Реферат по "Информатике"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 19:03, реферат

Краткое описание

Информатика – адам өмірінің әртүрлі салаларында ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиеттерін, оны іздеу, жинау, сақтау, түрлендіру және қолдану мәселелерін зерттейтін жас ғылыми пән.
Информатика компьютер, компьютерлік жүйе және желілермен генетикалық байланысты және олардың өте үлкен көлемдегі ақпараттарды туғызуы, сақтауы және автоматтандыруы ақпараттық үрдістерге ғылыми қөзқарасқа мүмкіндік пен қажеттілікті туғызады. Бұл ерекшелік көбінесе информатиканы компьютермен жұмыс істеу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы деген жалған түсінікті тудырады.

Содержание

Негізгі бөлім:
а) Интерактивті құралдарды пайдаланудың тиімділігі.
б) Білім деңгейін көтеруге интерактивті құралдарды пайдалану.
в) Пәндерді оқытудағы интерактивті әдістер.
г) Интерактивті құралдармен сабақ өткізу әдістемесі.
д) Интерактивті әдістерді қолдану арқылы оқушылардың білім
сапасын арттыру.
Қорытынды

Вложенные файлы: 1 файл

Кіріспе информатика.docx

— 31.66 Кб (Скачать файл)

 Бұл ақпараттық технологиялардың  әдістері және оларды оқыту  жүйесінде қолдану туралы талдауда  келесі қортындыларды жасауға  болады: ақпараттық технологиялар  бізде қалыптасқан оқыту формаларының  ақпараттық көлемін ұлғайтып  қосымша ретінде бола алады,  сонымен қатар, оқыту үрдісін  ықшамдап, сабақтарды әр түрлі формаларда жүргізіп, нәтижелілігін арттырады.

 Бұл талаптардың осы  көлемде жүзеге асырылуы оқушылардың  ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу бойынша сауаттылығының жоғары деңгейде қалыптасуын қамтамасыз етеді. Осыдан байқайтынымыз «ақпараттық мәдениеттілік» ұғымына компьютерлік сауаттылықтың компоненттерін кеңейту арқылы және жаңа түсініктерді енгізу арқылы пайда болады, яғни барлық жаңа түсініктер компьютер көмегімен есептерді шешу үшін ақпараттық-компьютерлік модельдеу әдістерін қолдану мәселелері көрінеді.

Қоғамды,білім беруді ақпараттандыру жағдайында бүгінгі күнде ақпараттық-компьютерлік технологияларды соның ішінде интерактивті тақтаны тиімді де нәтижелі пайдалану үшін біріншіден, жалпы білімділік және кәсіби сауаттылық қажет. Білім беру үрдісінде компьютерлердің, ақпараттық технологиялардың кеңінен қолданылуы интерактивті жүйе құруға алып келді. Интерактивті жүйе жеке компьютерді пайдалану, сондай-ақ бейне дискілі құрал және теледидар кешендері негізінде құрылады. Мұндай қазіргі заманғы кешендер интерактивті оқытуда аса қымбат тұрғанымен, көрнекілік пен кері байланысты қамтамасыз етеді.

 Сан алуан әрекет  арқылы ақыл-ойды ұштау, жетілдіру,  жеке тұлғаның өзіндік идеясын, көзқарасын, сенімділігін, жауапкершілігін біртіндеп дамыту жолдарын іздестіру бүгінгі қажеттілік. Білім беру саласында оқытудың ақпараттық жаңа құралдары игі әсерін тигізеді, өзін -өзі дамытып, оқу - тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі.

 Интерактивті әдіс-тәсілдерді  жиі пайдалану,әр сабақта оның мүмкіндіктерін түрлендіріп отыру – педогогтар қауымының басты міндеті.

Сабақ үрдісінде пайдаланып жүрген әдіс-тәсілдер оқушылардың оқуға  деген ынта-ықыласының, дағды мен  ой-өріс,білім-біліктерінің артуымен сипатталары сөзсіз.

 Білім берудің негізгі  мақсаты – білім мазмұнын жаңарту  мен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері  мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.

 Оқушы тұлғасының дамуына,  қабілетінің артуына жаңа технологиялар айтарлықтай ықпал жасайтыны сөзсіз және бұл қазіргі таңдағы білім беру жүйесінің дамуындағы елеулі бағыт. Сондықтан әрбір әдіс-тәсілдің ұстаздар үшін маңызы зор.

 Ғылым мен техниканың  даму қарқыны оқу-ағарту саласының  оқыту үрдісіне жаңа технолгиялық әдістер оның ішінде интерактивті құралдарды кең көлемде қолдануды қажет етеді.

Интерактивті құралдармен  сабақ өткізу әдістемесі.

 Дәріс өткізу әдістемесі келесі түрде өткізілуі мүмкін. Дәріс материалын Power Point презентациясы немесе мәтіндік ақпарат түрінде беріледі. Сонымен қатар, материалдың құрамында кесте, диаграмма, сурет, басқарушы батырмалар, гиперсілтемелер, графиктер болады. Түсіндіру барысында оқытушы тақтаның алдында тұрып жасырулы ақпаратты және объектерді көрсете алады және өзгертеді. Дәрістің соңында қолданылған материалдар есте сақтап, қажет жағдайда қайталап қолдана алады. Интерактивтік тақтамен жұмыс істеу барысында жасалған файлдар белгілі бір форматпен сақталады, сонымен қатар PDF форматында да сақтап, оқушыға электронды пошта арқылы жіберуге болады. Сонымен «Автив экран» бағдарламалық – техникалық кешенін қолдану барысында оқушыға дәрістің мәнін жазу қажет емес екендігі анықталды.

Практикалық сабақты өткізу әдістемесі

Практикалық сабақты өткізу келесі түрде болуы мүмкін. Оқытушы  алдын - ала дайындаған дәрісті немесе алдыңғы өткен сабақты қайталауға және оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын бақылауға бақытталған тапсырмаларды орындауға береді. Сабақтың барысында тапсырманы орындау бойынша ауызша түсіндіру жүргізіледі, интерактивтік тақтаны пайдалану арқылы теориялық материал қайталанады. Қажетті жағдайда, оқытушы тақта арқылы мысал есепті шығаруды, графиктерді құруды, құрал саймандарды қолдануды көрсетіп түсіндіреді. Оқытушы оқушыны тақтаға шығарып, оған жеке тапсырма береді, оған қалғандардыңкөңіл бөлу үшін бағыт береді және бақылап отырады. Мұғалім алдыңғы сабақта өтілген материалды ашып, өткен сабақты қайталай алады. Мұндай әдістеме сабақта екпінді түрде өткізуге мүмкіндік береді. Тақтада жұмыс істеген оқытушы мен оқушының орындаған іс-әрекеттерін есте сақтап келесі сабақта қолдануға болады.

Семинарды өткізу әдістемесі

Семинарды өткізу бағдарламалық-техникалық кешені қолданылып келесі түрде жеткізуге  болады.Семинар сабағы белгілі бір тақырып бойынша әңгімелесу немесе дискуссия формасында өткізіледі. Оқытушы алдын ала тақырыпты және қарастырылатын сұрақтар бойынша презентациялық материалдар дайындайды. Слайдтарға талқылау қажет етілетін негізгі сұрақтарды және сабақта белсенділікпен қызығушылықты тудыратын семинар тақырыбын түгелдей ашуға қажет ақпараттық объектерді кірістіреді. Оқытушы сабақ барысын интерактивтік тақта арқылы басқарып отырады. Сонымен қатар семинар сұрақтарын ұжымдық топтың әңгімелесу, талқылау түрінде ұйымдастыруға болады. Кейбір сұрақтарды толық игеру үшін оқушылар графикалық ақпаратты қолданады. Сонымен, интерактивтік тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болыптабылады. Алдын ала дайындалған оқу материалдары – презентациялар, мәтіндік, графикалық ақпарат объектер-сабақтың жақсы өтуін және барлық ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді. Сонымен, «Активті экран» кешенін қолдану арқылы оқыту үрдісінде жаңа дидактикалық мүмкіншіліктерді ашуға мүмкіндік береді.

 

 

Қазіргі кезде білім беру саласын, оқытудың әр түрлі техникалық құралдарын пайдаланусыз елестету мүмкін емес. Сондықтан уақыт талабына сай білім мазмұнын жаңарту бүгінгі күннің басты міндеті. Қазіргі жағдайда еліміздің білім беру жүйелерінде ХХІ ғасыр жастарына білім беру мен тәрбиелеу бағытында сан алуан жұмыстар жүргізілуде. Ал мұғалімнің негізгі ұстанған мақсаты – білімнің жаңа үлгісін жасап, белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту, оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгерін бақылаудың, оқу мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс – тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды сабақта тиімді пайдалана білу. Әртүрлі ғылыми зерттеулер мен алдыңғы қатарлы ұстаздардың тәжірибесі дәлелдегендей, оқытудың интерактивті әдістерін пайдалану, оқыту – тәрбиелеу үрдісін толық жетілдіруге, педагогикалық еңбектің тиімділігін арттыруға көмегі көп деп есептеледі. Ал, білім берудегі интерактивті технология сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бір – бірін толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы. Интерактивті технологияларды оқып үйрену, меңгеру арқылы мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани келбетінің қалыптасуына әсер етеді. өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмек көрсетеді. Интерактивті құралдарды пайдаланатын оқыту әдістемесі дәстүрлі оқыту әдістемесінен ерекшеленеді. Кез – келген жағдайда, соның ішінде интерактивті құралдарды пайдалану арқылы сапалы білім беруді ұйымдастыру үшін сабақтың жоспарын, құрылымын, оқытудың мақсаты мен нәтижесін анықтау қажет. Интерактивті құралдарды қолданумен бірге сабақ құрылым да өзгереді. Дербес жағдайларда, интерактивті құралдар индуктивті оқыту әдісінде қолданылуы мүмкін. Интерактивті құралдарды қолданатын саьақ сапасы, бірінші кезекте мұғалімнің өзіне, яғни интерактивтә құралдардың мүмкіндіктерін қалай қолданатынына

тәуелді. Интерактивті тақта пайдалану кез – келген сабақты серпімді етеді, ал бұл сабақтың бірінші минутынан оқушылардың танымдық іс - әрекетінің артуына ықпал етеді. Интерактивті тақтаны қолдану шартында білімді бақылау келесі формаларда жүзеге асады.

- оn-line тест;

- Activote2 тестілеу жүйесі;

Интерактивті тақтаны  пайдаланудың артықшылықтары оқушы  мен мұғалім үшін маңызды болып табылады.

 

Бұл ақпараттық технологиялардың әдістері және оларды оқыту жүйесінде  қолдану туралы талдауда келесі қортындыларды  жасауға болады: ақпараттық технологиялар  бізде қалыптасқан оқыту формаларының ақпараттық көлемін ұлғайтып қосымша ретінде бола алады, сонымен қатар, оқыту үрдісін ықшамдап, сабақтарды әр түрлі формаларда жүргізіп, нәтижелілігін арттырады.

 Бұл талаптардың осы  көлемде жүзеге асырылуы оқушылардың  ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу бойынша сауаттылығының жоғары деңгейде қалыптасуын қамтамасыз етеді. Осыдан байқайтынымыз «ақпараттық мәдениеттілік» ұғымына компьютерлік сауаттылықтың компоненттерін кеңейту арқылы және жаңа түсініктерді енгізу арқылы пайда болады, яғни барлық жаңа түсініктер компьютер көмегімен есептерді шешу үшін ақпараттық-компьютерлік модельдеу әдістерін қолдану мәселелері көрінеді. Сонымен, бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі сабақ беру әдісіне компьютердің ақпараттық технологиялардың жаңаша өзгеріс пен жаңа идеялар қосқаны баршаға мәлім.

Қоғамды,білім беруді ақпараттандыру жағдайында бүгінгі күнде ақпараттық-компьютерлік технологияларды соның ішінде интерактивті тақтаны тиімді де нәтижелі пайдалану үшін біріншіден, жалпы білімділік және кәсіби сауаттылық қажет. Білім беру үрдісінде компьютерлердің, ақпараттық технологиялардың кеңінен қолданылуы интерактивті жүйе құруға алып келді. Интерактивті жүйе жеке компьютерді пайдалану, сондай-ақ бейне дискілі құрал және теледидар кешендері негізінде құрылады. Мұндай қазіргі заманғы кешендер интерактивті оқытуда аса қымбат тұрғанымен, көрнекілік пен кері байланысты қамтамасыз етеді.

Меніңше, осы оқыту жүйесінде  ақпараттық және интерактивті технологияларды  қолдану төмендегідей нәтиже береді:

- ілімділік оқу материалын  оқу бағдарламасы бойынша ғылыми  негізінде ең жоғарғы дәрежеде  меңгеріп шығуы және ілімдік білімін іс жүзінде тиянақты, саналы түрде қолдана білуі;

- ақпараттық технология  мүмкіндіктерін қолданып, өз бетімен  толықтыруға дағдылануы;

- игерген материалдарын  шығарашылықпен талдап, өңдеп, қорытындылап, өз көзқарасын қорғай алуы;

- жеке қабілеттеріне қарай  шығармашылық жұмыстарға белсене  араласып, белгілі бір ғылыми білім саласында өз мүмкіндігін көрсете алуы;

 Білім берудегі интерактивтік  технология – бұл сабақ барысында  оқушының ұжымдық жұмыс жасауға  қатыспауы мүмкін емес, бірін-бірі толықтыратын және барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту технологиясы

 Интерактивті үрдіс  дегеніміз — педагогикалық үрдіс  қатысушылардың өзара ықпалдастығы  мен бір-біріне өзара әсерінің мақсатқа бағытталған түрдегі үрдісі.

 Бұл ықпалдастықтың  негізінде оған қатысушылардың  әрқайсысының жеке тәжірибесі жатыр.

 Интерактивтік тақта –дегеніміз не?

 Интерактивтік тақта (ИТ) – дәріскерге немесе мұғалімге екі түрлі құралдарды, атап айтқанда, ақпарат кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіріп қолдануға негізделген құрал.

 Интерактивтік технологияның  жеделдетіп дамуына байланысты тақтаның түрлері де күннен күнге оның типтері даму үстінде

 Әр ұстаз өз бетінше сыныппен жұмыстың жаңа формаларын ойлап таба алады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып және оған жауап беруді үйрететін, жұптасып жұмыс істеу әдісін сабақтарда жиі қолданылады.

Интерактивті әдістерді  қолдану арқылы

оқушылардың білім сапасын арттыру.

 Заман көшіне ілесе  отырып жаңашыл бағытта жұмыс  жүргізу- барша ұстаз алдында тұрған негізгі міндеттері екенін түсіне отырып, әр мұғалім өз іс-әрекетіне қажетті өзгерістерге сай әртүрлі тәжірибелер жөніндегі мәліметтерде жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, келесі ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбиемен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми- педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.

 Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» десе, осы жолдаудың ІІІ тарауы, он сегізінші бағытының жетінші тармақшасында: «Ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағытталған мамандарылған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр» делінген.

 Үйреншікті әдіс- тәсілдер баланы қызықтырмайды. Сондықтан қайткенде баланың ойына , сезіміне серпіліс ендіруді мақсат етіп қою керек. Сан алуан әрекет арқылы ақыл-ойды ұштау, жетілдіру, жеке тұлғаның өзіндік идеясын, көзқарасын, сенімділігін, жауапкершілігін біртіндеп дамыту жолдарын іздестіру бүгінгі қажеттілік. Мектептің негізгі құндылығы оқушы десек,оған жеке тұлға ретінде қарау міндетіміз. Білім беру саласында оқытудың ақпараттық жаңа құралдары игі әсерін тигізеді, өзін -өзі дамытып, оқу - тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі. Мектепте оқытуды ұйымдастыратын бірден бір нұсқа сабақ болса, сабақтың нәтижелі болуына ықпал ететін нұсқа сол сабақты өткізудің әр түрлі әдіс-тәсілдері, яғни жаңашыл сабақ.

 Білім–теңіз, оның  тереңіне сипатын жетік білетін,  сырын меңгерген, құпиясын ашатындар  ғана бойлай алмақ. Ондай адамдарды  дайындайтын мұғалім. Ал мұғалім  білімді оқушы санасына сабақ  арқылы жеткізеді. Ол мұғалімнің  бір біріне ұқсамайтын жан жақты өткізген сабақтары.

 Интерактивті әдіс-тәсілдерді  жиі пайдалану,әр сабақта оның мүмкіндіктерін түрлендіріп отыру – педогогтар қауымының басты міндеті.

 Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдерімен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктелініп, қолданынады. Тиімді, пайдалыларын жетілдіре түседі. Көрнекті педагог В.А.Сухомлинский «Сабақ жас өспірімдердің интеллектуалды өміріне құр ғана сабақ болып қоймас үшін,ол қызықты болуы шарт. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жас өспірімдер үшін рухани өмірдің тілеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына айналады» деп айтқан. Өйткені жай ғана сабақ құнарсыз тағам секілді адам бойына жұқпайды. Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы,өзіндік қол таңбасы, әдістемелік ізденісі, қолданған әдіс-тәсілдері арқылы ерекшеленіп, шәкірт жүрегінен орын алады.

Информация о работе Реферат по "Информатике"