Шағын жинақты мектептерде оқушыларға білім мен тәрбие беру кезінде өзіндік жұмыстың ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2015 в 07:08, дипломная работа

Краткое описание

Диплом жұмысының мақсаты: Шағын жинақты мектептерде оқушыларға білім мен тәрбие беру кезінде өзіндік жұмыстың ерекшеліктерін, түрлерін анықтау, маңызын айқындап беру.
Диплом жұмысының міндеттері:
• Зерттеу жұмысы барысында білім, білік, дағдыларды қалыптастыруда оқытудың тиімді әдістерін таңдау;
• Шағын кешенді мектептерде сабақ үрдісінде жаңа ақпараттық технологиялардың пайдалану мүмкіншілігін кеңейту;
• Өзіндік жұмыстардың жүйелі түрде орындалуын қамтамасыз ету.
• Оқушылардың бiлiм, бiлiктерiн iзгiлiктi педагогикалық ұстанымдарға негiзделген жүйелi бақылау
Осы көрсетілген міндеттерді орындау барысында дипломдық жұмыстың маңыздылығы шығады.
Зерттеу объектісі – шағын жинақталған мектептерде физиканы оқытуды жаңа ақпараттық технологиялар арқылы ұйымдастыру.

Вложенные файлы: 1 файл

диплом Улпан.doc

— 1.10 Мб (Скачать файл)

Алматы облысында 343 шағын жинақты мектеп (46,5%), соның ішінде 59 бастпауыш, 43 негізгі, 241 орта мектеп жұмыс жасайды. Бейімделген ғимараттарда  - 157 (45,8%), жөндеуді қажет ететін – 89, апаттық жағдайда – 8.

Шығыс Қазақстан облысында 497 шағын жинақты мектеп (69 % құрайды), соның ішінде бастауыш – 76; негізгі – 116; орта – 305. Типтік ғимараттарда – 277, бейімделген ғимаратта 220 (44,3%) мектеп орналасқан. 76 шағын жинақты бастауыш мектептің 69-ы бейімделген ғимараттарда жұмыс істейтіндігі анықталды.

Жергілікті атқарушы органдар бастауыш ШЖМ-тердің жұмыс жасауын қамтамасыз етуге өз тараптарынан шаралар белгілеген. Шағын жинақты мектептер негізінен ауылдық жерлерде орналасқан. Өткен жылмен салыстырғанда облыс бойынша оқушы санының азаюына байланысты шағын жинақты бастауыш мектептердің саны азайғаны байқалды. Оның себебі бала саны аз (5 баладан төмен болған жағдайда), материалдық – техникалық базасы жоқ шағын жинақты бастауыш мектептерді жауып, жабылған мектептердің оқушыларын сапалы білім алуға толық жағдай жасалған мектеп – интернаттарға орналастыру жағы қарастырылуда.

Зерделеу барысында шағын жинақты бастауыш мектептерде төмендегідей мәселелердің бар екендігі аықталды:

  • материалдық – техникалық және оқу –әдістемелік қамтылудың төмендігі;
  • ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндіктерінің болмауы (интернет, компьютерлер);
  • бастауыш мектеп ғимараттары кішкентай екі бөлмелі ескі үйлерде орналасқандықтан, оқушылардың ыстық тамақпен толық қамтамасыз етілмеуі (Шығыс Қазақстан облысында ыстық тамақпен оқушылар ігінара қамтылған, Алматы облысында ыстық тамақпен қамту ұйымдастырылмаған мектептер бар);
  • зерделенген облыстардың шағын жинақты бастауыш мектептерінің 69%-да асхананың, 81%-да спорт залдың жоқтығы анықталдды.

Зерделенген сұрақтардың маңыздылығы мен өзектілігін нақтылай келе, төмендегідей ұсыныстар айтылды:

  • шағын жинақты бастауыш мектептердің материалдық – техникалық базасын нығайту арқылы оқушының толық білім алуына мүмкіндік жасау;
  • бастауыш мектеп ғимараттарын жаңартуға (асхана, спорт залмен қамту) немесе күрделі жөндеуден өткізуге облыс басшылары тарапынан көңіл бөлінсе;
  • бастауыш мектептердің жабылу мәселесіне талдау жасалынып (республика бойынша 2007 жылы 1055 бастауыш мектеп болса, 2012 жылы – 883 болған, яғни 172 бірлікке төмендеген), шекара аймақтарында орналасқан аудандардағы бастауыш мектептерді сақтап қалу қажеттілігін ескере отырып, оларға аудан басшылары тарапынан ерекше назар аударудың қажеттілігі;
  • шағын жинақты бастауыш мектептердегі біріктірілген сыныптарда сабақ беретін мұғалімдердің жүктемесін қаржыландыру мәселесіне көңіл бөлу;
  • елді мекендердегі шағын жинақты бастауыш мектепті сақтап ұалу үшін сол ауылдағы мектеп жасындағы балалардың контингентін зерттеп, зерделеу нәтижесіне сүйене отырып, оның базасында негізгі мектеп, мектеп – кешен: мектеп – шағын орталық, мектеп – балабақша ашу мүмкіндіктерін қарастыру.

Жоғарыда көрсетілген шағын жинақты бастауыш мектеп мәселелері мен айтылған ұсыныстарреспубликаның барлық өңірлеріне тән жағдай. Сондықтан барлық облыстарда шағын жинақты бастауыш мектептердің жағдайы зерделеніп, айтылған ұсыныстар облыстық білім басқармасының алқа отырысында қаралып, оларды шешу жолдары қарастырылса қазақ халқының рухани – мәдени ошағына айналған ауыл мектебін сақтап қалуға қосқан зор үлесіміз болар еді. 

Елімізде шағын мектептер мәселелері көптен айтылып, талқыланып, бірақ әлі өзінің толық шешімін таппай келе жатқан үлкен әлеуметтік мәселе. Бұл мәселені Президент Н.Ә.Назарбаевта әр түрлі білім саласына қатысты келеді. Соның өзінде де білім саласына қатысты мемлекеттік мекемелер, жергілікті атқару органдары бұл сұрақтың тиімді түрін таппай келеді.

Қазақстан Республикасында шағын жеке ауылдар көп. Осындай ауылдарда оқушылар саны шағын мектептер бар. Бұл мектептерде мұғалімдер бір мезгілде бірнеше сыныптармен жұмыс істейді. Соңғы кездері ауыл тұрғындарының қалаға көшуіне байланысты оның сыртқы аймақтарында шағын мектептер құрыла бастады. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы деректеріне сәйкес еліміздегі барлық мектептердің 56,5% пайызын шағын мектептер құрайды. Соның ішінде барлық ауыл мектептері 68% шағын мектептер қатарына жатады. Еліміздегі әрбір төртінші мұғалім шағын мектепте жұмыс істейді. Әр бір алтыншы оқушы шағын мектепте оқиды. Бұл мәселе жыл сайын орта мекетптердің саны артса да өзінің өсу тенденциясын жоғалтқан жоқ.

Шағын мектептерде негізінен оқитын түпкілікті ұлт өкілдері екенін ескерсек, еліміздің дамуына қажетті ұлт интелегенциясының дүние жүзілік білім деңгейіне қажетті білімге қол жеткізуі үлкен мәселе күйінде қала береді. Яғни бұл сұрақ мемлекет және қоғам болып бірге қолға алатын стратегиялық мәселе болып табылады.

Қазіргі уақытта ауылдың әлеуметтік – экономикалық дамуына біршама көңіл бөлінуде. «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен жас мамандар ауылға жұмыс істеуге бет бұруда. Олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға үкімет тарапынан материалды қаражаттар бөлінуде. Республика деңгейінде шағын мектептерге бағытталған заңнамалық құжаттар қабылданған.

  1. Шағын мектептердің құқықтық нормаларын анықтайтын Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысы (№300, 28.02.2002ж),
  2. Шағын мектептер үшін негізгі құқықты – нормалар құрылды,
  3. «Білім туралы заңда» шағын мектептердің мәселелері айқындалып көрсетілді,
  4. Қазақстан Республикасының 2011 – 2012 жылдар аралығында білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасына шағын мектептерде білім сапасын арттыру мәселелері нақтыланды. Атап айтқанда:
  • Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының базасында шағын мектептерді дамытудың республикалық орталығын құру;
  • Педагог мамандардың білімін жетілдіру мекемелерінде 14 аймақтық орталықтар ашу;
  • Шағын мектептердің іс-әрекеттерінің негізгі ережесін құру;
  • Мектеп жоқ жерлерде тұратын оқушылар мен мұғалімдерді қауіпсіз көлікпен тегін мектепке апарып және қайта алып келуді реттейтін стандарттарды жасау және бекіту.

Шағын мектептердегі оқушылар санының аздығына байланысты келесідей мүмкіндіктер туады:

  • Әр түрлі жастағы оқушылар арасында тең қарым – қатынастар орнату;
  • Тілді дамытуға;
  • Бір оқушының табысты оқуына;
  • Оқытудың жалпы әдістері мен жеке оқыту әдісерін байланыстыруға.

Сонымен қатар педагогикалық оқу орындарында шағын мектептер үшін педагогикалық мамандар даярлауға көңіл бөлініп, тиімді жолдары іздестірілуде.

Педагогикалық мамандардың біліктілігін арттыруға қаржылар бөлу артуда.

Кейбір жоғары оқу орындарында Оn Line режім негізінде оқу орнының профессор – оқытушылар құрамымен шағын мектептер мұғалімдерінің арасында байланыстар орнатылып, оларға тәжірибелер алмасу мақсатында кеңестер беріліп, оқушыларға шебер кластар өткізіледі.

Шағын мектептердің мәселелерін шешуге осы сұраққа қатысты әр түрлі деңгейдегі мекемелерге келесідей ұсыныстар жасалынған болатын («Шағын мектептердегі білім беру үрдісі: мәселелер, тәжірибе және инновация тақырыбындағы республикалық семинар 03.04.2013ж).

Мектепке дейін және орта білім департаментіне:

  1. Ресурсты орталықтың құқықтық – нормалы құжаттары мен типтік жоспарын бекіту және тарату;
  2. Магнитті мектептердегі оқушыларды тасымалдау, жатқызу және тамақтандыруды қамтамасыз етуге қатысты құқықтық – нормалы құжаттар қарастыру;
  3. Облыстық біліктілікті арттыру институтының базасында шағын мектептерді дамыту орталықтарының жұмыс мәселелерін шешу.

Ы.Алтынсарин Ұлттық білім академиясы:

1. Шағын мектептерді дамыту  Орталықтарының жұмысын ұйымдастыру  және оларды ғылыми – әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету;

2. Ресурсты орталықтарды оқу үрдісін ұйымдастыруға қажетті оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету;

3. Шағын мектептердегі оқу үрдісін ұйымдастыру мен басқаруды талдау және соның негізінде алдыңғы педагогикалық тәжірибелерді тарату;

4. Шағын мектептер мұғалімдері  үшін әдістемелік семинарлар  өткізу.

Облыстық білім департаменттері:

  1. Шағын мектептердегі білім үрдісінде алдыңғы педагогикалық тәжірибелер мен инновациялық технологияларды тарату мәселесіне көңіл аудару;
  2. Тірек мектептердің материалды – техникалық базасын дамыту және оларды оқу құралдарымен қамтамасыз ету;
  3. Ресурсты орталық үшін штатты бекіту және орталық шағын мектеп мұғалімдерінің жүктемелерін қарастыру;
  4. Шағын мектептердің даму орталықтарын ашуды қарастыру;
  5. Шағын мектептердің жұмысы бойынша информациялық портал ашу және әдістемелік қамту кабинеттерін ашу;
  6. Шағын мектептерді дамыту бойынша аймақтық кешендердің жұмыс жоспарын дайындау;
  7. Ауыл мұғалімдерінің статусын жоғарлатуға жағдайлар жасау және шағын мектептер мұғалімдерін облыстық деңгейдегі әр түрлі іс-шараларға тарту.

Сонымен қатар «Мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім стандартының» 66 пунктіне сәйкес ( Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20 тамыз 2012 жылғы №1080 қаулысымен бекітілген) келесі жағдайларды іске асыруға мүмкіндік береді.

Жоғары оқу орындарындағы «Білім» мамандықтары бойынша білім бағдарламаларын құрастыру кезінде шағын мектептердің жұмыс істеуін ескеедагогикалық мамандықтардың студенттеріне бірмезгілде туыстас мамандықтардың пәндерін игеруге мүмкіндік беріледі.

Бұл жағдайда студент бір семестрде 27 кредитті игеру қажет. Сондықтан «Білім» мамандықтары бойынша бірнеше туыстас мамандықтардан білім бағдарламаларын құрып, қосымша шағын мектептерге арналған классификатор жасау қажет. Бұл айтылған мәселе де шағын мектептер жағдайын толық жүйелі және кредиттік оқу жүйесіне толығымен сәйкес келмейді.

Сонымен шағын мектептердің мәселесін шешу жолдарын келесідей санаттарға жіктеуге болады:

  • Интернат мектептер;
  • Ресурсты орталықтар;
  • Трек мектептер;
  • Даму орталықтары;
  • Шағын мектептерге арналған классификатор жасау.

Осы айтылғандардың ішінде қазіргі таңда ең тиімді және мүмкіндігі жақсы интернат – мектептер құру. Қаладағы мектептердің материалды – техникалық базасын нығайта отырып, оның жанынан оқушылар жататын интернаттар ашып, олардың қалыпты оқуына барлық мүмкіндіктер жасалуы қажет. Осындай жағдайлар орныққан жағдайда оқушылар заманауи білім алуға жеткізеді. Ата заңымызда орта білім азаматтарға тегін берілетінін ескерсек оларды әлеуметтік тұрғыда қамтамасыз ету мемлекет есебінен іске асылуы тиіс.

Интернат – мектептер де шағын мектептер де мәселесін шешпейді. Себебі, ауылда ата – аналарымен бірге бастауыш мектеп оқушылары қалады. Осы оқушылардыы белгілі бір семья негізінде біріктіре оқыту мәселесін шешу қажет.

Шағын мектептер мәселесі ауылды жерлер қаладағыдай даму жағдайында болғанда жойылуы мүмкін. Ол үшін ауылда қала сияқты дамып, олардың айырмашылығы байқалмайтындай деңгейде болу керек.   

Шағын кешенді мектеп – қоғамның талаптарына сай, білім алуда оқушылардың сұранысын қанағаттандыруды қамтамасыз ететін, Үкіметіміздің мектеп туралы нормативтік құжаттарымен анықталған қызметін атқаруды жүзеге асыратын мекеме.

  • Шағын кешенді мектептердің мұғалімдеріне қойылатын талаптар:
  • Әртүрлі жастағы оқушылар ұжымын құрып, басқара білу;
  • Оқушылар арасындағы бір-біріне сенімдігін және сыйламдылығын арттыра білу;
  • Шағын жинақталған мектеп жағдайына қарай бейімделу;
  • Оқушылардың ата-аналарын қоғамдық – педагогикалық жұмысқа тарту;
  • Өздігінен білім көтерудің тиімді әдістерін таңдай білу.

Шағын жинақты мектептердегі білім беру жүйесінің мақсаты: барлық жастағы оқушыларға сабақтарда кез-келген мазхмұнды сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарымдағы пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету. Қазіргі уақытта білімді, қабілетті, әдепті, іскер, мейірімді мұғалім ғана оқушысына жақсы қасиеттерді сіңіре отырып, сапалы білім бере алады.

Шағын кешендімектептер үшін, оқулықтар мен оқу құралдары жоқ, өйткені толық кешенді мектептерге қарағанда шағын кешенді мектептердің оқу шарттары ерекше. Сондықтан да, ондай мектептерде «үлкен»сабақтың құрамындағы «кіші» сабақтарды дұрыс ұйымдастыру керек, оқушының осындай «кіші» сабақтарында алаған білімі, тәрбиесі толық мектептегі оқушының біліміне сәйкес болуы шарт.

Шағын кешенді мектеп жұмысын қиындататын, оқушылардың білім дәрежесін төмендететін бірқатар объективтік ерекшеліктер бар:

  • Бір мезгілде бірнеше сынып жұмыс істейтін шағын кешенді мектепке арналған оқыту әдістемесінің жасалмауы;
  • Өздігінше жұмыс істеу әдісінің кең тарамағандығы;
  • Шағын кешенді мектеп мұғаліміне арнап жазылып, баспадан шыққан әдістемелік және көрнекілік құралдардың аздығы;
  • Шағын кешенді мектептердің кітапханалық қорының нашарлығы.

Информация о работе Шағын жинақты мектептерде оқушыларға білім мен тәрбие беру кезінде өзіндік жұмыстың ерекшеліктері