдалануға құқылы.

ҚІЖК-нің 14-бабында адамның жеке басына тиіспеушілік принципінің Конституцияда жазылған кепілдіктер толықтырылып, басқа да кепілдіктер көрсетілген. Атап айтқанда, ол кепілдіктерге мыналар жатады:

- әрбір ұсталған адамға ұстаудың негізі, сондай-ақ ол қандай қылмыс жасады деп сезіктелетіндігі немесе айыпталатындығын хабарланады;

- бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алынған немесе сезікті адамды ұстау оның өмірі мен денсаулығына қауіп туғызбайтын жағдайларда жүзеге асырылуы тиіс;

- қамауға алынбаған адамды сот-психиатриялық сараптама жүргізу үшін медициналық мекемеге мәжбүрлеп орналастыруға соттың шешімімен ғана жол беріледі; қамауға алынбаған адамды сот-медициналық сараптама жүргізу үшін медициналық мекемеге мәжбүрлеп орналастыруға соттың шешімі немесе прокурордың санкциясы бойынша жол беріледі;

- қылмыстық іс жүргізу органдары заңсыз ұсталған немесе қамауға алынған, медициналық мекемеге заңсыз орналастырылған не заңда немесе үкімде көзделгендегіден артық мерзім қамауда отырған адамды дереу босатуға міндетті;

- қылмыстық процеске қатысушы адамдардың ешқайсысына күш қолдануға, қатал немесе адамның қадір-қасиетін түсіретін әрекет жасауға болмайды;

- ешкімді де адамнын, өміріне немесе денсаулығына қауіп туғызатын іс жүргізу әрекеттеріне тартуға болмайды;

- заңсыз бас бостандығынан айыру, өмірі мен денсаулығына қауіпті жағдайда ұстау, оған қатал қарау салдарынан азаматқа келтірілген зиян ҚІЖКте көзделген тәртіппен өтелуге тиіс. [13]

Сонымен, жоғарыда айтылған Қазақстан Республикасы Кон-ституциясының 16-бабы мен ҚІЖК-нің 14-бабында жазылған талаптардың негізінде мынадай тұжырымдар жасай аламыз:

1.Адамның жеке басының бостандығын шектеуге тек занда көрсетілген негіздер бойынша және заңның тәртібін сақтай отырып қана жол беріледі. Сондықтан ҚІЖК-де айыпталушыны немесе сезіктіні бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алудың, сондай-ақ адамды сезікті ретінде ұстаудың негіздері мен процессуалдық тәртібі көрсетілген.

2.Қылмыстық іс жүргізу органы  қамауға алынған немесе сезікті  ретінде ұсталған адамға оның  құқықтарын түсіндіруге және  қорғану құқығын қамтамасыз етуге  міндетті. Қамауға алынған немесе  ұсталған адам прокурорға және сотқа шағымдану арқылы өзінің бас бостандығын қорғай алады.

3.Қамауға алынған адамдарды  ұстау олардың өмірі мен денсаулығына  қауіп туғызбайтын жағдайларда  жүзеге асырылуы тиіс, оларға  күш қолдануға, қадір-қасиетін түсіретін  әрекеттер қолдануға немесе оларды қорлап ұстауға жол берілмейді.

4.Адамның бас бостандығын қамтамасыз  етудің тағы бір жолы сот-психиатриялық  немесе сот-медициналық сараптама  жүргізу қажет болған жағдайларда  қамауға алынбаған адамды медициналық  мекемеге еріксіз орналастырудың  тәртібін сақтау болып табылады. Ондай шара соттың шешімі немесе прокурордың санкциясы бойынша қолданылады.

5.Заңсыз ұсталған немесе қамауға  алынған, медициналық мекемеге заңсыз  орналастырылған адам, сондай-ақ  занда немесе үкімде көрсетілгеннен  артық мерзім қамауда отырған адам дереу босатылуы тиіс. Бұл шараны жүзеге асыру қылмыстық іс жүргізу органдарына, соның ішінде, алдымен, зандылықтың сақталуын қадағалайтын прокурорға жүктеледі.

Қылмыстық іс жүргізу кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау. Бұл принцип бұрын қаралған зандылық принципімен тығыз байланысты болып табылады. Яғни, қылмыстық іс жүргізу органдарының зандылық принципін сақтауы процеске қатысушы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды талап етеді.

ҚІЖК-нің 15 бабына сәйкес:

- қылмыстық іс жүргізу органы процеске қатысушы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, оларды жүзеге асыру үшін жағдай жасауға, процеске қатысушылардың заңды талаптарын қанағаттандыруға уақытылы шаралар қолдануға міндетті;

- процеске қатысушы адамдардң сондай-ақ олардың отбасы мүшелерін немесе өзге де жақын туыстарын өлтірумен, күш қолданумен, мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен, не өзге де заңға қарсы қауіпті әрекеттермен қорқытқандығын көрсететін жеткілікті деректер болған кезде қылмыстық істі жүргізуші орган өз құзыреті шегінде бұл адамдардың өмірін, денсаулығын, абыройын, қадір-қасиетін және мүлкін қорғауға занда көзделген шараларды қолдануға міндетті.

Осы айтылған 15-баптың талабы бойынша, қылмыстық істі жүргізу кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау принципін сақтау - екі жақты маңызы бар шаралардың қолданылуын талап етеді. Біріншіден, қылмыстық іс жүргізу органы процеске қатысушы тұлғалардын, әрқайсысына оның құқықтарын түсіндіріп, ол құқықтарының жүзеге асырылуы үшін қажетті жағдайлар жасауға және осыған байланысты тиісті шараларды қолданып отыруға міндеттелген. Мәселен, тергеуші жәбірленуші ретінде танылған адамға ҚІЖК-нің 75-бабында көрсетілген құкықтарын түсіндіріп (айыпталушыға тағылған айыптауды білуге, жауап беруге, дәлелдемелер тапсыруға және т.б.), одан кейін жәбірленуші өтініш айтатын немесе талаптар қоятын болса, ондай өтініштер мен талаптарды шешуге байланысты тиісті іс-әрекеттер жүргізеді. Екіншіден, іске қатысушы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау - олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етеді. Сондықтан, егерпроцеске қатысушы адамдардың өміріне, денсаулығына, абыройына қарсы әрекеттер немесе мүлкіне қастандық жасалуы мүмкін деп санауға негіз бар болса, онда қылмыстық іс жүргізу органы занда көрсетілген шараларды қолдану арқылы (ҚІЖК-нің 98-101 баптары бойынша) бұл адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті. [13]

Информация о работе Қылмыстық іс жүргізу құқығы туралы түсінік