Қылмыстық іс жүргізу құқығы туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2014 в 21:04, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Құқық қағидалары қазіргі таңдағы заң ғылымының өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Бұл кездейсоқтық емес, себебі, нақ осы құқық қағидаларында оның мәні көп жақты және заңдылықтарымен ашық көрінеді. Қылмыстық процестің принциптері-қоғамдық және мемлекеттік құрылыстан туындаған және қолданылып жүрген заңмен орнықтырылған, мемлекеттік органдар ұйымдастырылуының мәнің және олардың қылмыстық істерді қозғау, тергеу, қарау және нақтылай шешу жөніндегі қызметінің мәнің айқындайтын бастапқы ережелер, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізу қызметін мемлекет қылмыстық сот ісін жүргізушінің алдына қойған мақсатттар мен міндеттерге жетуге бағыттайтын ережелер

Вложенные файлы: 1 файл

Кабылгазинова КІЖ принциптер.doc

— 249.50 Кб (Скачать файл)

Сонымен: 1) азаматтардың заң алдындағы теңдігі — қылмыстық іс бойынша өндіріс кезінде (қылмыстық істі қозғау, алдын ала тергеу және істі сотта қарап шешу) барлық азаматтарға бірдей күші бар зандардың қолданылатындығын және олардың ешқайсысының құқықтары басқалардан өзгеше шектелмейтіндігін, сондай-ақ басқалардан артықшылығы болмайтындығын білдіреді;

2) азаматтардың сот алдындағы тендігі - олардың барлығы да Қазақстан Республикасының жалпыға бірдей сот жүйесіне кіретін соттардың алдында жауапты болып, сотта іс жүргізу кезінде ешкімнің де артықшылықтарға иемденуіне және жағдайының ерекшеленуіне жол берілмейтіндігін көрсетеді.

Қорыта айтқанда, қылмыстық іс жүргізуге қатысушы тұлғалардың заңмен көзделген құқықтары мен міндеттері барлық азаматтарға бірдей таралатын болғандықтан, сот төрелігін атқару жалпы ереже бойынша жүргізіледі; іс жүргізудің тәртібі айыпталушының немесе жәбірленушінің және өзге процеске қатысушылардың жеке басына байланысты өзгертуге жатпайды. Дегенмен, ҚІЖК-де көрсетілген жекелеген санаттарға жататын істер бойынша өндірістің ерекшеліктері болатындығын да айту қажет. Мәселен, кәмелетке толмағандардың қылмыстық істерін жүргізу кезінде жалпы ережелермен қатар кейбір қосымша ережелер де қолданылады. Бірақ, ол ережелер азаматтардың заң және сот алдында тендігі принципін бұзуға соқтырмайды және олар кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауды күшейту мақсатында көзделген.

Сонымен қатар, дүниежүзілік тәжірибеге сәйкес парламент депутаттарына, мемлекеттік органдардың кейбір лауазымды адамдарына, дипломатиялық қызметкерлерге қатысты қылмыстық іс жүргізудің заңмен шектелген көлемде ерекшеліктері болатындығы белгілі. Сол сияқты, Қазақстан Республикасының ҚІЖК-нің 53-тарауында артықшылықтары мен қылмыстық ізге түсуден иммунитеттері бар адамдарға қатысты қылмыстық іс жүргізудің ерекшеліктері көрсетілген. Олардың қатарына: Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Конституциялық Кеңестің Төрағасы және мүшелері, судьялар, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, дипломатиялық иммунитеті бар адамдар жатады. Бұл адамдарға қатысты қылмыстық сот ісін жүргізу ерекшеліктері - олардың тәуелді болмауын қамтамасыз ету және заңсыз қылмыстық жауапқа тартылуларын болғызбау мақсатында қосымша құкықтық кепілдіктердің көзделуімен байланысты болып табылады. [2]

Судьялардың тәуелсіздігі. Судьялардың тәуелсіздік принципі Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабының 1 және 2 бөліктерінде жазылып бекітілген: судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады; сот төрілігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді, нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді.

Бұл принцип ҚІЖК-нің 22-бабында да бекітіліп, мұнда былай деп көрсетілген: судьялар тәуелсіздігінің кепілдігі Қазақстан Республикасы Конституциясымен және заңмен белгіленген. Яғни, ол кепілдіктер Конституциямен қатар «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» конституциялық заңның негізінде анықталады. Осы заңдарға сүйене отырып, судьялар тәуелсіздігінің мына кепілдіктерін атай аламыз:

  • сот төрелігін атқарудың занда көрсетілген рәсіммен орындалуы;
  • судьяның сот төрелігін іске асыру жөніндегі қызметіне араласқаны үшін, сондай-ақ сотты және судьяларды сыйламағандығы үшін заңмен көзделген жауаптылықтың болуы;
  • судьяға ешкімнің тиіспеуі (судьяны, қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған жағдайларды қоспағанда, тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, Жоғарғы Сот Кеңесінің қорытындысына негізделген Қазақстан Республикасы Президентінің келісімінсіз, ал Конституцияның 55-бабының 3-тармағында белгіленген жағдайда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының келісімінсіз оны қылмыстық жауапқа тартуға болмайды);
  • судьяны қызметке сайлау, тағайындау, оның өкілеттігін тоқтату тәртібінің занда белгіленуі;
  • судьяларға мемлекет есебінен материалдық жағдай жасау және әлеуметтік қамсыздандырудың болуы;
  • судьялардың, олардың отбасы мүшелері мен мүлкінің мемлекеттік қорғауда болатындығы;
  • судьяға занда көзделмеген соттан тыс функциялар мен міндеттерді жүктеудің болмайтындығы.

Судьяның тәуелсіздігі принципінің кепілдіктері осылармен ғана шектелмейді. Алайда, осы аталған кепілдіктердің өзі де судьялардың сот төрелігін атқару кезіндегі тәуелсіздігі іс жүзінде қамтамасыз етілетіндігін білдіреді.

Сот ісін жүргізуді тараптардың бәсекелестігі мен тең құқықтылығы негізінде жүзеге асыру. ҚІЖК-нің 23-бабында бекітілген бұл принциптің мәні - қылмыстық істі жүргізудің айыптау және қорғау (қорғану) тараптарының бір-бірінен бөлектенуіне негізделуі және тараптарға тең процессуалдық құқықтар беру арқылы олардың сот талқылауына қатысуларына бірдей мүмкіндік туғызу болып табылады. Ал сот айыптау немесе қорғану тарабының жағында болмай, яғни бейтараптылық сақтай отырып және тараптарға өз құқықтарын жүзеге асыру үшін қажетті жағдай туғызу арқылы қылмыстық істі әділ шешуі тиіс.

Сонымен, тараптардың бәсекелестігі принципінің басты сипаты - қылмыстық сот ісін жүргізу кезіндегі үш негізгі процессуалдық функциялардың (айыптау, қорғану және қылмыстық істі шешу) бір-бірінен анық бөлектенуі және әр функцияны атқарудың сәйкес субъектілерге жүктелуі болып табылады: айыптау функциясын атқару - айыптау тарабына, қорғау (корғану) - қорғау тарабына, қылмыстық істі шешу - сотқа. Осыған сәйкес ҚІЖК-нің 23-бабында былай деп көрсетілген: сотталушыға тағылған айыптауды дәлелдеу міндеті айыптаушыға жүктеледі; қорғаушы сотталушыны қорғаудың занда көзделген барлық құралдары мен әдістерін пайдалануға міндетті; сот объективтілікті және бейтараптылықты сақтай отырып, тараптардың өз міндеттерін орындауы және өздеріне берілген кұқықтарын жүзеге асыруы үшін қажетті жағдай туғызады.

Сотта істі қарау кезіндегі тараптардың бәсекелестігін қамтамасыз етудің маңызды шарты олардың тең құқықтылығын сақтау болып табылады. Тараптардың тең қүкықтылығы - сотталқылауы кезінде тараптарға қылмыстық істің мән-жайларын толыққ жан-жақты ашуға және дәлелдемелерді зерттеуге қатысулары үшін бірдей мүмкіндік берілетіндігін, сондай-ақ осы кездегі іс-әрекеттердің барлығы тараптардын бірдей қатысуымен жүргізілетіндігін білдіреді. Осы тұрғыдан алғанда, мемлекеттік айыптаушы ретінде сотқа қатысатын прокурордың қорғану тарабына жататын сотталушыдан және оның қорғаушысынан артықшылығы болмайды. Прокурор, жәбірленуші, сотталушы және оның қорғаушысы дәлелдемелерді зерттеуге қатысуға (сотталушыдан, жәбірленушіден, куәлардан жауап алуға және т. б.), сотқа түсініктер беруге, өтініштер айтуға, өз пікірін білдіруге, дәлелдемелер тапсыруға тең құқылы болып табылады. Бірақ, сонымен қатар, тараптардың тең құқықтылығы ұғымының олардың процессуалдық жағдайы ұғымынан өзге мәселе екендігін ескеру қажет (прокурордың процессуалдық жағдайы жәбірленушінің немесе сотталушының процессуалдық жағдайымен бірдей бола алмайды). [2]

Тараптардың бәсекелестігіне байланысты ескерілетін тағы бір жағдай: бұл принциптің толық мағынада қолданылуы бірінші саты сотында істі қарау кезінде, яғни басты сот талқылауы стадиясында мүмкін болатындығы. Сондықтан ҚІЖК-нің 23-бабында бұл принциптің осы стадияға сәйкес сипатта жазылғандығына назар аудару қажет. Сонымен қатар, осы баптың 10-бөлігіне сәйкес, апелляциялық және қадағалау сатыларында да тараптардың сотта істі қарауға қатысулары жоққа шығарылмайды. Бірақ, бұл сатылардағы сотта іс жүргізудің тәртібі бірінші саты сотындағы өндірістен өзгеше болып табылады және тараптардың бәсекелестігі принципін қамтамасыз етудің шарттарына сәйкес келмейді. Ал, алдын ала тергеу кезіндегі тараптардың бәсекелестігі принципін қолдану жөнінде айтатын болсақ, қылмыстық істі жүргізудің бұл стадиясына да айыптау және қорғану тараптары қатысады. Тергеуші (анықтаушы) қылмысты тез және толық ашу міндетін орындай отырып, сонымен қатар сезіктінің және айыпталушының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды және қорғану тарабының іске қатыстырылуын қамтамасыз етеді. Бірақ, алдын ала тергеу (анықтау) жүргізудің жалпы шарттары және процессуалдық тәртібі бәсекелестік принципін толық жүзеге асыруды қамтамасыз ете алмайды.

Істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеу. ҚІЖК-нің 24-бабында жазылған: сот, прокурор, тергеуші,анықтаушы істі дұрыс шешуге қажетті және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін занда көзделген барлық шарларды қолдануға міндетті.

Бұл принциптің маңызын ашуға байланысты «жан-жақты» және «толық» сөздерінің мағынасы жөнінде әдебиетте әр түрлі пікірлер айтылған. Кейбір авторлар бұл сөздердің мағынасы бір-біріне тең келмейді деп қарап, олардың әрқайсысына бөлек түсінік беруді көздейді. Ал, авторлардың басым көпшілігі «жан-жақты» және «толық» сөздерін бір-бірінен бөлектеудін, қажеттігі жоқ, олар тұтас мағынаны білдіретін сөз тіркесі ретінде қолданылады деп санайды.

Қалай айтқанда да, бұл принциптің негізгі мәні - оның қылмыстық іс бойынша ақиқатқа жетудің амалы ретінде қолданылуы болып табылады. Олай болмай, қылмыстық іс жүргізу органдары өз міндеттерін орындауға жете алмайды. Істің мән-жайын жанжақты, толық және объективті зерттеу принципінің талаптарына сәйкес қылмыстық іс жүргізу органы:

  • әрбір қылмыстық істі дұрыс шешу үшін маңызы бар, яғни дәлелдеу пәніне кіретін мән-жайлардың барлығын толық көлемде анықтауы тиіс (кылмыстың оқиғасы, жасалуы уақыты, болған жері, қылмысты кім жасағандығы, айыпталушының кінәлілігі, кінәсінің нысаны және т. б.);
  • істің мән-жайларын біржақты айыптау тұрғысынан емес, жан-жақты ашуға тиіс (айыпталушыны әшкерелейтін де, оны ақтайтын да, айыпталушының жауаптылығын ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларды, сондай-ақ іске маңызы бар басқа да нақты мән-жайлардың барлығын);
  • объективтік көзқарасты сақтай отырып, айыптау және қорғану тараптарына істің мән-жайларын зерттеуге байланысты өз құкықтарын жүзеге асыру үшін қажетті жағдай туғызуға тиіс.

Осы айтылған талаптарды басшылыққа ала отырып, қылмыстық іс жүргізу органы істің мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеу принципін жүзеге асырады.

Дәлелдемелерді ішкі сенім бойынша бағалау. Бұл принциптің ҚІЖК-нің 25-бабында жазылуы бойынша: судья, прокурор, тергеуші, анықтаушы дәлелдемелерді олардың жиынтығына негізделген өздерінің ішкі сенімі бойынша бағалайды және бұл орайда заң мен ар-ожданын басшылыққа алады; ешқандай дәлелдемелердің күні бұрын белгіленген күші болмайды.

Дәлелдемелерді бағалау принципінің маңызы қылмыстық іс жүргізудің өзі дәлелдемелерді қолдану арқылы жүзеге асырылатындығына байланысты болып табылады: тергеуші қылмысты ашу үшін қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу арқылы дәлелдемелерді жинайды; прокурор дәлелдемелердің негізінде айыпталушының қылмыс жасағандығын сот алдында ашып көрсетеді; қылмыстық іс бойынша жиналған дәлелдемелердің негізінде сот үкім шығарады. Тергеуші, анықтаушы, прокурор, судья дәлелдемелерді бағалаудың негізінде тиісті процессуалдық шешім қабылдайды (қаулы, үкім шығару). Бұл кезде дәлелдемелер олардың іске қатыстылығы, зандылығы, маңыздылығы, шындыққа сәйкестігі және жеткіліктілігі тұрғысынан бағала-нып, сол арқылы өкілетті лауазымды адам (тергеуші, анықтаушы, прокурор, судья) істің мән-жайларының дәлелденгендігі немесе дәлелденбегендігі жөнінде анық пікірге келе алады.

ҚІЖК-нің 25-бабына сәйкес дәлелдемелерді бағалаудың мына ережелерін атап керсету қажет:

1) қылмыстық іс бойынша жиналған дәлелдемелердің әрқайсысын бағалап қолдану міндетті болып табылады және сондықтан ешбір дәлелдеменің күні бұрын белгіленген күші болмайды;

2) дәлелдемелерді бағалаудың басты ережесі оларды ішкі сенім бойынша бағалап қолдану болып табылады. Яғни, қылмыстық іс жүргізу органы шешім қабылдаған кезде оған қандай дәлелдемелерді қолдану және оларды қалай бағалау керектігі жөнінде ешкім нұсқау бере алмайды. Бірақ, заңда ішкі сенімнің қалыптасу негізі көрсетілген: ол қылмыстық іс бойынша барлық дәлелдемелердің жиынтығы болып табылады. Яғни, жиналған дәлелдемелердің барлығын жан-жақты зерттеп, соның негізінде олардың зандылығы, маңыздылығы, шындыққа сәйкестігі және жеткіліктілігі жөнінде процессуалдық шешім қабылдайтын адамның ішкі сенімі қалыптасады. Сондай-ақ, дәлелдемелерді бағалау кезінде өкілетті лауазымды адам заңның талаптарын және өзінің ар-ожданын басшылыққа алуы тиіс.

Сезіктінің, айыпталушының қорғану құқығын қамтамасыз ету. Бұл принципке ҚІЖК-нің 26-бабы арналған.Сезіктінің және айыпталушының қорғану құқығы олардын, басқа да құкықтарымен тығыз байланысты болып табылады. Сондықтан ҚІЖК-нің 26-бабында былай деп көрсетілген: қыл-мыстық іс жүргізу органы сезіктіге, айыпталушыға құқықтарын түсіндіруге және олардың айыптаудан заңмен тыйым салынбаған барлық құралдармен қорғану мүмкіндігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ олардың жеке және мүліктік құқытқтарын қорғауға шаралар қолдануға міндетті. Яғни, сезіктінің және айыпталушының қорғану құқығын қамтамасыз етудің басты шарты - олардың өздеріне заң бойынша берілген құқықтарын анық білуі болып табылады.

Сезіктінің және айыпталушының қорғану құқығын қамтамасыз етудің екі жақты маңызы бар: 1) олардың айыптаудан қорғануларын жүзеге асырудың жолы ретінде; 2) қылмыстық іс бойынша ақиқатқа жетудің, сондай-ақ сот үкімінің занды және дәлелді болуының маңызды шарты ретінде. Сондықтан да қылмыстық іс жүргізу заңында сезіктініңжәне айыпталушының қорғану құқығы принципіне үлкен мән беріліп, оны қамтамасыз етудің кепілдіктері көзделген. Ол кепілдіктерге мыналар жатады:

  • қылмыстық істі жүргізу кезінде сезіктіге және айыпталушыға қорғану құқығының түсіндірілетіндігі және олардың өз құқықтарын қолдану тәртібінің заңмен көрсетілуі;
  • сезіктінің ұсталған кезден бастап, ал айыпталушының оған айып тағылған кезден қорғаушы алу құқығының іске асырылатындығы;
  • занда көрсетілген жағдайларда сезіктінің және айыпталушының занды өкілдерінің іске қатыстырылатындығы;
  • қорғаушының және занды өкілдердің іске қатыстырылуы сезіктінің және айыпталушының өздеріне тиесілі құқықтарын кемітпейтіндігі;
  • қылмыстық іс жүргізу органдарының сезіктіге және айыпталушыға құқықтарын түсіндірумен қатар ол құқықтарын жүзеге асыруға қажетті жағдай жасауға міндеттілігі.

Информация о работе Қылмыстық іс жүргізу құқығы туралы түсінік