Қылмыстық іс жүргізу құқығы туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2014 в 21:04, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Құқық қағидалары қазіргі таңдағы заң ғылымының өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Бұл кездейсоқтық емес, себебі, нақ осы құқық қағидаларында оның мәні көп жақты және заңдылықтарымен ашық көрінеді. Қылмыстық процестің принциптері-қоғамдық және мемлекеттік құрылыстан туындаған және қолданылып жүрген заңмен орнықтырылған, мемлекеттік органдар ұйымдастырылуының мәнің және олардың қылмыстық істерді қозғау, тергеу, қарау және нақтылай шешу жөніндегі қызметінің мәнің айқындайтын бастапқы ережелер, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізу қызметін мемлекет қылмыстық сот ісін жүргізушінің алдына қойған мақсатттар мен міндеттерге жетуге бағыттайтын ережелер

Вложенные файлы: 1 файл

Кабылгазинова КІЖ принциптер.doc

— 249.50 Кб (Скачать файл)

Жеке өмірге қол сұқпаушылық, хат жазысудың, телефон арқылы сөйлесудің, почта, телеграф арқылы және өзге де хабарласудың құпиялылығы. Қазақстан Республикасы Конституциясының 18-бабында жазылғандай:

- әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауға, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абройлы атының қорғалуына құқығы бар;

- әркімнің өзінің жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сәйлескен сөздерінің, почта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығы сақталуына құқығы бар;

- бұл құқықтарды шектеуге занда тікелей белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі.

Осы конституциялық принцип ҚІЖК-нін 16-бабында да бекітілген. Қылмыстық істі жүргізу кезінде жеке өмірге қол сұқпаушылық принципін сақтау - хат жазысудың және өзге де хабарлардың құпиялылығын қамтамасыз етумен байланысты бола тұрып, бірақ азаматтардың бұл құқықтарын заң бойынша шектейтін жағдайлар, мәселен, ҚІЖК-нің 235-237 баптарында көрсетілген. Осы баптарға сәйкес, қылмыстарды алдын ала тергеу кезінде почта-телеграф жөнелтімдерін тұтқындау, оларды тексеру және алу, сейлесулерді тындау, хабарды жол-жөнекей ұстау тергеушінің прокурор санкция берген қаулысының негізінде жүргізіледі. Сол сияқты, «Жедел-іздестіру қызметі туралы» заңның 12-бабының 4-бөлігінде былай деп көрсетілген: заңмен қорғалатын жеке өмірге тиіспеушілік, хат жазысу, теле-фонмен сөйлесу, телеграф хабарлары мен почта жөнелтімдері құпиясын қол сұғудан қорғау құқығын қозғайтын жедел-іздестіру шаралары тек ауыр және ерекше ауыр қылмыстарды, сондай-ақ қылмыстық топтар әзірлеп жатқан немесе олар жасаған қылмыстарды анықтау, алдын алу және ашу мақсатында прокурордың санкциясымен ғана жүзеге асырылады.

Жеке өмірге қол сұқпаушылық принципіне сәйкес, тергеу әрекеттерін немесе жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінле,сондай-ақ сот талқылауы кезінде ашылған адамдардың өмірінің жеке жақтары туралы мәліметтер жұрт алдында жариялануға жатпайды. Бұл талапты сақтау тек қылмыстық іс жүргізу органдары үшін ғана емес, сонымен қатар азаматтар үшін де міндетті болып табылады. Сондықтан осы жөнінде, қажет болған жағдайларда, қылмыстық іс жүргізу органдары іске қатысушы азаматтарды ескертулері тиіс. [13]

Тұрғын үйге қол сұқпаушылық. Бұл принцип Қазақстан Республикасы Конституциясының 25-бабында баян етілген: тұрғын үйге қол сұғылмайды және соттың шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді; тұрғын үйге басып кіруге, оны тексеруге және тінтуге заңмен белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі. Осы конституциялық нормаға сәйкес ҚІЖК-нің 17-бабында да тұрғын үйге қол сұқпаушылық принципі бекітілген.

Қылмыстық іс жүргізуге байланысты тұрғын үйге онда тұратын адамдардың еркіне қарсы кіру қажет болатын жағдайлар тиісті нормативтік құқықтық актілерде көрсетіліп реттелген. Мәселен, ҚІЖК-нің 222-бабына сәйкес, тұрғын үйді қарау тек онда тұратын кәмелетке толған адамдардың келісімімен ғана жүргізіледі. Егер онда тұратын адамдар тексеріп қарауға қарсы немесе кәмелетке толмағандар болса немесе олардың психикалық не өзге ауыр науқастан зардап шегетіні белгілі болса, онда тергеуші мәжбүрлеп қарау туралы қаулы шығарып, прокурордың санкциясын алуы тиіс. Прокурор санкция беруден бас тартқан жағдайда қарау жүргізілмейді. Ал, тұрғын үйді оқиға болған жер ретіңде кідіртусіз қарау қажет болып, оны кейінге қалдыруға болмайтын жағдайда, тергеуші дәлелді қаулы шығарып, соның негізінде тұрғын үйді қарауға құқылы. Мұндай жағдайда тергеуші өзі жүргізген қарау туралы оның зандылығын тексеретін прокурорға бір тәулік мерзімде хабарлауға міндетті. Бұл хабарды алғаннан кейін прокурор тұрғын үйді қараудың зандылығын тексеріп, оның занды немесе заңсыз екені туралы қаулы шығарады. Егер прокурор үйді қарау заңсыз жүргізілген деп тапса, онда қараудың нәтижесін дәлелдеме ретінде қолдануға жатпайды.

Қылмыстық іске маңызы бар мән-жайларды анықтау мақсатында тұрғын үйде тінту жүргізу қажет болуы мүмкін. Ондай жағдайда тінту тергеушінің дәлелді қаулысы бойынша прокурордың санкциясын алып жүргізіледі.

Тұрғын үйге онда тұратын адамдардың еркіне қарсы кіру жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында қажет болған жағдайда «Жедел-іздестіру қызметі туралы» заңның нормалары қолданылады. Бұл заңның 12-бабында (4-бөлігі) былай деп көрсетілген: тұрғын үйді қол сұғудан қорғау құұығын қозғайтын жедел-іздестіру шаралары тек ауыр және ерекше ауыр қылмыстарды, сондай-ақ қылмыстық топтар әзірлеп жатқан немесе жасаған қылмыстарды анықтау, алдын алу және ашу үшін прокурордың санкциясымен ғана жүзеге асырылады. [13]

Қорыта айтқанда, тұрғын үйге қол сұқпаушылық принципінің екі жақты маңызы бар: біріншіден, азаматтардың күнделікті тұрмысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың тұрғын үйінен заңсыз айыруды болғызбау үшін; екіншіден, жеке өмірге қол сұқпаушылық принципін қамтамасыз ету амалдарының бірі ретінде.

Меншікке қол сұқпаушылық. Қазақстан Республикасы Конс-титуциясының 2б-бабына сәйкес азаматтардың меншік құқығы қорғалады және қамтамасыз етіледі. Бұл принцип ҚІЖК-нің 18-бабында да бекітілген. Осы баптардың нормалары бойынша: барлық азаматтар занды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады; меншік құқығы, оның ішінде мүрагерлік құқығы заңмен қорғалады; соттың шешімінсіз ешкімді де мүлкінен айыруға болмайды.

Айтылған баптарда тікелей көрсетілмеген болса да, азаматтармен қатар заңды тұлғалардың да меншігіне қол сұғушылыққа жол берілмеуі тиіс. Сондықтан ҚІЖК-нің 18-бабында бекітілген меншікке қолсұқпаушылық принципі барлық тұлғаларға қатысты (жеке және занды тұлғалар) бірдей қолданылуға жатады.

Меншікке қол сұқпаушылық принципіне байланысты ҚІЖК 18-бабының 2-бөлігінде былай деп жазылған: іс жүргізу барысында тұлғалардың банктегі салымдарына және басқа да мүліктеріне тыйым салуға, сондай-ақ оларды алуға ҚІЖКте көрсетілген жағдайлар мен тәртіп бойынша ғана жол берілді. Осыған сәйкес, ҚІЖК-нің 161-бабында мүлікке (соның ішінде банктегі шоттар мен салымдардағы ақша қаражатына және өзге де бағалы заттарға) тыйым салудың қандай жағдайда мүмкін болатындығы және тәртібі көрсетілген: соттың үкімі бойынша шешілетін азаматтық талапты, басқа да мүліктік шараны немесе мүмкін болатын мүлікті тәркілеуді қамтамасыз ету мақсатында тергеуші (анықтаушы) прокурордың санкциясымен не сотсезіктінің, айыпталушының немесе олардын әрекеттері үшін жауапты болатын тұлғаның мүлкіне тыйым салуға құқылы.

Азаматтардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың меншік құқығын қорғау азаматтық, азаматтық іс жүргізу, қылмыстық құқық салаларының институттары бойынша да қамтамасыз етілді.

Кінәсіздік презумпциясы. Бұл принцип Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-бөлігінің 1, 6, 8 тармақтарына сәйкес келетін ҚІЖК-нің 19-бабында тұжырымдалып жазылған:

1) адамның қылмыс жасағандығы  ҚІЖКте көзделген тәртіппен дәлелденгенге  және соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп саналады; 2) айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес; 3) айыпталушының кінәлілігі жөнінде сейілмеген күдік оның пайдасына қаралады (түсіндіріледі); 4) айыптау үкімін болжамдауға негіздеуге болмайды және үкім шындыққа жататын дәлелдемелердің жиынтығымен расталуы тиіс.

Кінәсіздік презумпциясы принципіне сәйкес қылмыстық іс жүргізудегі «айыпталушы» және қылмыс жасауға «кінәлі адам» — бірдей ұғымдар емес. Яғни, алдын ала тергеу жүргізудің барысында айыпталушы ретінде жауапқа тартылған адамның қылмыс жасауға кінәлі немесе кінәсіз екендігін тек сот қана шешеді. Егер бұл адамнын, кінәлі екендігі сотта қылмыстық істі қарау-дың нәтижесінде дәлелденіп, ол жөнінде айыптау үкімі шығарылған болса, онда осы үкім занды күшіне енгеннен кейін бұл адам қылмыскер ретінде қаралады. Ал бұған дейін, заңда көрсетілген айыпталушыға (сотталушыға) қолданылатын шектеулерді қоспағанда, оның жалпыға бірдей конституциялық құқықтары сақталады және айыпталушы басқа азаматтар сияқты өзінің конституциялық құқықтарын қолдана алады.

Кінәсіздік презумпциясы принципінен туындайтын маңызды ереже: айыпталушының қылмыс жасағандығы занды жолмен дәлелденуі тиіс және оны дәлелдеу айыптау тарабына (айыптаушыға) жүктеледі. Мәселен, тергеуші қылмыстық істің мән-жайларын толық ашу үшін қажетті тергеу әрекеттерін заңға сәйкес жүргізу арқылы айыпталушының қылмыс жасағандығын дәлелдейді. Егер тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде күш қолдану, қорқыту немесе өзге заңсыз амалдарды қолдануға жол берілген болса, ондай жолмен жиналған дәлелдемелер айыптауғанегіз бола алмайды. Яғни, айыпталушының қылмыс жасаудағы кінәлілігі занды жолмен алынған дәлелдемелердің жиынтығымен қуатталуы тиіс.

Айыпталушы оған тағылған айыптаудан қорғануға құқылы, бірақ ол өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес. Егер айыпталушы заң бойынша берілген құқықтарын қолдануға әрекет жасамайтын болса, оның өзін осылай ұстауы кінәсін мойындауды білдіреді деп санауға жатпайды.

Кінәсіздік презумпциясына байланысты тағы бір маңызды қағида — айыпталушының кінәлілігі жөнінде сейілмейтін күдік оның пайдасына қаралуы (түсіндірілуі) тиіс. «Сейілмейтін күдік» ретінде бұл іс бойынша шешілуге тиісті мәселе жөнінде анық тұжырымға келу мүмкін болмайтын жағдай қаралады (қылмыстық істің мән-жайларын толық, жан-жақты және объектівті зерттеу үшін заң бойынша қажетті барлық шаралар орындалғанға қарамастан). Мәселен, қылмыстық істі сот талқылауында қараудың нәтижесінде айыпталушының кінәлілігі жөнінде сейілмейтін күдік қалатын болса, ондай күдік бұл адамның пайдасына қаралуға жататын болғандықтан, сот ақтау үкімін шығаруы тиіс. Яғни, сейілмейтін күдік туралы қағиданы қолдану — дәлелденбеген кінәлілік дәлелденген кінәсіздікті білдіреді деп ұғынуды қажет етеді. Осыған сәйкес, сот айыптау үкімін айыпталушының қылмыс жасағандығы жөнінде толық сенімге келген жағдайда ғана шығара алады. Егер қылмыстық іс бойынша жиналып зерттелген дәлелдемелер бір-біріне қайшы пікірлер туғызып, істің фактілік мән-жайларын әр түрлі айтуға мүмкіндік беретін болса, ондай жағдайда сот айыпталушының қылмыс жасағандығын болжамдау арқылы айыптау үкімін шығаруға жатпайды. [13,36]

Кінәсіздік презумпциясы принципін қорытындылай келіп, бұл принциптің айыпталушыға ғана емес, сонымен қатар сезіктіге және басқа іске қатысушыларға да қолданылатындығын ескерту қажет.

Қайта соттауға және қылмыстық ізге тусуге жол берілмеуі. Қазақстан Республикасы Конституциясы 77-бабы 3-бөлігінін, 2-тармағында көрсетілгендей, бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды. Осы конституциялық нормаға сәйкес ҚІЖК-нің 20-бабында ешкімде нақбір қылмыс үшін қайтадан қылмыстық жауапқа тартылмайды деп көрсетілген.

Бұл принципті жүзеге асырудың кепілдігі ҚІЖК-нің 37-ба-бында 1-бөлігінің (7-8 тармақтары) нормалары болып табылады. Осы нормаларға сәйкес, белгілі бір айыптау бойынша бұл адамға қатысты соттың занды күшіне енген үкімі не қылмыстық істі қысқарту туралы қаулысы болуы, сондай-ақ белгілі бір айыптау бойынша бұл адамға қатысты қылмыстық ізге түсу органының күшін жоймаған істі қысқарту туралы қаулысы болуы - қылмыстық іс жүргізуді болдырмайтын жағдайларға жатады. Сондықтан, өкілетті органдар қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі өндіріс кезінде, сондай-ақ сотта іс жүргізу кезінде де жоғарыда аталған жағдайлардын бар-жоғын тексеріп анықтауға міндетті.

Іске мүдделі адам өзіне қатысты қайта қылмыстық жауапқа тартуды болдырмайтын жағдай жөнінде өкілетті органға өтініш жасай алады. Ондай жағдайдың бар екені расталған болса, бұл орган қылмыстық істі қозғаудан бас тарту немесе қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы шығаруы тиіс.

Сот төрелігін заң мен сот алдындағы теңдік негіздерінде жузеге асыру. Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабы бойынша:

1.Заң мен сот алдында жұрттың  бәрі тең.

2.Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және  мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты  немесе кез келген өзге жағдаяттар  бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге  болмайды.

Осыған сәйкес, ҚІЖК-нің 21-бабында сот төрелігін заң мен сот алдындағы теңдік негіздерінде жүзеге асыру принципі бекітілген.

Бұл принциптің мәні мен маңызын айтқанда, азаматтардың заң мен сот алдындағы тендігі өзара тығыз байланысты дей отырып, бірақ олардың (заң мен сот алдындағы тендіктің) мазмұны жағынан айырмашылықтарын жоққа шығаруға болмайды. Яғни, азаматтардың заң алдындағы тендігі олардың сот алдындағы тендігінен кең ұғымды білдіреді. Бірінші жағдайда, азаматтар-дың теңдігі олардың қоғам өмірінің барлық салаларындағы құқықтық теңдікті білдіретін болса, екінші жағдайда - сот төрелігін атқару саласындағы азаматтардың тендігі айтылады. Азаматтардың сот алдындағы теңдігі олардың заң алдындағы тендігінен туындайды: заң алдындағы тендік болмай, сот алдындағы тендік бола алмайды.

Сонымен қатар, сот төрелігін заң мен сот алдындағы теңдік негіздерінде жүзеге асыру жөнінде айтқанда, бұл принциптің сотқа дейінгі қылмыстық істі қозғау және алдын ала тергеу жүргізу кезінде маңызы жоқ деп түсінуге болмайды. Өйткені, сотқа дейінгі қылмыстық іс жүргізу тәртібін реттейтін құқықтық нормалар да ешкімді тегіне, әлеуметтік, лауазымдық жағдайына, жынысына немесе нәсіліне қарап кемсітуді болдырмайды. Сондықтан, азаматтардың заң мен сот алдындағы теңдігі - тек сот төрелігін атқару принципі ғана емес, сонымен қатар тұтас қылмыстық іс жүргізу принципі деп те қарауға жатады.

Информация о работе Қылмыстық іс жүргізу құқығы туралы түсінік