Бәсеке – нарықтық механизмінің басты элементі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2014 в 23:33, реферат

Краткое описание

Қазақстанның болашағы, әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елінің қатарына кіруі, оның экономикасының инновациялық даму жолына сапалы көшуіне тікелей байланысты.
Соңғы 20 жыл бойында елдің, ұлттың, экономиканың бәсекеге қабілеттілік тұжырымдамасы экономикалық даму теориясында айтарлықтай маңызға ие.

Содержание

Кіріспе
1 Бәсеке – нарықтық механизмінің басты элементі
1.1 Бәсекенің теориялық мәні
1.2 Бәсеке және оның нарықтық экономикадағы рөлі
1.3 Бәсекенің түрлері және әдістері
2 Жетілген және жетілмеген бәсеке нарығының жұмыс істеу механизмі
2.1 Жетілген бәсекеде нарықтық механизм
2.2 Жетілмеген бәсекеде нарықтық құрылымының негізгі механизмі
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

Нарықтық бәсеке арайлым.docx

— 219.72 Кб (Скачать файл)

Төлемге қабілетті сүраныс - бүл адамдардың өз табыстарына (сатып алу кабілеттігімен) сүйенген, олардың әр түрлі тауарларға деген қажеттіліктерінің көрінісі. .  Негізінен сұранысқа  көптеген факторлар әсер етеді,  оның ішінде ең маңыздысы – баға болып  табылады. Жалпы баға мен сұраныс арасында кері байланыс бар. Яғни, бағаның көтерілуі сұраныстың азаюына әкеп соғады және  керісінше. Баға мен сұраныс шамасының  арттықтылығ кері байланыс сұраныс заңы деп аталады.

                                        

P - баға 

Q – тауарлар  мөлшері                                       

 

                

p      D1    D        D2

0 Q

Сурет 2. Сұраныс қисығы

 

Тұтынушылар  әрбір баға бойынша  осы тауардың көбін сатып алғысы келсе, онда d1  -ден   d2 –ге  ауысады, ал тауарды аз қалау – сұранысты азайтады және сұраныс қисығын солға d1  -ден    d3 –ке қозғалтады. Сонымен қатар сұраныс  қисығының қозғалысы мен сұраныстың өзгеруі бағаның  факторының әсерінен де болады. Оларға мыналарды жатқызуға болады:

- тұтынушылар  таңдауы;

- сатып  алушылар саны;

- сатып  алушылар табысы;

- балама  тауарлардың бағасы;

- қолайлы  жағдайды күту.

Сонымен қатар осы қарастырылған бір фактордың және екінші фактордың әсерінің нәтижесінде  сұраныс сезімталдығын анықтау үшін  икемдік деген түсінік пайдаланылады. Икемдіктің өлшем бірлігі болып  икемдік коффиценті табылады.

Икемдік коффицентін келесі түрде анықтауға болады:

{ К (и.б.) = Q өсуінің  %-ті  /P өсуінің  %-не }

{К(и.т.) =  сұраныс шамасының өзгеруінің %-і/

/табыс  шамасының өзгеруінің %-не }

 

Ұсыныс – тауар өндірушілердің нарыққа  сатуға ұйғарған баңасы білгіленген тауар жиынтығы. Ұсыным сұранымды өндірілген тауар ассортименті мен олардың бағасы арқылы қалыптастырылады; ал, сұраным болса, тауар ұсынымының көлемі мен құрылымынын анықтайды, себебі тұтынушы мойындаған нәрсе ғана дайы өндіріледі. Тауар өндіруші ұйғарған тауар саны мен баға арасында, үнемі белгілі арақатынаста болып, оны график немесе ұсыным (қисығы) сызығы (SS) дейміз.

 

                                             P

S - ұсыныс                                                


P - баға


Q – мөлшер  саны

 

 

                                                            S2  S     S1                          Q              


Сурет 3. Ұсыныс қисығы

 

 

        Сурет 4.       Ұсыныс функция қисығы.                                                                        



 

Негізінен қисығының өзінің қозғалысы мен  ұсыныс өзгеруі бағалық емес факторларының әсерінен болады.

Ұсыныс қисығы егер осы тауарға  шығындар тұрақты кезінде нарықта  көп өнім ұсынылса, SS -тан  S1S2-ге жылжиды, ал тауардың ұсынысының азаюы ұсыныс қисығын солға  SS -тан  S1S3-ке қозғалтады.

Бағалық емес факторларға:

- ресурстар  бағасы. Яғни, олардың түсуі өндіріс  шығындарын азайтады және  ұсынысты  көбейтеді. Бұл жерде ұсыныс қисығы  оңға жылжиды. Ресурстарға бағаның  өсуі керісінше әсер етеді.

- технология. Оның жетілуі ресурстарға бағаны  түсіреді және 1-пунктте көрсетілгендерге  әсер етеді.

- салықтар. Салықтардың көтерілуі өндіріс  шығындарын көбейтеді және ұсынысты  азайтады. Яғни, ұсыныс қисығы солға  жылжиды.

- басқа  тауардың бағасы. Олар ұсыныс  қисығын қалай болса да жылжыта  алады. Мысалы,  фирма егер де  футбол добына баға өссе,  баскетбол  доптарын өндіріс азайта алады.  ұсыныс көлемінің бағаның өсуіне  байланысты өзгеруінің дәрежесі ұсыныс икемділігімен сипатталды.  Ол  ұсыныс икемділік коэффицентімен өлшенеді.

К = Q  салыстырмалы (%) / P  салыстырмалы өзгеріс  (%).

 

Баға – бұл жерде тек екі мәселені ескертеміз. Бірінші, сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Бұлардың сәйкестігі конюктураға байланысты өзгеріп отырады. Екінші – осы географиялық ауданда өндірілген тауарға нарықтық қатынастар әсерінің сферасын баға анықтайды. Осы сфераның шегін трансакциондық шығындар болжайды, яғни айырбаспен байланысты айналым шығындары болжайды.

Тауардың бағасы — ол ақша түріндегі тауардың қүны. Сұраныс пен ұсыныстың бірдей болу деңгейінде баға құнға, яғни коғамдык қажеттілік шығынға дәл келеді. Құн - сатып алушылар мен сатушылар мүдделерінің тепе-тендігі, яғни сұраныс бағасы мен ұсыныс бағасының тепе-тендігі болып шығады. Оның негізінде шегі жеткен пай-далылық, өндіріс шығындарын көрсететін ұсыныс бағасы жатады.

Бәсеке – бұл пайданың жоғары болуын тілейді және осының негізінде өндіріс масштабын кеңейтуді қамтамасыз етеді. Бәсеке нарық субъектерінің өзара әсерінің және пропорцияларды реттеу механизмінің формасы болып табылады. А.Смит бәсекені нарықтың «көрінбейтін қолы» деген. «Көрінбейтін қол» идеясының мәні: адамдар өз мүдделеріне сәйкес, өздерінің қара басының қамын ойластырып әрекет етеді. Осы әрекеттердің жиынтығы қоғамдық пайдаға шешіледі, қоғам экономикасын жандандырады. Бәсекенің басты қызметі экономиканың реттеушілерінің: бағаның, пайда нормасының, проценттің, т.б. мөлшерін анықтау болып табылады.

Сұраныс пен ұсыныстың төрт ережесі бар:

    1. Сұраныстың көбеюі теңдестірілген бағаның және тауар көлемінің тепе – теңдігінің де өсуәне әкеледі.
    2. Сұраныстың азаюы теңдестірілген баға мен теңдестірілген тауар көлемінің төмендеуіне әкеледі.
    3. Тауар ұсынысының өсуі теңдестірілген бағаның төмендеуіне әкеліп, тауар көлемінің теңдесуін арттырады.
    4. Ұсыныстың қысқаруы теңдестірілген бағаның көбеюіне әкеліп, тауар көлемінің тепе – теңдігін азайтады.

 

 

2.2. Жетілмеген бәсекеде нарықтық  құрылымның негізгі механизмі

 

Тарихи логика тұрғысынан жетілген бәсекелі нарықты талдаудан кейін жетілмеген бәсекелі нарықты зерттеуге көшу қиын емес еді. Жетілмеген бәсекелі нарықты талдауға көрнекті үлес қосқан экономисттердің қатарына О. Курко, Э.Чембирлин, Д.Робинсон, Д.Хинс және тағы басқалары жатады. Жетілмеген бәсекелі нарықты механизмін анығырақ түсіну үшін нарықтық құрылымдарды жіктеуді қарау маңызды. Солай болғанда жетілген мен жетілмеген бәсекелердің арасындағы айырмашылықтар анығырақ көрінеді.

Нақты жағдайда тек таза (жетілген) немесе жетілмеген бәсекелі «таза» монополия болмайды. П.Самуэльсонның пікірінше, нақты өмірде монополиялар жетілмеген бәсекенің элементтерімен ерекше қабысуы ретінде көрініс алады.

 

1-кесте                Нарықтық құрылымдар және бәсеке түрлері

Бәсеке формалары

Бәсеке формаларын анықтаушы белгілер

Бағаларға бақылау дәрежесі

Жетілген

Осы өнімді көп фирмалар өндіреді. Өндірілген өнімдердің толық біртектілігі. Капиталдардың салааралық ауытқуына шектеудің жоқтығы. Толық хабарлылық, яғни тұтынушылар мен өндірушілердің нарықты жете білуі.

Бағаға бақылау жоқ.

Жетілмеген

1.Монополия

Өнімді тек бір ғана фирма өндіреді (сала бір ғана фирмадан тұрады)

Бағаларға бақылау дәрежесі өте жоғары

2. Дуополия

Өнімді өндіру екі фирмаға шоғырланған. Бір текті өнім өндіріледі.

Бағаларға жекелеген бақылаулар.

3. Олигополия

Өнімді өндіретін фирмалардың саны салыстырмалы түрде көп емес. Біртекті өнім өндірілетін (немесе аздаған дара өалған өнім).

Бағаларға жекелеген бақылаулар.

4. Монополисттік өнімдерді даралаумен  бірге

Өндірушілер көп өнімді нақты немесе қиялдағы айырмашылықтықтардың көп болуы.

Бақылауға өте әлсіз бақылау.


 

Монополияны талдауда «монополия» ұғымының бір мәнді еместігін есепке алудың маңызы бар. Бәрінен бұрын бұл құбылыстың мәнін өз этимологиясынан («моно» - біреу, «полео» - сатамын) шығару дұрыс емес. Нақты өмірде нарықта бір ғана фирма – тауар өндіруші әрекет ететін жағдай болмайтын нәрсе. Олай болса, сұраныс қисық сызығы абсолютті түрде икемді емес фирманы табу мүмкін емес.

 


 

 

 


 

Сурет 5. Сұраныстың  икемді емес қисығы

 

5 суретте D сызығы сұраныстың абсолютті түрде икемді емес екенін көрсетеді, қандай баға болса да  (тіпті өте жоғары бағада), сатып алушы бәрібір Q1 санындағы тауарды сатып алады. Бірақ, бұл тауар не тауар: қатерлі ісік ауруына дәрі ме? Ақыр соңында төлем қабілетті сұраныс шектеулі (мысалы P3 деңгейімен), және фирма ОР тіктігі  арқылы шексіз жоғары (бағаны өсіріп) қозғала алмайды.

Сондықтан «Таза» монополия ұғымы туралы әр уақытта шарттылықтың белгілі бір үлесі бар екенін ұмытпау керек. Кейбір экономисттердің осы ұғымға балама іздеуі кездейсоқ емес, мысалы, ″жетілмеген бәсеке″ (П.Самуэльсон), ″баға іздеуші″   (П.Хейне).

Нарық монополиялаудың негізгі себептеріне байланысты монополияның төмендегідей түрлері болады:

    1. Жабық монополия. Ол бәсекелістіктен заңды шектеулер көмегімен қорғалған.
    2. Табиғи монополия. Белгілі бір көлемдегі өнімді бір фирмада өндіру, оны екі немесе одан да көп фирмаларда өндіргеннен арзанға түсетін өндіріс саласы.
    3. Ашық монополия. Берілген тауарды өндіретін тек қана бір болып және оның бәсекелістектен ешқандай арнайы қорғанышы жоқ болатын жағдай.

Монополисттің өнім шығарушы ретінде бәсекелес фирма сияқты өндіріс мақсаты – пайданы ең жоғары деңгейге жеткізу болып табылады. Монополист жалғыз өндіруші болғандықтан, нарықтық жағдайды толығымен бақылап, өз шешімі бойынша тауардың нарықтық бағасын белгілей алады. Монополисттің сұраныс қисығының бұрыштық коэффициенті теріс сан болады. Сондықтан да, монополист төменгі бағаны белгілей отырып, өнімнің мөлшерін нарықта арттыруы мүмкін. Монополист тауар бірлігінің бәріне бәр ғана белгілейтін болғандықтан, тауардың бағасы монополисттің отраша түсімін көрсетеді. Демек, монополиялық фирманың сұраныс қисығы орташа түсімінің де қисығы боп табылады. өнім бірлігінің бағасы монополиялық жағдайда өзгермелі шама болады және өндіріс көлемінің функциясын көрсетеді:

P = P ( Q ).

Монополист өндірушінің пайдасы төмендегідей формуламен анықталады:

π = TR – TC = p( Q )x – TC ( Q ).

Нарықта монополиялаудың екі негізгі белгісі бар. Олар мыналар:

    1. бір фирманың қолында нарықтың үлкен бөлігінің шоғырлануы.
    2. ірі фирмалардың бәсекелестіктерімен байланысы.

Мемлекет өндірістің шоғырлану деңгейін анықтағанда үш көрсеткішке жүгінеді: айналым мөлшері, жұмыспен қамтылғандар саны және капитал мөлшері. Монополияға қарсы саясатшылардың көзқарасаымен қарағанда ең негізгі көрсеткіш болып айналым мөлшері есептеледі. Бұл мөлшер тауар ұсынысының қай бөлігі бір фирманың қолында шоғырланғанын көрсетеді. Ірі фирмалардың нарықтық үлесін анықтау үшін экономистер бірнеше индекстерді пайдаланды. Соның бірі – Херфиндаль-Хиршман индексі (Ihh)

Ihh = ( x1 )2 + ( x2 )2  +…+ ( xn )2

Мұнда, xi - % түрінде көрсетілген саладағы фирмалардың әрқайсысының үлесі. Индекстің мәні үлкен болған сайын саладағы фирмалардың шоғырлану деңгейі жоғары болады.

Көптеген елдерде жеке фирмалардың монополиялық биліктерін шектеу үшін белгілі заңдар қабылданып, олардың қызметтерін реттеуде әр түрлі механизмдерді пайдаланады. Мысалы, «жоғары деңгейдегі баға» белгілеу, салықтар және т.б.

Бағаны реттеу. Фирманың монополиялық билігін жоғары деңгейдегі баға қою арқылы реттеуді көрелік . Бұл баға монополистің MR = MC тепе – теңдік бағасынан төмен болу керек. Бағаны реттеудің ең төменгі деңгейі бәсеке нарығының бағасына келіп тіреледі, одан әрі баға төмендесе, өнім көлеміне азаюына әкеліп соқтырады, яғни монополистің іс - әрекетіне теріс әсерін тигізеді.

Олигополия нарығы төмендегідей ерекшеліктермен сипатталады:

    1. бұл нарықта көлемді сату үлесі бар және бір – бірімен бәсекелес бірнеше фирмалар болады;
    2. жоғарыда айтылған фирмаларды, көбінесе, басым фирмалар деп атайды және олар нарықтағы тауардың бағасы мен сату көлемінің өзгеруіне едәуір ықпал етеді;
    3. олигополиялық фирманың өндіріс шешімдері тек қана тұтынушы іс - әрекетіне ғана байланысты емес, сонымен қатар бәсекелес фирмалардың стратегиялық шешімдеріне де байланысты болады.

Олигополиялық фирмалар тауардың бағасы мен өнім шығару көлемі туралы шешім қабылданғанда өзімен бәсекелес фирманың барлық мүмкіндіктерін ескеріп, талдап отырады.

 Олигополияның бір ғана моделі болмайды. Фирманың әр түрлі нақты жағдайдағы іс - әрекетін көрсететін бірнеше модельдері бар. Олардың әрқайсысы жеке фирмалардың өз бәсекелестіктерінің іс - әрекеті мен олардың таңдап алған стратегиялық реакциясына байланысты белгілі болжамына негізделеді.  

 

 

 

 

 

Информация о работе Бәсеке – нарықтық механизмінің басты элементі