Бәсеке – нарықтық механизмінің басты элементі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2014 в 23:33, реферат

Краткое описание

Қазақстанның болашағы, әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елінің қатарына кіруі, оның экономикасының инновациялық даму жолына сапалы көшуіне тікелей байланысты.
Соңғы 20 жыл бойында елдің, ұлттың, экономиканың бәсекеге қабілеттілік тұжырымдамасы экономикалық даму теориясында айтарлықтай маңызға ие.

Содержание

Кіріспе
1 Бәсеке – нарықтық механизмінің басты элементі
1.1 Бәсекенің теориялық мәні
1.2 Бәсеке және оның нарықтық экономикадағы рөлі
1.3 Бәсекенің түрлері және әдістері
2 Жетілген және жетілмеген бәсеке нарығының жұмыс істеу механизмі
2.1 Жетілген бәсекеде нарықтық механизм
2.2 Жетілмеген бәсекеде нарықтық құрылымының негізгі механизмі
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

Нарықтық бәсеке арайлым.docx

— 219.72 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

                                    Қорытынды


 

Елімізде экономиканың қарқынды дамуы үшін отандық тауар өндірушілердің шығаратын өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселесі алдыңғы қатарда.

Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, біз бәсекеге анықтамамызды ұсынамыз: өнімнің бәсекеге қабілеттілігі – бәсеке жағдайында тұтынушыларды тартымдылығымен қызықтыратын және өндірушілерді жоғары коммерциялық жетістікке жеткізуді қамтамасыз ететін тұтынушылық, бағалық және жаңашылдық сипаттамалар кешені. Оған сапа және тұтынушы құны, баға және жаңашылдық факторлары әсер етеді. Әрине, бәсеелестіктің экономикаға, оның тиімділігіне оң ықпал етеді, өйткені бәсекелестік кәсіпорындарға ғылыми – техникалық жетістіктерді толығымен қолдануына, яғни тиімді техниканы, технологияны, өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың қазіргі заманғы тәсілдерін кеңінен пайдалануға тікелей әсерін тигізеді.

Нарықта бәсекелестіктің болуы алғы шарт. Бірақ ол да есептен тыс аспау керек. Бәсекелестік болмаған жағдайда баға саясаты бұзылып, бұл саясатты тек сол өндіріс иесі жүргізеді.

Нарықтағы баға саясатына тоқталатын болсақ, ол тұрақсыз болып келеді. Ол баға міндетті түрде өзіне кеткен шығын сомасынан жоғары болады. Тек осы жағдайда ғана пайда, табыс тауып нарықта тіршілік ету мүмкіншілігі жоғары. Нарықтық экономикада сатушы мен тұтынушы белгілі бір бәсекеге түсіп нарық бағаларын қалыптастырады. Баға қалыптастыруды өндірушілердің арасындағы бәсекенің де маңызы зор. Белгілі бір тауар, оның түріне деген бәсекелік өссе ол тауардың құны төмендейдін ол өткізу мақсатына тәуелді.  

Бәсеке болғанда өндірушілер өнімнің табиғатын өзгертіп құбылтып, жетілдіріп отырады. Бұл да нарық экономикада табыс табудың алғы шарты. Нарыққа шыққан әр адам, әр кәсіпкер табыс табуды, пайда табуды көздейді. Сондықтан да пайда табу көздерін іздеп, оларды жеңілдетеді. Олигополия жағдайында бәсеке бағалық сипат алмайтын. Қысқаша айтқанда,  негізгі тұтынушы бағаны төмендету арқылы емес, басқа факторлар есебінен, тауардардың сапасын жақсарту, жарнама, сатылғаннан кейінгі техникалық қызмет көрсету арқылы тартуға негізделген.

Классикалық экономикалық әдебиеттерде көрінбейтін қол деген ұғым бар. Ол бәсекелестіктегі жоғары нарықтық жүйеде жұмыс істейтін өндіруші кәсіпорындар мен ресурспен қамтамасыз етушілер өз пайдасын жоғарлатуға талпына отырып , мемлекеттің, қоғамның мүдделерін қамтамасыз етуге өз үлесін тигізеді деген мағынаны білдіреді. Ал бәсекелестік ортада кәсіпорындар берілген өнімінің көлемін өндіру үшін керекті ресурстарды пайдаланудың барынша өнемді тәсілін қолдануға талпынады. Сонымен қатар, бұл тәсілдегі ресурстарды  пайдалану қоғамның мүддесіне де қажетті. Қорытындылай айтқанда, егер кәсіпорын өзінің пайдасын барынша көбейтсе, қоғамдық өнім де соншама көбейеді.

Қорыта келе, бәсекеге түсу қабілеті дегеніміз қазақстандық кәсіпорындардың экспортқа шығарылатын өнімдерді өндіру қабілетін білдіреді. Басқаша айтқанда, тиімді бәсекелестікке жағдай жасауға келесі шарттар ұсынылады: өндеуші өнеркәсіптің өнімі әлемдік стандарттарға сәйкес келуі керек және баға бойынша бәсекелесуге қабілетті болуы тиіс; шикізаттық бағыттан бас тартуға ықпал ететін экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу; ұлттық ғылыми техникалық әлеуетті жандандыруға; озық шетел технологиясының нақты трансферті мен халықаралық стандарттарды енгізуді қамтамасыз ету; шектен шыққан  бәсекелестікті болдырмау; жаңа өнім жасау және таратумен айналысатын отандық кәсіпорындарға әртүрлі қаржылық қолдау көрсету; қажетті мамандарды даярлау және қайта даярлау болып табылады.

Ал тиімді ұлттық инновациялық жүйе бәсекеге қабілетті ұлттық экономиканың негізгі құралы бола алады.

                                                Әдебиеттер тізімі

 

  1. Қазақстан Республикасының 2004 жылғы «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін. Бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» деген Жолдауы
  2. Қазақстан Республикасының индустриялық – инновациялық дамуының 2003 – 2015 жылдарға арналған мемлекеттік Стратиегиясы
  3. Арыстанбаева С. Национальная конкуретноспособность государство: инновационные аспекты структурной политики // Саясат. – 2004. - № 12
  4. Әбдікерімова Г.И. Кәсіопорын экономикасы. – Алматы.: «Экономика» баспасы, 2008. – 367 б.
  5. Байжақсынова Г.К. Бәсекелістік артықшылықтарға қол жеткізу жолдары // Саясат. – 2009. №4. 18-20б.
  6. Казахско – русский словарь: около 50000 слов / Под ред. чл.-корр. НАН РК Р.Г.Сыздыковой, проф. К.Ш. Хусаина. - Алматы: Дайк-Пресс. 2008. – 962 б.
  7. Курс экономической теории. Учебник под редакцией проф. Чепурина М.Н., проф. Киселевой Е.А. – Киров: Издательсто «АСА». 1997. – 612 б.
  8. Мамыроа Н.Қ., Есенғалиева Қ.С., Тілеужанова М.Ә. Микроэкономика /Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2004. – 420 б.
  9. Наренова А.Н. О конкуретоспособности национальной экономики // Вестник КазНУ. Серия экономическая – 2004. №5 25-29 б.
  10. Портер М. Конкуренция. – М.: Изд. дом «Вильямс», 2006. – 495б.
  11. Сақтаева А.А. Бәсекеге қабәлеттілікті жоғарылатудың негізгі тәсілдері мен механизмдеру // Саясат. – 2009. №4. 42-44б
  12. Темірбекова А.Б. Экономикалық теория: Оқұ құралы. – Алматы: «Экономика», 2008. – 276 б.
  13. Ше денов Ө.Қ., Жүнісов Б.А. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. – Алматы - Ақтөбе: 2002. – 365 б.

 

 


 



Информация о работе Бәсеке – нарықтық механизмінің басты элементі