Реферат по "Информатике"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 19:03, реферат

Краткое описание

Информатика – адам өмірінің әртүрлі салаларында ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиеттерін, оны іздеу, жинау, сақтау, түрлендіру және қолдану мәселелерін зерттейтін жас ғылыми пән.
Информатика компьютер, компьютерлік жүйе және желілермен генетикалық байланысты және олардың өте үлкен көлемдегі ақпараттарды туғызуы, сақтауы және автоматтандыруы ақпараттық үрдістерге ғылыми қөзқарасқа мүмкіндік пен қажеттілікті туғызады. Бұл ерекшелік көбінесе информатиканы компьютермен жұмыс істеу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы деген жалған түсінікті тудырады.

Содержание

Негізгі бөлім:
а) Интерактивті құралдарды пайдаланудың тиімділігі.
б) Білім деңгейін көтеруге интерактивті құралдарды пайдалану.
в) Пәндерді оқытудағы интерактивті әдістер.
г) Интерактивті құралдармен сабақ өткізу әдістемесі.
д) Интерактивті әдістерді қолдану арқылы оқушылардың білім
сапасын арттыру.
Қорытынды

Вложенные файлы: 1 файл

Кіріспе информатика.docx

— 31.66 Кб (Скачать файл)

 Жаңа білім парадигмасы  бірінші орынға баланың білім білік дағдыларын емес,оның тұлға ретінде дамуын қоюда. Бүгінгі таңда ұстаздардан талап етіліп отырған үрдіс ол жаңа оқыту технологиялары негізінде инновациялық іс-әрекет атқару.

 Соңғы кезде «Қарасам  – көремін,тыңдасам – естимін, ал әрекет жасасам - білемін» деген қағида педагогикалық қауым ортасында жиі айтылуда. Бұл мақал жаңа педагогикалық технологияларға көшудің қажеттілігін анықтайтын ой түрткі іспетті. Ғылыми деректерге сүйенсек, К.К.Плотонованың зерттеулері төмендегідей көрініс береді:

 Есту арқылы – он, көру арқылы – отыз, қарапайым  әрекет арқылы – елу, ал  белсенді әрекет арқылы – тоқсан  пайыз есте сақтау пәрменділігін көрсетеді.

 Ж.Аймауытовтың пікірінше «Оқыту – білім көбейту,ақыл күшейту». Бұл барлық пәндерді оқытуда еске ұстайтын қағида. Оқыту барысында оқушылардың өмір дағдылары жөніндегі түсінігі қалыптасып, айналадағы өзін қоршаған орта жөнінде білімі кеңейіп, біртіндеп тұжырымдалып, реттелген сипатқа ие болады. Олар өмірде кездескен әр түрлі қиындықтардан, ситуациялардан алған білімдерін пайдалана отырып, өздері жол тауып шығуға дағдылануы қажет. Сонда оқушы өзі ойланып, өзі дұрыс шешім қабылдауға, өзін-өзі басқара білуге кіші жастан дағдыланады, білім сапасын жетілдіру үшін түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланады:

-диалогтық; қарым-қатынас арқылы жаңаны түсіну (мұғалім-оқушы,оқулық-оқушы,оқушы-оқушы);

-эвристикалық; өз бетінше  іздену,іс-әрекет жасау арқылы білім алуы;

-зерттеу. Объектіні білу  үшін тәжірибелер жүйесін жасау.

Сабақ үрдісінде пайдаланып жүрген әдіс-тәсілдер оқушылардың оқуға  деген ынта-ықыласының, дағды мен  ой-өріс,білім-біліктерінің артуымен сипатталары сөзсіз.

 Пәндерді оқытуды технологияландыруда интерактивті әдістер пайдаланудың маңызы зор. Ол білім беру іс- әрекетінде оқушылардың белсенділігін,өз бетінше жұмыс істеуінде пайдалы (Рөлдік ойындар,миға шабуыл,дебат,дискуссия,жаттығу,топтық жұмыс)

 Білім берудің негізгі  мақсаты – білім мазмұнын жаңарту  мен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері  мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.

 Оқушы тұлғасының дамуына,  қабілетінің артуына жаңа технологиялар айтарлықтай ықпал жасайтыны сөзсіз және бұл қазіргі таңдағы білім беру жүйесінің дамуындағы елеулі бағыт. Сондықтан әрбір әдіс-тәсілдің ұстаздар үшін маңызы зор.

 «Өткенге қарап басымызды  иеміз, ертеңге қарап білек  сыбанамыз» демекші, бүгінгі бала-ертеңгі азамат. Оқытушының педагогикалық шеберлігінің негізгі өлшемдерінің бірі – оқушының өзіндік танымдық жұмысын ұйымдастыру, ал екіншісі оқушының өздігінен оқып, ой-өрісін тереңдетуге баулу, ғылыми ізденіске жетелеу. Сондықтан мұғалімнің ең басты міндеті-рухани бай, жан-жақты дамыған дарынды тұлға қалыптастыру. Мектеп қабырғасында оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға мән берілуі тиіс. Талантты дер кезінде танып, дарынды таңдап және олардың бойындағы ерекше қасиетті бағалап, өмірден өз орындарын табуға көмектесу қажет.

Шығармашылық жұмыс жасауға  қатысу, оқушылардың танымдық деңгейін, шығармашылық белсенділігін, дүниетанымын, өзін басқара білу және белгілі бір білім дағдыларын қалыптастыруға, ізденімпаздық пен мақсаттылықа, өзін ұстай білу сияқты қасиеттерді бала бойына сіңіруде өте маңызды роль атқарады. Осы дарындылықты арттыруда, шығармашылықты дамытуда интерактивті оқыту тәсілін пайдалану үлкен нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

 Ұлтты ұлт етіп, оны  әлемдік деңгейге көтеретін –дарынды  да талантты ұрпақ. Ғылыми ізденіске  әр мұғалім оқушыны өзі таңдап, ортаға тартуға ықпал етеді.  Әрбір ұстаз алдындағы міндет -өзі оқытатын пәнінен көкірегінде сәуле бар, талантты шәкіртті тани біліп, оқушы дарынын ашып,оған бағыт-бағдар беріп, оны дамыта білу. Оларды баулып, қамқорлыққа алып тәрбиелеу -ортақ шара. Оқушы бойындағы дарынын қырағылықпен көре білу-мұғалім үшін аса қажетті қасиет. Ол үшін әр мұғалім өзі ізденіп, ерінбей еңбектеніп, баланың ерекше қабілеттерін байқауда күнделікті сабақта, тәрбие жұмысында, үйірме жұмысында оқушыны үзбей бақылап, бала бойындағы дарындылықты немесе жүйелі білім алуға қабілетті тұлғаны анықтайды. Сол тұлғаның пәнге деген қызығушылығын туғызып, танымдық іс-әрекетті қалыптастыру үшін интерактивті оқыту үрдісін пайдалану қажет. Интерактивтік оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады.

Ақпараттық қоғамның негізгі  талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.

Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік  – ақпараттық бейнесін оқушылардың  шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын  интеллектуалды дамуды қалыптастырудың  бір жолы.


Информация о работе Реферат по "Информатике"