Әртүрлі жас кезеңіндегі ойлаудың даму ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2015 в 22:27, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу көкейкестілігі. Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол ашуда. Осы тұрғыдан алғанда, ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік, педагогикалық, психологиялық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі туындайды

Содержание

КІРІСПЕ .................................................................................................................. 3
І-ТАРАУ. АДАМНЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒА РЕТІНДЕ ДАМУЫНДА ОЙЛАУДЫҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ ............................................................ 6
1.1. Жеке тұлға дамуының факторлары мен танымдық үрдістерінің қалыптасу ерекшеліктері ............................................................................................................ 6
1.2. Ойлау – күрделі танымдық психикалық үрдіс ретінде және оған даму формаларының әсері ............................................................................................. 16
1.3. Қазіргі даму психологиясындағы жасты кезеңдерге бөлудің негізгі жүйесі және оның ойлау қабілеттілігінің қалыптасуына ықпалы ................................. 31
ІІ-ТАРАУ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТҮРЛІ ЖАС КЕЗЕҢІНДЕГІ ОЙ-ӘРЕКЕТІНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ .................................................... 44
2.1. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеттілігінің
ерекшеліктері ......................................................................................................... 44
2.2. Жеткіншектік және жасөспірімдік кезеңдегі оқушылардың ойлау қабілеттілігінің ерекшеліктері .............................................................................. 56
2.3 Мектеп оқушыларының ойлау әрекетінің даму ерекшеліктерін анықтайтын әдіс-тәсілдер ........................................................................................................... 63
ҚОРЫТЫНДЫ .................................................................................................... 75
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ................................................ 77

Вложенные файлы: 1 файл

Әртүрлі жас кезеңіндегі ойлаудың даму ерекшеліктері.doc

— 612.00 Кб (Скачать файл)

Сонымен, ойлау деп қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстарды жанама және жалпы сөздік түрде бейнелеу үрдісін айтады. Ойлау таным үрдісінде ерекше рөл атқарады. Ойлау танымның шекарасын кеңіте түседі, түйсіктермен қабылдаудың тәжірибесінің сыртқа шығуына мүмкіншілік береді.

Ойлау үрдісінің мәні, оның құдыретті күші туралы заманымыздың ұлы жазушысы – гуманисі Шыңғыс Айтматов былай деп жазды: «Кез-келген жағдайлардағы адамның қуатты құралы – оның ақыл-парасаты. Дүниені шексіз тануда, болмысты өзгертіп, адамның шексіз қажеттеріне бейімдеуді ақыл-парасат құдыретті де сарқылмас мол. Ақыл-ойдың шығармашылық байлығын Күннің ғана энергетикалық байлығымен теңестіруге болатын шығар деп ойлаймын».

Ойлау – жоғарғы таным үрдісі болып табылады. Ойлау әруақытта да қандай да болсын міндеттерді шешуге бағытталған.

Ойлау үрдісінің физиологиялық негізіне бас ми үлкен жартышарлары қыртысының күрделі анализдік-синтездік қызметі жатады. Бас ми қыртысында сыртқы, ішкі тітіркендіргіштерді анализдеу және синтездеу нәтижесінде уақытша жүйелік байланыстар немесе ассоциациялар ұйымдасады, олар ойлау үрдісінің физиологиялық негіздері болып табылады.

Ойлау үрдісіне негізіне екі түрлі уақытша жүйкелік байланыстар жатады: бірінші және екінші сигналдар жүйелері.

Бірінші сигнал жүйесі – тітіркендіргіштерінің әсерімен пайда болатын уақытша байланыстар тікелей біздің түйсінулерімізбен, қабылдауларымызбен және қоршаған дүние туралы елестетулерімізбен байланысты. Бірақ ойлау тек бірінші сигнал жүйесіне негізделіп қоймайды, сонымен қатар негізінен екінші сигнал жүйесінің уақытша байланыстарына негізделеді.

Екінші сигналдық жүйкелік байланыстар – сөздің көмегімен заттардың арасындағы қатынастар мен байланыстарды бейнелейді. Себебі сөздер «сигналдардың сигналы» ретінде жалпылама тітіркендіргіштер болып табылады. Бірінші және екінші сигналдар жүйесінің өзара әрекетінде жетекші рөлді екінші сигнал жүйесі атқарады. Адам ойлауы сөйлеумен бөлінбейтін байланыста. Ой тілден тыс, сөйлеуден тыс пайда болуы, өмір сүруі мүмкін емес. Біз сөзбен ойлаймыз, оларды дауыстап немесе іштей сөйлейміз, демек, ойлау сөйлеу түрінде іске асады.

Тіл – бұл сөздік белгілердің жүйесі, адамдардың бір-бірімен қатынас құралы. Сөйлеу – адамдардың қатынас жасау мақсатында тілді пайдалану үрдісі.

Ойлау үрдісін түсіндіретін белгілі теорияларға тоқталатын болсақ, ең алдымен бұл тұжырымдамаларды екі үлкен топқа бөлуге болады:

Бірінші топқа жататын тұжырымдаманың өкілдері адамдарда өмір тәжірибесінің әсерімен өзгермейтін табиғи, интеллектуалдық қабілеттіктердің болатындығы туралы қағидадан туындайды;

Екінші топтағы тұжырымдаманың негізіне ақыл-ой қабілеттіліктері өмірге келгеннен кейін, өмір бойы қалыптасады және дамиды деген түсінікті жатқызады.

1. Бірінші тұжырымдар  бойынша, интеллектуалдық қабілеттіктер және интеллектінің өзі жаңа білімді алу мақсатында қабылдау мен ақпаратты -өңдеуде қамтамасыз ететін ішкі құрылымның жиынтығы ретінде анықталады. Сәйкес келетін интеллектуалдық құрылымдар даяр күйінде адамнан туғаннан беріледі, бірте-бірте организмнің ес үрдісінде дамиды деп есептеледі. Бұл интеллектуалдылық қабілеттіліктер (нышандар) идеясы неміс психологтарының мектебінде орындалған ойлау саласындағы көптеген еңбектерге тән. Ол ерекше айқын ойлаудың гештальт теориясында берілген. Бұл теория бойынша құрылымды қалыптастыру және қайта өзгерту, оларды реалдік шындықты көру интеллектінің негізі болып табылады.

2. Екінші тұжырымдар бойынша, бұл теорияға қарама-қарсы интеллектінің генетикалық тұжырымдамалары бойынша ақыл-ой қабілеттіліктері туғаннан берілмейді, өмірге келгеннен кейін қалыптасады және дамиды деген қағиданы пайымдайды.

Генетикалық тұжырымдамалар ойлауды сыртқы ортаның ықпалынан дей келіп, субьектінің өзіндік ішкі дамуы идеясынан немесе екеуінің өзара әрекетінен деп түсіндіреді. Ойлаудың өзіндік тұжырымдамалары психологиялық зерттеулердің төмендегідей бағыттарында қарастырылады: эмпирикалық субьективтік психологияда, ассоциативтік сипаты жағынан және интроспективтік негізгі әдісі бойынша, гештальтпсихологияда алдыңғыдан айырмашылығы тек қана психикалық үрдістердің элементтілігін жоққа шығаруы және олардың тұтастығын жеке элементтер құрамына қарағанда үстемдік етуі артықшылығын мойындайды, оның ішінде ойлауда, бихевиоризмде, оның жақтаушылары ойлау үрдісін субьективтік феномен ретінде мінез-құлықпен (ашық немесе жасырын ақыл-ой) ауыстыруға әрекет етеді: психоталдауда ондай ойлауға барлық басқа үрдістер сияқты талпынуға бағындырды. Ойлаудың белсенді психологиялық зерттеулері ХVII ғасырдан жүргізіле бастады. Сол кезде, содан кейін біршама ұзақ кең психология тарихында ойлауды логика ғылымының құрамында, оның бірден-бір түрі ретінде ұғымдық теориялық ойлау қарастырылды. Ойлауға қабілеттіліктің өзі туғаннан берілген, туа біткен қасиет, ал ойлау дамудан тыс қарастырылды. Интеллектуалдылық қабілеттіліктердің қатарына ол кезде пайымдау, логикалық ой қорытындысын жасау және рефлексия (өзін-өзі тану) жатқызылды.

Ойлау тәсілдеріне (операцияларына) жалпылау, талдау, жинақтау, салыстыру және жіктеу кірді. Ойлаудың өзі ассоциативтік эмпирикалық психологияда, оның барлық әр түрлі көріністерінде қазіргі тәжірибеден алынған ассоциациаларға, өткеннің және көңіл-күйлер іздерінің байланыстарын жатқызады.

Ойлаудың белсенділігі, оның шығармашылық сипаты да осы теория шеше алмаған негізгі проблема болды. Сондықтан да оның жақтаушыларына ақыл-ой шығармашылық  қабілеттіктер ассоциацияға бағынбайтын туа біткен ақылдың қабілеттіктері деп хабарлаудан басқа ештеңе қалмады.

Бихевиоризм бағытында ойлау стимулдар мен реакциялардың арасындағы күрделі байланыстарды қалыптастыру үрдісі ретінде жеке міндеттерді шешуге қатысты практикалық икемділіктер мен дағдыларды қалыптастыруды қарастырады.

Гештальтпсихология бағытында интуитивтік тұрғыдан түсіндіреді. Психологиядағы: соңғы екі бағыт (бихевиоризм мен гештальтпсихология) ойлауды түсіну үшін ештеңе бермеді деп айтуға болмады.

Бихевиоризмнің арқасында психологиялық зерттеулердің саласына практикалық ойлау енгізіледі, ал гештальтпсихологиясының арқасында психологтар ойлаудағы интуиция  және шығармашылыққа ерекше көңіл бөлді. Ойлау психологиясы проблемасын шешуде психология бағытындағы психологтардың сіңірген еңбектері баршылық. Олар негізінен зейінді ойлаудың санасыздық түрлеріне қатыстырумен, сонымен қатар ойлаудың адамдардың талпынулары мен қажеттіліктеріне бағыныштылығын зерттеуге байланысты. Қазіргі іс-әрекет іліміне негізделген психология ғылымында ойлау жаңаша көзқарасқа ие болды. Ойлауды таным іс-әрекетінің ерекше түрі ретінде қарастырды. Ойлауды психологияға енгізу арқылы іс-әрекет категориясында теориялық және практикалық интеллектіні танымның объектісі мен субьектісін қарама-қарсы қоюды жеңу іске асты. Алғаш рет ойлаудың генезисі туралы мәселелерді қою және шешу мүмкіншіліктері пайда болды.

Ойлау – таным үрдістерінің ішіндегі ең биік сатыда тұрған жоғарғы үрдіс. Дәлдеп айтқанда, ойлау – адам баласына ғана тән меншікті психикалық үрдіс. Сыртта ау райының қандай екенін білу үшін, мен үйден шығып тікелей бетімнің, қолымның терісі арқылы, бүкіл денеммен бүгін салқын немесе жылы екендігін сезе аламын. Бұл айналадағы шындықты түйсікпен қабылдаулар арқылы тікелей танудың жолы. Бірақ бізге ауа-райы туралы мәселені үйден шықпай-ақ шешуге болады. Терезенің сырт жағынан ілінген термометрді қарап-ақ біз сыртта едәуір салқын не жылы екенін дұрыс шешеміз. Білудің мұндай жолын, жанама түрде тану деп атайды, өйткені , мұнда білім тікелей алынбайды, жанама түрде , бірқатар құбылыстарды байқау  арқылы ағаш бұтақтарының желден қозғалуы және бұл құбылыстар мен ауа-райының арасындағы байланысты түсіну арқылы алынады.

Білім алудың екінші жолы – неғұрлым күрделі, бірақ оны алуға түйсіктер мен қабылдаулар, заттар мен құбылыстар туралы дұрыс мәліметтер бере алмаған күнде мүмкіндік болады. Ғалым-астрономның ғаламшарды көрмей тұрып математикалық есеп арқылы оның қайда болуғы тиісті екенін анықтаған жағдайы ғылым тарихында белгілі. Шындығында да, ғалымдар бірнеше жылдан кейін ерекше қуатты телескоп арқылы ол ғаламшарды тапты. Плутон ғаламшардың ашылу тарихы , нақ осындай. Басқа бір мысал келтірейік. Маған шыны стақанға ыстық су құю керек. Мен әуелі ыстық суды стақан сынып кетпесін, - деп аз-аздап құямын. Мен нақ бұл стақанның қалай боларын білмеймін, бірақ ыстық құйғаннан стақанның сынатынын талай көргенмін. Стақанның бұл сапасын мен барлық шыны стақанда болады деп қорытамын.

Бірақ күн ілгері «ыстық болса», «бөлшектеніп сыну», немесе «салқын болса» «бүтін күйінде сақталу» қасиеттерін еске ұстамай қорыту мүмкін емес. Тек осындай дерексіздеуден ғана, бұл бөліп алынған сапаларды заттардың белгілі түрлеріне таратамыз, яғни қорытамыз.

Сөйтіп, фактілер мен құбылыстарды дерексіздендіру, қорыту, жанама түрде жүргізу, байланыстарын белгілеу және олардың арасындағы қатынастарды анықтау арқылы қол жететін таным үрдісі ойлау деп аталады. Ойлау сөзбен тығыз байланысты. Ойлаудың арқасында бұрынғы фактілермен  құбылыстарды біліп қана қоймаймыз. Сонымен қатар, олардың болу себептерін де түсінеміз. Ойлау бізге болашақ оқиғаны күн ілгері білуге мүмкіндік береді: күннің бұлттанып келе жатқанын көріп , біз жаңбырдың жауатынын болжап, білеміз. Мәселен, жердің жасанды спутнигін ұшырмастан бұрын ғалымдар оның орбитасын дәл белгіледі.

Егер таным үрдісі түйсіктер мен қабылдаудың тікелей беретіндерімен тоқтайтын болса, адам өзіне керекті мәліметтерді өте аз жинаған болар еді. Біз жер үстінде өзімізге дейін не болғанын біле алмаған едік, өйткені өткен оқиғаларды қабылдағанымыз жоқ қой; Жердің Күннен ара қашықтығын белгілей алмаған болар едік, өйткені бұл қашықтықты тікелей өлшеу мүмкін емес. Адамның миында болып тұрса да И.П.Павлов шартты рефлекстерді зерттей отырып , ми әрекеттерінің бірқатар маңызды заңдарын ашты.

Нақ адам ойы адамдарды білімнің құдіреттілігімен қаруландырды, оларға табиғат күштерін өздеріне бағындыруға мүмкіндік берді. Бірақ ойлау үрдістері біздердің түйсік пен қабылдаулар арқылы алған мәліметтерімізге сүйенеді, бұларды ес жоғалтпай жоғалтпай сақтайды. Бұл психикалық үрдістерсіз ойлаудың  болуы мүмкін емес.

Ойлау дегеніміз – шындықты жалпылап бейнелеу болғандықтан, ол адамның іс-тәжірибесіне сүйене отырып, ойлау ісін атқарады. Ойлау сөзбен тығыз байланысты. Ойлаудың тілсіз күні жоқ, өйткені, ойлау әрекеті адамдардың өзара қарым-қатынас жасауын тілейді. Бұл табиғи өажеттілік. Қоғам өмірінде жеке адамның әрекеті ой мен тілдің қатынасына байланысты. Дамып отырады. Тіл – адамдардың негізгі қатынас құралы. Ойлау мен сөйлеудің табиғаты әр түрлі болғанымен үрдіс ретінде , бір бағытта, бір арнамен өтіп жатады.

Ғылыми-технологиялық прогресс ойлайтын машиналарды дүниеге келтірді. Қазіргі есептегіш машиналар өз жұмысының нәтижесін бағалай алады. Машиналар белгілі ережелерге сәйкес мәтінді бір тілден екінші тілге аударады, сөйлеп тұрған сөзді машина тіліне, яғни кодқа айналдырады. Мәселен, осындай машина дойбы да ойнайды. Ол  адамды ұтып та кетуі мүмкін. Бірақ оқып үйрену қабілеті жөнінен машина адамнан аса алмайды. Машинаға қарағанда адамның оқып үйренуі әлдеқайда жеңіл. Адам өзін машинаға ұтқызбас үшін өз өнерін жетілдіріп отыруы тиіс. Машинаға тәңірдей табынатын кейбір адамдар : «алдағы жерде бәрін машина істейді , ол қолын қусырып, әзір асөа ие болып қарап отырады»,- дегенді айтады. Бұл – сөз енжар , әрекетсіз адамның сөзі. Машинаның алдына арнайы міндет қойып оған бағдарлама беретін – адам. Осы міндетті қоя білу үшін адамға мол білім қажет.

Бала тілі шықпай тұрған кезде де ойлай алады. Нәресте айналадағы дүниені бірінші сигнал жүйесінің қызметі арқылы танып біледі. Ойлаудың бұл түрі оның ойын онша кеңіте алмайды. Баланың тілі шығып , сөз арқылы үлкендермен қарым-қатынасқа түскенде ғана , оның ойлау шеңбері кеңейетін болады.

Ойлаудың физиологиялық негіздері – үлкен ми сыңарлары қыртысында құралатын уақытша жүйке байланыстары (шартты рефлекстер). Бұл шартты рефлекстің екінші сигналдың (сөздер мен ойлаудың) әсерінен туады, екінші сигналдар реалдық шындықты бейнелейді, бірақ сөзсіз бірінші сигнал (түйсіктер, қабылдаулар, ұғымдар) негізінде пайда болады. Ойлау үрдісінде сигнал жүйелерінің екеуі де бірімен-бірі тығыз байланысты. Екінші сигнал жүйсі қоршаған дүниеге шексіз хабарлар алуға мүмкіндік береді. Ойлау тек екі сигнал жүйесінің екеуінің де қатысуымен , бір қалыпты жүреді, бірақ, жетекші рөл екінші сигнал жүйесінде болады, өйткені сө мазмұны жағынан бай болып келеді.

Ойлау күнделікті өмірде кездесетін міндеттер шешуден басталатын болғандықтан , адамда ойлаудың әдістері болады. Мұндай әдістерге талдау мен біріктіру, салыстыру абстракциялау мен нақтылау, қорыту жатады.

Талдау деп белгілі бір затты, құбылысты, үрдісті оның құрамды элементтеріне, бөліктеріне , сипаттарына ажыратуды айтады.

Мәселен, балаға оқуға үйренгенде мұғалімнің көмегімен , сөйлемнен сөзді табуға, сөзден буын мен дыбысты таба білуге үйренеді. Бұл талдау, ал біріктіруде дыбыс пен әріптен буын құрауға, буыннан сөз, сөзден сөйлем құрастыруға үйренеді.

Мектеп оқушыларын жас өсімдіктермен қалай таныстырады.Оларға өсімдікті бөліктерге бөлгізеді: сабағы, жапырағы, бұтағы, тамырлар. Сонан соң бұл бөліктердің атқаратын қызметтері айтылады. ОТ-ойлау тәсілдері, ОФ – ойлау формалары.

 

 

Сызба -2. Ойлау – күрделі танымдық психикалық әрекет ретінде

 


 


 

 

 

 

 

 

 

 

ОТ


ОФ

 

 

 



 

 

 

Затты немес құбылысты ойша да бөлшектерге бөлуге болады. Адамға ой еңбегі үрдісінде кері ой әдістерін жасауға да тура келеді. Заттың жеке бөліктерін немесе элементтерін қосып біріктіруге де тура келеді.

Егер өсімдіктердің жеке бөліктерін сабағын, жапырағын, тамырын, бұтақтарын ойша бір бүтін етіп біріктірмесек, ол туралы түсінік ала алмайды.

Жеке элементтерді немесе бөліктерді бір бүтін етіп біріктіру әдісін біріктіру деп атайды.

Информация о работе Әртүрлі жас кезеңіндегі ойлаудың даму ерекшеліктері