Аймақтың өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 20:29, дипломная работа

Краткое описание

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – күрделі жаһандық мәселе және Қазақстан Республикасы үшін де ұлттық қауіпсіздік жүйесіндегі орталық мәселелердің бірі болып табылады, өйткені азық-түлікпен сенімді қамтамасыз етпейінше бір де бір ел басқа мемлекетке тәуелділіктен құтыла алмайды. Қазақстан экономикасының тұрақтануы және экономиканың өсуі бұл проблеманың өткірлігін бәсеңдетеді.

Содержание

Кіріспе 6
1. Аймақтың өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің
теоретикалық негіздері 9
1.1 Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ұғымы 22
1.2 Аймақтың өнеркәсіптік кешенін экономикалық басқарудағы
теориялық-әдіснамалық негіздері 28
1.3 Азық-түлік қамтамасыз етудегі шетел тәжірибелері 38
2 Аймақтың өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, елдің
экономикалық-әлеуметтік ахуалын арттыру тетектерінің бірі 39
2.1 Павлодар облысының әлеуметтік экономикалық дамуы 51
2.2 Павлодар облысы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз
етудегі кәсіпкерліктің дамуын талдау 58
2.3 Павлодар облысы бойынша агроөнеркәсіптік кешенде
кәсіпкерліктің даму мәселелері 60
3 ҚР-ның өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мемлекет
тарапынан қолдау және реттеу шаралары 61
3.1 Еліміздің өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі
бағыт-бағдары және оны жүзеге асырудағы түйінді мәселелері 68
3.2 Бәсекеге қабілетті азық-түлік тауарлар өндірісіндегі
қаржылық менеджмент стратегиясын жетілдіру 70
3.3 Қазақстанда бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдері
мен азық-түліктер өндіруді талдау және болжау 74
Қортынды 77
Қолданылған әдебиеттер тізімі 79

Вложенные файлы: 1 файл

Аймақтың өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету (Павлодар облысының материалдарының негізінде).docx

— 234.68 Кб (Скачать файл)

Дамыған агроөнеркәсіптік кешен –  бұл біздің еліміздің азық-түлік  қауіпсіздігінің кепілі. Әлемде азық-түлікке  деген сұраныстың өсуін ескере отырып, агроөнеркәсіптік кешенді дамытуымыз қажет. Ол үшін ауылшаруашылығының келесі бағыттары дамытылуы керек:

- Жер қатынастарын дамыту шаралары: ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жеке меншiктi енгiзу жөнiндегi заңнамалық акт қабылдау, ауыл шаруашылығы жерлерiнiң құнарлылығын сақтау және арттыру мақсатында жердi тиiмдi пайдаланбағаны үшiн жауапкершiлiктi күшейту, жердi бөлудiң қолданылып жүрген заңнамаға сәйкестiгiне тексерiс жүргiзу.

Жер телiмдерiнiң бағалау құнын анықтаудың әдiстемесiн жетiлдiру - барлық аймақтарда бонитеттi бағалаудың 4 турын өткiзу, ел экономикасының жай-күйiн ескере отырып, топырақтың типтерi мен iшкi типтерiн  капиталға айналдыру ставкасын саралау, жердi кепiлге беру арқылы кредит берудiң ипотекалық нысанын және кредит тетiгi арқылы жер пайдалану құқығын пайдалана отырып аграрлық секторда қаржы-кредит қатынастарын жетiлдiру.

 Өсімдік шаруашылығын дамыту жөніндегі шаралар, ауыл шаруашылығы дақылдарының рентабельдi түрлерiнiң алқаптарын әсiресе солтүстiк аймақтарда ұлғайту, сондай-ақ жемiс-жидек пен жүзiмдiк алқаптарын (бұршақ тұқымдастар, жарма, майлы дақылдар, техникалық және жемдiк дәндi дақылдар, қатты бидай сорттары, сыра қайнатуға арналған арпа), егiс алқаптарының құрылымы аймақтардың табиғи-климаттық жағдайларына бейiмделуі керек. Күзгi бидай мен күздiк қарабидай алқаптарын Қазақстанның батыс аймағында ұлғайту (Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары), қатты бидай алқаптарын Ақмола, Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстарында ұлғайту, жемдiк дәндi дақылдар мен дәндi бұршақ тұқымдас дақылдар алқаптарын Ақмола және Солтүстiк Қазақстан облыстарында ұлғайтылады. Жарма және майлы дақылдардың алқаптарын Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында кеңейту, дәндiк жүгерi, қытайбұршақ және қант қызылшасының алқаптарын Алматы және Жамбыл облыстарында ұлғайту, мақсыр алқаптарын Оңтүстiк Қазақстан облысында ұлғайту, рентабельдi дақылдардың тұқымын өндiрудi қолдау, қант қызылшасы мен картоп өндiрудi қолдау. Рентабельдiлiгi жоғары ауыл шаруашылығы дақылдарын қайта өңдейтiн кәсiпорындардың қуатын ұлғайту (қытайбұршақ және басқаларын қайта өңдейтiн зауыттың екiншi кезегiнiң құрылысын салу және iске қосу). Жемшөптiк дақылдарды өткiзу рыноктарын қамтамасыз ететiн, мал шаруашылығы және құс шаруашылығы бағытындағы мамандандырылған өндiрiстер құру.

Өсiмдiктердi қорғау шаралары:"Фитосанитария" РМК-ның функцияларын нақтылай отырып, барлық өсiмдiктер зиянкестерiнiң, ауруларының және арамшөптердiң көбеюi мен таралуын бақылауды, есебiн жүргiзудi және болжауды жүзеге асыру үшiн облыстарда филиалдары бар және аудандарда болжау пункттерi бар республикалық фитосанитариялық диагностика әдiстемелiк орталығын құру, аса қауiптi өсiмдiктер зиянкестерi мен ауруларын анықтауға арналған фитосанитариялық бақылаудың объектiлерiн қажеттi зерттеудi жүзеге асыру, аса қауiптi өсiмдiктер зиянкестерi мен ауруларына қарсы күрес жөнiндегi фитосанитариялық iс-шаралардың бүкiл кешенiн


Информация о работе Аймақтың өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету