Аймақтың өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 20:29, дипломная работа

Краткое описание

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – күрделі жаһандық мәселе және Қазақстан Республикасы үшін де ұлттық қауіпсіздік жүйесіндегі орталық мәселелердің бірі болып табылады, өйткені азық-түлікпен сенімді қамтамасыз етпейінше бір де бір ел басқа мемлекетке тәуелділіктен құтыла алмайды. Қазақстан экономикасының тұрақтануы және экономиканың өсуі бұл проблеманың өткірлігін бәсеңдетеді.

Содержание

Кіріспе 6
1. Аймақтың өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің
теоретикалық негіздері 9
1.1 Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ұғымы 22
1.2 Аймақтың өнеркәсіптік кешенін экономикалық басқарудағы
теориялық-әдіснамалық негіздері 28
1.3 Азық-түлік қамтамасыз етудегі шетел тәжірибелері 38
2 Аймақтың өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, елдің
экономикалық-әлеуметтік ахуалын арттыру тетектерінің бірі 39
2.1 Павлодар облысының әлеуметтік экономикалық дамуы 51
2.2 Павлодар облысы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз
етудегі кәсіпкерліктің дамуын талдау 58
2.3 Павлодар облысы бойынша агроөнеркәсіптік кешенде
кәсіпкерліктің даму мәселелері 60
3 ҚР-ның өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мемлекет
тарапынан қолдау және реттеу шаралары 61
3.1 Еліміздің өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі
бағыт-бағдары және оны жүзеге асырудағы түйінді мәселелері 68
3.2 Бәсекеге қабілетті азық-түлік тауарлар өндірісіндегі
қаржылық менеджмент стратегиясын жетілдіру 70
3.3 Қазақстанда бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдері
мен азық-түліктер өндіруді талдау және болжау 74
Қортынды 77
Қолданылған әдебиеттер тізімі 79

Вложенные файлы: 1 файл

Аймақтың өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету (Павлодар облысының материалдарының негізінде).docx

— 234.68 Кб (Скачать файл)

АҚШ экономистерінің болжамы бойынша  жақын болашақта 55 мыңға жуық ірі  шаруашылықтар барлық ішкі және сыртқы аграрлық өнімдерге қажеттіліктерді  толығымен қамтамасыз етеді.

Экономикалық дамыған  елдерде азық-түлік өндірісін  мемлекеттік реттеудің негізгі  бағыттары келесілер болып табылады.

Өндірушілердің табыстарын қолдау. Ереже бойынша олар тікелей мемлекеттік  төлемдерден тұрады, соның ішінде:

- компенсациялық төлемдер;

- табиғи апаттардан зиян шеккен кездегі төлемдер;

- өндірісті қайта ұйымдастырумен байланысты зияндарға төлемдер (егін алқаптарының қысқаруына, мал өліміне байланысты және т.б.).

Бағаға араласу шаруашылық өнімінің ішкі бағаларын қолдау, квоталар мен тарифтер белгілеу, азық-түлік экспорты мен импортына салықтарды белгілеу.

Өндіріс қаржыларын пайдаланумен байланысты шығындарды компенсациялау, тыңайтқыштар мен химикаттарды алуға салықтық жеңілдіктер немесе субсидияландырулар, несие бойынша пайыздар төлемдерін субсидиялау, мүлікті сақтандыру бойынша төлемдерді субсидиялау.

 Нарықты дамытуға бірігіп әрекет етуге кіретіндер, нарықтық бағдарламаоарды жасау және жүзеге асыру, өнімді сақтауға субсидиялар, ауылшаруашылық өнімдерін тасымалдау бойынша көлік жұмыстарының орындалуына берілетін субсидиялар.

Өндірістік инфрақұрылымды дамытуға бірігіп әрекет етуге кіретін, келесі іс-шараларды мемлекет бюджетінен қаржыландырулар:

- шаруашылық орындардың құрылысы;

- ирригациялық жобаларды жүзеге асыру;

- жерлерді реконструкциялау;

- фермерлік бірлестіктерді құру.

 Өндірісті дамыту бойынша аймақтық бағдарламаларды жүзеге асыру – мұндай бағдарламаларды жартылай немесе толығымен мемлекет бюджетінен қаржыландыру әлемнің барлық экономикалық дамыған елдері үшін тән.

Макроэкономикалық саясат – бұл АШК мемлекеттік реттеудің әдістері мен іс-шаралары, сонымен қатар бұл сферамен байланысты емес, бірақ оның тиімді әрекет етуіне тікелей әсер ететіндер, соның ішінде:

- жеңілдігі бар салық саясатын жүргізу;

- ұлттыұ валютаны қолдау;

- сыртқы сауда қызметін реттеу.

80-жылдары АҚШ-та тікелей  инвестиция үлесі субсидия сомасының 24 %-ын құрады, Канадада-20 %-ын, ЕҚ елдерінде небәрі 0,3 %-ды құрады. Жекелей аграрлық өнім түрлерінің құнындағы тікелей болсын, жанама болсын субсидиялардың үлесі мемлекеттің азық-түлік саясатында сол өнімнің ролімен анықталады: жеткілікті өнімдер құнындағы оның үлесі минималды ғана, ал мемлекет көлемін арттыру керек деп есептейтін өнімдер құнында оның үлесі өте жоғары.

Қазақстан үшін жоғары дамыған капиталистік елдер қатарына кірмейтін, өз экономикасын біртіндеп шаруашылық жүргізудің нарықтық әдістеріне ауыстыра отырып, социалистік  бағытты сақтап отырған Қытай  халық республикасының тәжірибесін  қолдануға болады. Қытайдың экономиканы  және аграрлық секторды реформалау тәжірибесі, онда нарықтық қатынастарды игеру ешқандай «есеңгірерлік» қиратулар және әлеуметтік жоғалуларсыз, өндірістік, әскери және ғылыми потенциалды бұзусыз, жеке меншікті жерге енгізбей-ақ, өнім өндірісі көлемін  төмендетпей-ақ және халықтың негізгі  бөлігінің материалдық жағдайын төмендетусіз-ақ жүргізіліп отырғандықтан  біз үшін құнды болып есептеледі. Керісінше , ҚХР экономиканы реформалау экономикалық және әлеуметтік мәселелерді, әсіресе азық-түлік мәселесін  тиімді шешуге мүмкіндік береді.

Қытай экономикасы шамамен 2/3-ке маркетизацияланған. Тиімді жоспар шеңберінде жүзеге асырылатын өнеркәсіптік өндіріс үлесі 5 %-дан аспайды. Жеке меншік формасының құрылымы бойынша Қытай бүгінде мемлекеттік сектордағы ЖІӨ үлесін 40 %-ға жеткізген аралас экономиканы көрсетеді.

Шетелдік инвестициялар жылына 40-50 млрд. долл. шамасында құйылады.

БСҰ-ға кіруімен және жаңа бесжылдыққа  енуімен байланысты Қытай әлемдік  экономикаға интеграциялану, ұлттық экономиканы либеризациялау және ішкі бәсекеге қабілеттілікті арттыру, белсенді қаржылық саясат жүргізу сияқты факторларға  ставка жасады. Бұл реформалау барысындағы  Қытайдың мемлекет ролі мен нарыққа  қатынасының жаңа қадамын байқатады.

Қытай моделінің өмір сүру қабілеттілігі, ол балансталған және мемлекетті басқару, жеке бизнесті дамыту стратегиясының өзгерістері үшін ашық, шаруашылық жүргізудің әміршілдік-әкімшілік ағысымен емес, ақырындап трансформациялану  процесінде  біртіндеп өсуге базаланғандығында. 

Ауылшаруашылық өндірушілері мен  мемлекет арасындағы өзара қатынас  механизмі негізінен үшдеңгейлі жүйе түрінде көрініс табады, егін үшін жанұялық өндірістік жауапкершіліктегі шаруа ауласы, кооператив (бригада, ферма или сельский совет), оказывающий помощь в материально-техническом, финансовом обеспечении и сбыте продукции, мемлекет иілмелі (қатты, толқымалы, еркін) баға жүйесін сақтай отырып, өнімнің негізгі түрлеріне тапсырыс беруші және сатып алушы.

Қытай экономикалық реформасының негізгі  принципі оның жоспарлы экономикасының нарықтық экономикамен үйлесімділігі. Қытай экономикасының модернизациясындағы  жоспар мен нарықтың арақатынасы  туралы концептуалды жағдайды «реформа әкесі» болып табылатын Дэн Сяопин келесідегідей тұжырымдады: «Нарықтық экономиканы дамудың капиталистік бағытына ғана тән деп айту қате пікір. Жоспары көп немесе нарығы көп – бұл социализм мен капитализмнің бір бірінен айырмашылығына мүлдем жатпайды. Жоспарлы экономика социализмге тұғырнама емес, капитализмнің де өз жоспары бар; ал нарықтық экономика капитализмге тұғырнама емес, социализмде де нарық бар. Жоспар да, нарық та – экономиканы дамыту құралдары болып табылады». 

Қытайлардың өздері «жұмсақ құралдар»  деп атап кеткендей «социалистік жоспарлы тауарлық өндірісті» құра отырып, олар біздің елдің қалыптасуына тән, экономиканың құламалы либеризациясы, бағаның өте қатты қарқындап  өсуі немесе гиперинфляция, халықтың материалдық  жағдайының өте қатты нашарлауы  сияқты  әртүрлі ірі әлеуметтік жоғалуларға жолыққан жоқ. Қытай  экономикасы бұзылған жоқ, тек күшейді, елдің қорғаныс потенциалы халықтың тұрмыс деңгейін қайта – қайта  көтерді. 

Экономикадағы қайта құқруды  ҚХР азық-түлік қауіпсіздігі мен  халқының тұрмыс жағдайы даму деңгейінен байланысты болатын аграрлық секторды реформалаудан бастады. Аграрлық өнімдерді  сатып алу бағасын өте қатты  көтере отырып, кешендік шаралармен жанұялық мердігерлікті кеңінен енгізумен  қайта құру басталды. Бұл алғашқы  бес жылдың өзінде өндіріс өнімін 3 есе арттыруға, және шаруа табысын 3 есе кеңейтуге мүмкіндік берді. Бірақ, бұл кезде жер мемлекеттің меншігінде қалады. Жанұялық мердігерліктің жетістігі ауылшаруашылық саласынан түсінігі бар, елдегі ауыл тұрғындарын мердігерлікке тартумен қамтамасыз етілді. Қытайдың Қазақстаннан ерекшелігі осында., онда реформалау басында-ақ қайда халық көп болса, солар қалалық болып саналды. Қытай халқының 80 %-ға жуығы ауылдық жерлерде тұрады.

Қытай мамандарының ойы бойынша аграрлық реформаның жетістігі келесілермен байланысты: 

- реформалаудың бүкіл кезеңінде елдегі саяси тұрақтылық ел экономикасындағы ауылшаруашылығының жетекші ролін білдіреді;

- жаппай шаруалардың инициятивасымен басқару стилінің өзгерісі;

- өзін-өзі қаржыландырудың қажеттілігі мен реформалаудың міндеттерін шаруалардың қалтқысыз түсінуі;

- мемлекеттің таразыланған аграрлық саясаты;

Болашақта аграрлық сфераны нарықтық қатынастарға көшіру бойынша Қытай  үкіметінің ерекше саяси әдістемелері келесілер болып есептеледі:

- ауылшаруашылығындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын тұрақтандыру;

- жаңа жерлерді игеру есебінен ауылшаруашылық егіс алқаптарының көлемін кеңейту;

- ауылдарда ирригациялық және инфрақұрылымдық құрылыстарды кеңейту;

- ел территориялары бойынша аграрлық өндірісті орналастыруды жетілдіру;

- АӨК-нің 1-ші және 3-ші сфераларын дамытуды жеделдету;

- ғылым мен аграрлық білімнің болашақтағы дамуы, ауыл кадрларын даярлау және біліктілігін көтеру жүйесін қалыптастыру;

- аграрлық өндірісте ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін тиімді игеру.

Қазақстанға өз елі үшін стратегиялық маңызды тауар ретінде күріш  импортын барынша шектеу (мүлдем тыйым  салу) мүмкіндігіне қол жеткізген, сыртқы сауда ұйымының «ерекше режим» принципіне негізделген Жапония тәжірибесін  де қолдануға болады. Бұл жағдайда Қазақстанға астық импортын шектеуге болады.

 

2 Облыстың азық – түлік қауіпсіздігімен қамтамасыздық жағдайын талдау

 

 

    1. Облыстағы ауылшаруашылық азық - түлік секторының  қазіргі  ахуалы

 

Жамбыл  облысы 1939 жылы құрылған. Облыс Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан және республика территориясының 144,3 мың шаршы шақырымын  немесе 5,3% алып жатыр. Облыс құрылымында 10 ауылдық  аудан, облыс  орталығы – Тараз  қаласы және 3 аудандық шағын қалалар  – Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары, 153 ауылдық  және кенттік округтар, 381 ауылдар бар.

Облыста 1009 мың адам тұрады, ол Қазақстан Республикасы тұрғындарының 6,6 % құрайды. Халық 100-ден аса ұлттардан құралған, олардың 65 % - қазақтар, 55, % ауыл және  45, % қала тұрғындары.

Облыстың  үштен бір бөлігі облыс орталығы Тараз  қаласында (339,4 мың  адам), 11 % - Қордай ауданында (110,2 мың адам) тұрады. Халық ең аз тұратын жерлер  Мойынқұм (облыстың 3,2 %) және Сарысу (4,4 %).

Халық тығыздығы бойынша  облыс елде республикалық  көрсеткішті 23%-ға асыра  үшінші орынды алады  – 1 шаршы км-ге 6,9 адамды құрайды.

Облыстың  ауа райының ерекшелігі – біршама құрғақ және қатты континентальды.

Облыс территориясында  жалпы алаңы 22 мың  га 3 қорық жұмыс  істейді.

Аймақ тұщы жер асты суларымен қамтамасыз етілген – облыс республикада анықталған жер асты су қоры саны бойынша  үшінші орынды алады.

Өнеркәсіптік қызығушылыққа Сарысу ауданындағы тұз кен орындары(қорлар – 10 млн. тонна) ие. Тұзды сумен тазарту  жолымен йодпен байыту қажет етпейтін және ГОСТ талаптарына сәйкес келетін  тамаққа қосатын тұзды алуға  болады.

Облыс тәуекелді егін шаруашылығы  аймағында орналасқан. Облыс территориясының 9,2 млн. га немесе 63,7 %  шөлді аймаққа келеді – Бетпақдала шөлі, Мойынқұм құмы мен Балхаш маңы. Шөлді аймақтың 70%-ын жайылымдар алып жатыр, негізінен бұл отарлы мал шаруашылық аймағы. Құмдар 2,4 млн. га алып жатыр және нәрлі заттарға өте кедей.

Облыс территориясының 3,4 млн. га егістік  жер сілемдері орналасқан шөлді-дала (17,4 %) аймағы алып жатыр.   Бұл аймақта өсімдік және мал шаруашылығы дамыған.

Облыс территориясының 8%-на жуығын таулы-дала (теңіз деңгейінен 1200-2200 метр жоғары) аймағы алып жатыр. Топырақты жамылғы қарашіріктің төмен мөлшерімен, тастақпен сипатталады, рельефтің жағдайы бойынша пайдаланатын жерлердің негізгі бөлігі жыртуға және оларды егін шаруашылығында пайдалану рентабелді емес.

Облыстың балық шаруашылық қоры 27,8 мың га құрайды. 81 суаттың 59 балық  шаруашылығы қызметіне жарамды, ол жерде кәсіпшілік балықтың көптеген түрлері бар.

Облыстың мемлекеттік орман  қорының жалпы алаңы 4189,0 мың га құрайды, олардың арасында орман  алқабы – 2288,0 мың га. Облыс территориясының  ормандалығы 15,8 %-ды құрайды.

Өзінің бағыттылығы бойынша  облыс индустриалды-аграрлы болып  табылады. Облыстың экономикалық дамуы  тұрақтылығымен және өсуге тұрақты  тенденциясымен сипатталады.

Нарықтық қатынастардың қалыптасу  жағдайында елдің азық – түлік  қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін  шешудің басты кілті экономиканың ауылшаруашылық азық – түлік секторын дамытуда болып табылады.

АӨК басты бағытының бірі – ауыл шаруашылық салаларында өңдеу өнеркәсібінің  дамуында маңызды орын алатын, ауыл шаруашылығы өнімдері болып табылады. Көптеген жылдар бойы өнім өндірісінде  тиімді менеджмент тетіктерін жете пайдаланбағандықтан  аграрлық салада терең дағдарыс қалыптасқан  еді. Одан шығудың бірден – бір  жолы, сөзсіз, осы салада кешенді  және жүйелі түрде экономикалық реформа  жүргізу еді.

Соңғы жылдарда республиканың ауыл шаруашылығында тенденциялар байқалуда. Біріншіден, экономиканың көп түрлілігі  тұрақты сипат алды. Барлық аймақтарда шаруа қожалықтары мен кооперативтік  түрдегі кәсіпорындар, өндірістік кооперативтер, акционерлік қоғамдар арасында оңтайлы  арақатынас қалыптасты.

Екіншіден, ауылдық жерде біртіндеп  аграрлық қызмет көрсету, өнімді өңдеу  және сату саласы қалыптасуда, ондағылар  негізінен фермерлермен өзара тиімді экономикалық  шартпен жұмыс атқаруда.

Үшіншіден, заңдылық – құқықтық база ауылдық жерде шаруашылық кәсіпті  табысты атқаруға қолайлы жағдай жасауда. Адамдардың жер иелігіне, өнімді сататын базарларға еркін қолы жетуі  жұмысқа ынталы фермерлер мен  кәсіпорындар басшыларына ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруді арттырып, табысты  молайтуға мүмкіндік тудырады.

Ауыл шаруашылық салаларының рөлін, оның ұлттық табыстың жиынтық өнімінің жоғарылауынан көруге болады. Жалпы  алғанда ауыл шаруашылық саласы екі  ірі шаруашылықты біріктіреді. Ол шаруашылылықтарға  төмендегілер жатады:

  • егін шаруашылығы;
  • мал шаруашылығы.

Егін шаруашылығы – ауыл шаруашылығында  егін шаруашылығының барлық бағытындағы  қызметтерді (өндіру, жеткізу, тасымалдау) жүзеге асыратын АӨК маңызды бағытының  бірі болып табылады. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығының бір саласы болып  табылатын егін шаруашылығы суармалы жерлерде негізгі, ал тәлімі жерлер мен  шөл және шөлейт аймақтарда қосымша  сала болып табылады. Егін шаруашылығының негізгі өнімдері – дәнді дақылдар, жүгері, қант қызлшасы, көкөніс, картоп, жеміс, жүзім, техникалық және бақша  дақылдары.

Мал шаруашылығы – ауыл шаруашылығында халықты азық – түлікпен қамтамасыз етуге бағытталған өнім түрлерін өндіруді жүзеге асыратын маңызды салаларының бірі. Мал шаруашылығының негізгі бағыттарына – ет, сүт, жүн, жұмыртқа және қаракөл елтірісін өндіру және тағы басқа өнімдері жатады.

Қазіргі кезде азық – түлікпен қамтамасыз ету үшін қолайлы даму жағдайы деп үй шаруашылығы секторында өндірістің өсуін және оның ұсақ тауарлы  шаруашылыққа айналуын айтуға болады. Мұның өзі – еліміздің көпшілік аймағында халықтың өзін – өзі  қамтамасыз етуді жақсартады.

Информация о работе Аймақтың өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету